Астанаға әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь келеді
Бөлісу:
27 қараша күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь және ҚР Мемлекеттік сыйлығының бір топ иегерлерімен кездесу өтеді.
Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты «Оқырман қауым – Ұлы дала елінің болашағы» тақырыбындағы Халықаралық оқу конгресі шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
«Әдебиет – шексіз шығармашылық алаңы» деген секция бойынша өтетін шараға Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Қырғызстан Республикасы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Нұрлан Қалыбеков және қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков және тағы басқа жазушылар қатысады.
Кездесу барысында кітап насихаты, кітап оқу мәселесі талқыланып, әр елдердегі халықты кітап оқуға бейімдеу, кітап шығару қыр-сырлары талқыланып, пікір талас ұйымдастырылады.
Бөлісу: