«Ұлытауым – Ұлы Дала киесі» мүшәйрасының мерзімі ұзартылды
Бөлісу:
Құрметті қаламгерлер мен жырсүйер қауым!
Мүшәйраға қатысуға ықылас танытып отырған ақындардың өтінішіне орай және ел ішіндегі індет зардаптарын ескере отырып «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-інің қаржылай қолдауымен Жезқазған қаласындағы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «Ұлытауым – ұлы дала киесі» атты жазба ақындардың республикалық мүшәйрасына өлеңдер қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды. Төменде мүшәйра Ережесін қайта жариялап отырмыз.
«Ұлытауым – ұлы Дала киесі» атты жазба ақындардың республикалық мүшәйрасының Ережесі:
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-інің қаржылай қолдауымен Жезқазған қаласындағы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі «Ұлытауым – ұлы дала киесі» деген тақырыпта жазба ақындардың республикалық мүшәйрасы өтетіндігін жариялайды. Аталмыш қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен өткізілетін жыр сайысының мақсаты - Ұлық Ұлыс мекені болған ұлы дала мен Ұлытаудың тарихи маңызын, тарихи рөлін насихаттау; ел ішіндегі бірлік, тұтастық мәселелерін шешудегі «Төрт босаға» жүйесінің (Бағаналы жұртында қалыптасқан) тарихи мәнін ашу және Кәдір , Бабыр Бөкеншіұлы, Шегір би, Сандыбай Төлекұлы, Ерден Сандыбайұлы тұлғаларын өлең өзегі ету.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
- Ақындардың жас шамасына шек қойылмайды;
-мүшәйраға әр ақын үш өлең жолдауы тиіс;
-мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды;
-байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.
-шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні, шығараманың аты көрсетіледі.
-ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), жеке куәлігінңң көшірмесін, 6х9 фотосуретін, байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек;
-үміткерлердің шығармалары 2020 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады;
-мүшәйраның қорытынды шарасы осы жылдың 4 қыркүйегінде өтеді деп жоспарлануда (қазіргі жағдайға байланысты өзгерістер болып жатса, қосымша хабарланады);
-қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады;
-марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана шақырылады, іссапар шығыны (барып қайту жолы (поездбен), жатын орын ақысы, тамақтану) ұйымдастырушы тарап есебінен;
-бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;
-қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;
-мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді;
-қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі;
-мүшәйра қорытындысын шығарар тұста қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тарап арасындағы өзара келісім бойынша жүлде саны мен жүлде мөлшерінде өзгерістер болуы мүмкін;
Мүшәйра талаптары:
Ұсынылған өлеңдердің:
- біреуі Ұлы Дала, Ұлытау, Ұлық Ұлыс тарихы мен тағдыры жайлы;
- екінші өлең аймаққа «Төрт босаға» деген атаумен танымал болған Сандыбай Төлекұлы, Кәдір Түрікпенбайұлы, Бабыр Бөкеншіұлы, Шегір би және Ерден Сандыбайұлының өмірі мен азаматтық тұлғасы жайлы;
- үшінші өлең еркін тақырыпта болуы шарт.
Жүлделер:
Бас жүлде - 1 000 000 (бір миллион) теңге.
1-орын (біреу) – 800 мың теңге;
2-орын (біреу) – 600 мың теңге;
3-орын (біреу) – 400 мың теңге;
Арнайы сыйлық (үшеу) – әрқайсысы 150 мың теңгеден.
Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – әрқайсысы 100 мың теңгеден.
Шығармалар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: mushaira_zhez2020@mail.ru
Қабылдап алушы тұлғаның аты-жөні мен байланыс телефондары: Орынбасарова Дәметкен Қаражанқызы ж.т. 8(7102) 72-31-22, ұялы тел: 8-778-500-47-38, 8-771-196-85-48
Мүшәйраға қатысқан өлеңдер іріктеліп, жеке жинақ болып шығарылады.
Қосымша мәлімет алу үшін жоғарыда көрсетілген жауапты тұлғаға хабарласуға болады.
Ұйымдастыру алқасы
Бөлісу: