Азия елдері қаламгерлерінің І форумы
Бөлісу:
Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың 4-6 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Азия елдері қаламгерлерінің І форумын» өткізеді.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту һәм егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздейді.
Азия елдері қаламгерлерінің І форумында аталмыш құрлықты мекен еткен 44 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының Төрағалары сынды 90-ға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосады.
Әдеби форумның БАҚ қызметкерлеріне арналған баспасөз конференциясы 3 қыркүйек күні сағ.15.00 де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында өтеді.
Баспасөз конференциясына:
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы – Ұлықбек Есдәулет;
Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – Ақберен Елгезек;
ҚР Мәдениет және спорт министрі – Ақтоты Райымқұлова;
Әлемдік әдебиетте есімдері қалыптасқан қаламгерлер – форум делегаттары қатысады.
Сурет ғаламтордан алынды.
Бөлісу: