ТӨР әдеби клубының кезекті отырысына шақырамыз!

Бөлісу:

14.03.2018 6682

Осыдан бір ай бұрын «Әдебиет порталы» интернет-жобасы мен «Егемен Қазақстан» газетінің біріккен жобасы «Төр» әдеби клубының алғашқы отырысы өткені белгілі. «Төр»-де айтылған сөздер мен талқыланған мәселелердің жазбаша және видеонұсқасы порталымызға жарияланып, көпшілік оқырман мен әдеби қауымның ықыласын тудырды. Алғашқы отырыс әдебиет туралы еркін әңгімеге арналып, кеш соңында келесі жиында Талғат Ешен мен Қалқаман Сариннің өлеңдері талқыға салынатыны туралы шешім қабылданған.

16 наурыз, жұма күні сағат 17:00-де «Егемен Қазақстан» газетінің Мәжіліс-залында «Төр»-дің кезекті отырысы өтеді. Елге белгілі екі ақынның шығармашылығы туралы ой айтқыңыз келсе, елдің ойын білгіңіз келсе әдеби кешке келіңіз, құрметті оқырман! Әдебиеттің әңгімесін бірге айтайық.

Талғат Ешенұлының өлеңдері

Қалқаман Саринның өлеңдері

Бөлісу:

Көп оқылғандар