Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жаңа жылға жақсы тілек...

31.12.2024 421

Жаңа жылға жақсы тілек 0+

Жаңа жылға жақсы тілек - adebiportal.kz

Тарихтың қойнауына аттанып бара жатқан 2024 жылды «Әдебиет порталы» қалың оқырман, тыңдарман, көрермендерінің сұраныс-қалауына сай, тиісті деңгейде қызмет етіп шығарып салды деп айта аламыз. Оған ұжымның жыл бойы атқарған жұмыстары куә.

Портал жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі үрдіс бойынша отандық, шетелдік әдеби үдерістерді қамтыған, алуан тақырыптағы сыни-сараптамалық, әдеби танымдық, сараптамалық мақалалар мен бейнематериалдар талғампаз қазақ тілді контентке үздіксіз ұсынылып отырды. 

Портал сонымен қатар қазақ тілімен қатар, орыс, ағылшын тілді шығармашылық иелеріне платформа ретінде қызмет атқарып, жеке авторлардың талаптарға лайықты алуан жанрдағы туындыларын жарыққа шығарып, оқырман назарына ұсынды.

Портал жұмыс бағытының бірі – әдебиет дамуына тың леп әкелді деп саналған авторлардың жаңа туындыларын да таныстырып отырды. Сондай-ақ қазірде ортамызда жоқ, соңына әдеби мұра қалдырған қаламгерлердің есімін де ұмытпай, ел есінде жаңғырту ісі үнемі ескеріліп отырды. 

Тек қазақ әдебиетінің қазанын ғана қайнатпай, әлем әдебиеті жайлы ақпараттар мен туындылар портал бетінен орын алып отырды. Мұнда біздің штаттан тыс қаламгерлеріміздің де еңбегі еселі болғанын ерекше атап өту ләзім.

2024 жылды толайым жетістіктермен аяқтаған «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жаңа 2025 жылда да өз оқырмандарын, көрермендерін мәнді, мазмұнды жазбаларымен қызықтырып, отандық әдеби кеңістіктегі өзінің миссиясын лайықты атқара беретін болады. Алдағы жылға жоспарлап отырған тың жобаларымыз да баршылық. Мұның бәрін жүзеге асырып, сапалы шығармашылық өнім ұсынуға портал ұжымы әзір.

Келіп жеткен Жылан жылы құтты болсын! Жаңа жыл жақсылықтарға толы болсын!

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар