Таңжарықтың 115 жылдығына арналған мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды

Бөлісу:

26.03.2018 9420

«Әйгілі алты Алашқа жазған хатым» атты жыр мүшәйрасы мәресіне жетті. Жеңімпаздарды 22 наурыз күні «Қызай ана» қоғамдық қоры Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылында өткізген Наурыз мерекесінде марапаттады.

Әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдына арнап «Қызай ана» қоғамдық қоры Халықаралық «Таңжарық зерттеу» қорымен бірге «Әдебиет» порталында «Әйгілі алты Алашқа жазған хатым» атты жыр мүшәйрасын өткізген болатын. 15 ақпаннан 17 наурызға дейін өткен мүшәйраға жалпы 48 ақынның өлеңі келіп түскен.

Ақын Жәркен Бөдеш, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Серік Қали, әдбиеттанушы Омарәлі Әділбекұлы мен «Қызай ана» және халықаралық «Таңжарық зерттеу» қорларының атқарушы директорлары, тіл мамандары Базарәлі Әріпұлы мен Тұрсынбай Дәуітұлы қатарлы қазылар алқасы 48 ақынның ішінен 7 ақынның өлеңін жүлдеге лайық деп санап талдап шықты.

Қазылардың шешімі бойынша Өстемірдегі Наурыз мерекесінде келесі ақындар: Нұрбек Нұржанұлы мен Қуанәлі Алмасбекұлы арнайы жүлдемен, Алтыншапақ Хаутай мен Арман Әділбек 3- орын, Алаш Тұрсынәлі мен Еділбек Дүйсен 2- орынмен, Айнұр Төлеу бірінші орынмен жеңімпаз болып, марапатталды. Жеңімпаз ақындарды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мүшелері де келіп құттықтап, арнайы мақтау қағазы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының медальмен марапаттады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар