-
Еркін сөз подкастының бүгінгі қонағы - белгілі дәстүрлі әнші, ұстаз, өнертану ғылымдарының магистрі Сырым Мұхамеджанов.
-
Қазақ прозасының классигі Ғабит Мүсірепов өз замандастары - атақты жазушылар мен қазақ театр және кино өнерінің алғашқы тарландары жайлы мол, толымды естелік қалдарған жазушы. Бүгін өздеріңізге ұсынып отырған Қарлы жаңбыр астында өткен хикаяға ұлы жазуы Мұхтар Әуезов, даңқты актерлер Елубай Өмірзақов пен Қалибек Қуанышбаевтар қатысады.

-
Жас ақындар Әли Ермек, Ерасыл Сәдуақас шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісіп, өлеңдерін оқыды.

-
Абайдың қарасөздеріндегі мақалдар мен мәтелдер - өз заманының, өз қоғамының мінез айнасы. Ғасырлар алға озған сайын қоғам да жаңарады. Түсініктер өзгереді. Бұл шығарылымда Абайдың қарасөздеріндегі мақалдар мен мәтелдерге қазіргі заманның таным-түсінігі тұрғысында ой жүгіртуге талпыныс жасалған.
-
Еркін сөз аудиоподкастының бұл шығарылымын сөз құдіретін тануға талаптанған жандарға, көркем сөз оқу шеберлеріне қызығушыларға арнап отырмыз. Шығарылым қонағы ақын, көркем сөз оқу шебері - Ғылымхал Манайұлы.
-
Бүгінгі Бір мақалдың мәні аудиоподкастын Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей деген мақалға арнап отырмыз. Атаулы тәмсілдің ақы иесі - Абай Құнанбайұлы.
-
Еркін сөз аудиоподкастының бұл шығарылымын ресми түрде мемлекеттік мереке болып бекітілген Абай күніне арнап отырмыз. Шығарылым қонағы ақын Ұмтыл Зарыққан.

-
Шай ішіп үйренген қымыз деп қыстамайды - комфорттан шыққысы келмейтін адам туралы сөз.
-
Сүлде мен сүлдердің тіліміздегі байланысы туралы аз-кем қарастыруымыз осы болды. Артық кеткен, кем қалған тұсы болса, жалпы көпшілік қауымның пікір-дәйегі арқылы толығар деп сенеміз.
-
Немістің лингвист ғалымы Август Шлейхер: «Тіл де биологиялық ағза сияқты туады, яғни өседі, өледі», - деген жоқ па еді. Жер бетінде айына екі тіл мәңгілікке жойылады екен. Ғалым сөзінің дәлелі осы емес пе? Миллиондаған халықтың қолданысындағы қазақ тіліне төніп тұрған мұндай қауіп, әрине жоқ. Бірақ та осылай екен деп арқаны кеңге салуға және болмайды. Баршамыздың бұл тұрғыдағы басты мақсатымыз – қазақ тілін дамыту емес, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, қазақ тілді ортаның санын молайтуға, қазақ тілінің күнделікті қолданысындағы кемшілік-кінәраттарға бей-жай қарамай, өзара талқыға салып үн қатып отыруға үлес қосу деп білеміз.
-
Әл-Фараби шұғылданбаған ғылым саласы аз деуге болады. 1150 жылдық мерейтойын атап өтілуіне орай Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың өзі түрен салған немесе өзіне дейінгі негіздеген ғылым саласына қатысты туралы цикльдік мақаламызда фарабтық ғұламаның музыкатануға қосқан зор үлесі «Музыка туралы үлкен кітап» еңбегі туралы қарастыратын боламыз.
-
Бір мақалдың мәні аудиоподкастында барымтаның мән-жайы, барымта сөзінің қазіргі қазақ журналистикасында қолданылу мәнісі, барымта туралы мақал-мәтелдер мәйегі жан-жақты талқыланады.

-
Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің Қайрымды қала тұрғындары еңбегі қай жылы жазылды? Ондағы адамзат баласын ізгілікке шақырған трактаттардың қазіргі күнгі маңызы қандай? Фараби сөзі аудиопадкастының бүгінгі шығарылымында ссы және т.б. сұрақтар төңірегінде сөз болады.
-
Өзі туралы: «Жазуды доғарған күні өмірім де тоқтайтын шығар», - деген Тецуо Миура ХХ ғасырдағы жапон прозасының көрнекті өкілі. Бүгін өздеріңізге атақты қаламгердің «Ара» әңгімесінен үзінді ұсынамыз. Шығармада ері мен әйел арасындағы қарым-қатынас өте астарлы һәм нәзік суреттеулер арқылы беріледі. Әңгіменің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
-
Өзі туралы: «Жазуды доғарған күні өмірім де тоқтайтын шығар», - деген Тецуо Миура ХХ ғасырдағы жапон прозасының көрнекті өкілі. Бүгін өздеріңізге атақты қаламгердің «Ара» әңгімесінен үзінді ұсынамыз. Шығармада ері мен әйел арасындағы қарым-қатынас өте астарлы һәм нәзік суреттеулер арқылы беріледі. Әңгіменің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
.jpg)

-
Қырғыз бен қазақ әдебиеті ертеден туыстас. Екі елдің мәдени-әдеби байланыстары күн сайын нығайып, жақындасып келеді. Қырғыз-қазақ халықтарының достығын нығайтуға, өзара рухани кемелденуіне зор үлес қосып жүрген «Еркін сөздің» бүгінгі қонағы ақын, аудармашы Перизат Алмазқызы.