Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Видео
ҚАМАР СҰЛУ - ЕР ЖІГІТТІҢ ЕСІМІ....

29 июня 2016 7199

ҚАМАР СҰЛУ - ЕР ЖІГІТТІҢ ЕСІМІ....





Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» поэмасы не себепті ер кісінің есімімен аталып кетті?! Поэма о баста қалың малдың қосағында кеткен Гүләйім қыздың тағдырына арналған. Кедейшіліктен қолы байланған Сұлтанмахмұт Троицкіде оқуға қаржы таба алмай қиналғанда ауқатты жан досы, қолөнерші Қамар Қасымов қайта-қайта малын сатып, досына қомақты қаржы ұсынған. Жәрдеміне разы болған Сұлтанмахмұт поэманың атына досының есімін беріп тарихта қалдырыпты. Не бары 27 жас ғана ғұмыр кешкен Сұлтанмахмұттың тағдыры шынында ауыр болды. Анасы екі жасында көз жұмса, әкесі жасық, момын адам еді. Қол қысқалықтан не толық оқи алмады, не емделе алмады. Алайда, жасындай жарық еткен ғұмырында Алаш зиялыларымен жіті араласып, поэзия әлеміне өзіндік өрнегін қалдырды. Соның бір парасы «Қамар сұлу» поэмасы болатын. 

bmtv.kz


Поделиться: