Душанбеде қазақ ғалымы Қ.Сәтбаевқа ескерткіш тақта қойылды

Бөлісу:

13.04.2018 7102

Мамыр айының 13 жұлдызында Тәжікстан Республикасы Ғылым Академиясының геология Институтында қазақтың көрнекті ғалымы, ағартушы, минерология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Сәтбаевқа арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті. Танымал ғалымның Тәжікстан Ғылым академиясының ұйымдастырылуына, Орта Азияның геологиялық ғылымының дамуына өз үлесін қосқанын атап айтқан жөн.

Салтанатты жиында сөз алған Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов аталған ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткені үшін Тәжікстан басшылығына алғысын айтып, Қазақстан мен Тәжікстан елдерінің ғылым саласындағы байланысы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Ғылым Академиясының Вице-президенті С.Х.Муминов Қ.Сәтбаевтың ғылым саласындағы қызметіне жоғары баға беріп, көрнекті ғалымның өмірін жан-жақты насихаттау керек екенін атап өтті.

Тағылымды шараға Тәжікстан Республикасы Ғылым Академиясының басшылығы, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, «Қазақстан-Тәжікстан» достық қоғамы және қазақ диаспорасы қатысты.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар