«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Бүгін - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай «Әдеби дискурс» подкастының кезекті шығарылымында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаудағы рөлі сөз болды. Әңгіме барысында «Әдебиет танытқыш» еңбегінің тағдыры мен басты құндылықтары, сөз өнерін жіктеудегі ғалымның әдіснамалық ұстанымдары талданды. Сондай-ақ, Ахаң ұсынған, бүгінгі ауыз әдебиетінде ұмыт қалып бара жатқан жанрларды қайта жаңғырту қажеттігі жайлы пікірлер айтылды. «Әдебиет танытқыштағы» ұғымдардың қазіргі әдебиеттанудағы қолданысы, діндар және сындар дәуірі әдебиетінің ерекшеліктері, ахметтанушыларға қарата айтылып жүрген сын-пікірлер де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, еңбектегі мысалдарға текстологиялық талдау жасау мәселесі көтеріліп, ұлттық әдебиеттанудың іргетасын қалаған тұлғаның ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау жолдары сөз болды. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын жаңа қырынан танытуға бағытталған заманауи зерттеулер мен тың әдістемелердің қажеттігі жөнінде түйінді ойлар ортаға салынды. «Әдеби дискурс» қонақтары: ф.ғ.д., профессор, белгілі ғалым Айгүл ІСМАҚОВА мен ф.ғ.к., профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Білім академиясының директоры, әдебиеттанушы ғалым Ұлан ЕРКІНБАЙ
Похожие видео
Самое читаемое
27.10.2026
335
28.10.2026
286
29.10.2026
215
27.10.2026
155
27.10.2026
121
29.10.2026
120
27.10.2026
84
12.10.2026
634
14.10.2026
456
13.10.2026
419
05.10.2026
419
19.10.2026
403
20.10.2026
392
22.10.2026
372
14.10.2026
364
16.10.2026
358
21.10.2026
352
