Ұлттық кодты кітаптан іздеген абзал

Бөлісу:

23.11.2017 5182

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайды әлемге танытқан – жазушы Мұхтар Әуезов. Мұқаңның арқасында әлем елдері Абайдың қара сөздерімен, батпан ойлы өлеңдерімен сусындады. Сондықтан да, Мұхтар Әуезовты қалай құрметтесек те жарасады. Биыл заңғар жазушының туылғанына 120 жыл толуына орай Оңтүстікте «Отырар» кітапханасында «Әуезов әлемі» атты мұражай бұрышы ашылды.

Орыстарда «Алма – алма ағашынан алыс түспейді» демекші, асылдан қалған тұяқ Мұрат Әузеов жақында Оңтүстікке арнайы «Әузеов әлеміне» ат басын бұрды. Рухани жаңғыруға бағытталған іс-шара аясында Мұрат Мұхтарұлы «Әуезов әлемінен» бөлек, кітапхана жұмысымен танысып, Елбасының Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру мақсатында қоры бай кітапхананың алар орны ерекше екендігін айтты.

Сөз соңында ол «Отырар» кітапханасында өткен рухани кешке айтар алғысы шексіз екендігін жеткізді. Ол Оңтүстік Қазақстанға деген Әуезовтер әулетінің ықыласы ерекше екенін де жасырмады.

– Шымкент, Оңтүстік облысы, жалпы, М.Әуезов әулеті үшін жылы ұғым. Соңғы жылдарында әкеміз осында жиі келіп, қазір көптеген адамдарда ол туралы естеліктер бар. Кітапхана мұражайы бар. Мұражайдың өзінде әкеміздің Оңтүстікке қаншама қатысы бар екенін дәлелдейдін құжаттар көрсетіліп отыр.

Өз кезегінде «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова:

– «Әуезов әлемі» деп бір бөлімді Мұхтар Әуезов пен Мұрат Әуезовке, Ләйлә Әуезоваларға арнап отырмыз. Мұнда 40 жылдары алғаш шыққан шағын кітапша бар. Ол – тарихи. Одан кейін, әрбір жылдары шыққан «Абай жолдары» бар. Жақсы кітаптар жинақталған «Әуезов әлеміне», - деп айтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық кодты сақтау керектігі айтылған болатын. Ал, ұлттық код – кітапханаға шоғырланған десе болады. Ұлттық иіс аңқитын кітапты оқи отырып, баланың бойында ұлттық болмыс қалыптасатына айтпаса да түсінікті. Мұны Мұрат Әузеов кітапханаға келген оқырмандарға айтты.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы Мұрат Мұхтарұлына ерекше серпін берген. Әке шығармашылығын насихаттауда көп тер төккен мәдениетттанушының әлі де жарияланбай қалған деректері көп. Келешек ұрпақ үшін осы жұмысты қолға алмақ.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар