«Тұлпар мініп, Ту алған» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бөлісу:

03.10.2018 6110

Кеше Алматыда өткен «Тұлпар мініп, Ту алған» Ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Мамырдың ортасында жарияланып, ел ішінде ерекше қолдауға ие болған жобаға Алматының 1300-ден астам оқушысы қатысты. Алматы қаласының әкімдігі бекіткен ереже мен медиажоспар бойынша, қыркүйектің 10-19-ы аралығында өткен аудандық кезеңде әр ауданнан 3 жеңімпаз анықталып, 8 ауданнан жалпы 24 бала қалалық қорытынды кезеңге жолдама алды.

«Кіл мықтыда кім мықты?» дегендей, «мыңнан – тұлпар» шыққандардан «жүзден – жүйрікті» анықтау Өмірзақ Айтбаев, Уәлихан Қалижан, Қали Сəрсенбай, Тынысбек Қоңыратбаев, Темірхан Тебегенов, Серікқазы Қорабай сынды академиктер мен ғылым докторлары және профессорлар мен қабырғалы қаламгерлерден құралған қазылар алқасы үшін оңайға соқпады. Сондықтан да сайыс үш турға ұласып, қазылар жеңімпаздарды анықтау үшін ақылдасу бөлмесіне бірнеше рет баруға тура келді. Әділдіктің алдындағы зор жауапкершілікті мойындарына алып, ортақ шешім қабылдаған қазылар алқасына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтамыз», - деп атап өтті жоба жетекшісі, белгілі ақын Серік Сейітман.

ЖЕҢІМПАЗДАР:


I орын: Аружан Абсатар,
II орын: Абылай Бердашев,
III орын: Бекзат Шардарбек.

ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ:


- Шыңғысхан Армия,
- Мәншүк Арыстанбек,
- Санат Ғизатұлы.

Назарларыңызға оза шапқан 3 жеңімпаздың өнерінен бейнеүзінділер ұсынамыз.

Бөлісу:

Көп оқылғандар