Оқырман сұранысы және баспа болашағы
«Әдебиет порталының» «Сәті түскен сұхбатында» «Алматыкітап» баспасының Жобалық PR бөлімінің басшысы Гулмарал Қабдолашева мен «Отбасы хрестоматиясы» баспасының директоры Бағдат Құдияр қонақта болып, баспа жұмысы, авторлық құқық, оқырман сұранысы жайында жақсы әңгіме айтылды. Баспагерлердің әңгімесіне қарағанда, кітап шығару ісі, оны тарату, оқыту да оңай шаруа емес екен. Гүлмарал ханым: «Бізде оқулықтар, дәптерлерге қатысты контрафакт көп, мұндай заңсыздыққа баратындар тек қана баспаның ақшасын жеп жатқан жоқ, автордың да ақшасын жеп жатыр», - дейді. Бағдат мырзаның айтуынша, «Өзбекәлінің» көшірмесі (ксерокс жасаған нұсқасы) қара базарда өте арзан бағада сатылыпты, оған басында өздері «әйтеуір, халық оқып жатыр ғой» деп қуанған кездері де болған екен. Осындай қиындықтарға қарамастан баспалар уақытқа ілесіп әрекет жасап жатыр. Баспагерлердің айтуынша, балалар әдебиеті мен өмірбаяндық дүниелерге сұраныс жоғары.
Похожие видео
Самое читаемое
27.10.2026
335
28.10.2026
286
29.10.2026
213
27.10.2026
155
27.10.2026
121
29.10.2026
120
27.10.2026
84
12.10.2026
634
14.10.2026
455
13.10.2026
419
05.10.2026
419
19.10.2026
403
20.10.2026
392
22.10.2026
372
14.10.2026
364
16.10.2026
358
21.10.2026
352
