Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

12.12.2017
4579

Адастың

Құрығына ібілістің ілініп,

Әр соқпақтан өте алмай сүрініп.

Адастың –ау, мынау жарық әлемде.

Қарайып санаң, ой-көңілің бүлініп.

Кім кінәлі? Айыптайық кімді біз?

Салып бердің арымызға кетпес із.

Кешеміз ғой, бауырымыз болған соң.

Бірақ меннен, қарындастан үміт үз!

 

Жазғырмаймын өткір тілмен, ащы сөзбен.

Төрелік те айтпаймын, көрмей көзбен.

Дегенмен, сай мінез қайда ер жігітке?!

Бос далбаса, пысықсу, қалжың сөзбен.

 

Мен, кейідім, ренжідім де, жерідім..

Үнсіз қалдым... Іштей терең егілдім.

Теріс айналғым келсе де, бауырымсың!

Артқа жол жоқ!

Нәпсінің құлы болып, жегілдің!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: