Жүсіпбек Аймауытов. Күнікейдің жазығы
«Әдебиет порталының» «Жансусар» бағдарламасына кітап насихатымен айналысып, кітап оқитын жастарды көбейтіп, руханиятқа өз халдерінше үлес қосып келе жатқан «Алқа» кітап клубы келді. Бұл жолы қазақтың ғажайып жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Күнікейдің жазығын» талдады. Жастың аты - жас, олар шығарманы өз таным, пайымдарымен қабылдап, осы уақытпен сәйкес көре алады. Бұл еркін пікір алаңы болғандықтан «еркіндік» пен «жауапкершіліктің» ара жігін ашуға тырысып, психологиялық, гендерлік, постколониалдық, әлеуметтік жағынан келуге тырысты. «Шынымен де Күнікейдің жазығы не еді?» деген сұрақтың жауабы әр алуан, кейде тіпті қайшылықты болуы да қисынды. Қалай десек те, арада жүз жыл өткенде де бұл шығарманың өзектілігі жоғары екеніне тағы бір рет көз жетіп отыр. Бүгінгі күнмен салыстырсақ, осы уақытта да Күнікейлер жоқ дей алмайсыз, қорғансыздық пен әділетсіздік басқа формада жалғасып жатыр. Осы жерден жастардың шығармаға қатысты пікірін тыңдай аласыздар.
Похожие видео
Самое читаемое
27.10.2026
335
28.10.2026
286
29.10.2026
215
27.10.2026
155
27.10.2026
121
29.10.2026
120
27.10.2026
84
12.10.2026
634
14.10.2026
456
13.10.2026
419
05.10.2026
419
19.10.2026
403
20.10.2026
392
22.10.2026
372
14.10.2026
364
16.10.2026
358
21.10.2026
352
