«Жүз өлең» кітабының тұсаукесері
Бөлісу:
Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасының
концерт залы, Абай даңғылы 14
18 сәуір, 2019 жыл, Сағат 11.00
Өткен 2018 жыл "Қазақстандағы Өзбекстан жылы" деп жариялануына орай, «Тұлға – достық» қоғамдық қоры, «Әдебиет әлемі» орталығы қолға алып, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Оспанұлы Балықпаевтың қолдауы арқылы, Өзбекстан Жазушылар одағы, «Жастық» журналы редакциясы мен бірігіп қолға алған «Жүз өлең» атты жоба аясында Өзбекстанның жас буын ақындарын негіз еткен 20 ақынның өлеңі қазақ тіліне аударылып, «Жүз өлең» деген атпен кітап болып жарық көрді.
Осы жоба бойынша Қазақстандық жас таланттарын негіз еткен 20 ақынның өлеңі Өзбекстан Республикасында «Жүз өлең» деген атпен өзбек тіліне аударылып Өзбекстан Жазушылар одағы, «Жастық» журналы редакциясының қолға алуымен баспаға дайындалуда.
Сонымен қатар кітапқа енген Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің таланытты жас ақындары мен Әлішер Науай атындағы Ташкент Мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің талантты жастары арасында шығармашылық байланыс орнату жоспарланып отыр.
Жобаның мақсаты: Туысқан өзбек халқымен қазақ халқының әдеби-мәдени байланысын тереңдету. Сонымен қатар, 2019 жыл "Жастар жылы" - деп жариялануына байланысты, Қазақстанның жас ақындарының шығармаларын шетелге насихаттау.
Кеш қонақтары:
Атаулы шараға Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас елшісі - ФАТХУЛЛАЕВ Аброр Джахангирович мырза қатысады. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Ысрайыл Сапарбай, Бауыржан Жақып қатарлы ақын-жазушылар, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы Жанатбек Ішбекбаев.
«Жүз өлең» жинағына өлеңдері енген, Өзбекстан Республикасынан кітаптың тұсаукесеріне арнайы Нодир Жанузақ, Мухиддин Абдусамад, Фахириддин Хайит, Носиржан Жураев, Журабек Жахон, Мехирноз Аббосова, Башорат Отажонова қатарлы ақындар, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының құрылтайшылары қатысады.
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
«Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры,
«Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі
Мұратхан ШОҚАН
Бөлісу: