Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» арқылы әрқайсымызға өз ішімізді «қаздырып» отыр
«Әдебиет порталының» «Жансусар» жобасына «Шырақ» кітап клубының қыз-жігіттері келіп, Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырауын» талдады. Клуб мүшелерінің символға толы, адамның ішкі әлемі, керек десеңіз шегінен асып кеткен амбициясы жайлы айтатын философиялық шығарманы таңдауларының өзі қандай! «Шырақ» Астанадағы Алтынсарин атындағы мектептің ішінен құрылған клуб. Жетекшісі Кәмшат Сағатқызы математика мұғалімі. Талдауда қатысушылар шығарманың ерекше мән үстейтін тұстарына тоқталды, мысалы, құдықтың орнын таңдағанда жерге жатып, тың тыңдап, үстінен көп жылқы өткізіп, судың қай нүктеден шығатынын анықтау дегеннің өзі сол заман адамдарының ерекше сезімталдығын көрсететіні, тағы басқа ерекшеліктері айтылды. Сондай-ақ, «Біз басқа бір адамның тағдырына шешуші роль атқарып кетуіміз мүмкін» деген пікір де ойландырады. Ал,Фариза есімді мұғалімнің «Маңғыстауға барып осы жерді қарау керек, бар ма екен сол құдық?», – дегені оның оқырман ретінде қаншалықты әсерленгенін байқатса керек. Сонымен «Шыңырау» не жайында айтатын шығарма еді?
Похожие видео
Самое читаемое
27.10.2026
335
28.10.2026
286
29.10.2026
215
27.10.2026
155
27.10.2026
121
29.10.2026
120
27.10.2026
84
12.10.2026
634
14.10.2026
456
13.10.2026
419
05.10.2026
419
19.10.2026
403
20.10.2026
392
22.10.2026
372
14.10.2026
364
16.10.2026
358
21.10.2026
352
