Басты бет
/
Блогтар
/
ПРОЗА
/
Әлем әдебиетінен аудармалар

Әлем әдебиетінен аудармалар

08.05.2026 25

АҚЫН ӨСИЕТІ.

Эпиграф:

Заң әрқашан әділ бола бермейді

Ал шындық кейде заңнан тыс болады,

Поп өзіне қорған салған жерде,

Онда шайтан бетоннан ғибадатхана салады.

****

Өзімізді сүюді қабылдаймыз жиі,

Мақтанышпен, тым жақсымыз деп...

Бірақ жақсы тек сол, кім махаббатын өзіндегі,

Жүрегінің мейірімімен көрсете алса бізге.

Жеңімпаз – ұратын емес нокаутпен,

Бәрінде жеңетін – ол өзін басқара білген;

Сүюді білетін, адал өмір сүрген,

Сол адамға қиын сәтте Құдай өзі көмек берген.

Адамдардың жаны өшпенділікте өмір сүруден шаршағанда

Махаббат жеккөрушілікті жояды мәңгілікке!

Жау болған адам, мүмкін, дос болар,

Әр адам бақытты болады жер бетінде.

Атеист құдайға сенетін болады, тозақтан шықса,

Ал сенетін адам менмендікті ұмытар жұмақ туралы,

Құдай алдында бәрі тең, ұмытпауымыз керек,

Бірақ әркім шекараға қашан аяқ басарын таңдайды.

Кешіру өте маңызды, бұл бәрімізге қатысты!

Қатесіз өмір сүретін тек қорқақ пен жалқаулар,

Өмірде алға жүрген адам, сүріну – күнә емес;

Көмектесуге ұмтылған, кінәлауды арқалар.

Мен ескі елді мекендердің тыныштығын тыңдадым,

Және қала сасыбауырының* шексіз шуларын;

Мен қасиетті, дұға жасалған болдым көне жерлерде,

Дүниелік әбігерлік пен адамдық ақымақтық жоқ жерде.

Мен ақымақтықты жоққа шығарып, босқа таластым,

Және діндар дауысты үнсіз тыңдадым.

Мен дүниеде білемін бәрінің бағасын,

Бірақ әр сағат сайын келеді менің байығым.

Көздері дана, мас адам көрдім,

Таза жүзді, құлаған әйелдерді,

Жылап-егілген, білем күштілерді,

Және крест таққан әлсіздерді,

Кедей киім киген ұрыдан қорықпа,

Ұрлағаны үшін қарғауға асықпа.

Сен жақсы көрінгендерден сақтан,

Адал жүзді ұры жаныңды жаралайды,

Көршіңді кінәлама барлық күнәға,

Жала жаппа, өсек айтпа ешкімге!

Жақсылықпен қайтарылар бұл саған,

Сүрінсең егер жолыңда бір жерде.

Қонаққа кіргенде соқыр болып келгін,

Қарсы алғанда сені ықыласпен.

Ал шыққанда асықпай, үнсіз кет,

Не болғанын сол жерде ешкім білмесін!

Сенімді болмасаң айыптай көрме ешқашан;

Өтірік айтуды ойласаң, уәде берме.

Сенгеніңді тексерме, сенген болсаң,

Алып қоюды ойласаң, сыйлық берме.

Дұға ет, егер дұғаға сенсең шын,

Жан сүйгеніңмен өмір сүр бірге,

Жек көргендеріңді жаныңнан қуып жібер,

Көздеріңе сен, ерме сен бос сөздерге!

Күтпе, бұл жердегі өмірің,

Жалғасады деп аспанда.

Тозақсыз жұмақты танымайсың,

Ал жансыз сен – тек күлсің ғана..

 

сасыбауыр*- трущобы.

Георгий Шелд.Заповедь поэта.

 

СІЗДІ РЕНЖІТКЕНДЕРДІ АЙЫПТАМАҢЫЗ...

 

Сізді ренжіткендерді айыптамаңыз

Және сізге жоғарыдан қарайтындарды.

Мүмкін сіз де өзіңіз көрмей жүрдіңіз,

Біреудің болар сезімін аздап ренжіткеніңіз...

Сізді түсінбегендерді айыптамаңыз,

Және сізге сатқындық жасағандарды

Өйткені, оларсыз өмір тыныш болады,

Жалғандықсыз, өтіріксіз, жалған қамқорлықсыз.

Сізді ренжіткендерді кіналамаңыз,

Бірақ есте сақтаңыз көмектескендердің барлығын

Бізге бәрін болжау мүмкіндігі берілмеген алдын ала,

Бұл мүмкін құнды сабақ шығар болған!

Сізді қиыншылықта қалдырғандардан кек алма,

Ал қасыңда болғандарды әркез бағала,

Бұл өмірде барлығына нақты ережелер жоқ,

Бірақ жалыныңызды жақпаңыз отқа босқа,

Дүниеде шынайы достар аз болса да,

Сізден бас тартқандардың бәріне ренжімеңіз

Мұны саған өмір шебер көрсетті,

Кім бейтаныс болды, кім сізге жақын болды

Айыптамаңыз сізді ренжіткендерді,

Кешіруге және түсінуге тырысыңыз,

Жек көрген жанның жүрегінде қуаныш жоқ,

Бірақ кешіре алатындарда мейірім бар!

Сізге ауыртпалық жасағандарды айыптамаңыз,

Оларды өткенге қалдырыңыз, ауыр жүк -ренішті

Бірақ байқаусызда ренжітіп қоймаңыз ешкімді

Сезімдерін жасырмай, бірге болғандарды.

Барлығы үшін оларға жиі айт алғысыңды

Жарқын күлкісі мен көздерінің жылуы үшін мейірімді

Және бәрінен ләззат алып, үйренсең қуануды,

Сонда бақытта сізбенен бірге өмір сүреді!

 

Радуга Чудес. Не осуждайте тех, кто вас обидел…

 

ЕШҚАШАН, ЕШҚАШАН, ЕШҚАШАН БЕРІЛМЕҢДЕР...

Ешқашан, ешқашан, ешқашан берілмеңдер,

Өмірде қаншалықты қиын болса да,

Тізе бүгіп құласаң, қайтадан тұр көтеріл,

Тісіңді қайрап жету үшін мақсатыңа!

Ешқашан, ешқашан ешкімді айыптама,

Сонда өзің де айыпталмайсың,

Түсінуге тырыс, және түсінгеннен кейін кешір,

Құдай жалғыз төрешісі сені ренжіткендердің!

Ешқашан, ешқашан ештеңеге өкінбе,

Тіпті қалағанның бәрін жасай алмасаң да.

Бәрі өзіңе байланысты: егер қаласаң, жасайсың,

Және барлық кедергілер қалады артыңда!

Өткенге өкінбе ешқашан, өкінішке орай,

Біз өткен күндерді қайтара алмаймыз.

Ешқашан не болатынын тілеме,

Алдағы күндердің жолы бізге әлі белгісіз.

Ешқашан, ешқашан сақтама ренішті,

Тағдыр сені ренжіткендерді жазаласын,

Оларға басқаларды ренжіткенімен, алдымен

Өздері жауапқа тартылатынын түсіну берілмеген.

Ешқашан, ешқашан ұялма жақындарыңа

махаббатыңды мойындаудан және жақсы көруден,

Өмір бойы Махаббат пен Құдай өзі қорғайтын,

Жүрегің сенің соғып тұрсын мейірімділікпен!

 

Кайсын Кулиев. Никогда, никогда, никогда не сдавайтесь.

 

 

ӘРКІМГЕ — ӨЗІНІКІ.

Таулыққа бақыт — таулар, ал матросқа — теңіз.

Жат жерде қалай жылайтынын, білдік біз сенімен.

Біздің қайғымыз шешендікпен сөйледі:

-Өз атамекенімізге келеміз ба таныс соқпақпен?

Сүйікті мекеніңнен алыста шашың ағарғанда,

Бөтен елде көктемдер де қуанышсыз қыс сияқты,

Сенің үйің отқа оранып күлге айналғанда,

Саған, сірә, бұрқыраған түтіндер түсіңе кіреді...

Есімде: біз сенімен аптап ыстық күні кездік.

— Отанда, — дедің сен, — өзендегі су дәмдірек.

— Отанда, — дедің сен, — нан да, ауа да тәттірек,

Және аспан да көгірек, жапырақтар да жасылырақ.

Ал кім айтты, балық сусыз өмір сүре алмайды деп?

Данагөй айтты! Біз мадақтаймыз жоғары құмарлықты,

Көбелектің күні әдемі және бекерге өтпеген:

Жалынды сүйетін жанға, бақыт– отта өлу деген,

Махаббаттың , қайғынының, толқудың заңын білдік,

Жерде тудық біз, жердегі жандармыз біз!

Біреу көктем шуағын сүйеді, біреу күзгі кеш батарды,

Бірі тауға ұмтылады, бірі далаға асығады...

Махаббатты ұқпасаң, отынды да жара алмайсың...

Достар, даудың, не қажеті бар көндірудің?

Теңізді сүйгенге – теңіздің алыстығы берілсін!

Тауды сүйгенге – таулардың шыңы бағынсын!

Кайсын Кулиев. Каждому своё.

 

 

ҚҰДАЙ БЕРСІН!

ҚҰДАЙ СОҚЫРЛАРДЫҢ ҚАЙТАРСЫН КӨЗІН,

ЖӘНЕ АРҚАСЫН БҮКІРЛЕРДІҢ ТҮЗЕСІН.

ҚҰДАЙ СӘЛ– ПӘЛ ҚҰДАЙ БОЛУДЫ БЕРСІН

БІРАҚ КӨЗДІ АЛДАП АЙҚЫШҚА КЕРМЕСІН.

Құдай сақтасын, тап болудан билікке

Және батыр болып жалған әрекет етпеуге

Және бай болып бірақ ұрламауға

Әрине, егер мүмкін болса осылай істеуге

Тәңірім тоқаш болуды нәсіп етсін

Көпті көрген ешқандай банды жемеген,

Қылмасын құрбан да, жазалаушы да

Қылмасын бай-патша, қайыршы да

Жаратқан азырақ жараларды берсін

Үлкен төбелес болған кезде.

Құдай көп елдерді берсін,

Алайда жоғалтпасын сенікін.

Құдай берсін сенің елің

Сені етікпен теппесін

Құдай берсін сені әйелің

Жарлы болсаң да сүйсін

Құдай берсін, өтірікшілердің аузын бітеп

Баланың айқайында құдайдың дауысын естуге

Құдай тірілерге Мәсіхті көруді нәсіп етсін,

Еркектің бейнесінде болмаса, әйелдің бейнесінде.

Айқыш емес ,

тағып жүрміз біз айқышсыздықты

Және біз иілеміз нашар аянышты

Бәріне сенімді жоғалтпау үшін

Құдай берсін азырақ құдайлықты.

Бәрін де, барлығын да Құдай берсін!

Және бәріне бірдей, реніш болмайтындай

Құдай берсін бәрін де, тек солар үшін

Артынан ұялып қалмайтындай...

(Айқыш–Крест.)

Евгений Евтушенко. ДАЙ БОГ. Стих.

 аудармалар: Ералы Есимов -Астана.

 

 

 

Пікір қалдыру: