Қабдыкәрім Ыдырысовтың туғанына 90 жыл

Бөлісу:

27.09.2018 3019

26 қыркүйек күні Қазақстан Жазушылар одағында аса көрнекті ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Алғашқы сөз Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулетке берілді.

Төраға өз сөзінен соң ақынның ұлы Бағлан Қабдыкәрімұлының иығына шапан жауып, ақынның мұрасын ел игілігіне жұмсауға бірге қызмет етейік деп тілек білдірді. Қ.Ыдырысовтың ақындығы жайлы, адами қасиеттері мен қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі туралы Мыңбай Рәш, Сұлтанәлі Балғабаев, Жарқын Шәкәрім, Жұмат Тілепов, Исраил Сапарбай, Ғалым Жайлыбай сынды қаламгерлер әңгімелеп берді.

Қазақ еліне кең тараған ақынның сөзіне жазылған әндерді Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаева және т.б. әншілер орындады.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар