«Келбет» кітабы көпшілікке таныстырылды

Бөлісу:

17.08.2020 4033

Биыл көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл. Осы атаулы датаға орай Қызылжар қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында ғалым, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбектің Сәбең жөніндегі "Келбет" кітабы көпшілікке таныстырылды. Келелі басқосуға автордың өзі онлайн режимінде қатысып отырды. Ол жазушының барлық жанрда өнімді еңбек етіп, соңына өміршең туындылар қалдырып кеткеніне назар аударды.

Конференция барысында ғалым Зарқын Тайшыбай, ақын, Жазушылар одағының елордалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұлов, жазушы Жарасбай Сүлейменов бастаған зиялы қауым қаламгер жөнінде ой бөлісті. Кітап жазушының көркемдік әлемін ашуымен Мұқановтануға жаңа олжа салып отыр.

Айта кетейік, бұл Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының жаңа жобасы. 600 беттік "Келбет" кітабы "Фолиант" баспасынан жарық көрді. Толымды еңбектің техникалық тұрғыдағы сапасы жоғары, безендірілуі көркем. Кітаптың жарық көруіне жергілікті кәсіпкер Жомарт Омаров демеушілік жасаған. Жиылғандар қазақ әдебиеті құрына тың туынды қосылғанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта мерейтойлық шаралар жалғасын табады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар