Ынтымақтастық меморандумы

Бөлісу:

09.10.2018 6207

Өз қызметін жүйелі түрде жаңғырту аясында еліміздегі жетекші саяси күш ірі жобаларға кірісті. Солардың бірі «Шығармашылық ителлигенциясымен жұмыс». Бұл жоба партиялықтардың идеясымен жазушылар, айтыс ақындары, және басқа да шығармашылық өкілдерін қолдауға бағытталған.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайында пікірлесу үшін зиялы қауыммен кездесті.

«Рухан жаңғыру» бағдарламасы – «Нұр Отан» партиясының идеологиялық платформасы, бұл жайлы Мемлекет басшысы өткен Саяси кеңес отырысында атап айтқан болатын. Бағдарламаның іске асу барысы партияның үнемі бақылауында.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауында Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламысының қоғамда үлкен сілкініс тудырып, қолдауға ие болғанын атап өтті. Елбасы бағдарламаның мазмұнын байыта отырып, ары қарай жалғастыруды тапсырды. Елбасы тапсырған осы мәселені қоғамда талқылау үшін, партиялықтар шығармашылық интеллигенциясымен бірлесе отырып, нақты жобаларды іске асыруға мүдделі.

Іс-шараға Ұлықбек Есдәулетов басқарып отырған Қазақстан Жазушылар одағы мен оның мүшелері, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, «Мирас» республикалық кеңесінің төрағасы Бекболат Тілеухан, драматург Төлен Әбдіков, ақын Бауыржан Қарағызұлы, жазушы Алдан Смайыл, мәжілісмен Сауытбек Әбдірахманов, партия басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде облыстарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қандай істер атқарылып жатқандығы сөз болды. Атап айтқанда, қазіргі заманғы жазушылар мен ақындардың шығармашылығын дамыту бағытында өткізіліп жатқан шаралар тілге тиек етілді.

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының еліміздегі жетекші саяси күш ретінде ақындар мен жазушылардың, драматургтердің шығармашылықтарына қолдау көрсететіндігіне тоқталды.

-Қоғамдық сананың жаңғыруы еліміздің нәтижелі дамуының, экономикалық және саяси реформалардың табысты түрде жүзеге асуының кепілі. Бұл күрделі прцесс. Бұл мәселемен мемлекеттік орындар ғана айналыспауы керек. Азаматтық қоғам, зиялы қауым, саяси партиялар да өз үлестерін қосуы тиіс, - деді Мәулен Әшімбаев.

Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Бұл құжат негізінде, тараптар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Астана» телеарнасында тележоба, ковркинг-орталықтарда жас қаламгерлермен кездесу, «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасы аясында ашылған YouTube желісінде жас қаламгерлер байқауын өткізу жайлы келісімге келді.

Мәулен Әшімбаев аталмыш Меморандум арқылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, еліміздің мәдени дамуына үлес қосатын қосымша механизмдерді жасауға болатынын атап өтті.

Фотоларды түсірген: Нұрлан Нұрышов

Adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар