МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА!

Бөлісу:

03.09.2019 7107

Маңғыстау облысында «Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты Сисем Атаға және сол қауымдағы ата-баба рухына арналған Ас аясында республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өткізіледі.

Мүшәйраның талап-шарттары:

- Мүшәйраға еліміздің барлық өңірлерінен 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;

- Мүшәйраға ұсынылған тақырыпқа сай, бұрын басқа жерде жарияланбаған және байқауға жіберілмеген авторлық шығармалар қабылданады;

- Авторлардың жолдаған құжаттары кері қайтарылмайды. Ұйымдастыру алқасы мүшәйраға ұсынылған өлеңдерді БАҚ-ы беттерінде және түрлі жинақтарда жариялауға құқылы;

- Ұсынылған шығармаларды бағалау кезінде олардың поэтикалық қуатына, көркемдігіне, жазылу техникасының мінсіздігіне ғана баса назар аударылады;

- Қатысушылар 2 шығарма ұсына алады. Оның біреуі – Сисем Ата, елдік, ерлік тақырыптарында, екіншісі – еркін тақырыпта болуы шарт.

Мүшәйраға әдебиет саласындағы танымал қаламгерлерден құралған Қазылар алқасы төрелік етеді. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.

Шығармалар электронды нұсқада (Microsoft Word файлды форматы түрінде, Times New Roman қарпімен) қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жол шығындары – мүшәйраға қатысушылардың өз тарапынан.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар алдын ала іріктелмейді, сахнада анықталады.

Мүшәйра және марапаттау рәсімі 2019 жылғы 13 қыркүйек күні Сисем Ата қауымында өтеді.

Қатысу үшін өтінім беру талабы:

Мүшәйраға қатысушылар 2019 жылдың 10 қыркүйегіне ruhaniqazyna@gmail.com электронды поштасына жолдай алады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар