Алаш туы астында

Бөлісу:

05.11.2018 5991

2018 жылғы 6 қараша күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ел» продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін «Алаш туы астында» атты деректі фильмінің арнайы көрсетілімі өтеді.

Фильмді түсіру тобы Алаш қайраткерлерінің ізімен Семейдің Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Смольныйда, Санкт-Петербург, Қазан университеттерінде, Уфадағы Мемлекеттік Мәжіліс өткен бұрынғы «Сібір» қонақүйінде түсіру жұмыстарын жүргізген.

Фильмнің Бас кеңесшісі – Мәмбет Қойгелді; шығармашылық кеңесшісі – Тұрсынжан Шапай; режиссері – Ерген Тоқмурзин; сценарий авторы және әңгімелеушісі – Болат Мүрсәлім; қоюшы операторы – Мұстафа Өнер; композиторы – Бейбіт Ақош

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 6 қараша, 19.00

Өтетін орны: Астана қ., Тұран даңғылы 24, «Сарыарқа» кинотеатры

БАҚ өкілдеріне аккредитациядан өтуі міндетті әрі өздерімен бірге әкелетін техникалардың(камера, фотоаппарат, телефон) тізімін, маркасын көрсетуі тиіс! mki_gov@mail.ru

Барлық сұрақтар бойынша:+7 (7172) 74-09-24, + 7 707 278 6728

Бөлісу:

Көп оқылғандар