Ерғазы Рахимов атындағы мүшәйра

Бөлісу:

13.11.2018 5459

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, жазушы, публицист Е.Рахимовтың 80 жылдығына арналған республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді.

Ерғазы Аққазыұлының лирикалық өлеңдері, көркем очерктері мен қысқа әңгімелері қазақ оқырманына кеңінен таныс. Әр жылдары “Өкпеті өрендері”, “Мұңсызбайдың мұрагерлері”, “Сүрі қар”, “Тентек келін”, “Терісайрық” сынды әңгімелер мен повестер жинағы, “Зейнел күйі”, “Жырлайды жүрек”, “Ымырт пен қобыз” өлеңдер мен дастандар жинағы жарық көрген.

Жыр додасының мақсаты – уақытында ғибратты ғұмыр кешкен қарымды қаламгердің өмірі мен шығармашылығын жаңғырту, өскелең ұрпаққа насихаттау.

Жыр бəйгесі Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен өтеді.

Мүшәйраның шарттары:

  1. 18-35 жас аралығындағы ақындар бақ сынай алады.
  2. Мүшәйраға екі өлеңнен қабылданады. Бір өлең қаламгер Е.Рахимовқа арналады, бір өлең еркін тақырыпта болуы керек.
  3. Өлең компьютермен терілгенде А-4 бет көлемінде 2-3 беттен аспауы шарт.
  4. Жыр додасына қатысушы үміткерлер шығармаларын ermek_0127@mail.ru электронды поштасына 2018 жылдың 22 қарашасына дейін жолдаулары шарт. Авторлар өлеңмен қоса өздерінің мекен-жайы мен байланыс телефондарын жазып жіберулері керек.
  5. Мүшәйраның қорытындысы 26 қараша күні шығады.
  6. Жеңімпаздар іс-шараға арнайы шақырылып, өз өлеңдерін оқып, марапатталады.
  7. Жеңімпаздардың келіп-кету шығыны, жатын орны, ұйымдастырушылар есебінен.
  8. Қазылар алқасының шешімімен жүлде қоры мен орындарға байланысты өзгертулер енгізілуі мүмкін. Қазылар алқасы елге танымал қаламгерлерден құралған.

Жүлде қоры:

Бас жүлде Е.Рахимов атындағы диплом мен 150 000 теңге.

1-орын Е.Рахимов атындағы диплом мен 100 000 теңге.

2-орын екеу Е.Рахимов атындағы диплом мен 70 000 теңге.

3-орын екеу Е.Рахимов атындағы диплом мен 40 000 теңге.

Сонымен қатар, 1 ынталандыру сыйлығы – Е.Рахимов атындағы диплом мен 20 000 теңге.

Жыр мүшәйрасының жүлдегерлерін марапаттау Астана қаласында өтеді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар