Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

11.07.2017
5475

АДАМ

АДАМ

 

(Бəрімізге қатысты хикая)

 

...Адам келді!

Аспанға қарап еді, көк жүзі көрінбеді. Өйткені ну орманда жүрген. Бір нəрсені іздеді. Бірақ нені? Есіне ештеңе түсіре алмады. Мүлдем ұмытқан. Ойланып біраз тұрды. Көз алдында көлбеңдеп көбелек ұшып бара жатты. Соған алаңдап ойы бөлінді де қалды. Іздеген нəрсесі біреу емес, көп сияқты ма, қалай? Мың бұралған көбелектің соңынан қуа жөнелді. Не үшін? Оған мəн беріп ойланбаса керек. Қуып барады, қуып барады, жеткізетін түрі жоқ. Бір уақыттарда жазық далада жүр екен. Ақыры шаршады. Көбелек те шаршаған болар. Гүлге қона салды. Енді көбелек қонған мың құлпырған гүлге қызығып кетті. Ең əдемі дегендерін тере бастады. Бірақ кімге сыйламақ? Ол жағына бас қатырмады. Тере берді, тере берді. Құшағы гүлге толған соң аспанға қарап еді, көк жүзі көрінбеді. Өйткені күн бұлтты болатын. Алысқа көз тіккенде мың құбылған сағымды көрді. Енді соған қарай ұмтылды. Қуып барады, қуып барады, жеткізетін түрі жоқ. Бір уақыттарда қараңғы түсті. Манағы сағым ғайып болған. Жалғыздықты сезінген күйде аспанға қарап еді, көк жүзі еңіреп қоя берді. Екеуі қосыла өксіп ұзақ жылады. Есін жиып аяғының астына қарағанда жар басында тұр екен.

...Адам кетті!

 

(с) Асылбек Жаңбырбай


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: