Жыр қағаны - Қарағандыда!

Бөлісу:

14.03.2018 3952

2018 жылдың Қарағандыдағы ЖЫР ҚАҒАНЫ кім болмақ?! Ол Қарағанды қаласында өтетін «Жыр қағаны» атты жобада анықталады!

Алматыдан басталған игілікті шара Қарағандыда жалғасып отыр. Поэтикалық дуэль түрінде өтетін поэзия кешінде қарағандылық жас қаламгерлер аталмыш эстафетаны тараздық ақындарға табыстайтын болады.17-25 жас аралығында жас ақындар бақ сынайтын бәйгені Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалы және Қарағанды облысы әкімдігі қолдап jтыр. Жыр кеші С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында 17 наурыз күні сағат 15.00-де өтпек.

Жалынды жыр додасының құрылтайшысы - белгілі меценат Бекзат Алтынбеков.

Эстафетаны қабылдап алуға арнайы кеш қонақтары ақын Азамат Есалы және Данияр Әлімқұл келеді.

Кештің тағы да ҚҰПИЯ қонақтары бар!..

Айта кетейік, бұған дейін Алматының ЖЫР ҚАҒАНЫ - талантты ақын Бекзат Смадияр атанған.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар