Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Ауылға сағыныш

Блогтар

19.11.2017
7598

Ауылға сағыныш

Сағындым жусан исін жайлаудағы,

Жанымды кешегі түн-ай баурады.

Қара ошақ басында қара кемпір,

Түсіме енді: «Құлыным» -деп айланғаны.

 

Мен жалғызбын, ол  дағы түндегі ай,

Қауыштырар бізді ылғи түнде құдай.

Ех,  ауылым,сенен безіп қаланы аңсап,

Қадіріңді білмеген күндерім-ай!

 

Ақ  жаулықтым үйреткен маған әдеп,

Сақтап жүр-ау, құрт- майын балама деп .

Қиын санап жүргенде ауыл ісін,

Тиын санап қалдық-ау, қалаға кеп.

 

Қасиетін даламның ұғындым кей,

Жүріппіз-ау, қадірін бұрын білмей.

Құтты күнде құдай-ау ,құрт атысып,

Құрта түстік астың да құнын білмей.

 

Білінетін бірден-ақ бітіміңнен,

Жан едік ауыл жайын жіті білген .

Жүрміз қазір қаланың газын жұтып,

Ауылдың қашып келіп түтінінен.

Тіл қатпастан жайыңды білген ымсыз,

Кетем десем...

Ауылым  күлген үнсіз.

Сар далада сандалған салттығымды ,

Тар қалаға тоғыттым күрмеуінсіз.

 

Қала тек әдемі екен сүгіретте,

Арттық-ау, бұл шаһарға ғұмыр өкпе.

Ауылым саған барып арыздасам,

Тірлікті шер толтырған жұмыр етке.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: