Ауылым - алтын тұғырым! өз мәресіне жетті!

Бөлісу:

12.12.2017 6977

Республикалық «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткізілетін дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауына жолданған туындылар «Әдебиет порталында» жыл бойы жарық көрген болатын. Поэзия, проза, драма жанрлары бойынша жіберілген туындыларды республикалық «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев бастаған арнайы комиссия қарап талқылап, сараптаудан өткізген болатын.

Осы отырыстардың нәтижесі – жүлдегерлерді сыналтып, қорытындысын жариялап, марапаттарды тапсыру рәсімі болып өтті. Биылғы жылғы жүлдегерлер мен жеңімпаздар мыналар болып танылды:

Поэзия жанры бойынша «Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлдемен марапатталды Бақытгүл Зарқұмар, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы арнайы жүлдемен Өміртай Еділхан, Ғұмар Қараш атындағы арнайы жүлдемен Ұмтыл Зарықхан, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлдемен Сұлтан Дәулетхан марапатталды.

Қазылар алқасы поэзия аталымы бойынша үшінші орынға белгілі ақын Ерлан Жүніс, екінші орынға Файзулла Төлтай лайықты деп таныған екен.

Поэзия аталымы бойынша бірінші орынға ақын Ұларбек Нұрғалым ие болды.

Драматургия жанры бойынша Жүсіпбек Аймауытов атындағы арнайы жүлдеге белгілі Қанат Жүсіпов, Мұхтар Әуезов атындағы арнайы жүлдеге Аршын Нұрбақыт, Қошке Кемеңгер атындағы арнайы жүлдеге Нұрислам Әбділ ие болды.

Үшінші орынды Қуаныш Қожабайұлы, екінші орынды Заман Төлеуов еншіледі. Драма бойынша ең үздік шығарма иесі белгілі жазушы, драматург Думан Рамазан деп танылды.

Проза жанры бойынша Міржақып Дулатов атындағы арнайы жүлдеге Қанат Тілеуханұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы арнайы жүлдеге Абай Қалшабек, Тайыр Жомартбаев атындағы арнайы жүлдеге Әбу-Асқар Мекеш ие болды.

Үшінші орынды белгілі көсемсөзші, қаламгер Сәкен Сыбанбай еншілесе, екінші орынға Нұрлан Қабдайдың әңгімесі лайық деп бағалаған екен.

Проза саласы бойынша бірінші орынға танымал журналист, қаламы қарымды қаламгер Дәурен Қуаттың «Пермедегі «Пигмалион» шығармасы лайықты деп танылып, «Ауылым – алтын тұғырым» байқауының бас жүлдесі «Алтын тұғырға» ие болды.

Дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» байқауының биылғы жылғы үздіктері осылай анықталды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтап, ары қарайғы шығармашылық табыс тілейміз!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар