«Ұлытауым – ұлы дала киесі» тақырыбында мүшайра өтеді

Бөлісу:

17.06.2020 4914

«ҰЛЫТАУЫМ – ҰЛЫ ДАЛА КИЕСІ» деген тақырыпта өтетін жазба ақындардың республикалық мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-інің қаржылай қолдауымен Жезқазған қаласындағы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі «ҰЛЫТАУЫМ – ҰЛЫ ДАЛА КИЕСІ» деген тақырыпта жазба ақындардың республикалық мүшәйрасы өтетіндігін жариялайды.

Аталмыш қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен өткізілетін жыр сайысының мақсаты - Ұлық Ұлыс мекені болған ұлы дала мен Ұлытаудың тарихи маңызын, тарихи рөлін насихаттау; ел ішіндегі бірлік, тұтастық мәселелерін шешудегі «Төрт босаға» жүйесінің (Бағаналы жұртында қалыптасқан) тарихи мәнін ашу және Кәдір , Бабыр Бөкеншіұлы, Шегір би, Сандыбай Төлекұлы, Ерден Сандыбайұлы тұлғаларын өлең өзегі ету.

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары: - Ақындардың жас шамасына шек қойылмайды; -мүшәйраға әр ақын үш өлең жолдауы тиіс; -мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды; -байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1. -шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні, шығараманың аты көрсетіледі. -ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), жеке куәлігінңң көшірмесін, 6х9 фотосуретін, байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек; -үміткерлердің шығармалары 2020 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады; -мүшәйраның қорытынды шарасы осы жылдың 4 қыркүйегінде өтеді деп жоспарлануда (қазіргі жағдайға байланысты өзгерістер болып жатса, қосымша хабарланады); -қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады; -марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана шақырылады, іссапар шығыны (барып қайту жолы (поездбен), жатын орын ақысы, тамақтану) ұйымдастырушы тарап есебінен; -бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды; -қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды; -мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді; -қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі; -мүшәйра қорытындысын шығарар тұста қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тарап арасындағы өзара келісім бойынша жүлде саны мен жүлде мөлшерінде өзгерістер болуы мүмкін;

Мүшәйра талаптары: Ұсынылған өлеңдердің: • біреуі Ұлы Дала, Ұлытау, Ұлық Ұлыс тарихы мен тағдыры жайлы; • екінші өлең аймаққа «Төрт босаға» деген атаумен танымал болған Сандыбай Төлекұлы, Кәдір Түрікпенбайұлы, Бабыр Бөкеншіұлы, Шегір би және Ерден Сандыбайұлының өмірі мен азаматтық тұлғасы жайлы; • үшінші өлең еркін тақырыпта болуы шарт.

Жүлделер:

Бас жүлде - 1 000 000 (бір миллион) теңге.

1-орын (біреу) – 800 мың теңге;

2-орын (біреу) – 600 мың теңге;

3-орын (біреу) – 400 мың теңге;

Арнайы сыйлық (үшеу) – әрқайсысы 150 мың теңгеден.

Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – әрқайсысы 100 мың теңгеден.

Шығармалар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: mushaira_zhez2020@mail.ru Қабылдап алушы тұлғаның аты-жөні мен байланыс телефондары: Орынбасарова Дәметкен Қаражанқызы ж.т. 8(7102) 72-31-22, ұялы тел: 8-778-500-47-38, 8-771-196-85-48 Мүшәйраға қатысқан өлеңдер іріктеліп, жеке жинақ болып шығарылады.

Қосымша мәлімет алу үшін жоғарыда көрсетілген жауапты тұлғаға хабарласуға болады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар