Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХ фестиваліне өтініштер қабылдау басталды

Бөлісу:

06.10.2017 5628

Астанада 3-7 қараша күндері «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХ халықаралық фестивалі өтеді. Осыған орай фестивальге қатысуға өтініштер қабылдау басталды.

Биыл фестивальді ұйымдастыру комитетінің шешімімен дарынды жастар «Классикалық музыка» (фортепиано, скрипка, альт, виолончель, контрабас, академиялық ән айту), «Бейнелеу өнері» (мүсін, қолданбалы өнер), «Халық музыкасы» (домбырамен ән айту, халық аспаптары ансамблі, домбыра), «Цирк өнері», «Актерлік шеберлік» және «Үздік әдеби шығарма» атты алты аталым бойынша өнер жарыстырады.

Осы жолы «Үздік әдеби шығарма» аталымына тек балалар мен жасөспірімдерге ғана арналған шығармалар қабылданатынын айта кетейік.

«Үздік әдеби шығарма» номинациясы


(Проза – Жасөспірімдерге арналған шығармалар)

Уақыты және өтетін орны:


Фестиваль 2017 жылғы 3-7 қараша күндері Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өтеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:


1. Байқауға қазақ тілінде жазылған балаларға арналған аңыздар, новеллалар, әңгімелер қабылданады.
2. Жарияланған немесе жарияланбаған шығармалар басып шығарылған түрінде қабылданады.
3. Ұсынылатын шығармалар көлемі – әңгімелер, новеллалар, аңыз туралы әңгімелер -
2 баспа табақтарынан аспауы керек.
4. Қолжазба жұмыстары қабылданбайды.
5. Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы кез-келген ұлт өкілі қатыса алады.
6. Байқау материалдары 2017 жылдың 20 қазанынан кеш ұсынылмауы тиіс.

Өтініш беру шарттары:


Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- ұсынылған үлгі бойынша өтінім (баспа әріптерімен толтырылған);
- жеке куәлігі (көшірмесі);
- шығармашылық өмірбаян (резюме);
- дипломның көшірмесі немесе оқу орнынан анықтама;
- конкурстық жұмыстар.
- Электронды өтінішті жібермес бұрын барлық қажетті жолдары толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, электронды өтінішті 2 және одан да көп рет жібермеуге кеңес береміз. Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттар қалыс қалған өтініш қабылданған болып саналмайды.
- Ұсынылған үлгі бойынша баспа әріптерімен толтырылған өтінімдер басқа құжаттар ұйымдастыру комитетімен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында, сондай-ақ фестивальдің shabyt.astana.kz ресми сайтында қабылданады.
- Пошта арқылы жіберілетін өтінім формасы фестивальдің ресми сайтында жарияланған.
Өтініштер қаралымға 2017 жылдың 20 қазанына дейін тапсырылуы тиіс. Пошта арқылы жіберілген, Ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 20 қазанынан кейін түскен өтініштер қаралмайды.

Қазылар алқасы:


Қазылар алқасы әдебиет саласындағы беделді және танымал қайраткерлерден тұрады.
Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Тамақтану, тұру және жол жүру:


Ұйымдастыру комитеті конкурсанттарды фестивальге қатысу уақытына тамақпен және тұрғын-жаймен қамтамасыз етеді. Егер конкурсант байқаудан шығып қалса, ол жүріп-тұру шығындарын өзі көтереді. Жол жүру шығындарын төлеу қатысушымен жүзеге асырылады.

Сыйақылар мен марапаттаулар:


Гран-при – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 350 000 теңге
1 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге
2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге
3 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге

Арнайы сыйлық:


- Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының арнайы сыйлығы және 80 000 теңге ақшалай сыйақысы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі.


- «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша Бердібек Соқпақбаев атындағы атаулы диплом және ақшалай сыйақы 80 000 теңге.

shabyt-astana.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар