Сәкен мұрасы - халық қазынасы (фоторепортаж)

Бөлісу:

15.05.2019 6560

Биыл қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат, ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл. 14-мамыр күні саналы ғұмырын ұлтының болашағына арнаған дара тұлғаның мерейтойы Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллин музейінен басталды.

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, С.Сейфуллин музейінің директоры - Несіпбек Айтұлының бастамасымен музейдің мәжіліс залына туғандарына 125 жыл толып отырған қазақ әдебиетінің үш алыбы: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің фарфордан құйылған мүсіндері қойылып, "Үш арыс" бұрышының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты жиынға белгілі қоғам және мемлекет қайраткері - Оралбай Әбдікәрімов, сәкентанушы ғалым - Амантай Кәкен, филология ғылымының докторы, Тұрсынбек Кәкішұлының жары - Күләш Ахмет, Сәкеннің музыкалық мұрасын зерттеуші - Серік Оспанов бастатқан белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар, ақынның туыстары және жастар қатысты.

Музейдің жыл сайын шығарып келе жатқан дәстүрлі "Сырсандық" сериясының биыл V томы "Үш бәйтерек" деген атпен жарық көріп, тұсаукесері өтті. Тұсаукесер соңы "Сәкен мұрасы - халық қазынасы" атты ғылыми-практикалық конференцияға ұласыты.

Музейдің шығарған кітаптары

"Сырсандық" сериясымен шыққан V томның тұсаукесер сәті

"Үш арыс" бұрышының ашылу салтанаты

"Сәкен мұрасы - халық қазынасы" атты ғылыми-практикалық конференция

Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов

Филология ғылымының докторы Күләш Ахмет

Ақын, жазушы, жыршы-жырау, мәдениет қайраткері Баянғали Әлімжанов

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, С.Сейфуллин музейінің директоры - Несіпбек Айтұлы

«Сәкеннің монологі» –авторы: Ә.Тәжібаев

Оқыған: Біржан Жүнісов

Жүк болардай еңбек пен даңқы нарға,

Сәкен аты өшпейді халқы барда.

Сезінбесе елінің махаббатын,

Жүрегінен әуелеп ән туар ма?!

Сәкен өлең, Сәкен саз, Сәкен сері,

Сарыарқасы киелі мекен төрі.

Елі үшін жаралған азаматтың

Ертең үшін төгілген екен тері.

Азат таң кеп құшағын жайғанында,

Өр ұлдарын ел бүгін ойға алуда,

Қасиетті төрінде қазағының,

Мерейтойы ақынның тойлануда.

Арқау еткен елдікті жырларына,

Әр сөзінде өшпейтін тұр мағына.

Ау, ағайын!

Сәкендей саңлақтың,

125 жыл толды туғанына!

«Жамалдың әні»

Орындаған: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаев

Әбікен Хасеновтің күйі - «Қоңыр»

Орындаған: Қайрат Айтбаев

Сарыарқаның сайын даласындағы сал-серілердің сарқыты болған, сарыбалақ самұрықтардың самғауындай сырлы сазды санасына сіңірген Сәкен Сейфуллин. Оның азаматтық тұлғасы, сырлы музыкалық мұрасы халқымыздың рухани терең қазынасы болып, елімен бірге мәңгілік жасай бермек. Елордамыздағы Сәкеннің қарашаңырағы іспетті Сәкен Сейфуллин музейінен басталған ақын тойы еліміздің Қарағанды, Алматы сияқты т.б қалаларында өз жалғасын таппақ.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар