ХХІ ғасыр әдебиетінің жаңа парадигмалары
«Әдеби дискурс» подкастының кезекті шығарылымында «ХХІ ғасыр әдебиетінің жаңа парадигмалары» тақырыбы талқыланды. Бұл шығарылымда әдебиеттегі жаңа зерттеу тәсілдері мен ХХІ ғасырда қалыптасқан негізгі парадигмаларға назар аударылды. ХХІ ғасырдағы әлем әдебиетінің басты парадигмалары сөз болды. Талқылауда «мәтін ішіндегі мәтін» құбылысы, әдебиеттанудағы структурализм мен постструктурализмнің ерекшеліктері, метамәтін мен метароман мәселелері қамтылды. Сонымен қатар, отарлық дискурс пен қазақ әдебиетіндегі деколонизация үрдістері, әдебиеттегі таңбалық жүйе ұғымдары қарастырылды. Әңгіме өзегінде қазақ әдебиеттануындағы методология мәселесі де қозғалды. Қонақтар: Жазушы, драматург, аудармашы, алаштанушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD, постдокторант, әдебиеттанушы ғалым – Әлібек Байбол мен SDU университетінің аға оқытушысы, PhD, әдебиеттанушы ғалым – Ақбота Абиыр
Похожие видео
Самое читаемое
27.10.2026
335
28.10.2026
286
29.10.2026
215
27.10.2026
155
27.10.2026
121
29.10.2026
120
27.10.2026
84
12.10.2026
634
14.10.2026
456
13.10.2026
419
05.10.2026
419
19.10.2026
403
20.10.2026
392
22.10.2026
372
14.10.2026
364
16.10.2026
358
21.10.2026
352
