Көкшетауда Жас ақын-жазушылар кеңесі құрылды

Бөлісу:

19.10.2018 8048

Ұлттық әдебиет пен ақындық өнерді қолдау және насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Жас ақын-жазушылар кеңесі құрылған болатын. Жастар кеңесі – өнер және әдебиет саласында әдістемелік-сараптамалық жұмысты жүзеге асыру үшін құрылған консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттері: жастарға қатысты кешенді әдебиет және өнер салаларының басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру; жеке және заңды тұлғалармен, шығармашылық одақтар, ассоциациалар және тағы басқа қоғамдық маңызы ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу және т.б.

Бүгінде Кеңестің филиалдары еліміздің әр өңірінде ашылып жатыр. Осыған орай, кеше Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкімінің жанынан Жас ақын-жазушылардың консультативті кеңесі құрылды. Оның төрағасы - облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин, орынбасары - ақын Қуаныш Оспан, хатшысы - Мерген Тоқсанбай болды.

Кеңестің ашылу салтантына ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Бауыржан Қарағызұлы қатысты. Ол қолына қалам ұстап жүрген жас ақын-жазушылардың қоғамдағы атқарар рөлін, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына қосар үлесін, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылудағы маңызының зор екенін айтып, осы кеңестің негізі мақсаты қазақ руханиятын дамытуда екенін жеткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылатын ірі жобалар мен игі шараларға осы кеңестің мұрындық болатынына сенім білдірді.

Жас ақын-жазушылар кеңесінің ашылуынан соң «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының қолдауымен «Алдаспан» сериясымен шыққан жеті авторыдың кітаптарының тұсаукесері болып өтті. Көкшетаулық ақындар Мерген Тоқсанбайдың «Антитеза», Қуаныш Оспанның «Аспандағы Астра», Бақытбек Бекмұратұлының «Қоңыр мұң», Серікбай Әбілмәжіннің «Саршатамыз», Жайнарбек Зандыбайұлының «Бәсіре», Құрмет Құралханның «Мөр», Серғазы Қайырболдының «Постскриптум» атты кітаптарының тұсауын Алматыдан арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет кесті. Ол осы ақындардың болашағынан зор үміт күтетінін айтып, ақындарға шығармашылық табыс тілеп, жұртшылықтың алдында ақ батасын берді. «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының қолдауымен «Алдаспан» сериясымен жарық көрген жеті авторыдың кітаптарының тұсаукесері мен «Жетеудің хаты» атты шығармашылық кеші өтті.

Кітаптардың тұсаукесері «Жетеудің хаты» атты әдеби кешке ұласты. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен өткен Жас ақындардың бұл кеші облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызының құттықтаумен басталып, тамаша әдеби-сазды кешке айнады.

Madeniportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар