Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

17.05.2019
8313

Азатгүл

 

(повест)

 

    1

 

Сұрғылт аспан. Бозғыл дала. Еміс- еміс есерлене көтерілген күз боранымен аумақты ауыл шаң қаба шатқаяқтаған тірліктен шәршәған адамдай еңсесі түсе шәшіліп жатыр. Ұмытылатындай ұзақ та бола қойған жоқ. Осыдан жиырманеше жылдың ғана алды- тын. Сайоз заманы келмеске кетіп коллектив тұрмыс тараған соң Аймауыт отбасы не бары екі-ақ сауын сиырға қарап ежелгі ауылдық жерінде отыра берді. Бұрынғы қора толы қой таланға түсті. Жәйілім пысықайлардың қолына өтті. «жіліктің майлы басын ұстаған» көкесі барлар ауылын тастап көшіп жатты... аз- ақ жылдың ішінде маңында төрт түлігі мамырлап, аспанында әні қалықтап, мектебінде баласы дуылдап, көктемінде үйрек- қазы мен жас төлі шуылдап ауыл салтанатын асырып тұратын жанды тірлікке топалаң тигендей тоз- тозы шықты да өзге тірлікке толықтай иек арта алмаған жұқалтаң жұрт жүдеп қалды. «Кім көрінгеннің қолында кетіп бара жатқан өзіміз баққан мал ғой, біразын бөліп алып қалайық-шы» деген Азатгүлдің ақылын тегінен адал өсіп, ала жіп аттап көрмеген Айекең ала қоймады. Оның бәр сенгені бұрын да оннеше жыл теуіп ыңыршағы шыға арбиып тұратын кәр московищ. Азаннан ел орынға отырғанша жол айырықтарын торыуылдап көрінген көк аттыға көз сата тұрып Алла ісін оңдап бензинінен мың теңге асырып келсе де шүкірлік ете жүріп біраз жылдарды жолға салды. Азатгүл де екі сиырдан тартынақтаған ауыз жармас ағарғаны мен 5- 10 жұмыртқасын пайдакөс кезбе саудагерлерге тегіннің аз- ақ алдында ғана сарқып беріп шәй- тұзын әрең айырып отыра берді. Жыл жылжып ай аялсыз өтіп жатты... Сиырларының жылдағы тумасы жылда сатылып жыл сайын жалғыз басты қалып, есесіне отбасы жалғыз балалыдан көп балалы отбасына айналды. Ақша жүз әжімделді. Тұрмыс «бір көрмеге жан берме» қытайіски алабажақ киімдер мен сырты бүтін іші түтін жел- жеміс, көкөніс, пешетті жемектіктерге телімденді. Московищтің де есік- терезелері жырымдала сым темірмен шырмалып, жауыр аттай арқасы қаңылтырмен кежімделді. Баланың үлкені Байырқа мен Балқия мектеп таусып арт- артынан бірі колижге, бірі иниститутқа жолдама алып қалаға аттанды. Аймауыт пен Азатгүл ауыртпалығы күн өте балалар өскен сайын жеңілдегенді қойып еңселерін баса еселене қатталды. Аймауыттың бар ойлағаны «отымның алды, суымның тұнығы Байырқамды оқытып жеткізсем, қартайып хал кеткенде шаңырағымды табыстап о дүниеге қам- қайғысыз аттансам» деуден көп аса алмай, ол үшін қызыл қолымен шоқ көсеуден де тайсалмай талпыныс жасау болды. Әке жүрегін анасынша айтпай тыңдауға әдеттенген Балқия ағасын оқытып әке- шешесіне серік бола жұмыс істеп отбасы тірлігіне септігін тидіру ойында болып ата- анасымен ой бөлісті. Ақылды қыздың айтқаны көкейіне қона кеткен Айекең бірден мақұл болды. Алайда ұлдан көрі қызының болашағына көп алаңдаған есті ана:

 

- Е, ақылыңнан айналайын, қоңыр қозым, әке- шешеңе жәнің ашып отырғаныңды түсінем ғой, солайда өзіңнің де жат жұртқа жаралған жан иесі екеніңді де ұмытпа, күнім. Менде сендей күнімде жалғыз бауырым оқысын деп мектептен кейін анаған сақманшы, мынаған сауыншы болып жүріп осы әкеңнің етегінен ұстадым да ерте тұрмыстанып кетіп қайта оқудың орайын келтіре алмай отбасына омала қала бергем. Енді сенің де менің аяғымды құшуыңа әкең екеміз жол бере алмаймыз. Бізге не болар дейсің, екеуіңде оқыңдар. Пендесін жаратқан алла ырыздығын да береді, тек өзімізде ұмтылыс, талап, қажыр болса, отбасымыздың бақан- тіреуі әкең аман болса болғаны. Әкеңе де сөгіс жоқ, ошарлы жәнді үлкен отбасының ауыртпалығы иығын басып қинала шәршәп жүргенсін, оның үстіне өзің ұсыныс қойып отырғансын көңіліңді жыққысы келмей айта салғаны ғой. Мен көрген Айекең, мен білетін Айекең, мен сүйген Айекең өздігінен ондай келте шешім қабылдамайды, балам,- деп қызының маңдайынан искей, күйеуіне күле қараған Азатгүл от басының жылыуын артырып, тар үйді кеңіте бәрін де жадыратып жібереді. Шынымен де өзінің қысқа ойлап, келте қайырып алғанын сезе денесі шым ете қалған Айекең:

 

- Ұлымды ай, қызымды күн қып берген аллаға мың шүкір, балам, мен қысқа ойлап қалыппын. Шешеңнің айтқаны дұрыс, екеуіңде оқыңдар, үкіметке иек артып, коллективке сүйенетін сайоз заманы келмеске кетті. Мынау тек өз қос қолымызға сүйеніп өмір сүретін жекешеленген заман. Бұрындары тағалы тай, көлденең бұрауды «менікі» дей алмай жалтаң көз өмір сүрдік. Енді олай емес алла тәлейлеріңе жазған егемендіктің арқасында мынау алып ел де, байтақ жерде біздікі. Оны меңгере игеруге, әрине, маман керек. оқып жетсеңдер сол маман сендерден шықпай ма!? Московищпен ары- бері шаңдатқаннан басқа көп нәрсе қолдан келе бермейтін мені қойшы, аштарыңа айланып, тоқтарыңа толғанып отыратын мынау отбасы ұйтқысы шешелерің аман болса бір- бірімізге сүйеу бола отыра береміз. Әкесінің де шешесінің де бүкпесіз ой алым, риясыз қабақ қағымдарына ыриза болсада, «тірсектете тыным бермей келе жатқан тақаршылықты тар заман анау, күрмеуге келмей тұрған қысқа жіптей отбасы тірлігі мынау, бес саусақ бірдей ауызға симайтыны да ақиқат ғой, артымызда да оқуға талпынып келе жатқан бауырларымыз тағы бар, ертең- ақ біреудің қолына қарайтын қыз бала емес пе, мен жол берейін, қарындасым оқысын» дегенге бекіген Байырқа өз ойын ортаға салды. Ұл- қыздарының бойы ғана емес, ой- толғамдары да жетіле ақылды өсіп келе жатқандарына дән ыриза болған Аймауыт «екеуіңде оқисыңдар, балларым, оқу- оқымау туралы талқы осымен доғарылды. Ендігі сөз тек сендер қалай жақсы оқйсыңдар, тұрмыстарыңды біз қалай қамдаймыз туралы ғана болады» деп кесім жасады. Балалар сәтті күнді талдап жоғары оқуға аттануға жиналып жатты...

 

Егемендіктің он жылдығының қарсаңы. Жаңалығы аз, жадау жүзді ауыл сол баяғы қалпынан аса алмай мимырт тірлікпен ілбіп барады. Мәдениет үйі, Балалар бақшасы, Почтахана ... қатарлы әлеуметтік құрылғылар жұмыс істегенді қойып, есік- терезелеріне де ие бола алмай қара бастары қалбайып бос қалды. Темір тұруба, жер асты- үсті кабелдер оталып, ағаштар бұталып, жолдар мен су арналарының дадал- дұлы шыға көбісі- ақ жер жастанды. Бір көшедегі қаз- қатар салынған жиырма үйдіңжетеуі иен, жетеуінен ғана тірлік нысаны байқалса қалғандары баяғыда бұзылып жұртта қалған қалқайған қабырғалар өзі де мәз емес тірлік сынын онан арман ұсқынсыздандыруда...

 

Көрші обылыстағы бір үлкен колхоз шаруа қожалығының бас маманы болған Азатгүлдің әкесі коллектив тарағанда үлкен қонжуыр қымқырып қалып аз- ақ жылда тірлігін оңап алған ауқатты кісі- тұғұн. Барған сайын кетеуі кетіп бара жатқан Аймауыттар тұрған ауыл жағдайынан хабардар ол қыз- күйеуін көшіріп әкетуге талай келіп те, келген сайын тауаны қайтып та жүрді. Неге? дейсіз ау, Басқасы емес оған сол өзінің қызы Азатгүл көнбеді. Аймауыт “ қайда болсақ та екі қолға бір жұмыс, бәрі де бала- шағамыздың қамы емес пе ” деген. Бірақ, тас түскен жеріне ауыр дегендей жан жылыуын жарына арнаған ақылды әйел алды- артын кең ойлап:

 

- Отағасы,- деді бір күнгі кешкі ас үстінде жылы шыраймен күле қарап,- «Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дейтін ата- бабамыздан қалған аталы сөз бар, мен ғой өз қалауыммен өз сүйгеніме қосылған тегім сырттың адамымын. Ал сіз ата- бабаңыздың ежелгі қара қонысында арғы заманнан жалғасып келе жатқан қорымына күнде Құран бағыштап отырған тұрғын адамсыз. Мен осы шаңыраққа келін болып түскеннен кейін өз қолымыздан арулап қойған ата- енемнің қабыры да сол қорым шетінде күні бүгінгідей көз алдымда тұрады, марқұмдар. Оның үстіне балаларымыздың да кіндік қандары осы жерде тамды. Тай мініп, тал қамшылап өскен жерлерінің бәрі де маған ыстық көрінеді. Әйтеу осы ауылға, осы әулетке, осы шаңыраққа деген бір қимастық ішкі сезім жүрегімнің арғы түкпіріне барған сайын терең бойлап бара жатқандай болады да тұрады, бәлкім, мені жібермей отырған да осы сезім шығар. Әкем сөзіне еріп кете барсақ, көп болса мені «Аймауыттың шарғыш қатыны төркініне бастап алып кетті» дер, ал сізді ші? Сізге келер сөздің сарыны бөлек, салмағы ауыр болар ма деп қорқам, Айеке!?- деді ойлы көзге әйел нәзін араластыра. Жәйләнә отырып ақбурыл шәйді сараң ұрттай ойлана тыңдап отырған Айекең:

 

-Ел не десе ол демей ме, біздің елде, елдің бізде шаруасы не? Жан бағысқа қолайлы болса болды емес пе?!- деді қысқа қайыра. Жарына жарқын қабақ таныта жақын отырған Азатгүл Аймауыттың иығына қол арта жадырай күліп:

 

- Е, Айеке, қайын жаққа да барармыз, әкем қолында бар кісі, оның үстіне жөн білетін ер көңілді кісі ғой. Сіздің намысыңызды да қорғап «жиендерімнің 40 серкеші» деп бір берер, «төркінге келген қыздың нәзі қйын» деуші еді, ренжімей жүрсін деп мені сылтаурата тағы берер, «елге келген күйеудің есесі» деп өріс- қонысыңды да көрсетер. Біз келеді деп үй, қора- жәй де алып қойғанын былтыр айтып кеткен. Бала- шағаларымыздың қамы үшін бұның бәрі де қажет, еш жамандығы жоқ ғой, бірақ, «еңбексіз келген бақыттың баяны аз болады» дегенді де көп естуші едім. Өзіміз ғана емес, әсіресе ұрпағымызды «даяр асқа тік қасық» қып жаман үйретіп аламыз ба деп алаңдаймын, Айеке. Еңбектенген кісіге не табылмайды, барға бардамсып отырып қалуды әдет қылғандардың сол барынан да, нәрінен де айрылып қалғандарына талай жерде куә болып, «маңдайы терлемей ішкен астың таңдайында дәмі тұрмайды» деп жазғыратын да өзің едің ғой, Айеке. Талғамымыз дұрыс болып талпына білсек, ойымыз өрістеніп еңбектене білсек жаратушы осы жерден де жарылқайды деп ойлайым, Айеке. Әйтседе,- төркініме зияны тиеме деп қашыртқылап отыр- ау- деп ойлап қалма, жәнім. Сізге және сізден көрген ұрпақтарына малды қойып жәнін де садаға қылуға бар мына «қисық қабырғаңның». Менікі әншейін өзіңе ақыл- серік болу ғана, алайда ерік өзіңізде, шешім қабылдайтын да өзіңіз, отағасы,- деп ескерткенін еркелігіне сүйей естілік көрсетеді. Әйелінің осыншама ішті де иірімді, істі де үйірімді екенін енді аңғарған Аймауыт ерекше ыриза бола қолынан қысып маңдайынан искейді. Әр екеуінің де ішкі дүниесі алаулай бойларын бір түрлі жылулық кернейді. Осындай ақылды жар, шешімді жан серігі болғанына аллаға шүкірлік қыла «йә, алла не берсең де осы туған топырағымнан жарылқа» деп,- осынау құлазыған алқапты ауылдың бір кішкентай ғана қуысы іспетті құтты мешін үйінде құнытты жұбайымен жақындай құшақ айқастырып, мамырлай ұйқтап, жадырай тұрып ертеңгілік ісіне көңілді кірісіп кетеді.

 

Шәкірт ақымен қамтылып оқуға түскен Байырқа мен Балқия алланың қалауымен бір- бір жылын табысты аударды. Өгіз аяңды ауыл тірлігі де тағы бір жылға созбұйда дізгінін жалғады. Мәдениеті ылғар тың орта, жаңалыққа құмар тынысты тірлік балаларының да талғамын асырып, талаптарын өсіріп бара жатқаны ата- аналарға да бірден біліне бастады. Балаларындағы киім киіс, шәш қойыс әсіресе сөз- әрекеттеріндегі оңды өзгерістерге Аймауыт пен Азатгүл риза болсада ашық білдіруден безінді. Өйтетіні қалалы орта, бәсекелі өмірдегі бұл үрдіс жыл сайын артпаса кері қайтпайтынын да іштей сезінді. Келесі оқу жылын оңды бастап озат тәмәмдауға құлшынған ағалы – қарындастылар жаз бойғы демалыстарын қағаз қараумен өткеріп, ата- аналарының шын ықыласымен қалталарына салған азын көптей көріп баяғы сол көмпіс мінез, көнімді көңілдерімен тағы да ауылдан аттанады.

 

Сабыры мен шүкірін тең меңгеріп, терең тыныс ала бір- біріне қараған ата- аналар балаларының бойынан мен мұндалаған айтып тауыспас артықшылықтарын жұпыны өмір, жұқалтаң көңілдеріне қатық қыла мақтанады...

 

Талай замандар бойына орталық шәһәр мен шығыс өңірді жалғап айнадай жарқыраған тегіс беті алыстан ирелеңдей сағымданып жататын үлкен кұре жолда арлы берлі зулап жататын автокөліктерде бұрынғы қарқын жоқ. Бәрі де тасырқаған аттай ақсақ ойыла тозған жолда жолдың ол жағына бір, бұл жағына бір шайқала адымдарын аша алмай кібіртіктейді. Ауылдың басы мен аяғындағы жолайырықты торуылдаған екі топ жеңіл көлік тұр анадайда. Аяққы жол айырықтағы кезек күтіп тұрған алты көліктің екіншісі Аймауыттың московищі. Айекең бір қолымен көлігіне сүйене тұрып бір көзін ауыл жаққа қыдыртса, бір көзін ұтысты қартаға бас қойған жүргізушілерге қадағандай екі ұдай алаңдаулы көрінеді. Оның бұл ұсқынын жақатпаған құрбысы:

 

-Немене-ей, шымылдығың желпілдеп тұрғандай үй жаққа көз сала бересің, онанда мұнда келіп 200 теңгеңді 800 жүзге көтеріп алсаң шы!?

 

- Әй, сол 800-ді сендер-ақ алып маған 200 беріңдер де менің кезегімді алыңдар біреуің,- деп кезегін сатты да ерте қайтып кетті.кедір- бұдырлы шаңды жолда шарқыш көлігімен шабан аттай тепеңдей тершіп келе жатқан оның көзіне өз үйінің тозығы жете тоттанған қаңылтырлы төбесі, онан ары қақыраған қабырғасы, жасыл сыры ақшуландана кәрі қарағайдың қабығындай айғыздана жарылып қопсып кеткен есік- терезесі көрінді. Ентелей тебіндеп келіп үлкен керауыз қоңыр сиырды ұстап тұрған Азатгүлді көрген оның жүрегі зу ете қалып сиырға көз салды. Осы үйдің ең үлкен сүт зауытындай білінетін кер ауыз қоңырдың бұралған ішін, аққан жас, шуырған сілекейін көріп шошып кетті. Ойпырай, қарны қабақ, бұты бұлақ болып егіз тумасада жылына өгіз туатын жәнуарым- ай, не болып қалды екен, бәсе, түстен кейін қарадай қобалжи қалғаным осы екен ғой,- деп көліктен түсе кер ауыз қоңырды сипалай бастады.

 

- Тәңертең орнынан сызып тұрып қабағы сәл кетіп еді, бақташының айтысында түстен кейін жәйілмәпті. Сосын жетелеп келдім.

 

- Ендеше өзің ие бол, мен мал дәрігерін шақырайын.

 

- Ап еткенде сап етіп дәрігерге жүгірмейік, олар тұра «атам, көмем...» деитін шығар. Баяғыда ата марқұм осындай сиырлардың ауызын қара тұзбен ысып, бақай арасын тазалап тотияйынкүлін шауып, ұзын сапты ожауды көмейлете қара көже құйып жүріп қатарға қосқанын ұмытып қалдыңыз ба, онанда қара тұз ізде, үйде тығып жүрген азырақ тотияйын бар еді, әуелі өзіміз ем- дом қып көрейік.

 

-Азатжан- ау, оны білесің бе, тотияйын улы ғой, өлтіріп алмайық?!

 

- Көз көріп, көкейде сайрап тұрған ескілікті емді де дұрыстап істете алмасақ, о дүниеге барғанда тірісінде тәлімін алып сарқытын ішкен аруаққа не дейміз, Айеке. Әуелі, бақай арасын аш, сулана базданып тұрса аздап тотияйын күлін сеп, қаңылтыр темірге қыздырып өзім жасап берем, суланып базданбаса сексеуіл қоламтасының ыстығын өткіз. Басын ұстап берсең ауызын тұзбен өзім ысайын.

 

- Жарайды, жарайды, өзіңнің епті қолыңнан шыққан ем ғой, бір керекке жарайтынына сенімдімін.

 

- Мен емес, Айеке, сіз отағасысыз ғой, әуелі, бисмілләһи, менің қолым емес, ата- бабамыздың жолы, себеп бізден шипа алладан,- деп бастаңыз.

 

- Жарайды, жарайды...

 

- Айеке, баяғыда атам марқұмның қора көңін өртегені есіңізде ме?

 

- Йә, есімде.

 

- Бұрынғы- соңғының жолы ғой, бәлкім, бір жағы дизенфексия да шығар, оны да істейік.

 

- Байқа- ей, көң өртейім деп жүріп баспананы өртке жалматып алып балалардың бетіне қарай алмай отырмайық.

 

- Қойшы ары, Айеке, ол бір жалыны лапылдаған қу шырпы емес ғой, құрғақ көңді қора ортасына үйеміз де тамыздықпен шетінен тұтатып қоямыз, бықсып жатып- ақ ақ күлге айналып қалады. Сосын қоламтасын ыстықтай қораның түкпір- түкпіріне жеткізе шәшәміз. Оған дейін сиырды ел көзіне түспейтін далдада ұстаймыз.

 

- Жарайды, жарайды...

 

Ем аз- ақ күнде қонып сиыр барған сайын серги бастады. Азатгүл сиырдың уылған ауызы жазылғанша жылы- жұмсақтап тамақ жасап адамша күтті. Ауыл ұлы кәрияларының бірі «тапсаң қытай тас шәйін, таппасаң шүкір дейтін ем шөпті сарғайғанша қайнатып суына ақшекер сапырып суарып жібер» деп кетті. айекең шауып жүріп бәрін де тапты. Бәрін де істетті. Жарым ай ем- дом қабылдаған сйыр ауыруынан айығып аман- есен қатарға қосылды.

 

Тағы да жол айырықтан табысқан құрбысы:

 

- Әй, сен жұқпалы дертті бұқпалап жатып дауалайды дейді ғой, жаздың ба, өлтірдің бе? Өлтірсең өз ісің, жазсаң Азатгүлдің ақылы ғой, ә?! Алдынғы рет алаң- салаң етіп жүріп тұшымды қарымжы қайтара алмай кеткен Айекең бұл жолы аянбады.

 

- Сен сияқты қу сөз қуып, картадан қаймақ іздеп қарап тұратын жігіттен жылда бұзаулайтын бір сиырдың арты артық деген екен бір кәрия жалқау баласына ұрысқанда. Сол айтқандай жаз сүтімен, қыс танасымен бір үйді асырап отырған мама сиырдың табысы екемізден әлде қайда артық, қалай қиямыз оны өлімге, қалай дауаласақта жаздық, әрине,- деді. «өлтірдің, өлтірдің» деп күлкіге көме дауырыққан қасындағылар да Аймауытқа қарай басбармақтарын шығарысып жатты. Жүйелі сөз шынбайына батқан құрбысы ды білімділік істетіп:

 

- Әй, мынаны Азатгүл оқытып жіберген сияқты, жеңдің, жеңдің, жаман айтпай жақсы жоқ, бәрімізде де мал бар бір күні болмаса бір күні ісіміз түсіп жүреме кезегімді берейін деп оны алдынғы орынға аттатып жіберді. Құрбылардың зілсіз әзіліне жұрт дуласа күлісіп бір сәтке болсада мәз- мәйрәм болысып қалды.

 

Барған сайын жүргінші азайып, есесіне таксистер көбейіп баражатқанын айта бүгінге қалтаға түскен 600 теңгесін Азатгүлге берген Аймауыт түсіңкі қабақпен жәй күрсініп қойды. Оның көңіл- күйін айтпай таныған Азатгүл:

 

-Айеке, маған бір ой келіп тұр, құптайсыз ба, құптамайсыз ба білмеимін.

 

-Йә, айт, отбасы тірлігіне пайдалы болса құптамайтын несі бар.

 

-Қартаңдағаны ма сиырлардың тартынағы азайып барады, үлкенін осы бастан жемдей жүріп семіртіп күзде сатып орнына құнажын алайық; Көршілерден шамамызша сүт, жұмыртқа сатып алып ауыл маңын шйырламай табылған бірер жолаушыға қанағат қып қалаға апарайық, мен апарған затымды саудалаймын, сіз қайтатын жолаушы іздестіресіз, алла сәтін салса жаман болмас деген үміттемін.

 

- Бұл да дұрыс- ау, әйтседе, жұмыртқа ала бергенше өз тауығымызды да көбейтпейміз бе?!

 

- Ол да жөн, шөже бастырып ол тауық болып бізге жұмыртқа бергенше сатып ала тұрамыз да.

 

- Жарайды.

 

Бүгін қалаға жол алған жұбайлардың алғашқы күні. Қоржындарында 10 летір сүт, 50 жұмыртқа бар. Екіден басталып жол- жөнекей үшке жеткен жолаушылары да жоқ емес. Алла сәтін салып Азатгүлдің алғашқы саудасы күсет болды. Жұмыртқа барған жерден топ сатылып, сүт бірер сағат уақытын алды. Оның үстіне көрші ауылға нйеттенген екі жолаушы тауып баратын жеріне күйеуіне апартып тастауға уәде бере ертіп келді. Айекең де құр емес, бір жолаушыны көлігіне отырғызып алыпты. Олардың қуанышында шек жоқ, бүгін олардың қоржынында бақандай төрт мың теңге келе жатыр. Бұл олардың өткен он жылдан бері қарай қол жеткізген ең қомақты табысы. Үйгеде кіре Айекең «ақылыңнан айналдым» деп келіншегін құшақтай қыса аймалады. Өзі де қуаныштан бойы қыза елегізіп тұрған Азагүл бұрынғысындай қымсына жалтара жөнелмей жүрек қаны дүр ете көтеріліп Айекеңнің құшағына кіре құлпырып сала берді...

 

Ақылмен бөлісіп, берекемен келіскен сауда күн ұзарған сайын үміттерін ұштап жол бағдарларын айқындай түсті. Біртелей кәрі сиыр жасарды, аз тауық көбейді. Московищтің де шырмалған сым темірлері бонтқа алмастырылды. Жағдай осы беті оңала берсе кәр московиш те ала шапанын шешіп, ақ камзол кйетін, жұқа табанды резинке шақайын қалың табанды көн етікке ауысатын да болар, бәлкім. Йә, алла сәтін салып жұбайлардың құнытты еңбек, құрамды құлшыныстарын оңай түскей...

 

Кең аула. Керімсал ауа. Иниститут сабақханаларының 2- 3 қабатты ғимараттарын андыз өссе де бітік бұтақтары тұтасып кеткен зәулім тал- теректер бүркеп тұр. Анда- мұнда жерлерінде шегенделген ағаш орындық. Көбінде саяхаттай келіп дем алып отырған жұбайлардай ұл мен қыз. Ғылымға сусап, ақыл- зейінін білімге жұмсап отырғандары тым көп емес. Бала шаққа қош айтысып, болашаққа ізгі ниетпен ой бөлісіп отырмағандары да белгілі. Өйтетіні бет- ауыздан қойын- қонышқа дейін тінте қарап тамақ дәметкен сұқ көз күшіктей үзіттене сілекей шұбыртқан жігітше мен қымсынуы қылымсыуға өзгере құшаққа кіріп кетуге шақ қалып отырған бойжеткен. Екі көзі кітәпті тесіп жіберердей ағашқа сүйене екі аяғын кезек алмастыра демалтып тұрғандар да жоқ емес, бірақ, оларға шегенді орындық бұйырмапты, бәлкім, өз алдына құлақ тыншуын іздеген болар, бәлкім, «махабат дөкейлері» мен «ақшалы аусарларға» ғана тиеселі орын шығар...

 

Сырт көз сыншы ғой, ата- анасының тапсыруымен Байырқаны іздей барған оның ми қыртыс қабаттарында өшпей өңбей қалып қойғаналғашқы сегналдар осы. Өмірдің өзге арналары да аз емес, тірсектеткен тірлік бәріне де ат тұмсығын тіретеді. Кейі жүрек жарды қуанышқа да батырады. Кейі жйренте ат бойды да алып қаштырады... Алайда бәрі де осы ауладағыдай оның жүрегін айнытып, жүйкесін жұқарта ой өлкесінде мекендеп қалған жоқ. Әйтеуір, иниститут, колиж, мектеп қатарлылардың маңына аяқ басты болды әлгі сұмпайы көріністер оның ми қыртысының арғы қабатында жатса да тулап шыға келеді. Көбінде өзін сабырға шақырып, кейде көзін жұмып алса да көз айналасындағы қараңғы мұнарлар арасынан сүркейлі сұқты көздер жылтылдап, қылымсы дауысты күлекеш қылықты бөкселер бұлтыңдап тұрғандай болады да тұрады. Кейде досжарандарымен сырласа ой өлкесінен қуып салғысы да келеді. Бірақ, батылы бармайды, неге? Бәрімізде де ұрпақ бар ғой, қалай жәрия етеді?! Бір мезет көп күш сала жүріп ұмыта да бастаған. Амал не алдынғы аптада телевизор хабарында берілген «үнверистет дәретханасынан табылған өлі шақалақ» атты хабар әлгі ұмыт болып бара жатқан сұмпай сұрықты онан арман ұлғайтып жібереді. Бәлкім, арысы атаның белі, берісі ананың сүтімен дарыған «аманатқа қиянат етпеу» қасиетін ақылға нәр, бетке ар қып өскендігінен болар, әке- шешесінің тапсырған аманатын Байырқаны тауып орындағанша оның тауаны қайтар емес... міне, айналсоқтап жүріп Байырқаның есімі жазылған жатақхана есігіне қайта барғанын да байқады. Алғашқы келгенінде есік жабық- тын. Сәті түсейін деді ме енді ашылыпты. Қабаттаса құрылған қос төсек арасындағы кішкентай үстелде жасаулы темекінің көк түтінінен көзі жылтырап отырған бір “сарытүйнек” орнынан тұрмай түксие қарады. Үстел ұсті қобыраған жел- жеміс, шекілдеуік қабығы. Оның қылығын жақатпаса да «амансың ба, балам» деуге мәжбүрленіп Байырқаны сұрады. Өзінше таңқала қараған сартүйнек «йә, орны мыныау, күндіз жоқ, түнде бар, қашқалақтап жүруді ғана ойлайтын саяқтың бірі, оның артынан ешкім іздеп келмеуші еді ғой, немене сәлемдеме, ақша әкелдіңізбе, тастап кетіңіз, өзім бере салам ғой» деп түсін жылта жылмаңдады. Ондағы әлгі ата қасиет оған иланғысы келмей «әдеттегі жағдайда көбінде қайда болушы еді, білсең айта ғой, балам, беретінімнен айтатыным маңызды еді» дегізді. Онан айрылғысы да, айтқысы да келмегендей бейнеде тұрған сартүйнек «япырай, таба алмай бекер әуіре боларма екенсіз, әлгі қаңғыбас қайда кетті екен, ә!? Дегенмен кітәпхана жағын бір соғып кетіңіз- ші» деп орнынан созыла тұра шекесін қасып қойды. Әрең дегенде соқыр қой көзі дерек тапқандай болғанына қуана алдында ғана есік алдынан өте шыққан иниститут кітәпханасына салып ұра жетіп барды. Кітәпхана кіре берісінен өте жолығатын кітәп оқу залының есігінде кезекшілікте отырған саркідір әйелмен сәлемдесіп жөн- жәй ұғыса бергенінде Байырқаның Ассалаумағайкүм, аға,- деген қоңыр дауысы  оның өңінен әлде қайда үркіп кеткен шуақты  шырайын қайта үйрілтіп үлгіртті. Оның үстіне зал ішінің жарымына таяуын ала көздерін кітәпқа қыдырта қимылсыз отырған балалар тобы да жүрегін жылыта шүкірге келтірді. Ол өз мойнындағы аманатын адалағанына шүкірлік ете өз жолына түсті.

 

Шығысты бетке ала ақсақ ойыла ирелеңдеген сол баяғы кедір жол. Көне көлік. Көрмәзрет тірлік. Шәкене ғана ала қабын алдына көлденең тастап ел қатарлы ол да шоқырақтай ілбіп барады. Денесі тыншй аяқ- қолы терін құрғата суытқан аттай сергіп бара жатқандай болғанымен, бірақ, ой өлкесі тыншыр емес. Бір үміт, бір үрей тай таласа біресе ар жағынан аңызғақ аңырағандай бойы қалтырай енді келе берген ұйқының ұйпа- тұйпасын шығарса, біресе жүрегі жұмсара бойын жылымық билей қалғытады да селк еткізе тез оятады...

 

Сартүйнек бекер жымыңдамапты. Ол осы ордадағы үйірлі содырлар ішіндегі кімде не барын анықтайтын мәлімет топтау пысықайларының бірі екен. Ол ауылдан ала келген аманатын тапсырушы кеткелі Байырқаның қырсоңында болып, өткен жылғы «жаңа студент салығын» шама жетіп ала алмай жүрген ішмерезін қайта қоңырсыта бастапты. Байырқа «керегі шамалы іске бола онсызда әрең күн көрісте жүрген ата- анасын қинағысы келмеитінін, осы рет колижде оқып жатқан қарындасының қамына бола аздап тиын- тебен алдырып апарып бергенін айтып өзінше түсіндірген де екен. Мұндайда түсінігі түн, тек ғана түйілгенін түйрегені ғана күн болатын тоғұшардың тоғайрақ құрты қайдан өлсін. Аңқылдаған адал да аңғал азаматтан қолға ештемеіліндіре алмаған сартүйнек «шын қысылса соқыр көзден де жас шығады» дегендей тақымға салған бұрау қатайса қолға ілінер бірдеме шығарын топшылап, ішінара оқытушылармен астаса бал тартқызып арқар жалақ олжа алып жүретін кәнігі әдісінің бұған жүрмейтінін білді. Қайту керек?- деп аз ойландыда жатақ күзетшісінің бөлмесіне сып ете түседі де мұртынан жылмыңдай келіп «ақшам жоғалды» деген дақпыртпен күзетшіге хабарлап жатақ тінттіреді. Миығынан күле сартүйнекпен қабақ қағысқан күзетші бірден Байырқаға соқпай орағыта тінтіп Байырқаға кезек келгенде жасанды темекі қапшығына жасыра пешеттеген сырлы затты чемоданының ішкі қалтасынан суырып алады. Көрер көзгене екені белгісіз «ақ ұнтақ» тым сұсты көрінеді. Жатақтастары бағжия Байырқаға қарайды. А дегенде жүрегі зу ете түскен Байырқа тез есін жия сартүйнектің көзін шұқып тұрып «саған не керек? осығұрша иттік істетпесең де болар едіғой» дейді еш қынжылмастан. Екі беті ду ете түскен сартүйнек оның жағасынан ала түседі. Байырқа оны бір жұдырықпен сұлатып қояды. Бір жағынан “жалалы” болып, бір жағынан кісі ұрып істі болған ол күзетшінің  ақылымен өзара ақылы бітімге келіседі. Іштей жылмаңдаған күзетші ешкімге тіс жармауға, әсіресе полисияға мәлімдемеуге уәде беріп, жатақтағылардың бәріне де «сыртқа сыр шәшіп иниституттың абыройын төгіп жүрмеңдер» деген сұсты ескерту тастап, іштей мәз бола кете барады. Осыдан бастап Баиырқа кітәпханаға қош айтып титтей де бос уақытын жібермей асханада даяшы, түнгі клоптарда күтуші болып түнделете істеп қарыз қайтарумен болады. Уақыт ұзара келе сабақ үлгірімі төмендеп шәкірт ақысы да қиылады. Бәрін де ата- анасына білдіртпей өзі шешуге бекіген ол жаздық кәниколда да үйге бармай жұмыс істей береді...

 

Баиырқаға алла ой да, бойда берген, сырты қандай сымбатты болса іші де сондай, жүрегі нұрлы, ой- талғамы бүрлі жігіт болып өскен. Мектепті озат таусып үнверге жоғары балмен қабылданған. Оқытушылардың назары менқыз біткеннің де көңіл базары да көбінде соған аударылатын болған.

 

Дұрыс талғам, өр талаптың бәрі де ішкі таланттың сыртқа теуіп шыққан өркендері ғой. Адам пендесінің көбінен- ақ осы өркен өсіп шығады. Амал не кейі оны сезінсе де кейі уағында сезіне алмай тұншықтырып бітіреді. Ал сезінгендердің көбі де қалай баптауды білмей білтесінде өшіреді. Йә, Байырқаны жетілтіп те, желпінтіп те келе жатқан, өзгелердің өзегіне өңез боп қатқан қызғаныш қырауын да кейде кілкіте ертіп сыртқа шығартып жүрген оның осы ұлағатты ой- талғамы, ұсқынды ажары, жібектей жұмсақ ұяң мінезіне сәйкескен сыпайы сөз мәнері-тін. «өзі жақсыға мың кісілік орын бар» дегендей ол барып жұмыс жасаған жердің бәрі де оған «кет ары» болмады. Сынық сөз, сыпайы мінез, сылық қылықтан си да қашпады. Ол істеген сенбі, жексенбілік асбұзыл, түнгі клуп қожайындары ол сабақтан түсіп келгенше асыға тұратын болды. Жапалы істеп жарты жыл да қарызын үстемелей қайтарды да сабақ үлгірімін көздеп түнгі клуппен қоштасып, от басы жағдайына қарай жексенбілік асбұзылдан әлі де тұрмыстықталғажау тауып тұруға бекіді.

 

Секер сенбіде асбұзылға келетін кешкі қонақтар да аз емес-тін. Ас бөлмеде қызу дайындық жүріп жатқан, жуан ортада Байырқа. Әлекендей жаландырып ыдыс жуып жүрген де сол, қонақзал үстелдерін реттеп, тазалығын қадағалап жүрген де сол. Мөлшері жүз адамға дайындалған асбұзыл іші отбасымен ошарыла келгендер мен дос- жаран, жолдас- жораларымен келгендерге лық толған. Шүйіркелесе отырып әңгіме соғатын қартамыстар да, бйге баса әндетіп тойлатып қайтатындар да табылады. Қонақтар сйреп соңғы мәзіретке барып қалғанда ішінде сұрқы сұсты бірнеше бейтаныс жігіттері мен бірнеше ашық кеуде ақборбай қыздары бар айдарларынан жел ескен Байырқаның бір топ кіластастары келді. Тәртіп бойынша оларды да Байырқа қабылдап ірге үстелге жәйғастырды. Ас-мәзір тізімін көтеріп даяшы қыз да жетті қастарына. Бәрі де жіпселеген қызмышпен кірген олар «дәптерді қайтесің, қарындас, қолыңа ілінген дәмді құжырыңды әкеле бер, қоюын шәйнап, сұйығын жұта беретін бәріміз де мына Байырқаның қонағымыз» десе, біреулері «барыңды әкеп соңғы есебін Байырқаға ұстата сал...» дегендей бірі атып, бірі қағады. Жарайды жігіттер, «қонақ келсе тоқты жер, ырысыңды боқты жер» деген емес пе, бергенінен берері көп алланың құлдарымыз ғой, айтыңдар тартынбай» деп бөрі арығын білдірмей жігітше желпініп Байырқа тұр. Олар «ә, жарадың, Бәке, асбұзылдан айлық үнем айырып отырған қалталы студентте, әрине, осындай кеуде болу керек» деп дуылдаса күлісіп жатқанда сынптарындағы топ қыз ішіндегі «шоқ жұлдыз» болып көрінетін қос керім кіріп келді. Бұрынғыдай емес, өңдері солғын, қабақтары сынық, көңілдерінде аздап қобалжу барын да Байырқа сезді. Қашанда өз міндетін адал орындаудан жазбайтын Байырқа оларды да өзі қабылдап тағы бір үстелге ертіп бара жатқанда «бұларды үйірінен бөлінген байталдай қып қайда апарасың- ей, даяшы» деп әлгі отырғандар одыраңдай алдарынан көлденеңдеді. Байырқа «жігіттер, сыпайырақ болсаңдаршы, қыз балаға осылай айтуға болама, әлеуметтік ортада тұрмыз ғой бәрімізде» деді. Оны тыңдап, елеген де ешкім жоқ, қыздардың «біз отырмаймыз, Байырқаға бір жұмыс айтқалы келдік, айтамызда кетеміз» деген уәжіне де қарамай қолдарынан сүйреп әкеп үстел шетіне шегендеді.Барған сайын желдірте желпінтіп бара жатқан безбүйрек стақандар қаншама сыңғырлай соғылысса да сол салқын қалпы. Ал оны ұстағандардың ұстамы азая, бейпіл ауыз берекесіз қылыққа беттеп барады. Ойға бүккенін айта алмай обалды отырған екі қыздың көзі әлісін- әлі Байырқаға жаутаңдайды. Қыздардың бұл қарастары қасында отырғандардың онсызда өртенгелі тұрған қызғаныш қырбайын өршіте отқа салған тоздау ду еткізді. Күнде келмейтін бұлардың бекер келмегенін, ал екі қыздың да бұлардан сезікті екенін Байырқа әлде қайда сезген. Осындай ой арпалысында жүрген Байырқаның көздері түйілісе қалған бір әредікте қыздар Байырқаға «тез кет» деген ишәрә тастады, Байырқа оны да қалт жібермей ұқты. Бірақ, уақытынсыз жұмыс орынды, әсіресе бастарын қатерге тіге өзі үшін келіп отырған сүйкімді нәзік жәндерді тастап кетуге азаматтық ары жібермеді. Екі қыздың ішіндегі тек Байырқаның ғана сөз салуын тосып жүргендей оған ынты- шынтымен беріліп, өзгеге іш бермей жүретін Нәзкерім атты ерке сылқымға барған сайын өңмеңдей білегінен ұстауға дейін барған «көше дөкейінен» өлердей қызғанған сартүйнектер тобының атаманы «сөйлесіп келуге» сыртқа сүйреді. Егерлескен екеу ақыры сыртқа шықты. Онымен жарыса сартүйнек пен тағы бір бейтаныс ілесе кетті. бір шұрқанның шығарын білген Байырқада орнынан тұрды. Нәзкерім мен дос қызы да Байырқаға «шықпа, Байырқа, шықпа» деп жүгірді. Өз жұмыс орнында, өз кіластастары төбелесіп жатқанда қыздардың бетіне қарап қалай тұра алсын. Оларға қарамай Байырқада арпақ- торпақ алысып жатқан оларға басу айтып жетіп барды. Төбелестің басында қолқап кие Байырқаның келгенін тосып тұрғандай дайын тұрған беитаныс жігіт «көше дөкейінің» жүректен жоғарғы қуыс кеудесі мен қара санының қалың етін бойлата пышақ салып «дөкейді» сұлатып тастады да пышақты сартүйнектің қолқапты қолына ұстата салды. Мұндайға ұры мысықтан да епті сартүйнек бар ынта- пейілімен шұғыл құтқарумен айналысып жатқан Байырқаға қанды пышақты ұсына қойды. Онсызда есі шығасасқалақтап тұрған ол ұсынған пышақты ұстай алды. Нәзкерім «ұстама, ұстама» деп жылап жіберді. Бұның арнайы құрылған тұзақ екенін Байырқа сонда барып білді. Бәрін даярлап орналастырып қойғандай жаралы қолма- қол емхананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Төбелеске ат салысты деген Байырқа ішінде төрт күдікті ұсталды. Бәріде білмес, көрмес монтаны болып алды. Сырт көз куәға ешкім дес бермеді. Ақыры бар шындықты пышақтағы бармақ табы шешетін болып бәрі де аз күнге бос сулаққа қамалды. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дегендей «Қошқарбай қожайынның бай мырзасын пышақтап төрт жігіт темірторға қамалыпты» деген суық хабар алып шәһәрді бір мезет басқа көтерді де қаладан арғы ауылдарға қарай сумаңдады. Бәрінің де әке- шешесі жиналып темір тор алдын дүрліктіре сілкіндіріп жатты...

 

Қашан сарап нәтижесі шығып болғанша ата- аналарда да, жалалы студенттерде де күндіз күлкі, түнде ұйқы болмады. Байырқаның сезгеніндей Назкерім мен оның дос қызы бекер келмепті. Олар «Назкерімді қолға қондырыудың жалғыз амалы ебін таба Байырқаны темірторға тоғыту, ол тұрған жерде Назкерім ешқайсынымызға пысқырып та қоймайды» деп ақылдасып жатқанын құлағы шалып қалады да Байырқаға хабарламаққа келіп, дәл Байырқа жұмыс істеп жатқан асбұзылдан сойқан топтың үстінен түсіп шарасыз қалыпты. Қосбойжеткен Байырқаның әке- шешесін сұрастыра тауып, имене ілтипәт жасап өзддерінің Байырқаның кіластастарыекенін айтады. Оларды Азатгүл бауырына баса құшақтап көз жастарын көлдете отырып шындыққа қанады. Назкерім ақтап алуға бар күшін салатынын айтып өзінше тоқтау салады. Бірақ, Аймауыт пен Азатгүлдің көз алдарынан жаралы жігіттің әкесі Қошқарбайдыңдәу жіппен ойқастата келіп «бақтарыңа ұлым аман қалсын, егер ол жәзім болса кім жазықты болса соны өз қолыммен бауыздаймын, ал жаны қалып жатса да жазықтыны темір торда шірітетін боламын, оған мен Қошекеңнің құдыреті әбден жетеді» деген сұсты қабақ, суық жүзі кетпей- ақ қояды. Не қылғанмен жүрек дертті, көңіл күпті.

 

Кіластастардан, оқытушылардан, Байырқа жұмыс істеген асхана қызметкерлерінен болып Байырқаның мінездемелерінен ситат келтіре оны ақтаушылардың аяғы сақшы мекемесінің алдынан үзілмеді. Сайланған қастандық туралы Назкерім де ет құлағымен естігенін көлденең тартып бақты. Иниститут басшылары да дұрыстап тексеріп анықтау ұсыныстарын қойды. Осының әсеріме жан- жақтылы тексеру күшейіп ал дегенде сойқанбастарға да салмақты қысымдар түсті. Тіпті әуелі негізгі себепші жаралының өзі болу мүмкіндігіне дейін шүйліге жүрген- тұрған жерлерінен дәйектер жиылып, оның да әкеге арқа сүйеп, ақшаға қалта сіреген аз топтың «атсыз батыры» екені анықталады. Таразыға тартылған сараптама салмағы Байырқаның кінәсіз екенін басып түсіп болмайды. Жағдайдың тиімсізденіп бара жатқанын сезе бастаған Қошекең «мұндайда қалтаға қол салу, қол салғанда мол салу керек» деп шешіп, пышақ сабының ұшын ала түскен Байырқа саусағының табы туралы болған көп талас, сан сараптың бәрін де бір- ақ реткі қимылмен үндерін іштеріне түсіріп жібереді. Байырқа жеті жылға сотталып «әділеттік» орнатылады.

 

Анаған обал, мынаған сауап дейтінмен көп есептесіп жатпайтын өмір керуені өз арнасында бәрін ішке жия жылжып барады. Тағдыр таяғы оңбай тиіп есеңгіреп барып ес жиған Аймауыт отбасы да сол керуенге ілесе сынық арбадай шықырлап ілбіп келеді. Қатаң тағдыр біреулерді жүндей тұтіп езбелеп тастаса, біреулерді шорт сындырады. Ал біреулерді жанға жуымас секемшіл тағы етсе, енді біреулерді онан ары ширата шыңдай түседі. Отының алды, суының тұнығы болашақ бақытына балайтын ұлының жазықсыз жәбірленуі Аймаыт пен Азатгүлге оңай тимеді. Аймауыт көпке дейін сіркесі су көтермей тез ашуланатын, Азатгүлге де орынсыз тисе беретін болып алды. Азатгүл өзін барынша сабырға шақыра түсіністікпен қарады. Әбдентөзімі таусылып бара жатқанда ғана Азатгүл:

 

- Әттең, Айекем- ау, мен де жырғап жүр дейсің бе, саған қандай батса маған да сондай екенін түсінсеңізші, екемізге ортақ бала ғой, онанда отбасы шаруашылығымызды онан ары жандандыра кепіл ақша жинауға құлшынайық, басқалай қолдан не келуші еді, алла қаласа келер жылы қызымызоқу тауысса ол да бір жұмыс табар, кемінде үш жыл құлшынсақ, қалған төрт жылында бостандықта болса ол да қайда жатыр,- деп сабасына түсіретін.

 

- Білем ғой, Азатжан, білем ғой, менің жүйкемді жұқартып бара жатқан жұмыс та, ақша да емес, атасы мен апасының қызығы болсада бұзығы болмай көргенді өсіп көзге түскен жарығымның жазықсыз көріп жатқан жәбірі ғой, әй, адамның ұлы болмай, ақшаның құлы болған иттер- ай десеңші!? шіркін- ай, әне біреу Назкерім деген қыздың тәп бір өз ағасы кетіп бара жатқандай егілгенін көргенде сай сүйегім сырқырап кетті ғой, Азатжан, қайтейін, қайтейін...

 

- Мен ол қыздың көзінен мұң емес, шын жүрегінен шымырлай көтерілген махаббаттың ұшқынын көрдім, Айеке, бос белбеу, бор кеміктенбей беліңді бу, алдынғы айтқанымдай жан- жақтылы құлшына кірісіп ақша табудың амалын қарастырсақ, бір балаң әлі- ақ екеу болып кіредіүйіңе.

 

- Е, тек алла соған жеткізсін, тағы бір «кеудесіне нан пысқан» кесапат сұрқия жеткізбей желкеден шауып жүреме деп те қорқам...

 

- Жақсы лепес жарым ырыс,- демеушімеді, Айеке, қай- қайдағыны ойламай жақсы тілекте болайық...

 

- Йә, боламыз- ау, боламыз- ау заманыңның сұрқы мынау, кім біледі, бәйбіше, алда не күтіп тұрғанын...

 

- Былай айдасаң өгіз өліп, олай айдасаң арба сынатындай ойласақ, Айеке, өзге емес тығырыққа өзімізді өзіміз қамаймыз. Әрқандай қиындықтың артында бір қайыр бар, алланың жіберген бір сынағы шығар, сабырлық қылсақ, бәрі де артта қалады. Дүзді темір кісі талдай ма, тағы біреулерінде де пышақ болып жәзім болып кетсе не етер едік, «кебенек киген келеді» шүкірлік қылайық. Дабыр көбейіп сабыр азайғаннан, күпір көбейіп шүкір азайғаннан болып жатқан сұмдықтар осының бәріде.

 

- Жарайды, жарайды, әлгі қызбен сөз байласып жүр деп ойлайсың ба сонда?

 

- Менің топшылауымша, ұлыңның сөз салған- салмағаны әзірше мәлім емес, бірақ, менің кісі көргенім рас болса ана бойжеткеннің көзі сіздің ұлыңыздан басқаны көрмейді.

 

- Тек солай болсын, бәрінде уақыт көрсете жатар.

 

- Дұрыс айтасыз уақыттан үлкен емші жоқ. Бәрін де уақыт көрсетеді.

 

Көңілдің кірі айтса, бет орамалдың кірі жуса кетеді ғой, жұбайлар өзара шүйіркелесе түсінісіп алғы күннің аялсыз тірлігіне араласып та кетті.

 

Әжесінің тәрбиесін алып ауылда өскен Нәзкерім ұяң мінезді, иман жүзді бойжеткен- тін. Оның сұңғақ бойы мен ашаң жүзіне не киседе жараса кететін. Көбінде ақ рең мен ашықкөк реңді талдап жарастыра көйлек киіп, мойнына күміс алқа асып, күрең тас көзді кішкентай сырға тағатын. Қайсыбіреулерше өзін жарнамалағандай ашық- шашық жүруді суқаны сүймейтін. Тек айт- меирамдарда ғана дос қыздарының қолқасымен тілерсегіне түсетін құлаң шәшін бос салатын. Сабақ үлгірімі Байырқадан қалса екінші орынды өксітпей келе жатқан ынталы да ықыласты қыз- тұғұн. Ол алғаш үнверистет табалдырығын аттағанда- ақ өзінің ең мықты бәсекелесі Байырқа екенін бірден таныды. Таныды да одан озып кете алмасада тым кейіндеп қалмау жағына іштей бекінді. Сабақ жағынан көзқарас, түсінік алмастыра жүріп тіл де табысты. Тіпті әуелі студенттік өмірде ғана емес, тұтас ғұмырына жансерік болатындай айтулы азамат екеніне де көз жеткізді. Күнделік сабақтастық жәнасым, жақтырулардан туған өзара жақсы көрулер бара- бара махабаттық сезімін де оятып үлгірген-ді. Байырқа әсіре сезімге беріліп көп ашылып- шәшылмайтын, сырға берік ішті жігіт ғой. Ол да құды Назкерімдегідей сезімде болып өзінің оның қалай жан ашыр жақынына айналып қалғанын, өзара сенісіп кеткенін кейіндеп аңғарып махаббаттың сиқыр күшіне шырмалғанын енді ғана сезініп, алда келе жатқан маусымдық емтиқаннан кейін сөз салуға бекіп жүрген. Олар ашық сөз байласып, серттеспеседе бір- біріне үнверистет қабырғасындағы жылдарының бәрінде өзара силасу, сырласу арқылы ішкі ыңғыл иқуаттары табысып, жүрек лүпілі де бірге қағысып, бір көргеннен құшақ айқастыра, ерін тиістіріп жүрген желбуаз махаббат иелерінен әлде қайда күшті өзара сүйіспеншіліктері бағышталып, ішкі сенімдері бекемделе  болашақ арман- мұраттарын айқындап болған жәндар-тын.

 

Байырқа үнверистеттен сусып шығарылып қалғалы тұтас үнверистет қаңырап иен қалғандай, өзі де үйірінен адасқан еліктің лағындай алағызып қалды. Әсіресе алғашқы бір ай оның жәнына көрім- ақ батты. Жылап та көрді, жынданғысы да келді. Оның бәрі Байырқа тәбиғатына жат қылық екенін тез сезді. Бірге жүргенде Байырқа нені жақтырса соны істеуге бекінді. Байырқа тұрмыс жағдайы тым шіркінай емес, орта шарқы отбасының өркені. Ол қайда жүрседе сол тұрмысқа бейімделе күнелтуден қашпады. Ешкімнен сырын жасырып әдептен аспады. Онда баршылықта тасу, жоқшылықта жасу дейтін әдет жоқ. Қайта неге болсада өзін дайындау, өз ақыл- парасатымен, адал еңбегімен игілік жасау дейтін ғана рух болды. Ондай жігітке өмірлік серік боламын дейді екенмін менде де сондай рух болу керек,- деп ой қортқан Назкерім орныан жеңіл тұрды.   

 

Басынан аяғына дейін спорт киім киіп үнверистет спорт алаңына шыққан Назкерімнің бүгінгі сұсы бөлек. Қабағында әнтек қату бар, бардыда құм қалтаны төпештей жөнелді. Бұрында Байырқаға ілесе аздап үйренген- тін. Ол маңдайы жіпсіп денесі бусанғанда барып сәл кеңіді. Сосын барып үлкен әскери генаралдың алдында тұрғандай қыбылаға бет бұра тік тұрып «күніне екі уақыт дене шынықтырып шыңдалудан өтем; Байырқа үшін барымды сала оқып, оныда өзіммен бірге оқу таусуға жетелеп отырам» деп өзіне өзі серт берді. Ол осы сертін орындау ұшін ештемеден тайсалмады. Үнверистет деректорына өтініш арызын енгізіп оны оқып жатқан мамандығы бойынша сырттай оқу класына ауыстыртты. Түрме бастығына да өтініш кіргізіп аптасына екі рет жаңа мазмұндармен таныстыра сабақ пысықтатып тұруға келісті. «туған ай туралған ет» дегендей күндерде аялсыз өтіп жатты. Назкерімнің жобасы сәтті, Байырқаның құлшынысы күшті болып сырттай оқудың алғашқы маусымында – ақ ол өзінің сол баяғы біріншілік орнын өгейсітпеді.

 

«Байырқаның тауаны қайтып, туы жыртылды, Назкерімге байланған махаббат жібі үзілді» деп өзінше сайрандаған содыр топ ендігі тұзақты Назкерімге сайлай бастады. Істің осылай боларын ерте болжаған Назкерім де мұғалімдері мен кластастары ішіндегі өзі сияқты ісләм құндылықтары мен осы заман ғылым- мәденйет озық үрдісіне бой ұра салтанатты өмір салтын ұстанған ізгі ниетті жандар арасынан сенімді серіктер тауып былайғы өмір жолы туралы бүкпесіз ой бөлісті. Байырқаның нақақ жәбірленіп жатқанына, Назкерім екеуі ортасындағы сүйіспеншіліктің шынайылығына, әсіресе екеуіндегі ақиқат пен сүйіспеншілік жолындағы қайсар рух, ізгі ниет, кіршіксіз сенімге тәнті бола оларды қолдайтын, қорғайтын риясыз достық орта қалыптаса бастады. Осынау қормал жандар қарасы көбейген сайын қаскөй содырлардың да тұмсықтары көп жерден тасқа тие өз қазған ордарына өзге емес өздері түсе жаздап естерін жия бастады. Ізгілік жібінің оңайда үзілмейтіндігін, шынайы сүйіспеншілік туы түбеселі жығылмайтындығын, оған деген сенім арқауы да өздігінен  сетінемейтіндігін өмір атты алып керуен қадам сайын болмасада көзеулі- көзеулі кілтең тұстарынан көрсетіп жатты...

 

       * * *

 

Йә, бәріде Назкерімнің көңілінде жаттаулы, көкейінде хаттаулы. Ол бүгін түрме ауласынан 22- рет қайтып барады. Қалай екені өзінеде белгісіз бір тылсым күш қадамын жылдамдата алға өктегендей, қолы да бір нәрсеге әнтек жетпегендей жүрек лүпілі жиілей үнвер жатақханасына қарай тартып барады. Е, есіне енді түсті, ол кең тыныс ала қадамын әнтек баяулатты.  Байырқаның қарасынан ағы мол аялы көзінің шүңетіне сүйіне малти бергісі келседе уақыттың қатаң әмірі қайқалақтата кері қайырған-ды. Ол «алдындағы шалықтай езу тартқан сәбиіне қызыға қараған анадай Байырқа маған неге көп қарады?» «мен неге қарадай қуанғандай көңілім өсе елегізіп барам?» «ол неге кітәпті көне газетке орап берді?...» деген сұрақтар мазалай берді де үнверге тақау бақша шетіндегі ағаш орындыққа отыра ораулы газетті ашты. Алдынғы аптада өзі апарып берген Мұқағалидың «Тырналар қайтқанда...» атты жинағы. Қолына ала беріп еді ішінен екі бүктелген конвертсіз хат сусып түсті.

 

Айлы түннің ашық аспанында жарқыраған шолпандай  қыз пешенесіндегі мөлдіреген қос ноқат та хат бетіндегі бейішті бедерлерге тазығыр бел тістемелеріне  бәйгеге жаратқан бестідей ашқарақтана жабыса қалды:

 

«Мен осы хаттағы жүрек жарды жан сырымды бет екі айтуға дәрменсізбін, Нәзікеш.(әуелі сені осылай атауыма, сосын «сіз» деп сынықсудан тіке «сенге» көшуіме өте бір жақын ішкі ыңғыл өзіне тартып болмады,кешірерсің)  Йә, сенің оған нана қоймайтыныңа да дәлел көп. Өйткені сен мені “ешқашан бос белбеу, бор кемік”санамайсың. Бірақ, менің жүрегіме түскен бір сынық сәуле жазғы күннің түскі шуағындай барған сайын күшейе көз ұялтып жақындауға дәрмен, алыстауға арман жібермей жүйе- жүйкелерімді ала тереңіне бойлап бара жатқаны, бәлкім, саған беймәлім шығар. Әттең солбір қалың жапырақты сәмбітал саңылауларынан әрең жетіп тұрғандай әлсіз сәуленің алаулы шуағынан еркін нәр ала алған кісіге мынау тар қамал тас қабырға кеңіп, мынау қараңғы қапас жәйдарлана жәйнап кетер ме еді, шіркін! Йә, солай! Өйткені мен сол жұқалаң  шуақтың түрме саңылауларынан түскен мезеттік сәттерінің өзіне-ақ жазықсыз жәбірден сейіліп, жан жарам жазылып қалғандай қунап қалам. Осы сәуле маған от жылуы өшкенше, тон жылуы шешкенше тек жан жылуы ғана өлгенше екенін ұқтырды. Ендеше сол өлгенше жылу бағыштай алатын жан жылуды кім бере алады? Оны тек шын сүйген жүрек ғана бере алатынын да сол сәуле білгізді. Шынайы сүйіспеншілік ғана жүрегіңнің тереңіне бойлап ар жағыңа жасырынған үміт ұшқыныңды үрдеп ішкі алауыңды жарқырата жаға алады. Шынайылықты тамыздық ете қозданған отты сөндіру оңайда қолдан келе беретін іс емес. Ал сыртқы тұрпат, тұрмыстық қуатқа байланған жалған сезім ешқашан маздай да, қоздай да алмайды. Ол мықтағанда далаға жаққан оттай лап етеді, шалқйды, бықсиды, өшеді. Бұл менің сенімен кластас болған үш жылдан алған әсерім. Нәзікеш, мен сол сәулемен азат басым үнвер қабырғасында жүргенде- ақ өз жүрегімді нұрландыруды ойлап өзімді соған дайындай бастаған да едім. Йә, “сенің кластасың едім ғой, досың едім ғой маған неге айтпадың”дейтінің анық. Е, Нәзікеш, ол да жөн ғой, амал не бірден ондай қадамға бара алмадым. Өйткені ол бет алды соқтығуға болмайтын, өте нәзік сәуле еді; Өйткені ол сол сәуледегі асыл қасиетке өзін де жеткізіп алып барып ұрынбаса болмайтын теңіздің тұңғиық тереңінде мың қабат балдырға көміліп жатсада өзін көрсете алатындай өте бір өткір сәуле еді; Өйткені ол ластықты да, «мастықты да» көтере алмайтын тым биіктен жарқырап тұрған жарық жұлдыз еді, Назікеш. Міне, мені осы сезім, осы түсінік әуелі өзімді дайындауға жебеді. Мен өзімді дайындамай тұрып оған баруға сол нәзік сәулені абайсыз өшіріп алам ба, «кірлі қолмен» ұстап қасиетін кетіріп алам ба, уақыт пысып жетпей асығыс талпынып қапыда үркіте алыстатып алам ба деп қорықтым, Нәзікеш...»

 

Хат соңына жетуге бойжеткендегі әділеттілік жолында неден болсада тайынбайтын қайсар рух дәрменсіздік етті- ау, білем. Ол бір жоғалтып алған асылын ойламаған жерден тауып алғандай; қаншама ұмтылыс жасасада оңайда қолы жетпей жүрген арманымен кенет қауыша қалғандай күй кеше хатты жүрегіне қауыштыра құшып еркін қоя берсе болды фонтандай атылғалы тұрған дауысын іштей тұншықтыра өксіді- ай кеп, өксіді- ай кеп... егер ол мынадай әлеуметтік аулада емес, өз бөлмесінің төрі, не талайлаған ғашықтардың ізгі ниетті адал махаббатына ылғида куа бола мұңдасы мен сырласына айналған айлы кештегі орманды өлке қойнауы болса- шы, көз жасына ерік бере ішқұстасын тарқатарма еді? ақ қайың, айна бұлаққа мұңын шаға әділетсіздікке қарғыс- нәлет жаудырарма еді? жоқ, Ашық аспан аясында қалықтаған күміс табаққа күле қарап жүрек жарды қуанышымен ортақтасарма еді? йә, йә, бәрі де мүмкін! Өйткені ол әзірге жалғыз. Осыншама уақыт тұмшалай ұстап, түңілдірмей мәпелеген жансырдың жалғыз иесі тек өзі. Екінші басы тірелетін түп төркін- Байырқа. Ол жанында жоқ. Ал, өзге де дос жоқ емес, бірақ оларға бұл сыр жабық. Ол әлгіндей емес, бойына қуат бітіп, көңіліне сенім орнап, жүрегі жыли ар жағынан бір жарқыраған ішкі алау көтеріле  тек жан сарайын ғана емес, лезімдік сәтте- ақ сыртқа тепши бойынан ерсілі- қарсылы зулаған бір  ыстық ағыс пайда қып екі бетін де бал- бұл жандыра нұрландырып бара жатқанын сезіп өзін қоярға жер таппағандай дебдірсізденген Назкерім хатқа қайта үңілді:

 

«...мен түрмедегі түнекті өмірге түсетін жарық сәуленің болатынын да алғаш рет түсіндім. Адам өмірінің ең бір зарықты сәтінде жарты сағаттың өзі жарым ғасырлық жылу жібере алатынынада осы сәтте көз жеткіздім, Назікеш. Әр аптаның дүйсембі, жұма күндерінің кешкі алтыларын өзінің алауымен жылтып, шүлен нұрына шомдыратын бір белгісіз бақ келе жатқандай асыға күту кадуілгі әдетіме айналғаны қашан. Йә, өмірімдегі ең бір қол жетпес  қымбатым да, тоймас қызығым да, өмір өткелектерімдегі ең бір асыл мәнге ие өмір үзігім де сол игі сәт екенін ойға түйдім, Назікеш. Сол бір қол жетпес бағалы сәттен айрылып қалмаса екем, жүрегіме түскен сол бір алтын арайлы сәулені өшіріп алмасам екем, - дегенде түн ұйқым төрт бөлінеді... өй, сезімге беріле тым созбақтап барады екем- ау, түрме тұрмысы ғой, жол берсе сезімімді тежеп ақылға дізгін ұстатуға тырысып бағайын. Қысқасы, Назкерім, сол жылы лепті қос шыжымды нәрлі шуақтың кілті сенде. Сол  кілтті қолға алып екеулеп үрлеп сол ішкі алауды маздата жақсақ, қоздандыра қорландырып жылуына ортақ жылынсақ, ол бізге өмірлік қуат, таусылмас суатта бағыщтар еді. өзің де ақылыңа арыңды, сабырыңа ой- нәріңді серік еткен жансың ғой, жаным. Тұшымды жауап беретініңе сенген кластасың— Байырқа» Хат оқылып болды. Кеудесін кең тынысқа итермелеген аз күрсініс тұрсада көңілі көтеріле жән сарайы жарқырай жәйдарыланып қалды.

 

Иығы көтеріле жан- жағына жадырай қарайды. Аясын кеңейте көзін үлкен ашып ағаш арасынан сығалаған батар алдындағы алаулы күннің жуан талшықтары жуаси жымыңдайды. Әдетте тұнжыраңқы біліне қаралтқым тартып тұратын ағаш жапырақтары да биге басқандай жыбырлап қош айтуға қимай  еңкейіп бара жатқан кешкі шуақтың шұғылалы нұрына малына жәйнап тұр. Өзі де құлпыра қунап ертеңгі өмірге рухты араласты...

 

Қасиетті жұманың кешінде Байырқаның сөз салған хатын алғалы бүгін екінші күн. Тағы да сол жол, сол көше көлігі, бірі түссе- бірі шыққан сол көше жүргіншілері... бәрі де таныс өмір. Бірақ, өзінде бір жаңалық, жеңілдік бардай бәріне де амандасқысы, араласқысы келеді. Жеңілдігі әрекетінен көрініп тұр- ау, ол айналасы алты шақырым жерден жеті тұрып өзгелерге орын беріп, рахымет- батасын алды. Амал не, жаңалыққа ортақтаса қуанып тұрған әзірге ешкім жоқ. Йә, ол жүректе, оны көре алатын телескоф тек Байырқада ғана, әттең тез жетіп қуанта алғанында ғой...

 

Назкерім бұрынғыдай дағдылы уақытында жетті. Үлкен қақпадағы күзет тексеруінен өте “әкәу, Байырқаның хатын ала сала жауап бергенім тым асығыс емес пе, бұл қыз табиғатына үйлесе ме, қоя тұрсам қайтеді”деп бір ойлады да ойынан тез қайтты. Себебі, біз араласа сырлас дос болғалы үш жылдан асты, бір- бірімізді іштей ұнатып та, бекіп те болғанбыз. Оның бір ауыз сөз салуын мен қаншалық сарыла күтсем ол да сондай зарыға күтіп отыр. Оның үстіне оның қазір халы нешік, мынадай жағдайда оны алдымен қуанта алудың өзі кісілік әрі сауап,- деп түйді де адымын жеделдете барып,өзі хатты қалай берсе бұл да солай хат ғана емес, ып- ыстық жүрегін ұстатып қайтты. Күн артынан күн жалғаса өмір де өз ағысымен өтіп жатты...

      

 

 * *  *

 

 

Баласын шығарып алуға кепілдік сома жинау жолында жан сала дыздақтаған жұбайлар тірлігі ілгері салым ілгіп келеді. “Бақпаса мал, қарамаса қатын кетеді”дегендей осы тірлік үшін таң бозынан қалаға кетіп, жұлдыз жамыла үйге оралып жүрген олардың айландырған екі сиырының бірі жоғалған. Бірін сатып айналым қорға салып осы тірлікті жандандыруға бекіген. 30- 40қа барып қалған тауықтарын 50 пайыздық жұмыртқа мен еркек шөжелерге келісіп көршіге өткізген. Балалардың үлкендері қалада да, кішкентайлары Аймауыттың ағасының үйінде. Әзірге оларда етекке оралып, аяқтан қағатындай көлденең кедергі жоқ. Байырқаның ісінен кейін бір мезет күйгелек- ашушаң болып, кейде ішімдікпен миын ірітіп жүріп кәр москвишті оңдырмай соғып көлік жөндеу орнына апарып тастағалы да біраз болған.

 

Он жұп қытаиски аяқ киім мен төрт байлам байпақ, 20 неше қол орамалды алақапқа сала иыққа көтеріп базарға шыққан Аймауыт бетімен жер басқандай аяғын зорға баса бір қолына айран- сүт, бір қолына орамалмен қаттап шынықапқа салған көшпелі елдің шыны- аяғындай орап пакетке салған он-жиырма жұмыртқа ұстаған әйелі Азатгүлге жалтақтай қарап көше толы адамдар ішіне сүңгіп барады...

 

-Үһ, қайыршыдай қап көтеріп көрінген көкаттыға телмеңдеген күнің құрысын,- деп Айекең жол шетіндегі семент тақтаға отыра кетсін. Оның тағы да көне жыны қозып, жынды сумен тозып жүрмесін деп Азатгүлдің жүрегі зырқ етсін.

 

- Отағасы- ау, осыған да шәршәй қалдың ба, неменеге  жүнің жығыла қалды, қайсы біреулерше, жанында жары, артында ұрпағы бар ұсқынды азамат бүйтпес болар. Осы тірлікті кемінде енді жарым жылға жалғай алсақ көлігіңді шығарып аламыз, онан ары бір жылға апара алсақ ұлыңды шығарамыз, сөите жүріп келін де аламыз...

 

- Әттең, Азатжан- ай, қанаттан қайрылып, көліктен де айрылып шоңқиып отырған түр мынау, меннен не тілейсің?!

- Бұйырса қанатың ертең- ақ қалықтар, көлігіңде астыңда арықтар; тірі адам қилы- қилы өмір кешеді, үмітпен өседі, бәрін де уақыт шешеді, ой орамыңызды көбінде осылай қонақтатыыз- шы!? Алдыңыз ашылып, жолыңыз жосылып, өзіңізді өзіңіз қамшылай оған қосылып кетпегеніңізді көрейін, бәлем.

- Әйтеуір алдың көктұмандана бықсып бара жатса шоғын маздата көсеп, үрлеп қаласың да үміт отын жаға қоясың. Ал, баста, саудалау сеннен, қолдау меннен.

Жұбайлардың саудасы тым күсет болмаса да ұтырлы- тетірлі жолмен кейде айтарлықтай, кейде шатқаяқтай жүріп жатты. Тиын- тебендеп жүріп біраз ақша да құралып әуелі айтқандарындай көліктерін күрделі жөндеуден өткізіп алды. Ақбозы Айекеңнің тақымында ойнап, көңіл шіркін де  аздап тояттап қалған. Оның үстіне жалғыз қызы Балқия колижді озат тамамдап өз ауылына мұғалімдікке жолдама алған. Айжарымдай уақыт істеп ел ауызына да жақсы жағынан ілініп, әке- шешесіне де опалылығы біліне бастаған. Айекеңнің шүкірін күпір басып, жүрегін иман билемей “жиған”иелеп өзі де артықтау асып- таси қалды ма, жоқ, “Кедейдің қырық қаңтаруының” бірі ме, әлде Алланың пенделеріне жіберетін ілкі сынақтарына ілінді ме, әйтеуір, қызы бір күні  ұшты- күйді жоғалып кетсін. Әдеттегі сабырлы Айекеңнің ашуына басы, салмағына сабасы тар келе шікірейіп“әкеңнің... көктиынның көлеңкесін санап, көше кезгенім жақпады,  сонан бермен ісім де оңға баспады”деп аһылай арындап барып “ащы сулы ашмойын шөлмекті”бауырына баса жатып қалсын. “Алладан бұйрықсыз шыбын да шақпайды” мықтағанда біреу алып қашып кеткен шығар, мені де онсегізімде әкеліп алып едіңіз ғой, не болар дейсіз,  қызың бойжетті,“теңін тап та тегін бер”деген, кісі сияқты адамгершілігі бар біреу болса болды, Айеке. Ақсақтың аялына баға тұрайық, бір хабары білініп жатса барып ісін бір жола тындырып ата- аналық борышымызды өтеп қайтайық,- деп Азатгүл сабырға шақырсын. Өзекті жанға нан, кезекті күнге қам керек, Айекең де ептеп басын көтерсін. Солайда “қызыңды дұрыстап тәрбиелей алмадың, көрмегенім сол болсын, бетіммен жер бастырды” деп бар пәлені Азатгүлге арта теріс айланған беті ашулы жүрсін.

Амал не, өзекті өртеген балалардың күйігі, барған сайын құрдымның құзынан құлатардай қуып бара жатқандай өмірдің сиығы ақыры Айекеңе “ашмойын шөлмекті” қайта ұстатсын. Жәй ғана емес, жүйе- жүйкесіне мықтап жәйлата, буын- буынына бір жола қыстатып кетсін. Бір қолында күйгелек ашу, бір қолында елгезек“еліртпе басу”жүретін Айекең  қызын колйжде көзі түсіп қыр соңынан қалмай жүрген қырсық  біреу  алып қашып кетіпті,- деген хабар алған күннің ертесі  “ақбозға” ер сала, “асау көкті”қосарға ала  андағайлатып жүріп бейсауат біреуді оңдырмай қағып, өзі де ауылдан қарасын өшірсін. Ал керек болса, жылдан асса да Айекеңнен хабар ала алмай дағдарып жүрген де, алдынғысы омыраудан ажырамай жатып тағы да жүкті болған балпанақтай балалы ауыр аяқ Балқияны тастаған тексіз күйеу тағы бір әуейі алаяқ қатынның қанжығасында кетсін. Беті- жүзің, алыс- жуығың демейтін сумпайы хабар достарын күйінте, дұшпандарын сүйінте сумаңдап төркін- жұртқа да жетсін.  Алғашта есі шыға есеңгірей отырып өкініш пен сар уайымға да біраз ерік бере “Шіркін, Айекең тілімді алып қырыстанбай барған да ғой; шіркін, осындайда қасымда Байырқам болғанда ғой; кім біледі,‘артынан іздеп келер ешкімі жоқ’ деп басынды ма, жоқ, бұнысы да алдынғы ұқсас бір түсті бала деп аллаға асылық қылды ма, қайтейін, бағы ашылмаған бейшара қыз- ай деші!...” деп біразға бойын алдыра барып өзін сабырға шақырған Азатгүл есін тез жинасын. - ...Әзірге бізге жетіп жатқаны өсектің өкпегі ғана, өсекке емес шындыққа сенуім керек. Байына керек болмаса да барған әулетіне ұрпақ керек шығар, тас түскен жеріне ауыр, бақытты жаратушы алла да, оны іздеп табушы пенденің өзі. Бәлкім, өзінен де болған шығар, неге болса да тәуекел, тағыда сол сабырлылықпен күте тұрайын. Сүйгеніне барған, сүйкімдісін тапқан қыз маңызды емес, маған аманат қалған мынау Айекеңнің ата- бабасының шаңырағын шайқалтпау маңызды. Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді деген, онанда ерінбей еңбектеніп арыдан келе жатқан мынау киелі шаңырақты Айекең ұрпағына табыстап ел қатарына қосайын,- деп шешті.          

        * *    *

Алып шәһәрдың алты айырығынан ашылған асбұзылдың саудасы күсет. Ыдыс- аяқтан еденге дейінгі тазалықты бір өзінің міндетіне алған Азатгүлдің тапауаты да жаман емес. Күндізгі жұмыс бастылық пен түнгі ой соқтылық алғашта еңсесін баса езіп тастағандай азаннан тұра сылпылдап істей беріп кешкісін құлап түсетін.“үш күннен кейін тозаққа да үйренеді”дегендей бара- бара оған да төзді. Төзбей де не амал бар еді, ол әуелі істей келе жұмыстың еп- жөнін біле ығына келтіре тәжірибе жинақтады. Іс- қимылы тездеп шыңдала ширап алды. Оны ендігі меңдете беретіні ой. Оны да жеңуге тырысып бақты. Ол әуелі балаларын бір аллаға тапсырды. Біреуі кебенек киіп кетті ғой келер, әутеуір, бағына мыңболғыр Нәзкерім жолығып әлі де селбесе серіктесіп бостандық жолында күресіп келеді. Ал қыз сүйіп барса да, сүйреліп барсада біреудің етегінен ұстап бір балалы болғаны рас, қашанда болмасын жат жұртқа жаратылған қыз бала ғой, аман болса жүрген шығар, өздері де жақсы өнеге, жағымды тәрбие ала өскен жаман аты шықпаған балалар- тын. Жаза баса тұмсықтары жар тірейтіндей еш жөні жоқ. Түбі қайырлы болатынын түйсігім сезеді, ал қалғандары неде болса өз әулетінің құшағында бәрі де бір аллаға аманат,- деп ой азабының біразынан сейілгендей болады да ой орамы Аймауытқа таман ойыса барып бір күрделі шытырманға шырмала шыға алмай дал болады:    

Шағын бұлақ, шәкене көздерден бастау алып, мың- милиондаған ірілі- ұсақты тамшыларды құрамына ала ұлғая беретін өмір өзені кейде ылайлана, кейде долдана; кейде тұни, кейде мамырлай жылжи аялсыз аға береді, аға береді... Соның ішіндегі бір теріні мың толтырып, мың солдыратын да; мың түлетіп, мың бүлдіретін де ең бір кілтипанды кілеткасы- адам. Тірлік бар жерде өмір тоқтамайды, жақсылық та, жамандық та тірлік иесін жоқтамайды. Не іске болса да сол тірлік иесі- адам өзі барып ұрынады, талғам дұрыс, талап өр, қажыр мол болса одан құлпырады. Керісінше болса біртелей суиды, тәжірибе қортпаса құриды. Онымен еш санасып жатпай- ақ өмір тағы да сол өз арнасында аға береді, зиян- зақымет тек пенденің өз бойында қала береді... Осынау ұлы өмірдің ұлағатты заңын қаперіңе де алмай сол зиян- зақыметке өзің өзі итермелеген Айекем, қайда кеттің із- тозсыз, осыншама неге түңілдің?!Ақылыңды апшытқан да, жүйкеңді жұқар та жасытқан да, сезіміңе жел үрдеп мезеттік желбуаз тасытқан да сол “желік су”ғой, оған үйір болма деп едім тіл алмадың, өйтіп шеріңді шығарғанша мынау отбасы тірлігіңе теріңді шығар деп едім тыңдамадың, қайтейін, шіркін, бір замандардағы ауыл- аймақ аспанын дүбірлеткен сайоздың  озат шопаны қайран Айекем- ай деші! Шіркін, төрде атам малдас құрып, төсегінде апам ұршық иіріп отырып өз шаңырақтарын сеніп тапсырған қайран Айекем- ай деші! Шіркін, ұлыңды  алдыңда көсілте, қызыңды мойныңа асылта еркелетіп қызықтарыңды көрсем деп асығатын қайран Айекем- ай деші! Әзірге жоғалсаң да, тек әйтеу, тірі болшы! Итшілеп болсада өмір өтер, ұрпақ жетер, заман оңалар, бәрі де артта қалар. Тек, әйтеу, бізді тастап кетпеші! Ұрпағың ержетіп әлі- ақ қонғалы тұрған бағыңды басқа теппеші! Әттең, сенде сайоздың таусылмастай тай қазанына йек сүеп, әке- шешеңнің әлпешіне арқа тіреп өспегенің де ғой!? Мынау балаларың сиақты жастайыңнан өз қотырыңды өзің қаси өмірдің өгейін де, қағайын да көріп көмпістене өскенің де ғой!?...

Ойын он, санасын сан айландыра осындай ой азап, тағдыр талқысын таразылаған Азатгүл “ұл ержетті, қыз бойжетті, бәрі де өз тағдырының шиесіне шырмалып жүр. Ақылды, айлалы болса шиені өздері шешеді, ақымақ болса сол шиеге шырмала өмір кешеді. Бәріміз де кәмәләт жастан кейін өз таңдауымызды жасап, өз тағдырымызды өзіміз шешкенбіз. Балаларының есейгенімен есептеспей, басқан- тұрғанымен санасып, тым ұсақшыл, уайымшыл болып өзіне артық жүк артып алған Аймауыт не болды? Көзін күдіктің көк тұманы торлап, өзін өзі шәршатты. Аяқ- қолдағы шырмауды үзуге батылдық ете алмады. Сенім артып тәуекелге келе алмай, ауыртпалыққа төзе алмай өзін өзі тастады. Бұл азаматтық арға сын! Мен өйте алмаймын. Тағдырды аллаға шынайы берілген пәк ниетті ақ тілек пен адал еңбек ғана өзгерте алады, -деп отырыушы еді, атам, жарықтық. Мен әуелі аллаға, сосын өзімнің ақ ниет, адал еңбегіме сүйенуім, өзімді және істерімді де бір аллаға тапсыруым керек.”деп түйе біраз жеңілденіп қалатын да ертеңгілік жұмысқа сергек араласатын...

Қазірге оңына баса алмай ойпыл- тойпыл тұрған отбасы жағдайын білсе балаларымды уайым баса жасып қалар,- деп ойлаған ол балаларының хал- жәйін өздеріне біліндірмей адам салып ұғысып жүрді. Байырқаның бір жылдық жеңілдік алғанын, есесіне тағы бір көре алмас көр кеуденің арызымен оқуын өз қатарынан бір жылға кейін таусатынын да білді. Озат оқып кластастарынан оқ бойы алда келе жатқан Нәзкерімнің сол үнвердің өзінде магстураға қабылданып бұрынғысынша Байырқаға қамқор болып жүргенін де ұғып ар жағына ауыл қонғандай ақылы арындап, көңілі байыздап қалды. Балқияны балаша тербеп оқтай жондыра, құстай қондырып жүретін көп өсектің тегі өтірік болмай шындығы Азатгүл құлағына да шалынды. Арасына жыл аралата екі жұдырықтай қызды болғаны да, мәжбүри маталған күйеуі бір аяр қатынның арбауынан шыға алмай оны жүкті қып алып соның шырмауына мықтап шатылғаны да рас болды.

 Үлкенін тәй- тәй бастыра кішісін аман- сау жарық дүниеге әкелгенше әрең сидырып отырған қатыгез ене “байсыз қатынды да, әкесіз баланы да бағуға мен міндетті емеспін, баланы таба білген кісі баға да, байға тие білген кісі оны сүйе де оның ыстық- суығына күйе де білу керек. байыңды іздейсің бе, балаңды бағасың ба меннен аулақ бол”деп Балқияны үйден қуып шықты. істің осылай боларын ерте сезіп, ерте бекінген ол көз жасын да, кәрін де төкпей өз ауылына жөнеп берді. Өң- келбеті айнымай әкесіне тартса да ақылдылығы мен қайраттылығы шешесіне тартқан өжет қыз өзі туралы өсегі гулеп тұрған “өгей ауылға”алғашта барғысы да келмеген. Кетерден көп күн бұрын- ақ ширыға шумақталған ой шалмасын ары да, бері де лақтырып көрседе ілінген ештеме болмаған. Арманы қаншалық асыл болсада дәрменінің әлсіз, аяғы қаншалық сайлаулы болса да қолының балаға байлаулы екеніне де көзін жеткізген. Ол ғана емес, ар- ұятын арқанға матай бетіне көн жамаған атан жілік азаматтар күштеп апарып көлікке енгізіп әкеткенін; еңсесін көтере алмай езіле егіліп, қорлана қарманғанына да, жаутақтай жалынғанына да қарамай басына жаулық байлап, “есік көрді”атандыра сағын сындырып барып тыныш тапқанын; Маңдайыма жазылғаны осы шығар, неге болса да тәуекел деп қаншама құлшынып бақсада тұрлауы жоқ күйеу мен туралығы жоқ ененің тар пиғылын кеңітіп, тас жүрегін жібіте алмай, бүгінгідей тағдырдың тәлкегіне айланғанын кімге барып  ақталмақ?! Аузыңнан шықты бітті, ешкім де нәзік жанды әлжуаз пенденің жалғыздығы демейді, қайта таба алмай отырған өсектің тамыздығы болады. Бетке шіркеу, азаматтық арға тіркеу болатындай ештеме істеген жоқсың, бәріне де бір алла куә. Өзіңді және ісіңді аллаға тапсыр да жығылған орныңнан аяғыңнан тұруға бекін! Адамдықтың да, ардың да жолы осы! - деп бекінген Балқия еш бөгелместен өз аулымен қайта қауышты. Колиж бітіре сала Ауыл балаларын білімдендіруге арнап өзін дайындай бастағанда қапияда еріксіз үзіп алған арманын қайта жалғауға да шындап бел буды.

Өз үйі өлең төсегінен еріксіз көз жазып қалған жылдан аса уақытты ғасырдай созылған қасыретпен өткеріп алғаш есігін ашқан қаңыраған үйден  әкенің мерейлі лебі мен  анасының арайлы алауы бетін шалғандай елестеп жүрегі жыли көңілі босап кетті. Екі баласын “бисміллә”деп төрге шығарып, өзі әке төсегінің алдына отырды. Жасынан көзге қанық көнекөз мүлікті қарапайым отбасы барған сайын ыстық тарта көзге оттай басылды. Балқия көп айланбай- ақ үй тазалығын қолға алып ыдыс- аяқтарын жарқырата жәйнатып, түтінін түтете талай заманнан бері шөккен тұмандай ұйыған өлі тірлікке жан кіргізді. Шаңырағына қарай отырып “Біздің киеміз де, иеміз де осы шаңырақ. Мен осы шаңырақтың 7- ұрпағымын, сол 7 атадан бері осы шаңырақтан жат жұрттық болып өзге жұртқа ұзатылған қыз бен алланың берген өлшемді құмырын тамамдап о дүнйеге  қайтқандар ғана бір жола шыққан. Өз алдына отау тігіп бөлек шаңырақ көтергендер де бұл шаңырақтың киесіне жылына іззет- құрметін көрсетіп тұрудан жаңылған емес. Сондықтан құт қонып, бақ тұнған осы бір қасиетті қара шаңыраққа түбінде бәрі де оралады. Кие оларды тегін жібермейді өз құшағына алады. Ал оны мойындамаған, құрметтемегендерді ол кие ұрады. Йә, қазірге бұл шаңырақтың иесі мен. Қашан иелері келгенше әкем шаңырағына құрметпен қарап, құныттай ұстауым керек”деп түйді.

Біраздан бергі ұялаған жым- жырттықтың жиегін сөге жақсылықтың жаршысындай шаңырақтан тік көтерілген көк түтін көлбей қалықтап барып ақшабырлана кеңістікке тарап жатты. Ең алдымен аңқылдай кіріп балаларға айнала үйрілген Әймен апа Балқияны құшақтай бауырына баса маңдайынан искеп балалардың бетінен сүйді. Сол- ақ екен нан мен шәй, сүті мен жұмыртқасын көтере арт- артынан келген көршілер үй- ішін мейір- шапағатқа бөлей қазірге тым үзіліп кетпеседе барған сайын сұйқылдап бара жатқан қазақы қайырымның қара нарын шөгеріп қайтып жатты...

 Көздерінен көлгірсудің көлеңкесі де көрінбейтін  ауылдың ақеділ ардақтары- ай деші! Қалтқысыз көңілімен келгендері болсын, қарадан қалғысы келмей “қандай екен” деген емеуірінмен емініп жұргендері болсын, әйтеуір, ауылынан жазатайым көз жазып қалған Балқияны бір жадыратып тастады. Қапияда қолды болып кете барғанда артының тоғыз саққа жүгірткен өсекпен шуылдап қалғанын да, ал басына іс түсіп амалсыз қайта ауылға бет бұрарында беті дуылдап мазасын алғанында ой елегінен өткізе отырып, “жығылған жерінен аяқтан тұруым, шындықты көзі кұлегейленгендерге нақты іс- әрекетім арқылы ұсынуым керек”дегенді ғана ойлаған Балқия көршілерінің бәріне де ештемеден қысылып- қымтырылмай шын жүрегінен қалтқысыз қарсы алды. Әсіресе Әймен апаның: «Өлгендердің жаманы жоқ, тірілердің өсектен аманы жоқ» деген, қызым, кімді кім өсектемеді, кімнен кім пүшек іздемеді дейсің, озығы да, тозығы да араласа жүретін ұлы көш бұл. Қазірге сенде отбасы жан ашыр жақындарыңды ойлап жүйкеңді жұқартарлықтай қауқар жоқ, әуелі өзіңді қолға ал, қалай тірлік жасап балаларыңды бағасың, содан ары өзіңді қалай дамытасың, осыны ойла, қызым, қазірге саған керегі осы,- деген ақылы да бір белге шығарып тастағандай болды. “Әттең, апатайым- ай, табылса жұмыстың несінен болсада тайынайын деп тұрғаным жоқ, мына көгенкөздер қол байлайды ғой. Жұмыс істейім деп мен сияқты балаға байланып шыға алмай отырған келіншектер болса балаларын бағып беріп олардың да жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыра алсам ба деп те ойлайым, бірақ, маған сеніп кім баласын бере қояр деп те күдіктенем”деп ой бөлісті. Ағынан ақтарыла шынын айтқан Балқияға риза болған Әймен апа:

 - Ой,айналайыным- ау, мен сені емес, Азатгүлді көріп тұрғандай болдым ғой, жарайды адамда осындай талап, жігер болу керек. Шешең осы отбасын оңау жолындағы ізгі ниет, қайтпас қажырдан әлі таймай арпалысып келеді. «Талапты ерге нұр жауар» деп ата- бабамыз бекер айтты ма, естісем ағаң да сондай талапты, талғамды болып өсіпті дейді. Енді міне сенде кісі риза боларлықтай орамды ой аитып отырсың. Мен әке- шешең ғана емес, атаңмен құрбы өскен, арғы аталарыңды да көрген кісімін. Бәрі де алла көкейдеріне жазған имандылығы бар ізгі ниетті, қажыр- қайратты адамдар- тұғұн. Әкең кішай ападан туада жалғыз болды да еркелікпен бос белбеулеу өсті. Бағына Азатгүл жолығып оған жансерік те, ақыл- көрік те бола білді. Атаң да осы келініне көп сүйеніп “Азатгүлім аман болса Аймауытым жалғыздық көрмес ”деген үмітпен жасаған кісі еді. Сенің қайта оралғаныңды ұқса Азатгүл де келер, ағаңның ақталып шығуы да ұзаққа бармас, бәріңнің басың қосылса әкелерің де қайда барады дейсің, қызым. Ел бар жерде өсек- өтірік, ірткі- түрткі бола береді. Оны өзінде бір тура талғам, дұрыс ұстаным, сабыр- тақат, қажыр- қайраты барлар ғана жеңе алады. Бәріне де түсіністікпен қарап, түп мақсатыңды орнықтыр да серпіле бекін. “ерте тұрғаныңды қайтейін, шідердегі атты көрмесең, аға болғаныңды қайтейін ақыл- кеңес бермесең”депті ғой біреу, сол айтқандайын қысылып тұрғаныңда саған бір көмегім тимесе апалық борышымды қалай өтеймін. Ел ғой, жоқшылықтың тозағынан да, баланың азабынан да құтыла алмай зарлап жүргеннің талайын көргем, солардың бірнешеуінің басын қосып жұмысыңды көп боп шешеміз, қызым, қысылма ақысына да келістірем. Сен шешең сияқты ақылды да мықты қызсың, саған ел сенетін де, өз еркімен балаларын беретін де болады әлі- ақ.

Әймен апаның аитқаны айдай келді. Айналасы алты- ақ күннің ішінде Балқия 7- 8 балаға бағбан болып қарбаластыққа кіріп кетті...

          *                                        *                            *

Балқияның қайтып келіп үйін «бала бақшаға» айналдырған қуанышты хабары Азатгүлге жетсін. Міне қызықтың көкесі өзге ештемені де ойлауға мұрша жоқ, ес- дерті ұлын шығарып алуға кепіл сома жиумен арып- шәршәп жүрген Азатгүлдің кеңсірігі көрмеген жиендеріне ашысын. Ол не істеу керектігі туралы ойлана келе ауылға барып көріп қайтуға бекіп қожайынынан рұқсат алды. Ертесі балаларына базарлық алмақ боп үлкен жәймә-  «Ордалы базарға»  жол алды.

  Құрылыс заттары, азық- түлік, киім- кешек... болып кете беретін аумақты базар ортасын қақ жарған күре жол  сең ағызған  өткел бермес өзендей екі үйекке айырып тұр. Олардағы жанды тірлікті бір- біріне жалғап тұрған жалғыз аспа көпір үсті де қайшалысқан адамға лық толы. Әуелі батыс базарын аралап керек- жарағын да қамдап болған Азатгүл өзі тойсада көзі тоймайтын әйелдігіне баса арғы бет базарын да көріп қайтпақ болып аспа көпір баспалдағына қадам қойды. Айналасы үш- төрт баспалдақ аттамай- ақ арбаға таңыла алақан жәйған қос таяқты мүсәпірді мүсіркей “біздің жұртта мұндай жәит болмаушы еді, бәлкім, жан ашыр жақыны жоқ шығар”деп алғашқы садақасын арнады. Енді бір бес баспалдақ аттай бере алдына қынтита орап алған баласы бар жер шұқи алақан жәйіп отырған келіншекті көріп “анау ғой арбаға таңылған мүгедек көрінеді, мынанікі не, жап- жас еңбек адамы отырғаны қандай сорақы”деп зығырданы қайнай ұрысқысы келді де, байы тастап қаңғыртып кеткен өз қызы көз алдына елестеп қолының қалай қалтаға сұғынып бара жатқанын аңғармай- ақ бесжүз теңгені ұстата салғанын бірақ білді. Аспа көпірдің арғы бұрышына жетер- жетпесте қой санағандай алдынан өткен адамдарға жаутаңдай қарап алақан жәйіп отырған ақжаулықты ананы көргенде дізесі қалтырай, тынысы тарайа тұрып қалды. Ана да одан көз тайдыра ары қарап үлгірді. Көптен жоғалтып алып қайта жолықтыра алмай жүрген бұл таныс бейнені Азатгүл мына халде жолықтырам деп еш ойламаған. Ой оқтындары бірінің артынан бірі есе бермей жалғаса еңсесін езіп барады. Йә, сол, сол апаның өзі... алғаш келіншек атанып Аймауыт босағасын аттағанда қыз басына тұңғыш реткі келіншек желегі осы кісінің қолымен салынған; Етегінен жәнған көп балалы ана еді,- деп енесі ырымдап тұңғыш немересі Байырқаны да осы апаның қолымен бесікке салдырған; Менің төркінім шақырғанда да апам өтірік- өсекті білмейтін түзу адам,- деп осы апаны ертіп баруға таңдаған... осы ойлармен азкем бөгелген азатгүл “Қаражан апа не істеп отырсыз бұл жерде”деп құшақтай бас салған. Өзін жәй танығанды қойып атын да  саңқ еткізген Азатгүлден бұлтара алмаған Қаражан апа “өзім ғой, шәршәп кеткенсоң жәй дем алып отырған”дей салды. Шәршәп та, тозып та кеткенін онсызда пәш етіп тұрған оның өң- әлпетіне мүсіркей қараған Азатгүл “жүріңіз, бір шәйханадан жұрек жалғай тыныға отырып өткен- кеткенді ақтарысайық, сағынып қалыппын сізді”деп тартыншақтай нарау отырған оны қолды- аяққа тоқтатпай дігір салған. Манадан жинап алуға бата да алмай, көз қырын одан үзе де алмай отырған алдындағы теңге салынған кесе сырын айтқызбай сезген Азатгүл “мына кесеге сіз көзқұлақ болып отырма едіңіз, бұл да басына іс түскен соң амалсыз осы қадамға барған біреудікі шығар, мынаны қоса оған бере салыңыз”деп қалтасынан онмың теңге қағаз ақша алды да төрт бүктеп кесеге салып Қаражан апаның сумкасына сүңгітіп жіберген. Осыдан соң барып апаның аяғына жән біткендей орнынан тұра лып ете түскен.

Шағын дәмхана ағаш сәкісіне жәйған кестелі көрпеге жәйғасқан екеуден басталған әлжуаз әңгіме кібіртіктей барып екі кесе қантталған қою шәйдің маңдайдарын жіпсіте беруімен ақ жасты көз, өксікті лебіз, мұңлы сарынға ауыса ауыз- ауызға тимей жәпілдесіп құрығыр уақыттың кешкі құрығына бір- ақ мойын ілдіртіп барып екеуін екі айырды.

Кеткені келіп, кемтігі толардай қуанып, еріксіз қолды болған нәзік жәнды әлжуаз қызын, әсіресе көрмеген жиендерін көруге асыққан Азатгүлге жолаушылар автокөлігінің адуын арыны өгіз аяңдай сезіліп ашкөздене алысқа қараумен келеді. Жалықты- ау, кейуана, бір сәт бойы байсал тарта мажаурай беріп еді- ақ, көз алдынан өзінен де ары тағы бір кейуананың сұлбасы көлденеңдей қалды.

Йә, бұл айдай ажарлы аршын төс, қайсар да қажырлы Қаражан емес. Ақша жүз қарауыта тотыққан, күлімкөз күлбілтелене домбыққан, айжамалын әжімнің өрнегі басып, белі бүкшие көңілі мүлдемге жасып қалған Қаражан. Бір замандары төрт ұл, бір қыз өсірген, өрісте малы, төрінде домбырасын тыңқылдата қазақы қалжыңның көрігін қыздырып отыратын шалы бар бақуатты ауыл, бардам отбасы- тын. “Шөп шыққан жеріне” дегендей тегінен дән біткен шаңырақты тоқырау заманының залалды закүні де онша тұқыржылатып жібере алмай тоқбайыр қалпы егемендікке іліндіріпті. Үш ұрпақ жаңаланғанға дейін коллективтің тай қазанынан көже ішіп, кең даласынан көбелек қуа көлаттауға үйреніп қалған елдің ебі қаша есі шыққанда да бұл шаңырақ онша шайқалмаған. Амал не «мың күн сынбаған шөлмек бір күн сынып, шалекең екі ұлымен көлік апатына ұшырап бір ұлы мен өзі майдан үстінде қаза табады да қалған біреуі өмірлік төсекке таңылған мүгедекке айналады. Жалғыз қыз әкесі бар заманда ұзатылып бара балағынан бала өрген, ата- енесіне ауызындағысын жырып берген қүндылығымен сол шаңырақтың аяулысына айналады. Алайда жасынан өзінен өзге ештемені көрмей жалғыз өскен бұла сері күйеуі оны көзіне сидыра алмай көргілігін де көрсетеді. Ара түсе бергенге әке- шешесін де шаңырағына артық көргендей қылық көрсетіп екі күннің бірінде көңілдерін қалдырады. Оның бұл қылығына «қарғайын десең жалғызың, қарғамайын десең жалмауызың» деген шемен шиені оңды шеше алмаған ата- ана шер көкірек өмір кешеді. “Беттің түгін сапситпадың, шалбардың балағын шолтитпадың деп әкесі мен ағаларына; басқа баранжы, үстеріңе хижап киіп зікірмен мүлгіп, дұғамен шұлғып отыра бермей телевизор көріп, тойға барып, қонақ шақырдыңдар мен сендермен бірге тұрып күпар бола алмаиым”деп кенже інілері өз тумаларынан бет бұрады. Мүгедек іні мен кәрі шеше күн көрісі қабырғаға қандауырдай қадалған отбасының үлкені   оны істеп тауға,  мұны істеп бауға соғыла бір ісін де оңымен басқа шығара алмай торығып жүріп ұрлық,  зорлық, бұлау- талаумен айналысатын заңсыз топқа шатылып темір тордың арғы бетінен бір- ақ шығады. Сұрқылтайы көп сұм тағдыр осылайша еңбек қуатынан айрылған тұсында көрінгенге алақан жәйу халіне бір- ақ жеткізеді.  Бүитпей де қайтеді, әттең іштен шыққан шыбар жылан- ай деші! төсекке таңылған ұлға талғажау таппай көзін мөлтектете қалай отырады...

Ар жағынан көкірегін кере  ауыр көтерілген бір өксікті күрсініс күркірін неше бөліп әрең шығарғандай болған Азатгүл жасағары сулана көз алды шыбартқан мең-зең хал кешті. Бес- он шақырым болсада беті бүтін жол үзіктерін қоймай бауырын жаздырып алып отыратын Аймауытқа үнемі амандықты ескертіп кеп отыратын мінезін де ұмыт қалдырғандай. Жер танабын қуыра бауырына жйнағандай зулатып бара жатқан көкейін тиын тескен таксиске  еш назар салмай екі көзін алысқа қадай мелшиіп ғана қалған. Бұйыға отырып көзін жұма қалса қарауыта қалбайған Қаражан апа сұлбасы келе қалып селк ете түседі. Ал көзін ашса болды маңынан оңған ешнәрсе көріп тұрмағандай жорта қарап, өз тума табиғатында болмаған бір ашу аңызғағы ызыңдай мазасын ала жан- жұйке, ішкі әлемін мұздата қалтыратып бара жатқандай қалыпқа түседі. Ана ғой, көрмеген балаларын да тез көргісі келіп асыққандай дізгіншіге қарап та қояды. Бірақ, бұл үрдісті де көпке аялдатқысы келмеген бір белгісіз қитұрқы алағызу көңіл көкжиегіне қарай үркітіп қоймайды...

Араласпаған ағайын, көрмеген балаларын көріп сергіп қайтпақ болған әдемі ойын араға талатқандай құлағынан беймаза ызың, көз алдынан буалдыр сағым кетпеген ой әлегі мен жүйке желігі қосарлай қысталаған бойда үйіне де жеткізді- ау, байқұсты.

Үйге кіре үйемелі- сүйемелі отырған төрдегі “төрелердің”қайсысы өз немересі екенін айыра алмай аз- кем аң- таң тұрған Азатгүл бәрін де бір- бір құшақтай маңдайларынан искеп барып қызының сәлемін қабылдады. Қызы ұзақ құшақтап үнсіз егілді. Ананың да қабырғасы пышақсыз сөгілді. Алайда алдан ашылған шоқ гүлдей жолыққан көген көздер ақеділ ананың есін тез жидыра“отағасының үңірейген орны көңілімді құлазытады- ау”деп келген көрбілте ойдан да құлан тазарта қунатып тастады. 

Бетке түзу қарай алмай тұрған сынық қабақ қызын көрген Азатгүл:

- Кірген жерден- ақ осының бәрі менің жиендерім емес екенін білдім, қызым. Йә бір алдану, йә бір жаңылыс болған шығар, кейитін де, кемитін де ештеме жоқ, іс өтті болды, ол тарих. Тарих тегершігін кері айналдыра алған ешкімді көргем де, естігем де жоқ. Оның бірден- бір амалы өткеннің өкінішімен басылмау, өзін жоғарыға салыстырып жасымау, тек бүгінгі мүмкіндіктерді жіберіп алмай жағаласа жүріп аяқтан тұруға ғана талпыну. Мына көгенкөздерді жиып алғаныңнан- ақ сенде осы ниет бар екеніне сендім, қызым. “бала жақсының бір қолын, жаманның екі қолын байлайды”деген аталы сөздің айғағы да осы шығар, бәлкім. Тіпті әуелі сен екі қолды да босатып алғандайсың. Дүние көпке емес, епке тоқтайды деген осы, қызым. ебін таба, ығын келтіре білген кісі қай күндеде жұмыссыз қалмаиды. Ризамын, қызым, тайма осы бетіңнен,- деді. Балқияның қуарған жүзіне қан жүгіріп, иығынан бір жүк түскендей серпіліп қалғандай тіке қарап“қолдағаныңызға рахымет”деп шешесінің қолын қысып:

- Өз балаларым мектеп жасына ілініп отбасымыз түгенделгенше осы балалар қатарын азайтпай жанбағыстың қамын жасап тұрайын, апа, өздерің қайта айналғанда жағдайға қарай көрерміз.

- О недегенің, қызым, үй де, еңбек те өзіңдікі. Адамдардың өз қалауымен сүйген кәсібіне түскендерден түрліше деңгейдегі қоғамдық мәжбүрлену сипатында кәсіп тапқандардың саны әлде қайда артық болады, қызым. Олар сөйте жүріп сол кәсіптің қыр- сырына қанып біртелей сүйіспеншілік орнатып оны өз өмірінің бір бөлшегіне айналдыратыны да ақиқат. Бәлкім, істей жүріп жеке бала бақша ашарсың, бәлкім, анау қаңырап бос тұрған ауыл бала- бақшасы сені күтіп тұрған шығар...

- Ойбой, апа, әзірге ондай дәрмен қайда, әуелі бір отбасына оралып алыңыздаршы, сосын бәлкім, өзіңізбен  бірге қолға алармыз...

       *                 *                 *

Үйден шыға екі шөлмек «желік судың» бірін қызыл кеңірдектен асырып, бірін көлікке жасырған Аймауыт іңір қараңғылығын жамыла құтырған иттей қан талаған көзімен жолда жолыққан сиыр мен иткеде ажырая қарап көлік сегнал тетігін төпештей озандата жанталасты. “шығасына иесі басшы”дегендей байқұсты шәйтән түртіп қан басты ма жол шетінде кетіп бара жатқан бейуаз әйелді қағып жалпасынан түсірді. Ұзын көйлекпен әудем жерге сүйреле барып қалған әйелдің қансоқта «өлігін» көрген ол өзін тоқтата алмай түн қараңғылығына сүңгіді де жоқ болды.

Ертесі сам жамырай қай жер екені белгісіз көліктің бензіні тақа түгеп, жол шетіне тоқтайды, Айекеңде рөлды құшақтай кеберсіп жатып ұйқыға кетеді. Қарсыдан көтерілген күн қызуы маңдайдан өткен бір уақытта оянған ол ен далада егесіз қалғанын бірақ біледі. “бұл қай жер, қалай, қашан келдім?” деп өзін сұрақтың астынан алады. Көз алдына қанға батқа “өлі дене” елестеп бойын қорқыныш билейді. Осылайша бойы сал, ойы дал болып мең- зең тұрғанда қасына бір жол талғамас, жойпан көлік мінген төрт азамат келеді. Оларды көрген жерден жан үшін алдын ала жалбақтай:

- Сәлем, жігіттер! Аттан жал, бойдан хал кетіп тұрғанда су ішерімнің барына жолықтыңдар- ау, бауырларым, адасып кетіп барымнан айрылып масқара болып тұрмын.

- Әуе ашық, жер жазықта қалай ғана адасып жүрсің?!

- Алыстағы туысыма аман- сәлем жасағалы шығып “осы төтемекен”деп бір жолайырықпен тартып беріппін, айып етпей бұл қай жер екенін айтып бересіңдер ме?

- Әуелі, қайдан келесің? Соны айт, бәлкім, үйіңе жеткізіп салармыз. Айекеңнің бұрында 40 кез төбеде жүретін иманы онанда биікке ұшқандай селк ете түсті, білем, “шынын айтсам, кісі өлтіріп қашып жүргенім әшкере болар”деп дауысына діріл араласа албаты бір жерді айта салды. Одан бір шикілікті сезген “сықаяқ серілер”өздері “құдай да, құдайдан былайда”көрмейтін Дөненбай дөкейдің тапсырған қойшысын тапқандай жымыңдасып көлігінің “кеберсіген таңдайын”жібітті де өздерімен бірге алып кетті.

Дөненбай бір замандардың сөзден сорым сорып, қитұрқы қылықтарымен  өрім өріп жоғарыны алдап, төменгіні зорлай алатын  пысықайлығымен өңірдің билігін қолға түсіріп жоғын бар, барын нар; жаққандарының жақ жүнін жатқызып, жақпағандарының алдын ор, артын жар, заманын тар қыла білген өз тұсының айбарлы биі, өңірінің айтулы байы- тұғұын. Оның шаруашылығына жегілгендерінің көбісі- ақ осы Аймауыт сияқты істі болып қашып жүріп жан үшін жатын орын мен ішер тамаққа бола басыбайлы құл болтындар мен маскүнемдікпен үйден безген қаңғыбастар болатын. Ал, мына жолыққандар “аңшылық”пен “дала серуенін сылтаурата ел кезіп ылғида“осындай робут малай” іздеу мен оны қолдан жасайтын сотанақтар болатын. Олар әуелі кәнігі тәсілдерімен Айекеңді өздері «Май шұрқан» атап кеткен  дәмханаларына әкеп “ауызын аққа тигізді”Айекең атасында көрмегенін ботасында көргендей бүйірі шығып, ішегіне оқжылан да жүгіріп барған сайын көзі күлміңдей “желік сулы”стақанмен бірге төңкерілді. Оның осы бабын күте аңдып отырған алаяқтар оған “жанашыр”да, “қамқоршы”бола кетіп ішіндегісін бір- ақ ақтартып, бойындағы бәр құжаттарын тапсырып алды да ертесі «бір мал жоғалса үш күн, екі мал жоғалса жеті күндік ауыздан ас, жоғалтқан мал саны беске толса денеден бас кететінін» нақтап ұқтырып ауыр бір атар қойдың артынан салды да жіберді. Өзіңді дәлелдейтін ешқандай құжат, хабарласатын аспап, ошаң етіп шығатын көліігің жоқ,  оның үстіне ел де, жерде бейтаныс, “басыбайлы құл болғаннан өзге енді нең қалды”. Ал Айеке, «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген үлкен қарғысқа жолыққан деген осы. Қайран Азатгүлім- ау, қадырыңды білмеген екем- ау...» деді де қоймен бірге өріп, бірге жататын қорғансыз құл кейпінде кете барды...

  1.  

Алашабыр бұлт арасынан кейде жартыкеш, кейде бүтін күн сығалайды. Терістіктен ескен бой сергітер жағымды  ескекке ауыл жұрты үмітпен қарайды. Сыры кетседе таптұмдап болсада сынын сақтай білген байырғы ауыл ыстық тарта алыстан қарауытады. Жүрегінен боздай, жанарынан қозылай жүріп егемендіктің емшегін еме тоғайған топ жеткіншек араласып ауыл тірлігі аздап болса да жанданып келеді.Оның үстіне қилы заманның қиямпұрыс қитұрқылығынан қысым көріп, ата- бабаларының басы қалған байырғы отанынан шеттеуге мәжбүрлене тарыдай шәшіліп кеткен отандастарының қайта оралуымен «оралман» атты тағы бір қоғамдық топ өмірге енді. «Пәлен жерде бақыр бар, барсаң бақырды қойып жауырыншада жоқ» дегендей қайда жүрседе жағызып емізген жетім қозыдай жартыкеш өмір сүрген шеттегі отандастарының құлағына «Ел егемендігі» деген қасиетті атау күміс қоңыраудай жаңғыра жүректерін жылта қандарын тулатты. «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайтын» өгей өмір үрдісінде дінін, тілін, ділін бой тұмар қыла жүріп өзге елдің «нан тауып жеуге» жарарлықтай болсада  озғын өнерін маймылша аңди жүріп, көкейге түйе есейіп ес жиған осы топпен бірге дін де, тіл де, байырғы дәстұр- салт пен еңбекқор рух, ұқыпты ұстаным ере келіп ауылда жасалып жатқан аздаған өнімді тірліктерге де мұрындық болды. Йә, пендеміз ғой, пендешілігімізден туындайтын теріс пиғылдарымызды бір арнаға түсіріп жібере қоятындай қасиетті «Исләм құндылығы» мен салтанатты өмір салтын негіз ете қалыптасатын бірыңғай «озық мәдениет те», «өркениетті қоғамдық әдеп те» толықтай қалыптасып үлгіре алған жоқ. Сондықтан да онсызда «тоңып секіріп жүргендердің» тынысын тарайта, «тойып секіріп жүргендердің» қызғанышын қоздырғандай бір енжар заман қалыптаса бастаған- ды. Солайда кешегісіне кеңсірігі ашитын «көнешіл топ» пен жымысқы жылпос, жырынды жыққыштықпен жүрек жалғай жал бітіріп жүрген “жаңашыл”топ арасындағы қайшылық үдеп жас қауым мен «оралман» жұртының өрісін тарайтып, қонысын көбеитпеуге көр- жер тосқауылдар жасап, байырғы қоңырқалта момын қауымды қойып ауылды да ел- жерімен ебі табылса сатып, боллмаса жібек құртындай біліндірмей жұтып жіберуге амал іздей жанын сала жанталасып жүрген тұсқа да куә болдық. Йә, «Күн жаманы кетер, адам жаманы кетсе» дегендей заман жаңғырар, өмір өзгерер. Ежелгі Исләм құндылығы мен тарихи дәстор- салтымыз ұштаса қалыптасқан байырғы ұлттық рухымыз тірілер. «Елу жылда ел жаңа , жүз жылда қазан» деген емес пе, бодандықтан бойтұлға жақтан құтылсақ та, біртіндеп бойға сіңе қанға өткен «құлдық бойтұмарын» тастай алмай тайсақтай да, таиғақтай да жүргенімізді көзіміз көрседе көңліміз сенбей намысымыз қозып, рухымыз шөжіп дал болдық. Йә, «ештен кеш жақсы» деген ғой, дал болғаның «мал болғаннан» жақсы шығар, сол сені «дал» қып жүрген намыс пен ашу ес те жидырады, етек те жаптырады, әрине. Йә, бәрі де уақыттың еншісінде. «Су ағады, тас қалады» шындық осы. Сабырдан айрылмайық, талант- талаптан жаңылмайық, ағайын.

  •  

«Сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іскегі» дегендей заманына қарай өрбіп жатқан өз тұсының шатқаяқ тірлігі Аймауыт отбасының түтінін өшіріп, түңлігін жауып кетуге шақ қалған еді. Шүкір, тақ бермеседе бармақтай бақ берген отбасының тірлігі барып, барып жәйімен оңалып, отбасы қайта құрала бастады. Айналасы екі жылдық жапакеш еңбек, жанашыр мейірмен көзге түсе ауыл Мектебінің білім беру жұмысының дізгінін қолына алып үлгірген Нәзкерім өңірлік бәсекеден алтын орденмен оралды. Екі мың гектарлық алқапты жарым ғасырлық меншікке алған Байырқа «Аймауыт» атында үлкен ферма құрды. Бәрі де аллаға шүкірлік айтып арқа- жарқа қуанысып қалды. Есік- терезесіз аңқиып қаңқасы тұрған бұрынғы бала бақшаны жаңғыртып қайта ашуға ауыл әкімдігінен сұрауы жетпеді ме, жоқ көңіл жетпеді ме ала алмаған тек Балқианың ғана иығы әнтек түсіңкі. Жеңгесі Назкерім “бұрынғы орныңа кел бірге істейік” деп мектепке шақырды. Тегінде сүрінген жеріне қайта баруға Балқия онша құлықты болмады. Неде болса жеке істеп орнынан тұруға бел байлап жүрген қарындасының көңіл- күйін айтпай түсінген Байырқа қалауы бүтін тек төбесін ғана бұзып алып кеткен бұрынғы көршісінің  жұртта қалған үйін күрделі жөндеуден өткізіп беруге уәде берді. Отырса алдында, жүрсе арқасында болатын Байырқа мен Балқиядан көрген немерелерімен мауқын басып Аймауыттың үңірейген орнына қарағыштап жүретін Азатгүлдің де қуанышында шек жоқ. Әкесі жәйлі аяқ жетер жерден іздеп, құлақ жетер жердің бәріне хабарлама таратқан балаларына да Азатгүл дән риза. Әркез ақсарбасын айтып сойып ата- баба аруағына құран бағыштатып іштей егіле тілеу тілеп отыратын. Бұл жолы да сол әдетінен жаңылмай мал сойдырып көз көріп қолымен аттандырған ата- енесіне қатым түсіртіп алла ризалығы жолында көршілеріне таратып, жапалы жылдарда отбасы жағдайына бола көкедерінің үйінде көсіліп отырып көлбеңдеп жүре алмай оқысада өз адал еңбектерімен бірі Америкаға, бірі Жапония еліне білім қуа ғылым жолына түскен кейінгі балаларын көптің бата- дұғасымен аттандырып тастады.    

Айналасы айжарым уақыт ішінде күрделі жөндеуден өткізіп құлпырта безендіріп орташа жабдықтаған шағын бала бақшаның кілтін қолына алған Балқия «Азатгүл» деген маңдайшалық астырды. Ауыл жиналып қол соға қуанып зерделі де зейінді өскен Аймауыт ұрпақтарына, оларды тәрбиелеген ақыл- айлалы қайсар ана Азатгүлге алғыстарын жаудырып жатты...

     *       *    *

Алыстан аңсап байырғы отанына жеткен оралман жұрттың біразы осы ауылға ат тұмсығын тіреп «Аймауыт» фермасынан кәсіп те тапқан. Олардың қатары барған сайын молайып бұрынғы жан- жаққа көшіп кеткен ауыл тұрғындарының орны толып «елге ел, етекке жең қосылып» ауыл тірлігі қайта түлей бастады. «Аймауыттың» жер жағдайына қарай қауын- қарбыз егіп базарға салған Өзбек елінен келген ағайындар аз- ақ жылда «Аймауыттың» атын алапқа танытып үлгірді. Маңғұл елінен келген ағайындар «Аймауыттың» төрт түлігін мыңғыртса, Қытай елінен келген ағайындар жер өңдеп үлкен ферма малын жем- шөппен қамтамасыз етті. Қала кезіп кеткен тұрғын ел түлектері де Байырқаның мұрындық болуымен қайта оралып біреу үй құрылысымен айналысса, біреу мал бордақтап, енді біреулері асхана, дүкен ашып ел еңсесі көтеріле ауыл өмірі жаңа түс ала бастады...

Ел өз алдына кәсіптеніп барған сайын өзін өзі басқаруға ойысып бара жатқан жанды тірлік биліктегілердің біріне ұнаса біріне ұнамай күнделік тексеріс тепеңі күшейіп, алман- салық ауырлады. Алманмен ауызданып, тексерумен тегін жеп үйреніп қалғандар кәсіп түрінің көбейіп, жұрттың жұмыла кірісіп кетуін құптап- ақ бақты. Ал, бәрін ашса аузына, жұмса жұдырығына қаратып үйренген бұрынғы буйрограт шенділер биліктің тым бытырап кетуін құптай қоймады. Талай заман «тай қазанға» табынып, тапқанын ортаға салып, тамғанын талшық қыла қанағаттықпен өмір сүруге көніп кеткен көмпіс жұрт- ай деші! Азда болса өз еңбектерінің игілігін өздері көрудің маңдайға біткен бақ, өз тапқанының дәмін құшырлана татудың таңдайға жеткен тоқтық екенін де енді білді- ау есіл ел! Мың жерден қыспақ, сан жерден қоспақ қойсада тағыда сол көмпіс халық көне жүріп ауыл тірлігін ақсатпады.

Түрлі салалы ашылған кәсіпке жұмыла кіріскен жұрт көбейген сайын бала бақша сұранысы артып, «Азатгүл» бақшасы тарлық ете бастады. Ауылдың бұрынғы бала бақшасын алуға шындап кіріскен Азатгүл ауыл әкіміне барғыштай жағдайын түсіндірумен әлек. Әкім бір келгенде ол, біркелгенде бұл сылтауын айтып қашыртқылай берді. «Пара бергенше бара берді» ұстанған Азатгүлде барғаннан жалықпады. Келе бергеннен шыдамы таусыла көмекейін көрсеткендей болған әкім бір күні “жөн білмейтін қайдағы біреулерше  келе  бердіңіз ғой, осы заманда құр алақанға неке жүре ме, кісіге ұсап бір келмейсіз бе, сосын иір отырып түзу сөйлеспейміз бе, жеңеше”деп құмыға күлгенсіді. Іс сырын біле қойған Азатгүл төтесінен  осыншама уақыт талдырғандағы ойың осы екен ғой, сенде кісіге ұсап төлкесін айтпайсың ба“ қанша сұрайсың”деп күсіп қалды. Біреу- міреу естіп қалды ма дегендей көзі бағжаң ете жалғыз отырсада жан- жағына жалтақтай қараған әкім  өсекші қатындардай ауызын қолымен қалқалап “ақырын”деді де:

 - Ол бір адамның қолынан келмейтін іс ғой, жеңеше, әйтпесе сіздің жағдайды білмейді дейсіз бе, ақылдасатындардың бәрінің де мұртын майлау керек болып тұрмай ма,- деді  міз бақпай. Тәуекел алуға кіріскен Азатгүл:

- Түсіндім, әлгі сұрағыма жауап бермедің ғой, деді асыға. Әкім шалқая көзінің астымен аз қарап отырды да:

- Қаншаға шамаңыз келеді,-  деді еңкейе көзін қадап. Азатгүл әкімнен көзін тайдырмай таңданған пішінде біраз ойланып қалып еді, үміттене қалған әкім:

- Ауылдағы ең үлкен ферманы да, ауыл мектебін де алақанда ойнатып, енді жалғыз бала бақшаны көздеп отырған үлкен қожайынның қалтасы жұқа болмайды, әрине,- деп кеңк- кеңк күліп қойды. Азатгүлдің қарадай қарны аша бір отырып түңілгісі, бір отырып кұлкісі келді. Айтқанына көнбесе ала алмайтынын, алмаса артынан ұйтқыған желдей ескен қаңқу сөздердің боранға ұшқан қаңбақтай сейіліп иығы енді көтеріле ел қатарына ілініп келе жатқан қызымның меселі қайтама деп ойлады да өз ойын білмек болып:

- Сонша ежіктегендегі қалауың не, ашық айтсаң шы?

- Көп айитсам ашкөз екен, аз аитсам олқысынды деп сөгерсіз, жеңеше, нақ санды бірлікті қояйық, бала бақшаны алыңызда айлық табысының жарымын беріп отырғаныңыз жөнбе екен...

- Үй үкіметтікі, еңбек менікі, мен алған жарты пайда еңбекақы мен күнделік шығымға салынады, таза пайда сізде ғана болатын болды ғой сонда...

- Жо, жоқ олай демеңіз, менде оны қалтаға баса береді дейсіз бе, сіздің ұзақ уақыт алаңсыз істетуіңіз үшін талай жерге кепіл боламыз ғой, оның бәрі өздігінен бола қалмайтын шығар...

- Ім, рас, рас қатты қиналатын болдыңыз...

- Сосын, сізде зиянға отырмаңыз, бала басына жинайтын соманы көтеріп, жалақыны төмен ұстап пайда алу жағына таман ойыса кірісіп кетіңіздер. Мен өзім де  аралап тексеріп тұрамын. Бағым ақы, жалақы туралы анау- мынау сөз болып жатса маған айтып тұрыңыз, оны да шәужәйләудың амалы табылады. Іші мұздап, сырты сыздап бара жатсада өзін сабырға шақырып сыр алдырмауға тырысқан Азатгүл “ертеңдер жауабын аларсыз”деп қайтып кетті.

Азатгүл әкіммен болған “келісім кеңесінің” сиқын балаларына қысқаша таныстырды да Баиырқаға қарап:

- Фермаңның енді бел көтеріп келе жатқанын білем, балам. Онымен қатар қарындасыңның да жұмысы енді- енді жанданып өзінің де бетіне қан жүгіріп келеді. Халықтың сұранысы күн сайын артып бара жатқан мынау бала бақша жұмысын кеңейтуге мен қол салып қалдым. Айланып келіп салмақ саған түскелі тұр, қалай қарайсың?

- Ол не дегеніңіз, апа, алла сәтін салып осы отбасын тығырықтан алып шыққан сіз емес пе, маған несіне қарайсыз, сіз не ойласаңыз сол болады. Не ойлап отырсыз?

- Балабақша тегі Тойғанбек әкімнің де, менің де жеке мүлкім емес, ежелден келе жатқан осы ауыл халқының ортақ мүлкі. Ниеті дұрыс, пиғылы кең, басқарып отырған өз ауылының халқын ойлайтын әкім болса қуана- қуана халықтың игілігіне жаратар еді ғой. Іс олай болмады. Ол ойламаса халықты біз ойлайық. «Заманың түлкі болса, тазы болып аяғынан шал» деген. Ол жарым табысқа ие болмақ екен, ендеше біз бақшаның жарым басын өзімізге қаратайық, әуелі заңды құрылыс сарапшыларына үйді бағалатып фото суретімен қоса құжатын маған әкеліп бер. Сосын күрделі жөндеуі мен сыртының қоршауын, үлкен қақпасын, жылу, ток, су жүйелерін жаңартуға кететін қаражатты нақтап есептеп жобалатып меже есеп мәліметін де ал. Нақты мәтериялына шамамыз жетсе жұмысын өз фермаңа істетіп олардың да жұмыс ақы есеп- атын өздеріне қол қойдырып отырып алып отыр. Менше осылар өз басынан аспаса кем соқпайды. Алла сәтін салса ары кетсе екі айда халық игілігіне жарар, балам.

- Өйткенше басы бүтін неге сатып алмадық?

- Ниеті бұзылған адам ондай төте жолмен емес, бұлтаққа салады ғой, балам. Сатса да, ашық жалға берседе  оған түсер пайда болмайды, ақша қазынаға кетеді. Онанда жәңегідей қоян бұлтақ жолмен пайда таппақ қой. Оны алудың өзге жолын менде көріп тұрғамын жоқ.

- Нақты келісімсіз жөндеуге жол бере қояр ма...

- Бұйыра сөйлеп, бұлқына терістеуге бойы үйреніп кеткен шенді ғой, әуелде басынғандай сезім тудырып іштей бұлқынып та алады. Алайда ол бұлқынысы нәпсісінен аса алмайды. Менің қарсы болмай жұмыс бастап кеткенімді «қосылдыға» есептеп ақсақтың аялын баға тұрады. Бара- бара «ақшаны қашан қалтаға басар екем» деп іштей қуана құптап жүретін болады.

- Жарайды, айтқаныңыз болсын. 

Халықтың игілігі жолында «Аймауыт» атты ферманың жарым жылдық табысымен айтулы уақыт ішінде көне балабақша күрделі жөндеуден өтіп, сыртқы қоршауы мен қақпасы жаңадан жасалып үй- құрылыс сарапшыларыныңоңды бағасын ала қалпына келді. «Азатгүл» атты бұрынғы уақыттық балабақша маңдайшалығы салтанатпен көшіріліп  оқу бастау мұрасымы өткізілді. Мұрасымға жиналған жұртқа құрылыс есеп- қисабынан мәлімет берілді. Осы заман талабына сай кемелденген басқару тәртіп- ережелері жәряланды.

Тиянақты келісім жасалмай- ақ балабақша жұмысының жүріп кеткеніне қарап “әй, осылар әнекүнгі ішкі ыңғылға қуана- қуана келіскен- ау”деп түйген әкім мырза  бір жағынан қуанса да, бір жағынан сақтық шараларын да ойластырып қойды. Әкім асыға күткен ай соңы да болды. Үлкен балабақшада істеп жатқан оннан аса оқытушы- қызметшілердің айлық жал ақысы мен балабақшаның  жалпы айлық шығымын алып тастағаннан қалған мардымсыз ақшаның қақ жартысын әкімге апарып берген Азатгүл әкімнің суық қабағын ғана алып жауапсыз қайтты. “Бұл айда жұмыстары жаңа басталды, бәлкім, балалар аз болған шығар, келесі айды да тосып көрейікке” келген әкім тағы да келесі айды тақатсыздана күтті. Бұл айда да алдынғы айдан мандымды ештемеге ие бола алмаған әкім тағыда сұсты қабақпен сүзе қарап үнсіз қайтарды. Іле- шала әкім өкілдігінің жеке тексерушілері келіп есеп тексеріп, қолға ілінер ештеме таппай қайтты. Әкім ашық қуып салуға да, «заңсыз ашылған» деп айып тағуға өз ісінің әшкере болып қалуынан қорқты. Тастағысы да келмей шоқ басқан тауықтай тыпыршыды.

 Ауыл жастарынан онқаншасын жұмыспен қамтып, зор көлемдегі еңбек әйелдерінің қолын босата жұмыс істеуіне мүмкіндік жаратып, «Еланасы» салауатына көтерілген ақылды да айлалы ана Азатгүлден оқ жонбасада, тон пішуді үйренген Балқиядай іскер басшысы бар «Азатгүл бақшасы» арысы ауданға берісі ауылға танылып жұмысы оңды жүріп тұрған бір шақта балабақшаны “менің сатып алған үйім еді”деп жекешелендіру докметін көтеріп біреу келсін. Сосын кесімді күн ішінде үйді босатуға зорласын. Қайтерін білмей қысылған Азатгүл мен Балқия әкімге жүгінсін. Әкім ештемеден хабарсыз “білмес” болып қалсын...

Балабақша қожайыны мен “үй иесі”екі жақ әдеттегі ауыз керісте бір- бірін сотқа беруге дейін барып әр қайсы жақ өз-өзінің аздаған шикіліктерін ойлап «кірім- шығымға тең ортақ болу» сынды алдынғы жобаға келіседі. Аққа құдай жақ дегендей ел игілігін алға қойып ыждағатпен істеген істерін алла оңдап, халық қолдап Балабақша ісі барған сайын кемелдене өрісін кең жәя береді...

 «Тазшаның асығын ұтсам да, тартсам да алармын» деп ойлаған әкім бұл жолы да опыра қармай алмағанына опық жемей- ақ біреудің атында болсада жекешелендіріп алғанын, тағы біреудің қолымен күрделі жөндеуден өткізіп алғанын “жеңдімге”балап азда болса желпініп қалды. Солайда түбі шйкі істің түбеселі болып кете алуына сенім арта алмай өз уақытында опырып қала алмай мынау «Азатгүл деген айдалы тентектің» айласынан аса алмай ит малтауға түскеніне өкіне тағы бір жымысқы есептің қазанын асып үлгірді.

Екі қолы желкесінде шалқалай төсекте жатқан Тойғанбай әкім “осы ауылда бір- бірімен бәсекелесе ашылған ұсақ фермалар аз болмады. Көбісі- ақ «Аймауыт» алдында дәрменсіздіктерін көрсетіп кейі құрып, кейі жұтылып кетті. осы ауылды қойып осы аудан көлемінде онымен бәсекелесе алатын кәсіп орынды көріп тұрғаным жоқ. “Ел аттап келіп қаржы қоса ферма ашатын біреуді іздетсем бе?”жоқ, “өзім аша, қолдағы мүмкіндіктеріммен баса алысып көрем бе?”... әй, мынау қатынның қара тілі ғой, оңайда алдыра қоймас, онымен белдесу үшін де көп уақыт, қаржы, еңбек күш, қаттылы- жұмсақ амал- тәсіл керек. Ондай тәуекелге барады екенсің, көп құрбанықтар да бересің... сөйтіп жүріп мынау бәр айбар қылып отырған лауазымнан айрылып «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлақтан айрылғанның» аяғын құшып еңбексіз- толғақсыз опырып тұрған олжалардан айрылып, бара- бара «отардағының орны аши»  өмірлік өкінішке қалып жүрмейін... сап, сап... әй, алдынғы жорамалың дұрыс- ау, Той... аға” деп түді. Онан ары сабақтай түскен ой аранын жіпселей барып жымың ете түскен ол «оралман делдал» деп ойын тиянақтатқандай болды. Жә, ел мен елді жалғап тұрған қазіргі бір жасырын күш осы «делдалдар» қанеки, қайсысы жөн? Ресей, Түркия, Қытай?... әй, соңғысы дұрыс- ау, оларда ақша да, жымысқы қулық- сұмдық та көп деп естуші едім... жарайды, Той- аға, жарайды дәл төбесінен түстің. Ендігі іс- бітіре алмай жүрген бауыр- туыстарының азаматтығы, өріс- қонысы, тұрақты тіркеу, оқу- жұмыс қатарлыларының бірі болмаса біріне қол ұшын бере бірер пысықай делдал ұстап арғы беттен қаржыгер шақырту,- деп шешті. Ол орынан жеңіл тұра ыңылдай әндетіп барып франсиски конякқа қол қойды...

                          *                             *                          *

Жуықта ғана күрделі жөндеуін «Аймауыт фермасы» жасаған кең аулалы келісті кеңсе. Жасыл бүлістей аумақты алқап. Нақты дерек көзі анық  болмасада біреулер оны “ауыл әкімшілігі майлап отырған әкімнің қаладағы қайнағасының жеке жәйі екен”деп гулетіп жүр. Мейлі кімдікі болсада бағы жанған жұмбақ аула жыл сайынғы «ерікті еңбек» науқанымен де бау- бақшаға айналып болған. Ішінде “ит өліп”жатыр ма, жоқ, “абжылан ысқырып тұр ма”ол жағы беймәлім, әкімнің осы ауланы кісі танымастай гүлдендіріп жібергені көп жұрттың көзі жететін шындық. Оның іскерлігін әйгілеп тұрған басты еңбектің бірі де осы кең аулалы келісті кеңсе. Әкім жуырда осы кеңсе мәжіліс залында ішінде Азатгүл бар халық беделділерін шақырып өзін тағы бір қырынан көрсете көлкектеді. Қабақтары жадырай оң құлақтарын түре қалған жұрт алдына шыққан әкім:

- Менің шешіміммен көтерілген игі істердің нәтижесінде көптеген жұмыс орындар ашылып, ауыл еңбекшілерінің 70- 80 пайызы жұмыспен қамтылып ауыл еңсесі көтеріліп қалды. Бұған мына Азатгүл апай бас болып отырған үлкен ферма мен бала бақша куә...

 Зал ішін шатырлай соғылған шапалақ үні керней барып әзер толас тапты. “Ит арбаның астында жатып өгізге сен боп, мен боп әрең көтердік- ау”депті деген тәмсіл есіне түсе бойы бір ысып, бір суып барып өзін сабырға шақырған Азатгүл де терең тыныстай қол соққан сыңай байқатты. Сөзін онан ары қызулана жалғаған ол:

- Біз бұнымен қанағаттанып қарап отырып қалуымызға болмайды, ағайын. Халқымыз аз болғанымен жеріміз кең, қаржымыз тапшы болғанымен көңліміз көл, сонау жапалы жылдардың өзінде жатсынбай талайды бауырға басып бірінің артықшылығымен бірінің кемшін тұстарын толықтырып осы күнге жеткен кеңқолтық халықпыз. Сол дәстор негізінде мен де осы бос жерлерден ұтымды пайдаланып шет ел әріптестерінің қаржы қосу, техник мамандарын тарту жолымен тағы бір ауқымды істі қолға алғалы отырмын. Егер осы жоба сәтімен аяғынан тік тұрар болса ауыл еңбек күштерінің орнықты кәсіптенуіне кең жол ашылады. Осы бір қуанышты хабарды халқыма алдын ала шүйіншілей құлағдар етіп қоюды жөн санап өздеріңізді шақырып отырмын. Игі істің қашан басталып, қалай өрістеуін аман- сау болсақ алда көретін боласыздар. Барлықтарыңызға нұрлы болашақ қол бұлғайды. Аман- сау болыңыздар. Зал ішін тағы да шапалақ үні кернеді. Басекең кердең басып, кербез қарай кете барды...

     *                                           *                                  *

Ауыл халқының бір аз жұртына көктеулік, күзеулік болып тұрған аумақты алқап биік дауалмен «қытай жамбылындай» қоршалған. Қытай, Қазақ тілінде жазылған «Достық» атты үлкен маңдайшалық астындағы Қара сырлы, қалшиған қара құлыпты суқай қақпада тәулігіне жалғасқан сұсты күзет. Одан тек ғана осы елден жалдаған жәй халықтың қолы оңайда жете бермейтін әлемнің әйгілі маркалы жел табан, желмаялары ғана күніне ауық- ауық кіріп- шығып жатады.

Қоршау іші қазірге саны белгісіз топ- топ таза қытай азаматы. Ішіне қытай туы іліне телевизоры өз тілінде сайрап тұр. Аздаған осы елдің жалданба азаматтары мен азаматшалары да жоқ емес. Бір жағында қытай үлгісіндегі құрылыс жүріп жатса, бір жағында ту даланың ту талақайы шыға қара жер қыртысы қақ айрылып жатыр. Жалданба тілмаш болып арадан ақша сындыру сыңайында екі езуі екі құлағында жүрген Тойғанбай әкімнің делдалы орыс тілді деректор қытаймен төте сөйлесе бастағанда- ақ дәмесін ит жалағандай далада қалған. Кабинеттен ұсқынсыз шыққан ол“әкім осы беті лақтырып кетпес, өйиткені осы компанияны тапқан да, әкелген де мен, ақсақтың аялына баға тұрайын”деп өзін- өзі жұбатумен әлек. Тойғанбай әкім мен Ли деректор жабық келісімде не десті, қалай келісті ол жағы тек өздеріне ғана мәлім. Әйтеуір, “Тойғанбай әкім  таза қытай агро мамандарын әкеліп түсімі жоғары, сапасы сарабдал, өзіндік құны төмен арзан азық- түлік базарға салады екен” деген ұзын құлақ хабарлары ғана желдей есіп жүр. Ал шынтуаитқа келгенде көк өніс, жел- жеміс, майлы дақыл және бидәй егіліп оны мәнерлейтін зауыттар салынып жатқаны, оның жоғары сортты ауыр басы қытайға тасымалданып қалған- құтқан бөлегі осы ел нарығына шығатындығы келіп- кетіп жүрген жалданба жұмысшылар жағынан мәлім болды.

Жұрт аңысы да әр қилы. Өзге ел не біліп, не бүлдіріп жатқаны қайдам. Әйтеуір, «Аймауыт» азаматтары да өз пәйімдарын ортаға салумен әлек:

– Жер біздікі, елбіздікі ақшасы барлар келіп қаржы салып тың ашса, зауыт салса оның несі жаман, бір есепте дұрыс болған екен, көп адам жұмыспен қамтылады.

- Рас, ә уақыты болғанда шығып кетеді, жерді көтеріп кетпейтін шығар...

- Бұлар өте тырысшаң халық ғой, сен осы күнде оның тілін білмей сандалып жүрсің олар сенің тіл- жазуыңды өзіңнен бұрын үйреніп кейін өзіңді жаңылтатын болады, әуелі...

- Е, бауырларым, олардың тырысшаңдығы да, көнтерілігі де, сен тас снасаң құм санайтын жымысқы қулығы да жоқ емес, ар жағыңның қалтырап әрең тұрғанын   танып та болды ендігі, өзің керек қылмаған тілді олар не қылсын, «өз- өзіңді силасаң жат жанынан түңіледі» демеушімеді, олар жанынан емес, ұлтының ең негізгі құндылықтары болған тілін, дінін, ділін құрметтемейтін қандай ант ұрған халық деп бізден түңіліп те, «отарлаудың таптырмас май шелпегі екен» деп қуанғанынан екі жағасына түкіріп те жүрген шығар.

Манадан үнсіз тыңдап отырған Байырқа сөзге араласып:

- Е, өздеріңді жапондықпыз деп отырғаннан саусыңдар ма, сендердің айтқандарыңдай болу үшін халқыңда сол жапондықтардай рух болу керек. Бәлкім, кейбіреуің ойлайтын шығарсың, “біздің бойдағы көктүріктің рухы одан кем бе”деп, әрине, кем емес. Олардай алла жолындағы адалдық, имандылық пен ерлік жер басып жүрген пенделердің ешкімінде болмаған. Бірақ, ғасырдан аса уақыт тәсіл талғамай жасалған азғырындылық, ата- баба рухына жасалған қиянат оны тоздырды. Амал не қадірлей алмадық, енді сол кие ұрмаса игі еді деп қорқам, ағайын. Ана азаматтың айтып отырған уәжі оте орынды, расында өзің керек етпеген тілмен, өзің қадіріне жетпеген ауыл жұртымен санасатын олар істерге жұмыс таппай жүр ме, ең әуелі билік, сосын өзге елдің санасатыны- елдігіңнің тұғыры болған халықтың, соның ішінде мемелекет құрушы ұлттың  елім, жерім дегендегі жанқияр отаншыл рухы, ұлтжанды ұстанымы, бір ауызды ұйтқылығы. Егер осы арқау берік өріліп, алмас берендей жарқырап көзге ұрылып тұрса ешкімде сені жуас түйедей жүндеп, басбілгі атандай көрінген көкатты жетелей алмайды, ағайын. Сосын оған исләм құндылығы негізіндегі ата- баба дәсторы, еврей, жапон, немістер сияқты ізденгіш рух қосылып осы заман салтанатты өмір салтына ұштаса ұрпағымызға жөргегінде сіңірілсе ешкім басына алмайтын құдіретті ел болуымызға көзім әбден жетеді.

- Мен арғы бетте олармен жасасқан, осы жаққа өткелі де осы елдің билік жағалағандарымен санасқан кісімін. Олардағы қылқұрттрық пен бұл жақтағы  жемқорлық «әпекеме жездем сай, сасыған етке борсыған май» дегендей сәйкесе жымдасып кетті. Сендер жерімізді ашып, зауыт салып береді деп отырсыңдар, мен әуелі сол жердің сатылып кетпегеніне күманым бар. Неге? Қытай әлемге әйгілі халқы көп ел. Сол көп халықтың қарын қамын басты орынға қойған ел әуелі, егімшіліктің түсімін арттырам деп химиялық “тыңаитқыш” пен ауыл шаруашылық дәрі – дәрмектерін ұзақ жыл көзсіздікпен кеңінен пайдаланып ел бойынша егіс атыздарының құнарын өз қолдарымен жойып алды. Сосын халқын отбасылық өнер- кәсіпке ойыстырды. Осының нәтижесінде азық- түлік мәнерлеу, тігімшілік, балалар ойыншығы, дәрі- дәрмек тб қатарлы көп салалы отбасылық жеңіл өнер- кәсібі дамыды. Сол тұстағы ел жағдайына қарай “қалыңды жұқарта, ұзынды қысқарта, ауырды жеңілдете пайдаланып сападан гөрі санға көбірек жүгіну ұстанымы дәріптеліп өндірген заттың тұтынушының қолында ұзақ тұрып қалмай тезірек тозып тез айналым қалыптастыру”көзделді. Кезінде осы ұстаным бойынша “құдағи қаитқанша”дегендей жасалған биттің қабығындай жалтырақ дүниелерінің  орта азия еліне енген бір бөлімі кері қайтарылғаны да болған. Осы істен көңілдеріне алаң кірген сауда басы өз еліне барып саясаткер- мамандарға жүгінгенде айтылған бір ауыз сөз күні бүгінге дейін ел аузына мәтелге айнала тарап жүр. Не деді дейсіз ғой? Маман сауда басынан: сен өнімнің сапасын емес, маған шенунігі пара жейме, жемеи ме, халқы бай ма кедей ме соны айт шы,- депті. Сауда басы: басшыларының кішісі үлкенін көргенде байпақшаң жүгіреді екен, кедейлігі сол емес пе азырақ сіріңкелікке- ақ сілекейі шуырып кетеді екен,- депті. Сонда маман: “бастығы жемқор, халқы кедей болса өнімнің сапасынан еш қорқпа!”Деп шорт қайырыпты. Күні бүгін біз осы итмалтаудан шыға алмай келеміз. Ал бізді баяғыда маймылша ойнатып болған жұрттың баласы бір түрдегі өнімнің бір- бірінен айыра танығысыз жоғары, орта, төмен ұш түрін өндіріп қалтаға да, қабаққа да қарай базарға сала беретін болды.   Айналып келгенде шенеуігің жемқор,  халқың кедей, оның үстіне осы «бір кесек майлы етке» сілекейін шұбыртып отырған ашкөз аярларға қойындарына бойжеткен қыз қосып азаматтық алуының жолын ашып қойды. Олар біз сияқты егемендігінен екіленіп жүрген кісілер емес, егемендігін көз қарашығындай қорғап ғана қоймай, амалын таба кеңейте кемелдендіруді қасиетті борышына айналдыра бойтұмар қып алған ел. Жаңағындай ашылған саңылауға іштей сақ- сақ күле үңістеп кіріп кетуге болатынын да; оның үстіне  отырып қалған қыздары мен  дін, тіл, діл талғамы жоқ тек ғана ақшаға табынып қалған ұлт азғындарының аз емес екендігін де өз елінен шықпай жатып- ақ зерттеп болып осы жағдайлаларға өздерін даярлап келген топ бұл. Олар өзіміз ашып беріп отырған “заңды саңылауды”жерден желкек тапқандай қуана пайдаланып, сол өзіміз дайындап отырған “қаракөз қалындықтарының” атында жер ғана емес талай- талай қол жетпес асылыңды өздеріне айналдырып заңдастырып болады.

- Ондай жымысқы қитұрқылыққа халық, сол халықтың бірі болған біз төземіз бе, сол күні- ақ ереуілдетеміз.

- Соны өз уағында біле алатын мүмкіндігің болғанда ғой, жәриялық жоқ, жабық келісімде не делінгенінен хабарың болды ма? мысалға осы жерді ең ұзақ болғанда 49 жылға майға берді дейік, қазірдің өзінде зейнетті демалысқа жақын қалған Тойғанбайдың енді жарым ғасырда сүйегі де шіріп болар, әуелі. Сонда барып уақытың толды, енді қайт десең мәлкілдеп отырған қазақ шешесін ертіп шығып қытай жиенің- ақ қақбастан бірді қойып сенделтіп қуып шықпасына кім кепіл.

- Айналайындар, дегенмен саналарың өсіп қалған екен,- деп сөзге алаласқан Азатгүл:

- Айтып отырғандарыңның бәрі де мүмкін, солайда не нәрсеге де басшы болатын адамдардың ішкі мүмкіндіктері екенін ұмытпаңдар. Адам баласының ішкі ыңғылында жасырынып жатқан ақыли, имани, ғылми және мәдени мүмкіндіктері дұрыс бағытта оянса ол адамдарды жалпыға ұнайтын оң бағытқа бастай алады. Ал ол арамдық, айярлық бағытта оятылса онда ол табанының астынан арғыны көре алмайтын, қара басынан өзгемен санаса алмайтын тоғұшар тобырға айналдырады. Жаңағы Байырқа айтып отырған құндылықтармен жөргегінен бастап суарылған адамдарды жол ортада ешқандай күш оңайда жолдан тайдыра алмайды. Мысалға Тойғанбай әкімді айтайық, ол жасынан өзінің ұлттық менталитетіне жат бөгде мәдениетте тәрбиеленді. Өзгесі толық деген күннің өзінде ол имандылық пен ұлтжандылықтан қатты шеттетіле баулынды. Осы екеуінің кемшіндігі- ақ оны не не келеңсіздіктерге апара алады. Біздің қоғамда жасап отырған ересек адамдардың әсіресе қазіргі биліктегілердің көбісі- ақ осы Тойғанбай басқан сүрлеумен келіп бүгінгі қоғам төріне қонжиғандар немесе соған еліктей ентелеп жүргендер. Демек, бұл ұзақ уақыт ешкімнің отарын көрмеген, өз ұлттық тұтастықтары мен ұлттық құндылықтарын сақтап табиғи даму үрдісінде келе жатқан ежелгі іргелі ел азаматтарына салыстырғанда біздің ел азаматтарының “анау былай істеген екен бізде солай істейік”дейтіндей формашылдық пен ұраншыл мақтангөйлікпен жасалатын әрқандай қоғамдық “жаңғыртуларға” дайын емес екенін түсіндіреді. Мысалға «жер сату» әрқандай ес- ақылы дұрыс елде болмаған үрдіс. Ал, «ұзақ жылға майға беру» көп елдің қолданысында болған.  Ашық келісім жасалып, халықтың назарында ұсталып  мемелекеттің пайдасына шешіліп отырған. Біздегідей қабақ қақты, көз қысты жолдармен көлеңкелі бизнеске айланып алатынын алып, қалтаға басатынын басып алғаннан кейін «сатылады, майланады» деген дақпырт тарата жұрт құлағына сіңіріп қойып, баяғыда басып болған “жат табанды” көріп ашынған жұрттың азғантай ғана бейбіт ереуілін жаныштай жөнелетін көркеуделік қатарлылардың бәрі де заңдық, мөралдық, иманй жақтарының бәрінен биліктің де, халықтың да дайын емес екенін көрсетеді.

Қоңыр шылапасын шекелей киіп, ақ жейделі ашық омырауын әнтек көтере сөз алған саркідір заңгер:

- Табиғи талқы болсада әдейі ұйымдастырған сұхпаттан артық сезілді маған, Азеке, сіздер өрістетіп отырған ойтүрткілер нағыз ұлт жанашырларынан ғана шығатын бағалы пәйімдер екеніне еш шүбәм жоқ. Ал мені одан да бөгделеу бір ой мазалап отыр,- деді еңкейе төңкерген ойлы көзін Азатгүлге ауната. Жұрттың назары тегіс оған аударылды. Ол:

- Тойғанбай мен қытай деректорының құпиясы қазірге тек өздеріне ғана мәлім, оны да өз еншісіне алған уақыт күндердің бірінде ашады. Ол өздері айтқандай мемелекеттің, халықтың мүддесіне үйлесімді, пайдалы дүние болса «елде болса ерінге тиеді» дегендей бәрімізде ортақ игіліктенеміз. Ал мемелекеттің, халықтың мүддесі көзделмеген ат төбелеіндей азғын топтың арсыздығы болса ол да тарих таразына тартыла отырып жазасын алмай қалмайды. Менше ол қандай жолмен құрылсада негізгі мақсатының бірі болып ұзақ уақыт аңдыса алысқан  «Аймауытқа» қойылған белді қарсыласы емес пе, - деп күмәндана берем. Олай болатыны неге «Аймауыттың» жанынан ашылды? Неге  тек «Аймауыт» айналысып отырған өнімдерді ғана қолға алады? Байырқа:

- Бәсекелестің болғаны да жақсы ғой, аға, өндірген өнімдерінің сапасы ақиқи жақсы, бағасы жәй бұқара үшін қол жетімді, жұмысшыларының еңбек ақысы жоғары, басқарылуы осы заман талабына сай кемелді болса, әрине, оны мойындау керек. мойындап ғана емес, өзара тәжірибе алмастырып үйренуге де мен дайынмын. Заңгер:

- Оһо, бір жағынан ескертіп, бір жағынан өзі де бекем рухыңды онан ары шыңап қоюды көздеп едім, бауырым, жарайды, ойымнан шықтың,- деп орнынан тұрған заңгер оның қолын қысып- қысып қойды. Аналық та, даналық та рухы тасқындап барып өзін шүкір мен сабырға шақырған Азатгүл де “алла тілден, көзден сақтап жолын онан ары оңғарғай” деп іштен күбірлей орнынан тұрды. Жұрт Байырқа рухын қуана құптай тарап жатты...

 *                                  *                                           *      

Алқапты ауылды тұтастырып тұрған күре тамырдай орталық көшеге жүріліп жатқан абаттандыру жұмысынан ығысқан әр отбасынан өрген ірілі- ұсақты түліктер тобы шеткі көшелерге ойыса бір- біріне қосылып қарасын көбейте көсіліп барады... Көше сайын ашылған дүкен, шәштаразхана, түрлі өңдеу- жөндеу шеберханалары мен бұзылған үй орындарынан бой көтеріп келе жатқан жаңа шаңырақтар да көңілді тоғайта көше көркін асырып келеді. Орталық көшенің оң жағына жанаса жарысқан екінші үлкен көшенің ортасында Аймауыттың ақ ордасы. Ол шаңырақтың арыдан жалғасқан тегімен де, бүгінгі замана лебімен де жаңарып «Ақ орда» атанған. Онда қазірге десі жүріп тұрған отана-  Азатгүл. Ол түскен келін, күн сайын өсіп келе жатқан немерелер мен жиендер жағдайына бола Аймауыттың көзіндей ыстық көнетоз үйін бұздырмай тағыда екі-үш бөлме қостыра жаңартып қойған. Бүгінде ол бұрынғыдай екі сйырдың тартынағы мен бес тауықтың берешегіне байланған шәкене тірлік емес, ұлы өмірден ұнасым тауып үлесін алған, асыл ананың аялы алақаны мен парасатынан салауатты өмірдің жүйесін тапқан ұлағатты ұрпақтарының жемісті еңбек, өрісті өнбегі бар үлкен шаңырақ, алқалы аула.

Үлкен ауылдың сан тарау көшелерінен ашылған шағын дүкен, ұсақ жәйма, кішігірім асханаларының көбісі- ақ “алыстан арбалағанша жақыннан дорбала” деп «Аймауыт» фермасының жерлік өнімдерін саудалайтын. Несиеге алып ай соңында есеп айырысатындары да жететін. Жеке кәсіп ашуға қызығуы да, ебі бар, алайда дәрмені жетпей дал боп жүргендерге арнап кейбір ұрымтал жерлерден сауда төшкілерін аша ешкімді алаламай кәсіптендіруге жебей жетелеп жүрген де осы «Аймауыт». Тіпті кейбіреулерді айналымның пайызсыз несиесімен қолдап, ал кейбіреулердің көрдей қысқан жоғары пайызды банктен құтылуына қол ұшын беріп жүрген де осы «Аймауыт». Осылайша ауыл халқының тынысы да, ырысы да бола білген үлкен ферма ауылдан аудан, аймаққа дейін қанаттанып барған сайын ебін таба күшейте түскен тебінді тексеріс, ауқымды алман- салықтан өздерін заңмен де, кәсіби мамандықтарымен де қорғана білген «Аймауыттықтарға»  ойламаған жерден бір- ақ күнде «сауда соғысы» жәрияланды.

      *                  *                  *

Сайоз заманында ауыл шаруашылық техникаларына арналған бір гектар мөлшеріндегі үлкен алаңда тұратын түрлі техникалардың жыбырлауға қауқары барлары таланға түсіп, тот баса қалдық темірлге айланғандары ұрдалып біткен. Талай жылдар бойы қара қурай баса қарауыта мүлгіп тұратын осы жерге «Аймауыттықтар» жан бітіре «ерікті еңбек» дүмпуімен тал егіп жайқалтып қойған-ды. Ойда- түсте жоқта осы талды аумаққа жасыл түскендей бір- ақ күнде қара топырағы шыға тілініп «қытай фермасының» шойтабан жойпан тракторларымен тегістеліп ашық аулаға айландырылды. Әрбір жерден жәйма базарға арналған ағаш сөрелер жасалып мерекелік базар ашылды. Екі қолтығынан тік қас, жыланкөз, айдағар жал, жәйнауыз қып ерекше жасандырған қытай бойжеткендерінің демеуімен біржағына аспанкөк, бір жағына қанқызыл ту ілінген мінберге көтерілген Тойғанбай әкім мерекелік базарға жиналған жұрт алдына шығып бір қолына кіші гірім қауындай алма, енді бір қолына жарты метір ұзындықтағы үрдеген бүйендей қияр ұстап, алдына төңкерген қазандай көкжолақ қарбыз қойып ыржалаңдай жұртқа қарап:

-Мына дүниелерді адам қолымен өндірілген дегенге біреулеріңіз сенбейтін де, бәлкім, біреулеріңіз “перілер әлемінің мынау Тойекеңе бір- ақ түнде жолдаған сиы”деп ойлауларыңызда мүмкін. Ол олай емес, мынау “аспан асты елінен”келген қытай азаматтары мен оның күннен күнге дүниені жаулап бара жатқан техник- мамандарының құдыреті. Мынау «Аймауыттың»жігіттері еккен өндімес шөже бастардан онын жегенше мынандай алып қауын, әйдік қарбыздан біреуін әкеп ақ түйенің қарнын ақтарғандай жарып салып көрші- қолаңдарыңмен бірге тоғай кәні бола біліңіздер. Бұдан кейін менің жарлығым бойынша ауылдағы барлық сауда орындар осы мен таныстырып отырған қытай фермасының өнімін базарға салатын болады. Деп сөз кезегін Лидеректорға ұсынды. Ол алдын ала дайындап қойған делдал тілмаштарға қарап та қоймастан “қазақтың жері де, пиғылы да кең, қыз- келіншектері сұлу, үйдеріне кісі талғамай қондыра беретін қонағуар, онда ақша- азықсыз жүріп- ақ сіңіп кетуге болатынын білдік. Бізде «саудада достық, селбестікте туыстық болмайды» деген ұстаным бар. Келіп жұмыс істеймін дегендерің «істегендеріңе қарай тістеп, еккендеріңді орасыңдар»...”деп өтеде бір орамына келмеген орашолақ орысшасымен мандырап жүріп мазмұнын ұқтырды.

Қытай фермасы өндірген көкөніс пен жеміс- жидектердің сыртының жылтыр, көлемінің үлкеніне қарады ма, жоқ Тойғанбай әкімнің бұйрығынан аса алмады ма алғашта көп дүкен сөрелерін осы өніммен толтырды. Жастары қуана балалары алақайлай құшақтай көтере кіргізіп бұғы жарғандай майрағайда –тайрағай болған үлкен отбасының балалары ашылаған қозыдай лап қойды. Шымқай қызыл күреңдене құм бедер болып тұратын жерлік қарбызға туғалы көздері қанығып кеткен кариялар жағының өкпе ауыруынан өлген қойдың өкпесіндей ақ тарамыстанған бозкүлгін жалқақ түсті көріп жалтыраған сыртына қарап тамсанған сілекейлерін қайта жұтқандары да, ауызына салып түкіріп тасғандары да болыпты. Тіпті әуелі, қызығумен молынан алып алған алмаларын толық екі күн сақтай алмай шірітіп алғандарға да, қыстық картошкалардың сырты түлей қара теңбілдене суланып кеткендеріне де куә болып жүрдік...

Несін жасырамыз, қанша дегенмен бәсекенің аты бәсеке ғой, ауыл базарлары жоғарыдағы қысымнан да, қызығудан да аса алмай осы «жасанды тірлікке» қарай аунап, «Аймауыт» дүкендері біраз уақытқа тоқырай, саудагерлері де одан жәйімен қожырай бастады. Оның үстіне жасанды тыңайтқышпен тойынып, дәрімен ісінген бәсекелес серіктіктің көкөнісі «Аймаыттықтардың» табиғи көкөнісінен ай бұрын базарға салынып уақыт жақтан да ұтты. Алғашта «аймауыттықтардың» көңіліне алаң кірмейде қалған жоқ. Әсіресе бұрынғы марқа көңілмен алқапты аумаққа салып тастаған қауын- қарбыз,  картошкалардың келешегіне көз жеткізе алмаған жұмысшылардың біразы бәсекелес фермаға кетіп те үлгірді. Байырқа алыс аймақтардан базар іздеп сабылды. Азатгүл қауын, алма қағын кептіретін салқын сөре жасатып әбігерленді. Азатгүл Байырқаның өрістетіп сату ойына тек қарбыз бен картошкаға ғана рұқсат беріп, бал қауын мен алманы тілдіріп кептіруге бұйырды. Өзі бас болып араласқан Байырқа қоныс ала алмасада өріс алып көп пайда болмаса да көп шығымның алдын ала алды. Ал шешесі Азатгүл қауын мен алманы жақын маңға тек заказбен ғана саттырып қалғанын мейіздей кептіре еш шығынсыз жинап алып қыс түсе базарға салып тым күсет болмасада аздан- аздан жәйімен өте бастағанына қуанды. Тегі ішкі қытайдың «Ақсай қазақ ауданынан» келіп ұзақ уақыт қол астында істеген есепші отбасы қыс маусымында ішкі қытайдағы ата- анасына барып аман- сәлем жасайтын әр жылғы дағдысы- тын. Айтулы уағында қауын, алма қағынан аямай сәлемдеме әзірлеп ақ көңіл Азатгүл оларды аттандырып салды. Ағынан жарыла аттандырып салған жолаушыларының азғантай сәлемдемесінің үлкен нарыққа жол ашарын Азатгүл ойлап та көрмеген. «Аққа құдай жақ» дегендей жолаушы салқын қоймада қалған қақтың бағын қытайдың «Ланжу базарынан» ашып оралыпты. Ол өзінің сол Ланжу қаласында Шинжияңның жел- жемісін саудалайтын інісін ерте келіп, әрі қоймадағысын қотара түбін көрсетіп, әрі  үзақ уақыттық келісімге отырғызып қайтарады. Алғашқы сауда Ланжудан Қытайдың «Ші- ан» қалалық көк өніс базарларына дейін өрістеп, аз- ақ күнде тек ғана қауын, алма қағы емес алма, қауын- қарбызға дейін сұраныс арта түседі де сол жылдың өзінде «Аймауыт» серіктігінің көк өнісі  қытай нарығына шығып үлгіреді. Жерден құнар, адамнан иман кетіп талай заман өздерін жоғардағыдай «тамырланған керқызыл өлексемен» алдаусыратып келген қытай кариялары бұрын да өздерінде болатын күрең қызыл құм бедерлі шекер қарбыз, бал қауынды көргенде ауыздарынан су, көздерінен жас аға тамсана бір- біріне көздерін сығырайта күле қарап қауқылдаса бармақтарын шығарысып жатады...

Алланың қалауымен әлемдік базарға кең жол ашқан Азатгүл аз- ақ жыл ішінде көкөніс өсіру мен мәнерлеуді «Аймауыт» фермасының басты игілігіне айналдырады. Өзге ауыл халқына да заказбен жел- жеміс ектіріп барған сайын артып бара жатқан сұранысты қамдаудың қарекетіне кірісіп кетеді.

Алғашта ұшқыр аттай шапшуырлаған Тойғанбай әкімнің «Достық» атты Қытайіски фермасы“ұрының арты қуыс” дегендей барған сайын“қуысы” ашыла аларманы азайып, тігісі сөгілген сайын тырнақ астынан кір, сол “кір”  арқылы үйреншікті «көлеңкелі бизністен» “нұр”іздей бастайды.

«Достықтың» атқарушы деректоры қазекең «таңшаян» атап кеткен Таң шиаянның кеңсесі. Деректор күрең сырлы жалпақ үстеліне жарастыра қойған биік арқалықты айналма орындықта қушық шекесіне сәйкескендей қысық көзін қиғаштай етті бет, дүрдік ерніне қыстырған сигар түтінін будақтата шалқалай маңғазданады. Омырауы жартылай ашыла иығынан асылған қазақ не басқа түрки ұлттарының бірі екені белгісіздеу иі қанған ішті бие секілденген келбетті келіншек. қара көзіндегі аздаған ісігі талғақтың алғашқы құсығын аитпай бедерлегендей мұрын үсті мен көз алды көк теңбілдене көблігіп тұр. Мөлшері екі мен үштің аралығын көрсеткендей «Таңбаян» атты кішкентай қыз бітиген көзін сығырайта «Қытай мемелекет гиміні» ырғағымен бірдеңесін өзінше былдырлатады. Келгендердің бас- аяғына бір шола қараған Таңдеректор:

 - «Достықтың» бағын ашатын да, сұрқын қашыратын да осы отырған біздер. Бізді осы орыннан көлеңкемізді ұзартқан да, аулының қасиетті төріне шығартқан да Тойғанбай әкім екенін ұмытпайық, ағайын. Алғашта біраз дәурендей қалғанға дандайси қалдық па, жоқ, Тойекеңнің  «Қазақ сығаламайды, сығаласа кіріп кетеді», ана Азатгүлден оның “асыранды ала күшіктерінен”қырағы болыңдар, - дегеніндей «сығалатып» алдық па, қазір ол емес, біз ықсырадық. Бұған жан- жақтылы ойлана, көлеңкелі- жарықты қармана амал- шара табуымыз керек.

– Ол мәнерлеген жеміс қағын бізде мәнерлеп шекара асыруымызға болады, ғой!?

– Ол үлкен нарыққа шығып танымал болып та, «Алаш» атты әйгілі марка жаратып та болды. Жуырда естісем «Жібекжол» атты табиғи сусындықты ғылми сараптан өткізе маркасын алыпты дейді.

– Ол ол ма, бауырым, олар көрші ауылдан ұлан- асыр жәйілім алып түйе, жылқы өсіріп «Байқазы» атты қазы- қарта мен «Ақжелкен» шүбәтін ішкі базарларда сынақ қып алдын  Еврофа нарығына шығарып үлгіріпті. – Нарық әлемінде «Ақшаны ақша табады» деген сөз бар, олар біріншіден қорланып алды; қала берді, «көш жүре түзеледі» дегендей тәжірибе жинай ес жия, етек жауып кетті.

– Мұнымен не айтпақсың, бізде олармен бәсекелесу қабілет жоқ демексің бе?

 – Олай емес, бір тауықтан алты аяқ, сегіз сирақ шығарып, жасанды ет, жұмыртқа, жел- жеміс... өндіріп милиорттаған «қара құмырысқа» ішінде қарақұрықтатып тамақ асырауды ғана ойлайтындай арғы бетте жасап жатқанбыз жоқ ғой, солғұрлы басымызға не күн туды, енді мына айналысып жатқан «у өндірісті» тоқтатайық. Бізде солар сияқты жерлік өнімді қолға алайық, тіпті көзсіздікпен бәсекелескенше олармен ымыраға келейік,- демекшімін.

– Ей, олардан йә, аса алмасақ, йә, баса алмасақ Тойекеңе не бетімізбен қараймыз...

 – Бәрің де жан ашыр, жақындық танытып жатырсыңдар,- деп әлгі жалаңаш бөксе, ноқталы кексе бикеш құйған ұзын сабақты биік стакандағы «қазақстан кониягынан» бір жұтып жіберген Таңдеректор сөзін онан ары жалғап:

- бұл жерден енді жерлік өнімге көшіп ештеме өндіре алмаймыз. Өйткені топырақтың су сіңетіндей қабаты бұзылып болды. Ол өзінің табиғи құнарын химиялық тыңайтқыш пен ауыл шаруашылық дәріге сорғызып шегенек болып қатып қалды. Баяғы ішімдікке берілген алқаш адамның бірер тостақ арақ ауыз тимесе сөйлей алмайтыны, көп ішкен сайын көпіре сөйлейтіні сияқты, химиялық тыңаитқыш пен дәрі- дәрмек бергеніңе қарай аз берсең аз, көп берсең көп өнім береді, бермесең ештеме өнбейді. Осылай жемдеген аттай көндіріп алған жерден де, айтылмыш «апат» атанып жүрген дәріден де қол үзе алмаймыз. Менше оның екі- ақ жолы бар: бірі, осы көлемнен ұлғайтпай көкөніс, жел- жемісті жалғасты сала беріп, көкөністі де, солар сияқты мәнерлеген қақты да «Аймауыт» кірген үлкен нарыққа қатар шығару; енді бірі, Тойғанбай әкімнің қолқалаған төмен өсімді ұзақ уақыттық несиесін де алдырып, тоқпақ жал торы айғырдай ашылған айызын да түрлі жолдармен қандырып тағы да жер талап ету. Мұның бізге жеңілі алдынғысы.

 – «Аймауыт» тыңнан жол ашты, кілент тартып, танымал марка тіктеді, ал, біз ші?

 – Һі, һі, һі... бастарыңды біраз шайқап- шайқап алып сөйлесеңдер ші!? Біз осы елді сырттай “жері қаншалық кең болса, пиғылы да сонша кең”екенін білгенде қуана- қуана ептеп жетіп алуға қаншама асықтық дешеңші! Бұларды енді капустаның қабатындай ақырындап арши отырып тек пиғылы ғана емес не не ұтымды сөзге бай ел екенін де біліп үлгірмедік пе!? Білесің бе, бұл елде «бидәй ішінде бидайық су ішеді» дейтін бір керемет сөз бар. Біз енді сол бидәйықтың рөлін ойнайтын боламыз, һі, һі, һі... Осыншама тереңіне бойлатқан айналайын, «Гүлбикем»,- деп қасындағы жалтаң көз сұлудың жалаңаш кеудесіне қарай сілекейін шұбырта барып тұмсығын сұғып жіберіп 20 мыңдық көгала қағазды кіндік үстінде тұрған таңқы етек астындағы шолақ дамбал ышқырына қыстыра оның онсызда телмеңдеген көзін жәйнатып, теңірейген бөксесін бұраңдатып жіберді...

– Әй, қулығына оңайда құрық бойламайтын, айналайын, басекем, енді Азатгүлдің даяр маркасына мынау «толған торсықтарды» тоғытпақшы екенсіз де?!- деп астақтай үстінде шәншулі пышақ түбінен су ағып тұрған дәу қарбызға қарап қойды, буға пысырған картоп тектестеу солбырайған біреуі.

– Сендер өз жұмыстарың мен орындарыңды ғана біліп бұрынғыдай істей беріңдер. Мен ішкі қытайдағы бір кластасыма «Аймауыт» маркаларының үлгісін жіберіп қойдым. Өнімдерің «Достық» боп үйден шығып, «Аймауыт» боп базарға кіргенін еститін де, “ойбай, шеттен кіргізген табиғи таза өнім”деген дақпыртпен “аш битін” сала қаптағандарды әлі- ақ көретін де боласыңдар.

– Ағеке- ау, екеуі екі түрлі өнім ғой, әшкереленіп қаларма екенбіз?

– Несіне алаңдайсың, үлкен теңіздің шабағына жіберген “ақ мысық” пен “қара мысық” бір- біріне жетіп болғанша да біраз уақыт молшылықпен өмір сүріп, олар бір- біріне «жетті- ау» дегенде момақанси жинала қаламыз...

– Ағасы- ау, сіздің ойлағаныңызды ел баяғы да- ақ ойлап арғы беттің өзінде осы ел атында жалған компания құрып, өздерінің жерлік өніміне кежім жаба базарға салып «қойдың басын іліп, иттің етін сатқандай» жағдаймен сіз айтқан “маркалардың”қасиетін қашырып болыпты деседі ғой, біраз ұғысып алып көрсек қайтеді?

Манадан бірін білсе де, бірін білмей мең- зең отырған жерлік сарыға қараған Таңшиаян:

 - Сен неге үндемейсің, не білген ойың бар, деп суқай қарады. Оның сөзін тілмәш арқылы ұққан ол:

- Йә, мынау шын айтады, былықтырып болыпты. «Аймауыттықтар» қазір өздерінің бұрынғы істестік жасасқан фермаларының көмегімен ірі қалаларынан тұрақты сауда төшкіларын ашып тек соларға ғана жеткізіп жатқан көрінеді.

- Ойпырай- ойпырай, Тойғанбай бекер быжалақтамаған екен деші, оның да алдын алып үлгірген екен ғой, әй, мына қара тіліңнің айласы әуелі «қырық» емес, «мың қашырға жүк» болатындай екен. Енді жер туралы Тойғанбайды шырғалау дан басқа амал да қалмаған көрінеді.

- Мынау да қомақты аумақ ғой, мұны қайтеміз...?

Манадан үн қоспай конияк құмырасын айналдыра жымиып тұрған “ерке сылқым”:

- Гүлбике ханым оған ие бола алмайды деп тұрсың- ау шамасы,- деп бір жақ езуінен суық күліп қойды. Жақатпаған райда оған сұсты қараған Таң Шиаян:

- Е, бойың шелденген сайын ойың желдене Шаңхайда оқып жатқан «Таңбақыт» атты кішкентай орда басарың бар екенін май шұрқанға жүзіп жүріп сен де естен көтеріп алған көрінесің ғой,“ерке сылқымым”. Сен ұрпағы жоқ тұл қатын емес, қалтаңда ақша, отбасыңда йеленген бақша бар ту қатынсың, мен шындап келгем жоқ, солайда ұлың өлген жоқ. Осыны біл, қашанда мүлік мұрагері сол екенін жадыңа түй, түй де өз орныңды біл,- деп соңғы дыбысын ызбарлана ысылдатып шығарды.

Жүндері жығыла үрпиісе қалған жұрт бірден- бірден есікке бет алды. Крослода шалжиған Таң мырзаның ерніне қыстырған сигарын «Гүлбике» жақұт көзді шақпақпен тұтатып жатты...    

  •  

Бір игі істің сәтті басталыуы мен жемісті аяқталуына арнап дасдарқан жәйіп әуелі аллаға ризалықтарын білдіріп, сосын құлшынысты еңбектерін салтанат етіп отыратын Азатгүл ауласында бүгін тағы бір ақсарбас айтып сойылды. «Аймауыт» пен «Азатгүлде» жұмыс істейтін жұмысшы- қызметкерлердің басты өкілдері шақырылып ата- баба аруақтарына  құран бағышталып,  дұға- тілек жасалды. Қайсыбіреулерше қоластындағыларын құлдай емес, еңбегін сіңіріп үлесін алатын ұлдай көретін Азатгүлді, оның осы қасиеті дарыған қожайындары  Байырқа мен Балқияны да, білімімен даралап, қабілетімен ағалап барған сайын ауыл мектебінің тірегі мен жүрегіне айналып бара жатқан Назкерімді де жұрт қатты сйлайтын. Жәйылған дастарқанға қатысты жол- жоралар аяқталып болғаннан кейін орныға отырып кең толғана сөз алған Азатгүл:

Аллаға шүкір, осы шаңырақ қолға алған Ферма мен Балабақша жұмысы өздеріңнің осындайда бере жүретін ақыл-көмектерің мен нақты істе аянбай сіңірген еңбектеріңнің арқасында барған сайын көлемдене көркейіп келеді, ағайын. Көппен пішкен тон келте болмайды деген ғой, бүгін өздеріңнің алдарыңда ойға алған бір екі ісімнің иін қандыра тігісін жатқызып алсам ба деп шақырдым. Бірі, шаруашылықтың ұлғайуына байланысты Ферма мен балабақшадан кәсіп тауып, кәсібінен нәсіп теріп отырған отбасы қазірге жүзге тартып қалды. Бұрынғыдай бәрі де бірыңғай өз ауылымыздың байырғы тұрғындары емес, ауылдастарымыз, әрине, таразының ауыр басында, солайда көршілес елдерден келіп өріс- қоныс алып жұмыс істеп жатқан қандастарымыз да аз емес. Шаруашылықтың қоғамдана дамуына, кәсіптік ерекшеліктеріне, жұмыс бөлісінің алуандануына қарай еңбеккүш әлі де көбейеді. Тіпті қазіргі жүріліп жатқан құрылыс, егімшілік, бағымшылық, түрлі өңдеу- жөндеу, қызмет өтеу істері мен сауда... істері осы бас Ферма аясында өз алдарына отау шығып шаңырақ көтереді,- деген де ойы бар мына “бала қожайын”Байырқа мырзаның. Қоғамның дамуы қашанда дау жүрмейтін ақиқат, әрине, бұл харакет соған апарады.  Ол үшін бәрі де қаржыға тірейді. Оның үстіне отбасы болғаннан кейін тұрмыс жағдайлары әртүрлі. Біреудің бағып отырған кәрі- құртаңы, біреудің қарап отырған ауыру- сырқауы болса; тағы біреулердің оқитын бала, көшіп келетін туысы, үйлендіретін ұл- қыздары болады. Бұлар да бұрыннан еңбекте тұрақты жолы, жинаған өзіндік қоры болмаған ата- анаға оңай емес, ағайын. Ілгері салым игі ісіміздің ортақ болашағын ойлап бір қор қоғамын құрсақ, әркім отбасы жағдайына қарай айлық еңбек ақысының белгілі мөлшерін өз ықтиярлығымен қорға құйып отырса деген ұсыныс қойып отырмын. Егер құптап жатсаңыздар қор қоғамына қосылған азаматтарға жеке- жеке есеп ашылады.  Біреудің өмірінде өзге жаққа қоныс аудару, өз алдына жеке кәсіп ашу, өмірден озу қатарлы өзгрістер бола қалса қордағы жинаған қаржысын шығарып алу еркіндігі болады. Ешқандай алаңдайтын іс болмайды. Қор ісі өзімнің бақылауым мен арнайы құрылған қор қоғам жораларының басқаруында  болады. Ал, мына“бала қожайындарыңыздың” ойынша біраз уақыт қорланғаннан кейін әр отбасының жиынтық қоры екіге бөлініп, бірі тұрмыстық жәрдемге; бірі, дамыту игілігіне арналады. Игілікке арналғаны бара- бара жарнаға айналып кәсіп орын жарна түзімімен басқарылатын үлкен холдіникке жол ашады. Қазіргі заман кәсіп орын басқару талабы да осы дейді.

Екінші бірі, мынау босап қалған бұрынғы бала бақша үйін арнайы жабдықтап қамқоршысынанан айрылып ерекше мұқтаждықта қалғанына көзім жеткен  үш адамды әкеліп өз қамқорыма алдым. Оның бірі осы ауылдың байырғы тұрғыны Қаражан апа, бірі оның мүгедек баласы. Отағасы мен ересек ұлы көлік шырғалаңынан опат болған. Мүгедек баласын бағу үшін еңбек қуатынан айрылған шағында ежелден тұрмыс салтымызда жоқ іске барып әлеуметтік ортада көрінгенге алақан жәйіп бағуға мәжбүрленіп мүшкігл халде қалған. Ал үшіншісі, мастықпен көлік жүргізіп жол шетінде тұрған бойжеткенді қағып кетіп,“кісі өлтіру қылмысынан” бой тасалайым деп күні бүгін сұрау салып, жарнама шығарып, керек десе телевизордағы «қайдасың бауырым» бағдарламасына неше қайта берсек те із- дерексіз жоқ болып кеткен осы шаңырақтың отағасысы Аймауыт мырзадан зардап шегіп мүгедек болып қалған Зәиіпхан бикеш. Телевизор, газит- журнал, кітәп және басқада қол ермек бұйымдармен жабдықталған. Тамағы, дәрігерге қаралуы қатарлы істер де ойластырылған. Әуелі алла одан сақтасын дейік, солайда сақтықта қордық жоқ. Біздің ферма жұмысының себебінен зардап шегіп, өмірлік мүгедек болғаны мен ешқандай қамқоршысы болмай панасыз қалғаны қатысты құзырлы орындардан анықталған адамдар шығып жатса қажет болар деп бірқанша артық төсектер де қойылды. Бұл іс қазірге менің иелігімде қолға алынды. Ал алдынғы жобаны ойлана жүріп бірер аптадан соң жауап беретін болыңдар.

Бәрің де алаштың азаматысыңдар. Асырап- сақтайтын отбастарың бар, қай күнде де жұмыстан қол үзе алмаймыз. Селбесіп жұмыс істейді екенбіз, бізге береке- бірлік керек. өз ісіндей жанашыр жауапкерлік керек. қандайда бір қарапайым жұмыстың да өзіне тән қиындығы мен жеңілдігі болады. Сол қиындықты жеңілдікке айналдыра білетін тетікті табудан мамандық туындайды. Сондықтан өз ісімізді шын ықыласпен қолға алып қыр- сырын танып, еп- жөнін білуге тырысады екенбіз бәрімізде сол қолға алған істің маманына айналамыз, болмаса маман аспаннан жаумайды. Өнерді өмір үйретеді. Адамды құлықсыздық күйретеді. Ферма ісін өз ісім, мынау қайратты шақтарыңды қарманып қалатын өз тұсым,- деп біліңдер, қарақтарым. Ферма тағайындап отырған еңбек түзіміне істеп отырған сендерді қойып өзге жұртта сүйіне қарап, бізге келіп жұмыс жасасақ дейтіндер қатары көбейіп барады. Не үшін қызығады? Өйиткені бізде әрқандай жұмыстың күнделікті айлық өлшемі, уақыты, сан- сапасы, си ақысы мен төлем- жазасы, мамандыығы мен жауапкершілігіне алған міндетіне қарай еңбек ақы мөлшері, оның таратыу уақыты бәрі нақты  белгіленген. Үнемі бақылап- тексеріп, қузап отыратын маманданған арнайы комиссиямыз да бар. Жұмысшы- қызметкерлеріміздің жұмыс белсенділігін арттырып, өзіне баурай алатын осындай кемелді түзім, қатаң тәртіп, амал- шараларымыз блғандықтан «Аймауыт» аяғынан тұрған он жылдан бері еш адам өздігінен қатардан кетпеді, еш адам зардап шектік деп шағымданбады. Қатарымыз күн санап көбеймесе азаймады, азаматтарымыз бен азаматшаларымыз күн санап маманданбаса майрылмады, ортақ фермамыз күн санап өрістене өспесе кері шегінбеді. Осының арқасында әрқайсы отбасы уақыт өткен сайын жәйімен бақ- қуаттана берекелі де бейбіт салауатты өмір салтына ойысып келеді.

Мен өздеріңмен бірге болған осынау жылдар бойы ферманы да, балабақшаны да демедім. Тіпті әуелі келінім Назкерім істеп жатқан мектеп ісіне де көзімнің қырын, құлағымның бірін түре жүрдім. Енді жас та қоймай барады, немерелер де өсіп келеді. Бұл өмірдегі мақтануға татитын жалғыз ісім болса ол мынау Байырқа, Балқия, Назкерім сияқты ыстық- суықты бастарынан кешкен, өз тағдырларын өздері шешкен еліне аға, жұртына жаға бола алатындай өнегелі ұрпақ тәрбиелей алғаным ғана. Әрине, өздерің де тура түсініп, дұрыс бағалап жүрсіңдер. Адамды танытатын- талап пен еңбек. Құртатын- бойкүйез жалқаулық пен жанбай жатып сөнбек. Адалынан төгілген тер тегін кетпейді. Өз маңдай терің сіңе көктеген өркеннің дәмі қашанда аузыңнан кетпейді. Ал, өз еңбегің сіңбей сұраған, ұрдаған, заңзыз жолдармен құрағаның бал болсада өз еңбегің сіңген арпаңа жетпейді. Осы ферма ісіне бәріңнің де адал еңбектерің сіңді. Әуелі алланың қалауы мен сол адал еңбектің арқасында осы күнге жеттік. Бізбен бірге шаңырақ көтерген ірілі- ұсақты талай кәсіп орындар болды. Соның көбісі күйреп, біразы бізге қосылды. “Неге” деп осыны ойлап көргендерің бар ма? Көбіңнің көз алдарыңдағы себеп емес салдар ғана. Өз ісін өрге серпілтейін дейтін ақылды ксіге керегі салдар емес, себеп. Біздегі бір қателік- осы себеппен емес, салдармен күресуге амырақтық. Ендеше себеп қайда? Мейлі шағын серіктестік болсын, мейлі үлкен холдыник болсын, керек боса бір жеке отбасы болса да бәрінің де алға ілгерлеуі мен кері шегінуіндегі себеп- басқаруда. Сол «басқарушымын» деп отырған әріптестеріміздің көбінің мен-мендігі күшті болды. Білікті мамандардың ұсыныстарымен есептеспеді. Қол астындағы жұмысшы- қызыметшілердің жұмыс белсенділігін асырумен санаспады. Нақты мүмкіндіктері жар берген үйлесімді жобамен емес, көрсе қызар ашкөздікпен кірісті. Мұндай «дөкейлік пиғыл» мен «дөрекілік амал» ешқашан істі оңға бастырмайды.

Өткенде ауыл тұрғындарынан біраз адам ауыл әкімінің былық- шылықтарын әшкерелеп оған қарсы пікір көтерді. Бұл істі сотқа жеткізбей шешуге бекіген билік оны жұмыстан тоқтатып орнына басқа біреуді әкелді. Оның жасырын жемдеп отырған жоғарыда дөкей ағасы барын халық білген жоқ, әйтеуір, құтылғанына қуанып бйлікке ризалығын білдірді. Халықтың шуы басыла бере оны басқа өңірге әкетіп тағы бір бйліктің басына қонжитыпты. Ол тыныш кетті ме? Жоқ! бұрынғы былық- шылықтарының бетін маналап, іргесін бекітіп алды. Ауыл тұрғындарының игілігіндегі  бұрынғы әлеуметтік құрылғыларды, үй жануарларына ұрымтал қолайлы жәйілімдер мен шабындықтарды, көше жағалауындағы көгалдарды сатып қалтаға басып кетті. Бізгеде және біз сияқты ірілі – ұсақты кәсіп орындарға түрлі сылтаулы тексерулерді көбейтіп, айып- қиыпты бастырмалатты. Ебін тауып, ес жия алмағандары сол беті тұралап күйреп тынды. Жастар жағы ауылды тастап қалаға ағылып жалданба жұмыс іздеп дал болды.

 Жүйкені жұқартқан жұмыссыздық, үй- күйсіздік, қисынсыз тексеру, орынсыз алман- салық... қатарлы толып жатқан тұрмыс қысымдарынан писихологиялық ауытқулар мен заңсыз теріс жолға түсуге мәжбүрленгендер көбейді. Ұлт тарихында болмаған көшеге шығып көрінгенге алақан жәйіп қайыр тілейтін үрдіс белең берді. Асқына келе қатыгездікпен кісі өлтіріп бұлау- тонаумен шұғылданатындар мен өзіне қол салатындар да кездесті. Қажетіне қарай қалтасы қампайған жемқор шенуниктердің үлкені шет ел асып, кшігірімдері өңір аттап бой тасалайтын; жан бағыс үшін біреудің қылмысын не мәжбүри, не ықтияри арқалап біреу үшін түрмеде жаза өтеп, нақ қылмысты тасада қалып тағы да ойындағысын істеп тайраңдай беретін жан түршігерлік сорақылықтарғада бой үйреніп барады. Біз не үшін «заң ақылшысы» мен «дін тәлімгерін» ұсыныс еттік? Не үшін «осызаман кәсіпкерлігіне баулу» курістерін ұйымдастырып отырдық?  Ондағы мақсат қоғамның жоғардағыдай көлеңкелі көрбілтеліктерінен сақтанып, бәрімізге ортақ шаңыраққа айланып бара жатқан үлкен ферманы күнсайын қанаттандыра ұлғайып дұрыс жолмен дамыту.

Менің өз көзқарастарымды жасырмай ой- мақсаттарыма көпшілікті ортақтастыра ақыл бөлісу арқылы әділетті жол іздеуді мақсат еткен кәсіпкер екенімді де; әлемнің қайталанбас озық өркениеттері мен халқымыздың қасиетті ислам құндылықтарын тиянақ ете  қалыптасқан дәстұр- салттары негізінде ұстаным тауып атадан бата, енеден үлгі алған аналардың бірі екенімді де сіздерен артық білетін жан болмас деп ойлаймын. Қасиетті халқымыздың төбесіне көтере құрметтейтін асыл аналарының қатарында мен де қартаң тартқан шағымдағы өз орнымды біліп, ендігі қалған құмырымды немерелерімді тәрбиелеу мен тыныштықпен аллаға құлшылық етуге арнайын; Ферманың толық дізгінін Байырқама көптің алдында алаңсыз ұстатайын деп арғы бергіден біраз кеңестер қозғадым. Білсеңдер бәрі де мынау қиындығы да, қысымы да, қитұрқылығы да бар күрделі де өтпелі қоғамнан аман өтіп өзімізді өркениеттендіріу, өрбіте дамыту үшін, қарақтарым. Біз де арман да, алаң да бар. Біріне ұмтыламыз да, бірінен сақтанамыз. Біз періште емес, бәрімізде пендеміз. Арман да, алаң да сол пендешіліктен туындайды. Алға қойған арманың ізгі, ниетің пәк болса пендешілік барған сайын әлсірейді. Есесіне алаң ұлғаяды. Себебі іске асқалы тұрған сол ізгі арманыңа көз қызартатын іші тар көр кеуде көре алмастар көбейеді. Ал арманың арамдық үстіне құрылған қарақан басыңның қамы болса, араның ашылып пиғылың тараяды. Есесіне адамдық арың аласарады. Себебі көңілің лайланады, көзің перделенеді де көптің мүддесімен санаса алмай жұрттың ішкі қарсылығын ұлғайта беруге өзің себепші боласың.  Ал ақылы бар, ар- ұяты күшті пенденің міндеті иманы әлсіз көрсе қызар көркеуделермен де, адамдық асыл қасиетінен айрылып өзінен өзгені көре алмайтын тар пиғыл, зәр қимылмен күресу арқылы пенделік күйкіліктен құтылып, періштелік үлгілікке жету. Мен өз өмірімде жолыққан не не қиындықтардың бәрін де осы ұстанымнан жазбадым да жаңылмадым. Түңілмедім де түнермедім. «Аққа құдай жақ» дегендей осы  сабыр- төзім, үмітті ұмтылыс, құнытты құлшынысымызға алла жар болып есесіне бүгінгі күнді силады. Сол үшін бәрімізде адамдық жолды талдайық. Ардың ісін қолдайық,- деген өмір тәжірибелерімнен қортқан ақыл- кеңестерімді өздеріңмен бөлісу, - деп орнынан тұрды. Қарамағындағы орта қол менеджерлер де, кәсіби мамандар да, қарапайым  жұмысшылар да ұзаққа соза қол соғып іззет- құрмет білдіріп қймастықпен қол алысып жатты...

       *     *                                  *

Самсыған жемісі мен көкөнісі көз алмаңды бұра тарта, жағымды иісі мұрныңды жаратындай шағын аула. Одан ары «Аймауыт» азаматтарының қолымен күрделі жөндеуден өте еңсесін көтерген «Шәпағат» атты алты бөлмелі ақ үй. Қолы қалт ете түскен уақыттың бәрінде бұл үйге бас сұғуды өксіте қоймайтын Азатгүлдің соңғы кездердегі бәсекелі қарбаластығынан бері онша қолы тие берген жоқ- тұғұн. Жұмысын жұрт алдында ұрпағына ұластыра біліктілік танытқан ұлағатты істің үлкен тұлғасындай танылған Азатгүл бүгінде арқа- мойны босап ауласындағылармен арқа- жарқа әңгіме дүкенін құруға алғашқы қадамын «Шәпағаттан» бастады. Аула есігінен кіре оны құшақтай қарсы алып маңдайынан искей бетінен сүйген Қаражан апа:

- Айналайын, қарағым- ау, аман жүрсің бе, біраз уақыт көрінбей кеткеніңе көңілім алаң болып, бес уақытқы намазымның дұғасынан қалдырмай алладан амандық тілеп жүруші едім, көңілім орнығып, көзайым болып қалғанымды қарашы, йә, алла тілден, көзден, сұқтан сақтасын сендерді, - деп қолынан жетелей пәтер есігін ашты. Үлкен басымен ағынан ақтарыла есік ашып тұрған асылдың қиығы барған сайын қатары сиреп бара жатқан көнекөз есілдің өзін алдымен енгізген Азатгүл:

- Өзіңіз қалайсыз, Қаражан, апа, мен Алланың қалауы, заманның талабымен жапалы еңбегімізден жанжылу таба таласты өмірде талпыныс жасап жүрген кеше ғана өзіңіз түсірген келініңізбін. Құрмет сізге лауық, төр де, өр де сіздікі, - деп қолынан жетелей төргі бөлменің диуанына отырғызып хал- жәйін сұрай бастады.

– Әуелі, алланың қуаты, сосын, өзіңнің ықыласты мейіріңнің арқасында жақсы күн кешіп жатырмын, қызым. бұрын үшеу едік, қазір бесеу болдық, байқұс, мінебіреу шалдың да білері көп, әңгімешіл кісі екен, балаларда өткен- кеткеннен әңгіме тыңдап жырғап қалдық.

– Ол кісіні қыздарының алып кетеміз дегеніне жар дегендегі жалғыз ұлы бергісі келмеді. Келіні де мың болғыр бір жақсы адам екен, аталап жан үзіп тұрады. Келіні осы ауданға әйгілі қазына сарапшысы. Жігіті електір маманы екеуінде әсіресе келінінің мамандығына бола біз ұсыныс еттік. Қос таяққа сүйенген атада өзін- өзі қарай алатын қауқар жоқ, сосын немерелерін балабақшаға, өзін осында орналастырып ұл- келінінің алаңсыз жұмыс істеуіне қолайлылық тудырдық. Өзі қарттар үйіне барғысы келді. Оған ұлы да, келіні де жібермеді. Балаларымен күнделік қауышып, немерелерінің маңдайынан ертелі- кеш искеп тұруына жағдай бар тұрмысы алаңсыз болғандықтан бәрі де осында қоюға келісті. Ал ана жігіт бізде істеп жарақат алған, ол қашан бір аяғынан тұрып өз ісін өзі қолға алатын болғанша тұрады.

– Айналайын, бала күніңнен біреудің ашына айланып, тоғына толғана жүретін имани қасиетің бар еді, әлі де сол қалпыңмен бәріміздің де ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңып келесің ғой, жарығым, алла амандығын беріп жаныңа жамандық бермесін...

– Тұрмыс халдарыңыздың тым жаман емесін білем, апа, зерігіп қалмаңыздар, үздіксіз телевизор көріп, газет- журнал оқып тұрыңыздар.

– Ана шалың телеуизордан ерте қожыраған кісі екен, менде “көріп жынды болғанша көрмей жынды болайын” деп қойдым. Ал ана үшеуінің ермегі сол, анда- мұнда барып“Жыл бойы таусылып бермейтін Үндінің жадыгөй сиқыры мен қаскөйлігінен жалықпадыңдар ма, болмағанда бір уақ «Асыл арнаға» көз салып, құлақ түрсеңдер ші!?” Деп қоям. Айтып айтпай қарғам- ау, екранға қолың тиіп кетті болды көретінің осы Үндінің бақталастықпен жасалатын не не сұрқиялығы мен қаскөйлігі, Түркия киноларындағы ақша құмар, қатын құмар қанпезерлік; Қалаберді әнші мен әртис. Шіркін, бұрынғыдай құлақтан кіріп бойды алатын халық ән- күйі, Нұрғиса, Шәмші қатарлы бір туарлардың тамылжыған сазды әуендері болса не керек. Әй...й..., әбден азып, ұсақтап бара жатқанымызды кісі осыдан- ақ аңғарады ғой, айналайын, осы күнгі кейбір «ән» деп әспенсітіп, «бй» деп бүлдіріп жүргендерді көргенде «Жаманның күлгені жылағанымен, ақсақ иттің жүгіргені тулағаныен тең» дейтін дана сөз есіме орала береді...

– Хы, хы, хы... сізде айтып қояды екенсіз- ау, апатай, қазіргінің “байы да”, аспанындағы “жұлдызы мен айы да” солар, емес пе, апатай...

– Ой, тәйір- ай сол, жұлдыздан садаға кетсін, бір өмір еңбектеніп халқының жүрегінен өшпес орын алған анау Мәйра, Алтынбек, Роза т. Б қатарлылар өздерін «жұлдыз» едік дегенін естіп, өз дене мүшелерін жарнамалағандай жалаңаш жүргенін көрдіңдер ме, ән сүйер халқы, өнер сүйер елі барда олар қашанда жұлдыз. Атақты халық берсе ғана мәңгілік болып орнығады да сатып алғандар мен жалғаннан жасап алғандардың бәрі де ертең- ақ ұмытылады.

 – Рас айтасыз, апа, айтып- айтпай екранды аштыңыз болды бұрынғы замандағыдай дүз  саулықтан дүзелу төл алатын шопан, бір гектарынан бір жарым гектардың өнімін өндіретін диқан, ұрпақ тәрбиесі, халқының денсаулығы үшін күресіп жүрген жапакеш ұстаз бен дәрігер, жыртығын бүтіндеп, ескісін жаңартуға ат салыса елінің ертеңі ен жұртының бүгіні үшін тер төгіп жүрген толып жатқан атсыз қаһармандар мен мамандар таныстырылмайды. Есесіне өздерінің қитұрқы қылық, астыртын былық- шылықтарымен той- думанды баурай жиып алған ақшаларымен өздерін жарнамалататын байшыкеш“жұлдыздарды”таныстыру тым ау жәйіп кетті. өзгені қойшы кішкентай балаларға болашақ кім боласың? десең екіленбестен «әнші» боламын дейтін дәрежеге жеттік. Йә, мәдениет те керек- ақ, сонда да кім өзін таныстыруға, жарнамалауға ақша берсе соны талғаусыз аспандата таныстыра беретіндей ел економикасын көтеріп, жұрт жағдайын жақсартуға бастайтындар осылар ма? Ұрпағыңа білім, ғылым, иман ұрығын сеуіп ұлтыңды ұлықтап, болашағыңды сұрыптап жүргендер осылар ма? Кешегің мен бүгініңнен нәр сүзіп ел ертеңіне ес қататын еңбек жасап жүргендер солар ма?... – деп мен де ойлаймын, апа.

 – Әй, осы “қара сандығыңа”келіп түсіп жатқан мәтериялдың тегі де тым мардымсыз- ау деп те ойлаймын, қызым.

– Неге?

 – Йә, йә саған да сөгіс жоқ, айналайын, кешке дейін телевизор көріп отыратындай сендегі қайдағы уақыт. Сол кімге, неге қажет екеніне қайран қалам, еңбексіз, толғақсыз отырып өсек айтатын әйелдерше сол әлгі “жұлдыз”деп жүргендеріңді “анау шәшін бұрын былай тараушы еді, енді неге былай тарайтын болған?”“мынау бұрын қыз тауып жүруші еді, енді қалай ұл тауып қалған?”“пәлен әншінің қатынымен ұрсысып қалғаны шын ба?”... дейтін сияқты түкке тұрғысыз істерді де ел алдына айпаралап отыратын болды, осыған сенесің бе...

– Ойбой, апатай- ай, онысын қайдан білейін, әйтеу қазіргі арзан қол күлдіргіштердің ауылдағы аталар мен апалардан қайдағы бір жағымсыз образдар жасауға әуестеніп бара жатқанына қарап“әй, осылар күлдіреміз деп жүріп бүлдірер ме екен”деп іштей ренжіп жүретінмін.

– Бізді қойшы, балам, арғы дүниеден жан алғышымыз төтесінен келіп қалмаса, аллаға мың да шүкір, сен барда бізге не болар дейсің. Айналайын, өркенің өскір Назкерім мезгілсіз төсекке таңылған мына біреу көкөрімдерге “мықты игеріп, еркін қолданысқа түсіре алсаңдар осымен де нан таба аласыңдар”деп арнайы тәрбиеші жіберіп көмпиутерден сабақ оқытып жатыр. Ол да қызықтыра өзіне тартады- ау, шамасы, әйтеуір телевизорға телміргеннен құтылып өз істерімен шұқыланып қалды.

 – Алланың маған берген ең үлкен сиы балаларымның бәрі де имандылығы күшті, ақыл- білімі мол, адами қасиеті жоғары болып өсіп ферманың екі дізгін, бір шылбырын қолдарына алып мені екінші шепке шығарды. Алла бұйырса бұдан былай жиі- жиі жолығысып тұратын боламыз, ап, рұқсат блса мен...

 Ағынан ақтарыла қарала қаптың аузын бір шешкен Қаражан апа Азатгүлді азкем құшақтап тұрды да қимастықпен шығарып салды.

     *                 *                        *

Әр күні ерте тұрып әрекет жасаған сайын рухы көтеріле серги түсетін Байырқа неге екені белгісіз бүгін тіптен көңілді. Оның көңіліндегісін көзінен, ойындағысын жүзінен оқып ала қоюға дағдыланған келіншегі Назкерім де“апамның кешегі лебізіне марқайып жүрмегей”деп орайды жібермей қалжыңмен қарымта тастап үлгірді. Беті ду ете түскен ол “естіп қойдыма” деген кісіше немерелерімен әбігерленіп жүрген анасына қарап алдыда сұқ саусағымен бетін сыза келіншегіне жұдырығын көрсетіп қабағын түйіп қойды. Оны онан ары күйдіре түскісі келген Назкерім аққұба жүзіне құп жарасқан қолмен сызғандай қалам қасын ойната күлім көзін жәйната жақындап “орының жоғарлады соған...”дегендей оңқолын төбесінен жоғары көтере басбармағын шығара шымшылады. Оны күніне мың көрсе тоймайтын, жүз құшса қанбайтын Байырқа “әттең шешеме бір сылтау табылып сыртқа шығып кетпейді- ау”деп шешесіне ұрлана, келіншегіне қырлана қарағыштап тұрып қалды. Оның ойлағанын айттырмай біліп те, көзінен көріп те тұрған Назкерім шешесі бар жерде сөзді қойып көзбен де еш оғаштыққа батпайтын әдептілігін білетін орайынан оңтайлы пайдаланып“айтар бар ма, басеке”деп тақау келіп тағызым еткендей әдейі сүйкеніп қайтты. Апасы бар жерде еш албырттыққа бара алмай үш баланың анасы болсада әлі де қыз қылығынан айрылмаған қырмызы келіншекке кеңсірігін ашыта көркіне көз суарудан арыға бара алмаған Байырқа қол ишарамен қоразси отыра бергеннен аса алмай мысы құрыған- ды... Йә, оған да бір орай туды- ау, есігі жартылай ашық тұрған өз бөлмесінен шыққан шешесі аулада ойнап жүрген екі үлкенінің ау- жәйін білмекке сыртқа шығып кетті. сол- ақ екен айдын көлде аққудай таранған ақ келіншекті құмарлана құшаққа алып ақ тамақтан манадан ашыған танаудың мауқын басып,  алқызыл беттен есесі кете суы ағып отырған ауыздың аранын тосып үлгірді. Келіншектің де тілегені осы- ау, тегі, барғансайын бал- бұл жана бауырға кіре барып балбырай байыз тапты.

Байырқа көңіліндегі өзгеше тебіреністің сырын інтернеттен тауып Назкерімнің иығына қол арта отырып екі жақтап екранға көз қыдыртты. Ол қаншама жылдар бойы барын сала талпыпыс жасап іздетседе әкесінің йә бар, йә жоғынан хабар таба алмай ең соңғы мүмкіндігін базарға сап әкесі туралы таралымы ең көп інтернет желілеріне аямай ақы төлей отырып тауып берген кісіге ортанқолдай атпал азаматтың құнымен тең шүйінші жәриялатқан. Інтернет желілері де қызығушылықпен қарап көп уақытқа дейін бір желіден тағы бір желіге ұластыра жалғап отырған. Міне, бүгін сол уатсап желісіне біреу әкесі туралы хабар жазыпты. Хабарда: Байырқа мырза, шүйіншіңе қанағаттандым. Ол тірі. Алайда ол жұмыста. Шүйіншіңе қызығып бере салғаныммен ондай ақы дәметпейтін, ас талғамайтын, көлденең сылтау айтпайтын көн тері көмпіс бізге қайдан табылады. Бір ғана шарт- осындай бір көнтері тауып шүйіншімен қоса әкеліп бере алсаң айырбастауға болады. Танысаң дайындығыңды көр,бәлкім, әкең осы болар,- деп суретін де шығарып қойыпты.

Хабарды көріп қуанған байырқа отбасы кісі сенгісіз қартая азып кеткен аш аруақтай Аймауыт суретін көріп көңілдері су сепкендей құлазып қалды. Қызы, келіні егіле жылады. Байырқа еңкейе басын шеңбектей отырып қалы. Азатгүл ауыр- ауыр күрсініп көзіне жас ала отырып: е, қайран арысым- ай, “ат арыса тулақ, ер арыса аруақ”деген осы екен ғой, бір нәрсеге мейірің түсе қарағанда кісіні қызықтыратын мөлдіреген тұңғиық көзің жанары өшкін тарта шүңірейе ішіне түсіпті, өрмекшінің торындай айналасы айғызданыпты. Мұртың аузыңа түсе қауметің солған ұртыңа ұйпалана жабысыпты. Қою шәшің сұйқылдай ағарып жалтыраған төбеңді жасыруға да дәрмені жетпей онсызда ұшқан үрейіңмен бірге желке жаққа үрке үрпиісіпті... қайтейін, қайтсем қол ұшын бере алар екенмін, деші!- деп үнсіз ойланды. Мең- зең бола сенделе орнынан тұрып балаларын уатты. Аздан соң от басында сағатқа созылған тартысты талқы өрістеді.

Байырқа:    

-Шүйіншіні тағы бір адамның құнына көбейтейін... Балқия:

- Адамды өзің тап ақысын біз төлеп тұрайық,- десекші... Назкерім:

- Екеуіне де көне қойуы екіталай, өйткені ол «құл»еңбегінен пайдаланып жылына талай еңбек адамының кірісін заңсыз иеленіп отыр. Оның ойындағы ақша емес, көмпіс құл ғана... Азатгүл:

- Назкерім дұрыс айтады, ол илеуге көнетін адам еңбегімен өндірісін неше еселеп отыр. Менше оған екі жол бар: бірі, қоғамдық заң орындарымен сәйкесе апанды талқандап адамды тартып алу. Енді бірі, іздеген адамың осы деп жол да, жөн де білетін тіс қаққан жансыз кіргізу арқылы адамды құтқарып жансыз арқылы жүгенсізді ауыздықтау. Байырқа:

- алдынғы жобаңыз дұрыс- ақ, бірақ, әкемді өлтіріп алар ма екенбіз... Балқия:

- соңғысы дегенге кімнің батылы барып басын қатерге тіге қояды... Назкерім:

- Ол қай жер екенін айта қоймайды, келіскеннен кейін алыс бір өңірге барып адамды айырбастайды да алған адамының бүтін докметін сыпырып алады. Бәлкім, есеңгірете қолдан мәңгүрт жасап маймылша ойнатып қоюы да мүмкін ғой... Байырқа:

- Бәрі де мүмкін. Солайда соңғы жобаға мен қызығып қалдым. Оған біз ешкімді де ұстап бере алмаймыз, тәуекел, мен барып әуелі, әкемді құтқарайын, сосын алланың басқа салғанын көрейін, бәлкім, бір амалы табылып та қалар... Азатгүл:

- Отбасыңа деген адалдығыңнан да, жәбір көрген жанға деген жан ашыр адамдығыңнан да айналдым, балам. Бұл еш амал- шара таппағанда амалсыз баратын соңғы шара. “жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас”деген. Әуелі ісімізді көпке салайық, сосын, заңға, балам. Өзіңмен бірге ой бөлісіп, жан ашыр жақын болып жүрген азаматтарыңды шақыр, көпте құдайдың көлеңкесі бар деген ғой, көп болып та бір ақылдасып көрейік.

Назкерім мен Балқияның жанталаса жүріп жайған кең дастарқанына жәйғасқан он қаралы адам “кебін емес кебенек кигені”анық болды ғой, апай, әлі- ақ отбасыңызға оралады, - деп құтты болсын айтысып жатты. Түйеге “ә, чү”дегенде медеу дегендей жақсы лепес жарым ырыс емес пе, Азатгүлде көптің ықылас тілеуіне көңілі тоғайып қалды. Болған жағдайды Вайырқадан қана ұққан төр басындағы бурыл сақал кісі:

  - Заң саласында осындайларға салатын арнайы тәрбиеленген адамдар болады. Заңға жүгінген жөн шығар, менше аудан сақшы бөдімшесінен көмек сұрайық.

  Бұл ақыл Азатгүлге ұнасада Байырқаның көңіліндегі  «әкемді жәзім қып аламызба» дейтін күдікті сейілте алмады. Солайда ана емеуірінін заңдай көретін Байырқа соғңы шешімді анасынан күте қарап іззетпен иілді. Басқалардың да ықыласы Азатгүлге аунай тыныштала қалды. Азатгүл қасына Байырқа мен әлгі саркідір кісіні ерте ертең ауданға аттанатынын айтып қатысты жол дайындықтарын көрулеріне міндет берді.

Ауданға әйгілі ықпалды кәсіпкер Азатгүлдің бұйымтайы аудан бөлімшесін тікесінен тік тұрғызды. Өйтетіні бұл дело аудан бөлімшесіне бейтаныс емес талай жылдардан бері ашуды күте- күте сүріленген, оның үстіне әркімді елең еткізердей шүйіншісі де сүбелі дүние-тін. Солайда бір зілбатпан иықтарынан басып, бір зілмәуір шой аяқтарына асылып тұрғандай адымдары ашылмай дело туралы сөз бола қалғанда бас маман делоны өз қолына алады да шексіз әлемнен өлшеулі шек жасай шеп жәйдыратын да қатысты органның іздек- сұрағы бәсейгенде боранды күнгі тордай шеп қайта жиналып қала беретін. Бүгінде бәлкім сол әдетпе, жоқ бір өзгеше тіксіну бар ма бас маман Азатгүдден бар ахпаратты алып бөлімшенің бірінші күн тәртіпте тұрған осыбір айтылмыш бас делосының ашылуына үлкен қолқабыс тидіргені үшін тоңқалақтай да, кәукелектей де алғыс аита өзге емес, өз қолымен әкеліп беруге ант- су ішті.

Бұрында осы салада ұзақ жыл жұмыс атқарып көп тәжірибе жинаған саркідір кісі Азатгүлден бар жағдайды ұғысты да Азатгүлге бөлімшеге біліндірмей тәуелсіз барлаушы жалдауын ұсынды. Ұсынысты табанда қабыл алған Азатгүл осы істі мол жалақымен саркідір кісінің өзіне жүктеп әр екі жақты да өз бақылауына алатынын ұқтырды.

Күні кеше ғана мол шүйінші мен көмпіс құл алуға барын салып тұрған белгісіз адам үні сап тиылды. Телефон номері де жоқ болды. Бұл тәуелсіз барлаушылардың да, ақы иелерінің де күдігін еселей арттырып ақыры Байырқа ұялы телефонында сақталып қалған нөмір арқылы  өңір аттап барып телефон сегналының таралған өңірін сонымен бірге осы телефон қоңырауынан 18 сағат кейін мөлшері осы аудан орталығы тұрған нүктеден тағы бір белгісіз қоңырау шалынып барып екі телефон номерінің де қарасы өшкенін анықтап шығады. Тәуелсіз барлаушылар Байырқаның ұялы телефонына түскен хабар мен Азатгүлдің аудан бөлімшесіне барған уақыт аралығы да 18 сағат айналасы болғанын есептеп бұл делоның өз аудандарындағы бір белгісіз дөкеймен қатысты екенін топшылайды. істің анық- қанығына онан ары көз жеткізбек болған Азатгүл тағыда бөлімшеге барып қолға алған істерінде ілгерлеу бар- жоқтығын ұғысады. Азатгүлді қабылдаған бас маман баяғы сол кәукелек қалпында қарсы алып жауапкерге Байырқадан өзге ешкімнің хабарласуына болмайтынын, өзге адам хабарласса оны секем алдырып алатынын, Байырқаның салған қармағын қапқан күні аңдып жатып бас салатынын айтып қайтарады. Осыдан соң істің шын сырын аңғарғандай болған саркідір кісі бөлімшенің ішінен бір ыңғайлы кісі тауып жемдеу керектігін, оны қолға қондыру арқылы бас маманның басқан ізін аңдыту керектігін айтады. Азатгүл ондай адамның табылыуына күдік келтіреді. Мынау істің бәрін ақша шешіп отырған заман екенін; қарапайым сақшы болсын, оқытушы- дәрігер болсын бәрінің де айлығы шәйлығына жетпей жалтаңкөз өмір сүріп жатқан жалданба кедейлер, олардың қай- қайсысында да қатын- балаларының қамынан асып ұлт, ел мүддесін ойларлықтай мұрса жоқ екенін көлденең тартады. Мектепте істеп жатқан өз келінінің алып жүрген еңбек ақысы мен мектептеріндегі тек бір адамға ғана тәуелді ырықсыз басқару түзімдерін ойға алған Азатгүл еріксіз иланады да бұл істі және өзіне тапсырып сұрағанын беруге келіседі.

Ішкі күдік күшейген сайын Азатгүл командасы жан- жақты жасырын аңду- торуды күшейте түсті. Алдынғы реткі телефон сегналы байқалған орын жерлік бөлімше сақшыларымен сәйкесе ішке кіруді қолға алады. әуелі бес аспап жетілген Мұстафа өзтүрік шәкірттерінің бірі сегз қырлы, бір сырлы сенімді азамат Қатудыдың есім- сойын өзгерте Ерзада атандырып қолдан қаңғыбас қайыршы жасап сол көлемге қаңғытып қояды. Елден тамақ сұрап жеп, далаға түнеп жүріп құдды Аймауытша Дөненбай дөкей шарлаушыларына жолығып қапияда қолды болады. Оларда оны кәнігі әдістерімен алдамалап та, арбап та, қинап та көріп құмардан оңбай ұтылып еш докметсіз ел ақтап кеткен жәй кезбе екеніне, тек тамағы үшін неге салсада істей беретін қармаулы азамат екеніне көз жеткізіп тағы бір «көмпіс құл» тапқандарына қуана- қуана жұмысқа жегеді. Бара пішен шабу қарбаласына түскен ол жұмыстан қашпақ болып ақыл құрап жатқан екеуді ұстап беріп еңбек көрсетеді. Шөптен кейін шахта жұмысына жегіліп онда жымсыма ұрыны ұстап сенімін арттырады. Осыдан кейін оны Дөненбай жырындылары қызық, ермек үшін алыс мал отарына ертіп малшылармен алыстырып, азулы иттермен жұлыстырып тамаша құрады. Өзіне қасқырдай ұмтылған иттердің ең алдынғысын артқы сирақтан ала түсіп шоқпардай үйіре өзге иттерді маңына жуытпай қояды. Ентелеп болмаған біреуін қолындағы «ит шоқпарды» көзей сілтеп жалпасынан түсіреді. Өзге иттер жеңілген итті желкелеумен болады...

Болған жағдайға езулері жыртылғанша күліп мәз- мәйрәм қайтқан Дөненбай дөкей жырындылары бұл тың тамашаларымен байлықбастылық пен қатынмастықтан серги алмай барған сайын бойкүйездене балпиып бара жатқан қожайындарына тосын си жасауға асығады. Бұларда жыртақойлана құлақ түпке жеткен езулері мен бейқам жүріп бейпіл жіберген жүректерін жинап болғанша орда алаңқайына қалай жетіп қалғанын бірақ біліп сасып қалады. Е, «құланның қасынуына масаның басылуы» деген осы- ау, қожайын көңілі түскен бір келіншекті әкеліп бере алмаған пысықайларын бидәйдәй қуырып жатқан үстінен түседі. Оларды көрген дөкей:

- Пай- пай кеше болғандарыңда ғой, мына өңшең ынжықтар меселімді қайтарып ашудан жарылардай болып отыр едім, келгенерің жақсы болды енді бұл істі қолға өздерің аларсыңдар деп,- қасындағылырына қолын бір- ақ сілтейді. Атшабарлар тоңқаңдай бас иіп шегіншектей шығып кетеді.

- Сізді ашуландырғаны өз бастарына тілеген азап қой олардың, біліумізге болатын болса жолыңызға басымыз құрбан, басеке...

- Не құпиясы бар дейсің, баяғыдағы сияқты бір қызыл түлкі бұлаңдап алдан шығып еді мына ынжықтар соны әкеліп қойынымды бір қуантуғада жарамады. Сендер келмесеңдер әкиматтағы жігіттерге тапсырып сол кәдуілгі тәсіл бойынша келіншекті алдыртайын деп отыр едім.

- Алаңдамаңыз, аға, ертең- ақ тақымыңызда ентігіп, қабағыңызға көндігетін болаы.

- Ал өздеріңде не жаңалық?

- Бәрі де өзіңіз үшін ғой, аға, сізгеде бір тосын си дайындап келдік. Әуелі аңға шығып қанды қуырдаққа бөгіңіз. Сосын біз дайындаған тосын си қызуымен көңіліңіз тартқан келіншектің аршын төсіне ақбурадай айбынмен бір шөгіңіз...

- Ха ха ха... әй қулар- ай, қулар- ай адам көңілін табудың айлагері сендердей- ақ болар, жарайды, жарайды дегендерің болсын.

Жырындылардың асыға күткені де осы келісім. Бұған қол жетті. Жоспарлары ойдағыдай орындалса Дөнекеңнің де әукесі түсіп бұларды үлкен олжаға кенелтері мұнда тұрған шаруа. Олар істі ұтымды жолмен әрі тез, әрі мағналы тындыруға ой бөлісті. Әуелі сөз алған жырындылардың үлкені Арандин:

-Орай екі келмейді, бауырым, ісіміз сәтті орындалса олжаның 40 пайызын қанжығама байладым дей бер. Былтырғы тамашада бір су жүрекке жолығыппыз айқасқанды қойып иттердің айбынынан- ақ жүрегі жарыып өліп қалды. Биыл олай бола қалмас деп үміттенемін, Залеке, деп орны өзінен кейін тұратын Залалкинге қарады. Залалкин:

- Ол жолғымыз тым тосын болды- ау деймін, не істейтінін бір ауыз ескертіп қойғанымызда өлмес те еді.

- Оның қызығы сол тосындығында, алдын ала айтып дайындап әкелетін екі жақ күш сынасқалы жатқан жоқ, тұтқиыл болатын тосын қимылды тамашалағалы отыр. Оның қызығы да, ләззәты да сонда. Ал мына «жаңа құлдың» алдынғы шайқасын байқадың оңай жем болатын кісі көрінбейді. Бұл біразға созылатын тамаша болғалы тұр, атақты төрт төбетті де апарамыз, а дегенде төртеуін бір- ақ қоссақ тез тындым болып таңдайды тақ еткізер өкініш болуы бек мүмкін. Сол үшін алдымен «Көкдолыны» сосын «Бөрбасар» мен «Сырттанды» соңында «Көксеректі» қоссақ күш жалғап жүгірген сияқты уақыт та созылады, тамашаның сәні де келеді.

- Ойбай- ау, мыналар Айумен айқасып, Бөрімен бүктесіп жүрген бәледер ғой, тағыда өлтіріп алып масқара болып жүрмейік, ағасы?!

- Бірер құлдың өлуі неге тұрар дейсің, бауырым, мәселе қожайынның көңілін табуда жатпай ма!? солүшін де амалдап созып қожайынның көбірек күлуіне мүмкіндік жаратайын деп отырмын. Сен итбағарлардың бірнешеуін ертіп «құтбандарды» өз- өзінің көлігімен тауға жібер былтырғы жерге жәйғассын еш сыр айтпай «сол жерден бізді күтіңдер» десең болды. Өзің әлгі «құлды» алып малшыларды аралай бір аптада жететін бол. Мен әлгі келіншектің ісімен айналысайын.

- «Құлды» да, иттерді алып істі бәрін қабаттай тындырсам болмай ма, аға?

- Ит ғой жылда барып жүрген дағдылы хайуан, ал анауыңды қанша «құл» дегеніңмен тегі адам емес пе, байлап та қоялмайсың, бос та жібере алмайсың қайсысын істесең де тосын си болмай қалады. Тосын сидың мәнін арттырамыз десек оны «алыс- жұлыс майданына» істі бастау үстінде жарқ еткізуіміз керек сонда ғана ол кім- кімгеде тосын қызық силайды.   

- Жарайды, менікі ғой көзеулі жер, көрнеу жұмыс онысын олай,бұнысын былай жәйғай салатын, сізге бір апта тым қысқа емес пе?

- Не екіленіп отырсың, сені жәныма ерткен осыншама жылдар бойында ағаңның ойға алған ісін орындай алмаған кезі болып па еді!?

- Жоқ, аға, мен тек уақытты ғана меңзеп тұрмын.

-Ойбой, сенде сөйлейсің- ау, «би жоқта құл жүреді жораға, ит жоқта доңыз үреді қораға» дегендей мынау әділеттігін жоғалтқан заманда кедей ел теңгеге, жемқор шенеуник жемге тұрмай ма!? Ойлашы өзіңді бір, өрт те қойдық, пошта да тонадық, кісі де өлтірдік біз қандай әділеттілікпен жер баса тайраңдап жүрміз, бұл ненің күші деп ойлайсың? Бізде сол әділетсіздіктен қоғамнан өз орнымызды таппай еріксіз осы жолға түскен жәбірлі жәндармыз. Бізге жән керек, қожайынға мал керек болды, біз сол қажеттілік үшін барымызды салдық. Ал мынауда сол сияқты ол йә ақша, йә айла, йә күшпен бітеді. Алдынғысын талдаса ешкім зардап шекпейді, екіншісі болса қарсыласың теміртордан шығады, ал үшіншінің іздегені тек ғана өлім. Қысқасы жеме жемге келгеде қожайынға құмар қандыратын жұмсақ тән, қатынның жоқшысына жан керек болады да осы қажеттіліктер жоғардағы басқыштар бойынша  бір- біріне жол берісіп тындым болады. Біз ешқайсысына саусақ ұшын да тигізбейміз, сол ел ішіндегі іс басында жүргенсымақтардан қажетіңді алып келетіндер де, жауыққаныңды жамбылға жауып беретіндер де, арағайынға келмегенін атып- шауып беретіндер де табылады. Өз мойыныңа алған ісің айтқан уақытта аялсыз бітетін болсын,- деп Арандин Залалдиннің қолын қыса аттанады. Ал Залалдин сті ың- шыңсыз уақытында тәмәмдап осы жолғы сй ақыға интернетте «қыздық саудасын» қыздырып жүрген саит сайқалдарының біріне тапсырыс беріп қызыққа белшеден бір батудың қазанын асып қайтты. 

Адырлы қойны алшия арыға көсілген көкбетегелі көркем дала. Шет- шегіне көз жеткісіз алыстан мұнартады. Адырлай келіп тік түскен шатқалдың басы көлемі шағын болсада ағысы қатты өзенше. Ирелеңдей төмен сырғыған сайын тынысы кеңейе ағысы арындайды да жағалау сәмбі талмен ұласа көк сазды кең қарын қалыптастырады. Дәл осы жер Дөненбай дөкейдің сая жәйі. Онда бой көтерген еңселі ағаш үйлер де, ою-өрнекті қазақы ақ ордалар да өз сәнімен саяжәй салтанатын асыра айбынданады. Өзеннің бір жағы биебау да біржағы спорт алаңы. Спот алаңы жағына жалғаса Бәйбіше мен баршын тоқалдар ауласы күтуші, күзетшілерімен бөлек- бөлек жайғасқан. Ал биебау жақ ерке тоқал, ермек бикелер ауласына арналған. Бұлар жаз айларында кезегімен келіп отағасысының көңілін көтеріп ықылысына бөленіп мейіріне қанып қайтуға барын сала бақандарын ала орай күтіседі...

 Арандин мен Залалдин оны да мұны да айта келіп бар қызықтың түйінін осы араға тоқайластыра тояттай тарауға келіскен. «ағаның» айтуынан шығуға тырысқан Залалдин әуелі «жаңа құлды» саяжәйға жақын мал отарына апарып ұстай тұруға екі жігіт оналастырып, өзі «арыс иттерін» алып саяжәй шатқалының басындағы «боз ойнақ» аталатын орманды түкпірден қонақтарға арнап ас-мәзір, жатын орын дайындығына кетеді. Алла сәтін салған істің қисыны да аяқ астынан келе қалатыны да болады. «жаңа құлға» жауапты болған екі жандарым жол жағдайының қолайына қарай бір мал отарына қоналқаға түседі. Өзін көрмеседе фото суретіне көзі қаныққан «жаңа құл» отардағы малшының Аймауыт екенін бірден тұрақтандырады. Әрі бұйрықша осылай орайласа қалғанын жақсылыққа жори алланың жолдарын ашқалы тұрғанына еш күман келтірмейді. Алыс жол азабын жеңілдетуге жәрдемші болып зыр жүгіре есік ашып еңкеңдей кіргізіп, орындарынан демей тұрғызып, қолайларына әбден жағып алған «жаңа құл» Аймауыттан бұрын қимылдай от жағып ас- су дайындауға кірісіп кетеді. Аймауыт әйтеуір туада адам бейнеде еді ғой деген болмаса ләм деп ешкімге тіл сындырмай біресе малына біресе қонақтарының қабағына қарағыштап еңкеңдей ұшып жүр. Төр басында шірене жатқан жандарымдардың үлкені екі «құлға» бұйыра сөйлеп:

    - Біз жәйлі үй, дайын тамақ таппай мұнда келгеніміз жоқ, дала отына жәйылған жарамды жас малдан сойып дүз тағамын жейік деп келдік,- деп екеуіне оқты көзбен тесе қарап қойды. Манадан мылқау- сақау адамдай жүрген Аймаыт қонақтың бетіне тіке қарауға батпай қасындағы бейтаныс «құлға» қарап:

     - Мал сойюды қожайынға айту керек ед...» деп төменшіктей міңгірлеп қалды. Оның дауысын шала естіседе түсінген жандарым:

      - Қожайыныңды көріппең?

      - Ертеректе 7-8 жылдың алында бір көргем.

      - Бағымыңда қанша мал бар?

      - Мыңқаралы.

      - Қожайыныңда сен бағып жүрен мыңқаралы отардай неше оны бар, оған бір ғана қожайын қалай қарап үлгіреді. Малына қарай бір емес, ондаған қожайын жұмыс істейді. Сол қожайындардың бірі мына біз біреу келіп есеп алса «Залалдин» деген қожайын жеп кетті де артынан акт жасап беремін. Аймауыт пен «бейтаныс құл» мал ұстауға кетті де отардың «құрметті қонақтары» қарақостың қасиеті сіңген қою шәйіне қана маңдай терлерін сыпыра жәндерін жадырата жәйленіп отырып қалды. «бейтаныс құл» аймауытқа істің шын сырын айтпаққа неше оқталып барып «оның талай жылдардан бергі өлген арманын оята жойылған сенмін тірілтіп, үзілген үмітін қолма- қол жалғау мүмкін емес шығар, неде болса шындықты іс үстінде танысын, онанда қолдан келген бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып осы түннен қалдырмауым керек» деп шешті. Ол Аймауыт көрсеткен қара ісекті ұстамай іштей алладан ақ жол тілей барып ақсарбас марқаны ұстап әкеліп қос есігінен қонақарға көлденеңдетіп бата тіледі. Кішісі үлкеніне қарап еді үлкені:

     - Ненің салтанаты ей ол, тақ бір отауына шақырып отырғандай бата тілеуін өзің бірдемеңді айт та соя бер. Әуелі мына кілтті алып көлікті аш та от алдырып мына қолфонды зәрияатқақой, сосын артын ашып жәшіктегі арақтан бір- екі құмыра алып кел,- деп «жаңа құлға» түйіле қарады. Жаңа құл:

     - Әттең, айналайын ағакем- ай, осы аитқандарыңызды орындауды білгенімде ғой, ондай қасиетті дүниелерді өздеріңіздей ақсүйек төрелердің тақымынан көріп тамсанып, қолынан көріп қорланып өскен пақырмын. Ал арақ жарықтықпен бала жасымнан- ақ алысып ит жығыс келе жатқан жәйім бар...

- Қай заманда жасап жүрген жансың ей шырағым, шыны солай ма?!

- Өз құзырларыңызда осылай құлша жорғалауды бақ санайтын мен сияқты асырайтын ата- анасы, алаңдайтын бала- шағасы жоқ соқа бас сидам сопыға өтірік айтқан қай сор еді, аға, бар білерім қара жұмысты талғамай істеймін, арақты судай сімірем, өтірік, ұрлықтан аулақпын...

- Сен ші? Өзіне түйіле қараған суық қабақтан ығыса еңкеңдеген Аймауыт көлік кілтін жасқана қолына алды. Жаңа құл ере барып көлік іші- сыртын барлап қайтты.

Қонақтардың алдына әуелі, қақталған төстік, сосын тау сарымсағымен дәмдендірілен майлы қуырдақ келді. Адам баласының арын да, нәрін де керек етпейтін арзан көңіл аш мойын шөлмек те аспен араласа қолдан- қолға жүйткіді. Бес аспап тәрбиеленген елпек жігіт бейтаныс «құлдың» қолымен мескейде қайнап жатқан жас еттің жағымды  иісі мұрын жара аңқып ар жақтарынан тәбет қозғай сұраныс жасап үлгірді.

Алдарына тартылған төре табақ етпен майы сіңіріле сапырылған тіл үйірерлік дәмді сорпадан гөрі орнын таба орындап, өңін келтіре өріп шыққан сынаптай сырғыған сырбаз жігітке разы болған Алысбай:

-Е, азамат, «мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген, атыңды білмесек те затыңды таныдым. Жиһангез серілерге жолсерікке жаратылғандай қылаптың өзі екенсің. Төселе жүгіріп, төредей күткеніңе разы болдым, айналайын, кімнің ісі болсада араласа кететін байырғы қазақылықты тастамаған пысықтығың ұнады, «қолы ойнағанның аузы ойнайды» деп ата- бабамыз бекер айтпаған, мынадай заманда ішімдегіні тап деп ешкімге жынысын қоспай томсырайып отырған да, даяр асқа тік қасық боп көкиіп тұрған да арам өледі. Елпек қимыл, ершімді істеріңе рахымет. Мен Алысбай алау деген ағаңмын, ал мынау Берісбай берен деген ағаң. Бәрімзде бөтен емес, тағдыр осы жеррге тоғыстырған екен йә бүге, йә шіге болғанша осы алып кеме алпауит төреде малтимыз. Ал, өз ныспың не? Қалайша бұл күйге түстің, аитып отыр бәрімізде елден кеткен дала тағыларымыз, бір жағы ермек, бір жағы таныстық болсын.

- Атым Ерзада, аға, ауылдағылар «Егеуқара», «Қарадоиыр» деген сияқты лақаптармен атайды, өзім де оларға атығып кеттім. Әке көрмедім, шешем марқұм арқасына көтеріп, аузына тістеп дегендей жанкештілікпен бағып ел қатарына қосыпты. Амал не шешем жарықтық талай мектепке берген екен еркелік пен есіріктік қабаттай бұғаулап алған жүйке ешкімге бұйда ұстатпай бұзақылықтың төрінен бір- ақ шығарыпты. Осы елде әліпті таяқ деп білмейтін бір адам болса сол менмін. Бәр мінім осы да бәр айыбым шындық үшін шырылдай отқа түсе кететінім. Сөйтіп шырылдай жүріп осы жерден қалай шығып қалғаныма өзімде таңмын. Түрме ғой менің айына болмасада маусымына біраз уақыт қонақтап қайтатын үйреншікті орныма айланып қалған жартылай мекенім. Онанда қажыдым- ау тегі бас айланған жақтан дізгін тартпай ел ақтай жүріп тиянақтаған жерім осы болды. Бақ па, сор ма белгісіз алдынғы аптада итке талатып өлтірмек те болған, енді не тосып тұрғаны тек бір аллаға ғана аян... 

Оның тағдырлы халіне жаны ашй сөзін бөле жөнелген Берісбай берен:

-Е, айналайын- ай, тентектің бір аяғы сегіз, бір аяғы тоғыз деген осы, алла жолыңды оңғарсын, «су ағады, тас қалады» деген, тас болсаң қаларсың бұғанда мойымай, бор кемік бос белбеу болсаң езбелтек құлға айналарсың, бірақ, сеннен ондай ныспы көріп тұрғам жоқ, ұста мынадан бір кесе тартып жіберіп ішқұсаңды шығар, деп мөлтілдеген арақ кесесін ұсынды. Ерзада:

- Пиғылыңызға рахымет, аға, мен бұдан бас тартып көрмеген кісімін. Бірақ, бұны ауызға алған жерде үйге йә, арақ, йә, мен түнейтін әдетіміз бар еді. Тәуекел іш десеңіз онда мұны жол ортада қою жоқ, йә, алып жүрген жәшіктеріңіз сарқылады, йә, мен ес- түссіз неше күн сұлап қалуым керек. Жастан қалыптастырған дағды осы, бұл да бір соқпа дерт сияқты бірер айда бір айланып соғып кетеді. Сөздің басын ашып алайық, мені де бекер алып жүрмеген шығарсыздар, «пұшық мұрнын жасырмайды» деген сияқты мен сырымды жасырмай айттым, ойға алған маңызды жұмыстарыңыз болса жатқан жыланның құйрығын басып «бір теңге беріп жылатып, мың теңге беріп қойдыра алмай» жүрмеңіздер. Алыспайалау Берісбайберенге қарап бас шайқап кесені кері қайтартты. Ерзада өзінің бастағалы отырған игі ісіне көлденең болама деп алаңдап отырған «желік судан» құтылғанына қуана іштей аллаға сиына шүкірлік етіп отырды.

Желік су бетке де, артқа да қарамай айланып жүре берді, біреулер ерлене есіріп, біреулер көмескі көсіліп күле берді...

Алла оңғарайын деген істің сәті бір- ақ дем. Балбырай жәйіліп, өмірден кеткен еселерін елітпе көбіршік ерлікпен ауызша қайырып отырған Берісбайбереннің көңілінде ешкімгеде  күмәннән орын қалмады. Алысбайалаудың ойы қазірге әптер- тептерлеу, еміс- еміс есінеп қойып әркімге көзінің астынан сүзе қарайды. Ерзаданың бәр үміті  осы есінеуде. Йә, сәт, есінеу жиілеп көзге жас та араласты. Оның үстіне Берекеңнің мақта қамшы мәй кесесі де жортақтай жонын сипай бастады. Алекең көз астымен қанша сүзе қарасада үзе тартарлықтай ештеме іліктіре алмады ма, жоқ, мәйлі мақтау буынға түсе өзін меңгеруден қалды ма Берекеңе сығырая қарапбауырым өзіңе се...сен... деп сөз аяғын шығара алмай шалқалай барып қор ете түсті. Дастарқан билігі өзіне еркін тиген Берекең ескеуілдей есіп отырып осы сапардың біраз құпиялықтарын да ашты. Әлгінде ғана елпектей емексітіп отырған Алысбайалауды жақатпай бірер сыбап та қойды. Оның мақтан сүйгіш даңғойлығын дөп баса икемді пайдаланған Ерзада мақтаудан ат міндіріп, жақтаудан түйе жетелете отырып арт- артынан екі кесе көтертіп тырабай асырды да істің шын мәніне көшпек болған Ерекең Аймауытқа шұқшиды. Ерекең төтесінен Аймауыт аға,- деді бетіне тіке қарап, талай жылдар бойы аталмай кеткен өзінің азан атын тосын естіген Айекеңнің көзі бағжаң ете түсті. Сөзін онан ары нықтай жалғаған Ерекең: 

- Мені сізді мына тозақ дүниеден құтқаруға Азатгүл апа мен Байырқа аға жіберді. отбасыңызға оралып, ел- жұртыңызға қауышқыңыз келсе менің айтқанымды істеңіз.      мен қазір мына екеуінің барлық докметі, қару- жарағы, хабарласу құралдары, көлігінің кілтінен тартып түгел сыпырып алам да байлап- матап көлікке басамын. сосын малды аллаға аманаттап жолға шығамыз. айтқаным бойынша дереу жиналыңыз, қайшы келсеңіз мен өзіме жауап бере алмай сізді де бірге байлайтын боламын...

- Мен... мен кісі өлтіріп...

- Зәйіпханды айтасыз ба, ол тірі, қазір Азатгүл апаның қолында, сізде еш қылмыс жоқ, артыңызда тек зарыққан жұбайыңыз, сағынған балаларыңыз, аңсаған немерелеріңіз бар осыдан өзге ештеме ойламай маған сәйкесіңіз. Аймауыт көз жасына йе бола алмай есі шыға меңірейіп отырып қалды. Еркін дүниеден күдерін ерте үзе құлдық  қамытын мойынға еріксіз іліп ит тірлікке көніп кеткен оның есін жия, күш- қайрат жиып алуына біраз уақыт қажет екенін бағамдаған Ерзада оны отырған орнына тастады да қостағы екеуіне қол салды. оларды айтқанындай байлап- матап көлікке салды да қайта айналып Аймауыттың бетіне бір шөміш суық су шәшіп есін жинатып:

- Көлік жүргізе аласыз ба!?- деп бұйыра қарады. екі ұдайылау ойлы көзбен Ерекеңе қарап сәл кідірген Айекең:

- Алғашқы мүшелімнен бастап тепкен көктемір ғой, көрерміз бұйырса.

- Ендеше, тез жинал да көлікке мініп мыналарды бақылауыңда ұста.

- Бұлардың қажеті қанша, неге ала кетеміз?

- Бірінші өз амандығымыз үшін, екінші, бұларда сіз сияақты басыбайлы құл, оларда азаттық алуы керек...

- Ал бас сауғалап жүрген қылмыскер болса шы?

- Қылмысы болса ес жиғанда айтады, істері заң арқылы шешімін табады, ұзаңқырап қауіпсіз жерге барып алғанша босатуға болмайды.

Айлы түн. Адыр тау. Жолсыз дала. Ақсақ киіктей шоқырақтаған жалғыз көлік өңмеңдей ұшыртып барады. Таңға жуық ес жия өзінің қолды болғанын бір- ақ білген  Алысбайалау екі көзі шатынай көлік ішін жарып жіберердей ашумен ақырды. Екі көзі қан талай  аузы көбіршіп аяқ- қолы байлаулы артқы орындықта таңулы жатқан ол Берісбайберенді баспен сүзгілеп оятты. ол да ашудан қыстыға жарылардай тыпырлап барып  байыз тапты. Екеуі де енді құтыла алмасына көздері әбден жеткенде барып жүндері жығыла жуаси тіл қатты:

- Сен кім, қайдан келдің? Ерекеңде үн жоқ.

- Бізді қайда апарасың? тағы үнсіз.

- Айтсаңшы, шырағым біз неден жаздық? Діті жетпей отырған Аймауыт екі жаққа кезек жалтақтайды.

- Айналайын, болмаса дәрет сындыртсаң шы?! Ерекең қалтарыстау ойпаң жерге апарып әуелі, Алыспайалаудың аяғын босатып көліктен түсірді. Әбден жеңілдеп алған шалбарын Аймауытқа байлатып алды да Ерзаданы жанына шақырды. Оның іштей бір қулық  сайлап тұрғанын сезген сайыскер азамат Аймауытқа Берісбейберенді босаттырып оны да жеңілдендіріп алып, Ағеке, не жұмыс еді? деп қасына жетіп келді. Осы орайды асыға күтіп тұрған Алыспайалау баспен бір- ақ сүзіп шалқасынан түсіріп кеудеге қарая кетпек болып енді ұмтыла бергенде өзі де онан осыны күтіп іштей дайындықпен келген сыралғы сайыскер бұлт ете түседі. Алекең өзін билей алмай барып жер сүзе оңбай жығылады. Осыдан соң ғана дұрыстап сөз  алған Ерзада:

- Екеуің де арыстың асыл тек азаматтары емес, ауылдың адырақбай қазан бұзар тентегі екендеріңді бір көргенде- ақ білгенмін. солайда еркек бастарың бар ғой, аяқ- қолдарыңды шешіп бостандықта ұстайын шамадарыңша қарманып қалыңдар, қаршадай балаға қапыда қолға түсіп обалды кеттік- ау деген іштеріңде арман кетпесін...

- Жекпе- жекке ме?

-  Қалауларың білсін, біреулеп пе, екеулеп пе, әйтеуір құтылып кетудің амалын ойлайтын шығарсыңдар?! Олар бір- біріне тіл сындырмастан бірге соғайық дегендей ишара білдірісті. Аимауыт екеуін де босатты. Олар аяқ- қол саусақтары мен белбуындарын сытырлата созғылап құрыс- тырысын жазып біраз әрекет жасап алды да екеуі екі жағынан Ерзадаға лап қойды. әуелі біраз еркіндетіп барып екеуін екі жұдырықпен сұлата салған Ерекең қапы қалмаңдар, ер кезегі үш деген деп қайта шақырды. ести сала ызақор да күйгелек Алыспайалау қолына бір уыс топырақ уыстай ұшып тұрып әлі де есеңгірей сұлап жатқан Берісбайберенді жағаласпай жан қалмайды, тұр, алыспай берісу жоқ деп май құйрықтан теуіп қалды. ұйқыдан селт ете оянғандай ол қалшылдай ұшып тұрды да Ерзадаға бір- ақ атылды. бәр назары Алыспайалаудың қолындағы топырақ та тұрған Ерзада көзіне топырақ шәшпақ болып ұмтылған Алыспайалаудың алдына көз ілдірмес тездікпен Берісбайбереннің иығынан жұлқи ұстап қалқандай тосып үлгірді де жер тарпыған бұқадай шаң қапқан Берісбайберенді қолтоқпақтай үйіре Алыспайалауды маңына жуытпай қойды. Мысы құри отыра кеткен Алыспайалау жәніп тұрған жас, балада болса бас екеніңе көзім әбден жетті, балам, қатем болса кеш,- деп солқылдай жылап отыра кетті. оның бишара халін көрген Ерзада қолында жүндей түтіле, шылғи қайыстай созылып ұйпа- тұйпасы шыққан Беріспейберенді жүн салған дорбадай жеңіл көтеріп қасына қоя салды. сол- ақ екен ол басын көтеруге шама жоқ лақылдата құсып жіберді. оны көріп сасып қалған Алекең манадан қаққан қазықтай алақтап тұрып қалған Аймауытқа басын сүйе дегендей алая қарады. бұларды дем алдыра сусындатып алған Ерзада өзінің Аймауытты  құтқаруға жәнін шүберекке түйе апанға кірген ер екенін  айтып шындыққа көздерін жеткізді. Тосаттан қайраңға шығып қалған балықтай жүрек соғыстары жиілей жөнелген олар тілдерін жұтып қойғандай үндері іштеріне түсе көздерін бағжита отырып қалды. олардың бұл халін көрген Ерзада:

- Арманда кетпесін деп өздеріңе бір- бір талғам бердім, ер азаматпыз ғой, алдарыңа тағыда бір талғам тастайын, қаузап көріңдер. Олар бастарын сәл көтере сұраулы көзбен Ерзадаға шұқшия қарады. Ерекең:

- Алдарыңда екі жол бар: бірі, ақйқатқа қайтып менімен бірге ауылға бару; бірі, енді бір күндік жолдан соң  көліксіз, қарусыз, тілдескі құралсыз ен далада қалу. ешқайсыныңды мәжбүрлемеймін қалау өздеріңде. Бұған ілесіп осы беті кете берсек, тас қабырға тар босағада танау қусырылады; Апанға кері қайтсақ жон тері сыпырылады; Ен далада қаңғысақ мына әз бас жылым жыртқыштарға жұтылады... деген оймен бастары әңкі- тәңкі бола күрсіне берді. Олардың бұл ойларын дөп баса тұжырымдаған Ерекең:

- Артқа қайтып арыстанға, далада қалып қасқыра, ілгері кетіп жолбарысқа жем боламыз- ау деп уайымдаған сайын тұйыққа тірелесіңдер, қолмен істегенді мойынмен көтеріп өздеріңді мәлімдеу ғана ерлік, осындай болғанда жеңілдік те ала аласыңдар, заңға жетік адвакат тауып беруіме де болады...

- Айналайын, қарағым, біз біреуге оқтаулы мылтық, біреуге сайлаулы қылыш бола жүріп кісі де өлтірдік, өрт қойып, бұлау- талау да істеп қылмысқа белшеден батқан жандармыз, шапсаң міне бас, байласаң міне қол,- деп ауыздары икемге келмей кемсеңдей жөнелді.

- Ату- шабу менің құзырымдағы іс емес, мен тек қолмен істегенді мойынмен көтеріп шынайы тәубәға келудің ғана ақиқат екенін көрсетушімін. Бұған шынайы мойынсал болсаңдар аман- сау апарам да орталық сақшының есігін көрсетіп қойып хабар күтемін. қажет болғанда адуакат тауып тезірек ақталып шығуларыңа бар күшімді саламын. менің көмегім осы, ал сендердің көмектерің арттарыңнан қожайындарың қоңырау шалса бәр іс өз тапсырғаныңдай, айтулы уақытта барамыз деп алдаусырата уақытты өткізіп аман- сау көзеулі орынға жетіп алуға сәйкесу.

- Біздің ендігі сүйенішіміз өзің, жарайды, айтқаның болсын.

- Іс бұнымен тынбайды, ақиқатқа қайтып заңға шынайы беріледі екенсіңдер зәредей де өтірік қосуларыңа болмайды. Қашанда пәкіт негіз, заң өлшем болады, йә, меннен, йә, артта қалған қожайындарыңнан, йә, алда күтіп тұрған сақшы- сот сарапты шешімінен қорқып біреуге жала жауып, йә, біреуді сыртынан сатып біреулердің обалды өксік- наласымен өздеріңді ақтамақ болсаңдар ең үлкен қателікке барғандарың. Алланың қаһарынан үлкен қатал заң жоқ, алланың рақымынан асатын мейір жоқ. «құмырысқаның тас басқаны тәңірге аян» деген өзгеден жасырсаңдар да алладан жасыра алмайсыңдар. Алла күнасын мойындап, тәубеге келіп, енігі ары күнәлі іске бармауға құлшынған құлын кешетінін айтқан. Алланың рақымына қауышып, қашанда болса о дүниеге бетіміз жарық қайтайық десек, тәубәға келейік, ағайындар.

Сөз шымбайына батты ма, алланың қаһарынан шынайы қорықты ма олар бұрын- соңғы істегендерін де, көргендерін де маңырата отырып Ерекеңе қолды болған өз телефон камерасына алдырып қойды. Олардың шынайы берілгендеріне толықтай ишанған Ерекең аяқ- қолдарын барлық бұғаудан босатып көлікке ерікті отырғызып алып келді.   

Істің бәрі ойдағыдай орындалып мәресіне жетті. Аймауыт аман- сау үй ішімен қауышты. Алыспайалау мен Берісбейберен де өзлерін мәлімдеп заңға жүгінді. Өз ойлағандарынан тез де сәтті тамамдап қайтқан Қатуға  қабағат риза бола біраз уақыт дем алдыра қонағасы беріп, молынан си- сияпат тағайындап ризалығын білдірген Азатгүл ұнатсаң осы фермада қалуыңада болады, ал кетер болсаң үнемі хабарласып жүруді, аит- мейрамдарда отбасыңмен қыдырып ұрпақтарды да өзара таныстыра үйір- шүйір қылуды ұмытпа деп қадағалай тапсырды. Азкем ойлы түспен үнсіз отырған Қату:

- Арқалы елге атыңыз шығып ел анасы атанған сіздің қол астыңызда жұмыс істеу кімге болсада ұнайды ғой, апа. Бірақ, менің қазіргі сүрім біреуге ұнаса да біреуге ұнамай қалған кісі. Мен ежелден өзімді ақиқатқа арнаған жанмын. Тек сіздің бір ісіңізге жарағандығымнан емес, алланың ризалығы жолында бірқанша адасқан құлды құтқара алғаныма өзіме ерекше риза болып жүрмін. бұл қуаныштың баяны қаншлық боларына да сенімім аз. Ендігі менің де артыма тіміскі ит еріп болған шығар, заңнан әділдік күтіп өздерін мәлімдеп алдарына барған әлгі екеуінің еш хабарсыз кетіп бара жатқаны бұл күмәнімді онан сайын ауырлатып барады, сол үшін менің бұл өңірге тұрғым жоқ, сау болыңыздар,- деп орнынан тұрды. Байырқаның заң ақылшышы баяғы саркідір кісі сөз алып:

- Ақылың асып, арының тасып тұрған азамат екенсің, балам, амал не, су бар жерде шөп, шөп бар жерде су жоқ болып тұрған заман- ай деші! Кемінде мына аудан деңгейлі сақшы- сот органдары сен сияқты есілдердің қолында болса біздегі осыншама жылға созылған мынау Аймауыт отбасы зардапты лаңы болмаған да болар еді ғой. Болжамың қате емес, балам, артыңнан жансыз түскені мұндағы іс, әуелі анау екеуін өзі келген текені көзінен ат дегендей сол айғақтардың көзін жойу бұйрығы да ере келген болуы бек мүмкін. Қату:

- Рас айтасыз, ата, сіздерге кесірім тимей тұрғанда кетіп алайын, Аймауыт ағаға абай болыңыздар, ол кісінің еш құпиялықтан хабарсыз, барғалы мал соңында  малдан арыда беріде емес халде күн кешкенін онан келер- кетер жоқтығын әлгі екеуі де айтпақ болған, болғанмен сақтықта қордық жоқ сақсынған жақсы, әсіресе денсаулығына қатты көңіл бөліңіздер... Еріксіз көзіне жас алан Азатгүл:

- Денсаулығын ғой жалпы бетті қараттым. Бастысы астан тартылып, күтімнен кетіп асқазан қурылып қалған дейді. Қазақы ем-домда оның емі алты айдан асқан қозының пяздалған қуырдағы мен жылқының қымызын ұзақ уақыт тақыл- тақыл беріп отырса табиғи кеңейіп қалпына келеді екен. әсте көңілге қарап кептеп тамақ беруге де, әсіресе осы заман дәрі- дәрмегімен күшеуге де болмайды екен. алаңсыз бол, балам, Байырқа әкесіне арнайы күтуші де, қорғаушы да орналастырды. ал басыңа әлде қалай күн туса ебін тауып бізбен хабарлас, отбасыңа қауып төнетіндей болса да бізге аманатта,- деп Қатудың маңдайынан искеді. Өмірінде көзіне жас алып көрмеген Қату да азкем босай әкесіз бейбақтар ғой деп Балқияның балларының бетінен сүйіп, өзінің маңдайларынан искеп  қолынан қатты қыса жолға түсті...

Қатудың аттанғанына жарты айдың жүзі болсада еш хабар болмады. Есесіне Аймауытты іздеген аудан, ауыл сақшылары жиілей түсті. А дегенде үлкен күмәнмен келіп талай жылдан бері қайда болғаны, немен айналысқаны, кімді танитыны, олардың өң- түсі, телефон номерінен тартып сұраған олар одан бірдің басы, бірдің аяғы қолжырап отырып әрең айтқан адырлы тау ішінде қой бақтымнан өзге еш жауап ала алмады. Оннеше  рет келгеннен кейін түңіліп те, оның талай жылғы жалғыз жабығудан ой соқты бола ауытқып қалғанына сенгендей де болып қалды ма іздеп келушілер аяңы біраз саябырсып бәлкім атын қолдағы  екеуден ұқты ма, олар енді Ерзадаға іздек- сұрақ сала бастады.     

Тыңшы салып заңсыз әрекет жасадың, көлік, құрал- сайман барымталап, кісі ұрладың, ферманың малын қараусыз қалдырып зор шығымға ұшыраттың... деген қатарлы қисынсыз сұрақтармен екі күннің бірінде Байырқаның басын айналдырып жұмысына көп кедергі келтіре бергендерінен хабар тапқан Азатгүл жанына заң қорғаушысын ала аудан сақшы бөлімшесінің бас маман кеңсесіне ат тұмсығын тірейді. Өзгеге батыл болсада дәл Азатгүлге қарсы келе алмайтынын жақсы білетін бас маман бұрынғы әдетінше тағыда көлкектей жөнеліп:

- Оһо, «апа» келіп қалған екен ғой, қалай аман- есен жүрсіз бе, отағасы аман- сау оралып көзайым болып қалдыңыз ба, ағаға өзім барып аман- сәлем қылайын деп отыр едім, айып етпеңіз, ұят болды ғой...

- Йә, йә өзіңнің “қырағы көз, қырпулы қимылыңның” арқасында Айекеңде аман- сау отбасына оралып, біреулерді сүйіндірсе де, біреулерді күйіндіріп жатыр. Бір аудан халқының ішкі амандығы мен обал-суабын арқалап қылша мойның талша болып жүрген түрің мынау өзің барып амандасатындай Аймауыт кім екен сол ғұрлы, жетеді ғой соларда, айналайын, атшабарларың екі күннің бірінде барып жатыр...

- Жұрттың бәрі сіздей ойлағанда ғой, апай, түсінгеніңізге рахымет, әуелі, отырып шәй ішіңіз ші...

-  Түсініп те жырғап тұрғам жоқ, әуелі, мына менің фермам істі, балам қылмысты саналып алдымнан мінші, артымнан тыңшы кеткенді қойды. Мұны сеннен артық білетін де, шешетін де ешкімді көріп тұрғаным жоқ, осыған жауап бер...

- Шын айтып тұрсыз ба апай, мен қалай білмегем бұл істі?

- Білмесең енді білетін боласың, іс былай: әуелі, осыдан он жылдың алдында Аймауыт мастықпен көлік жүргізіп Зәйіпхан атты қызды бір аяқ, бір қолын үзіп кетеді. Қанжоса болып ессіз жатқан оны «өлдіге» балап қорыққанынан басы ауған жаққа қашып кетеді. Су ішері бар Зәйіхан басқалар жағына жедел құтқаруға жеткізіліп балнисадан мүгедек болып шығады. Ол қазір менің бағымымда. Ал аймауыт ұшты- күйді жоғалып дер уақытында осы бөлімшеге мәлімдегенімізге мына өзің куәсің. Оны іздеуге, табуға талай рет уәде де бергенсің, бірақ, онша құлықты болмай, іс тым ұзаққа созылып, шалымның он жылдық азапты өміріне, адал арына қиянат жасалды. Оның тірі екенін де, қайда болғанын да осы бөлімшеде біреудің білетіні анық, мен осы қордыққа төзе алмай істі өз қолыма алып адам жалдап Айекеңді құлдықтан құтқардым. Онымен бірге тағы да екі басыбайлы құл қашып өздері берілді. Оларды мінгенкөлігінен, ұстаған құралынан тартып өзің тапсырып алдың, сонда мен қалай кісі ұрлаған, ат- көлік және суық құрал тонаған қылмысты болып отырмын? Аймауыт ферманың заңды қабылдаған жұмысшысы болса ол неге барлық докметі қолды болып, ішер тамағынан басқа жалақы алмайтын, адам баласымен тілдеспейтін, алдындағы малдан басқаны көрмеген жапан дүздің жадысына айналып қалады? Менің фермама, оның бас деректорына артылып жатқан қылмыстарды шын деп қарасаң онда менің қойып отырған осы сұрақтарыма дәлелді жауап бер де мені қылмысты қып ұста, Егер дұрыстап дәлелдеп тұшымды жауап бере алмасаң дәлелді де, жауап бергізетін орынды да мен тауып отырмын. Сенің тексеріп анықтауыңнан да, мәселені үйлесімді шеше алатыныңнан да мен тойған адаммын. Мына келісім саған ескерту ғана. Аузынан сөзі, қойынынан бөзі түсе қолжырай терлеп кеткен бас маман:

- Апай, тым қатты кеткен жоқсыз ба, әлгі жалдаған адамыңыз да кім екенін таныстырып ісінен бізге бір мәлімет берсе болатын еді,- деп жерге қарағыштай берді.

- Кісі жалдаудың шартын меннен сен жақсы білесің, оған керегі ақша, маған керегі жұмыстың талап бойынша тындырылуы. Ол ақшасын алды да өз жөніне түсті. Атының «Ерзада» екенін ғана білем, одан арғысын сұрап тектеуге менің не құқым бар, егжей- тегжейін айтып сенің алдыңа баратын оны сен жалдаған жоқ шығарсың, саған барып мәлімет беруге ол міндетті емес. Жұмыс сәтті бітті, ол кетті. білерім сол ғана.

 Азатгүл аттанып кетті. Ол ой соқтылана тер басып отырып қалды...

  1.  

      Азатгүлдің салмағы ауыр жүйелі ойы мен дәлелді сөзі бөлімшені біраз әбігерге салғанға ұқсайды. Өйткені жынды көбелекше ферманы айналсоқтай беретіндердің аяғы сап тиылды. Есесіне жұмысы жиі тексеріліп айып- қиып, алым- салық күшейіп кетті. Сол аяғы үзілмеитін “сұраммсақ сұқ күшік” көзденген көп тексерушілермен бірге “жұмыс талабымен бөлімшенің бас маманы да өзге өңірге алмасыпты; Алыспайалау өзіне қол салыпты; Берісбайберен түрмеден қашыпты...” деген сияқты сөздер де ере келіп желдей гуледі.

     Желдей есе, қардай бораған өсектерді зерделеуге қазірге мұрсасы жете бермеген Азатгүлдің өз әлегі өзінде. Неге дейсіз- ау, келгеніне жылға таяса да әлі күнге жұмған ауызын ашпай жан- жағына үрке қарау мен біреу бетіне тура қараса болды көзін тайдыра жерге қарай қалатын Аймауыттың осы бір жолбике әдеті қашанға дейін жалғасады, қалай қойдырам? Соншама жақсылығы өткен Қатудың осы уақытқа дейін хабар- ошарсыз кетуі неліктен? Басқасын былай қойғанда осы екеуі де Азатгүл жүйкесін жұқартуға жетерлік ой- азап жүктей бастаған- ды. Қазірге Аймауытты писихиқалық жолмен дауалап сауықтыруды қолға алған келіні Назкерім де, тұрмыс күтімін қадағалап отырған ұлы Байырқа. Ал әкесі келгенде елден ерек қуанған Балқияның көңілі соңғы уақыттан бері тым сынық. Жұмыс, тұрмыс, ұрпақ... қатарлыларынан қолға ілігерліктей сылтау таппай «шәйтәннің» жетегінде кеткен күйеуіне байланыстыра жасалған долбарларға қызының көргенділігі мен жасынан қалыптастырған мінезіне қанық Азатгүлдің  сенгісі жоқ. Ой көгаршынын олай ұшырып, былай үркітседе бір ғана күдіктен өзін ауашалай алмаған Азатгүл ой шылбыры шырмалған кішкентай болсада бір мыс шығырды шынашағына ілгендей аз тыныстап “Ана жүрегі алдамайды, ана мейірі алаламайды, сезімі де бекер секем алмайды..., бәлкім, біреуінен сұрауым керек шығар, кімнен өзінен бе, жоқ, жеңгесінен бе...”деп жатып зорға көз ілдіре ертесі сергек оянды.

     Көптен көңлінде ұялаған бір сиқырлы сезім жетегінде дел- сал жүргендей әсер бере беретін қайынсіңіл күйіне бей-жәй қарай алмаған Назкерім көңіліне бүккенімен әуелі енесімен ой бөліспек болып, арнайы тазалық күндері болмаса өз бетімен кіре бермейтін ене бөлмесіне имене бас сұқты. Жас парқы деген болмаса екеуі де ана. Бұның да жүрегі бірдемені сезгені анық. Сөзді неден бастарын блмей енесін құшақтап қөзіне жас алды. Күнделік жәй отбасылы іс емесін Азатгүл де сезіп:

- Тыныш па, балам, әжеңді сағынып жүргеннен саусың ба,- деп маңдайынан искей жұбатты да жаңа суғарған шұғынық гүліндей албырай жайнаған жүзі мен ашық аспанға шағылыса тасты тұмбада шалқая жүзген сазандай әнтек боғақтана жарқыраған ақ тамағына көз салып Аймауыт атаның қайта оралған қадамына алланың қалауымен силанғалы тұрған тағы бір немеренің сағымын көргендей болды.

 - Жоқ, апа, әжем құдасына құтты болсын айта келіп қайтқалы да онша көп болған жоқ ғой, өзіңіз не байқадыңыз, жар дегендегі жалғыз қайын сіңлімнің жәйі жаныма батып жүр, апа. Бұрын қандай ашық- жарқын еді, кеңесе кетсең ойыңды айтпай түсінетін ой- сезімі қандай тартымды еді. әйтеуір еңсесін баса езіп жүрген бір кірбеңдік бары анық. Қалайда бұрынғы күйеуі емес деп ойлаймын...

- Қаншама балалы әйел дегенмен махаббат мауығы масаңдата аңсарын ауытқытатын жастан аса қоймаған әлі де жас ғой, бұрынғы күйеуін ойламасын- ақ, сонда кім деп ойлайсың?

- Ферма барған сайын көлемденіп, не не жақсы азаматтар жұмысқа тартылып жатыр, онсызда туып өскен ауылы үлкен қоғамдық орта ғой, дөп басып айта алмайым, апа, солайда жігітке қатысты ма деген күдігім басым.

- Жарайды, жарайды, қызым. Жас болсаң да ет жүрегің елжіреген анасың ғой, осы әлемге дәнекер  мен дәйек те, махаббат пен мәйек те силай алатын тек ана ғана. Егер әйел атаулыдан сол махаббат пен мейір кетсе әуелі отбасынан береке, сосын ер- азаматтар көңілінен мереке кетеді. Береке мен мереке қашқан шаңырақ шайқалмай қалмайды, қызым. шаңырағынан шаттық еспеген отбасы қоғамға қанды- сөлді клетка бола ала ма, жоқ, қайта бір шіріткіш іш мерезге айналып көбейген сайын қоғамды қойыртпаққа, ұрпақты тобырға айналдырып тынар еді. сен де, Балқия да ондайлардан емес, егер бізде осы мейір, осы махаббат болмаса Аймауыт отбасы аяғынан тұрып, осыншама жетістіктерге жете аларма еді? Соның бір жағында осы Балқияның еңбегі жоқ еді деп айта аламыз ба? Бұл қыз туралы мен де аз бас қатырып жүрген жоқпын. Отбасы жағдайының бәрі де өз ойлағанынан да жақсы көтерілді. Менде махаббатқа байланысты ойлай келіп, “Қату неге осы қызды құшақтап балаларының маңдайынан искей босап аттанды”деген бір ой осы түнде ғана сап ете түсіп соны сеннен сұратайын деп отырғанда құдай айдап өзің келіп ой бөлісе жөнелдің. Ол маған айта қоймайды, жеңгесісің ғой, Қату жәйлі әдейі орағыта оспақтай сөз қозға, азырақ шіме білінсе жан ашырлықпен сырлас. Беті бір ашылса меннен де жасырмайтынына сенемін, қызым.

- Жарайды, апа, қисыны да жоқ емес, көз көрген шындық, біздің ойға неге келмеді деңіз ші!?...

    *                                           *                                  *

“Адам баласы көбінше жағдайда құмырының ұзақ, отбасы жағдайының жақсы болуымен өз бақытын өлшейтіні біршама жалпылық ақиқат. Бірақ, сол “бақыт”деп жүрген жалпылық ақиқат ішінде де бір дара бақыттың болатынын осы Аймауыт отбасы ісіне араласқаннан бері ұқтым. Жәй кездері отбасы жағдайы қым- қуыт қарапайым да күрделі істерге толы өтіп жатады ғой, солардың ішінде де бір өмірге мәйек, бір келелі іске жетек боларлық қарапайым қасиеттер жасырынып жатады. Ол өте бір аңғарлылықпен санаңды оята аларлық себеп болғанда ғана байқалмаса жәй көзге оңайда түсе бермейді. Сезім жетегінен барып тілге тиек бола қалды ғой, сол “дара бақытқа”баланатын қарапайым қасиеттердің біздің отбасымызда да болғанын енді аңғарып отырмын:

Туған анам дүниеден ерте қайтыпты, өңі- түсі қандай болғаны есімде жоқ. Есесіне әкем жарықтық біраз жасап екінші шешелі де болыппыз. Мен ол кісінің өгей шешем екенін әбден ержетіп ат арқасын тартып мінген шағымда елден естіп оны “өгейге”қимаған қалпы қасарысып өстім. Туған шешем туралы әкем көп ештеме айтпайтын. Бәлкім, баққан шешем екеуміз арамыздағы бүгінгі тамаша ара қатынасымызға бір көлденең сызат түспесін дейтін шығар. Мейірін көріп мерейіне бөлене өспеген адам туралы ойлауғада зауқың соқпайтын көрінеді. Туған анамның бөлек екенін естігеннен кейін де ол кісі туралы ештемеге тебіреніп те, ештемесін тектеп те кетпей жүре беретінмін. Бір күні жолшыбай көлік апатынан ба, жоқ, басқалай бір кесірлі себептен бе әйтеуір көп қан жоғалтып есеңгіреп қалған бір бала тауып алып жан ұшырта жедел құтқару орнына жеткіздім. Бір сағат ішінде қан құймаса баланың өмірі тым қауіпте екенін біліп қолма- қол қан беруге адам іздедім. Табылған онға жуық кісінің ішінен меннен өзге ешкімнің қан тиві ұқсамады. Дәрігерге “меннен алыңыз” дедім. Дәрігер жуған көилекке жабысқан аш биттей бозарған өңіме бір қарады да жекебас куәлігім арқылы компиутордағы денсаулық архивымнан “бауырының ауыр дәрежедегі сыртқы зақымдалуы себебінен қан жасау қызметінің тосалғыға ұшырағанын” ұғып бір грам да қан алуға болмайтынын айтты. Мен дәрігерді “әуелі қыл үстінде жатқан баланы мен арқылы құтқарып, сосын маған жәйімен қан іздеңізге”әрең көндіріп баланы аман алып қалдық. Бала екеуміз бір палатада қатар төсекте жатырмыз. Көзім қарауыта басым айланып әлсірей төмендеп бара жатқанымда  әлгі баланың “а...ға”деген әлсіз дыбысы естілгендей болады. Селк ете басымды зорға бұрып қараймын өңінде үміт, көзінде күдіктің табы тайталаса отты көзі жайнай бала жатады. Қайдан екені белгісіз бойымды бір түрлі қуат қысып, жүрегіме шуақ түскендей серги балаға қарап күлімсірей бас изеп қоямын, бала да күлімсірей бас изей тынышталып қалады. Екеумізді де қатарынан қарап жатқан жанына жамандық бермегір сол қарт шипагер. Мөлшері бәрімізде жәйімен оңалып келе жатқанға ұқсаймыз.

Әлі есімде, аздап бас көтере әрекеттеніп бірер ауыз сөзге де келіп қалған шақ- тын. Бір күні әлгі қарт дәрігер жаныма келіп маған тесіле біраз қарады да көзін меннен тез тайдыра терезеге қарап отырып “Анаң марқұм осы шипаханада жан үзген еді ”деп  ауыр күрсініп қойды. Бұрын анам туралы көп ойлай бермейтін менің денем бір ысып, бір суып кетті. қалай екенін білмеймін әдетте өздігімнен әрең аунап түсіп, сүйемелмен жүретін әлжуәз басым орнымнан бұлқына көтеріліп тұрып кетіппін. Дәрігер сабырға шақыра жәиімен жатқызып: - Сенің мына анаң да ізгі ниетті, мейірбан ана ғой, сондықтан да шындық бетіне тура қарай алмай жүргеніңді білем, балам. Солайда шындықты мәңгі білдірмей кету де әкеңді көре қалған біздер үшін қиянат, балам. Бәлкім, әкең марқұм айтуға батпаған шығар, бәлкім, үлгіре алмаған да болар. Әкең екеуміз бір ауылдың тумасы болмасақта, бір жылдың төлі, бір мектепте оқымасақ та бір салада істеген кәсіптес құрбы едік. Іс былай, балам,- деп нақ мазмұнға көшті: - Мініп келе жатқан көлігін мас күйінде көлік жүргізген есірік біреу қарсы алдынан оңдырмай қағып әкең мен анаң екеуіде өте ауыр халде  осы емханаға жеткізілді. Қан тивтері ұқсас жандар екен, табылған аз қан екеуін бірдей құтқаруға жетпеді. Әкең әйелін құтқару ұсынысын әрең жасады да талықсып кетті. Анаң қанша айтсақта көнбей “артта қалып бара жатқан ұрпағымыз үшін ол аман... қалсын, менде бұрыннан да жетісіп тұрған... денсаулық жоқ, балаларымызға обал ғой... өтінем, от...ағасы аман... қалсын...шы...”деді үзіп- үзіп. Біз бір отбасының жалпы жағдайын көзде ұстай отырып мейірбан ананың өсиетін орындаудан өзге амал таба алмадық. Марқұм анаң өзіне аса риза болған бейнеде жадыраған жүзбен әкеңе қарай күлімдеп жатып жан үзді. Мен сол пәк бейнені, сол асыл қасиетті бүгін міне сенің бойыңнан тағы көріп отырмын,- деп көзі жасаурай басымнан сипап қойды. Мен ішкі сарайымнан көтеріліп келе жатқан бір ашты өксікті алқымыма тірей әрең тежедім. Көз алдым мұнарта барып бір- екі тамшы ыстық жастың бетімді қари еріксіз жосып бара жатқанын сезіп қалдым да бетімді күлегейлей құлап түстім. Көзімді ашсам дәрігер басымды сипалай әлі отыр екен. Бәлкім, шындықты еріксіз қабылдағанымда осы шығар, бұрынғыдай “менде бір ғана ана болған”деп қарсылыса кететін әл- дәрмен қалмағанын іштей сездім.“Е, шындық алдындағы ойсырау әсте дәрменсіздік емес, қайта опалылықпен озудың; ал қарсыласу сапалық азудың нысаны- ау, тегі”деген ой сап ете түсіп аузыма анамның ақ сүтінің дәмі келгендей тамсанып, ішкі сарайымнан бір түрлі мақтаныш ләззаты есе  көкірегім кеңи, көз алдым нұрлана бойым ширап қалғандай болдым...

Алдынғы ғасырдың соңғы он жылы кім- кімгеде тым ауыр болғаны рас. Үй ауылда. Әкем жерлік емкөс. Арыдан жалғасып келе жатқан осы бір мардымсыз тірлігімен отбасын асырай алмасада тастағысы келмейді. Елде болса ғана ерінге тиеді ғой, әрине. Орнықты жүйеге түсе алмай жұлмаланған тірлік жұрттың жүйкесін ғана емес, қалтасында жұқартып болған. Саны көп болмасада қалтасы тоқтар мұндай “қарабайыр халық емшісін” елеп жатпайды. Жәй тұрғындар ғана оны жақтайды. Амал не қысқа жіп күрмеуге жетпей барған сайын “батаға жомарттар мен рахметке қолартқандар” көбейіп жәні жәйсаң, көкірегі ояу ерінуді білмейтін жерлік емкөс әкемді иектей беретін. Хақтағаланың пәк дінін негізгі тиянақ еткен ізгі ниеті, ұстанған тамаша дәстор- салты бар әз халық-ай деші! Батамен байытып, рахыметке бөлеп аттандырып жіберседе әкемнің көзіне тік қарап қолына ұстата алмаған орамал- шаршы, жұмыртқа- тауық, айран- сүттерін... кейде үйге әкеп тастайтындарда табылып жататын. Қордалы тірлігі болмаған қоқырлы отбасы қажеті әкемнің бұл харекетінен қанағат табар түрі жоқ. Алды мектеп таусып, артқы көгенкөздері жәйімен өсіп келе жатқанын назарға алған әкем бір күні шешеме “бала- шағаға өзің бас-көз бола алатыныңа сенем, Ақеркем, мен Ресей орман алаңынан бізге қарағанда тапауаты тәуірлеу бір тұрақты жұмыс таптым. Осы ауылдан төрт азамат алдағы сәрсенбінің сәтіне аттануға келісіп қойдық”деді. Шұғыл жол әзірлігіне кіріскен шешем әкемді айтулы күні аттандырды.

Тірлік баяғыдай тындырымды түгі болмасада тынымсыз тыпырдан танар емес. Отбасымыздағы ең үлкен жаңалықтардың бірі- ақ маусым сайын әкемнен келетін ақшаны асыға күте қолға тиуден бұрын таусып алып келесі кезекке таласамыз. Бір реткі кезектің алды маған тиіп іші қалтырасада сырты жылтырап тұратын бір тор қытайиски спорт киім алып берген. Иыққа қалай ілдім солай ауыл балаларының ортасынада жетіп үлгіріппін. Өзім тектестердің бәрі де сипаласа құттықтау айтып жатты. Біраздан соң ауыл байшыкештерінің бірінің “Бадырақ”атанып кеткен сотанақ ұлы келдіде киіп көруге сұрана қалды. Бергім келмеп еді “әй, түк көрмегенде қиын екен ғой” деп жеңімнен сілке тартып қолтық түптен дар еткізіп шынтағыма түсіре масқаралай күлді. Соншама қалай тез болғанын білмеймін, айналып барып жұдырықпен ауызға бір- ақ ұрған екенмін қасқа тісі опырылып алдына түсті. Ал ендеше, іздегені де солма екен, жерде ойбай, көкте ойбай пышаққа түскен доңыздай шыңғырып үйіне беттеді.

Үйгеде бара алмай, алыстапта кете алмай үй маңайын торуылдай аз жүргенімде аттандаған айхаймен үйге төрт- бес адам басып кірді. Менде баспалай келіп қосалқы үйдегі төсек астына кіріп үлгірдім. Онсызда қабырғасы қақырап тұрған үйді құлатып жіберуге шақ қалып тұрған қатты дауыс мені де ет құлағымен естісін дегендей гүжілдеп те, дүрілдеп те келіп жатты. Әуелі, “жанға жан, көзге көз...”деп басталып “тістің құны жарым ердің құны, оны беретін бұл қу сйрақтың несі бар, бізде Қатудың тісін қағамыз”деп соққандарда болды. Мейлі, қақса міне тісім амал қанша онсызда “Бадырақтың”суырып тастауға тиісті орсақ тісіне қайран маржан тісім обалды кететін болды- ау, тәуекел, шешем үшін берейін,- деп жатқанымда барып шешем сөзге араласып бәрін де сабырға шақырғандай болды. Дауыс барған сайын бәсеңдей тынши бастады. Біраздан соң ашулары арындаған албырт топ жәйма- шуақ аттанып кетті. Шешем не деді, не берді? Қалай тоқтатты... - деп аң- таң бола біраз жаттым да тынши алмай үйге кіріп барып шешемді құшақтап жылап жібердім. Шешем басымнан сипап тұрып “бүгін тісіңді сұраса олар ертең басыңды сұраудан тайынбайды, балам, бұл қораштар. Енді қиқарлығыңды қойып әлгі қабылдаймыз деп тұрған Түркия қайыр- сақауатшыларының медресесіне кет те қал,- деді. Мен әкем жоқта шешем қиыншылық тартып қалама деп бұрын көнбей келгенмін. Бұл рет “ашулы арландардың” көңілінде болсамда көз алдында болмайын, әйтеуір шешеме бір зияны тимесе болды ғой,- дедім де айналасы бір апта ішінде Түркияға аттанып кеттім.

Түркияға бара екі жылдық дінни колижге түстім. Тұрмыс жақсы, оқу жұғымды жүріп жатты. Өзімде алыс пен жұлыстың адамы едім, әкем ылғида “бұл жүгірмек йә, спорттың алыс- жұлысына, йә, мына көк темірдің көкесін танытатын көлік ремонтына кету керек” дей беретін. Әкемнің тілегі ме, жоқ, өз ішкі ыңғылымның тартқанынан ба, бір күні «Мұстафа өз түрік жексенбілік спорт курісі» деген жарнама қағазын біреуден көрдімде іздей барып қабылдандым. Көктен іздегенім жерден табылғандай қуанып жылдық бос уақытым бүкілімен соған арналды. Уақыт тез өтіп жыл айнала бір апталық уақытымды әрең қиып үйге бет алдым.

Көзге ыстық, жүрекке жылы туған жер, таныс орта еріксіз баурай өзіне тартып барады. Көліктен түсе жан- жағыма ашқарақтана қарап, үзіттене ұшып келемін...

Йә, анау біздің ауыл. Алыстан қарабарқындана таяған сайын жандүниеңе жақындай көз алмаңды суыра жатсынбай көкірегіңе кіріп барады. Ғажап, теңіздің салқын ескегі желпи, ашық аспаннан арайлана төгілгген дымқыл шуақ маңдайыңнан сүйген әлемге әйгілі тас таған талды аулалы алып шәһәр- Стампол да өзіне мұндай тарта алмаған еді. Йә,“қолда барда алтынның қадыры жоқ”дегеннің астары осында екен- ау! “Жол қадырын жүрген, тон қадырын киген біледі” деп те бекер айтпапты- ау! “Қырық қадам” алыстағанда біліппін- ау, қадіріңді түп қазық- туған жер, тұғырлы мекен- өскен ел!

 Йә, мынау біздің үй. Сырты сынық көрінгенмен іші ылғал ыстық. Мейлі төрт маусымның қай айында кіріп барсаңда бетіңді бір жылы леп шалып жүрегіңді жұмсата көзіңді нұрландырып өзіне тарта жөнеледі. Әсірере төрде әкең, отбасында шешең, жан- жағынан бауырларың жамырай да, жадырай да құшақ жәйғанда ғой, төбең көкке төрт- ақ елі жетпегендей биіктеп еріксіз бір бақыт құшағына шома  қалықтағандай боласың. Осы сезіммен үйгеде бардым- ау, өз үйің, өлең төсегің, барын бере, қасын кере алақанында тербеткен алтын бесігің. Әкемнің үйде емесі жәйлі бұрыннан көңілде сан болғаннанба дегендей біліне қойған жоқ, ал шешемнің көрінбегені үйдің бір бүйірін үңірейте лапылдай келген көңілімді солғындатып жіберді. Бауырларыммен бірлікте оны- мұны айта шешеміздің келуін тағатсыздана күттік. Күн батты жоқ, қас қарайды жоқ. Бауырларымның да жүректері телімделседе ауыздары мықтап“желімденген”ұқсайды, оларда да тұшымды сөз жоқ. Тағат таусылып, дебдір қашқан бір шақта шешемнің төбесі көрінді. Өз көзіме өзім сенбей аз кідірдім, бұрынғы етженді дене, ажарлы бейне жоқ, ішке тарта ойыстанған ұртты, сондайбір сорымды ауызда малталана мүжілген құртты елестетін шүйкедей кемпір елбеңдейді анадайдан. Дәл соның өзі екенін тек өрмекшінің торына шырмалған мәйке қоңыздай жарқыраған мейірге толы аялы көз ғана айтып тұр. Кеңсірігім аши, жүрегім жаси барып бас салдым. Көзімнен жас емес, тұздық аққандай еңкейе домалап ерінге ілінген жас түйіршіктері аузымды сор татыта аһ ұрғызып жалын бүріктіреді... бір уақта барып“шеше не болған, ауырып жүрген жоқ шығарсыз- ә?”дедім бас- аяғын шола қарап. Әнтек босады болды өзін тоқтата алмайтынын білген қайсар ана қатты қыса құшақтап тұрып “жоқ, балам, саумын, үйде әкең де, сен де жоқ, бауырларың оқуда болғасын жалғыз отыра алмай аздап жұмыс істеп жүргенмін, енді үйде боламын, балам, көріп тұрсың ғой сау екенімді, семіздіктің несі жақсы дейсің, қазіргі заман салтанатты өмір салтына сай сол артық салмақтан да әрең құтылып жеңілденіп қалдым, жарығым”деп бір- ақ жолда сендірді де тастады.

 Апталық демалыс айлық бақыт силағандай мереймен мені де аттандырып үдгірді. Үйренген орта, игілікті іс иіріміне аялдатпай тарта айлар алқалы, күндер көңілді сырғып жатты...

Туған ай туралған ет дегендей тағы бір жылда жылыстай өкшесін көрсетті. Табыстың талғарынан көріне қос дипломмен тағы да ауыл жаққа жол алдым. Баяғы сол сезім, сол көңіл лапылдаған қалпы көліктен түстім. Жүрекке иман, аздап болсада бойға тамтұмдап жиған білім шуақ шәшты ма, жоқ, ұстазымның “мұсылман қауымының дәрежесі бірі, сәлемнің кұшейуімен, сосын ағайын- туыс, көрші- қолаң, ел- жұртыңмен етене араластығыңның артуымен, қала берді, аллаға деген елден ерек шынайы құлшылығымен өседі”деген тәлімі қан тамырларымда шешек ата бастады ма, әйтеуір, жолыққан ауылдастарымның бәріне де «Ассалаумұғалайкүмнен» алау ұстата күле қарап құшақ айқастырып келемін. Біреу қызыға, біреу қызғана қарайды- ау, тегі, біреулер“өй, мынау өзіміздің Бәкеңнің Қатуы ғой, туәйт, туәйт...тілім тасқа ...дәу жігіт боп өсіп кетіпсің”деп сүйіне құшақтаса, ал біреулер қол ұшын еріне соза еріндерін ебдейсіз жыбырлатады. Сол былтырғы бейнеден азбаса озбаған қалыптағы шешем есік алдынан күтіп алды. Бұрын болмаған бір жаңалық аула ішіне бір жаңа шатыр тігіліп қалыпты. Бұл не екен дегендей зауқым соға қалып еді, шешем қолымнан жетеледі де үйге енгізді. Аман- сәлем аяқсып, түрлі жөн- жәй сұрасу таязып қалған шақта әкем де келді. Құшақтаса амандасып тағы да шұрқыраса шұлғысып жатырмыз...

Әкем үзбей істеген екі жарым жылдық жұмысынан екі айлық демалыс жинап үйге келген екен, оның үстіне мен келіп орта тола бәріміздің де көңліміз тоғайып қалды. Е, шіркін мешкей ана- ай деші! Әсіресе шешем байқұс бір қунап қалғандай арық жүзіне ажар кіре әжімдері жіңішкере қалыпты. Әкем көп аялдамай шыға жөнеліп шатырға беттеді артынан менде ере кірдім. Шатырдың оңжақ қабырғасына кәдімгі балнисә төсегі қойылып үстіне бесікбас шатыр жасалып ауа өтетіндей ұсақ тор көзді марлымен қапталыпты. Төсек үстінде ыңырана ыңқылдаған дауысынан ғана адам екені білінетіндей бір қара құйқалақ дене жатыр. Аяқ жағында көзінен боталап баяғы “Бадырақ”тұр да бас жағында іштей егіліп шешесі отыр. Жаным төзбей жүрегім шымырлап барып Бадырақты бас салдым. Ол онан сайын езіле жылап басын қойған солжақ иығымды шылқытып жіберді. Алғашта үрке тарсылдаған жүрек байқұсы да жәйімен жуаси сабасына түсе текірек жүрісті аттай жәй тыпырлаққа ауысқандай тынши бастады. Шешесі келіп бетімізге қарамаған бойда екеумізді де құшағына алдыы. Өзара үрку, үрпиісу, үдірейісу... деген қатарлы ұсқынсыздықтың бәрін де ана құшағы үнсіз жұтып жатты...

 Ақшаның буы, атақтың желігіне ісіне кеуіп жүретін байшыкештің іштарлығы мен басбұзарлығы қатар ұстағанда кейде өзін ұстай алмай тауғада, бауғада соғып артынан бармағын шәйнап отыратынын білетін сыралғылы бәйбіше тіл алмасада әр кез ескертіп отыратын, осы жолыда сол әдеттін ұмытқан жоқ.

 Тірсектеткен тірлік тықырына ашылған аран лаңы қосылса адамға не істетпейді. Йә, ірілі- ұсақты мыңқаралы  мал бордақхана жем- шөбінің қамы байекеңді жамбасына мұз қатқандай орнынан ерте қопаң еткізсін. Неге? Кеше ғана біреудің бір жерден арзан жемге алыстан айқайласа қолфонда сөйлесіп жатқанын құлағы шалып қалсын. Ол оның алдын орай жер соқтырып кетуге асыға орнынан тұрып атқа қонсын. Жәй кездері арнайы жүргізушімен, ал мынадай көлеңкелі бәсекеде көлікті өзі жүргізетін әдетіне басып сол марқа жүрекпен жол таңдамайтын дәу жип дізгінін қолға алсын. Әй, алды- артын ойлатпаған асқын жүрек, асау тебін- ай деші! Ойпаңнан орғыта, жәйпаңнан жүиткіте жүріп байқаусызда бетін шөп басқан орға құлап толассыз  шайқалыстан қатты қызған көлік май багі атылып көлік өртке орансын. Су ішерлігінің барлығынан түз аңдарын қорғау бөлімше сақшыларына жолығып дененің үштен екісін өрт жалмаған ессіз қожайын ауыл емханасына жеткізіліп алғашқы ем- дом жасалсын...

Е, жәй кездері қоразданған қомша кеудесі симай жүретін ауылға мынадай жаналқым жағдайда тап болған қара борша денесі қайдан сиа қойсын. ол алғашқы жәрдемнен кейін аудан емханасына жеткізіліп күйіктің ішке түсу мүмкіндігі мен сыртқы тазартуын негіз ете дауаланып белгілі мөлшерге жеткенде“бүлінген етті сылып, сау етті көшіру”негізіндегі ұзаққа созылатын қайталанбалы ота жасалатыны ұқтырылған. Байекең өз аулындағы әріптесі әйгілі емкөс Баймырзаның осындай ауыр күйіктердің талайын ұлардың еті, биенің сүті, кірпінің майы, тасқынаның шәйі, қырық жылдық қу құмалақтың күлі, 41 шөптің гүлі, аршаның ысы, күкірттің күші, сиырдың сілекейі, шикі сүттің кілегейі... қатарлылардан ем- дом жасап дақсыз қатарға қосқанын еске алып сөйлеуге ауыз, жазуға қол келмей көзін ауыл жаққа ауната үнсіз егіле беретінді тауыпты.

Оның бұл жәйін іштей біліп те, амалсыз тыныпта отырған бәйбіше өз қолын өзі кесе де алмай, бір ұнамды жолмен шеше де алмай дал болып, ақыры әкемнің пәк көңіл, ақ ниетті имандылығына жүгініп кісі салыпты. Оны имандылықпен дұрыс түсініп құрақұша қабылдаған әкем ауылға алдырып алып осында арнайы қарап жатқаны осы екен.

Әкем қолына алғалы байекең күн санай жақсарып бір айда тілге, екі айда жүруге келді. Үш ай дегенде бізді қабылдауына шақыртты. «ат арыса тулақ, адам арыса аруақ» деген осы- ау, - Ассалаумуғалайкүм,- деп кіріп барып өз көзіме өзім сене алмай сілейіп тұрдым да қалдым. Алдымда саусақсыз доғал қолмен қағуға келмейтін кірпіксіз көзден аққан жас пен тіс жабар тамтығы қалмаған ерінсіз ауыз суын сүрте қарап тұрған қас, шәш, сақал- мұрттан ештеме жоқ шандырлай өрге тартқан шадыр көз, сетік мұрын, қисық ауызды құбыжық тұрғанын көріп жүректегі иман, бойдағы қуатқа жеңдіре өзімді әзер ұстап іштей мың қаитара иманымды үйіре «тәубә» деумен болдым. Оның бір жағында тұрған бәйбішенің бір қолында шешемнің алтын алқа- сырғасы мен брлиянт көзді жүзігі; білегіне артқан шешемнің құндыз тоны бар енді бір қолында мөлшері бірер милионнан кем соқпайтын екі бума ақша тұр. Енді бір жағында тұрған ұлы Бадырақтың қолында алғыс жазылған керме ту тұр. Ту мен ақшаға таң қалмасам да шешемнің киімдері мен алқа- моншақтарының қалай барып қалғанына таңырқай қарап қалыппын. Әкем де көзін сол бұйымдардан тайдыра алмаи таңғалыс сезім жетегінде жекен суын ішкендей тамсанып тұрған сияқтанады...

 Байекеңнің үзіп- үзіп айтқан сөздерінен ұққанымызда “Бадырақтың тісінің құны үшін Қатудың тісін қағып алғаннан да, оны бірер жылға қаматқаннан да ештеме ұта алмаимыз. Онанда‘бұрынғы- соңғының жолы,бүтін тіс жарым кісінің құны- екі милион теңге болсын”деп шешеммен келіскен екен. Оның бір милионына долайластырып шешем екі жыл бойы сол отбасында әкеме де, маған да білдірмей үнсіз жұмыс істеп, жарым милионын әкемнің айсайын жіберіп тұратын жалақысынан төлеп  қалған бөліміне қолда бар жаңағы асыл бұйымдарын бағалап беррген екен. Ашуым алқымыма тығыла соңына дейін тыңдауға төзімім әрең жете қалшылдап “өзі де өлім мен өмірдің арасында амалсыз жатқан құбыжық дененің демін біржола сығып алып орнына кетейін” деп ұмтылуға оқтала бергенімде иманым алдымнан көлденеңдеп, сабырым етектен тартқандай тап жылдыртпады. Оның үстіне шешемнің аспанда ай тағызым еткендей ақ ниетіне жүгіне барып“бұл не қылғаныңыз, шеше, маған неге айтпадыңыз, болмағанда әкеме айтсаңыз да бір амалын табар еді ғой”деп еңірей бас салдым. Шешем маңдайымнан искей еңкейіп тұрып“қой, балам, көздің жасын төгетін де, төкпейтін де жер бар” деді. Мен тез ес жия селк ете түстім де орнымнан тұрып әкеме қарадым. Әкем шешемнің бағалы бұйымдары мен екі жылдық еңбек ақысы мен ай сайын өз ақысынан төлеп тұрған ақшаны санап алды да қалған ақшасын мүгедектің алдына тастай салып “осы жасқа дейін ешкімнің ала жібін аттап та, арам асын асап та көрмеген жанмын. Арамдық сендермен ғана кетсін, ол бізге жақпайды, Алла сәтін салып жан азабынан құтылуыңа мен себеп болдым, ар азабынан қалай құтылу өз ісің, жоғалыңдар көзімнен”деп қолын есікке қарай бір- ақ сілкті. Күжірейген жалдары жығыла жыламсыраған бейбақтар кіргенінен шыққаны ауыр тигендей кібіртіктеді де қалды. Алтын тісті ауызын икемсіз ақситқан Бадырақ “кешір” дегендей бас изеп әкесін салған арбаны сүйрей шегіншектеді. Арбаға таңылған“құбыжық та”жасқа шыланған жабылмайтын жанарымен жер сүзе аһ ұрып бара жатты. Тек ана ғана қайта оралып әкем мен шешемнің алдына бас ұра“кешіріңдерші...”деген сөзді өксік ата әрең айтты. Шешем оны үйден демеп шығарып жіберді...  

“Е, жалған дүние”деп бұрынғылар бекер аһ ұрмайтын сияқты, Балшекер. “Бір ауылдың сорпа бетіне шығарымын” деп өзінше болып жүретін мына байшыкештің тағдыры немен бет келді?  Осыларда шынайы бақыт бар деп айта аламыз ба? Ал біздің шәкене тірлікті отбасымыздың шаршаңқы өмірі- ші? Анам өзін бақытты сезінбесе әкеме қарап күлімдеп жатып жан үзерме еді? Шешем отбасының ортақ бақытына өзін байланыстыра сезінбесе ешкімнің де мазасын алғысы келмей соншама қйындықтарға жалғыз өзі барар ма еді? Ал әкем “артық алсам ақыретке шет болам ба, пайдасы мардымсыз деп бармай қойсам біреудің обалына қалып о дүниеде жауап бере алмай қалам ба ”деп бүкіл ғұмырын пайғамбарларымыз қадисіне сай үрей мен қорқудың арасында өзін теңшеп ұстаумен бұл дүниенің қиянатын ол дүниеге арқаламай беті жарық кетті. Ол сол қасиетімен бақытты, әрине!

Өзім туралы көп ойлап кетпейтінмін. Алайда осы бір «Аймауыт» атты ұлғаймалы тірлікті үлкен шаңырақ ісіне араласқаннан бері өз отбасым, басып өткен жолдарым, әсіресе болашақтық өмір өзегім туралы санаса бастадым. Сен бақытты жансың, Балшекер. Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербетіп отырған жалпы жансебіл аналарға бір тивтік үлгі бола аларлықтай мынау Азатгүл ападай кемел қасиетті мейірлі ананың аялы алақанында өскен сен бақытты болмауға еш қақың жоқ. Менің де әкенің белі, ананың сүтінен дарыған бір қасиетім біреудің басынан көрінген қасіретке қабырғам қайыса қаймығып, содан туындаған кірбеңдігімен бөлісе оны азда болса жеңілдете алсам бойым сергіп көңілім жадырап қалады. Бәлкім, бақыт деп жүргенімізде осы шығар. Шіркін, біреуге айтар жанашыр сөзің, жарқын жүзің, күлімдеген көзің болғанға не жетсін! Сені және мынау құлыншақтарды көрген сайын өзімді мазалап жүрген бір істі айтқым келеді, Балшекер, әрине, көңіліңе алмасаң. Өмірге деген құлшынысыңның күштілігінен аяғыңнан тік тұрып үлкен шаңырақтың бел бақандарының бірі бола алған өміршеңдік рухың кім- кімгеде өнеге боларлық айтулы қадам. Сенің осыбір сүбелі еңбегіңе сүйіне, асқартаудың алып шыңды сағымын тек айдын көлдің иірімінен ғана көріп жүрген бөбектеріңе күйіне отырып сынық қанат бал арадай кешуіңе ортақтаса балаларыңның жоғын жоқтап, бағын баптап көрсем не айтар едің? ...”

Азатгүл апаның тапсырмасынан кейін қайынсіңлісімен ортақтаса ой бөлісе сырласқанда ұққан Қатудың Балқиямен болған сыр- сұхпаты осы болды. Бұның тым жәй айта салған сөз емес екенін аңғарған Назкерім осы кеңестерді Қату өзгеге емес, тәп Балқияға барып неге айтты? одан ол не түйді? Осы сырды екеулеп ашпаққа Балқияны онан ары ішкерлей сөзге тартты:

- Алғашта жасы құрбы кісі екен, бекер қарап отырғанша деп жәй аитқан кеңесі шығар деп ойладым.

– енді ші?

– Тым тегін емес сияқтанады.

– Оны неден, қалай аңғарып отырсың?

– Қойшы, жеңге, неге құтқуырлап кеттің.

 – Рас, алғашта сен оған тым жәй қарағансың, өйткені сен ондай қызу қанды қызба сезімнің кісісі емессің, енді бірі, жеке бастық өмірді жаңғырту туралы еш ой- толғам болмаған, таза жұмыстың артынан түскен кәсібй адамсың.

Балқия жеңгесін құшақтай жылап та алды. Оны құшақтай иығынан қаға отырып сөйлеген Назкерім:

- Сеннен өзге сезімі селтең, ойы желпең қыздардың бірі болса “Балшекер”деген жерден- ақ сезе қояды. Тіпті “болашақтық өмір өзегіммен санаса бастадым...” дегенінен де сезіктенбедің бе?

- Басқалай бір оймен айтты ма деп енді ойлап қалдым.

-“Сынық қанат кешуіңе ортақтаса балаларыңның жоғын жоқтап, бабын баптап көрсем не айтар едің?”дегенге не деп жауап бердің?

- Ештеме...,- деп жауап берген Балқия өңі нұрлана төмен қарап отырып:

- Күн ұзарған сайын Қату есімнен кетпей мазамды алып жүр, жеңге, алғашта жәнін шүберекке түйе жүріп әкемді құлдықтан құтқарлы ғой,- деп құрметпен қарап жоғардағыдай жән сырын шерткеніне шек қоймағанмын. Енді күн ұзаған сайын өзімді жалғыздық жазадан, балаларымды әкесіз азаптан құтқаратын тек осы сияқтана береді, енді қайтсем болады? Жан жеңгем, жалғыз сырласым, - деп Назкерімнің мойнына асыла бетіне бетін басты. Оның құшағындағы қызудан қуат, бетіндегі нұрдан шуақ көргендей жеңгесі оны сабырға шақырды. Балқия:

- Сөз алғашқы сұхпатпен тоқтап қалса сабыр етугеде болар еді ғой, жеңге, мына хатты оқыңыз шы,- деп қолфонына жолданға електрон нұсқаны ұсынды.

 

“Өзге жердің аспаны

Неге бұлай бұлыңғыр?

Әлде неге қамалып

Қалды ма көздің нұры бұл.

Көңілім неге жабырқау,

Әр іске ынтық еді ғой,

Орда бұзар жасыңда

Не қылған, Қату, қырың бұл,

Ашатын кімге сырың бұл?!

 

Тарайғандай кең аймақ

Неге жүдеу тартады?

Аржағымда тұңғиық

Ғажап бір сүрлеу жатады.

 Осы сүрлеу болмасын

 Бақытыма барар жол,

 Тиянақ, тұрлау жоқ өмір

 Кімге қол барып артады,

 Қай жердің дәмін татады.

 

Қысыласың жүрегім

Бір себеп бар ма өзгеше,

Жүреді пенде тым бейжәй

Себепті ғажап сезгенше.

Айтшы енді, айтшы енді

Себебіңді қинамай,

Желп етпес жан ең ежелден

ақша, атақ, қыз... десе.

Қанағатпен жүруші ең

Сезімге ермей көргенше.

 

Күндіз- түні лоблығып

Кеудесіне симаған.

Емін қалай табармын

Жүректі мынау қинаған?!

Біреу бар ма бұрыннан,

йә, бертінде жолығып

Өмір бойы жинаған

Қызығыңды ұрлаған!?

 

Дәм бе, бақ па айдаған

Айекңнің аулына,

Жолықтың ба о, ғажап,

Махаббаттың даулына?

Бейіштен шыққан бір сағым

Ғайыптан саған жолығып,

Кетті ме кіріп, япырмау,

Қолқа- жүрек, баурыңа?!

Жолықтың ба немесе

Іңкәрлік деген“ауруға”.

 

Алдарқатсам көп іспен

    Дейді жүрек- құр бекер,

Жан қысылса не дауа,

Айтшы жәнім,“Балшекер”?    

Аңду- тору арттағы

Із кескен иттер бір кетер, 

Үзбеген үміт, сабырмен

Мұратына бір жетер!

Жете алмасам, япырмау,

Бұл өмірден мән кетер,

Зарығумен күн өтер...”Хатты тәптіштеп оқыған Назкерім толқи да, балқи да отырып көп сыр түйе ең жақын жанашыр жандары Азатгүл апамен ой бөлісуге келісті.

Сұхпатты естіп, хатты оқып көп істерді аңғарған Азатгүл өзіне алғаш рет күман келтірді. Неге? Ол“мен бірі, қажымай- қайтпай алыса жүріп сәтіне айланған көп істерімнің бәрінде алла сәтін салғандықтан екенін аңғармаи өзіме жазып көңілім көпсіп, көзім шелденіп қалған сияқты; енді бірі, ел ішінде ылғида мақтау мен марапатпен марқая мен- мендігім өсіп өзгемен аз санасатын болып қалған сияқтымын, болмаса көз алдымда өскен қызым жағдайы мен айға жуық осы үйде болған Қатудың арғы- бергі жағдайын неге бір ұғыспадым”деп ойлады. Азатгүлдің бұл ойы да тым тегін емес. Беттің нұрын да, кірін де өзі емес өзге көреді, ісіңе де, кісілігіңе де бағаны өзге береді. Адам ауық- ауық өзінен өзі есеп алып, жұрт ауанына да құлақ салып жүрсе бойыңдағы көп оғаштықтар озықтыққа өз- өзінен жол береді. Азатгүл қай күннен осы идеяның жетегімен ғана жетістікке жетіп келе жатқан өзін де өзгені де бағалай алатын ортан қолдай озық тұлға. Алайда адам көбінше жағдайда қолда бар алтындай жарқырап үнемі көз алда тұратын, жаралғанда жабысқандай үнемі жанында болатын өзімсінетін жандармен болған байланысқа басқалардай жиі назар аударып кете алмаиды. Онда осы бір “өзімсіну” сынды сезім жетегі басым болғандықтан қызында болып жатқан жан жылулы көңіл- күй жан бағыс жанталасының тасасында қалып қойғандығын енді сезіп өзіне жоғардағыдай оңды сын, орынды баға бере сын- сөгіс жәриялап отыр. Ойы құлшыныста, қолы жұмыста болған әрқандай пенденің бәрі де белгілі мөлшердегі кемшілік- қателіктен сақтана алмаиды. Басты мәселе сақтана білуде емес, көре біліу мен түзете білу, тәжірибе қорту мен алдын ала білуде. Адам тым сақтанғыш болып кетсе өз қол- аяғын өзі шырмап тәуекелшілдігін аласартып алады. аңғал батырдай адуындап тым батылданып кетсе де аяқ қағар кедергілерге көп ұшырап бара- бара тез мұқалатын болып қалады. Істік те, төстік те күймейтін жол табу, әрине, қиын. Кісіліктің сыналатын, іскерліктң шыңдалатын тұсы осы. Егер істің бәрі ойлағандай оңай болса менің отбасымдағы мәжбүри мәңгүрттенген Аймауыт пен сүйгеніне қосыла алмай амалсыз аңырап отырған Балқияны былай қойғанда анау Дөненбай дөкейдің былық- шылығын жабулы қазандай қаз- қалпында сақтап қалу үшін аудан бөлімшесінің бас маманы жұмыстан “қуылар ма” еді? Алыспай алау өзіне қол салып, Беріспей берен түрмеден қашып өз түбіне өзі жетер ме еді? Қатуға күндіз- түн аңду- тору қойып артынан із кесе қуғын салып өз мекеніне, өз сүйгеніне зар қыла жәбірлер ме еді? Мынау Тойғанбай әкімнің “жиған- тергенінің ” қызығын өз ел, өз жерінде көрсетпей көзін мөлтектете мәжбүри шет ел асыртар ма еді?... деген ой арпалыстарымен әрең дегенде таңға жуық көз ілдірген Азатгүл өзін о дүние мен бұ дүниенің арасын жалғап жүрген елшідей түс әлемінің шырынды қызықтарына сүйсіне сүңгіп кетті...

       *                                        *                              *

Қасында өмірлік сүйгені, бұл дүниеден тек өзіне ғана еншілі талассыз тигені Азатгүлі бар шәшінен қасына дейін ағарып тараған жібектей күміс сақалын саумалай қолына аса таяқ ұстаған Аймауыт мединедегі пайғамбар мешітінде болған құлшылықтан шығып, Мекедегі қажылық құлшылығын  бетке ала ұша қалықтап барады...

 Көк аспан көгілжім әлем бірде көк теңізге түскен ашық күнгі ақ шарбы бұлттай қалқыса, бірде ағысы баяу мөлдір өзен түбіндегі малта тас, шоршыған шабақтай айқындалады. Жеті қат аспанның біразына өрлеген олардың көз алмасын бейіштің бағындай бір жасыл әлем магниттей тарта жөнелді. Сезімі жүйрік, сенімі берік, секемі селдір Азатгүл ару бірден танып  “Отан, отан... жаса менің жәннат әлемім” деп қол бұлғай жөнелді. Маңдайын жиыра қарашығын бір түйінге жия қараған Аймауыт та алыстан айдындана алаулаған «Қазақстан» сұлбасын танып жүрегі жыли жан сезімі жадырап сала берді. Белгілі бір нәрсеге ынты- шынтысымен беріле қараған сайын оның жақындағандай болатыны, ой өлкесінен шығармай жүрегіне сидыра сиынған сайын оның түйір тас, талшық тамырына дейін айқындала көз алдына көлеңкесіз көрінетіні болады. Олар бәлкім, осындай сезімде болды. Бәлкім, бір тілсім күштің, не туған жердің тұғырлы магниті тартты. Әне,  ата жұрт, туған ауыл, ту тіккен орта... оның тұтас тірлігі... көз алдарында  түйелі көштей шұбыра келіп керегесін жәя, шаңырағын көтеріп жатыр...

Әлемдік аренадағы «Аймауыт» холдінигінің туын Астанадан көрген Азатгүлдің онсызда аспанда жүрген төбесін Бейіштің төріне жеткендей қуанта желпіндіріп жіберді. Ат шаптырым үлкен алаңда бір керемет той болып жатқан сияқты, бәлкім, «Аймауыттың» 50 жылдығы шығар, бәлкім, Байырқа келін түсіріп жатқан шығар, бәлкім...

Қайшалысқан қалың халық ішінен қолтықтасып бара жатқан Қату мен Балқияны көрген олардың қуаныштары қойындарына симай еріксіз шапалақтарын соға аспан аясын дүрілдетіп жібергендей сезіммен бір- біріне мақтанышпен күле қарайды. Қатудың кеудесінде әлем чемпионатыының алтын медалы жұлдыздай жарқырайды. Алдынан қарсы ала шыққан гүл будаларын бұлғаған өз ауылының топ- топ перезенттері, ішінде көзі Қатудай отты, өңі Балқиядай көрікті Қату мен Балқияның шерлі махаббат, шеген сүйіспеншіліктерінің куәсі де кетіп барады. Топты немерелерін көріп көз айым болған қарт жұбайлар ұлы алланың шексіз мейір- шапғатына шүкірлік ете еріксіз жосылған көз жастарына ие бола алмады... 

Бірде биіктеп бірде жер бауырлай қалықтаған жұбайлар бұрындары «Бетпақ дала» атанған қағыр өңір адырлы алқаптан тағы бір жасыл желекті орманды алқапқа көздері түсті. Оның теміртормен қоршалған жиегіне жіпселей көз жүгірткен жұбайлар «Азғандар мен жазғандар» атты еңбек лагерінің маңдайшалығы асылған үлкен қақпаға жасуы жәйсызданған жанарларын әнтек кідірте онан ары көз алмаларын ішке бұрды. Жүрегі зу ете барып өз көзіне өзі сенбегендей жеңімен уқалап жіберіп қайта қараған Аймауыт мәуелі орман саясында қам- қайғысыз қарбыз жеп отырған топды азаматты көріп «әкәу, мынау Дөненбай ғой, қасындағы Арандин мен Залалдин,  өз еңбектеріне өздері ыриза болған жәй шаруадай қуаныш лебі беттерінен еседі» деп Азатгүлге таңғала қарады. Олармен бұрыннан таныстығы жоқ Азатгүл бір көз қыдыртып өтті де арырақтағы алма бақта бастарына айнала күнқағарлы қытай шиқалпағын кие жер суғарып жүрген Тойғанбай мен баяғы сол өз ауыл бөлімшесінің бас маманын көріп тәубәсін үйіре алланың ұлы құдіретіне мойынсал бола шүкірлік етті. « Йә, рахымды алла, мейірімді алла мынау күнакәр құлдарыңның біліп, білмей істеген күналарын кеш, о дүниелеріне жүк қылмай күпірліктерін шеш, жүректеріне иман ұялатып көкірек көздерін аш» деп дұға жасады.

Кіндік кесіп кір жуа ержеткен туған ауылдарынада бір көз салып өткісі келген олар ой шалмаларын бір шумақтай беріп еді- ақ олардың көздеріне орманмен көмкеріле, аспалит жолмпн айшықталған, қаз- қатар еңселі үйлі кәдімгі ауыл қалашығы көрінді. Қалашықтың орта бөлегінің сәнін арттыра сәулетін асырып тұрғаны- ақ бұрынғы көне мектеп орнынан бой көтерген жаңа мектеп ғимараты. Одан ары бәріде осы заман жаңа үлгісіндегі Мәдентет үйі, Спорт кешені, Балабақша... Ал бергі жағалауда ауыл Әкімшілігі, Дохдырхана, Почтахана... болып кете берді. Баяғыдағы Тойғанбай әкімнің таптауырынына ұшырап жәйма базарына айналдырған талды аумақтан күмбездері көк тіреген айбынды Мешіт бой көтеріпті.

Тамыры тереңге бой тарта шеген топырақты шегедей тесіп өтетін Қарағаш, Тораңғы, шөл Жиделерінен қалыптасқан тағы бір орманды аумақтың баяғыдағы «Қытай компаниясына» тиеселі жер екеніне жұбайлардың сене қоймағаны да жасырын емес-ті. Таңғалыстарын жасыруға шарасыз қалған олар онан ары жер бауырлай қатарласа қалықтай шолып “шамасы, мынау шөл орманы су тиген сайын топырақтың улы қабатын қопсыта сору арқылы ежелгі құнарын қалпына келтіре алатыны ғылми тұрғыда  анықталған- ау ” деп түйді. Ризалықтың ырғынына бата рахыметтерін жаудыра кері қайтуға дайындалған олардың құлақтарына бір таныс дауыс біресе күміс қоңыраудай күмбірлесе, біресе жез қоңыраудай сыңғырлай ұрылды. Таңғала құлақ салған оларға біреудің « Мың айтқанмен тегі мықты ел ғой, қазір имандылықтары күшейіп, ұлттық намыстары оянып кетті. Жемқорлыққа  иманы, жадыгөйлікке намысы тосқауыл болып, оңай шағылмайтын жаңғаққа айналды» деген жағымды лебіздері естіліп жұбайларды еріксіз кідіртті. Жанындағы қартаң орысқа қазақша сыдыртып жатқан Таңбақыт екенін айнытпай таныған Азатгүл демін ішке тарта құлақ түрді. « Әкем өмір бойы адасқанын осы елдің ізгі ниетті имандылығы мен күшті ұлттық рухқа бай ер көңіл, кең мінезді асыл қасиетінен біліп, осы елдңң дін, діл, тіліндегі алтынға бергісіз мән- мәйектер арқылы адам санатына қосылдым. Үйдің жақсысы ағашынан, адамның жақсысы нағашысынан, - деп қазекең бекер айтпаған, сен текті жердің қызынан туған тегеуірінді ұрпақсың, милиярттан асқан соншама көп халық болсақта тек  “бір адам, бір қаламның” бұғауынан шыға алмаған етек басты, ер қашты елміз. Сен бұл елден кетіп нағашы жұртыңа барып өз білім- қаблиетіңе жарай еркін өмір сүруге талпын»  деп әлемге әйгілі Шаңхайдан осында әкеліп орнықтырды. Ал өзі бір аллаға деген сенім- сүйіспеншілігін арттыру жолында осы ағаштардың саясында өмір бойы намазын оқи жүріп осыншама алқапқа ағаш екті. өзіміз қойнына баратын қасиетті топырақтың құлқын құмарлықпен кетірген құнарын қайта әкеле алсам алла күнәмді де кешер деген құлшыныспен өмірден озды.

«Жақсы түсінік қалыптастырыпсың, бауырым, мен осы елге қоныстанған кержақтың 3- ұрпағымын, ата жұртымызға барып көндіге алмай қайтып келдік. Бізді де жіпсіз байлаған сол өзің айтқан осы ел азаматтарындағы “исләм құндылықтары негізіндегі имани асыл қассиеттері мен тектен дарыған ер көңіл, өр мінез намысқойлықтары”. Бұл тұтас адамилық ардың ұйтқысы, ұлт рухының түрткісі екенін де тек осы жұртпен араласа келе ғана ұққандай болдық. Осы елдің еркінің мықты, ұлттық рухының өр екенін осыдан- ақ байқарсыз, біздің кержақтар оп оңай өзімізге сіңіріп әкетеміз деп арбағанына үш ғасыр, алысқанына екі ғасыр, нақтап қолға алғанына бір ғасыр болды. Сырт көз сыншы дейді, айтыңыз шы, сіңіре алыппыз ба, не өзгертіппіз?...  Қанша дегенмен көп жылдық еңбек ғой, анша- мұнша өзгерістер де жоқ емес, бірақ, бәрі де тек бұтақ пен жапырақ ғана. Бәрібір арыдан тереңге бойлаған тамыр өзгермейтінін енді біліп, сол далбасамен дал ұрып келгендер қайтып кетті. өзің сияқты дінін де, ділін де, тілін де қабылдап өзіне айналып кеткен біздер барып та дұрыс адам болмайтынымызды білдік. Қысқасы екі дүниенің жақсылығын осы елден табатынымызға көз жетіп адал еңбек, имани жүрекпен өмір сүріп адамша жасауға бекідік. Ол жаққа барып “шарап көліне сүңгіп бөртіп жүреміз, отбасы бұғауын бұзып еркін некемен өрістей өмір сүреміз ” деп арманның шөлінде қалып бәрі де әбден қартаңдағанда бармақтарын шәйнәй құрдымның құдығына құлаудан арыны көре алмай торығып қалды.“Су ішкен құдығыңа түкірме”демеушімеді, ата қазақ. Алла бізді ондай опасыздықтан сақтасын...»

Бұл екеуінде болып жатқан өзара сұхпатқа көңілдері тоғая өз биігіне өрлей жәй қанат қағып бара жатқан Азатгүл ат бойы алға өткен Аймауытты өзіне қарата:

- Есіңізде барма екен, Айеке, баяғыда Ата марқұм «Мұхаммед (с.а.с) Алланың елшісі, Исләмнің жаршысы болған соңғы пайғамбар. Ал Исләм бір ұлттың не бір өңірдің діні емес тұтас адамзатқа түскен хақ дін» деп отырушы еді ғой, аналардағы мынау жағымды өзгерістер соның бір ұшқындары- ау, тегі?!

 – Йә, йә есімде, ол олай еді, бұл былай деп жіберетіндей біздің де дінни сауатымыз таяз ғой, солайда қасиетті хақ діндегі құлақ естіп, көз көріп жүрген әділеттілік, ізгілік, мейір, шәфәғат, сабыр, шүкір, тәубә... қатарлы құндылықтардың өзі- ақ ес- ақылы дұрыс әрқандай пендені бара- бара өзіне магниттей тартатыны бұлжымас ақиқат екеніне көз әбден жетеді, аяулым.

 – Жаратушы жалғыз йем осы көргендерімізді тезірек өңімізге айландырып қызығын ұзағынан сүйіндірсе екен?!- деп тағы да Аймауытқа қарай беріп еді кенет құлақтарының түбінен күмбірлеген бір жағымды дауыс:

 – Йә, алла,

Ел- жұртына амандық,

Заманына тыныштық,

Істеріне игі берекет бер.

Көкірек көздерін ашып,  

Жүректеріне тәуфиық бер.

Халқына исләм тірлігін нәсіп қыл,

Екі дүниесіне хайырлы харекет бер.

Сабыр, шүкір, тәубәға табан тіреген,

Екі дүниенің жақсылығына қауыштыр.

Имандарын кемелдендіріп,

Жамандықтарын жақсылыққа ауыстыр.

Иман- ілім, білім- ғылым, бақ- дәулеті толысқан

Алладан өзге мұқтажы жоқ мәңгілік елді нәсіп қыл.

Дінін, ділін, тілін қайтарып, азу- тозудан құтылтып,

Имани нәр, адами ар салтанат құрған--

Нұрлы болашаққа асықтыр (әмин)!- деді. Кім айтқанын толық межелей алмаған Азатгүл, әкәу, Айекеңде осындай батагөй болып кеткен бе деп оған қарады. Оның өңінен нұр ойнай бейішке бет ала гүбірлей алақан жәйіп дұға- тілекте бара жатқанын көріп, ол да ықыласпен бет сипады...

                                   - Соңы

Жұмашәріп Шаһадатұлы

Азатгүл

(повест)

                         1

Сұрғылт аспан. Бозғыл дала. Еміс- еміс есерлене көтерілген күз боранымен аумақты ауыл шаң қаба шатқаяқтаған тірліктен шәршәған адамдай еңсесі түсе шәшіліп жатыр. Ұмытылатындай ұзақ та бола қойған жоқ. Осыдан жиырманеше жылдың ғана алды- тын. Сайоз заманы келмеске кетіп коллектив тұрмыс тараған соң Аймауыт отбасы не бары екі-ақ сауын сиырға қарап ежелгі ауылдық жерінде отыра берді. Бұрынғы қора толы қой таланға түсті. Жәйілім пысықайлардың қолына өтті. «жіліктің майлы басын ұстаған» көкесі барлар ауылын тастап көшіп жатты... аз- ақ жылдың ішінде маңында төрт түлігі мамырлап, аспанында әні қалықтап, мектебінде баласы дуылдап, көктемінде үйрек- қазы мен жас төлі шуылдап ауыл салтанатын асырып тұратын жанды тірлікке топалаң тигендей тоз- тозы шықты да өзге тірлікке толықтай иек арта алмаған жұқалтаң жұрт жүдеп қалды. «Кім көрінгеннің қолында кетіп бара жатқан өзіміз баққан мал ғой, біразын бөліп алып қалайық-шы» деген Азатгүлдің ақылын тегінен адал өсіп, ала жіп аттап көрмеген Айекең ала қоймады. Оның бәр сенгені бұрын да оннеше жыл теуіп ыңыршағы шыға арбиып тұратын кәр московищ. Азаннан ел орынға отырғанша жол айырықтарын торыуылдап көрінген көк аттыға көз сата тұрып Алла ісін оңдап бензинінен мың теңге асырып келсе де шүкірлік ете жүріп біраз жылдарды жолға салды. Азатгүл де екі сиырдан тартынақтаған ауыз жармас ағарғаны мен 5- 10 жұмыртқасын пайдакөс кезбе саудагерлерге тегіннің аз- ақ алдында ғана сарқып беріп шәй- тұзын әрең айырып отыра берді. Жыл жылжып ай аялсыз өтіп жатты... Сиырларының жылдағы тумасы жылда сатылып жыл сайын жалғыз басты қалып, есесіне отбасы жалғыз балалыдан көп балалы отбасына айналды. Ақша жүз әжімделді. Тұрмыс «бір көрмеге жан берме» қытайіски алабажақ киімдер мен сырты бүтін іші түтін жел- жеміс, көкөніс, пешетті жемектіктерге телімденді. Московищтің де есік- терезелері жырымдала сым темірмен шырмалып, жауыр аттай арқасы қаңылтырмен кежімделді. Баланың үлкені Байырқа мен Балқия мектеп таусып арт- артынан бірі колижге, бірі иниститутқа жолдама алып қалаға аттанды. Аймауыт пен Азатгүл ауыртпалығы күн өте балалар өскен сайын жеңілдегенді қойып еңселерін баса еселене қатталды. Аймауыттың бар ойлағаны «отымның алды, суымның тұнығы Байырқамды оқытып жеткізсем, қартайып хал кеткенде шаңырағымды табыстап о дүниеге қам- қайғысыз аттансам» деуден көп аса алмай, ол үшін қызыл қолымен шоқ көсеуден де тайсалмай талпыныс жасау болды. Әке жүрегін анасынша айтпай тыңдауға әдеттенген Балқия ағасын оқытып әке- шешесіне серік бола жұмыс істеп отбасы тірлігіне септігін тидіру ойында болып ата- анасымен ой бөлісті. Ақылды қыздың айтқаны көкейіне қона кеткен Айекең бірден мақұл болды. Алайда ұлдан көрі қызының болашағына көп алаңдаған есті ана:

- Е, ақылыңнан айналайын, қоңыр қозым, әке- шешеңе жәнің ашып отырғаныңды түсінем ғой, солайда өзіңнің де жат жұртқа жаралған жан иесі екеніңді де ұмытпа, күнім. Менде сендей күнімде жалғыз бауырым оқысын деп мектептен кейін анаған сақманшы, мынаған сауыншы болып жүріп осы әкеңнің етегінен ұстадым да ерте тұрмыстанып кетіп қайта оқудың орайын келтіре алмай отбасына омала қала бергем. Енді сенің де менің аяғымды құшуыңа әкең екеміз жол бере алмаймыз. Бізге не болар дейсің, екеуіңде оқыңдар. Пендесін жаратқан алла ырыздығын да береді, тек өзімізде ұмтылыс, талап, қажыр болса, отбасымыздың бақан- тіреуі әкең аман болса болғаны. Әкеңе де сөгіс жоқ, ошарлы жәнді үлкен отбасының ауыртпалығы иығын басып қинала шәршәп жүргенсін, оның үстіне өзің ұсыныс қойып отырғансын көңіліңді жыққысы келмей айта салғаны ғой. Мен көрген Айекең, мен білетін Айекең, мен сүйген Айекең өздігінен ондай келте шешім қабылдамайды, балам,- деп қызының маңдайынан искей, күйеуіне күле қараған Азатгүл от басының жылыуын артырып, тар үйді кеңіте бәрін де жадыратып жібереді. Шынымен де өзінің қысқа ойлап, келте қайырып алғанын сезе денесі шым ете қалған Айекең:

- Ұлымды ай, қызымды күн қып берген аллаға мың шүкір, балам, мен қысқа ойлап қалыппын. Шешеңнің айтқаны дұрыс, екеуіңде оқыңдар, үкіметке иек артып, коллективке сүйенетін сайоз заманы келмеске кетті. Мынау тек өз қос қолымызға сүйеніп өмір сүретін жекешеленген заман. Бұрындары тағалы тай, көлденең бұрауды «менікі» дей алмай жалтаң көз өмір сүрдік. Енді олай емес алла тәлейлеріңе жазған егемендіктің арқасында мынау алып ел де, байтақ жерде біздікі. Оны меңгере игеруге, әрине, маман керек. оқып жетсеңдер сол маман сендерден шықпай ма!? Московищпен ары- бері шаңдатқаннан басқа көп нәрсе қолдан келе бермейтін мені қойшы, аштарыңа айланып, тоқтарыңа толғанып отыратын мынау отбасы ұйтқысы шешелерің аман болса бір- бірімізге сүйеу бола отыра береміз. Әкесінің де шешесінің де бүкпесіз ой алым, риясыз қабақ қағымдарына ыриза болсада, «тірсектете тыным бермей келе жатқан тақаршылықты тар заман анау, күрмеуге келмей тұрған қысқа жіптей отбасы тірлігі мынау, бес саусақ бірдей ауызға симайтыны да ақиқат ғой, артымызда да оқуға талпынып келе жатқан бауырларымыз тағы бар, ертең- ақ біреудің қолына қарайтын қыз бала емес пе, мен жол берейін, қарындасым оқысын» дегенге бекіген Байырқа өз ойын ортаға салды. Ұл- қыздарының бойы ғана емес, ой- толғамдары да жетіле ақылды өсіп келе жатқандарына дән ыриза болған Аймауыт «екеуіңде оқисыңдар, балларым, оқу- оқымау туралы талқы осымен доғарылды. Ендігі сөз тек сендер қалай жақсы оқйсыңдар, тұрмыстарыңды біз қалай қамдаймыз туралы ғана болады» деп кесім жасады. Балалар сәтті күнді талдап жоғары оқуға аттануға жиналып жатты...

  •  

Егемендіктің он жылдығының қарсаңы. Жаңалығы аз, жадау жүзді ауыл сол баяғы қалпынан аса алмай мимырт тірлікпен ілбіп барады. Мәдениет үйі, Балалар бақшасы, Почтахана ... қатарлы әлеуметтік құрылғылар жұмыс істегенді қойып, есік- терезелеріне де ие бола алмай қара бастары қалбайып бос қалды. Темір тұруба, жер асты- үсті кабелдер оталып, ағаштар бұталып, жолдар мен су арналарының дадал- дұлы шыға көбісі- ақ жер жастанды. Бір көшедегі қаз- қатар салынған жиырма үйдіңжетеуі иен, жетеуінен ғана тірлік нысаны байқалса қалғандары баяғыда бұзылып жұртта қалған қалқайған қабырғалар өзі де мәз емес тірлік сынын онан арман ұсқынсыздандыруда...

Көрші обылыстағы бір үлкен колхоз шаруа қожалығының бас маманы болған Азатгүлдің әкесі коллектив тарағанда үлкен қонжуыр қымқырып қалып аз- ақ жылда тірлігін оңап алған ауқатты кісі- тұғұн. Барған сайын кетеуі кетіп бара жатқан Аймауыттар тұрған ауыл жағдайынан хабардар ол қыз- күйеуін көшіріп әкетуге талай келіп те, келген сайын тауаны қайтып та жүрді. Неге? дейсіз ау, Басқасы емес оған сол өзінің қызы Азатгүл көнбеді. Аймауыт “ қайда болсақ та екі қолға бір жұмыс, бәрі де бала- шағамыздың қамы емес пе ” деген. Бірақ, тас түскен жеріне ауыр дегендей жан жылыуын жарына арнаған ақылды әйел алды- артын кең ойлап:

- Отағасы,- деді бір күнгі кешкі ас үстінде жылы шыраймен күле қарап,- «Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дейтін ата- бабамыздан қалған аталы сөз бар, мен ғой өз қалауыммен өз сүйгеніме қосылған тегім сырттың адамымын. Ал сіз ата- бабаңыздың ежелгі қара қонысында арғы заманнан жалғасып келе жатқан қорымына күнде Құран бағыштап отырған тұрғын адамсыз. Мен осы шаңыраққа келін болып түскеннен кейін өз қолымыздан арулап қойған ата- енемнің қабыры да сол қорым шетінде күні бүгінгідей көз алдымда тұрады, марқұмдар. Оның үстіне балаларымыздың да кіндік қандары осы жерде тамды. Тай мініп, тал қамшылап өскен жерлерінің бәрі де маған ыстық көрінеді. Әйтеу осы ауылға, осы әулетке, осы шаңыраққа деген бір қимастық ішкі сезім жүрегімнің арғы түкпіріне барған сайын терең бойлап бара жатқандай болады да тұрады, бәлкім, мені жібермей отырған да осы сезім шығар. Әкем сөзіне еріп кете барсақ, көп болса мені «Аймауыттың шарғыш қатыны төркініне бастап алып кетті» дер, ал сізді ші? Сізге келер сөздің сарыны бөлек, салмағы ауыр болар ма деп қорқам, Айеке!?- деді ойлы көзге әйел нәзін араластыра. Жәйләнә отырып ақбурыл шәйді сараң ұрттай ойлана тыңдап отырған Айекең:

-Ел не десе ол демей ме, біздің елде, елдің бізде шаруасы не? Жан бағысқа қолайлы болса болды емес пе?!- деді қысқа қайыра. Жарына жарқын қабақ таныта жақын отырған Азатгүл Аймауыттың иығына қол арта жадырай күліп:

- Е, Айеке, қайын жаққа да барармыз, әкем қолында бар кісі, оның үстіне жөн білетін ер көңілді кісі ғой. Сіздің намысыңызды да қорғап «жиендерімнің 40 серкеші» деп бір берер, «төркінге келген қыздың нәзі қйын» деуші еді, ренжімей жүрсін деп мені сылтаурата тағы берер, «елге келген күйеудің есесі» деп өріс- қонысыңды да көрсетер. Біз келеді деп үй, қора- жәй де алып қойғанын былтыр айтып кеткен. Бала- шағаларымыздың қамы үшін бұның бәрі де қажет, еш жамандығы жоқ ғой, бірақ, «еңбексіз келген бақыттың баяны аз болады» дегенді де көп естуші едім. Өзіміз ғана емес, әсіресе ұрпағымызды «даяр асқа тік қасық» қып жаман үйретіп аламыз ба деп алаңдаймын, Айеке. Еңбектенген кісіге не табылмайды, барға бардамсып отырып қалуды әдет қылғандардың сол барынан да, нәрінен де айрылып қалғандарына талай жерде куә болып, «маңдайы терлемей ішкен астың таңдайында дәмі тұрмайды» деп жазғыратын да өзің едің ғой, Айеке. Талғамымыз дұрыс болып талпына білсек, ойымыз өрістеніп еңбектене білсек жаратушы осы жерден де жарылқайды деп ойлайым, Айеке. Әйтседе,- төркініме зияны тиеме деп қашыртқылап отыр- ау- деп ойлап қалма, жәнім. Сізге және сізден көрген ұрпақтарына малды қойып жәнін де садаға қылуға бар мына «қисық қабырғаңның». Менікі әншейін өзіңе ақыл- серік болу ғана, алайда ерік өзіңізде, шешім қабылдайтын да өзіңіз, отағасы,- деп ескерткенін еркелігіне сүйей естілік көрсетеді. Әйелінің осыншама ішті де иірімді, істі де үйірімді екенін енді аңғарған Аймауыт ерекше ыриза бола қолынан қысып маңдайынан искейді. Әр екеуінің де ішкі дүниесі алаулай бойларын бір түрлі жылулық кернейді. Осындай ақылды жар, шешімді жан серігі болғанына аллаға шүкірлік қыла «йә, алла не берсең де осы туған топырағымнан жарылқа» деп,- осынау құлазыған алқапты ауылдың бір кішкентай ғана қуысы іспетті құтты мешін үйінде құнытты жұбайымен жақындай құшақ айқастырып, мамырлай ұйқтап, жадырай тұрып ертеңгілік ісіне көңілді кірісіп кетеді.

Шәкірт ақымен қамтылып оқуға түскен Байырқа мен Балқия алланың қалауымен бір- бір жылын табысты аударды. Өгіз аяңды ауыл тірлігі де тағы бір жылға созбұйда дізгінін жалғады. Мәдениеті ылғар тың орта, жаңалыққа құмар тынысты тірлік балаларының да талғамын асырып, талаптарын өсіріп бара жатқаны ата- аналарға да бірден біліне бастады. Балаларындағы киім киіс, шәш қойыс әсіресе сөз- әрекеттеріндегі оңды өзгерістерге Аймауыт пен Азатгүл риза болсада ашық білдіруден безінді. Өйтетіні қалалы орта, бәсекелі өмірдегі бұл үрдіс жыл сайын артпаса кері қайтпайтынын да іштей сезінді. Келесі оқу жылын оңды бастап озат тәмәмдауға құлшынған ағалы – қарындастылар жаз бойғы демалыстарын қағаз қараумен өткеріп, ата- аналарының шын ықыласымен қалталарына салған азын көптей көріп баяғы сол көмпіс мінез, көнімді көңілдерімен тағы да ауылдан аттанады.

Сабыры мен шүкірін тең меңгеріп, терең тыныс ала бір- біріне қараған ата- аналар балаларының бойынан мен мұндалаған айтып тауыспас артықшылықтарын жұпыны өмір, жұқалтаң көңілдеріне қатық қыла мақтанады...

  •  

Талай замандар бойына орталық шәһәр мен шығыс өңірді жалғап айнадай жарқыраған тегіс беті алыстан ирелеңдей сағымданып жататын үлкен кұре жолда арлы берлі зулап жататын автокөліктерде бұрынғы қарқын жоқ. Бәрі де тасырқаған аттай ақсақ ойыла тозған жолда жолдың ол жағына бір, бұл жағына бір шайқала адымдарын аша алмай кібіртіктейді. Ауылдың басы мен аяғындағы жолайырықты торуылдаған екі топ жеңіл көлік тұр анадайда. Аяққы жол айырықтағы кезек күтіп тұрған алты көліктің екіншісі Аймауыттың московищі. Айекең бір қолымен көлігіне сүйене тұрып бір көзін ауыл жаққа қыдыртса, бір көзін ұтысты қартаға бас қойған жүргізушілерге қадағандай екі ұдай алаңдаулы көрінеді. Оның бұл ұсқынын жақатпаған құрбысы:

-Немене- ей, шымылдығың желпілдеп тұрғандай үй жаққа көз сала бересің, онанда мұнда келіп 200 теңгеңді 800 жүзге көтеріп алсаң шы!?

- Әй, сол 800ді сендер- ақ алып маған 200 беріңдер де менің кезегімді алыңдар біреуің,- деп кезегін сатты да ерте қайтып кетті.кедір- бұдырлы шаңды жолда шарқыш көлігімен шабан аттай тепеңдей тершіп келе жатқан оның көзіне өз үйінің тозығы жете тоттанған қаңылтырлы төбесі, онан ары қақыраған қабырғасы, жасыл сыры ақшуландана кәрі қарағайдың қабығындай айғыздана жарылып қопсып кеткен есік- терезесі көрінді. Ентелей тебіндеп келіп үлкен керауыз қоңыр сиырды ұстап тұрған Азатгүлді көрген оның жүрегі зу ете қалып сиырға көз салды. Осы үйдің ең үлкен сүт зауытындай білінетін кер ауыз қоңырдың бұралған ішін, аққан жас, шуырған сілекейін көріп шошып кетті. Ойпырай, қарны қабақ, бұты бұлақ болып егіз тумасада жылына өгіз туатын жәнуарым- ай, не болып қалды екен, бәсе, түстен кейін қарадай қобалжи қалғаным осы екен ғой,- деп көліктен түсе кер ауыз қоңырды сипалай бастады.

- Тәңертең орнынан сызып тұрып қабағы сәл кетіп еді, бақташының айтысында түстен кейін жәйілмәпті. Сосын жетелеп келдім.

- Ендеше өзің ие бол, мен мал дәрігерін шақырайын.

- Ап еткенде сап етіп дәрігерге жүгірмейік, олар тұра «атам, көмем...» деитін шығар. Баяғыда ата марқұм осындай сиырлардың ауызын қара тұзбен ысып, бақай арасын тазалап тотияйынкүлін шауып, ұзын сапты ожауды көмейлете қара көже құйып жүріп қатарға қосқанын ұмытып қалдыңыз ба, онанда қара тұз ізде, үйде тығып жүрген азырақ тотияйын бар еді, әуелі өзіміз ем- дом қып көрейік.

-Азатжан- ау, оны білесің бе, тотияйын улы ғой, өлтіріп алмайық?!

- Көз көріп, көкейде сайрап тұрған ескілікті емді де дұрыстап істете алмасақ, о дүниеге барғанда тірісінде тәлімін алып сарқытын ішкен аруаққа не дейміз, Айеке. Әуелі, бақай арасын аш, сулана базданып тұрса аздап тотияйын күлін сеп, қаңылтыр темірге қыздырып өзім жасап берем, суланып базданбаса сексеуіл қоламтасының ыстығын өткіз. Басын ұстап берсең ауызын тұзбен өзім ысайын.

- Жарайды, жарайды, өзіңнің епті қолыңнан шыққан ем ғой, бір керекке жарайтынына сенімдімін.

- Мен емес, Айеке, сіз отағасысыз ғой, әуелі, бисмілләһи, менің қолым емес, ата- бабамыздың жолы, себеп бізден шипа алладан,- деп бастаңыз.

- Жарайды, жарайды...

- Айеке, баяғыда атам марқұмның қора көңін өртегені есіңізде ме?

- Йә, есімде.

- Бұрынғы- соңғының жолы ғой, бәлкім, бір жағы дизенфексия да шығар, оны да істейік.

- Байқа- ей, көң өртейім деп жүріп баспананы өртке жалматып алып балалардың бетіне қарай алмай отырмайық.

- Қойшы ары, Айеке, ол бір жалыны лапылдаған қу шырпы емес ғой, құрғақ көңді қора ортасына үйеміз де тамыздықпен шетінен тұтатып қоямыз, бықсып жатып- ақ ақ күлге айналып қалады. Сосын қоламтасын ыстықтай қораның түкпір- түкпіріне жеткізе шәшәміз. Оған дейін сиырды ел көзіне түспейтін далдада ұстаймыз.

- Жарайды, жарайды...

Ем аз- ақ күнде қонып сиыр барған сайын серги бастады. Азатгүл сиырдың уылған ауызы жазылғанша жылы- жұмсақтап тамақ жасап адамша күтті. Ауыл ұлы кәрияларының бірі «тапсаң қытай тас шәйін, таппасаң шүкір дейтін ем шөпті сарғайғанша қайнатып суына ақшекер сапырып суарып жібер» деп кетті. айекең шауып жүріп бәрін де тапты. Бәрін де істетті. Жарым ай ем- дом қабылдаған сйыр ауыруынан айығып аман- есен қатарға қосылды.

Тағы да жол айырықтан табысқан құрбысы:

- Әй, сен жұқпалы дертті бұқпалап жатып дауалайды дейді ғой, жаздың ба, өлтірдің бе? Өлтірсең өз ісің, жазсаң Азатгүлдің ақылы ғой, ә?! Алдынғы рет алаң- салаң етіп жүріп тұшымды қарымжы қайтара алмай кеткен Айекең бұл жолы аянбады.

- Сен сияқты қу сөз қуып, картадан қаймақ іздеп қарап тұратын жігіттен жылда бұзаулайтын бір сиырдың арты артық деген екен бір кәрия жалқау баласына ұрысқанда. Сол айтқандай жаз сүтімен, қыс танасымен бір үйді асырап отырған мама сиырдың табысы екемізден әлде қайда артық, қалай қиямыз оны өлімге, қалай дауаласақта жаздық, әрине,- деді. «өлтірдің, өлтірдің» деп күлкіге көме дауырыққан қасындағылар да Аймауытқа қарай басбармақтарын шығарысып жатты. Жүйелі сөз шынбайына батқан құрбысы ды білімділік істетіп:

- Әй, мынаны Азатгүл оқытып жіберген сияқты, жеңдің, жеңдің, жаман айтпай жақсы жоқ, бәрімізде де мал бар бір күні болмаса бір күні ісіміз түсіп жүреме кезегімді берейін деп оны алдынғы орынға аттатып жіберді. Құрбылардың зілсіз әзіліне жұрт дуласа күлісіп бір сәтке болсада мәз- мәйрәм болысып қалды.

Барған сайын жүргінші азайып, есесіне таксистер көбейіп баражатқанын айта бүгінге қалтаға түскен 600 теңгесін Азатгүлге берген Аймауыт түсіңкі қабақпен жәй күрсініп қойды. Оның көңіл- күйін айтпай таныған Азатгүл:

-Айеке, маған бір ой келіп тұр, құптайсыз ба, құптамайсыз ба білмеимін.

-Йә, айт, отбасы тірлігіне пайдалы болса құптамайтын несі бар.

-Қартаңдағаны ма сиырлардың тартынағы азайып барады, үлкенін осы бастан жемдей жүріп семіртіп күзде сатып орнына құнажын алайық; Көршілерден шамамызша сүт, жұмыртқа сатып алып ауыл маңын шйырламай табылған бірер жолаушыға қанағат қып қалаға апарайық, мен апарған затымды саудалаймын, сіз қайтатын жолаушы іздестіресіз, алла сәтін салса жаман болмас деген үміттемін.

- Бұл да дұрыс- ау, әйтседе, жұмыртқа ала бергенше өз тауығымызды да көбейтпейміз бе?!

- Ол да жөн, шөже бастырып ол тауық болып бізге жұмыртқа бергенше сатып ала тұрамыз да.

- Жарайды.

Бүгін қалаға жол алған жұбайлардың алғашқы күні. Қоржындарында 10 летір сүт, 50 жұмыртқа бар. Екіден басталып жол- жөнекей үшке жеткен жолаушылары да жоқ емес. Алла сәтін салып Азатгүлдің алғашқы саудасы күсет болды. Жұмыртқа барған жерден топ сатылып, сүт бірер сағат уақытын алды. Оның үстіне көрші ауылға нйеттенген екі жолаушы тауып баратын жеріне күйеуіне апартып тастауға уәде бере ертіп келді. Айекең де құр емес, бір жолаушыны көлігіне отырғызып алыпты. Олардың қуанышында шек жоқ, бүгін олардың қоржынында бақандай төрт мың теңге келе жатыр. Бұл олардың өткен он жылдан бері қарай қол жеткізген ең қомақты табысы. Үйгеде кіре Айекең «ақылыңнан айналдым» деп келіншегін құшақтай қыса аймалады. Өзі де қуаныштан бойы қыза елегізіп тұрған Азагүл бұрынғысындай қымсына жалтара жөнелмей жүрек қаны дүр ете көтеріліп Айекеңнің құшағына кіре құлпырып сала берді...

Ақылмен бөлісіп, берекемен келіскен сауда күн ұзарған сайын үміттерін ұштап жол бағдарларын айқындай түсті. Біртелей кәрі сиыр жасарды, аз тауық көбейді. Московищтің де шырмалған сым темірлері бонтқа алмастырылды. Жағдай осы беті оңала берсе кәр московиш те ала шапанын шешіп, ақ камзол кйетін, жұқа табанды резинке шақайын қалың табанды көн етікке ауысатын да болар, бәлкім. Йә, алла сәтін салып жұбайлардың құнытты еңбек, құрамды құлшыныстарын оңай түскей...

  •  

Кең аула. Керімсал ауа. Иниститут сабақханаларының 2- 3 қабатты ғимараттарын андыз өссе де бітік бұтақтары тұтасып кеткен зәулім тал- теректер бүркеп тұр. Анда- мұнда жерлерінде шегенделген ағаш орындық. Көбінде саяхаттай келіп дем алып отырған жұбайлардай ұл мен қыз. Ғылымға сусап, ақыл- зейінін білімге жұмсап отырғандары тым көп емес. Бала шаққа қош айтысып, болашаққа ізгі ниетпен ой бөлісіп отырмағандары да белгілі. Өйтетіні бет- ауыздан қойын- қонышқа дейін тінте қарап тамақ дәметкен сұқ көз күшіктей үзіттене сілекей шұбыртқан жігітше мен қымсынуы қылымсыуға өзгере құшаққа кіріп кетуге шақ қалып отырған бойжеткен. Екі көзі кітәпті тесіп жіберердей ағашқа сүйене екі аяғын кезек алмастыра демалтып тұрғандар да жоқ емес, бірақ, оларға шегенді орындық бұйырмапты, бәлкім, өз алдына құлақ тыншуын іздеген болар, бәлкім, «махабат дөкейлері» мен «ақшалы аусарларға» ғана тиеселі орын шығар...

Сырт көз сыншы ғой, ата- анасының тапсыруымен Байырқаны іздей барған оның ми қыртыс қабаттарында өшпей өңбей қалып қойғаналғашқы сегналдар осы. Өмірдің өзге арналары да аз емес, тірсектеткен тірлік бәріне де ат тұмсығын тіретеді. Кейі жүрек жарды қуанышқа да батырады. Кейі жйренте ат бойды да алып қаштырады... Алайда бәрі де осы ауладағыдай оның жүрегін айнытып, жүйкесін жұқарта ой өлкесінде мекендеп қалған жоқ. Әйтеуір, иниститут, колиж, мектеп қатарлылардың маңына аяқ басты болды әлгі сұмпайы көріністер оның ми қыртысының арғы қабатында жатса да тулап шыға келеді. Көбінде өзін сабырға шақырып, кейде көзін жұмып алса да көз айналасындағы қараңғы мұнарлар арасынан сүркейлі сұқты көздер жылтылдап, қылымсы дауысты күлекеш қылықты бөкселер бұлтыңдап тұрғандай болады да тұрады. Кейде досжарандарымен сырласа ой өлкесінен қуып салғысы да келеді. Бірақ, батылы бармайды, неге? Бәрімізде де ұрпақ бар ғой, қалай жәрия етеді?! Бір мезет көп күш сала жүріп ұмыта да бастаған. Амал не алдынғы аптада телевизор хабарында берілген «үнверистет дәретханасынан табылған өлі шақалақ» атты хабар әлгі ұмыт болып бара жатқан сұмпай сұрықты онан арман ұлғайтып жібереді. Бәлкім, арысы атаның белі, берісі ананың сүтімен дарыған «аманатқа қиянат етпеу» қасиетін ақылға нәр, бетке ар қып өскендігінен болар, әке- шешесінің тапсырған аманатын Байырқаны тауып орындағанша оның тауаны қайтар емес... міне, айналсоқтап жүріп Байырқаның есімі жазылған жатақхана есігіне қайта барғанын да байқады. Алғашқы келгенінде есік жабық- тын. Сәті түсейін деді ме енді ашылыпты. Қабаттаса құрылған қос төсек арасындағы кішкентай үстелде жасаулы темекінің көк түтінінен көзі жылтырап отырған бір “сарытүйнек” орнынан тұрмай түксие қарады. Үстел ұсті қобыраған жел- жеміс, шекілдеуік қабығы. Оның қылығын жақатпаса да «амансың ба, балам» деуге мәжбүрленіп Байырқаны сұрады. Өзінше таңқала қараған сартүйнек «йә, орны мыныау, күндіз жоқ, түнде бар, қашқалақтап жүруді ғана ойлайтын саяқтың бірі, оның артынан ешкім іздеп келмеуші еді ғой, немене сәлемдеме, ақша әкелдіңізбе, тастап кетіңіз, өзім бере салам ғой» деп түсін жылта жылмаңдады. Ондағы әлгі ата қасиет оған иланғысы келмей «әдеттегі жағдайда көбінде қайда болушы еді, білсең айта ғой, балам, беретінімнен айтатыным маңызды еді» дегізді. Онан айрылғысы да, айтқысы да келмегендей бейнеде тұрған сартүйнек «япырай, таба алмай бекер әуіре боларма екенсіз, әлгі қаңғыбас қайда кетті екен, ә!? Дегенмен кітәпхана жағын бір соғып кетіңіз- ші» деп орнынан созыла тұра шекесін қасып қойды. Әрең дегенде соқыр қой көзі дерек тапқандай болғанына қуана алдында ғана есік алдынан өте шыққан иниститут кітәпханасына салып ұра жетіп барды. Кітәпхана кіре берісінен өте жолығатын кітәп оқу залының есігінде кезекшілікте отырған саркідір әйелмен сәлемдесіп жөн- жәй ұғыса бергенінде Байырқаның Ассалаумағайкүм, аға,- деген қоңыр дауысы  оның өңінен әлде қайда үркіп кеткен шуақты  шырайын қайта үйрілтіп үлгіртті. Оның үстіне зал ішінің жарымына таяуын ала көздерін кітәпқа қыдырта қимылсыз отырған балалар тобы да жүрегін жылыта шүкірге келтірді. Ол өз мойнындағы аманатын адалағанына шүкірлік ете өз жолына түсті.

Шығысты бетке ала ақсақ ойыла ирелеңдеген сол баяғы кедір жол. Көне көлік. Көрмәзрет тірлік. Шәкене ғана ала қабын алдына көлденең тастап ел қатарлы ол да шоқырақтай ілбіп барады. Денесі тыншй аяқ- қолы терін құрғата суытқан аттай сергіп бара жатқандай болғанымен, бірақ, ой өлкесі тыншыр емес. Бір үміт, бір үрей тай таласа біресе ар жағынан аңызғақ аңырағандай бойы қалтырай енді келе берген ұйқының ұйпа- тұйпасын шығарса, біресе жүрегі жұмсара бойын жылымық билей қалғытады да селк еткізе тез оятады...

Сартүйнек бекер жымыңдамапты. Ол осы ордадағы үйірлі содырлар ішіндегі кімде не барын анықтайтын мәлімет топтау пысықайларының бірі екен. Ол ауылдан ала келген аманатын тапсырушы кеткелі Байырқаның қырсоңында болып, өткен жылғы «жаңа студент салығын» шама жетіп ала алмай жүрген ішмерезін қайта қоңырсыта бастапты. Байырқа «керегі шамалы іске бола онсызда әрең күн көрісте жүрген ата- анасын қинағысы келмеитінін, осы рет колижде оқып жатқан қарындасының қамына бола аздап тиын- тебен алдырып апарып бергенін айтып өзінше түсіндірген де екен. Мұндайда түсінігі түн, тек ғана түйілгенін түйрегені ғана күн болатын тоғұшардың тоғайрақ құрты қайдан өлсін. Аңқылдаған адал да аңғал азаматтан қолға ештемеіліндіре алмаған сартүйнек «шын қысылса соқыр көзден де жас шығады» дегендей тақымға салған бұрау қатайса қолға ілінер бірдеме шығарын топшылап, ішінара оқытушылармен астаса бал тартқызып арқар жалақ олжа алып жүретін кәнігі әдісінің бұған жүрмейтінін білді. Қайту керек?- деп аз ойландыда жатақ күзетшісінің бөлмесіне сып ете түседі де мұртынан жылмыңдай келіп «ақшам жоғалды» деген дақпыртпен күзетшіге хабарлап жатақ тінттіреді. Миығынан күле сартүйнекпен қабақ қағысқан күзетші бірден Байырқаға соқпай орағыта тінтіп Байырқаға кезек келгенде жасанды темекі қапшығына жасыра пешеттеген сырлы затты чемоданының ішкі қалтасынан суырып алады. Көрер көзгене екені белгісіз «ақ ұнтақ» тым сұсты көрінеді. Жатақтастары бағжия Байырқаға қарайды. А дегенде жүрегі зу ете түскен Байырқа тез есін жия сартүйнектің көзін шұқып тұрып «саған не керек? осығұрша иттік істетпесең де болар едіғой» дейді еш қынжылмастан. Екі беті ду ете түскен сартүйнек оның жағасынан ала түседі. Байырқа оны бір жұдырықпен сұлатып қояды. Бір жағынан “жалалы” болып, бір жағынан кісі ұрып істі болған ол күзетшінің  ақылымен өзара ақылы бітімге келіседі. Іштей жылмаңдаған күзетші ешкімге тіс жармауға, әсіресе полисияға мәлімдемеуге уәде беріп, жатақтағылардың бәріне де «сыртқа сыр шәшіп иниституттың абыройын төгіп жүрмеңдер» деген сұсты ескерту тастап, іштей мәз бола кете барады. Осыдан бастап Баиырқа кітәпханаға қош айтып титтей де бос уақытын жібермей асханада даяшы, түнгі клоптарда күтуші болып түнделете істеп қарыз қайтарумен болады. Уақыт ұзара келе сабақ үлгірімі төмендеп шәкірт ақысы да қиылады. Бәрін де ата- анасына білдіртпей өзі шешуге бекіген ол жаздық кәниколда да үйге бармай жұмыс істей береді...

Баиырқаға алла ой да, бойда берген, сырты қандай сымбатты болса іші де сондай, жүрегі нұрлы, ой- талғамы бүрлі жігіт болып өскен. Мектепті озат таусып үнверге жоғары балмен қабылданған. Оқытушылардың назары менқыз біткеннің де көңіл базары да көбінде соған аударылатын болған.

Дұрыс талғам, өр талаптың бәрі де ішкі таланттың сыртқа теуіп шыққан өркендері ғой. Адам пендесінің көбінен- ақ осы өркен өсіп шығады. Амал не кейі оны сезінсе де кейі уағында сезіне алмай тұншықтырып бітіреді. Ал сезінгендердің көбі де қалай баптауды білмей білтесінде өшіреді. Йә, Байырқаны жетілтіп те, желпінтіп те келе жатқан, өзгелердің өзегіне өңез боп қатқан қызғаныш қырауын да кейде кілкіте ертіп сыртқа шығартып жүрген оның осы ұлағатты ой- талғамы, ұсқынды ажары, жібектей жұмсақ ұяң мінезіне сәйкескен сыпайы сөз мәнері-тін. «өзі жақсыға мың кісілік орын бар» дегендей ол барып жұмыс жасаған жердің бәрі де оған «кет ары» болмады. Сынық сөз, сыпайы мінез, сылық қылықтан си да қашпады. Ол істеген сенбі, жексенбілік асбұзыл, түнгі клуп қожайындары ол сабақтан түсіп келгенше асыға тұратын болды. Жапалы істеп жарты жыл да қарызын үстемелей қайтарды да сабақ үлгірімін көздеп түнгі клуппен қоштасып, от басы жағдайына қарай жексенбілік асбұзылдан әлі де тұрмыстықталғажау тауып тұруға бекіді.

Секер сенбіде асбұзылға келетін кешкі қонақтар да аз емес- тін. Ас бөлмеде қызу дайындық жүріп жатқан, жуан ортада Байырқа. Әлекендей жаландырып ыдыс жуып жүрген де сол, қонақзал үстелдерін реттеп, тазалығын қадағалап жүрген де сол. Мөлшері жүз адамға дайындалған асбұзыл іші отбасымен ошарыла келгендер мен дос- жаран, жолдас- жораларымен келгендерге лық толған. Шүйіркелесе отырып әңгіме соғатын қартамыстар да, бйге баса әндетіп тойлатып қайтатындар да табылады. Қонақтар сйреп соңғы мәзіретке барып қалғанда ішінде сұрқы сұсты бірнеше бейтаныс жігіттері мен бірнеше ашық кеуде ақборбай қыздары бар айдарларынан жел ескен Байырқаның бір топ кіластастары келді. Тәртіп бойынша оларды да Байырқа қабылдап ірге үстелге жәйғастырды. Ас-мәзір тізімін көтеріп даяшы қыз да жетті қастарына. Бәрі де жіпселеген қызмышпен кірген олар «дәптерді қайтесің, қарындас, қолыңа ілінген дәмді құжырыңды әкеле бер, қоюын шәйнап, сұйығын жұта беретін бәріміз де мына Байырқаның қонағымыз» десе, біреулері «барыңды әкеп соңғы есебін Байырқаға ұстата сал...» дегендей бірі атып, бірі қағады. Жарайды жігіттер, «қонақ келсе тоқты жер, ырысыңды боқты жер» деген емес пе, бергенінен берері көп алланың құлдарымыз ғой, айтыңдар тартынбай» деп бөрі арығын білдірмей жігітше желпініп Байырқа тұр. Олар «ә, жарадың, Бәке, асбұзылдан айлық үнем айырып отырған қалталы студентте, әрине, осындай кеуде болу керек» деп дуылдаса күлісіп жатқанда сынптарындағы топ қыз ішіндегі «шоқ жұлдыз» болып көрінетін қос керім кіріп келді. Бұрынғыдай емес, өңдері солғын, қабақтары сынық, көңілдерінде аздап қобалжу барын да Байырқа сезді. Қашанда өз міндетін адал орындаудан жазбайтын Байырқа оларды да өзі қабылдап тағы бір үстелге ертіп бара жатқанда «бұларды үйірінен бөлінген байталдай қып қайда апарасың- ей, даяшы» деп әлгі отырғандар одыраңдай алдарынан көлденеңдеді. Байырқа «жігіттер, сыпайырақ болсаңдаршы, қыз балаға осылай айтуға болама, әлеуметтік ортада тұрмыз ғой бәрімізде» деді. Оны тыңдап, елеген де ешкім жоқ, қыздардың «біз отырмаймыз, Байырқаға бір жұмыс айтқалы келдік, айтамызда кетеміз» деген уәжіне де қарамай қолдарынан сүйреп әкеп үстел шетіне шегендеді.Барған сайын желдірте желпінтіп бара жатқан безбүйрек стақандар қаншама сыңғырлай соғылысса да сол салқын қалпы. Ал оны ұстағандардың ұстамы азая, бейпіл ауыз берекесіз қылыққа беттеп барады. Ойға бүккенін айта алмай обалды отырған екі қыздың көзі әлісін- әлі Байырқаға жаутаңдайды. Қыздардың бұл қарастары қасында отырғандардың онсызда өртенгелі тұрған қызғаныш қырбайын өршіте отқа салған тоздау ду еткізді. Күнде келмейтін бұлардың бекер келмегенін, ал екі қыздың да бұлардан сезікті екенін Байырқа әлде қайда сезген. Осындай ой арпалысында жүрген Байырқаның көздері түйілісе қалған бір әредікте қыздар Байырқаға «тез кет» деген ишәрә тастады, Байырқа оны да қалт жібермей ұқты. Бірақ, уақытынсыз жұмыс орынды, әсіресе бастарын қатерге тіге өзі үшін келіп отырған сүйкімді нәзік жәндерді тастап кетуге азаматтық ары жібермеді. Екі қыздың ішіндегі тек Байырқаның ғана сөз салуын тосып жүргендей оған ынты- шынтымен беріліп, өзгеге іш бермей жүретін Нәзкерім атты ерке сылқымға барған сайын өңмеңдей білегінен ұстауға дейін барған «көше дөкейінен» өлердей қызғанған сартүйнектер тобының атаманы «сөйлесіп келуге» сыртқа сүйреді. Егерлескен екеу ақыры сыртқа шықты. Онымен жарыса сартүйнек пен тағы бір бейтаныс ілесе кетті. бір шұрқанның шығарын білген Байырқада орнынан тұрды. Нәзкерім мен дос қызы да Байырқаға «шықпа, Байырқа, шықпа» деп жүгірді. Өз жұмыс орнында, өз кіластастары төбелесіп жатқанда қыздардың бетіне қарап қалай тұра алсын. Оларға қарамай Байырқада арпақ- торпақ алысып жатқан оларға басу айтып жетіп барды. Төбелестің басында қолқап кие Байырқаның келгенін тосып тұрғандай дайын тұрған беитаныс жігіт «көше дөкейінің» жүректен жоғарғы қуыс кеудесі мен қара санының қалың етін бойлата пышақ салып «дөкейді» сұлатып тастады да пышақты сартүйнектің қолқапты қолына ұстата салды. Мұндайға ұры мысықтан да епті сартүйнек бар ынта- пейілімен шұғыл құтқарумен айналысып жатқан Байырқаға қанды пышақты ұсына қойды. Онсызда есі шығасасқалақтап тұрған ол ұсынған пышақты ұстай алды. Нәзкерім «ұстама, ұстама» деп жылап жіберді. Бұның арнайы құрылған тұзақ екенін Байырқа сонда барып білді. Бәрін даярлап орналастырып қойғандай жаралы қолма- қол емхананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Төбелеске ат салысты деген Байырқа ішінде төрт күдікті ұсталды. Бәріде білмес, көрмес монтаны болып алды. Сырт көз куәға ешкім дес бермеді. Ақыры бар шындықты пышақтағы бармақ табы шешетін болып бәрі де аз күнге бос сулаққа қамалды. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дегендей «Қошқарбай қожайынның бай мырзасын пышақтап төрт жігіт темірторға қамалыпты» деген суық хабар алып шәһәрді бір мезет басқа көтерді де қаладан арғы ауылдарға қарай сумаңдады. Бәрінің де әке- шешесі жиналып темір тор алдын дүрліктіре сілкіндіріп жатты...

Қашан сарап нәтижесі шығып болғанша ата- аналарда да, жалалы студенттерде де күндіз күлкі, түнде ұйқы болмады. Байырқаның сезгеніндей Назкерім мен оның дос қызы бекер келмепті. Олар «Назкерімді қолға қондырыудың жалғыз амалы ебін таба Байырқаны темірторға тоғыту, ол тұрған жерде Назкерім ешқайсынымызға пысқырып та қоймайды» деп ақылдасып жатқанын құлағы шалып қалады да Байырқаға хабарламаққа келіп, дәл Байырқа жұмыс істеп жатқан асбұзылдан сойқан топтың үстінен түсіп шарасыз қалыпты. Қосбойжеткен Байырқаның әке- шешесін сұрастыра тауып, имене ілтипәт жасап өзддерінің Байырқаның кіластастарыекенін айтады. Оларды Азатгүл бауырына баса құшақтап көз жастарын көлдете отырып шындыққа қанады. Назкерім ақтап алуға бар күшін салатынын айтып өзінше тоқтау салады. Бірақ, Аймауыт пен Азатгүлдің көз алдарынан жаралы жігіттің әкесі Қошқарбайдыңдәу жіппен ойқастата келіп «бақтарыңа ұлым аман қалсын, егер ол жәзім болса кім жазықты болса соны өз қолыммен бауыздаймын, ал жаны қалып жатса да жазықтыны темір торда шірітетін боламын, оған мен Қошекеңнің құдыреті әбден жетеді» деген сұсты қабақ, суық жүзі кетпей- ақ қояды. Не қылғанмен жүрек дертті, көңіл күпті.

Кіластастардан, оқытушылардан, Байырқа жұмыс істеген асхана қызметкерлерінен болып Байырқаның мінездемелерінен ситат келтіре оны ақтаушылардың аяғы сақшы мекемесінің алдынан үзілмеді. Сайланған қастандық туралы Назкерім де ет құлағымен естігенін көлденең тартып бақты. Иниститут басшылары да дұрыстап тексеріп анықтау ұсыныстарын қойды. Осының әсеріме жан- жақтылы тексеру күшейіп ал дегенде сойқанбастарға да салмақты қысымдар түсті. Тіпті әуелі негізгі себепші жаралының өзі болу мүмкіндігіне дейін шүйліге жүрген- тұрған жерлерінен дәйектер жиылып, оның да әкеге арқа сүйеп, ақшаға қалта сіреген аз топтың «атсыз батыры» екені анықталады. Таразыға тартылған сараптама салмағы Байырқаның кінәсіз екенін басып түсіп болмайды. Жағдайдың тиімсізденіп бара жатқанын сезе бастаған Қошекең «мұндайда қалтаға қол салу, қол салғанда мол салу керек» деп шешіп, пышақ сабының ұшын ала түскен Байырқа саусағының табы туралы болған көп талас, сан сараптың бәрін де бір- ақ реткі қимылмен үндерін іштеріне түсіріп жібереді. Байырқа жеті жылға сотталып «әділеттік» орнатылады.

  •  

Анаған обал, мынаған сауап дейтінмен көп есептесіп жатпайтын өмір керуені өз арнасында бәрін ішке жия жылжып барады. Тағдыр таяғы оңбай тиіп есеңгіреп барып ес жиған Аймауыт отбасы да сол керуенге ілесе сынық арбадай шықырлап ілбіп келеді. Қатаң тағдыр біреулерді жүндей тұтіп езбелеп тастаса, біреулерді шорт сындырады. Ал біреулерді жанға жуымас секемшіл тағы етсе, енді біреулерді онан ары ширата шыңдай түседі. Отының алды, суының тұнығы болашақ бақытына балайтын ұлының жазықсыз жәбірленуі Аймаыт пен Азатгүлге оңай тимеді. Аймауыт көпке дейін сіркесі су көтермей тез ашуланатын, Азатгүлге де орынсыз тисе беретін болып алды. Азатгүл өзін барынша сабырға шақыра түсіністікпен қарады. Әбдентөзімі таусылып бара жатқанда ғана Азатгүл:

- Әттең, Айекем- ау, мен де жырғап жүр дейсің бе, саған қандай батса маған да сондай екенін түсінсеңізші, екемізге ортақ бала ғой, онанда отбасы шаруашылығымызды онан ары жандандыра кепіл ақша жинауға құлшынайық, басқалай қолдан не келуші еді, алла қаласа келер жылы қызымызоқу тауысса ол да бір жұмыс табар, кемінде үш жыл құлшынсақ, қалған төрт жылында бостандықта болса ол да қайда жатыр,- деп сабасына түсіретін.

- Білем ғой, Азатжан, білем ғой, менің жүйкемді жұқартып бара жатқан жұмыс та, ақша да емес, атасы мен апасының қызығы болсада бұзығы болмай көргенді өсіп көзге түскен жарығымның жазықсыз көріп жатқан жәбірі ғой, әй, адамның ұлы болмай, ақшаның құлы болған иттер- ай десеңші!? шіркін- ай, әне біреу Назкерім деген қыздың тәп бір өз ағасы кетіп бара жатқандай егілгенін көргенде сай сүйегім сырқырап кетті ғой, Азатжан, қайтейін, қайтейін...

- Мен ол қыздың көзінен мұң емес, шын жүрегінен шымырлай көтерілген махаббаттың ұшқынын көрдім, Айеке, бос белбеу, бор кеміктенбей беліңді бу, алдынғы айтқанымдай жан- жақтылы құлшына кірісіп ақша табудың амалын қарастырсақ, бір балаң әлі- ақ екеу болып кіредіүйіңе.

- Е, тек алла соған жеткізсін, тағы бір «кеудесіне нан пысқан» кесапат сұрқия жеткізбей желкеден шауып жүреме деп те қорқам...

- Жақсы лепес жарым ырыс,- демеушімеді, Айеке, қай- қайдағыны ойламай жақсы тілекте болайық...

- Йә, боламыз- ау, боламыз- ау заманыңның сұрқы мынау, кім біледі, бәйбіше, алда не күтіп тұрғанын...

- Былай айдасаң өгіз өліп, олай айдасаң арба сынатындай ойласақ, Айеке, өзге емес тығырыққа өзімізді өзіміз қамаймыз. Әрқандай қиындықтың артында бір қайыр бар, алланың жіберген бір сынағы шығар, сабырлық қылсақ, бәрі де артта қалады. Дүзді темір кісі талдай ма, тағы біреулерінде де пышақ болып жәзім болып кетсе не етер едік, «кебенек киген келеді» шүкірлік қылайық. Дабыр көбейіп сабыр азайғаннан, күпір көбейіп шүкір азайғаннан болып жатқан сұмдықтар осының бәріде.

- Жарайды, жарайды, әлгі қызбен сөз байласып жүр деп ойлайсың ба сонда?

- Менің топшылауымша, ұлыңның сөз салған- салмағаны әзірше мәлім емес, бірақ, менің кісі көргенім рас болса ана бойжеткеннің көзі сіздің ұлыңыздан басқаны көрмейді.

- Тек солай болсын, бәрінде уақыт көрсете жатар.

- Дұрыс айтасыз уақыттан үлкен емші жоқ. Бәрін де уақыт көрсетеді.

Көңілдің кірі айтса, бет орамалдың кірі жуса кетеді ғой, жұбайлар өзара шүйіркелесе түсінісіп алғы күннің аялсыз тірлігіне араласып та кетті.

  •  

Әжесінің тәрбиесін алып ауылда өскен Нәзкерім ұяң мінезді, иман жүзді бойжеткен- тін. Оның сұңғақ бойы мен ашаң жүзіне не киседе жараса кететін. Көбінде ақ рең мен ашықкөк реңді талдап жарастыра көйлек киіп, мойнына күміс алқа асып, күрең тас көзді кішкентай сырға тағатын. Қайсыбіреулерше өзін жарнамалағандай ашық- шашық жүруді суқаны сүймейтін. Тек айт- меирамдарда ғана дос қыздарының қолқасымен тілерсегіне түсетін құлаң шәшін бос салатын. Сабақ үлгірімі Байырқадан қалса екінші орынды өксітпей келе жатқан ынталы да ықыласты қыз- тұғұн. Ол алғаш үнверистет табалдырығын аттағанда- ақ өзінің ең мықты бәсекелесі Байырқа екенін бірден таныды. Таныды да одан озып кете алмасада тым кейіндеп қалмау жағына іштей бекінді. Сабақ жағынан көзқарас, түсінік алмастыра жүріп тіл де табысты. Тіпті әуелі студенттік өмірде ғана емес, тұтас ғұмырына жансерік болатындай айтулы азамат екеніне де көз жеткізді. Күнделік сабақтастық жәнасым, жақтырулардан туған өзара жақсы көрулер бара- бара махабаттық сезімін де оятып үлгірген-ді. Байырқа әсіре сезімге беріліп көп ашылып- шәшылмайтын, сырға берік ішті жігіт ғой. Ол да құды Назкерімдегідей сезімде болып өзінің оның қалай жан ашыр жақынына айналып қалғанын, өзара сенісіп кеткенін кейіндеп аңғарып махаббаттың сиқыр күшіне шырмалғанын енді ғана сезініп, алда келе жатқан маусымдық емтиқаннан кейін сөз салуға бекіп жүрген. Олар ашық сөз байласып, серттеспеседе бір- біріне үнверистет қабырғасындағы жылдарының бәрінде өзара силасу, сырласу арқылы ішкі ыңғыл иқуаттары табысып, жүрек лүпілі де бірге қағысып, бір көргеннен құшақ айқастыра, ерін тиістіріп жүрген желбуаз махаббат иелерінен әлде қайда күшті өзара сүйіспеншіліктері бағышталып, ішкі сенімдері бекемделе  болашақ арман- мұраттарын айқындап болған жәндар- тын.

Байырқа үнверистеттен сусып шығарылып қалғалы тұтас үнверистет қаңырап иен қалғандай, өзі де үйірінен адасқан еліктің лағындай алағызып қалды. Әсіресе алғашқы бір ай оның жәнына көрім- ақ батты. Жылап та көрді, жынданғысы да келді. Оның бәрі Байырқа тәбиғатына жат қылық екенін тез сезді. Бірге жүргенде Байырқа нені жақтырса соны істеуге бекінді. Байырқа тұрмыс жағдайы тым шіркінай емес, орта шарқы отбасының өркені. Ол қайда жүрседе сол тұрмысқа бейімделе күнелтуден қашпады. Ешкімнен сырын жасырып әдептен аспады. Онда баршылықта тасу, жоқшылықта жасу дейтін әдет жоқ. Қайта неге болсада өзін дайындау, өз ақыл- парасатымен, адал еңбегімен игілік жасау дейтін ғана рух болды. Ондай жігітке өмірлік серік боламын дейді екенмін менде де сондай рух болу керек,- деп ой қортқан Назкерім орныан жеңіл тұрды.   

Басынан аяғына дейін спорт киім киіп үнверистет спорт алаңына шыққан Назкерімнің бүгінгі сұсы бөлек. Қабағында әнтек қату бар, бардыда құм қалтаны төпештей жөнелді. Бұрында Байырқаға ілесе аздап үйренген- тін. Ол маңдайы жіпсіп денесі бусанғанда барып сәл кеңіді. Сосын барып үлкен әскери генаралдың алдында тұрғандай қыбылаға бет бұра тік тұрып «күніне екі уақыт дене шынықтырып шыңдалудан өтем; Байырқа үшін барымды сала оқып, оныда өзіммен бірге оқу таусуға жетелеп отырам» деп өзіне өзі серт берді. Ол осы сертін орындау ұшін ештемеден тайсалмады. Үнверистет деректорына өтініш арызын енгізіп оны оқып жатқан мамандығы бойынша сырттай оқу класына ауыстыртты. Түрме бастығына да өтініш кіргізіп аптасына екі рет жаңа мазмұндармен таныстыра сабақ пысықтатып тұруға келісті. «туған ай туралған ет» дегендей күндерде аялсыз өтіп жатты. Назкерімнің жобасы сәтті, Байырқаның құлшынысы күшті болып сырттай оқудың алғашқы маусымында – ақ ол өзінің сол баяғы біріншілік орнын өгейсітпеді.

«Байырқаның тауаны қайтып, туы жыртылды, Назкерімге байланған махаббат жібі үзілді» деп өзінше сайрандаған содыр топ ендігі тұзақты Назкерімге сайлай бастады. Істің осылай боларын ерте болжаған Назкерім де мұғалімдері мен кластастары ішіндегі өзі сияқты ісләм құндылықтары мен осы заман ғылым- мәденйет озық үрдісіне бой ұра салтанатты өмір салтын ұстанған ізгі ниетті жандар арасынан сенімді серіктер тауып былайғы өмір жолы туралы бүкпесіз ой бөлісті. Байырқаның нақақ жәбірленіп жатқанына, Назкерім екеуі ортасындағы сүйіспеншіліктің шынайылығына, әсіресе екеуіндегі ақиқат пен сүйіспеншілік жолындағы қайсар рух, ізгі ниет, кіршіксіз сенімге тәнті бола оларды қолдайтын, қорғайтын риясыз достық орта қалыптаса бастады. Осынау қормал жандар қарасы көбейген сайын қаскөй содырлардың да тұмсықтары көп жерден тасқа тие өз қазған ордарына өзге емес өздері түсе жаздап естерін жия бастады. Ізгілік жібінің оңайда үзілмейтіндігін, шынайы сүйіспеншілік туы түбеселі жығылмайтындығын, оған деген сенім арқауы да өздігінен  сетінемейтіндігін өмір атты алып керуен қадам сайын болмасада көзеулі- көзеулі кілтең тұстарынан көрсетіп жатты...

       *                                           *                                      *

Йә, бәріде Назкерімнің көңілінде жаттаулы, көкейінде хаттаулы. Ол бүгін түрме ауласынан 22- рет қайтып барады. Қалай екені өзінеде белгісіз бір тылсым күш қадамын жылдамдата алға өктегендей, қолы да бір нәрсеге әнтек жетпегендей жүрек лүпілі жиілей үнвер жатақханасына қарай тартып барады. Е, есіне енді түсті, ол кең тыныс ала қадамын әнтек баяулатты.  Байырқаның қарасынан ағы мол аялы көзінің шүңетіне сүйіне малти бергісі келседе уақыттың қатаң әмірі қайқалақтата кері қайырған-ды. Ол «алдындағы шалықтай езу тартқан сәбиіне қызыға қараған анадай Байырқа маған неге көп қарады?» «мен неге қарадай қуанғандай көңілім өсе елегізіп барам?» «ол неге кітәпті көне газетке орап берді?...» деген сұрақтар мазалай берді де үнверге тақау бақша шетіндегі ағаш орындыққа отыра ораулы газетті ашты. Алдынғы аптада өзі апарып берген Мұқағалидың «Тырналар қайтқанда...» атты жинағы. Қолына ала беріп еді ішінен екі бүктелген конвертсіз хат сусып түсті.

Айлы түннің ашық аспанында жарқыраған шолпандай  қыз пешенесіндегі мөлдіреген қос ноқат та хат бетіндегі бейішті бедерлерге тазығыр бел тістемелеріне  бәйгеге жаратқан бестідей ашқарақтана жабыса қалды:

«Мен осы хаттағы жүрек жарды жан сырымды бет екі айтуға дәрменсізбін, Нәзікеш.(әуелі сені осылай атауыма, сосын «сіз» деп сынықсудан тіке «сенге» көшуіме өте бір жақын ішкі ыңғыл өзіне тартып болмады,кешірерсің)  Йә, сенің оған нана қоймайтыныңа да дәлел көп. Өйткені сен мені “ешқашан бос белбеу, бор кемік”санамайсың. Бірақ, менің жүрегіме түскен бір сынық сәуле жазғы күннің түскі шуағындай барған сайын күшейе көз ұялтып жақындауға дәрмен, алыстауға арман жібермей жүйе- жүйкелерімді ала тереңіне бойлап бара жатқаны, бәлкім, саған беймәлім шығар. Әттең солбір қалың жапырақты сәмбітал саңылауларынан әрең жетіп тұрғандай әлсіз сәуленің алаулы шуағынан еркін нәр ала алған кісіге мынау тар қамал тас қабырға кеңіп, мынау қараңғы қапас жәйдарлана жәйнап кетер ме еді, шіркін! Йә, солай! Өйткені мен сол жұқалаң  шуақтың түрме саңылауларынан түскен мезеттік сәттерінің өзіне-ақ жазықсыз жәбірден сейіліп, жан жарам жазылып қалғандай қунап қалам. Осы сәуле маған от жылуы өшкенше, тон жылуы шешкенше тек жан жылуы ғана өлгенше екенін ұқтырды. Ендеше сол өлгенше жылу бағыштай алатын жан жылуды кім бере алады? Оны тек шын сүйген жүрек ғана бере алатынын да сол сәуле білгізді. Шынайы сүйіспеншілік ғана жүрегіңнің тереңіне бойлап ар жағыңа жасырынған үміт ұшқыныңды үрдеп ішкі алауыңды жарқырата жаға алады. Шынайылықты тамыздық ете қозданған отты сөндіру оңайда қолдан келе беретін іс емес. Ал сыртқы тұрпат, тұрмыстық қуатқа байланған жалған сезім ешқашан маздай да, қоздай да алмайды. Ол мықтағанда далаға жаққан оттай лап етеді, шалқйды, бықсиды, өшеді. Бұл менің сенімен кластас болған үш жылдан алған әсерім. Нәзікеш, мен сол сәулемен азат басым үнвер қабырғасында жүргенде- ақ өз жүрегімді нұрландыруды ойлап өзімді соған дайындай бастаған да едім. Йә, “сенің кластасың едім ғой, досың едім ғой маған неге айтпадың”дейтінің анық. Е, Нәзікеш, ол да жөн ғой, амал не бірден ондай қадамға бара алмадым. Өйткені ол бет алды соқтығуға болмайтын, өте нәзік сәуле еді; Өйткені ол сол сәуледегі асыл қасиетке өзін де жеткізіп алып барып ұрынбаса болмайтын теңіздің тұңғиық тереңінде мың қабат балдырға көміліп жатсада өзін көрсете алатындай өте бір өткір сәуле еді; Өйткені ол ластықты да, «мастықты да» көтере алмайтын тым биіктен жарқырап тұрған жарық жұлдыз еді, Назікеш. Міне, мені осы сезім, осы түсінік әуелі өзімді дайындауға жебеді. Мен өзімді дайындамай тұрып оған баруға сол нәзік сәулені абайсыз өшіріп алам ба, «кірлі қолмен» ұстап қасиетін кетіріп алам ба, уақыт пысып жетпей асығыс талпынып қапыда үркіте алыстатып алам ба деп қорықтым, Нәзікеш...»

Хат соңына жетуге бойжеткендегі әділеттілік жолында неден болсада тайынбайтын қайсар рух дәрменсіздік етті- ау, білем. Ол бір жоғалтып алған асылын ойламаған жерден тауып алғандай; қаншама ұмтылыс жасасада оңайда қолы жетпей жүрген арманымен кенет қауыша қалғандай күй кеше хатты жүрегіне қауыштыра құшып еркін қоя берсе болды фонтандай атылғалы тұрған дауысын іштей тұншықтыра өксіді- ай кеп, өксіді- ай кеп... егер ол мынадай әлеуметтік аулада емес, өз бөлмесінің төрі, не талайлаған ғашықтардың ізгі ниетті адал махаббатына ылғида куа бола мұңдасы мен сырласына айналған айлы кештегі орманды өлке қойнауы болса- шы, көз жасына ерік бере ішқұстасын тарқатарма еді? ақ қайың, айна бұлаққа мұңын шаға әділетсіздікке қарғыс- нәлет жаудырарма еді? жоқ, Ашық аспан аясында қалықтаған күміс табаққа күле қарап жүрек жарды қуанышымен ортақтасарма еді? йә, йә, бәрі де мүмкін! Өйткені ол әзірге жалғыз. Осыншама уақыт тұмшалай ұстап, түңілдірмей мәпелеген жансырдың жалғыз иесі тек өзі. Екінші басы тірелетін түп төркін- Байырқа. Ол жанында жоқ. Ал, өзге де дос жоқ емес, бірақ оларға бұл сыр жабық. Ол әлгіндей емес, бойына қуат бітіп, көңіліне сенім орнап, жүрегі жыли ар жағынан бір жарқыраған ішкі алау көтеріле  тек жан сарайын ғана емес, лезімдік сәтте- ақ сыртқа тепши бойынан ерсілі- қарсылы зулаған бір  ыстық ағыс пайда қып екі бетін де бал- бұл жандыра нұрландырып бара жатқанын сезіп өзін қоярға жер таппағандай дебдірсізденген Назкерім хатқа қайта үңілді:

«...мен түрмедегі түнекті өмірге түсетін жарық сәуленің болатынын да алғаш рет түсіндім. Адам өмірінің ең бір зарықты сәтінде жарты сағаттың өзі жарым ғасырлық жылу жібере алатынынада осы сәтте көз жеткіздім, Назікеш. Әр аптаның дүйсембі, жұма күндерінің кешкі алтыларын өзінің алауымен жылтып, шүлен нұрына шомдыратын бір белгісіз бақ келе жатқандай асыға күту кадуілгі әдетіме айналғаны қашан. Йә, өмірімдегі ең бір қол жетпес  қымбатым да, тоймас қызығым да, өмір өткелектерімдегі ең бір асыл мәнге ие өмір үзігім де сол игі сәт екенін ойға түйдім, Назікеш. Сол бір қол жетпес бағалы сәттен айрылып қалмаса екем, жүрегіме түскен сол бір алтын арайлы сәулені өшіріп алмасам екем, - дегенде түн ұйқым төрт бөлінеді... өй, сезімге беріле тым созбақтап барады екем- ау, түрме тұрмысы ғой, жол берсе сезімімді тежеп ақылға дізгін ұстатуға тырысып бағайын. Қысқасы, Назкерім, сол жылы лепті қос шыжымды нәрлі шуақтың кілті сенде. Сол  кілтті қолға алып екеулеп үрлеп сол ішкі алауды маздата жақсақ, қоздандыра қорландырып жылуына ортақ жылынсақ, ол бізге өмірлік қуат, таусылмас суатта бағыщтар еді. өзің де ақылыңа арыңды, сабырыңа ой- нәріңді серік еткен жансың ғой, жаным. Тұшымды жауап беретініңе сенген кластасың— Байырқа» Хат оқылып болды. Кеудесін кең тынысқа итермелеген аз күрсініс тұрсада көңілі көтеріле жән сарайы жарқырай жәйдарыланып қалды.

Иығы көтеріле жан- жағына жадырай қарайды. Аясын кеңейте көзін үлкен ашып ағаш арасынан сығалаған батар алдындағы алаулы күннің жуан талшықтары жуаси жымыңдайды. Әдетте тұнжыраңқы біліне қаралтқым тартып тұратын ағаш жапырақтары да биге басқандай жыбырлап қош айтуға қимай  еңкейіп бара жатқан кешкі шуақтың шұғылалы нұрына малына жәйнап тұр. Өзі де құлпыра қунап ертеңгі өмірге рухты араласты...

Қасиетті жұманың кешінде Байырқаның сөз салған хатын алғалы бүгін екінші күн. Тағы да сол жол, сол көше көлігі, бірі түссе- бірі шыққан сол көше жүргіншілері... бәрі де таныс өмір. Бірақ, өзінде бір жаңалық, жеңілдік бардай бәріне де амандасқысы, араласқысы келеді. Жеңілдігі әрекетінен көрініп тұр- ау, ол айналасы алты шақырым жерден жеті тұрып өзгелерге орын беріп, рахымет- батасын алды. Амал не, жаңалыққа ортақтаса қуанып тұрған әзірге ешкім жоқ. Йә, ол жүректе, оны көре алатын телескоф тек Байырқада ғана, әттең тез жетіп қуанта алғанында ғой...

Назкерім бұрынғыдай дағдылы уақытында жетті. Үлкен қақпадағы күзет тексеруінен өте “әкәу, Байырқаның хатын ала сала жауап бергенім тым асығыс емес пе, бұл қыз табиғатына үйлесе ме, қоя тұрсам қайтеді”деп бір ойлады да ойынан тез қайтты. Себебі, біз араласа сырлас дос болғалы үш жылдан асты, бір- бірімізді іштей ұнатып та, бекіп те болғанбыз. Оның бір ауыз сөз салуын мен қаншалық сарыла күтсем ол да сондай зарыға күтіп отыр. Оның үстіне оның қазір халы нешік, мынадай жағдайда оны алдымен қуанта алудың өзі кісілік әрі сауап,- деп түйді де адымын жеделдете барып,өзі хатты қалай берсе бұл да солай хат ғана емес, ып- ыстық жүрегін ұстатып қайтты. Күн артынан күн жалғаса өмір де өз ағысымен өтіп жатты...

       * *    *

Баласын шығарып алуға кепілдік сома жинау жолында жан сала дыздақтаған жұбайлар тірлігі ілгері салым ілгіп келеді. “Бақпаса мал, қарамаса қатын кетеді”дегендей осы тірлік үшін таң бозынан қалаға кетіп, жұлдыз жамыла үйге оралып жүрген олардың айландырған екі сиырының бірі жоғалған. Бірін сатып айналым қорға салып осы тірлікті жандандыруға бекіген. 30- 40қа барып қалған тауықтарын 50 пайыздық жұмыртқа мен еркек шөжелерге келісіп көршіге өткізген. Балалардың үлкендері қалада да, кішкентайлары Аймауыттың ағасының үйінде. Әзірге оларда етекке оралып, аяқтан қағатындай көлденең кедергі жоқ. Байырқаның ісінен кейін бір мезет күйгелек- ашушаң болып, кейде ішімдікпен миын ірітіп жүріп кәр москвишті оңдырмай соғып көлік жөндеу орнына апарып тастағалы да біраз болған.

Он жұп қытаиски аяқ киім мен төрт байлам байпақ, 20 неше қол орамалды алақапқа сала иыққа көтеріп базарға шыққан Аймауыт бетімен жер басқандай аяғын зорға баса бір қолына айран- сүт, бір қолына орамалмен қаттап шынықапқа салған көшпелі елдің шыны- аяғындай орап пакетке салған он-жиырма жұмыртқа ұстаған әйелі Азатгүлге жалтақтай қарап көше толы адамдар ішіне сүңгіп барады...

-Үһ, қайыршыдай қап көтеріп көрінген көкаттыға телмеңдеген күнің құрысын,- деп Айекең жол шетіндегі семент тақтаға отыра кетсін. Оның тағы да көне жыны қозып, жынды сумен тозып жүрмесін деп Азатгүлдің жүрегі зырқ етсін.

- Отағасы- ау, осыған да шәршәй қалдың ба, неменеге  жүнің жығыла қалды, қайсы біреулерше, жанында жары, артында ұрпағы бар ұсқынды азамат бүйтпес болар. Осы тірлікті кемінде енді жарым жылға жалғай алсақ көлігіңді шығарып аламыз, онан ары бір жылға апара алсақ ұлыңды шығарамыз, сөите жүріп келін де аламыз...

- Әттең, Азатжан- ай, қанаттан қайрылып, көліктен де айрылып шоңқиып отырған түр мынау, меннен не тілейсің?!

- Бұйырса қанатың ертең- ақ қалықтар, көлігіңде астыңда арықтар; тірі адам қилы- қилы өмір кешеді, үмітпен өседі, бәрін де уақыт шешеді, ой орамыңызды көбінде осылай қонақтатыыз- шы!? Алдыңыз ашылып, жолыңыз жосылып, өзіңізді өзіңіз қамшылай оған қосылып кетпегеніңізді көрейін, бәлем.

- Әйтеуір алдың көктұмандана бықсып бара жатса шоғын маздата көсеп, үрлеп қаласың да үміт отын жаға қоясың. Ал, баста, саудалау сеннен, қолдау меннен.

Жұбайлардың саудасы тым күсет болмаса да ұтырлы- тетірлі жолмен кейде айтарлықтай, кейде шатқаяқтай жүріп жатты. Тиын- тебендеп жүріп біраз ақша да құралып әуелі айтқандарындай көліктерін күрделі жөндеуден өткізіп алды. Ақбозы Айекеңнің тақымында ойнап, көңіл шіркін де  аздап тояттап қалған. Оның үстіне жалғыз қызы Балқия колижді озат тамамдап өз ауылына мұғалімдікке жолдама алған. Айжарымдай уақыт істеп ел ауызына да жақсы жағынан ілініп, әке- шешесіне де опалылығы біліне бастаған. Айекеңнің шүкірін күпір басып, жүрегін иман билемей “жиған”иелеп өзі де артықтау асып- таси қалды ма, жоқ, “Кедейдің қырық қаңтаруының” бірі ме, әлде Алланың пенделеріне жіберетін ілкі сынақтарына ілінді ме, әйтеуір, қызы бір күні  ұшты- күйді жоғалып кетсін. Әдеттегі сабырлы Айекеңнің ашуына басы, салмағына сабасы тар келе шікірейіп“әкеңнің... көктиынның көлеңкесін санап, көше кезгенім жақпады,  сонан бермен ісім де оңға баспады”деп аһылай арындап барып “ащы сулы ашмойын шөлмекті”бауырына баса жатып қалсын. “Алладан бұйрықсыз шыбын да шақпайды” мықтағанда біреу алып қашып кеткен шығар, мені де онсегізімде әкеліп алып едіңіз ғой, не болар дейсіз,  қызың бойжетті,“теңін тап та тегін бер”деген, кісі сияқты адамгершілігі бар біреу болса болды, Айеке. Ақсақтың аялына баға тұрайық, бір хабары білініп жатса барып ісін бір жола тындырып ата- аналық борышымызды өтеп қайтайық,- деп Азатгүл сабырға шақырсын. Өзекті жанға нан, кезекті күнге қам керек, Айекең де ептеп басын көтерсін. Солайда “қызыңды дұрыстап тәрбиелей алмадың, көрмегенім сол болсын, бетіммен жер бастырды” деп бар пәлені Азатгүлге арта теріс айланған беті ашулы жүрсін.

Амал не, өзекті өртеген балалардың күйігі, барған сайын құрдымның құзынан құлатардай қуып бара жатқандай өмірдің сиығы ақыры Айекеңе “ашмойын шөлмекті” қайта ұстатсын. Жәй ғана емес, жүйе- жүйкесіне мықтап жәйлата, буын- буынына бір жола қыстатып кетсін. Бір қолында күйгелек ашу, бір қолында елгезек“еліртпе басу”жүретін Айекең  қызын колйжде көзі түсіп қыр соңынан қалмай жүрген қырсық  біреу  алып қашып кетіпті,- деген хабар алған күннің ертесі  “ақбозға” ер сала, “асау көкті”қосарға ала  андағайлатып жүріп бейсауат біреуді оңдырмай қағып, өзі де ауылдан қарасын өшірсін. Ал керек болса, жылдан асса да Айекеңнен хабар ала алмай дағдарып жүрген де, алдынғысы омыраудан ажырамай жатып тағы да жүкті болған балпанақтай балалы ауыр аяқ Балқияны тастаған тексіз күйеу тағы бір әуейі алаяқ қатынның қанжығасында кетсін. Беті- жүзің, алыс- жуығың демейтін сумпайы хабар достарын күйінте, дұшпандарын сүйінте сумаңдап төркін- жұртқа да жетсін.  Алғашта есі шыға есеңгірей отырып өкініш пен сар уайымға да біраз ерік бере “Шіркін, Айекең тілімді алып қырыстанбай барған да ғой; шіркін, осындайда қасымда Байырқам болғанда ғой; кім біледі,‘артынан іздеп келер ешкімі жоқ’ деп басынды ма, жоқ, бұнысы да алдынғы ұқсас бір түсті бала деп аллаға асылық қылды ма, қайтейін, бағы ашылмаған бейшара қыз- ай деші!...” деп біразға бойын алдыра барып өзін сабырға шақырған Азатгүл есін тез жинасын. - ...Әзірге бізге жетіп жатқаны өсектің өкпегі ғана, өсекке емес шындыққа сенуім керек. Байына керек болмаса да барған әулетіне ұрпақ керек шығар, тас түскен жеріне ауыр, бақытты жаратушы алла да, оны іздеп табушы пенденің өзі. Бәлкім, өзінен де болған шығар, неге болса да тәуекел, тағыда сол сабырлылықпен күте тұрайын. Сүйгеніне барған, сүйкімдісін тапқан қыз маңызды емес, маған аманат қалған мынау Айекеңнің ата- бабасының шаңырағын шайқалтпау маңызды. Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді деген, онанда ерінбей еңбектеніп арыдан келе жатқан мынау киелі шаңырақты Айекең ұрпағына табыстап ел қатарына қосайын,- деп шешті.          

        * *    *

Алып шәһәрдың алты айырығынан ашылған асбұзылдың саудасы күсет. Ыдыс- аяқтан еденге дейінгі тазалықты бір өзінің міндетіне алған Азатгүлдің тапауаты да жаман емес. Күндізгі жұмыс бастылық пен түнгі ой соқтылық алғашта еңсесін баса езіп тастағандай азаннан тұра сылпылдап істей беріп кешкісін құлап түсетін.“үш күннен кейін тозаққа да үйренеді”дегендей бара- бара оған да төзді. Төзбей де не амал бар еді, ол әуелі істей келе жұмыстың еп- жөнін біле ығына келтіре тәжірибе жинақтады. Іс- қимылы тездеп шыңдала ширап алды. Оны ендігі меңдете беретіні ой. Оны да жеңуге тырысып бақты. Ол әуелі балаларын бір аллаға тапсырды. Біреуі кебенек киіп кетті ғой келер, әутеуір, бағына мыңболғыр Нәзкерім жолығып әлі де селбесе серіктесіп бостандық жолында күресіп келеді. Ал қыз сүйіп барса да, сүйреліп барсада біреудің етегінен ұстап бір балалы болғаны рас, қашанда болмасын жат жұртқа жаратылған қыз бала ғой, аман болса жүрген шығар, өздері де жақсы өнеге, жағымды тәрбие ала өскен жаман аты шықпаған балалар- тын. Жаза баса тұмсықтары жар тірейтіндей еш жөні жоқ. Түбі қайырлы болатынын түйсігім сезеді, ал қалғандары неде болса өз әулетінің құшағында бәрі де бір аллаға аманат,- деп ой азабының біразынан сейілгендей болады да ой орамы Аймауытқа таман ойыса барып бір күрделі шытырманға шырмала шыға алмай дал болады:    

Шағын бұлақ, шәкене көздерден бастау алып, мың- милиондаған ірілі- ұсақты тамшыларды құрамына ала ұлғая беретін өмір өзені кейде ылайлана, кейде долдана; кейде тұни, кейде мамырлай жылжи аялсыз аға береді, аға береді... Соның ішіндегі бір теріні мың толтырып, мың солдыратын да; мың түлетіп, мың бүлдіретін де ең бір кілтипанды кілеткасы- адам. Тірлік бар жерде өмір тоқтамайды, жақсылық та, жамандық та тірлік иесін жоқтамайды. Не іске болса да сол тірлік иесі- адам өзі барып ұрынады, талғам дұрыс, талап өр, қажыр мол болса одан құлпырады. Керісінше болса біртелей суиды, тәжірибе қортпаса құриды. Онымен еш санасып жатпай- ақ өмір тағы да сол өз арнасында аға береді, зиян- зақымет тек пенденің өз бойында қала береді... Осынау ұлы өмірдің ұлағатты заңын қаперіңе де алмай сол зиян- зақыметке өзің өзі итермелеген Айекем, қайда кеттің із- тозсыз, осыншама неге түңілдің?!Ақылыңды апшытқан да, жүйкеңді жұқар та жасытқан да, сезіміңе жел үрдеп мезеттік желбуаз тасытқан да сол “желік су”ғой, оған үйір болма деп едім тіл алмадың, өйтіп шеріңді шығарғанша мынау отбасы тірлігіңе теріңді шығар деп едім тыңдамадың, қайтейін, шіркін, бір замандардағы ауыл- аймақ аспанын дүбірлеткен сайоздың  озат шопаны қайран Айекем- ай деші! Шіркін, төрде атам малдас құрып, төсегінде апам ұршық иіріп отырып өз шаңырақтарын сеніп тапсырған қайран Айекем- ай деші! Шіркін, ұлыңды  алдыңда көсілте, қызыңды мойныңа асылта еркелетіп қызықтарыңды көрсем деп асығатын қайран Айекем- ай деші! Әзірге жоғалсаң да, тек әйтеу, тірі болшы! Итшілеп болсада өмір өтер, ұрпақ жетер, заман оңалар, бәрі де артта қалар. Тек, әйтеу, бізді тастап кетпеші! Ұрпағың ержетіп әлі- ақ қонғалы тұрған бағыңды басқа теппеші! Әттең, сенде сайоздың таусылмастай тай қазанына йек сүеп, әке- шешеңнің әлпешіне арқа тіреп өспегенің де ғой!? Мынау балаларың сиақты жастайыңнан өз қотырыңды өзің қаси өмірдің өгейін де, қағайын да көріп көмпістене өскенің де ғой!?...

Ойын он, санасын сан айландыра осындай ой азап, тағдыр талқысын таразылаған Азатгүл “ұл ержетті, қыз бойжетті, бәрі де өз тағдырының шиесіне шырмалып жүр. Ақылды, айлалы болса шиені өздері шешеді, ақымақ болса сол шиеге шырмала өмір кешеді. Бәріміз де кәмәләт жастан кейін өз таңдауымызды жасап, өз тағдырымызды өзіміз шешкенбіз. Балаларының есейгенімен есептеспей, басқан- тұрғанымен санасып, тым ұсақшыл, уайымшыл болып өзіне артық жүк артып алған Аймауыт не болды? Көзін күдіктің көк тұманы торлап, өзін өзі шәршатты. Аяқ- қолдағы шырмауды үзуге батылдық ете алмады. Сенім артып тәуекелге келе алмай, ауыртпалыққа төзе алмай өзін өзі тастады. Бұл азаматтық арға сын! Мен өйте алмаймын. Тағдырды аллаға шынайы берілген пәк ниетті ақ тілек пен адал еңбек ғана өзгерте алады, -деп отырыушы еді, атам, жарықтық. Мен әуелі аллаға, сосын өзімнің ақ ниет, адал еңбегіме сүйенуім, өзімді және істерімді де бір аллаға тапсыруым керек.”деп түйе біраз жеңілденіп қалатын да ертеңгілік жұмысқа сергек араласатын...

Қазірге оңына баса алмай ойпыл- тойпыл тұрған отбасы жағдайын білсе балаларымды уайым баса жасып қалар,- деп ойлаған ол балаларының хал- жәйін өздеріне біліндірмей адам салып ұғысып жүрді. Байырқаның бір жылдық жеңілдік алғанын, есесіне тағы бір көре алмас көр кеуденің арызымен оқуын өз қатарынан бір жылға кейін таусатынын да білді. Озат оқып кластастарынан оқ бойы алда келе жатқан Нәзкерімнің сол үнвердің өзінде магстураға қабылданып бұрынғысынша Байырқаға қамқор болып жүргенін де ұғып ар жағына ауыл қонғандай ақылы арындап, көңілі байыздап қалды. Балқияны балаша тербеп оқтай жондыра, құстай қондырып жүретін көп өсектің тегі өтірік болмай шындығы Азатгүл құлағына да шалынды. Арасына жыл аралата екі жұдырықтай қызды болғаны да, мәжбүри маталған күйеуі бір аяр қатынның арбауынан шыға алмай оны жүкті қып алып соның шырмауына мықтап шатылғаны да рас болды.

 Үлкенін тәй- тәй бастыра кішісін аман- сау жарық дүниеге әкелгенше әрең сидырып отырған қатыгез ене “байсыз қатынды да, әкесіз баланы да бағуға мен міндетті емеспін, баланы таба білген кісі баға да, байға тие білген кісі оны сүйе де оның ыстық- суығына күйе де білу керек. байыңды іздейсің бе, балаңды бағасың ба меннен аулақ бол”деп Балқияны үйден қуып шықты. істің осылай боларын ерте сезіп, ерте бекінген ол көз жасын да, кәрін де төкпей өз ауылына жөнеп берді. Өң- келбеті айнымай әкесіне тартса да ақылдылығы мен қайраттылығы шешесіне тартқан өжет қыз өзі туралы өсегі гулеп тұрған “өгей ауылға”алғашта барғысы да келмеген. Кетерден көп күн бұрын- ақ ширыға шумақталған ой шалмасын ары да, бері де лақтырып көрседе ілінген ештеме болмаған. Арманы қаншалық асыл болсада дәрменінің әлсіз, аяғы қаншалық сайлаулы болса да қолының балаға байлаулы екеніне де көзін жеткізген. Ол ғана емес, ар- ұятын арқанға матай бетіне көн жамаған атан жілік азаматтар күштеп апарып көлікке енгізіп әкеткенін; еңсесін көтере алмай езіле егіліп, қорлана қарманғанына да, жаутақтай жалынғанына да қарамай басына жаулық байлап, “есік көрді”атандыра сағын сындырып барып тыныш тапқанын; Маңдайыма жазылғаны осы шығар, неге болса да тәуекел деп қаншама құлшынып бақсада тұрлауы жоқ күйеу мен туралығы жоқ ененің тар пиғылын кеңітіп, тас жүрегін жібіте алмай, бүгінгідей тағдырдың тәлкегіне айланғанын кімге барып  ақталмақ?! Аузыңнан шықты бітті, ешкім де нәзік жанды әлжуаз пенденің жалғыздығы демейді, қайта таба алмай отырған өсектің тамыздығы болады. Бетке шіркеу, азаматтық арға тіркеу болатындай ештеме істеген жоқсың, бәріне де бір алла куә. Өзіңді және ісіңді аллаға тапсыр да жығылған орныңнан аяғыңнан тұруға бекін! Адамдықтың да, ардың да жолы осы! - деп бекінген Балқия еш бөгелместен өз аулымен қайта қауышты. Колиж бітіре сала Ауыл балаларын білімдендіруге арнап өзін дайындай бастағанда қапияда еріксіз үзіп алған арманын қайта жалғауға да шындап бел буды.

Өз үйі өлең төсегінен еріксіз көз жазып қалған жылдан аса уақытты ғасырдай созылған қасыретпен өткеріп алғаш есігін ашқан қаңыраған үйден  әкенің мерейлі лебі мен  анасының арайлы алауы бетін шалғандай елестеп жүрегі жыли көңілі босап кетті. Екі баласын “бисміллә”деп төрге шығарып, өзі әке төсегінің алдына отырды. Жасынан көзге қанық көнекөз мүлікті қарапайым отбасы барған сайын ыстық тарта көзге оттай басылды. Балқия көп айланбай- ақ үй тазалығын қолға алып ыдыс- аяқтарын жарқырата жәйнатып, түтінін түтете талай заманнан бері шөккен тұмандай ұйыған өлі тірлікке жан кіргізді. Шаңырағына қарай отырып “Біздің киеміз де, иеміз де осы шаңырақ. Мен осы шаңырақтың 7- ұрпағымын, сол 7 атадан бері осы шаңырақтан жат жұрттық болып өзге жұртқа ұзатылған қыз бен алланың берген өлшемді құмырын тамамдап о дүнйеге  қайтқандар ғана бір жола шыққан. Өз алдына отау тігіп бөлек шаңырақ көтергендер де бұл шаңырақтың киесіне жылына іззет- құрметін көрсетіп тұрудан жаңылған емес. Сондықтан құт қонып, бақ тұнған осы бір қасиетті қара шаңыраққа түбінде бәрі де оралады. Кие оларды тегін жібермейді өз құшағына алады. Ал оны мойындамаған, құрметтемегендерді ол кие ұрады. Йә, қазірге бұл шаңырақтың иесі мен. Қашан иелері келгенше әкем шаңырағына құрметпен қарап, құныттай ұстауым керек”деп түйді.

Біраздан бергі ұялаған жым- жырттықтың жиегін сөге жақсылықтың жаршысындай шаңырақтан тік көтерілген көк түтін көлбей қалықтап барып ақшабырлана кеңістікке тарап жатты. Ең алдымен аңқылдай кіріп балаларға айнала үйрілген Әймен апа Балқияны құшақтай бауырына баса маңдайынан искеп балалардың бетінен сүйді. Сол- ақ екен нан мен шәй, сүті мен жұмыртқасын көтере арт- артынан келген көршілер үй- ішін мейір- шапағатқа бөлей қазірге тым үзіліп кетпеседе барған сайын сұйқылдап бара жатқан қазақы қайырымның қара нарын шөгеріп қайтып жатты...

 Көздерінен көлгірсудің көлеңкесі де көрінбейтін  ауылдың ақеділ ардақтары- ай деші! Қалтқысыз көңілімен келгендері болсын, қарадан қалғысы келмей “қандай екен” деген емеуірінмен емініп жұргендері болсын, әйтеуір, ауылынан жазатайым көз жазып қалған Балқияны бір жадыратып тастады. Қапияда қолды болып кете барғанда артының тоғыз саққа жүгірткен өсекпен шуылдап қалғанын да, ал басына іс түсіп амалсыз қайта ауылға бет бұрарында беті дуылдап мазасын алғанында ой елегінен өткізе отырып, “жығылған жерінен аяқтан тұруым, шындықты көзі кұлегейленгендерге нақты іс- әрекетім арқылы ұсынуым керек”дегенді ғана ойлаған Балқия көршілерінің бәріне де ештемеден қысылып- қымтырылмай шын жүрегінен қалтқысыз қарсы алды. Әсіресе Әймен апаның: «Өлгендердің жаманы жоқ, тірілердің өсектен аманы жоқ» деген, қызым, кімді кім өсектемеді, кімнен кім пүшек іздемеді дейсің, озығы да, тозығы да араласа жүретін ұлы көш бұл. Қазірге сенде отбасы жан ашыр жақындарыңды ойлап жүйкеңді жұқартарлықтай қауқар жоқ, әуелі өзіңді қолға ал, қалай тірлік жасап балаларыңды бағасың, содан ары өзіңді қалай дамытасың, осыны ойла, қызым, қазірге саған керегі осы,- деген ақылы да бір белге шығарып тастағандай болды. “Әттең, апатайым- ай, табылса жұмыстың несінен болсада тайынайын деп тұрғаным жоқ, мына көгенкөздер қол байлайды ғой. Жұмыс істейім деп мен сияқты балаға байланып шыға алмай отырған келіншектер болса балаларын бағып беріп олардың да жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыра алсам ба деп те ойлайым, бірақ, маған сеніп кім баласын бере қояр деп те күдіктенем”деп ой бөлісті. Ағынан ақтарыла шынын айтқан Балқияға риза болған Әймен апа:

 - Ой,айналайыным- ау, мен сені емес, Азатгүлді көріп тұрғандай болдым ғой, жарайды адамда осындай талап, жігер болу керек. Шешең осы отбасын оңау жолындағы ізгі ниет, қайтпас қажырдан әлі таймай арпалысып келеді. «Талапты ерге нұр жауар» деп ата- бабамыз бекер айтты ма, естісем ағаң да сондай талапты, талғамды болып өсіпті дейді. Енді міне сенде кісі риза боларлықтай орамды ой аитып отырсың. Мен әке- шешең ғана емес, атаңмен құрбы өскен, арғы аталарыңды да көрген кісімін. Бәрі де алла көкейдеріне жазған имандылығы бар ізгі ниетті, қажыр- қайратты адамдар- тұғұн. Әкең кішай ападан туада жалғыз болды да еркелікпен бос белбеулеу өсті. Бағына Азатгүл жолығып оған жансерік те, ақыл- көрік те бола білді. Атаң да осы келініне көп сүйеніп “Азатгүлім аман болса Аймауытым жалғыздық көрмес ”деген үмітпен жасаған кісі еді. Сенің қайта оралғаныңды ұқса Азатгүл де келер, ағаңның ақталып шығуы да ұзаққа бармас, бәріңнің басың қосылса әкелерің де қайда барады дейсің, қызым. Ел бар жерде өсек- өтірік, ірткі- түрткі бола береді. Оны өзінде бір тура талғам, дұрыс ұстаным, сабыр- тақат, қажыр- қайраты барлар ғана жеңе алады. Бәріне де түсіністікпен қарап, түп мақсатыңды орнықтыр да серпіле бекін. “ерте тұрғаныңды қайтейін, шідердегі атты көрмесең, аға болғаныңды қайтейін ақыл- кеңес бермесең”депті ғой біреу, сол айтқандайын қысылып тұрғаныңда саған бір көмегім тимесе апалық борышымды қалай өтеймін. Ел ғой, жоқшылықтың тозағынан да, баланың азабынан да құтыла алмай зарлап жүргеннің талайын көргем, солардың бірнешеуінің басын қосып жұмысыңды көп боп шешеміз, қызым, қысылма ақысына да келістірем. Сен шешең сияқты ақылды да мықты қызсың, саған ел сенетін де, өз еркімен балаларын беретін де болады әлі- ақ.

Әймен апаның аитқаны айдай келді. Айналасы алты- ақ күннің ішінде Балқия 7- 8 балаға бағбан болып қарбаластыққа кіріп кетті...

          *                                        *                            *

Балқияның қайтып келіп үйін «бала бақшаға» айналдырған қуанышты хабары Азатгүлге жетсін. Міне қызықтың көкесі өзге ештемені де ойлауға мұрша жоқ, ес- дерті ұлын шығарып алуға кепіл сома жиумен арып- шәршәп жүрген Азатгүлдің кеңсірігі көрмеген жиендеріне ашысын. Ол не істеу керектігі туралы ойлана келе ауылға барып көріп қайтуға бекіп қожайынынан рұқсат алды. Ертесі балаларына базарлық алмақ боп үлкен жәймә-  «Ордалы базарға»  жол алды.

  Құрылыс заттары, азық- түлік, киім- кешек... болып кете беретін аумақты базар ортасын қақ жарған күре жол  сең ағызған  өткел бермес өзендей екі үйекке айырып тұр. Олардағы жанды тірлікті бір- біріне жалғап тұрған жалғыз аспа көпір үсті де қайшалысқан адамға лық толы. Әуелі батыс базарын аралап керек- жарағын да қамдап болған Азатгүл өзі тойсада көзі тоймайтын әйелдігіне баса арғы бет базарын да көріп қайтпақ болып аспа көпір баспалдағына қадам қойды. Айналасы үш- төрт баспалдақ аттамай- ақ арбаға таңыла алақан жәйған қос таяқты мүсәпірді мүсіркей “біздің жұртта мұндай жәит болмаушы еді, бәлкім, жан ашыр жақыны жоқ шығар”деп алғашқы садақасын арнады. Енді бір бес баспалдақ аттай бере алдына қынтита орап алған баласы бар жер шұқи алақан жәйіп отырған келіншекті көріп “анау ғой арбаға таңылған мүгедек көрінеді, мынанікі не, жап- жас еңбек адамы отырғаны қандай сорақы”деп зығырданы қайнай ұрысқысы келді де, байы тастап қаңғыртып кеткен өз қызы көз алдына елестеп қолының қалай қалтаға сұғынып бара жатқанын аңғармай- ақ бесжүз теңгені ұстата салғанын бірақ білді. Аспа көпірдің арғы бұрышына жетер- жетпесте қой санағандай алдынан өткен адамдарға жаутаңдай қарап алақан жәйіп отырған ақжаулықты ананы көргенде дізесі қалтырай, тынысы тарайа тұрып қалды. Ана да одан көз тайдыра ары қарап үлгірді. Көптен жоғалтып алып қайта жолықтыра алмай жүрген бұл таныс бейнені Азатгүл мына халде жолықтырам деп еш ойламаған. Ой оқтындары бірінің артынан бірі есе бермей жалғаса еңсесін езіп барады. Йә, сол, сол апаның өзі... алғаш келіншек атанып Аймауыт босағасын аттағанда қыз басына тұңғыш реткі келіншек желегі осы кісінің қолымен салынған; Етегінен жәнған көп балалы ана еді,- деп енесі ырымдап тұңғыш немересі Байырқаны да осы апаның қолымен бесікке салдырған; Менің төркінім шақырғанда да апам өтірік- өсекті білмейтін түзу адам,- деп осы апаны ертіп баруға таңдаған... осы ойлармен азкем бөгелген азатгүл “Қаражан апа не істеп отырсыз бұл жерде”деп құшақтай бас салған. Өзін жәй танығанды қойып атын да  саңқ еткізген Азатгүлден бұлтара алмаған Қаражан апа “өзім ғой, шәршәп кеткенсоң жәй дем алып отырған”дей салды. Шәршәп та, тозып та кеткенін онсызда пәш етіп тұрған оның өң- әлпетіне мүсіркей қараған Азатгүл “жүріңіз, бір шәйханадан жұрек жалғай тыныға отырып өткен- кеткенді ақтарысайық, сағынып қалыппын сізді”деп тартыншақтай нарау отырған оны қолды- аяққа тоқтатпай дігір салған. Манадан жинап алуға бата да алмай, көз қырын одан үзе де алмай отырған алдындағы теңге салынған кесе сырын айтқызбай сезген Азатгүл “мына кесеге сіз көзқұлақ болып отырма едіңіз, бұл да басына іс түскен соң амалсыз осы қадамға барған біреудікі шығар, мынаны қоса оған бере салыңыз”деп қалтасынан онмың теңге қағаз ақша алды да төрт бүктеп кесеге салып Қаражан апаның сумкасына сүңгітіп жіберген. Осыдан соң барып апаның аяғына жән біткендей орнынан тұра лып ете түскен.

Шағын дәмхана ағаш сәкісіне жәйған кестелі көрпеге жәйғасқан екеуден басталған әлжуаз әңгіме кібіртіктей барып екі кесе қантталған қою шәйдің маңдайдарын жіпсіте беруімен ақ жасты көз, өксікті лебіз, мұңлы сарынға ауыса ауыз- ауызға тимей жәпілдесіп құрығыр уақыттың кешкі құрығына бір- ақ мойын ілдіртіп барып екеуін екі айырды.

Кеткені келіп, кемтігі толардай қуанып, еріксіз қолды болған нәзік жәнды әлжуаз қызын, әсіресе көрмеген жиендерін көруге асыққан Азатгүлге жолаушылар автокөлігінің адуын арыны өгіз аяңдай сезіліп ашкөздене алысқа қараумен келеді. Жалықты- ау, кейуана, бір сәт бойы байсал тарта мажаурай беріп еді- ақ, көз алдынан өзінен де ары тағы бір кейуананың сұлбасы көлденеңдей қалды.

Йә, бұл айдай ажарлы аршын төс, қайсар да қажырлы Қаражан емес. Ақша жүз қарауыта тотыққан, күлімкөз күлбілтелене домбыққан, айжамалын әжімнің өрнегі басып, белі бүкшие көңілі мүлдемге жасып қалған Қаражан. Бір замандары төрт ұл, бір қыз өсірген, өрісте малы, төрінде домбырасын тыңқылдата қазақы қалжыңның көрігін қыздырып отыратын шалы бар бақуатты ауыл, бардам отбасы- тын. “Шөп шыққан жеріне” дегендей тегінен дән біткен шаңырақты тоқырау заманының залалды закүні де онша тұқыржылатып жібере алмай тоқбайыр қалпы егемендікке іліндіріпті. Үш ұрпақ жаңаланғанға дейін коллективтің тай қазанынан көже ішіп, кең даласынан көбелек қуа көлаттауға үйреніп қалған елдің ебі қаша есі шыққанда да бұл шаңырақ онша шайқалмаған. Амал не «мың күн сынбаған шөлмек бір күн сынып, шалекең екі ұлымен көлік апатына ұшырап бір ұлы мен өзі майдан үстінде қаза табады да қалған біреуі өмірлік төсекке таңылған мүгедекке айналады. Жалғыз қыз әкесі бар заманда ұзатылып бара балағынан бала өрген, ата- енесіне ауызындағысын жырып берген қүндылығымен сол шаңырақтың аяулысына айналады. Алайда жасынан өзінен өзге ештемені көрмей жалғыз өскен бұла сері күйеуі оны көзіне сидыра алмай көргілігін де көрсетеді. Ара түсе бергенге әке- шешесін де шаңырағына артық көргендей қылық көрсетіп екі күннің бірінде көңілдерін қалдырады. Оның бұл қылығына «қарғайын десең жалғызың, қарғамайын десең жалмауызың» деген шемен шиені оңды шеше алмаған ата- ана шер көкірек өмір кешеді. “Беттің түгін сапситпадың, шалбардың балағын шолтитпадың деп әкесі мен ағаларына; басқа баранжы, үстеріңе хижап киіп зікірмен мүлгіп, дұғамен шұлғып отыра бермей телевизор көріп, тойға барып, қонақ шақырдыңдар мен сендермен бірге тұрып күпар бола алмаиым”деп кенже інілері өз тумаларынан бет бұрады. Мүгедек іні мен кәрі шеше күн көрісі қабырғаға қандауырдай қадалған отбасының үлкені   оны істеп тауға,  мұны істеп бауға соғыла бір ісін де оңымен басқа шығара алмай торығып жүріп ұрлық,  зорлық, бұлау- талаумен айналысатын заңсыз топқа шатылып темір тордың арғы бетінен бір- ақ шығады. Сұрқылтайы көп сұм тағдыр осылайша еңбек қуатынан айрылған тұсында көрінгенге алақан жәйу халіне бір- ақ жеткізеді.  Бүитпей де қайтеді, әттең іштен шыққан шыбар жылан- ай деші! төсекке таңылған ұлға талғажау таппай көзін мөлтектете қалай отырады...

Ар жағынан көкірегін кере  ауыр көтерілген бір өксікті күрсініс күркірін неше бөліп әрең шығарғандай болған Азатгүл жасағары сулана көз алды шыбартқан мең-зең хал кешті. Бес- он шақырым болсада беті бүтін жол үзіктерін қоймай бауырын жаздырып алып отыратын Аймауытқа үнемі амандықты ескертіп кеп отыратын мінезін де ұмыт қалдырғандай. Жер танабын қуыра бауырына жйнағандай зулатып бара жатқан көкейін тиын тескен таксиске  еш назар салмай екі көзін алысқа қадай мелшиіп ғана қалған. Бұйыға отырып көзін жұма қалса қарауыта қалбайған Қаражан апа сұлбасы келе қалып селк ете түседі. Ал көзін ашса болды маңынан оңған ешнәрсе көріп тұрмағандай жорта қарап, өз тума табиғатында болмаған бір ашу аңызғағы ызыңдай мазасын ала жан- жұйке, ішкі әлемін мұздата қалтыратып бара жатқандай қалыпқа түседі. Ана ғой, көрмеген балаларын да тез көргісі келіп асыққандай дізгіншіге қарап та қояды. Бірақ, бұл үрдісті де көпке аялдатқысы келмеген бір белгісіз қитұрқы алағызу көңіл көкжиегіне қарай үркітіп қоймайды...

Араласпаған ағайын, көрмеген балаларын көріп сергіп қайтпақ болған әдемі ойын араға талатқандай құлағынан беймаза ызың, көз алдынан буалдыр сағым кетпеген ой әлегі мен жүйке желігі қосарлай қысталаған бойда үйіне де жеткізді- ау, байқұсты.

Үйге кіре үйемелі- сүйемелі отырған төрдегі “төрелердің”қайсысы өз немересі екенін айыра алмай аз- кем аң- таң тұрған Азатгүл бәрін де бір- бір құшақтай маңдайларынан искеп барып қызының сәлемін қабылдады. Қызы ұзақ құшақтап үнсіз егілді. Ананың да қабырғасы пышақсыз сөгілді. Алайда алдан ашылған шоқ гүлдей жолыққан көген көздер ақеділ ананың есін тез жидыра“отағасының үңірейген орны көңілімді құлазытады- ау”деп келген көрбілте ойдан да құлан тазарта қунатып тастады. 

Бетке түзу қарай алмай тұрған сынық қабақ қызын көрген Азатгүл:

- Кірген жерден- ақ осының бәрі менің жиендерім емес екенін білдім, қызым. Йә бір алдану, йә бір жаңылыс болған шығар, кейитін де, кемитін де ештеме жоқ, іс өтті болды, ол тарих. Тарих тегершігін кері айналдыра алған ешкімді көргем де, естігем де жоқ. Оның бірден- бір амалы өткеннің өкінішімен басылмау, өзін жоғарыға салыстырып жасымау, тек бүгінгі мүмкіндіктерді жіберіп алмай жағаласа жүріп аяқтан тұруға ғана талпыну. Мына көгенкөздерді жиып алғаныңнан- ақ сенде осы ниет бар екеніне сендім, қызым. “бала жақсының бір қолын, жаманның екі қолын байлайды”деген аталы сөздің айғағы да осы шығар, бәлкім. Тіпті әуелі сен екі қолды да босатып алғандайсың. Дүние көпке емес, епке тоқтайды деген осы, қызым. ебін таба, ығын келтіре білген кісі қай күндеде жұмыссыз қалмаиды. Ризамын, қызым, тайма осы бетіңнен,- деді. Балқияның қуарған жүзіне қан жүгіріп, иығынан бір жүк түскендей серпіліп қалғандай тіке қарап“қолдағаныңызға рахымет”деп шешесінің қолын қысып:

- Өз балаларым мектеп жасына ілініп отбасымыз түгенделгенше осы балалар қатарын азайтпай жанбағыстың қамын жасап тұрайын, апа, өздерің қайта айналғанда жағдайға қарай көрерміз.

- О недегенің, қызым, үй де, еңбек те өзіңдікі. Адамдардың өз қалауымен сүйген кәсібіне түскендерден түрліше деңгейдегі қоғамдық мәжбүрлену сипатында кәсіп тапқандардың саны әлде қайда артық болады, қызым. Олар сөйте жүріп сол кәсіптің қыр- сырына қанып біртелей сүйіспеншілік орнатып оны өз өмірінің бір бөлшегіне айналдыратыны да ақиқат. Бәлкім, істей жүріп жеке бала бақша ашарсың, бәлкім, анау қаңырап бос тұрған ауыл бала- бақшасы сені күтіп тұрған шығар...

- Ойбой, апа, әзірге ондай дәрмен қайда, әуелі бір отбасына оралып алыңыздаршы, сосын бәлкім, өзіңізбен  бірге қолға алармыз...

       *                 *                 *

Үйден шыға екі шөлмек «желік судың» бірін қызыл кеңірдектен асырып, бірін көлікке жасырған Аймауыт іңір қараңғылығын жамыла құтырған иттей қан талаған көзімен жолда жолыққан сиыр мен иткеде ажырая қарап көлік сегнал тетігін төпештей озандата жанталасты. “шығасына иесі басшы”дегендей байқұсты шәйтән түртіп қан басты ма жол шетінде кетіп бара жатқан бейуаз әйелді қағып жалпасынан түсірді. Ұзын көйлекпен әудем жерге сүйреле барып қалған әйелдің қансоқта «өлігін» көрген ол өзін тоқтата алмай түн қараңғылығына сүңгіді де жоқ болды.

Ертесі сам жамырай қай жер екені белгісіз көліктің бензіні тақа түгеп, жол шетіне тоқтайды, Айекеңде рөлды құшақтай кеберсіп жатып ұйқыға кетеді. Қарсыдан көтерілген күн қызуы маңдайдан өткен бір уақытта оянған ол ен далада егесіз қалғанын бірақ біледі. “бұл қай жер, қалай, қашан келдім?” деп өзін сұрақтың астынан алады. Көз алдына қанға батқа “өлі дене” елестеп бойын қорқыныш билейді. Осылайша бойы сал, ойы дал болып мең- зең тұрғанда қасына бір жол талғамас, жойпан көлік мінген төрт азамат келеді. Оларды көрген жерден жан үшін алдын ала жалбақтай:

- Сәлем, жігіттер! Аттан жал, бойдан хал кетіп тұрғанда су ішерімнің барына жолықтыңдар- ау, бауырларым, адасып кетіп барымнан айрылып масқара болып тұрмын.

- Әуе ашық, жер жазықта қалай ғана адасып жүрсің?!

- Алыстағы туысыма аман- сәлем жасағалы шығып “осы төтемекен”деп бір жолайырықпен тартып беріппін, айып етпей бұл қай жер екенін айтып бересіңдер ме?

- Әуелі, қайдан келесің? Соны айт, бәлкім, үйіңе жеткізіп салармыз. Айекеңнің бұрында 40 кез төбеде жүретін иманы онанда биікке ұшқандай селк ете түсті, білем, “шынын айтсам, кісі өлтіріп қашып жүргенім әшкере болар”деп дауысына діріл араласа албаты бір жерді айта салды. Одан бір шикілікті сезген “сықаяқ серілер”өздері “құдай да, құдайдан былайда”көрмейтін Дөненбай дөкейдің тапсырған қойшысын тапқандай жымыңдасып көлігінің “кеберсіген таңдайын”жібітті де өздерімен бірге алып кетті.

Дөненбай бір замандардың сөзден сорым сорып, қитұрқы қылықтарымен  өрім өріп жоғарыны алдап, төменгіні зорлай алатын  пысықайлығымен өңірдің билігін қолға түсіріп жоғын бар, барын нар; жаққандарының жақ жүнін жатқызып, жақпағандарының алдын ор, артын жар, заманын тар қыла білген өз тұсының айбарлы биі, өңірінің айтулы байы- тұғұын. Оның шаруашылығына жегілгендерінің көбісі- ақ осы Аймауыт сияқты істі болып қашып жүріп жан үшін жатын орын мен ішер тамаққа бола басыбайлы құл болтындар мен маскүнемдікпен үйден безген қаңғыбастар болатын. Ал, мына жолыққандар “аңшылық”пен “дала серуенін сылтаурата ел кезіп ылғида“осындай робут малай” іздеу мен оны қолдан жасайтын сотанақтар болатын. Олар әуелі кәнігі тәсілдерімен Айекеңді өздері «Май шұрқан» атап кеткен  дәмханаларына әкеп “ауызын аққа тигізді”Айекең атасында көрмегенін ботасында көргендей бүйірі шығып, ішегіне оқжылан да жүгіріп барған сайын көзі күлміңдей “желік сулы”стақанмен бірге төңкерілді. Оның осы бабын күте аңдып отырған алаяқтар оған “жанашыр”да, “қамқоршы”бола кетіп ішіндегісін бір- ақ ақтартып, бойындағы бәр құжаттарын тапсырып алды да ертесі «бір мал жоғалса үш күн, екі мал жоғалса жеті күндік ауыздан ас, жоғалтқан мал саны беске толса денеден бас кететінін» нақтап ұқтырып ауыр бір атар қойдың артынан салды да жіберді. Өзіңді дәлелдейтін ешқандай құжат, хабарласатын аспап, ошаң етіп шығатын көліігің жоқ,  оның үстіне ел де, жерде бейтаныс, “басыбайлы құл болғаннан өзге енді нең қалды”. Ал Айеке, «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген үлкен қарғысқа жолыққан деген осы. Қайран Азатгүлім- ау, қадырыңды білмеген екем- ау...» деді де қоймен бірге өріп, бірге жататын қорғансыз құл кейпінде кете барды...

  1.  

Алашабыр бұлт арасынан кейде жартыкеш, кейде бүтін күн сығалайды. Терістіктен ескен бой сергітер жағымды  ескекке ауыл жұрты үмітпен қарайды. Сыры кетседе таптұмдап болсада сынын сақтай білген байырғы ауыл ыстық тарта алыстан қарауытады. Жүрегінен боздай, жанарынан қозылай жүріп егемендіктің емшегін еме тоғайған топ жеткіншек араласып ауыл тірлігі аздап болса да жанданып келеді.Оның үстіне қилы заманның қиямпұрыс қитұрқылығынан қысым көріп, ата- бабаларының басы қалған байырғы отанынан шеттеуге мәжбүрлене тарыдай шәшіліп кеткен отандастарының қайта оралуымен «оралман» атты тағы бір қоғамдық топ өмірге енді. «Пәлен жерде бақыр бар, барсаң бақырды қойып жауырыншада жоқ» дегендей қайда жүрседе жағызып емізген жетім қозыдай жартыкеш өмір сүрген шеттегі отандастарының құлағына «Ел егемендігі» деген қасиетті атау күміс қоңыраудай жаңғыра жүректерін жылта қандарын тулатты. «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайтын» өгей өмір үрдісінде дінін, тілін, ділін бой тұмар қыла жүріп өзге елдің «нан тауып жеуге» жарарлықтай болсада  озғын өнерін маймылша аңди жүріп, көкейге түйе есейіп ес жиған осы топпен бірге дін де, тіл де, байырғы дәстұр- салт пен еңбекқор рух, ұқыпты ұстаным ере келіп ауылда жасалып жатқан аздаған өнімді тірліктерге де мұрындық болды. Йә, пендеміз ғой, пендешілігімізден туындайтын теріс пиғылдарымызды бір арнаға түсіріп жібере қоятындай қасиетті «Исләм құндылығы» мен салтанатты өмір салтын негіз ете қалыптасатын бірыңғай «озық мәдениет те», «өркениетті қоғамдық әдеп те» толықтай қалыптасып үлгіре алған жоқ. Сондықтан да онсызда «тоңып секіріп жүргендердің» тынысын тарайта, «тойып секіріп жүргендердің» қызғанышын қоздырғандай бір енжар заман қалыптаса бастаған- ды. Солайда кешегісіне кеңсірігі ашитын «көнешіл топ» пен жымысқы жылпос, жырынды жыққыштықпен жүрек жалғай жал бітіріп жүрген “жаңашыл”топ арасындағы қайшылық үдеп жас қауым мен «оралман» жұртының өрісін тарайтып, қонысын көбеитпеуге көр- жер тосқауылдар жасап, байырғы қоңырқалта момын қауымды қойып ауылды да ел- жерімен ебі табылса сатып, боллмаса жібек құртындай біліндірмей жұтып жіберуге амал іздей жанын сала жанталасып жүрген тұсқа да куә болдық. Йә, «Күн жаманы кетер, адам жаманы кетсе» дегендей заман жаңғырар, өмір өзгерер. Ежелгі Исләм құндылығы мен тарихи дәстор- салтымыз ұштаса қалыптасқан байырғы ұлттық рухымыз тірілер. «Елу жылда ел жаңа , жүз жылда қазан» деген емес пе, бодандықтан бойтұлға жақтан құтылсақ та, біртіндеп бойға сіңе қанға өткен «құлдық бойтұмарын» тастай алмай тайсақтай да, таиғақтай да жүргенімізді көзіміз көрседе көңліміз сенбей намысымыз қозып, рухымыз шөжіп дал болдық. Йә, «ештен кеш жақсы» деген ғой, дал болғаның «мал болғаннан» жақсы шығар, сол сені «дал» қып жүрген намыс пен ашу ес те жидырады, етек те жаптырады, әрине. Йә, бәрі де уақыттың еншісінде. «Су ағады, тас қалады» шындық осы. Сабырдан айрылмайық, талант- талаптан жаңылмайық, ағайын.

  •  

«Сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іскегі» дегендей заманына қарай өрбіп жатқан өз тұсының шатқаяқ тірлігі Аймауыт отбасының түтінін өшіріп, түңлігін жауып кетуге шақ қалған еді. Шүкір, тақ бермеседе бармақтай бақ берген отбасының тірлігі барып, барып жәйімен оңалып, отбасы қайта құрала бастады. Айналасы екі жылдық жапакеш еңбек, жанашыр мейірмен көзге түсе ауыл Мектебінің білім беру жұмысының дізгінін қолына алып үлгірген Нәзкерім өңірлік бәсекеден алтын орденмен оралды. Екі мың гектарлық алқапты жарым ғасырлық меншікке алған Байырқа «Аймауыт» атында үлкен ферма құрды. Бәрі де аллаға шүкірлік айтып арқа- жарқа қуанысып қалды. Есік- терезесіз аңқиып қаңқасы тұрған бұрынғы бала бақшаны жаңғыртып қайта ашуға ауыл әкімдігінен сұрауы жетпеді ме, жоқ көңіл жетпеді ме ала алмаған тек Балқианың ғана иығы әнтек түсіңкі. Жеңгесі Назкерім “бұрынғы орныңа кел бірге істейік” деп мектепке шақырды. Тегінде сүрінген жеріне қайта баруға Балқия онша құлықты болмады. Неде болса жеке істеп орнынан тұруға бел байлап жүрген қарындасының көңіл- күйін айтпай түсінген Байырқа қалауы бүтін тек төбесін ғана бұзып алып кеткен бұрынғы көршісінің  жұртта қалған үйін күрделі жөндеуден өткізіп беруге уәде берді. Отырса алдында, жүрсе арқасында болатын Байырқа мен Балқиядан көрген немерелерімен мауқын басып Аймауыттың үңірейген орнына қарағыштап жүретін Азатгүлдің де қуанышында шек жоқ. Әкесі жәйлі аяқ жетер жерден іздеп, құлақ жетер жердің бәріне хабарлама таратқан балаларына да Азатгүл дән риза. Әркез ақсарбасын айтып сойып ата- баба аруағына құран бағыштатып іштей егіле тілеу тілеп отыратын. Бұл жолы да сол әдетінен жаңылмай мал сойдырып көз көріп қолымен аттандырған ата- енесіне қатым түсіртіп алла ризалығы жолында көршілеріне таратып, жапалы жылдарда отбасы жағдайына бола көкедерінің үйінде көсіліп отырып көлбеңдеп жүре алмай оқысада өз адал еңбектерімен бірі Америкаға, бірі Жапония еліне білім қуа ғылым жолына түскен кейінгі балаларын көптің бата- дұғасымен аттандырып тастады.    

Айналасы айжарым уақыт ішінде күрделі жөндеуден өткізіп құлпырта безендіріп орташа жабдықтаған шағын бала бақшаның кілтін қолына алған Балқия «Азатгүл» деген маңдайшалық астырды. Ауыл жиналып қол соға қуанып зерделі де зейінді өскен Аймауыт ұрпақтарына, оларды тәрбиелеген ақыл- айлалы қайсар ана Азатгүлге алғыстарын жаудырып жатты...

     *       *    *

Алыстан аңсап байырғы отанына жеткен оралман жұрттың біразы осы ауылға ат тұмсығын тіреп «Аймауыт» фермасынан кәсіп те тапқан. Олардың қатары барған сайын молайып бұрынғы жан- жаққа көшіп кеткен ауыл тұрғындарының орны толып «елге ел, етекке жең қосылып» ауыл тірлігі қайта түлей бастады. «Аймауыттың» жер жағдайына қарай қауын- қарбыз егіп базарға салған Өзбек елінен келген ағайындар аз- ақ жылда «Аймауыттың» атын алапқа танытып үлгірді. Маңғұл елінен келген ағайындар «Аймауыттың» төрт түлігін мыңғыртса, Қытай елінен келген ағайындар жер өңдеп үлкен ферма малын жем- шөппен қамтамасыз етті. Қала кезіп кеткен тұрғын ел түлектері де Байырқаның мұрындық болуымен қайта оралып біреу үй құрылысымен айналысса, біреу мал бордақтап, енді біреулері асхана, дүкен ашып ел еңсесі көтеріле ауыл өмірі жаңа түс ала бастады...

Ел өз алдына кәсіптеніп барған сайын өзін өзі басқаруға ойысып бара жатқан жанды тірлік биліктегілердің біріне ұнаса біріне ұнамай күнделік тексеріс тепеңі күшейіп, алман- салық ауырлады. Алманмен ауызданып, тексерумен тегін жеп үйреніп қалғандар кәсіп түрінің көбейіп, жұрттың жұмыла кірісіп кетуін құптап- ақ бақты. Ал, бәрін ашса аузына, жұмса жұдырығына қаратып үйренген бұрынғы буйрограт шенділер биліктің тым бытырап кетуін құптай қоймады. Талай заман «тай қазанға» табынып, тапқанын ортаға салып, тамғанын талшық қыла қанағаттықпен өмір сүруге көніп кеткен көмпіс жұрт- ай деші! Азда болса өз еңбектерінің игілігін өздері көрудің маңдайға біткен бақ, өз тапқанының дәмін құшырлана татудың таңдайға жеткен тоқтық екенін де енді білді- ау есіл ел! Мың жерден қыспақ, сан жерден қоспақ қойсада тағыда сол көмпіс халық көне жүріп ауыл тірлігін ақсатпады.

Түрлі салалы ашылған кәсіпке жұмыла кіріскен жұрт көбейген сайын бала бақша сұранысы артып, «Азатгүл» бақшасы тарлық ете бастады. Ауылдың бұрынғы бала бақшасын алуға шындап кіріскен Азатгүл ауыл әкіміне барғыштай жағдайын түсіндірумен әлек. Әкім бір келгенде ол, біркелгенде бұл сылтауын айтып қашыртқылай берді. «Пара бергенше бара берді» ұстанған Азатгүлде барғаннан жалықпады. Келе бергеннен шыдамы таусыла көмекейін көрсеткендей болған әкім бір күні “жөн білмейтін қайдағы біреулерше  келе  бердіңіз ғой, осы заманда құр алақанға неке жүре ме, кісіге ұсап бір келмейсіз бе, сосын иір отырып түзу сөйлеспейміз бе, жеңеше”деп құмыға күлгенсіді. Іс сырын біле қойған Азатгүл төтесінен  осыншама уақыт талдырғандағы ойың осы екен ғой, сенде кісіге ұсап төлкесін айтпайсың ба“ қанша сұрайсың”деп күсіп қалды. Біреу- міреу естіп қалды ма дегендей көзі бағжаң ете жалғыз отырсада жан- жағына жалтақтай қараған әкім  өсекші қатындардай ауызын қолымен қалқалап “ақырын”деді де:

 - Ол бір адамның қолынан келмейтін іс ғой, жеңеше, әйтпесе сіздің жағдайды білмейді дейсіз бе, ақылдасатындардың бәрінің де мұртын майлау керек болып тұрмай ма,- деді  міз бақпай. Тәуекел алуға кіріскен Азатгүл:

- Түсіндім, әлгі сұрағыма жауап бермедің ғой, деді асыға. Әкім шалқая көзінің астымен аз қарап отырды да:

- Қаншаға шамаңыз келеді,-  деді еңкейе көзін қадап. Азатгүл әкімнен көзін тайдырмай таңданған пішінде біраз ойланып қалып еді, үміттене қалған әкім:

- Ауылдағы ең үлкен ферманы да, ауыл мектебін де алақанда ойнатып, енді жалғыз бала бақшаны көздеп отырған үлкен қожайынның қалтасы жұқа болмайды, әрине,- деп кеңк- кеңк күліп қойды. Азатгүлдің қарадай қарны аша бір отырып түңілгісі, бір отырып кұлкісі келді. Айтқанына көнбесе ала алмайтынын, алмаса артынан ұйтқыған желдей ескен қаңқу сөздердің боранға ұшқан қаңбақтай сейіліп иығы енді көтеріле ел қатарына ілініп келе жатқан қызымның меселі қайтама деп ойлады да өз ойын білмек болып:

- Сонша ежіктегендегі қалауың не, ашық айтсаң шы?

- Көп айитсам ашкөз екен, аз аитсам олқысынды деп сөгерсіз, жеңеше, нақ санды бірлікті қояйық, бала бақшаны алыңызда айлық табысының жарымын беріп отырғаныңыз жөнбе екен...

- Үй үкіметтікі, еңбек менікі, мен алған жарты пайда еңбекақы мен күнделік шығымға салынады, таза пайда сізде ғана болатын болды ғой сонда...

- Жо, жоқ олай демеңіз, менде оны қалтаға баса береді дейсіз бе, сіздің ұзақ уақыт алаңсыз істетуіңіз үшін талай жерге кепіл боламыз ғой, оның бәрі өздігінен бола қалмайтын шығар...

- Ім, рас, рас қатты қиналатын болдыңыз...

- Сосын, сізде зиянға отырмаңыз, бала басына жинайтын соманы көтеріп, жалақыны төмен ұстап пайда алу жағына таман ойыса кірісіп кетіңіздер. Мен өзім де  аралап тексеріп тұрамын. Бағым ақы, жалақы туралы анау- мынау сөз болып жатса маған айтып тұрыңыз, оны да шәужәйләудың амалы табылады. Іші мұздап, сырты сыздап бара жатсада өзін сабырға шақырып сыр алдырмауға тырысқан Азатгүл “ертеңдер жауабын аларсыз”деп қайтып кетті.

Азатгүл әкіммен болған “келісім кеңесінің” сиқын балаларына қысқаша таныстырды да Баиырқаға қарап:

- Фермаңның енді бел көтеріп келе жатқанын білем, балам. Онымен қатар қарындасыңның да жұмысы енді- енді жанданып өзінің де бетіне қан жүгіріп келеді. Халықтың сұранысы күн сайын артып бара жатқан мынау бала бақша жұмысын кеңейтуге мен қол салып қалдым. Айланып келіп салмақ саған түскелі тұр, қалай қарайсың?

- Ол не дегеніңіз, апа, алла сәтін салып осы отбасын тығырықтан алып шыққан сіз емес пе, маған несіне қарайсыз, сіз не ойласаңыз сол болады. Не ойлап отырсыз?

- Балабақша тегі Тойғанбек әкімнің де, менің де жеке мүлкім емес, ежелден келе жатқан осы ауыл халқының ортақ мүлкі. Ниеті дұрыс, пиғылы кең, басқарып отырған өз ауылының халқын ойлайтын әкім болса қуана- қуана халықтың игілігіне жаратар еді ғой. Іс олай болмады. Ол ойламаса халықты біз ойлайық. «Заманың түлкі болса, тазы болып аяғынан шал» деген. Ол жарым табысқа ие болмақ екен, ендеше біз бақшаның жарым басын өзімізге қаратайық, әуелі заңды құрылыс сарапшыларына үйді бағалатып фото суретімен қоса құжатын маған әкеліп бер. Сосын күрделі жөндеуі мен сыртының қоршауын, үлкен қақпасын, жылу, ток, су жүйелерін жаңартуға кететін қаражатты нақтап есептеп жобалатып меже есеп мәліметін де ал. Нақты мәтериялына шамамыз жетсе жұмысын өз фермаңа істетіп олардың да жұмыс ақы есеп- атын өздеріне қол қойдырып отырып алып отыр. Менше осылар өз басынан аспаса кем соқпайды. Алла сәтін салса ары кетсе екі айда халық игілігіне жарар, балам.

- Өйткенше басы бүтін неге сатып алмадық?

- Ниеті бұзылған адам ондай төте жолмен емес, бұлтаққа салады ғой, балам. Сатса да, ашық жалға берседе  оған түсер пайда болмайды, ақша қазынаға кетеді. Онанда жәңегідей қоян бұлтақ жолмен пайда таппақ қой. Оны алудың өзге жолын менде көріп тұрғамын жоқ.

- Нақты келісімсіз жөндеуге жол бере қояр ма...

- Бұйыра сөйлеп, бұлқына терістеуге бойы үйреніп кеткен шенді ғой, әуелде басынғандай сезім тудырып іштей бұлқынып та алады. Алайда ол бұлқынысы нәпсісінен аса алмайды. Менің қарсы болмай жұмыс бастап кеткенімді «қосылдыға» есептеп ақсақтың аялын баға тұрады. Бара- бара «ақшаны қашан қалтаға басар екем» деп іштей қуана құптап жүретін болады.

- Жарайды, айтқаныңыз болсын. 

Халықтың игілігі жолында «Аймауыт» атты ферманың жарым жылдық табысымен айтулы уақыт ішінде көне балабақша күрделі жөндеуден өтіп, сыртқы қоршауы мен қақпасы жаңадан жасалып үй- құрылыс сарапшыларыныңоңды бағасын ала қалпына келді. «Азатгүл» атты бұрынғы уақыттық балабақша маңдайшалығы салтанатпен көшіріліп  оқу бастау мұрасымы өткізілді. Мұрасымға жиналған жұртқа құрылыс есеп- қисабынан мәлімет берілді. Осы заман талабына сай кемелденген басқару тәртіп- ережелері жәряланды.

Тиянақты келісім жасалмай- ақ балабақша жұмысының жүріп кеткеніне қарап “әй, осылар әнекүнгі ішкі ыңғылға қуана- қуана келіскен- ау”деп түйген әкім мырза  бір жағынан қуанса да, бір жағынан сақтық шараларын да ойластырып қойды. Әкім асыға күткен ай соңы да болды. Үлкен балабақшада істеп жатқан оннан аса оқытушы- қызметшілердің айлық жал ақысы мен балабақшаның  жалпы айлық шығымын алып тастағаннан қалған мардымсыз ақшаның қақ жартысын әкімге апарып берген Азатгүл әкімнің суық қабағын ғана алып жауапсыз қайтты. “Бұл айда жұмыстары жаңа басталды, бәлкім, балалар аз болған шығар, келесі айды да тосып көрейікке” келген әкім тағы да келесі айды тақатсыздана күтті. Бұл айда да алдынғы айдан мандымды ештемеге ие бола алмаған әкім тағыда сұсты қабақпен сүзе қарап үнсіз қайтарды. Іле- шала әкім өкілдігінің жеке тексерушілері келіп есеп тексеріп, қолға ілінер ештеме таппай қайтты. Әкім ашық қуып салуға да, «заңсыз ашылған» деп айып тағуға өз ісінің әшкере болып қалуынан қорқты. Тастағысы да келмей шоқ басқан тауықтай тыпыршыды.

 Ауыл жастарынан онқаншасын жұмыспен қамтып, зор көлемдегі еңбек әйелдерінің қолын босата жұмыс істеуіне мүмкіндік жаратып, «Еланасы» салауатына көтерілген ақылды да айлалы ана Азатгүлден оқ жонбасада, тон пішуді үйренген Балқиядай іскер басшысы бар «Азатгүл бақшасы» арысы ауданға берісі ауылға танылып жұмысы оңды жүріп тұрған бір шақта балабақшаны “менің сатып алған үйім еді”деп жекешелендіру докметін көтеріп біреу келсін. Сосын кесімді күн ішінде үйді босатуға зорласын. Қайтерін білмей қысылған Азатгүл мен Балқия әкімге жүгінсін. Әкім ештемеден хабарсыз “білмес” болып қалсын...

Балабақша қожайыны мен “үй иесі”екі жақ әдеттегі ауыз керісте бір- бірін сотқа беруге дейін барып әр қайсы жақ өз-өзінің аздаған шикіліктерін ойлап «кірім- шығымға тең ортақ болу» сынды алдынғы жобаға келіседі. Аққа құдай жақ дегендей ел игілігін алға қойып ыждағатпен істеген істерін алла оңдап, халық қолдап Балабақша ісі барған сайын кемелдене өрісін кең жәя береді...

 «Тазшаның асығын ұтсам да, тартсам да алармын» деп ойлаған әкім бұл жолы да опыра қармай алмағанына опық жемей- ақ біреудің атында болсада жекешелендіріп алғанын, тағы біреудің қолымен күрделі жөндеуден өткізіп алғанын “жеңдімге”балап азда болса желпініп қалды. Солайда түбі шйкі істің түбеселі болып кете алуына сенім арта алмай өз уақытында опырып қала алмай мынау «Азатгүл деген айдалы тентектің» айласынан аса алмай ит малтауға түскеніне өкіне тағы бір жымысқы есептің қазанын асып үлгірді.

Екі қолы желкесінде шалқалай төсекте жатқан Тойғанбай әкім “осы ауылда бір- бірімен бәсекелесе ашылған ұсақ фермалар аз болмады. Көбісі- ақ «Аймауыт» алдында дәрменсіздіктерін көрсетіп кейі құрып, кейі жұтылып кетті. осы ауылды қойып осы аудан көлемінде онымен бәсекелесе алатын кәсіп орынды көріп тұрғаным жоқ. “Ел аттап келіп қаржы қоса ферма ашатын біреуді іздетсем бе?”жоқ, “өзім аша, қолдағы мүмкіндіктеріммен баса алысып көрем бе?”... әй, мынау қатынның қара тілі ғой, оңайда алдыра қоймас, онымен белдесу үшін де көп уақыт, қаржы, еңбек күш, қаттылы- жұмсақ амал- тәсіл керек. Ондай тәуекелге барады екенсің, көп құрбанықтар да бересің... сөйтіп жүріп мынау бәр айбар қылып отырған лауазымнан айрылып «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлақтан айрылғанның» аяғын құшып еңбексіз- толғақсыз опырып тұрған олжалардан айрылып, бара- бара «отардағының орны аши»  өмірлік өкінішке қалып жүрмейін... сап, сап... әй, алдынғы жорамалың дұрыс- ау, Той... аға” деп түді. Онан ары сабақтай түскен ой аранын жіпселей барып жымың ете түскен ол «оралман делдал» деп ойын тиянақтатқандай болды. Жә, ел мен елді жалғап тұрған қазіргі бір жасырын күш осы «делдалдар» қанеки, қайсысы жөн? Ресей, Түркия, Қытай?... әй, соңғысы дұрыс- ау, оларда ақша да, жымысқы қулық- сұмдық та көп деп естуші едім... жарайды, Той- аға, жарайды дәл төбесінен түстің. Ендігі іс- бітіре алмай жүрген бауыр- туыстарының азаматтығы, өріс- қонысы, тұрақты тіркеу, оқу- жұмыс қатарлыларының бірі болмаса біріне қол ұшын бере бірер пысықай делдал ұстап арғы беттен қаржыгер шақырту,- деп шешті. Ол орынан жеңіл тұра ыңылдай әндетіп барып франсиски конякқа қол қойды...

                          *                             *                          *

Жуықта ғана күрделі жөндеуін «Аймауыт фермасы» жасаған кең аулалы келісті кеңсе. Жасыл бүлістей аумақты алқап. Нақты дерек көзі анық  болмасада біреулер оны “ауыл әкімшілігі майлап отырған әкімнің қаладағы қайнағасының жеке жәйі екен”деп гулетіп жүр. Мейлі кімдікі болсада бағы жанған жұмбақ аула жыл сайынғы «ерікті еңбек» науқанымен де бау- бақшаға айналып болған. Ішінде “ит өліп”жатыр ма, жоқ, “абжылан ысқырып тұр ма”ол жағы беймәлім, әкімнің осы ауланы кісі танымастай гүлдендіріп жібергені көп жұрттың көзі жететін шындық. Оның іскерлігін әйгілеп тұрған басты еңбектің бірі де осы кең аулалы келісті кеңсе. Әкім жуырда осы кеңсе мәжіліс залында ішінде Азатгүл бар халық беделділерін шақырып өзін тағы бір қырынан көрсете көлкектеді. Қабақтары жадырай оң құлақтарын түре қалған жұрт алдына шыққан әкім:

- Менің шешіміммен көтерілген игі істердің нәтижесінде көптеген жұмыс орындар ашылып, ауыл еңбекшілерінің 70- 80 пайызы жұмыспен қамтылып ауыл еңсесі көтеріліп қалды. Бұған мына Азатгүл апай бас болып отырған үлкен ферма мен бала бақша куә...

 Зал ішін шатырлай соғылған шапалақ үні керней барып әзер толас тапты. “Ит арбаның астында жатып өгізге сен боп, мен боп әрең көтердік- ау”депті деген тәмсіл есіне түсе бойы бір ысып, бір суып барып өзін сабырға шақырған Азатгүл де терең тыныстай қол соққан сыңай байқатты. Сөзін онан ары қызулана жалғаған ол:

- Біз бұнымен қанағаттанып қарап отырып қалуымызға болмайды, ағайын. Халқымыз аз болғанымен жеріміз кең, қаржымыз тапшы болғанымен көңліміз көл, сонау жапалы жылдардың өзінде жатсынбай талайды бауырға басып бірінің артықшылығымен бірінің кемшін тұстарын толықтырып осы күнге жеткен кеңқолтық халықпыз. Сол дәстор негізінде мен де осы бос жерлерден ұтымды пайдаланып шет ел әріптестерінің қаржы қосу, техник мамандарын тарту жолымен тағы бір ауқымды істі қолға алғалы отырмын. Егер осы жоба сәтімен аяғынан тік тұрар болса ауыл еңбек күштерінің орнықты кәсіптенуіне кең жол ашылады. Осы бір қуанышты хабарды халқыма алдын ала шүйіншілей құлағдар етіп қоюды жөн санап өздеріңізді шақырып отырмын. Игі істің қашан басталып, қалай өрістеуін аман- сау болсақ алда көретін боласыздар. Барлықтарыңызға нұрлы болашақ қол бұлғайды. Аман- сау болыңыздар. Зал ішін тағы да шапалақ үні кернеді. Басекең кердең басып, кербез қарай кете барды...

     *                                           *                                  *

Ауыл халқының бір аз жұртына көктеулік, күзеулік болып тұрған аумақты алқап биік дауалмен «қытай жамбылындай» қоршалған. Қытай, Қазақ тілінде жазылған «Достық» атты үлкен маңдайшалық астындағы Қара сырлы, қалшиған қара құлыпты суқай қақпада тәулігіне жалғасқан сұсты күзет. Одан тек ғана осы елден жалдаған жәй халықтың қолы оңайда жете бермейтін әлемнің әйгілі маркалы жел табан, желмаялары ғана күніне ауық- ауық кіріп- шығып жатады.

Қоршау іші қазірге саны белгісіз топ- топ таза қытай азаматы. Ішіне қытай туы іліне телевизоры өз тілінде сайрап тұр. Аздаған осы елдің жалданба азаматтары мен азаматшалары да жоқ емес. Бір жағында қытай үлгісіндегі құрылыс жүріп жатса, бір жағында ту даланың ту талақайы шыға қара жер қыртысы қақ айрылып жатыр. Жалданба тілмаш болып арадан ақша сындыру сыңайында екі езуі екі құлағында жүрген Тойғанбай әкімнің делдалы орыс тілді деректор қытаймен төте сөйлесе бастағанда- ақ дәмесін ит жалағандай далада қалған. Кабинеттен ұсқынсыз шыққан ол“әкім осы беті лақтырып кетпес, өйиткені осы компанияны тапқан да, әкелген де мен, ақсақтың аялына баға тұрайын”деп өзін- өзі жұбатумен әлек. Тойғанбай әкім мен Ли деректор жабық келісімде не десті, қалай келісті ол жағы тек өздеріне ғана мәлім. Әйтеуір, “Тойғанбай әкім  таза қытай агро мамандарын әкеліп түсімі жоғары, сапасы сарабдал, өзіндік құны төмен арзан азық- түлік базарға салады екен” деген ұзын құлақ хабарлары ғана желдей есіп жүр. Ал шынтуаитқа келгенде көк өніс, жел- жеміс, майлы дақыл және бидәй егіліп оны мәнерлейтін зауыттар салынып жатқаны, оның жоғары сортты ауыр басы қытайға тасымалданып қалған- құтқан бөлегі осы ел нарығына шығатындығы келіп- кетіп жүрген жалданба жұмысшылар жағынан мәлім болды.

Жұрт аңысы да әр қилы. Өзге ел не біліп, не бүлдіріп жатқаны қайдам. Әйтеуір, «Аймауыт» азаматтары да өз пәйімдарын ортаға салумен әлек:

– Жер біздікі, елбіздікі ақшасы барлар келіп қаржы салып тың ашса, зауыт салса оның несі жаман, бір есепте дұрыс болған екен, көп адам жұмыспен қамтылады.

- Рас, ә уақыты болғанда шығып кетеді, жерді көтеріп кетпейтін шығар...

- Бұлар өте тырысшаң халық ғой, сен осы күнде оның тілін білмей сандалып жүрсің олар сенің тіл- жазуыңды өзіңнен бұрын үйреніп кейін өзіңді жаңылтатын болады, әуелі...

- Е, бауырларым, олардың тырысшаңдығы да, көнтерілігі де, сен тас снасаң құм санайтын жымысқы қулығы да жоқ емес, ар жағыңның қалтырап әрең тұрғанын   танып та болды ендігі, өзің керек қылмаған тілді олар не қылсын, «өз- өзіңді силасаң жат жанынан түңіледі» демеушімеді, олар жанынан емес, ұлтының ең негізгі құндылықтары болған тілін, дінін, ділін құрметтемейтін қандай ант ұрған халық деп бізден түңіліп те, «отарлаудың таптырмас май шелпегі екен» деп қуанғанынан екі жағасына түкіріп те жүрген шығар.

Манадан үнсіз тыңдап отырған Байырқа сөзге араласып:

- Е, өздеріңді жапондықпыз деп отырғаннан саусыңдар ма, сендердің айтқандарыңдай болу үшін халқыңда сол жапондықтардай рух болу керек. Бәлкім, кейбіреуің ойлайтын шығарсың, “біздің бойдағы көктүріктің рухы одан кем бе”деп, әрине, кем емес. Олардай алла жолындағы адалдық, имандылық пен ерлік жер басып жүрген пенделердің ешкімінде болмаған. Бірақ, ғасырдан аса уақыт тәсіл талғамай жасалған азғырындылық, ата- баба рухына жасалған қиянат оны тоздырды. Амал не қадірлей алмадық, енді сол кие ұрмаса игі еді деп қорқам, ағайын. Ана азаматтың айтып отырған уәжі оте орынды, расында өзің керек етпеген тілмен, өзің қадіріне жетпеген ауыл жұртымен санасатын олар істерге жұмыс таппай жүр ме, ең әуелі билік, сосын өзге елдің санасатыны- елдігіңнің тұғыры болған халықтың, соның ішінде мемелекет құрушы ұлттың  елім, жерім дегендегі жанқияр отаншыл рухы, ұлтжанды ұстанымы, бір ауызды ұйтқылығы. Егер осы арқау берік өріліп, алмас берендей жарқырап көзге ұрылып тұрса ешкімде сені жуас түйедей жүндеп, басбілгі атандай көрінген көкатты жетелей алмайды, ағайын. Сосын оған исләм құндылығы негізіндегі ата- баба дәсторы, еврей, жапон, немістер сияқты ізденгіш рух қосылып осы заман салтанатты өмір салтына ұштаса ұрпағымызға жөргегінде сіңірілсе ешкім басына алмайтын құдіретті ел болуымызға көзім әбден жетеді.

- Мен арғы бетте олармен жасасқан, осы жаққа өткелі де осы елдің билік жағалағандарымен санасқан кісімін. Олардағы қылқұрттрық пен бұл жақтағы  жемқорлық «әпекеме жездем сай, сасыған етке борсыған май» дегендей сәйкесе жымдасып кетті. Сендер жерімізді ашып, зауыт салып береді деп отырсыңдар, мен әуелі сол жердің сатылып кетпегеніне күманым бар. Неге? Қытай әлемге әйгілі халқы көп ел. Сол көп халықтың қарын қамын басты орынға қойған ел әуелі, егімшіліктің түсімін арттырам деп химиялық “тыңаитқыш” пен ауыл шаруашылық дәрі – дәрмектерін ұзақ жыл көзсіздікпен кеңінен пайдаланып ел бойынша егіс атыздарының құнарын өз қолдарымен жойып алды. Сосын халқын отбасылық өнер- кәсіпке ойыстырды. Осының нәтижесінде азық- түлік мәнерлеу, тігімшілік, балалар ойыншығы, дәрі- дәрмек тб қатарлы көп салалы отбасылық жеңіл өнер- кәсібі дамыды. Сол тұстағы ел жағдайына қарай “қалыңды жұқарта, ұзынды қысқарта, ауырды жеңілдете пайдаланып сападан гөрі санға көбірек жүгіну ұстанымы дәріптеліп өндірген заттың тұтынушының қолында ұзақ тұрып қалмай тезірек тозып тез айналым қалыптастыру”көзделді. Кезінде осы ұстаным бойынша “құдағи қаитқанша”дегендей жасалған биттің қабығындай жалтырақ дүниелерінің  орта азия еліне енген бір бөлімі кері қайтарылғаны да болған. Осы істен көңілдеріне алаң кірген сауда басы өз еліне барып саясаткер- мамандарға жүгінгенде айтылған бір ауыз сөз күні бүгінге дейін ел аузына мәтелге айнала тарап жүр. Не деді дейсіз ғой? Маман сауда басынан: сен өнімнің сапасын емес, маған шенунігі пара жейме, жемеи ме, халқы бай ма кедей ме соны айт шы,- депті. Сауда басы: басшыларының кішісі үлкенін көргенде байпақшаң жүгіреді екен, кедейлігі сол емес пе азырақ сіріңкелікке- ақ сілекейі шуырып кетеді екен,- депті. Сонда маман: “бастығы жемқор, халқы кедей болса өнімнің сапасынан еш қорқпа!”Деп шорт қайырыпты. Күні бүгін біз осы итмалтаудан шыға алмай келеміз. Ал бізді баяғыда маймылша ойнатып болған жұрттың баласы бір түрдегі өнімнің бір- бірінен айыра танығысыз жоғары, орта, төмен ұш түрін өндіріп қалтаға да, қабаққа да қарай базарға сала беретін болды.   Айналып келгенде шенеуігің жемқор,  халқың кедей, оның үстіне осы «бір кесек майлы етке» сілекейін шұбыртып отырған ашкөз аярларға қойындарына бойжеткен қыз қосып азаматтық алуының жолын ашып қойды. Олар біз сияқты егемендігінен екіленіп жүрген кісілер емес, егемендігін көз қарашығындай қорғап ғана қоймай, амалын таба кеңейте кемелдендіруді қасиетті борышына айналдыра бойтұмар қып алған ел. Жаңағындай ашылған саңылауға іштей сақ- сақ күле үңістеп кіріп кетуге болатынын да; оның үстіне  отырып қалған қыздары мен  дін, тіл, діл талғамы жоқ тек ғана ақшаға табынып қалған ұлт азғындарының аз емес екендігін де өз елінен шықпай жатып- ақ зерттеп болып осы жағдайлаларға өздерін даярлап келген топ бұл. Олар өзіміз ашып беріп отырған “заңды саңылауды”жерден желкек тапқандай қуана пайдаланып, сол өзіміз дайындап отырған “қаракөз қалындықтарының” атында жер ғана емес талай- талай қол жетпес асылыңды өздеріне айналдырып заңдастырып болады.

- Ондай жымысқы қитұрқылыққа халық, сол халықтың бірі болған біз төземіз бе, сол күні- ақ ереуілдетеміз.

- Соны өз уағында біле алатын мүмкіндігің болғанда ғой, жәриялық жоқ, жабық келісімде не делінгенінен хабарың болды ма? мысалға осы жерді ең ұзақ болғанда 49 жылға майға берді дейік, қазірдің өзінде зейнетті демалысқа жақын қалған Тойғанбайдың енді жарым ғасырда сүйегі де шіріп болар, әуелі. Сонда барып уақытың толды, енді қайт десең мәлкілдеп отырған қазақ шешесін ертіп шығып қытай жиенің- ақ қақбастан бірді қойып сенделтіп қуып шықпасына кім кепіл.

- Айналайындар, дегенмен саналарың өсіп қалған екен,- деп сөзге алаласқан Азатгүл:

- Айтып отырғандарыңның бәрі де мүмкін, солайда не нәрсеге де басшы болатын адамдардың ішкі мүмкіндіктері екенін ұмытпаңдар. Адам баласының ішкі ыңғылында жасырынып жатқан ақыли, имани, ғылми және мәдени мүмкіндіктері дұрыс бағытта оянса ол адамдарды жалпыға ұнайтын оң бағытқа бастай алады. Ал ол арамдық, айярлық бағытта оятылса онда ол табанының астынан арғыны көре алмайтын, қара басынан өзгемен санаса алмайтын тоғұшар тобырға айналдырады. Жаңағы Байырқа айтып отырған құндылықтармен жөргегінен бастап суарылған адамдарды жол ортада ешқандай күш оңайда жолдан тайдыра алмайды. Мысалға Тойғанбай әкімді айтайық, ол жасынан өзінің ұлттық менталитетіне жат бөгде мәдениетте тәрбиеленді. Өзгесі толық деген күннің өзінде ол имандылық пен ұлтжандылықтан қатты шеттетіле баулынды. Осы екеуінің кемшіндігі- ақ оны не не келеңсіздіктерге апара алады. Біздің қоғамда жасап отырған ересек адамдардың әсіресе қазіргі биліктегілердің көбісі- ақ осы Тойғанбай басқан сүрлеумен келіп бүгінгі қоғам төріне қонжиғандар немесе соған еліктей ентелеп жүргендер. Демек, бұл ұзақ уақыт ешкімнің отарын көрмеген, өз ұлттық тұтастықтары мен ұлттық құндылықтарын сақтап табиғи даму үрдісінде келе жатқан ежелгі іргелі ел азаматтарына салыстырғанда біздің ел азаматтарының “анау былай істеген екен бізде солай істейік”дейтіндей формашылдық пен ұраншыл мақтангөйлікпен жасалатын әрқандай қоғамдық “жаңғыртуларға” дайын емес екенін түсіндіреді. Мысалға «жер сату» әрқандай ес- ақылы дұрыс елде болмаған үрдіс. Ал, «ұзақ жылға майға беру» көп елдің қолданысында болған.  Ашық келісім жасалып, халықтың назарында ұсталып  мемелекеттің пайдасына шешіліп отырған. Біздегідей қабақ қақты, көз қысты жолдармен көлеңкелі бизнеске айланып алатынын алып, қалтаға басатынын басып алғаннан кейін «сатылады, майланады» деген дақпырт тарата жұрт құлағына сіңіріп қойып, баяғыда басып болған “жат табанды” көріп ашынған жұрттың азғантай ғана бейбіт ереуілін жаныштай жөнелетін көркеуделік қатарлылардың бәрі де заңдық, мөралдық, иманй жақтарының бәрінен биліктің де, халықтың да дайын емес екенін көрсетеді.

Қоңыр шылапасын шекелей киіп, ақ жейделі ашық омырауын әнтек көтере сөз алған саркідір заңгер:

- Табиғи талқы болсада әдейі ұйымдастырған сұхпаттан артық сезілді маған, Азеке, сіздер өрістетіп отырған ойтүрткілер нағыз ұлт жанашырларынан ғана шығатын бағалы пәйімдер екеніне еш шүбәм жоқ. Ал мені одан да бөгделеу бір ой мазалап отыр,- деді еңкейе төңкерген ойлы көзін Азатгүлге ауната. Жұрттың назары тегіс оған аударылды. Ол:

- Тойғанбай мен қытай деректорының құпиясы қазірге тек өздеріне ғана мәлім, оны да өз еншісіне алған уақыт күндердің бірінде ашады. Ол өздері айтқандай мемелекеттің, халықтың мүддесіне үйлесімді, пайдалы дүние болса «елде болса ерінге тиеді» дегендей бәрімізде ортақ игіліктенеміз. Ал мемелекеттің, халықтың мүддесі көзделмеген ат төбелеіндей азғын топтың арсыздығы болса ол да тарих таразына тартыла отырып жазасын алмай қалмайды. Менше ол қандай жолмен құрылсада негізгі мақсатының бірі болып ұзақ уақыт аңдыса алысқан  «Аймауытқа» қойылған белді қарсыласы емес пе, - деп күмәндана берем. Олай болатыны неге «Аймауыттың» жанынан ашылды? Неге  тек «Аймауыт» айналысып отырған өнімдерді ғана қолға алады? Байырқа:

- Бәсекелестің болғаны да жақсы ғой, аға, өндірген өнімдерінің сапасы ақиқи жақсы, бағасы жәй бұқара үшін қол жетімді, жұмысшыларының еңбек ақысы жоғары, басқарылуы осы заман талабына сай кемелді болса, әрине, оны мойындау керек. мойындап ғана емес, өзара тәжірибе алмастырып үйренуге де мен дайынмын. Заңгер:

- Оһо, бір жағынан ескертіп, бір жағынан өзі де бекем рухыңды онан ары шыңап қоюды көздеп едім, бауырым, жарайды, ойымнан шықтың,- деп орнынан тұрған заңгер оның қолын қысып- қысып қойды. Аналық та, даналық та рухы тасқындап барып өзін шүкір мен сабырға шақырған Азатгүл де “алла тілден, көзден сақтап жолын онан ары оңғарғай” деп іштен күбірлей орнынан тұрды. Жұрт Байырқа рухын қуана құптай тарап жатты...

 *                                  *                                           *      

Алқапты ауылды тұтастырып тұрған күре тамырдай орталық көшеге жүріліп жатқан абаттандыру жұмысынан ығысқан әр отбасынан өрген ірілі- ұсақты түліктер тобы шеткі көшелерге ойыса бір- біріне қосылып қарасын көбейте көсіліп барады... Көше сайын ашылған дүкен, шәштаразхана, түрлі өңдеу- жөндеу шеберханалары мен бұзылған үй орындарынан бой көтеріп келе жатқан жаңа шаңырақтар да көңілді тоғайта көше көркін асырып келеді. Орталық көшенің оң жағына жанаса жарысқан екінші үлкен көшенің ортасында Аймауыттың ақ ордасы. Ол шаңырақтың арыдан жалғасқан тегімен де, бүгінгі замана лебімен де жаңарып «Ақ орда» атанған. Онда қазірге десі жүріп тұрған отана-  Азатгүл. Ол түскен келін, күн сайын өсіп келе жатқан немерелер мен жиендер жағдайына бола Аймауыттың көзіндей ыстық көнетоз үйін бұздырмай тағыда екі-үш бөлме қостыра жаңартып қойған. Бүгінде ол бұрынғыдай екі сйырдың тартынағы мен бес тауықтың берешегіне байланған шәкене тірлік емес, ұлы өмірден ұнасым тауып үлесін алған, асыл ананың аялы алақаны мен парасатынан салауатты өмірдің жүйесін тапқан ұлағатты ұрпақтарының жемісті еңбек, өрісті өнбегі бар үлкен шаңырақ, алқалы аула.

Үлкен ауылдың сан тарау көшелерінен ашылған шағын дүкен, ұсақ жәйма, кішігірім асханаларының көбісі- ақ “алыстан арбалағанша жақыннан дорбала” деп «Аймауыт» фермасының жерлік өнімдерін саудалайтын. Несиеге алып ай соңында есеп айырысатындары да жететін. Жеке кәсіп ашуға қызығуы да, ебі бар, алайда дәрмені жетпей дал боп жүргендерге арнап кейбір ұрымтал жерлерден сауда төшкілерін аша ешкімді алаламай кәсіптендіруге жебей жетелеп жүрген де осы «Аймауыт». Тіпті кейбіреулерді айналымның пайызсыз несиесімен қолдап, ал кейбіреулердің көрдей қысқан жоғары пайызды банктен құтылуына қол ұшын беріп жүрген де осы «Аймауыт». Осылайша ауыл халқының тынысы да, ырысы да бола білген үлкен ферма ауылдан аудан, аймаққа дейін қанаттанып барған сайын ебін таба күшейте түскен тебінді тексеріс, ауқымды алман- салықтан өздерін заңмен де, кәсіби мамандықтарымен де қорғана білген «Аймауыттықтарға»  ойламаған жерден бір- ақ күнде «сауда соғысы» жәрияланды.

      *                  *                  *

Сайоз заманында ауыл шаруашылық техникаларына арналған бір гектар мөлшеріндегі үлкен алаңда тұратын түрлі техникалардың жыбырлауға қауқары барлары таланға түсіп, тот баса қалдық темірлге айланғандары ұрдалып біткен. Талай жылдар бойы қара қурай баса қарауыта мүлгіп тұратын осы жерге «Аймауыттықтар» жан бітіре «ерікті еңбек» дүмпуімен тал егіп жайқалтып қойған-ды. Ойда- түсте жоқта осы талды аумаққа жасыл түскендей бір- ақ күнде қара топырағы шыға тілініп «қытай фермасының» шойтабан жойпан тракторларымен тегістеліп ашық аулаға айландырылды. Әрбір жерден жәйма базарға арналған ағаш сөрелер жасалып мерекелік базар ашылды. Екі қолтығынан тік қас, жыланкөз, айдағар жал, жәйнауыз қып ерекше жасандырған қытай бойжеткендерінің демеуімен біржағына аспанкөк, бір жағына қанқызыл ту ілінген мінберге көтерілген Тойғанбай әкім мерекелік базарға жиналған жұрт алдына шығып бір қолына кіші гірім қауындай алма, енді бір қолына жарты метір ұзындықтағы үрдеген бүйендей қияр ұстап, алдына төңкерген қазандай көкжолақ қарбыз қойып ыржалаңдай жұртқа қарап:

-Мына дүниелерді адам қолымен өндірілген дегенге біреулеріңіз сенбейтін де, бәлкім, біреулеріңіз “перілер әлемінің мынау Тойекеңе бір- ақ түнде жолдаған сиы”деп ойлауларыңызда мүмкін. Ол олай емес, мынау “аспан асты елінен”келген қытай азаматтары мен оның күннен күнге дүниені жаулап бара жатқан техник- мамандарының құдыреті. Мынау «Аймауыттың»жігіттері еккен өндімес шөже бастардан онын жегенше мынандай алып қауын, әйдік қарбыздан біреуін әкеп ақ түйенің қарнын ақтарғандай жарып салып көрші- қолаңдарыңмен бірге тоғай кәні бола біліңіздер. Бұдан кейін менің жарлығым бойынша ауылдағы барлық сауда орындар осы мен таныстырып отырған қытай фермасының өнімін базарға салатын болады. Деп сөз кезегін Лидеректорға ұсынды. Ол алдын ала дайындап қойған делдал тілмаштарға қарап та қоймастан “қазақтың жері де, пиғылы да кең, қыз- келіншектері сұлу, үйдеріне кісі талғамай қондыра беретін қонағуар, онда ақша- азықсыз жүріп- ақ сіңіп кетуге болатынын білдік. Бізде «саудада достық, селбестікте туыстық болмайды» деген ұстаным бар. Келіп жұмыс істеймін дегендерің «істегендеріңе қарай тістеп, еккендеріңді орасыңдар»...”деп өтеде бір орамына келмеген орашолақ орысшасымен мандырап жүріп мазмұнын ұқтырды.

Қытай фермасы өндірген көкөніс пен жеміс- жидектердің сыртының жылтыр, көлемінің үлкеніне қарады ма, жоқ Тойғанбай әкімнің бұйрығынан аса алмады ма алғашта көп дүкен сөрелерін осы өніммен толтырды. Жастары қуана балалары алақайлай құшақтай көтере кіргізіп бұғы жарғандай майрағайда –тайрағай болған үлкен отбасының балалары ашылаған қозыдай лап қойды. Шымқай қызыл күреңдене құм бедер болып тұратын жерлік қарбызға туғалы көздері қанығып кеткен кариялар жағының өкпе ауыруынан өлген қойдың өкпесіндей ақ тарамыстанған бозкүлгін жалқақ түсті көріп жалтыраған сыртына қарап тамсанған сілекейлерін қайта жұтқандары да, ауызына салып түкіріп тасғандары да болыпты. Тіпті әуелі, қызығумен молынан алып алған алмаларын толық екі күн сақтай алмай шірітіп алғандарға да, қыстық картошкалардың сырты түлей қара теңбілдене суланып кеткендеріне де куә болып жүрдік...

Несін жасырамыз, қанша дегенмен бәсекенің аты бәсеке ғой, ауыл базарлары жоғарыдағы қысымнан да, қызығудан да аса алмай осы «жасанды тірлікке» қарай аунап, «Аймауыт» дүкендері біраз уақытқа тоқырай, саудагерлері де одан жәйімен қожырай бастады. Оның үстіне жасанды тыңайтқышпен тойынып, дәрімен ісінген бәсекелес серіктіктің көкөнісі «Аймаыттықтардың» табиғи көкөнісінен ай бұрын базарға салынып уақыт жақтан да ұтты. Алғашта «аймауыттықтардың» көңіліне алаң кірмейде қалған жоқ. Әсіресе бұрынғы марқа көңілмен алқапты аумаққа салып тастаған қауын- қарбыз,  картошкалардың келешегіне көз жеткізе алмаған жұмысшылардың біразы бәсекелес фермаға кетіп те үлгірді. Байырқа алыс аймақтардан базар іздеп сабылды. Азатгүл қауын, алма қағын кептіретін салқын сөре жасатып әбігерленді. Азатгүл Байырқаның өрістетіп сату ойына тек қарбыз бен картошкаға ғана рұқсат беріп, бал қауын мен алманы тілдіріп кептіруге бұйырды. Өзі бас болып араласқан Байырқа қоныс ала алмасада өріс алып көп пайда болмаса да көп шығымның алдын ала алды. Ал шешесі Азатгүл қауын мен алманы жақын маңға тек заказбен ғана саттырып қалғанын мейіздей кептіре еш шығынсыз жинап алып қыс түсе базарға салып тым күсет болмасада аздан- аздан жәйімен өте бастағанына қуанды. Тегі ішкі қытайдың «Ақсай қазақ ауданынан» келіп ұзақ уақыт қол астында істеген есепші отбасы қыс маусымында ішкі қытайдағы ата- анасына барып аман- сәлем жасайтын әр жылғы дағдысы- тын. Айтулы уағында қауын, алма қағынан аямай сәлемдеме әзірлеп ақ көңіл Азатгүл оларды аттандырып салды. Ағынан жарыла аттандырып салған жолаушыларының азғантай сәлемдемесінің үлкен нарыққа жол ашарын Азатгүл ойлап та көрмеген. «Аққа құдай жақ» дегендей жолаушы салқын қоймада қалған қақтың бағын қытайдың «Ланжу базарынан» ашып оралыпты. Ол өзінің сол Ланжу қаласында Шинжияңның жел- жемісін саудалайтын інісін ерте келіп, әрі қоймадағысын қотара түбін көрсетіп, әрі  үзақ уақыттық келісімге отырғызып қайтарады. Алғашқы сауда Ланжудан Қытайдың «Ші- ан» қалалық көк өніс базарларына дейін өрістеп, аз- ақ күнде тек ғана қауын, алма қағы емес алма, қауын- қарбызға дейін сұраныс арта түседі де сол жылдың өзінде «Аймауыт» серіктігінің көк өнісі  қытай нарығына шығып үлгіреді. Жерден құнар, адамнан иман кетіп талай заман өздерін жоғардағыдай «тамырланған керқызыл өлексемен» алдаусыратып келген қытай кариялары бұрын да өздерінде болатын күрең қызыл құм бедерлі шекер қарбыз, бал қауынды көргенде ауыздарынан су, көздерінен жас аға тамсана бір- біріне көздерін сығырайта күле қарап қауқылдаса бармақтарын шығарысып жатады...

Алланың қалауымен әлемдік базарға кең жол ашқан Азатгүл аз- ақ жыл ішінде көкөніс өсіру мен мәнерлеуді «Аймауыт» фермасының басты игілігіне айналдырады. Өзге ауыл халқына да заказбен жел- жеміс ектіріп барған сайын артып бара жатқан сұранысты қамдаудың қарекетіне кірісіп кетеді.

Алғашта ұшқыр аттай шапшуырлаған Тойғанбай әкімнің «Достық» атты Қытайіски фермасы“ұрының арты қуыс” дегендей барған сайын“қуысы” ашыла аларманы азайып, тігісі сөгілген сайын тырнақ астынан кір, сол “кір”  арқылы үйреншікті «көлеңкелі бизністен» “нұр”іздей бастайды.

«Достықтың» атқарушы деректоры қазекең «таңшаян» атап кеткен Таң шиаянның кеңсесі. Деректор күрең сырлы жалпақ үстеліне жарастыра қойған биік арқалықты айналма орындықта қушық шекесіне сәйкескендей қысық көзін қиғаштай етті бет, дүрдік ерніне қыстырған сигар түтінін будақтата шалқалай маңғазданады. Омырауы жартылай ашыла иығынан асылған қазақ не басқа түрки ұлттарының бірі екені белгісіздеу иі қанған ішті бие секілденген келбетті келіншек. қара көзіндегі аздаған ісігі талғақтың алғашқы құсығын аитпай бедерлегендей мұрын үсті мен көз алды көк теңбілдене көблігіп тұр. Мөлшері екі мен үштің аралығын көрсеткендей «Таңбаян» атты кішкентай қыз бітиген көзін сығырайта «Қытай мемелекет гиміні» ырғағымен бірдеңесін өзінше былдырлатады. Келгендердің бас- аяғына бір шола қараған Таңдеректор:

 - «Достықтың» бағын ашатын да, сұрқын қашыратын да осы отырған біздер. Бізді осы орыннан көлеңкемізді ұзартқан да, аулының қасиетті төріне шығартқан да Тойғанбай әкім екенін ұмытпайық, ағайын. Алғашта біраз дәурендей қалғанға дандайси қалдық па, жоқ, Тойекеңнің  «Қазақ сығаламайды, сығаласа кіріп кетеді», ана Азатгүлден оның “асыранды ала күшіктерінен”қырағы болыңдар, - дегеніндей «сығалатып» алдық па, қазір ол емес, біз ықсырадық. Бұған жан- жақтылы ойлана, көлеңкелі- жарықты қармана амал- шара табуымыз керек.

– Ол мәнерлеген жеміс қағын бізде мәнерлеп шекара асыруымызға болады, ғой!?

– Ол үлкен нарыққа шығып танымал болып та, «Алаш» атты әйгілі марка жаратып та болды. Жуырда естісем «Жібекжол» атты табиғи сусындықты ғылми сараптан өткізе маркасын алыпты дейді.

– Ол ол ма, бауырым, олар көрші ауылдан ұлан- асыр жәйілім алып түйе, жылқы өсіріп «Байқазы» атты қазы- қарта мен «Ақжелкен» шүбәтін ішкі базарларда сынақ қып алдын  Еврофа нарығына шығарып үлгіріпті. – Нарық әлемінде «Ақшаны ақша табады» деген сөз бар, олар біріншіден қорланып алды; қала берді, «көш жүре түзеледі» дегендей тәжірибе жинай ес жия, етек жауып кетті.

– Мұнымен не айтпақсың, бізде олармен бәсекелесу қабілет жоқ демексің бе?

 – Олай емес, бір тауықтан алты аяқ, сегіз сирақ шығарып, жасанды ет, жұмыртқа, жел- жеміс... өндіріп милиорттаған «қара құмырысқа» ішінде қарақұрықтатып тамақ асырауды ғана ойлайтындай арғы бетте жасап жатқанбыз жоқ ғой, солғұрлы басымызға не күн туды, енді мына айналысып жатқан «у өндірісті» тоқтатайық. Бізде солар сияқты жерлік өнімді қолға алайық, тіпті көзсіздікпен бәсекелескенше олармен ымыраға келейік,- демекшімін.

– Ей, олардан йә, аса алмасақ, йә, баса алмасақ Тойекеңе не бетімізбен қараймыз...

 – Бәрің де жан ашыр, жақындық танытып жатырсыңдар,- деп әлгі жалаңаш бөксе, ноқталы кексе бикеш құйған ұзын сабақты биік стакандағы «қазақстан кониягынан» бір жұтып жіберген Таңдеректор сөзін онан ары жалғап:

- бұл жерден енді жерлік өнімге көшіп ештеме өндіре алмаймыз. Өйткені топырақтың су сіңетіндей қабаты бұзылып болды. Ол өзінің табиғи құнарын химиялық тыңайтқыш пен ауыл шаруашылық дәріге сорғызып шегенек болып қатып қалды. Баяғы ішімдікке берілген алқаш адамның бірер тостақ арақ ауыз тимесе сөйлей алмайтыны, көп ішкен сайын көпіре сөйлейтіні сияқты, химиялық тыңаитқыш пен дәрі- дәрмек бергеніңе қарай аз берсең аз, көп берсең көп өнім береді, бермесең ештеме өнбейді. Осылай жемдеген аттай көндіріп алған жерден де, айтылмыш «апат» атанып жүрген дәріден де қол үзе алмаймыз. Менше оның екі- ақ жолы бар: бірі, осы көлемнен ұлғайтпай көкөніс, жел- жемісті жалғасты сала беріп, көкөністі де, солар сияқты мәнерлеген қақты да «Аймауыт» кірген үлкен нарыққа қатар шығару; енді бірі, Тойғанбай әкімнің қолқалаған төмен өсімді ұзақ уақыттық несиесін де алдырып, тоқпақ жал торы айғырдай ашылған айызын да түрлі жолдармен қандырып тағы да жер талап ету. Мұның бізге жеңілі алдынғысы.

 – «Аймауыт» тыңнан жол ашты, кілент тартып, танымал марка тіктеді, ал, біз ші?

 – Һі, һі, һі... бастарыңды біраз шайқап- шайқап алып сөйлесеңдер ші!? Біз осы елді сырттай “жері қаншалық кең болса, пиғылы да сонша кең”екенін білгенде қуана- қуана ептеп жетіп алуға қаншама асықтық дешеңші! Бұларды енді капустаның қабатындай ақырындап арши отырып тек пиғылы ғана емес не не ұтымды сөзге бай ел екенін де біліп үлгірмедік пе!? Білесің бе, бұл елде «бидәй ішінде бидайық су ішеді» дейтін бір керемет сөз бар. Біз енді сол бидәйықтың рөлін ойнайтын боламыз, һі, һі, һі... Осыншама тереңіне бойлатқан айналайын, «Гүлбикем»,- деп қасындағы жалтаң көз сұлудың жалаңаш кеудесіне қарай сілекейін шұбырта барып тұмсығын сұғып жіберіп 20 мыңдық көгала қағазды кіндік үстінде тұрған таңқы етек астындағы шолақ дамбал ышқырына қыстыра оның онсызда телмеңдеген көзін жәйнатып, теңірейген бөксесін бұраңдатып жіберді...

– Әй, қулығына оңайда құрық бойламайтын, айналайын, басекем, енді Азатгүлдің даяр маркасына мынау «толған торсықтарды» тоғытпақшы екенсіз де?!- деп астақтай үстінде шәншулі пышақ түбінен су ағып тұрған дәу қарбызға қарап қойды, буға пысырған картоп тектестеу солбырайған біреуі.

– Сендер өз жұмыстарың мен орындарыңды ғана біліп бұрынғыдай істей беріңдер. Мен ішкі қытайдағы бір кластасыма «Аймауыт» маркаларының үлгісін жіберіп қойдым. Өнімдерің «Достық» боп үйден шығып, «Аймауыт» боп базарға кіргенін еститін де, “ойбай, шеттен кіргізген табиғи таза өнім”деген дақпыртпен “аш битін” сала қаптағандарды әлі- ақ көретін де боласыңдар.

– Ағеке- ау, екеуі екі түрлі өнім ғой, әшкереленіп қаларма екенбіз?

– Несіне алаңдайсың, үлкен теңіздің шабағына жіберген “ақ мысық” пен “қара мысық” бір- біріне жетіп болғанша да біраз уақыт молшылықпен өмір сүріп, олар бір- біріне «жетті- ау» дегенде момақанси жинала қаламыз...

– Ағасы- ау, сіздің ойлағаныңызды ел баяғы да- ақ ойлап арғы беттің өзінде осы ел атында жалған компания құрып, өздерінің жерлік өніміне кежім жаба базарға салып «қойдың басын іліп, иттің етін сатқандай» жағдаймен сіз айтқан “маркалардың”қасиетін қашырып болыпты деседі ғой, біраз ұғысып алып көрсек қайтеді?

Манадан бірін білсе де, бірін білмей мең- зең отырған жерлік сарыға қараған Таңшиаян:

 - Сен неге үндемейсің, не білген ойың бар, деп суқай қарады. Оның сөзін тілмәш арқылы ұққан ол:

- Йә, мынау шын айтады, былықтырып болыпты. «Аймауыттықтар» қазір өздерінің бұрынғы істестік жасасқан фермаларының көмегімен ірі қалаларынан тұрақты сауда төшкіларын ашып тек соларға ғана жеткізіп жатқан көрінеді.

- Ойпырай- ойпырай, Тойғанбай бекер быжалақтамаған екен деші, оның да алдын алып үлгірген екен ғой, әй, мына қара тіліңнің айласы әуелі «қырық» емес, «мың қашырға жүк» болатындай екен. Енді жер туралы Тойғанбайды шырғалау дан басқа амал да қалмаған көрінеді.

- Мынау да қомақты аумақ ғой, мұны қайтеміз...?

Манадан үн қоспай конияк құмырасын айналдыра жымиып тұрған “ерке сылқым”:

- Гүлбике ханым оған ие бола алмайды деп тұрсың- ау шамасы,- деп бір жақ езуінен суық күліп қойды. Жақатпаған райда оған сұсты қараған Таң Шиаян:

- Е, бойың шелденген сайын ойың желдене Шаңхайда оқып жатқан «Таңбақыт» атты кішкентай орда басарың бар екенін май шұрқанға жүзіп жүріп сен де естен көтеріп алған көрінесің ғой,“ерке сылқымым”. Сен ұрпағы жоқ тұл қатын емес, қалтаңда ақша, отбасыңда йеленген бақша бар ту қатынсың, мен шындап келгем жоқ, солайда ұлың өлген жоқ. Осыны біл, қашанда мүлік мұрагері сол екенін жадыңа түй, түй де өз орныңды біл,- деп соңғы дыбысын ызбарлана ысылдатып шығарды.

Жүндері жығыла үрпиісе қалған жұрт бірден- бірден есікке бет алды. Крослода шалжиған Таң мырзаның ерніне қыстырған сигарын «Гүлбике» жақұт көзді шақпақпен тұтатып жатты...    

  •  

Бір игі істің сәтті басталыуы мен жемісті аяқталуына арнап дасдарқан жәйіп әуелі аллаға ризалықтарын білдіріп, сосын құлшынысты еңбектерін салтанат етіп отыратын Азатгүл ауласында бүгін тағы бір ақсарбас айтып сойылды. «Аймауыт» пен «Азатгүлде» жұмыс істейтін жұмысшы- қызметкерлердің басты өкілдері шақырылып ата- баба аруақтарына  құран бағышталып,  дұға- тілек жасалды. Қайсыбіреулерше қоластындағыларын құлдай емес, еңбегін сіңіріп үлесін алатын ұлдай көретін Азатгүлді, оның осы қасиеті дарыған қожайындары  Байырқа мен Балқияны да, білімімен даралап, қабілетімен ағалап барған сайын ауыл мектебінің тірегі мен жүрегіне айналып бара жатқан Назкерімді де жұрт қатты сйлайтын. Жәйылған дастарқанға қатысты жол- жоралар аяқталып болғаннан кейін орныға отырып кең толғана сөз алған Азатгүл:

Аллаға шүкір, осы шаңырақ қолға алған Ферма мен Балабақша жұмысы өздеріңнің осындайда бере жүретін ақыл-көмектерің мен нақты істе аянбай сіңірген еңбектеріңнің арқасында барған сайын көлемдене көркейіп келеді, ағайын. Көппен пішкен тон келте болмайды деген ғой, бүгін өздеріңнің алдарыңда ойға алған бір екі ісімнің иін қандыра тігісін жатқызып алсам ба деп шақырдым. Бірі, шаруашылықтың ұлғайуына байланысты Ферма мен балабақшадан кәсіп тауып, кәсібінен нәсіп теріп отырған отбасы қазірге жүзге тартып қалды. Бұрынғыдай бәрі де бірыңғай өз ауылымыздың байырғы тұрғындары емес, ауылдастарымыз, әрине, таразының ауыр басында, солайда көршілес елдерден келіп өріс- қоныс алып жұмыс істеп жатқан қандастарымыз да аз емес. Шаруашылықтың қоғамдана дамуына, кәсіптік ерекшеліктеріне, жұмыс бөлісінің алуандануына қарай еңбеккүш әлі де көбейеді. Тіпті қазіргі жүріліп жатқан құрылыс, егімшілік, бағымшылық, түрлі өңдеу- жөндеу, қызмет өтеу істері мен сауда... істері осы бас Ферма аясында өз алдарына отау шығып шаңырақ көтереді,- деген де ойы бар мына “бала қожайын”Байырқа мырзаның. Қоғамның дамуы қашанда дау жүрмейтін ақиқат, әрине, бұл харакет соған апарады.  Ол үшін бәрі де қаржыға тірейді. Оның үстіне отбасы болғаннан кейін тұрмыс жағдайлары әртүрлі. Біреудің бағып отырған кәрі- құртаңы, біреудің қарап отырған ауыру- сырқауы болса; тағы біреулердің оқитын бала, көшіп келетін туысы, үйлендіретін ұл- қыздары болады. Бұлар да бұрыннан еңбекте тұрақты жолы, жинаған өзіндік қоры болмаған ата- анаға оңай емес, ағайын. Ілгері салым игі ісіміздің ортақ болашағын ойлап бір қор қоғамын құрсақ, әркім отбасы жағдайына қарай айлық еңбек ақысының белгілі мөлшерін өз ықтиярлығымен қорға құйып отырса деген ұсыныс қойып отырмын. Егер құптап жатсаңыздар қор қоғамына қосылған азаматтарға жеке- жеке есеп ашылады.  Біреудің өмірінде өзге жаққа қоныс аудару, өз алдына жеке кәсіп ашу, өмірден озу қатарлы өзгрістер бола қалса қордағы жинаған қаржысын шығарып алу еркіндігі болады. Ешқандай алаңдайтын іс болмайды. Қор ісі өзімнің бақылауым мен арнайы құрылған қор қоғам жораларының басқаруында  болады. Ал, мына“бала қожайындарыңыздың” ойынша біраз уақыт қорланғаннан кейін әр отбасының жиынтық қоры екіге бөлініп, бірі тұрмыстық жәрдемге; бірі, дамыту игілігіне арналады. Игілікке арналғаны бара- бара жарнаға айналып кәсіп орын жарна түзімімен басқарылатын үлкен холдіникке жол ашады. Қазіргі заман кәсіп орын басқару талабы да осы дейді.

Екінші бірі, мынау босап қалған бұрынғы бала бақша үйін арнайы жабдықтап қамқоршысынанан айрылып ерекше мұқтаждықта қалғанына көзім жеткен  үш адамды әкеліп өз қамқорыма алдым. Оның бірі осы ауылдың байырғы тұрғыны Қаражан апа, бірі оның мүгедек баласы. Отағасы мен ересек ұлы көлік шырғалаңынан опат болған. Мүгедек баласын бағу үшін еңбек қуатынан айрылған шағында ежелден тұрмыс салтымызда жоқ іске барып әлеуметтік ортада көрінгенге алақан жәйіп бағуға мәжбүрленіп мүшкігл халде қалған. Ал үшіншісі, мастықпен көлік жүргізіп жол шетінде тұрған бойжеткенді қағып кетіп,“кісі өлтіру қылмысынан” бой тасалайым деп күні бүгін сұрау салып, жарнама шығарып, керек десе телевизордағы «қайдасың бауырым» бағдарламасына неше қайта берсек те із- дерексіз жоқ болып кеткен осы шаңырақтың отағасысы Аймауыт мырзадан зардап шегіп мүгедек болып қалған Зәиіпхан бикеш. Телевизор, газит- журнал, кітәп және басқада қол ермек бұйымдармен жабдықталған. Тамағы, дәрігерге қаралуы қатарлы істер де ойластырылған. Әуелі алла одан сақтасын дейік, солайда сақтықта қордық жоқ. Біздің ферма жұмысының себебінен зардап шегіп, өмірлік мүгедек болғаны мен ешқандай қамқоршысы болмай панасыз қалғаны қатысты құзырлы орындардан анықталған адамдар шығып жатса қажет болар деп бірқанша артық төсектер де қойылды. Бұл іс қазірге менің иелігімде қолға алынды. Ал алдынғы жобаны ойлана жүріп бірер аптадан соң жауап беретін болыңдар.

Бәрің де алаштың азаматысыңдар. Асырап- сақтайтын отбастарың бар, қай күнде де жұмыстан қол үзе алмаймыз. Селбесіп жұмыс істейді екенбіз, бізге береке- бірлік керек. өз ісіндей жанашыр жауапкерлік керек. қандайда бір қарапайым жұмыстың да өзіне тән қиындығы мен жеңілдігі болады. Сол қиындықты жеңілдікке айналдыра білетін тетікті табудан мамандық туындайды. Сондықтан өз ісімізді шын ықыласпен қолға алып қыр- сырын танып, еп- жөнін білуге тырысады екенбіз бәрімізде сол қолға алған істің маманына айналамыз, болмаса маман аспаннан жаумайды. Өнерді өмір үйретеді. Адамды құлықсыздық күйретеді. Ферма ісін өз ісім, мынау қайратты шақтарыңды қарманып қалатын өз тұсым,- деп біліңдер, қарақтарым. Ферма тағайындап отырған еңбек түзіміне істеп отырған сендерді қойып өзге жұртта сүйіне қарап, бізге келіп жұмыс жасасақ дейтіндер қатары көбейіп барады. Не үшін қызығады? Өйиткені бізде әрқандай жұмыстың күнделікті айлық өлшемі, уақыты, сан- сапасы, си ақысы мен төлем- жазасы, мамандыығы мен жауапкершілігіне алған міндетіне қарай еңбек ақы мөлшері, оның таратыу уақыты бәрі нақты  белгіленген. Үнемі бақылап- тексеріп, қузап отыратын маманданған арнайы комиссиямыз да бар. Жұмысшы- қызметкерлеріміздің жұмыс белсенділігін арттырып, өзіне баурай алатын осындай кемелді түзім, қатаң тәртіп, амал- шараларымыз блғандықтан «Аймауыт» аяғынан тұрған он жылдан бері еш адам өздігінен қатардан кетпеді, еш адам зардап шектік деп шағымданбады. Қатарымыз күн санап көбеймесе азаймады, азаматтарымыз бен азаматшаларымыз күн санап маманданбаса майрылмады, ортақ фермамыз күн санап өрістене өспесе кері шегінбеді. Осының арқасында әрқайсы отбасы уақыт өткен сайын жәйімен бақ- қуаттана берекелі де бейбіт салауатты өмір салтына ойысып келеді.

Мен өздеріңмен бірге болған осынау жылдар бойы ферманы да, балабақшаны да демедім. Тіпті әуелі келінім Назкерім істеп жатқан мектеп ісіне де көзімнің қырын, құлағымның бірін түре жүрдім. Енді жас та қоймай барады, немерелер де өсіп келеді. Бұл өмірдегі мақтануға татитын жалғыз ісім болса ол мынау Байырқа, Балқия, Назкерім сияқты ыстық- суықты бастарынан кешкен, өз тағдырларын өздері шешкен еліне аға, жұртына жаға бола алатындай өнегелі ұрпақ тәрбиелей алғаным ғана. Әрине, өздерің де тура түсініп, дұрыс бағалап жүрсіңдер. Адамды танытатын- талап пен еңбек. Құртатын- бойкүйез жалқаулық пен жанбай жатып сөнбек. Адалынан төгілген тер тегін кетпейді. Өз маңдай терің сіңе көктеген өркеннің дәмі қашанда аузыңнан кетпейді. Ал, өз еңбегің сіңбей сұраған, ұрдаған, заңзыз жолдармен құрағаның бал болсада өз еңбегің сіңген арпаңа жетпейді. Осы ферма ісіне бәріңнің де адал еңбектерің сіңді. Әуелі алланың қалауы мен сол адал еңбектің арқасында осы күнге жеттік. Бізбен бірге шаңырақ көтерген ірілі- ұсақты талай кәсіп орындар болды. Соның көбісі күйреп, біразы бізге қосылды. “Неге” деп осыны ойлап көргендерің бар ма? Көбіңнің көз алдарыңдағы себеп емес салдар ғана. Өз ісін өрге серпілтейін дейтін ақылды ксіге керегі салдар емес, себеп. Біздегі бір қателік- осы себеппен емес, салдармен күресуге амырақтық. Ендеше себеп қайда? Мейлі шағын серіктестік болсын, мейлі үлкен холдыник болсын, керек боса бір жеке отбасы болса да бәрінің де алға ілгерлеуі мен кері шегінуіндегі себеп- басқаруда. Сол «басқарушымын» деп отырған әріптестеріміздің көбінің мен-мендігі күшті болды. Білікті мамандардың ұсыныстарымен есептеспеді. Қол астындағы жұмысшы- қызыметшілердің жұмыс белсенділігін асырумен санаспады. Нақты мүмкіндіктері жар берген үйлесімді жобамен емес, көрсе қызар ашкөздікпен кірісті. Мұндай «дөкейлік пиғыл» мен «дөрекілік амал» ешқашан істі оңға бастырмайды.

Өткенде ауыл тұрғындарынан біраз адам ауыл әкімінің былық- шылықтарын әшкерелеп оған қарсы пікір көтерді. Бұл істі сотқа жеткізбей шешуге бекіген билік оны жұмыстан тоқтатып орнына басқа біреуді әкелді. Оның жасырын жемдеп отырған жоғарыда дөкей ағасы барын халық білген жоқ, әйтеуір, құтылғанына қуанып бйлікке ризалығын білдірді. Халықтың шуы басыла бере оны басқа өңірге әкетіп тағы бір бйліктің басына қонжитыпты. Ол тыныш кетті ме? Жоқ! бұрынғы былық- шылықтарының бетін маналап, іргесін бекітіп алды. Ауыл тұрғындарының игілігіндегі  бұрынғы әлеуметтік құрылғыларды, үй жануарларына ұрымтал қолайлы жәйілімдер мен шабындықтарды, көше жағалауындағы көгалдарды сатып қалтаға басып кетті. Бізгеде және біз сияқты ірілі – ұсақты кәсіп орындарға түрлі сылтаулы тексерулерді көбейтіп, айып- қиыпты бастырмалатты. Ебін тауып, ес жия алмағандары сол беті тұралап күйреп тынды. Жастар жағы ауылды тастап қалаға ағылып жалданба жұмыс іздеп дал болды.

 Жүйкені жұқартқан жұмыссыздық, үй- күйсіздік, қисынсыз тексеру, орынсыз алман- салық... қатарлы толып жатқан тұрмыс қысымдарынан писихологиялық ауытқулар мен заңсыз теріс жолға түсуге мәжбүрленгендер көбейді. Ұлт тарихында болмаған көшеге шығып көрінгенге алақан жәйіп қайыр тілейтін үрдіс белең берді. Асқына келе қатыгездікпен кісі өлтіріп бұлау- тонаумен шұғылданатындар мен өзіне қол салатындар да кездесті. Қажетіне қарай қалтасы қампайған жемқор шенуниктердің үлкені шет ел асып, кшігірімдері өңір аттап бой тасалайтын; жан бағыс үшін біреудің қылмысын не мәжбүри, не ықтияри арқалап біреу үшін түрмеде жаза өтеп, нақ қылмысты тасада қалып тағы да ойындағысын істеп тайраңдай беретін жан түршігерлік сорақылықтарғада бой үйреніп барады. Біз не үшін «заң ақылшысы» мен «дін тәлімгерін» ұсыныс еттік? Не үшін «осызаман кәсіпкерлігіне баулу» курістерін ұйымдастырып отырдық?  Ондағы мақсат қоғамның жоғардағыдай көлеңкелі көрбілтеліктерінен сақтанып, бәрімізге ортақ шаңыраққа айланып бара жатқан үлкен ферманы күнсайын қанаттандыра ұлғайып дұрыс жолмен дамыту.

Менің өз көзқарастарымды жасырмай ой- мақсаттарыма көпшілікті ортақтастыра ақыл бөлісу арқылы әділетті жол іздеуді мақсат еткен кәсіпкер екенімді де; әлемнің қайталанбас озық өркениеттері мен халқымыздың қасиетті ислам құндылықтарын тиянақ ете  қалыптасқан дәстұр- салттары негізінде ұстаным тауып атадан бата, енеден үлгі алған аналардың бірі екенімді де сіздерен артық білетін жан болмас деп ойлаймын. Қасиетті халқымыздың төбесіне көтере құрметтейтін асыл аналарының қатарында мен де қартаң тартқан шағымдағы өз орнымды біліп, ендігі қалған құмырымды немерелерімді тәрбиелеу мен тыныштықпен аллаға құлшылық етуге арнайын; Ферманың толық дізгінін Байырқама көптің алдында алаңсыз ұстатайын деп арғы бергіден біраз кеңестер қозғадым. Білсеңдер бәрі де мынау қиындығы да, қысымы да, қитұрқылығы да бар күрделі де өтпелі қоғамнан аман өтіп өзімізді өркениеттендіріу, өрбіте дамыту үшін, қарақтарым. Біз де арман да, алаң да бар. Біріне ұмтыламыз да, бірінен сақтанамыз. Біз періште емес, бәрімізде пендеміз. Арман да, алаң да сол пендешіліктен туындайды. Алға қойған арманың ізгі, ниетің пәк болса пендешілік барған сайын әлсірейді. Есесіне алаң ұлғаяды. Себебі іске асқалы тұрған сол ізгі арманыңа көз қызартатын іші тар көр кеуде көре алмастар көбейеді. Ал арманың арамдық үстіне құрылған қарақан басыңның қамы болса, араның ашылып пиғылың тараяды. Есесіне адамдық арың аласарады. Себебі көңілің лайланады, көзің перделенеді де көптің мүддесімен санаса алмай жұрттың ішкі қарсылығын ұлғайта беруге өзің себепші боласың.  Ал ақылы бар, ар- ұяты күшті пенденің міндеті иманы әлсіз көрсе қызар көркеуделермен де, адамдық асыл қасиетінен айрылып өзінен өзгені көре алмайтын тар пиғыл, зәр қимылмен күресу арқылы пенделік күйкіліктен құтылып, періштелік үлгілікке жету. Мен өз өмірімде жолыққан не не қиындықтардың бәрін де осы ұстанымнан жазбадым да жаңылмадым. Түңілмедім де түнермедім. «Аққа құдай жақ» дегендей осы  сабыр- төзім, үмітті ұмтылыс, құнытты құлшынысымызға алла жар болып есесіне бүгінгі күнді силады. Сол үшін бәрімізде адамдық жолды талдайық. Ардың ісін қолдайық,- деген өмір тәжірибелерімнен қортқан ақыл- кеңестерімді өздеріңмен бөлісу, - деп орнынан тұрды. Қарамағындағы орта қол менеджерлер де, кәсіби мамандар да, қарапайым  жұмысшылар да ұзаққа соза қол соғып іззет- құрмет білдіріп қймастықпен қол алысып жатты...

       *     *                                  *

Самсыған жемісі мен көкөнісі көз алмаңды бұра тарта, жағымды иісі мұрныңды жаратындай шағын аула. Одан ары «Аймауыт» азаматтарының қолымен күрделі жөндеуден өте еңсесін көтерген «Шәпағат» атты алты бөлмелі ақ үй. Қолы қалт ете түскен уақыттың бәрінде бұл үйге бас сұғуды өксіте қоймайтын Азатгүлдің соңғы кездердегі бәсекелі қарбаластығынан бері онша қолы тие берген жоқ- тұғұн. Жұмысын жұрт алдында ұрпағына ұластыра біліктілік танытқан ұлағатты істің үлкен тұлғасындай танылған Азатгүл бүгінде арқа- мойны босап ауласындағылармен арқа- жарқа әңгіме дүкенін құруға алғашқы қадамын «Шәпағаттан» бастады. Аула есігінен кіре оны құшақтай қарсы алып маңдайынан искей бетінен сүйген Қаражан апа:

- Айналайын, қарағым- ау, аман жүрсің бе, біраз уақыт көрінбей кеткеніңе көңілім алаң болып, бес уақытқы намазымның дұғасынан қалдырмай алладан амандық тілеп жүруші едім, көңілім орнығып, көзайым болып қалғанымды қарашы, йә, алла тілден, көзден, сұқтан сақтасын сендерді, - деп қолынан жетелей пәтер есігін ашты. Үлкен басымен ағынан ақтарыла есік ашып тұрған асылдың қиығы барған сайын қатары сиреп бара жатқан көнекөз есілдің өзін алдымен енгізген Азатгүл:

- Өзіңіз қалайсыз, Қаражан, апа, мен Алланың қалауы, заманның талабымен жапалы еңбегімізден жанжылу таба таласты өмірде талпыныс жасап жүрген кеше ғана өзіңіз түсірген келініңізбін. Құрмет сізге лауық, төр де, өр де сіздікі, - деп қолынан жетелей төргі бөлменің диуанына отырғызып хал- жәйін сұрай бастады.

– Әуелі, алланың қуаты, сосын, өзіңнің ықыласты мейіріңнің арқасында жақсы күн кешіп жатырмын, қызым. бұрын үшеу едік, қазір бесеу болдық, байқұс, мінебіреу шалдың да білері көп, әңгімешіл кісі екен, балаларда өткен- кеткеннен әңгіме тыңдап жырғап қалдық.

– Ол кісіні қыздарының алып кетеміз дегеніне жар дегендегі жалғыз ұлы бергісі келмеді. Келіні де мың болғыр бір жақсы адам екен, аталап жан үзіп тұрады. Келіні осы ауданға әйгілі қазына сарапшысы. Жігіті електір маманы екеуінде әсіресе келінінің мамандығына бола біз ұсыныс еттік. Қос таяққа сүйенген атада өзін- өзі қарай алатын қауқар жоқ, сосын немерелерін балабақшаға, өзін осында орналастырып ұл- келінінің алаңсыз жұмыс істеуіне қолайлылық тудырдық. Өзі қарттар үйіне барғысы келді. Оған ұлы да, келіні де жібермеді. Балаларымен күнделік қауышып, немерелерінің маңдайынан ертелі- кеш искеп тұруына жағдай бар тұрмысы алаңсыз болғандықтан бәрі де осында қоюға келісті. Ал ана жігіт бізде істеп жарақат алған, ол қашан бір аяғынан тұрып өз ісін өзі қолға алатын болғанша тұрады.

– Айналайын, бала күніңнен біреудің ашына айланып, тоғына толғана жүретін имани қасиетің бар еді, әлі де сол қалпыңмен бәріміздің де ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңып келесің ғой, жарығым, алла амандығын беріп жаныңа жамандық бермесін...

– Тұрмыс халдарыңыздың тым жаман емесін білем, апа, зерігіп қалмаңыздар, үздіксіз телевизор көріп, газет- журнал оқып тұрыңыздар.

– Ана шалың телеуизордан ерте қожыраған кісі екен, менде “көріп жынды болғанша көрмей жынды болайын” деп қойдым. Ал ана үшеуінің ермегі сол, анда- мұнда барып“Жыл бойы таусылып бермейтін Үндінің жадыгөй сиқыры мен қаскөйлігінен жалықпадыңдар ма, болмағанда бір уақ «Асыл арнаға» көз салып, құлақ түрсеңдер ші!?” Деп қоям. Айтып айтпай қарғам- ау, екранға қолың тиіп кетті болды көретінің осы Үндінің бақталастықпен жасалатын не не сұрқиялығы мен қаскөйлігі, Түркия киноларындағы ақша құмар, қатын құмар қанпезерлік; Қалаберді әнші мен әртис. Шіркін, бұрынғыдай құлақтан кіріп бойды алатын халық ән- күйі, Нұрғиса, Шәмші қатарлы бір туарлардың тамылжыған сазды әуендері болса не керек. Әй...й..., әбден азып, ұсақтап бара жатқанымызды кісі осыдан- ақ аңғарады ғой, айналайын, осы күнгі кейбір «ән» деп әспенсітіп, «бй» деп бүлдіріп жүргендерді көргенде «Жаманның күлгені жылағанымен, ақсақ иттің жүгіргені тулағаныен тең» дейтін дана сөз есіме орала береді...

– Хы, хы, хы... сізде айтып қояды екенсіз- ау, апатай, қазіргінің “байы да”, аспанындағы “жұлдызы мен айы да” солар, емес пе, апатай...

– Ой, тәйір- ай сол, жұлдыздан садаға кетсін, бір өмір еңбектеніп халқының жүрегінен өшпес орын алған анау Мәйра, Алтынбек, Роза т. Б қатарлылар өздерін «жұлдыз» едік дегенін естіп, өз дене мүшелерін жарнамалағандай жалаңаш жүргенін көрдіңдер ме, ән сүйер халқы, өнер сүйер елі барда олар қашанда жұлдыз. Атақты халық берсе ғана мәңгілік болып орнығады да сатып алғандар мен жалғаннан жасап алғандардың бәрі де ертең- ақ ұмытылады.

 – Рас айтасыз, апа, айтып- айтпай екранды аштыңыз болды бұрынғы замандағыдай дүз  саулықтан дүзелу төл алатын шопан, бір гектарынан бір жарым гектардың өнімін өндіретін диқан, ұрпақ тәрбиесі, халқының денсаулығы үшін күресіп жүрген жапакеш ұстаз бен дәрігер, жыртығын бүтіндеп, ескісін жаңартуға ат салыса елінің ертеңі ен жұртының бүгіні үшін тер төгіп жүрген толып жатқан атсыз қаһармандар мен мамандар таныстырылмайды. Есесіне өздерінің қитұрқы қылық, астыртын былық- шылықтарымен той- думанды баурай жиып алған ақшаларымен өздерін жарнамалататын байшыкеш“жұлдыздарды”таныстыру тым ау жәйіп кетті. өзгені қойшы кішкентай балаларға болашақ кім боласың? десең екіленбестен «әнші» боламын дейтін дәрежеге жеттік. Йә, мәдениет те керек- ақ, сонда да кім өзін таныстыруға, жарнамалауға ақша берсе соны талғаусыз аспандата таныстыра беретіндей ел економикасын көтеріп, жұрт жағдайын жақсартуға бастайтындар осылар ма? Ұрпағыңа білім, ғылым, иман ұрығын сеуіп ұлтыңды ұлықтап, болашағыңды сұрыптап жүргендер осылар ма? Кешегің мен бүгініңнен нәр сүзіп ел ертеңіне ес қататын еңбек жасап жүргендер солар ма?... – деп мен де ойлаймын, апа.

 – Әй, осы “қара сандығыңа”келіп түсіп жатқан мәтериялдың тегі де тым мардымсыз- ау деп те ойлаймын, қызым.

– Неге?

 – Йә, йә саған да сөгіс жоқ, айналайын, кешке дейін телевизор көріп отыратындай сендегі қайдағы уақыт. Сол кімге, неге қажет екеніне қайран қалам, еңбексіз, толғақсыз отырып өсек айтатын әйелдерше сол әлгі “жұлдыз”деп жүргендеріңді “анау шәшін бұрын былай тараушы еді, енді неге былай тарайтын болған?”“мынау бұрын қыз тауып жүруші еді, енді қалай ұл тауып қалған?”“пәлен әншінің қатынымен ұрсысып қалғаны шын ба?”... дейтін сияқты түкке тұрғысыз істерді де ел алдына айпаралап отыратын болды, осыған сенесің бе...

– Ойбой, апатай- ай, онысын қайдан білейін, әйтеу қазіргі арзан қол күлдіргіштердің ауылдағы аталар мен апалардан қайдағы бір жағымсыз образдар жасауға әуестеніп бара жатқанына қарап“әй, осылар күлдіреміз деп жүріп бүлдірер ме екен”деп іштей ренжіп жүретінмін.

– Бізді қойшы, балам, арғы дүниеден жан алғышымыз төтесінен келіп қалмаса, аллаға мың да шүкір, сен барда бізге не болар дейсің. Айналайын, өркенің өскір Назкерім мезгілсіз төсекке таңылған мына біреу көкөрімдерге “мықты игеріп, еркін қолданысқа түсіре алсаңдар осымен де нан таба аласыңдар”деп арнайы тәрбиеші жіберіп көмпиутерден сабақ оқытып жатыр. Ол да қызықтыра өзіне тартады- ау, шамасы, әйтеуір телевизорға телміргеннен құтылып өз істерімен шұқыланып қалды.

 – Алланың маған берген ең үлкен сиы балаларымның бәрі де имандылығы күшті, ақыл- білімі мол, адами қасиеті жоғары болып өсіп ферманың екі дізгін, бір шылбырын қолдарына алып мені екінші шепке шығарды. Алла бұйырса бұдан былай жиі- жиі жолығысып тұратын боламыз, ап, рұқсат блса мен...

 Ағынан ақтарыла қарала қаптың аузын бір шешкен Қаражан апа Азатгүлді азкем құшақтап тұрды да қимастықпен шығарып салды.

     *                 *                        *

Әр күні ерте тұрып әрекет жасаған сайын рухы көтеріле серги түсетін Байырқа неге екені белгісіз бүгін тіптен көңілді. Оның көңіліндегісін көзінен, ойындағысын жүзінен оқып ала қоюға дағдыланған келіншегі Назкерім де“апамның кешегі лебізіне марқайып жүрмегей”деп орайды жібермей қалжыңмен қарымта тастап үлгірді. Беті ду ете түскен ол “естіп қойдыма” деген кісіше немерелерімен әбігерленіп жүрген анасына қарап алдыда сұқ саусағымен бетін сыза келіншегіне жұдырығын көрсетіп қабағын түйіп қойды. Оны онан ары күйдіре түскісі келген Назкерім аққұба жүзіне құп жарасқан қолмен сызғандай қалам қасын ойната күлім көзін жәйната жақындап “орының жоғарлады соған...”дегендей оңқолын төбесінен жоғары көтере басбармағын шығара шымшылады. Оны күніне мың көрсе тоймайтын, жүз құшса қанбайтын Байырқа “әттең шешеме бір сылтау табылып сыртқа шығып кетпейді- ау”деп шешесіне ұрлана, келіншегіне қырлана қарағыштап тұрып қалды. Оның ойлағанын айттырмай біліп те, көзінен көріп те тұрған Назкерім шешесі бар жерде сөзді қойып көзбен де еш оғаштыққа батпайтын әдептілігін білетін орайынан оңтайлы пайдаланып“айтар бар ма, басеке”деп тақау келіп тағызым еткендей әдейі сүйкеніп қайтты. Апасы бар жерде еш албырттыққа бара алмай үш баланың анасы болсада әлі де қыз қылығынан айрылмаған қырмызы келіншекке кеңсірігін ашыта көркіне көз суарудан арыға бара алмаған Байырқа қол ишарамен қоразси отыра бергеннен аса алмай мысы құрыған- ды... Йә, оған да бір орай туды- ау, есігі жартылай ашық тұрған өз бөлмесінен шыққан шешесі аулада ойнап жүрген екі үлкенінің ау- жәйін білмекке сыртқа шығып кетті. сол- ақ екен айдын көлде аққудай таранған ақ келіншекті құмарлана құшаққа алып ақ тамақтан манадан ашыған танаудың мауқын басып,  алқызыл беттен есесі кете суы ағып отырған ауыздың аранын тосып үлгірді. Келіншектің де тілегені осы- ау, тегі, барғансайын бал- бұл жана бауырға кіре барып балбырай байыз тапты.

Байырқа көңіліндегі өзгеше тебіреністің сырын інтернеттен тауып Назкерімнің иығына қол арта отырып екі жақтап екранға көз қыдыртты. Ол қаншама жылдар бойы барын сала талпыпыс жасап іздетседе әкесінің йә бар, йә жоғынан хабар таба алмай ең соңғы мүмкіндігін базарға сап әкесі туралы таралымы ең көп інтернет желілеріне аямай ақы төлей отырып тауып берген кісіге ортанқолдай атпал азаматтың құнымен тең шүйінші жәриялатқан. Інтернет желілері де қызығушылықпен қарап көп уақытқа дейін бір желіден тағы бір желіге ұластыра жалғап отырған. Міне, бүгін сол уатсап желісіне біреу әкесі туралы хабар жазыпты. Хабарда: Байырқа мырза, шүйіншіңе қанағаттандым. Ол тірі. Алайда ол жұмыста. Шүйіншіңе қызығып бере салғаныммен ондай ақы дәметпейтін, ас талғамайтын, көлденең сылтау айтпайтын көн тері көмпіс бізге қайдан табылады. Бір ғана шарт- осындай бір көнтері тауып шүйіншімен қоса әкеліп бере алсаң айырбастауға болады. Танысаң дайындығыңды көр,бәлкім, әкең осы болар,- деп суретін де шығарып қойыпты.

Хабарды көріп қуанған байырқа отбасы кісі сенгісіз қартая азып кеткен аш аруақтай Аймауыт суретін көріп көңілдері су сепкендей құлазып қалды. Қызы, келіні егіле жылады. Байырқа еңкейе басын шеңбектей отырып қалы. Азатгүл ауыр- ауыр күрсініп көзіне жас ала отырып: е, қайран арысым- ай, “ат арыса тулақ, ер арыса аруақ”деген осы екен ғой, бір нәрсеге мейірің түсе қарағанда кісіні қызықтыратын мөлдіреген тұңғиық көзің жанары өшкін тарта шүңірейе ішіне түсіпті, өрмекшінің торындай айналасы айғызданыпты. Мұртың аузыңа түсе қауметің солған ұртыңа ұйпалана жабысыпты. Қою шәшің сұйқылдай ағарып жалтыраған төбеңді жасыруға да дәрмені жетпей онсызда ұшқан үрейіңмен бірге желке жаққа үрке үрпиісіпті... қайтейін, қайтсем қол ұшын бере алар екенмін, деші!- деп үнсіз ойланды. Мең- зең бола сенделе орнынан тұрып балаларын уатты. Аздан соң от басында сағатқа созылған тартысты талқы өрістеді.

Байырқа:    

-Шүйіншіні тағы бір адамның құнына көбейтейін... Балқия:

- Адамды өзің тап ақысын біз төлеп тұрайық,- десекші... Назкерім:

- Екеуіне де көне қойуы екіталай, өйткені ол «құл»еңбегінен пайдаланып жылына талай еңбек адамының кірісін заңсыз иеленіп отыр. Оның ойындағы ақша емес, көмпіс құл ғана... Азатгүл:

- Назкерім дұрыс айтады, ол илеуге көнетін адам еңбегімен өндірісін неше еселеп отыр. Менше оған екі жол бар: бірі, қоғамдық заң орындарымен сәйкесе апанды талқандап адамды тартып алу. Енді бірі, іздеген адамың осы деп жол да, жөн де білетін тіс қаққан жансыз кіргізу арқылы адамды құтқарып жансыз арқылы жүгенсізді ауыздықтау. Байырқа:

- алдынғы жобаңыз дұрыс- ақ, бірақ, әкемді өлтіріп алар ма екенбіз... Балқия:

- соңғысы дегенге кімнің батылы барып басын қатерге тіге қояды... Назкерім:

- Ол қай жер екенін айта қоймайды, келіскеннен кейін алыс бір өңірге барып адамды айырбастайды да алған адамының бүтін докметін сыпырып алады. Бәлкім, есеңгірете қолдан мәңгүрт жасап маймылша ойнатып қоюы да мүмкін ғой... Байырқа:

- Бәрі де мүмкін. Солайда соңғы жобаға мен қызығып қалдым. Оған біз ешкімді де ұстап бере алмаймыз, тәуекел, мен барып әуелі, әкемді құтқарайын, сосын алланың басқа салғанын көрейін, бәлкім, бір амалы табылып та қалар... Азатгүл:

- Отбасыңа деген адалдығыңнан да, жәбір көрген жанға деген жан ашыр адамдығыңнан да айналдым, балам. Бұл еш амал- шара таппағанда амалсыз баратын соңғы шара. “жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас”деген. Әуелі ісімізді көпке салайық, сосын, заңға, балам. Өзіңмен бірге ой бөлісіп, жан ашыр жақын болып жүрген азаматтарыңды шақыр, көпте құдайдың көлеңкесі бар деген ғой, көп болып та бір ақылдасып көрейік.

Назкерім мен Балқияның жанталаса жүріп жайған кең дастарқанына жәйғасқан он қаралы адам “кебін емес кебенек кигені”анық болды ғой, апай, әлі- ақ отбасыңызға оралады, - деп құтты болсын айтысып жатты. Түйеге “ә, чү”дегенде медеу дегендей жақсы лепес жарым ырыс емес пе, Азатгүлде көптің ықылас тілеуіне көңілі тоғайып қалды. Болған жағдайды Вайырқадан қана ұққан төр басындағы бурыл сақал кісі:

  - Заң саласында осындайларға салатын арнайы тәрбиеленген адамдар болады. Заңға жүгінген жөн шығар, менше аудан сақшы бөдімшесінен көмек сұрайық.

  Бұл ақыл Азатгүлге ұнасада Байырқаның көңіліндегі  «әкемді жәзім қып аламызба» дейтін күдікті сейілте алмады. Солайда ана емеуірінін заңдай көретін Байырқа соғңы шешімді анасынан күте қарап іззетпен иілді. Басқалардың да ықыласы Азатгүлге аунай тыныштала қалды. Азатгүл қасына Байырқа мен әлгі саркідір кісіні ерте ертең ауданға аттанатынын айтып қатысты жол дайындықтарын көрулеріне міндет берді.

Ауданға әйгілі ықпалды кәсіпкер Азатгүлдің бұйымтайы аудан бөлімшесін тікесінен тік тұрғызды. Өйтетіні бұл дело аудан бөлімшесіне бейтаныс емес талай жылдардан бері ашуды күте- күте сүріленген, оның үстіне әркімді елең еткізердей шүйіншісі де сүбелі дүние-тін. Солайда бір зілбатпан иықтарынан басып, бір зілмәуір шой аяқтарына асылып тұрғандай адымдары ашылмай дело туралы сөз бола қалғанда бас маман делоны өз қолына алады да шексіз әлемнен өлшеулі шек жасай шеп жәйдыратын да қатысты органның іздек- сұрағы бәсейгенде боранды күнгі тордай шеп қайта жиналып қала беретін. Бүгінде бәлкім сол әдетпе, жоқ бір өзгеше тіксіну бар ма бас маман Азатгүдден бар ахпаратты алып бөлімшенің бірінші күн тәртіпте тұрған осыбір айтылмыш бас делосының ашылуына үлкен қолқабыс тидіргені үшін тоңқалақтай да, кәукелектей де алғыс аита өзге емес, өз қолымен әкеліп беруге ант- су ішті.

Бұрында осы салада ұзақ жыл жұмыс атқарып көп тәжірибе жинаған саркідір кісі Азатгүлден бар жағдайды ұғысты да Азатгүлге бөлімшеге біліндірмей тәуелсіз барлаушы жалдауын ұсынды. Ұсынысты табанда қабыл алған Азатгүл осы істі мол жалақымен саркідір кісінің өзіне жүктеп әр екі жақты да өз бақылауына алатынын ұқтырды.

Күні кеше ғана мол шүйінші мен көмпіс құл алуға барын салып тұрған белгісіз адам үні сап тиылды. Телефон номері де жоқ болды. Бұл тәуелсіз барлаушылардың да, ақы иелерінің де күдігін еселей арттырып ақыры Байырқа ұялы телефонында сақталып қалған нөмір арқылы  өңір аттап барып телефон сегналының таралған өңірін сонымен бірге осы телефон қоңырауынан 18 сағат кейін мөлшері осы аудан орталығы тұрған нүктеден тағы бір белгісіз қоңырау шалынып барып екі телефон номерінің де қарасы өшкенін анықтап шығады. Тәуелсіз барлаушылар Байырқаның ұялы телефонына түскен хабар мен Азатгүлдің аудан бөлімшесіне барған уақыт аралығы да 18 сағат айналасы болғанын есептеп бұл делоның өз аудандарындағы бір белгісіз дөкеймен қатысты екенін топшылайды. істің анық- қанығына онан ары көз жеткізбек болған Азатгүл тағыда бөлімшеге барып қолға алған істерінде ілгерлеу бар- жоқтығын ұғысады. Азатгүлді қабылдаған бас маман баяғы сол кәукелек қалпында қарсы алып жауапкерге Байырқадан өзге ешкімнің хабарласуына болмайтынын, өзге адам хабарласса оны секем алдырып алатынын, Байырқаның салған қармағын қапқан күні аңдып жатып бас салатынын айтып қайтарады. Осыдан соң істің шын сырын аңғарғандай болған саркідір кісі бөлімшенің ішінен бір ыңғайлы кісі тауып жемдеу керектігін, оны қолға қондыру арқылы бас маманның басқан ізін аңдыту керектігін айтады. Азатгүл ондай адамның табылыуына күдік келтіреді. Мынау істің бәрін ақша шешіп отырған заман екенін; қарапайым сақшы болсын, оқытушы- дәрігер болсын бәрінің де айлығы шәйлығына жетпей жалтаңкөз өмір сүріп жатқан жалданба кедейлер, олардың қай- қайсысында да қатын- балаларының қамынан асып ұлт, ел мүддесін ойларлықтай мұрса жоқ екенін көлденең тартады. Мектепте істеп жатқан өз келінінің алып жүрген еңбек ақысы мен мектептеріндегі тек бір адамға ғана тәуелді ырықсыз басқару түзімдерін ойға алған Азатгүл еріксіз иланады да бұл істі және өзіне тапсырып сұрағанын беруге келіседі.

Ішкі күдік күшейген сайын Азатгүл командасы жан- жақты жасырын аңду- торуды күшейте түсті. Алдынғы реткі телефон сегналы байқалған орын жерлік бөлімше сақшыларымен сәйкесе ішке кіруді қолға алады. әуелі бес аспап жетілген Мұстафа өзтүрік шәкірттерінің бірі сегз қырлы, бір сырлы сенімді азамат Қатудыдың есім- сойын өзгерте Ерзада атандырып қолдан қаңғыбас қайыршы жасап сол көлемге қаңғытып қояды. Елден тамақ сұрап жеп, далаға түнеп жүріп құдды Аймауытша Дөненбай дөкей шарлаушыларына жолығып қапияда қолды болады. Оларда оны кәнігі әдістерімен алдамалап та, арбап та, қинап та көріп құмардан оңбай ұтылып еш докметсіз ел ақтап кеткен жәй кезбе екеніне, тек тамағы үшін неге салсада істей беретін қармаулы азамат екеніне көз жеткізіп тағы бір «көмпіс құл» тапқандарына қуана- қуана жұмысқа жегеді. Бара пішен шабу қарбаласына түскен ол жұмыстан қашпақ болып ақыл құрап жатқан екеуді ұстап беріп еңбек көрсетеді. Шөптен кейін шахта жұмысына жегіліп онда жымсыма ұрыны ұстап сенімін арттырады. Осыдан кейін оны Дөненбай жырындылары қызық, ермек үшін алыс мал отарына ертіп малшылармен алыстырып, азулы иттермен жұлыстырып тамаша құрады. Өзіне қасқырдай ұмтылған иттердің ең алдынғысын артқы сирақтан ала түсіп шоқпардай үйіре өзге иттерді маңына жуытпай қояды. Ентелеп болмаған біреуін қолындағы «ит шоқпарды» көзей сілтеп жалпасынан түсіреді. Өзге иттер жеңілген итті желкелеумен болады...

Болған жағдайға езулері жыртылғанша күліп мәз- мәйрәм қайтқан Дөненбай дөкей жырындылары бұл тың тамашаларымен байлықбастылық пен қатынмастықтан серги алмай барған сайын бойкүйездене балпиып бара жатқан қожайындарына тосын си жасауға асығады. Бұларда жыртақойлана құлақ түпке жеткен езулері мен бейқам жүріп бейпіл жіберген жүректерін жинап болғанша орда алаңқайына қалай жетіп қалғанын бірақ біліп сасып қалады. Е, «құланның қасынуына масаның басылуы» деген осы- ау, қожайын көңілі түскен бір келіншекті әкеліп бере алмаған пысықайларын бидәйдәй қуырып жатқан үстінен түседі. Оларды көрген дөкей:

- Пай- пай кеше болғандарыңда ғой, мына өңшең ынжықтар меселімді қайтарып ашудан жарылардай болып отыр едім, келгенерің жақсы болды енді бұл істі қолға өздерің аларсыңдар деп,- қасындағылырына қолын бір- ақ сілтейді. Атшабарлар тоңқаңдай бас иіп шегіншектей шығып кетеді.

- Сізді ашуландырғаны өз бастарына тілеген азап қой олардың, біліумізге болатын болса жолыңызға басымыз құрбан, басеке...

- Не құпиясы бар дейсің, баяғыдағы сияқты бір қызыл түлкі бұлаңдап алдан шығып еді мына ынжықтар соны әкеліп қойынымды бір қуантуғада жарамады. Сендер келмесеңдер әкиматтағы жігіттерге тапсырып сол кәдуілгі тәсіл бойынша келіншекті алдыртайын деп отыр едім.

- Алаңдамаңыз, аға, ертең- ақ тақымыңызда ентігіп, қабағыңызға көндігетін болаы.

- Ал өздеріңде не жаңалық?

- Бәрі де өзіңіз үшін ғой, аға, сізгеде бір тосын си дайындап келдік. Әуелі аңға шығып қанды қуырдаққа бөгіңіз. Сосын біз дайындаған тосын си қызуымен көңіліңіз тартқан келіншектің аршын төсіне ақбурадай айбынмен бір шөгіңіз...

- Ха ха ха... әй қулар- ай, қулар- ай адам көңілін табудың айлагері сендердей- ақ болар, жарайды, жарайды дегендерің болсын.

Жырындылардың асыға күткені де осы келісім. Бұған қол жетті. Жоспарлары ойдағыдай орындалса Дөнекеңнің де әукесі түсіп бұларды үлкен олжаға кенелтері мұнда тұрған шаруа. Олар істі ұтымды жолмен әрі тез, әрі мағналы тындыруға ой бөлісті. Әуелі сөз алған жырындылардың үлкені Арандин:

-Орай екі келмейді, бауырым, ісіміз сәтті орындалса олжаның 40 пайызын қанжығама байладым дей бер. Былтырғы тамашада бір су жүрекке жолығыппыз айқасқанды қойып иттердің айбынынан- ақ жүрегі жарыып өліп қалды. Биыл олай бола қалмас деп үміттенемін, Залеке, деп орны өзінен кейін тұратын Залалкинге қарады. Залалкин:

- Ол жолғымыз тым тосын болды- ау деймін, не істейтінін бір ауыз ескертіп қойғанымызда өлмес те еді.

- Оның қызығы сол тосындығында, алдын ала айтып дайындап әкелетін екі жақ күш сынасқалы жатқан жоқ, тұтқиыл болатын тосын қимылды тамашалағалы отыр. Оның қызығы да, ләззәты да сонда. Ал мына «жаңа құлдың» алдынғы шайқасын байқадың оңай жем болатын кісі көрінбейді. Бұл біразға созылатын тамаша болғалы тұр, атақты төрт төбетті де апарамыз, а дегенде төртеуін бір- ақ қоссақ тез тындым болып таңдайды тақ еткізер өкініш болуы бек мүмкін. Сол үшін алдымен «Көкдолыны» сосын «Бөрбасар» мен «Сырттанды» соңында «Көксеректі» қоссақ күш жалғап жүгірген сияқты уақыт та созылады, тамашаның сәні де келеді.

- Ойбай- ау, мыналар Айумен айқасып, Бөрімен бүктесіп жүрген бәледер ғой, тағыда өлтіріп алып масқара болып жүрмейік, ағасы?!

- Бірер құлдың өлуі неге тұрар дейсің, бауырым, мәселе қожайынның көңілін табуда жатпай ма!? солүшін де амалдап созып қожайынның көбірек күлуіне мүмкіндік жаратайын деп отырмын. Сен итбағарлардың бірнешеуін ертіп «құтбандарды» өз- өзінің көлігімен тауға жібер былтырғы жерге жәйғассын еш сыр айтпай «сол жерден бізді күтіңдер» десең болды. Өзің әлгі «құлды» алып малшыларды аралай бір аптада жететін бол. Мен әлгі келіншектің ісімен айналысайын.

- «Құлды» да, иттерді алып істі бәрін қабаттай тындырсам болмай ма, аға?

- Ит ғой жылда барып жүрген дағдылы хайуан, ал анауыңды қанша «құл» дегеніңмен тегі адам емес пе, байлап та қоялмайсың, бос та жібере алмайсың қайсысын істесең де тосын си болмай қалады. Тосын сидың мәнін арттырамыз десек оны «алыс- жұлыс майданына» істі бастау үстінде жарқ еткізуіміз керек сонда ғана ол кім- кімгеде тосын қызық силайды.   

- Жарайды, менікі ғой көзеулі жер, көрнеу жұмыс онысын олай,бұнысын былай жәйғай салатын, сізге бір апта тым қысқа емес пе?

- Не екіленіп отырсың, сені жәныма ерткен осыншама жылдар бойында ағаңның ойға алған ісін орындай алмаған кезі болып па еді!?

- Жоқ, аға, мен тек уақытты ғана меңзеп тұрмын.

-Ойбой, сенде сөйлейсің- ау, «би жоқта құл жүреді жораға, ит жоқта доңыз үреді қораға» дегендей мынау әділеттігін жоғалтқан заманда кедей ел теңгеге, жемқор шенеуник жемге тұрмай ма!? Ойлашы өзіңді бір, өрт те қойдық, пошта да тонадық, кісі де өлтірдік біз қандай әділеттілікпен жер баса тайраңдап жүрміз, бұл ненің күші деп ойлайсың? Бізде сол әділетсіздіктен қоғамнан өз орнымызды таппай еріксіз осы жолға түскен жәбірлі жәндармыз. Бізге жән керек, қожайынға мал керек болды, біз сол қажеттілік үшін барымызды салдық. Ал мынауда сол сияқты ол йә ақша, йә айла, йә күшпен бітеді. Алдынғысын талдаса ешкім зардап шекпейді, екіншісі болса қарсыласың теміртордан шығады, ал үшіншінің іздегені тек ғана өлім. Қысқасы жеме жемге келгеде қожайынға құмар қандыратын жұмсақ тән, қатынның жоқшысына жан керек болады да осы қажеттіліктер жоғардағы басқыштар бойынша  бір- біріне жол берісіп тындым болады. Біз ешқайсысына саусақ ұшын да тигізбейміз, сол ел ішіндегі іс басында жүргенсымақтардан қажетіңді алып келетіндер де, жауыққаныңды жамбылға жауып беретіндер де, арағайынға келмегенін атып- шауып беретіндер де табылады. Өз мойыныңа алған ісің айтқан уақытта аялсыз бітетін болсын,- деп Арандин Залалдиннің қолын қыса аттанады. Ал Залалдин сті ың- шыңсыз уақытында тәмәмдап осы жолғы сй ақыға интернетте «қыздық саудасын» қыздырып жүрген саит сайқалдарының біріне тапсырыс беріп қызыққа белшеден бір батудың қазанын асып қайтты. 

Адырлы қойны алшия арыға көсілген көкбетегелі көркем дала. Шет- шегіне көз жеткісіз алыстан мұнартады. Адырлай келіп тік түскен шатқалдың басы көлемі шағын болсада ағысы қатты өзенше. Ирелеңдей төмен сырғыған сайын тынысы кеңейе ағысы арындайды да жағалау сәмбі талмен ұласа көк сазды кең қарын қалыптастырады. Дәл осы жер Дөненбай дөкейдің сая жәйі. Онда бой көтерген еңселі ағаш үйлер де, ою-өрнекті қазақы ақ ордалар да өз сәнімен саяжәй салтанатын асыра айбынданады. Өзеннің бір жағы биебау да біржағы спорт алаңы. Спот алаңы жағына жалғаса Бәйбіше мен баршын тоқалдар ауласы күтуші, күзетшілерімен бөлек- бөлек жайғасқан. Ал биебау жақ ерке тоқал, ермек бикелер ауласына арналған. Бұлар жаз айларында кезегімен келіп отағасысының көңілін көтеріп ықылысына бөленіп мейіріне қанып қайтуға барын сала бақандарын ала орай күтіседі...

 Арандин мен Залалдин оны да мұны да айта келіп бар қызықтың түйінін осы араға тоқайластыра тояттай тарауға келіскен. «ағаның» айтуынан шығуға тырысқан Залалдин әуелі «жаңа құлды» саяжәйға жақын мал отарына апарып ұстай тұруға екі жігіт оналастырып, өзі «арыс иттерін» алып саяжәй шатқалының басындағы «боз ойнақ» аталатын орманды түкпірден қонақтарға арнап ас-мәзір, жатын орын дайындығына кетеді. Алла сәтін салған істің қисыны да аяқ астынан келе қалатыны да болады. «жаңа құлға» жауапты болған екі жандарым жол жағдайының қолайына қарай бір мал отарына қоналқаға түседі. Өзін көрмеседе фото суретіне көзі қаныққан «жаңа құл» отардағы малшының Аймауыт екенін бірден тұрақтандырады. Әрі бұйрықша осылай орайласа қалғанын жақсылыққа жори алланың жолдарын ашқалы тұрғанына еш күман келтірмейді. Алыс жол азабын жеңілдетуге жәрдемші болып зыр жүгіре есік ашып еңкеңдей кіргізіп, орындарынан демей тұрғызып, қолайларына әбден жағып алған «жаңа құл» Аймауыттан бұрын қимылдай от жағып ас- су дайындауға кірісіп кетеді. Аймауыт әйтеуір туада адам бейнеде еді ғой деген болмаса ләм деп ешкімге тіл сындырмай біресе малына біресе қонақтарының қабағына қарағыштап еңкеңдей ұшып жүр. Төр басында шірене жатқан жандарымдардың үлкені екі «құлға» бұйыра сөйлеп:

    - Біз жәйлі үй, дайын тамақ таппай мұнда келгеніміз жоқ, дала отына жәйылған жарамды жас малдан сойып дүз тағамын жейік деп келдік,- деп екеуіне оқты көзбен тесе қарап қойды. Манадан мылқау- сақау адамдай жүрген Аймаыт қонақтың бетіне тіке қарауға батпай қасындағы бейтаныс «құлға» қарап:

     - Мал сойюды қожайынға айту керек ед...» деп төменшіктей міңгірлеп қалды. Оның дауысын шала естіседе түсінген жандарым:

      - Қожайыныңды көріппең?

      - Ертеректе 7-8 жылдың алында бір көргем.

      - Бағымыңда қанша мал бар?

      - Мыңқаралы.

      - Қожайыныңда сен бағып жүрен мыңқаралы отардай неше оны бар, оған бір ғана қожайын қалай қарап үлгіреді. Малына қарай бір емес, ондаған қожайын жұмыс істейді. Сол қожайындардың бірі мына біз біреу келіп есеп алса «Залалдин» деген қожайын жеп кетті де артынан акт жасап беремін. Аймауыт пен «бейтаныс құл» мал ұстауға кетті де отардың «құрметті қонақтары» қарақостың қасиеті сіңген қою шәйіне қана маңдай терлерін сыпыра жәндерін жадырата жәйленіп отырып қалды. «бейтаныс құл» аймауытқа істің шын сырын айтпаққа неше оқталып барып «оның талай жылдардан бергі өлген арманын оята жойылған сенмін тірілтіп, үзілген үмітін қолма- қол жалғау мүмкін емес шығар, неде болса шындықты іс үстінде танысын, онанда қолдан келген бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып осы түннен қалдырмауым керек» деп шешті. Ол Аймауыт көрсеткен қара ісекті ұстамай іштей алладан ақ жол тілей барып ақсарбас марқаны ұстап әкеліп қос есігінен қонақарға көлденеңдетіп бата тіледі. Кішісі үлкеніне қарап еді үлкені:

     - Ненің салтанаты ей ол, тақ бір отауына шақырып отырғандай бата тілеуін өзің бірдемеңді айт та соя бер. Әуелі мына кілтті алып көлікті аш та от алдырып мына қолфонды зәрияатқақой, сосын артын ашып жәшіктегі арақтан бір- екі құмыра алып кел,- деп «жаңа құлға» түйіле қарады. Жаңа құл:

     - Әттең, айналайын ағакем- ай, осы аитқандарыңызды орындауды білгенімде ғой, ондай қасиетті дүниелерді өздеріңіздей ақсүйек төрелердің тақымынан көріп тамсанып, қолынан көріп қорланып өскен пақырмын. Ал арақ жарықтықпен бала жасымнан- ақ алысып ит жығыс келе жатқан жәйім бар...

- Қай заманда жасап жүрген жансың ей шырағым, шыны солай ма?!

- Өз құзырларыңызда осылай құлша жорғалауды бақ санайтын мен сияқты асырайтын ата- анасы, алаңдайтын бала- шағасы жоқ соқа бас сидам сопыға өтірік айтқан қай сор еді, аға, бар білерім қара жұмысты талғамай істеймін, арақты судай сімірем, өтірік, ұрлықтан аулақпын...

- Сен ші? Өзіне түйіле қараған суық қабақтан ығыса еңкеңдеген Аймауыт көлік кілтін жасқана қолына алды. Жаңа құл ере барып көлік іші- сыртын барлап қайтты.

Қонақтардың алдына әуелі, қақталған төстік, сосын тау сарымсағымен дәмдендірілен майлы қуырдақ келді. Адам баласының арын да, нәрін де керек етпейтін арзан көңіл аш мойын шөлмек те аспен араласа қолдан- қолға жүйткіді. Бес аспап тәрбиеленген елпек жігіт бейтаныс «құлдың» қолымен мескейде қайнап жатқан жас еттің жағымды  иісі мұрын жара аңқып ар жақтарынан тәбет қозғай сұраныс жасап үлгірді.

Алдарына тартылған төре табақ етпен майы сіңіріле сапырылған тіл үйірерлік дәмді сорпадан гөрі орнын таба орындап, өңін келтіре өріп шыққан сынаптай сырғыған сырбаз жігітке разы болған Алысбай:

-Е, азамат, «мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген, атыңды білмесек те затыңды таныдым. Жиһангез серілерге жолсерікке жаратылғандай қылаптың өзі екенсің. Төселе жүгіріп, төредей күткеніңе разы болдым, айналайын, кімнің ісі болсада араласа кететін байырғы қазақылықты тастамаған пысықтығың ұнады, «қолы ойнағанның аузы ойнайды» деп ата- бабамыз бекер айтпаған, мынадай заманда ішімдегіні тап деп ешкімге жынысын қоспай томсырайып отырған да, даяр асқа тік қасық боп көкиіп тұрған да арам өледі. Елпек қимыл, ершімді істеріңе рахымет. Мен Алысбай алау деген ағаңмын, ал мынау Берісбай берен деген ағаң. Бәрімзде бөтен емес, тағдыр осы жеррге тоғыстырған екен йә бүге, йә шіге болғанша осы алып кеме алпауит төреде малтимыз. Ал, өз ныспың не? Қалайша бұл күйге түстің, аитып отыр бәрімізде елден кеткен дала тағыларымыз, бір жағы ермек, бір жағы таныстық болсын.

- Атым Ерзада, аға, ауылдағылар «Егеуқара», «Қарадоиыр» деген сияқты лақаптармен атайды, өзім де оларға атығып кеттім. Әке көрмедім, шешем марқұм арқасына көтеріп, аузына тістеп дегендей жанкештілікпен бағып ел қатарына қосыпты. Амал не шешем жарықтық талай мектепке берген екен еркелік пен есіріктік қабаттай бұғаулап алған жүйке ешкімге бұйда ұстатпай бұзақылықтың төрінен бір- ақ шығарыпты. Осы елде әліпті таяқ деп білмейтін бір адам болса сол менмін. Бәр мінім осы да бәр айыбым шындық үшін шырылдай отқа түсе кететінім. Сөйтіп шырылдай жүріп осы жерден қалай шығып қалғаныма өзімде таңмын. Түрме ғой менің айына болмасада маусымына біраз уақыт қонақтап қайтатын үйреншікті орныма айланып қалған жартылай мекенім. Онанда қажыдым- ау тегі бас айланған жақтан дізгін тартпай ел ақтай жүріп тиянақтаған жерім осы болды. Бақ па, сор ма белгісіз алдынғы аптада итке талатып өлтірмек те болған, енді не тосып тұрғаны тек бір аллаға ғана аян... 

Оның тағдырлы халіне жаны ашй сөзін бөле жөнелген Берісбай берен:

-Е, айналайын- ай, тентектің бір аяғы сегіз, бір аяғы тоғыз деген осы, алла жолыңды оңғарсын, «су ағады, тас қалады» деген, тас болсаң қаларсың бұғанда мойымай, бор кемік бос белбеу болсаң езбелтек құлға айналарсың, бірақ, сеннен ондай ныспы көріп тұрғам жоқ, ұста мынадан бір кесе тартып жіберіп ішқұсаңды шығар, деп мөлтілдеген арақ кесесін ұсынды. Ерзада:

- Пиғылыңызға рахымет, аға, мен бұдан бас тартып көрмеген кісімін. Бірақ, бұны ауызға алған жерде үйге йә, арақ, йә, мен түнейтін әдетіміз бар еді. Тәуекел іш десеңіз онда мұны жол ортада қою жоқ, йә, алып жүрген жәшіктеріңіз сарқылады, йә, мен ес- түссіз неше күн сұлап қалуым керек. Жастан қалыптастырған дағды осы, бұл да бір соқпа дерт сияқты бірер айда бір айланып соғып кетеді. Сөздің басын ашып алайық, мені де бекер алып жүрмеген шығарсыздар, «пұшық мұрнын жасырмайды» деген сияқты мен сырымды жасырмай айттым, ойға алған маңызды жұмыстарыңыз болса жатқан жыланның құйрығын басып «бір теңге беріп жылатып, мың теңге беріп қойдыра алмай» жүрмеңіздер. Алыспайалау Берісбайберенге қарап бас шайқап кесені кері қайтартты. Ерзада өзінің бастағалы отырған игі ісіне көлденең болама деп алаңдап отырған «желік судан» құтылғанына қуана іштей аллаға сиына шүкірлік етіп отырды.

Желік су бетке де, артқа да қарамай айланып жүре берді, біреулер ерлене есіріп, біреулер көмескі көсіліп күле берді...

Алла оңғарайын деген істің сәті бір- ақ дем. Балбырай жәйіліп, өмірден кеткен еселерін елітпе көбіршік ерлікпен ауызша қайырып отырған Берісбайбереннің көңілінде ешкімгеде  күмәннән орын қалмады. Алысбайалаудың ойы қазірге әптер- тептерлеу, еміс- еміс есінеп қойып әркімге көзінің астынан сүзе қарайды. Ерзаданың бәр үміті  осы есінеуде. Йә, сәт, есінеу жиілеп көзге жас та араласты. Оның үстіне Берекеңнің мақта қамшы мәй кесесі де жортақтай жонын сипай бастады. Алекең көз астымен қанша сүзе қарасада үзе тартарлықтай ештеме іліктіре алмады ма, жоқ, мәйлі мақтау буынға түсе өзін меңгеруден қалды ма Берекеңе сығырая қарапбауырым өзіңе се...сен... деп сөз аяғын шығара алмай шалқалай барып қор ете түсті. Дастарқан билігі өзіне еркін тиген Берекең ескеуілдей есіп отырып осы сапардың біраз құпиялықтарын да ашты. Әлгінде ғана елпектей емексітіп отырған Алысбайалауды жақатпай бірер сыбап та қойды. Оның мақтан сүйгіш даңғойлығын дөп баса икемді пайдаланған Ерзада мақтаудан ат міндіріп, жақтаудан түйе жетелете отырып арт- артынан екі кесе көтертіп тырабай асырды да істің шын мәніне көшпек болған Ерекең Аймауытқа шұқшиды. Ерекең төтесінен Аймауыт аға,- деді бетіне тіке қарап, талай жылдар бойы аталмай кеткен өзінің азан атын тосын естіген Айекеңнің көзі бағжаң ете түсті. Сөзін онан ары нықтай жалғаған Ерекең: 

- Мені сізді мына тозақ дүниеден құтқаруға Азатгүл апа мен Байырқа аға жіберді. отбасыңызға оралып, ел- жұртыңызға қауышқыңыз келсе менің айтқанымды істеңіз.      мен қазір мына екеуінің барлық докметі, қару- жарағы, хабарласу құралдары, көлігінің кілтінен тартып түгел сыпырып алам да байлап- матап көлікке басамын. сосын малды аллаға аманаттап жолға шығамыз. айтқаным бойынша дереу жиналыңыз, қайшы келсеңіз мен өзіме жауап бере алмай сізді де бірге байлайтын боламын...

- Мен... мен кісі өлтіріп...

- Зәйіпханды айтасыз ба, ол тірі, қазір Азатгүл апаның қолында, сізде еш қылмыс жоқ, артыңызда тек зарыққан жұбайыңыз, сағынған балаларыңыз, аңсаған немерелеріңіз бар осыдан өзге ештеме ойламай маған сәйкесіңіз. Аймауыт көз жасына йе бола алмай есі шыға меңірейіп отырып қалды. Еркін дүниеден күдерін ерте үзе құлдық  қамытын мойынға еріксіз іліп ит тірлікке көніп кеткен оның есін жия, күш- қайрат жиып алуына біраз уақыт қажет екенін бағамдаған Ерзада оны отырған орнына тастады да қостағы екеуіне қол салды. оларды айтқанындай байлап- матап көлікке салды да қайта айналып Аймауыттың бетіне бір шөміш суық су шәшіп есін жинатып:

- Көлік жүргізе аласыз ба!?- деп бұйыра қарады. екі ұдайылау ойлы көзбен Ерекеңе қарап сәл кідірген Айекең:

- Алғашқы мүшелімнен бастап тепкен көктемір ғой, көрерміз бұйырса.

- Ендеше, тез жинал да көлікке мініп мыналарды бақылауыңда ұста.

- Бұлардың қажеті қанша, неге ала кетеміз?

- Бірінші өз амандығымыз үшін, екінші, бұларда сіз сияақты басыбайлы құл, оларда азаттық алуы керек...

- Ал бас сауғалап жүрген қылмыскер болса шы?

- Қылмысы болса ес жиғанда айтады, істері заң арқылы шешімін табады, ұзаңқырап қауіпсіз жерге барып алғанша босатуға болмайды.

Айлы түн. Адыр тау. Жолсыз дала. Ақсақ киіктей шоқырақтаған жалғыз көлік өңмеңдей ұшыртып барады. Таңға жуық ес жия өзінің қолды болғанын бір- ақ білген  Алысбайалау екі көзі шатынай көлік ішін жарып жіберердей ашумен ақырды. Екі көзі қан талай  аузы көбіршіп аяқ- қолы байлаулы артқы орындықта таңулы жатқан ол Берісбайберенді баспен сүзгілеп оятты. ол да ашудан қыстыға жарылардай тыпырлап барып  байыз тапты. Екеуі де енді құтыла алмасына көздері әбден жеткенде барып жүндері жығыла жуаси тіл қатты:

- Сен кім, қайдан келдің? Ерекеңде үн жоқ.

- Бізді қайда апарасың? тағы үнсіз.

- Айтсаңшы, шырағым біз неден жаздық? Діті жетпей отырған Аймауыт екі жаққа кезек жалтақтайды.

- Айналайын, болмаса дәрет сындыртсаң шы?! Ерекең қалтарыстау ойпаң жерге апарып әуелі, Алыспайалаудың аяғын босатып көліктен түсірді. Әбден жеңілдеп алған шалбарын Аймауытқа байлатып алды да Ерзаданы жанына шақырды. Оның іштей бір қулық  сайлап тұрғанын сезген сайыскер азамат Аймауытқа Берісбейберенді босаттырып оны да жеңілдендіріп алып, Ағеке, не жұмыс еді? деп қасына жетіп келді. Осы орайды асыға күтіп тұрған Алыспайалау баспен бір- ақ сүзіп шалқасынан түсіріп кеудеге қарая кетпек болып енді ұмтыла бергенде өзі де онан осыны күтіп іштей дайындықпен келген сыралғы сайыскер бұлт ете түседі. Алекең өзін билей алмай барып жер сүзе оңбай жығылады. Осыдан соң ғана дұрыстап сөз  алған Ерзада:

- Екеуің де арыстың асыл тек азаматтары емес, ауылдың адырақбай қазан бұзар тентегі екендеріңді бір көргенде- ақ білгенмін. солайда еркек бастарың бар ғой, аяқ- қолдарыңды шешіп бостандықта ұстайын шамадарыңша қарманып қалыңдар, қаршадай балаға қапыда қолға түсіп обалды кеттік- ау деген іштеріңде арман кетпесін...

- Жекпе- жекке ме?

-  Қалауларың білсін, біреулеп пе, екеулеп пе, әйтеуір құтылып кетудің амалын ойлайтын шығарсыңдар?! Олар бір- біріне тіл сындырмастан бірге соғайық дегендей ишара білдірісті. Аимауыт екеуін де босатты. Олар аяқ- қол саусақтары мен белбуындарын сытырлата созғылап құрыс- тырысын жазып біраз әрекет жасап алды да екеуі екі жағынан Ерзадаға лап қойды. әуелі біраз еркіндетіп барып екеуін екі жұдырықпен сұлата салған Ерекең қапы қалмаңдар, ер кезегі үш деген деп қайта шақырды. ести сала ызақор да күйгелек Алыспайалау қолына бір уыс топырақ уыстай ұшып тұрып әлі де есеңгірей сұлап жатқан Берісбайберенді жағаласпай жан қалмайды, тұр, алыспай берісу жоқ деп май құйрықтан теуіп қалды. ұйқыдан селт ете оянғандай ол қалшылдай ұшып тұрды да Ерзадаға бір- ақ атылды. бәр назары Алыспайалаудың қолындағы топырақ та тұрған Ерзада көзіне топырақ шәшпақ болып ұмтылған Алыспайалаудың алдына көз ілдірмес тездікпен Берісбайбереннің иығынан жұлқи ұстап қалқандай тосып үлгірді де жер тарпыған бұқадай шаң қапқан Берісбайберенді қолтоқпақтай үйіре Алыспайалауды маңына жуытпай қойды. Мысы құри отыра кеткен Алыспайалау жәніп тұрған жас, балада болса бас екеніңе көзім әбден жетті, балам, қатем болса кеш,- деп солқылдай жылап отыра кетті. оның бишара халін көрген Ерзада қолында жүндей түтіле, шылғи қайыстай созылып ұйпа- тұйпасы шыққан Беріспейберенді жүн салған дорбадай жеңіл көтеріп қасына қоя салды. сол- ақ екен ол басын көтеруге шама жоқ лақылдата құсып жіберді. оны көріп сасып қалған Алекең манадан қаққан қазықтай алақтап тұрып қалған Аймауытқа басын сүйе дегендей алая қарады. бұларды дем алдыра сусындатып алған Ерзада өзінің Аймауытты  құтқаруға жәнін шүберекке түйе апанға кірген ер екенін  айтып шындыққа көздерін жеткізді. Тосаттан қайраңға шығып қалған балықтай жүрек соғыстары жиілей жөнелген олар тілдерін жұтып қойғандай үндері іштеріне түсе көздерін бағжита отырып қалды. олардың бұл халін көрген Ерзада:

- Арманда кетпесін деп өздеріңе бір- бір талғам бердім, ер азаматпыз ғой, алдарыңа тағыда бір талғам тастайын, қаузап көріңдер. Олар бастарын сәл көтере сұраулы көзбен Ерзадаға шұқшия қарады. Ерекең:

- Алдарыңда екі жол бар: бірі, ақйқатқа қайтып менімен бірге ауылға бару; бірі, енді бір күндік жолдан соң  көліксіз, қарусыз, тілдескі құралсыз ен далада қалу. ешқайсыныңды мәжбүрлемеймін қалау өздеріңде. Бұған ілесіп осы беті кете берсек, тас қабырға тар босағада танау қусырылады; Апанға кері қайтсақ жон тері сыпырылады; Ен далада қаңғысақ мына әз бас жылым жыртқыштарға жұтылады... деген оймен бастары әңкі- тәңкі бола күрсіне берді. Олардың бұл ойларын дөп баса тұжырымдаған Ерекең:

- Артқа қайтып арыстанға, далада қалып қасқыра, ілгері кетіп жолбарысқа жем боламыз- ау деп уайымдаған сайын тұйыққа тірелесіңдер, қолмен істегенді мойынмен көтеріп өздеріңді мәлімдеу ғана ерлік, осындай болғанда жеңілдік те ала аласыңдар, заңға жетік адвакат тауып беруіме де болады...

- Айналайын, қарағым, біз біреуге оқтаулы мылтық, біреуге сайлаулы қылыш бола жүріп кісі де өлтірдік, өрт қойып, бұлау- талау да істеп қылмысқа белшеден батқан жандармыз, шапсаң міне бас, байласаң міне қол,- деп ауыздары икемге келмей кемсеңдей жөнелді.

- Ату- шабу менің құзырымдағы іс емес, мен тек қолмен істегенді мойынмен көтеріп шынайы тәубәға келудің ғана ақиқат екенін көрсетушімін. Бұған шынайы мойынсал болсаңдар аман- сау апарам да орталық сақшының есігін көрсетіп қойып хабар күтемін. қажет болғанда адуакат тауып тезірек ақталып шығуларыңа бар күшімді саламын. менің көмегім осы, ал сендердің көмектерің арттарыңнан қожайындарың қоңырау шалса бәр іс өз тапсырғаныңдай, айтулы уақытта барамыз деп алдаусырата уақытты өткізіп аман- сау көзеулі орынға жетіп алуға сәйкесу.

- Біздің ендігі сүйенішіміз өзің, жарайды, айтқаның болсын.

- Іс бұнымен тынбайды, ақиқатқа қайтып заңға шынайы беріледі екенсіңдер зәредей де өтірік қосуларыңа болмайды. Қашанда пәкіт негіз, заң өлшем болады, йә, меннен, йә, артта қалған қожайындарыңнан, йә, алда күтіп тұрған сақшы- сот сарапты шешімінен қорқып біреуге жала жауып, йә, біреуді сыртынан сатып біреулердің обалды өксік- наласымен өздеріңді ақтамақ болсаңдар ең үлкен қателікке барғандарың. Алланың қаһарынан үлкен қатал заң жоқ, алланың рақымынан асатын мейір жоқ. «құмырысқаның тас басқаны тәңірге аян» деген өзгеден жасырсаңдар да алладан жасыра алмайсыңдар. Алла күнасын мойындап, тәубеге келіп, енігі ары күнәлі іске бармауға құлшынған құлын кешетінін айтқан. Алланың рақымына қауышып, қашанда болса о дүниеге бетіміз жарық қайтайық десек, тәубәға келейік, ағайындар.

Сөз шымбайына батты ма, алланың қаһарынан шынайы қорықты ма олар бұрын- соңғы істегендерін де, көргендерін де маңырата отырып Ерекеңе қолды болған өз телефон камерасына алдырып қойды. Олардың шынайы берілгендеріне толықтай ишанған Ерекең аяқ- қолдарын барлық бұғаудан босатып көлікке ерікті отырғызып алып келді.   

Істің бәрі ойдағыдай орындалып мәресіне жетті. Аймауыт аман- сау үй ішімен қауышты. Алыспайалау мен Берісбейберен де өзлерін мәлімдеп заңға жүгінді. Өз ойлағандарынан тез де сәтті тамамдап қайтқан Қатуға  қабағат риза бола біраз уақыт дем алдыра қонағасы беріп, молынан си- сияпат тағайындап ризалығын білдірген Азатгүл ұнатсаң осы фермада қалуыңада болады, ал кетер болсаң үнемі хабарласып жүруді, аит- мейрамдарда отбасыңмен қыдырып ұрпақтарды да өзара таныстыра үйір- шүйір қылуды ұмытпа деп қадағалай тапсырды. Азкем ойлы түспен үнсіз отырған Қату:

- Арқалы елге атыңыз шығып ел анасы атанған сіздің қол астыңызда жұмыс істеу кімге болсада ұнайды ғой, апа. Бірақ, менің қазіргі сүрім біреуге ұнаса да біреуге ұнамай қалған кісі. Мен ежелден өзімді ақиқатқа арнаған жанмын. Тек сіздің бір ісіңізге жарағандығымнан емес, алланың ризалығы жолында бірқанша адасқан құлды құтқара алғаныма өзіме ерекше риза болып жүрмін. бұл қуаныштың баяны қаншлық боларына да сенімім аз. Ендігі менің де артыма тіміскі ит еріп болған шығар, заңнан әділдік күтіп өздерін мәлімдеп алдарына барған әлгі екеуінің еш хабарсыз кетіп бара жатқаны бұл күмәнімді онан сайын ауырлатып барады, сол үшін менің бұл өңірге тұрғым жоқ, сау болыңыздар,- деп орнынан тұрды. Байырқаның заң ақылшышы баяғы саркідір кісі сөз алып:

- Ақылың асып, арының тасып тұрған азамат екенсің, балам, амал не, су бар жерде шөп, шөп бар жерде су жоқ болып тұрған заман- ай деші! Кемінде мына аудан деңгейлі сақшы- сот органдары сен сияқты есілдердің қолында болса біздегі осыншама жылға созылған мынау Аймауыт отбасы зардапты лаңы болмаған да болар еді ғой. Болжамың қате емес, балам, артыңнан жансыз түскені мұндағы іс, әуелі анау екеуін өзі келген текені көзінен ат дегендей сол айғақтардың көзін жойу бұйрығы да ере келген болуы бек мүмкін. Қату:

- Рас айтасыз, ата, сіздерге кесірім тимей тұрғанда кетіп алайын, Аймауыт ағаға абай болыңыздар, ол кісінің еш құпиялықтан хабарсыз, барғалы мал соңында  малдан арыда беріде емес халде күн кешкенін онан келер- кетер жоқтығын әлгі екеуі де айтпақ болған, болғанмен сақтықта қордық жоқ сақсынған жақсы, әсіресе денсаулығына қатты көңіл бөліңіздер... Еріксіз көзіне жас алан Азатгүл:

- Денсаулығын ғой жалпы бетті қараттым. Бастысы астан тартылып, күтімнен кетіп асқазан қурылып қалған дейді. Қазақы ем-домда оның емі алты айдан асқан қозының пяздалған қуырдағы мен жылқының қымызын ұзақ уақыт тақыл- тақыл беріп отырса табиғи кеңейіп қалпына келеді екен. әсте көңілге қарап кептеп тамақ беруге де, әсіресе осы заман дәрі- дәрмегімен күшеуге де болмайды екен. алаңсыз бол, балам, Байырқа әкесіне арнайы күтуші де, қорғаушы да орналастырды. ал басыңа әлде қалай күн туса ебін тауып бізбен хабарлас, отбасыңа қауып төнетіндей болса да бізге аманатта,- деп Қатудың маңдайынан искеді. Өмірінде көзіне жас алып көрмеген Қату да азкем босай әкесіз бейбақтар ғой деп Балқияның балларының бетінен сүйіп, өзінің маңдайларынан искеп  қолынан қатты қыса жолға түсті...

Қатудың аттанғанына жарты айдың жүзі болсада еш хабар болмады. Есесіне Аймауытты іздеген аудан, ауыл сақшылары жиілей түсті. А дегенде үлкен күмәнмен келіп талай жылдан бері қайда болғаны, немен айналысқаны, кімді танитыны, олардың өң- түсі, телефон номерінен тартып сұраған олар одан бірдің басы, бірдің аяғы қолжырап отырып әрең айтқан адырлы тау ішінде қой бақтымнан өзге еш жауап ала алмады. Оннеше  рет келгеннен кейін түңіліп те, оның талай жылғы жалғыз жабығудан ой соқты бола ауытқып қалғанына сенгендей де болып қалды ма іздеп келушілер аяңы біраз саябырсып бәлкім атын қолдағы  екеуден ұқты ма, олар енді Ерзадаға іздек- сұрақ сала бастады.     

Тыңшы салып заңсыз әрекет жасадың, көлік, құрал- сайман барымталап, кісі ұрладың, ферманың малын қараусыз қалдырып зор шығымға ұшыраттың... деген қатарлы қисынсыз сұрақтармен екі күннің бірінде Байырқаның басын айналдырып жұмысына көп кедергі келтіре бергендерінен хабар тапқан Азатгүл жанына заң қорғаушысын ала аудан сақшы бөлімшесінің бас маман кеңсесіне ат тұмсығын тірейді. Өзгеге батыл болсада дәл Азатгүлге қарсы келе алмайтынын жақсы білетін бас маман бұрынғы әдетінше тағыда көлкектей жөнеліп:

- Оһо, «апа» келіп қалған екен ғой, қалай аман- есен жүрсіз бе, отағасы аман- сау оралып көзайым болып қалдыңыз ба, ағаға өзім барып аман- сәлем қылайын деп отыр едім, айып етпеңіз, ұят болды ғой...

- Йә, йә өзіңнің “қырағы көз, қырпулы қимылыңның” арқасында Айекеңде аман- сау отбасына оралып, біреулерді сүйіндірсе де, біреулерді күйіндіріп жатыр. Бір аудан халқының ішкі амандығы мен обал-суабын арқалап қылша мойның талша болып жүрген түрің мынау өзің барып амандасатындай Аймауыт кім екен сол ғұрлы, жетеді ғой соларда, айналайын, атшабарларың екі күннің бірінде барып жатыр...

- Жұрттың бәрі сіздей ойлағанда ғой, апай, түсінгеніңізге рахымет, әуелі, отырып шәй ішіңіз ші...

-  Түсініп те жырғап тұрғам жоқ, әуелі, мына менің фермам істі, балам қылмысты саналып алдымнан мінші, артымнан тыңшы кеткенді қойды. Мұны сеннен артық білетін де, шешетін де ешкімді көріп тұрғаным жоқ, осыған жауап бер...

- Шын айтып тұрсыз ба апай, мен қалай білмегем бұл істі?

- Білмесең енді білетін боласың, іс былай: әуелі, осыдан он жылдың алдында Аймауыт мастықпен көлік жүргізіп Зәйіпхан атты қызды бір аяқ, бір қолын үзіп кетеді. Қанжоса болып ессіз жатқан оны «өлдіге» балап қорыққанынан басы ауған жаққа қашып кетеді. Су ішері бар Зәйіхан басқалар жағына жедел құтқаруға жеткізіліп балнисадан мүгедек болып шығады. Ол қазір менің бағымымда. Ал аймауыт ұшты- күйді жоғалып дер уақытында осы бөлімшеге мәлімдегенімізге мына өзің куәсің. Оны іздеуге, табуға талай рет уәде де бергенсің, бірақ, онша құлықты болмай, іс тым ұзаққа созылып, шалымның он жылдық азапты өміріне, адал арына қиянат жасалды. Оның тірі екенін де, қайда болғанын да осы бөлімшеде біреудің білетіні анық, мен осы қордыққа төзе алмай істі өз қолыма алып адам жалдап Айекеңді құлдықтан құтқардым. Онымен бірге тағы да екі басыбайлы құл қашып өздері берілді. Оларды мінгенкөлігінен, ұстаған құралынан тартып өзің тапсырып алдың, сонда мен қалай кісі ұрлаған, ат- көлік және суық құрал тонаған қылмысты болып отырмын? Аймауыт ферманың заңды қабылдаған жұмысшысы болса ол неге барлық докметі қолды болып, ішер тамағынан басқа жалақы алмайтын, адам баласымен тілдеспейтін, алдындағы малдан басқаны көрмеген жапан дүздің жадысына айналып қалады? Менің фермама, оның бас деректорына артылып жатқан қылмыстарды шын деп қарасаң онда менің қойып отырған осы сұрақтарыма дәлелді жауап бер де мені қылмысты қып ұста, Егер дұрыстап дәлелдеп тұшымды жауап бере алмасаң дәлелді де, жауап бергізетін орынды да мен тауып отырмын. Сенің тексеріп анықтауыңнан да, мәселені үйлесімді шеше алатыныңнан да мен тойған адаммын. Мына келісім саған ескерту ғана. Аузынан сөзі, қойынынан бөзі түсе қолжырай терлеп кеткен бас маман:

- Апай, тым қатты кеткен жоқсыз ба, әлгі жалдаған адамыңыз да кім екенін таныстырып ісінен бізге бір мәлімет берсе болатын еді,- деп жерге қарағыштай берді.

- Кісі жалдаудың шартын меннен сен жақсы білесің, оған керегі ақша, маған керегі жұмыстың талап бойынша тындырылуы. Ол ақшасын алды да өз жөніне түсті. Атының «Ерзада» екенін ғана білем, одан арғысын сұрап тектеуге менің не құқым бар, егжей- тегжейін айтып сенің алдыңа баратын оны сен жалдаған жоқ шығарсың, саған барып мәлімет беруге ол міндетті емес. Жұмыс сәтті бітті, ол кетті. білерім сол ғана.

 Азатгүл аттанып кетті. Ол ой соқтылана тер басып отырып қалды...

  1.  

      Азатгүлдің салмағы ауыр жүйелі ойы мен дәлелді сөзі бөлімшені біраз әбігерге салғанға ұқсайды. Өйткені жынды көбелекше ферманы айналсоқтай беретіндердің аяғы сап тиылды. Есесіне жұмысы жиі тексеріліп айып- қиып, алым- салық күшейіп кетті. Сол аяғы үзілмеитін “сұраммсақ сұқ күшік” көзденген көп тексерушілермен бірге “жұмыс талабымен бөлімшенің бас маманы да өзге өңірге алмасыпты; Алыспайалау өзіне қол салыпты; Берісбайберен түрмеден қашыпты...” деген сияқты сөздер де ере келіп желдей гуледі.

     Желдей есе, қардай бораған өсектерді зерделеуге қазірге мұрсасы жете бермеген Азатгүлдің өз әлегі өзінде. Неге дейсіз- ау, келгеніне жылға таяса да әлі күнге жұмған ауызын ашпай жан- жағына үрке қарау мен біреу бетіне тура қараса болды көзін тайдыра жерге қарай қалатын Аймауыттың осы бір жолбике әдеті қашанға дейін жалғасады, қалай қойдырам? Соншама жақсылығы өткен Қатудың осы уақытқа дейін хабар- ошарсыз кетуі неліктен? Басқасын былай қойғанда осы екеуі де Азатгүл жүйкесін жұқартуға жетерлік ой- азап жүктей бастаған- ды. Қазірге Аймауытты писихиқалық жолмен дауалап сауықтыруды қолға алған келіні Назкерім де, тұрмыс күтімін қадағалап отырған ұлы Байырқа. Ал әкесі келгенде елден ерек қуанған Балқияның көңілі соңғы уақыттан бері тым сынық. Жұмыс, тұрмыс, ұрпақ... қатарлыларынан қолға ілігерліктей сылтау таппай «шәйтәннің» жетегінде кеткен күйеуіне байланыстыра жасалған долбарларға қызының көргенділігі мен жасынан қалыптастырған мінезіне қанық Азатгүлдің  сенгісі жоқ. Ой көгаршынын олай ұшырып, былай үркітседе бір ғана күдіктен өзін ауашалай алмаған Азатгүл ой шылбыры шырмалған кішкентай болсада бір мыс шығырды шынашағына ілгендей аз тыныстап “Ана жүрегі алдамайды, ана мейірі алаламайды, сезімі де бекер секем алмайды..., бәлкім, біреуінен сұрауым керек шығар, кімнен өзінен бе, жоқ, жеңгесінен бе...”деп жатып зорға көз ілдіре ертесі сергек оянды.

     Көптен көңлінде ұялаған бір сиқырлы сезім жетегінде дел- сал жүргендей әсер бере беретін қайынсіңіл күйіне бей-жәй қарай алмаған Назкерім көңіліне бүккенімен әуелі енесімен ой бөліспек болып, арнайы тазалық күндері болмаса өз бетімен кіре бермейтін ене бөлмесіне имене бас сұқты. Жас парқы деген болмаса екеуі де ана. Бұның да жүрегі бірдемені сезгені анық. Сөзді неден бастарын блмей енесін құшақтап қөзіне жас алды. Күнделік жәй отбасылы іс емесін Азатгүл де сезіп:

- Тыныш па, балам, әжеңді сағынып жүргеннен саусың ба,- деп маңдайынан искей жұбатты да жаңа суғарған шұғынық гүліндей албырай жайнаған жүзі мен ашық аспанға шағылыса тасты тұмбада шалқая жүзген сазандай әнтек боғақтана жарқыраған ақ тамағына көз салып Аймауыт атаның қайта оралған қадамына алланың қалауымен силанғалы тұрған тағы бір немеренің сағымын көргендей болды.

 - Жоқ, апа, әжем құдасына құтты болсын айта келіп қайтқалы да онша көп болған жоқ ғой, өзіңіз не байқадыңыз, жар дегендегі жалғыз қайын сіңлімнің жәйі жаныма батып жүр, апа. Бұрын қандай ашық- жарқын еді, кеңесе кетсең ойыңды айтпай түсінетін ой- сезімі қандай тартымды еді. әйтеуір еңсесін баса езіп жүрген бір кірбеңдік бары анық. Қалайда бұрынғы күйеуі емес деп ойлаймын...

- Қаншама балалы әйел дегенмен махаббат мауығы масаңдата аңсарын ауытқытатын жастан аса қоймаған әлі де жас ғой, бұрынғы күйеуін ойламасын- ақ, сонда кім деп ойлайсың?

- Ферма барған сайын көлемденіп, не не жақсы азаматтар жұмысқа тартылып жатыр, онсызда туып өскен ауылы үлкен қоғамдық орта ғой, дөп басып айта алмайым, апа, солайда жігітке қатысты ма деген күдігім басым.

- Жарайды, жарайды, қызым. Жас болсаң да ет жүрегің елжіреген анасың ғой, осы әлемге дәнекер  мен дәйек те, махаббат пен мәйек те силай алатын тек ана ғана. Егер әйел атаулыдан сол махаббат пен мейір кетсе әуелі отбасынан береке, сосын ер- азаматтар көңілінен мереке кетеді. Береке мен мереке қашқан шаңырақ шайқалмай қалмайды, қызым. шаңырағынан шаттық еспеген отбасы қоғамға қанды- сөлді клетка бола ала ма, жоқ, қайта бір шіріткіш іш мерезге айналып көбейген сайын қоғамды қойыртпаққа, ұрпақты тобырға айналдырып тынар еді. сен де, Балқия да ондайлардан емес, егер бізде осы мейір, осы махаббат болмаса Аймауыт отбасы аяғынан тұрып, осыншама жетістіктерге жете аларма еді? Соның бір жағында осы Балқияның еңбегі жоқ еді деп айта аламыз ба? Бұл қыз туралы мен де аз бас қатырып жүрген жоқпын. Отбасы жағдайының бәрі де өз ойлағанынан да жақсы көтерілді. Менде махаббатқа байланысты ойлай келіп, “Қату неге осы қызды құшақтап балаларының маңдайынан искей босап аттанды”деген бір ой осы түнде ғана сап ете түсіп соны сеннен сұратайын деп отырғанда құдай айдап өзің келіп ой бөлісе жөнелдің. Ол маған айта қоймайды, жеңгесісің ғой, Қату жәйлі әдейі орағыта оспақтай сөз қозға, азырақ шіме білінсе жан ашырлықпен сырлас. Беті бір ашылса меннен де жасырмайтынына сенемін, қызым.

- Жарайды, апа, қисыны да жоқ емес, көз көрген шындық, біздің ойға неге келмеді деңіз ші!?...

    *                                           *                                  *

“Адам баласы көбінше жағдайда құмырының ұзақ, отбасы жағдайының жақсы болуымен өз бақытын өлшейтіні біршама жалпылық ақиқат. Бірақ, сол “бақыт”деп жүрген жалпылық ақиқат ішінде де бір дара бақыттың болатынын осы Аймауыт отбасы ісіне араласқаннан бері ұқтым. Жәй кездері отбасы жағдайы қым- қуыт қарапайым да күрделі істерге толы өтіп жатады ғой, солардың ішінде де бір өмірге мәйек, бір келелі іске жетек боларлық қарапайым қасиеттер жасырынып жатады. Ол өте бір аңғарлылықпен санаңды оята аларлық себеп болғанда ғана байқалмаса жәй көзге оңайда түсе бермейді. Сезім жетегінен барып тілге тиек бола қалды ғой, сол “дара бақытқа”баланатын қарапайым қасиеттердің біздің отбасымызда да болғанын енді аңғарып отырмын:

Туған анам дүниеден ерте қайтыпты, өңі- түсі қандай болғаны есімде жоқ. Есесіне әкем жарықтық біраз жасап екінші шешелі де болыппыз. Мен ол кісінің өгей шешем екенін әбден ержетіп ат арқасын тартып мінген шағымда елден естіп оны “өгейге”қимаған қалпы қасарысып өстім. Туған шешем туралы әкем көп ештеме айтпайтын. Бәлкім, баққан шешем екеуміз арамыздағы бүгінгі тамаша ара қатынасымызға бір көлденең сызат түспесін дейтін шығар. Мейірін көріп мерейіне бөлене өспеген адам туралы ойлауғада зауқың соқпайтын көрінеді. Туған анамның бөлек екенін естігеннен кейін де ол кісі туралы ештемеге тебіреніп те, ештемесін тектеп те кетпей жүре беретінмін. Бір күні жолшыбай көлік апатынан ба, жоқ, басқалай бір кесірлі себептен бе әйтеуір көп қан жоғалтып есеңгіреп қалған бір бала тауып алып жан ұшырта жедел құтқару орнына жеткіздім. Бір сағат ішінде қан құймаса баланың өмірі тым қауіпте екенін біліп қолма- қол қан беруге адам іздедім. Табылған онға жуық кісінің ішінен меннен өзге ешкімнің қан тиві ұқсамады. Дәрігерге “меннен алыңыз” дедім. Дәрігер жуған көилекке жабысқан аш биттей бозарған өңіме бір қарады да жекебас куәлігім арқылы компиутордағы денсаулық архивымнан “бауырының ауыр дәрежедегі сыртқы зақымдалуы себебінен қан жасау қызметінің тосалғыға ұшырағанын” ұғып бір грам да қан алуға болмайтынын айтты. Мен дәрігерді “әуелі қыл үстінде жатқан баланы мен арқылы құтқарып, сосын маған жәйімен қан іздеңізге”әрең көндіріп баланы аман алып қалдық. Бала екеуміз бір палатада қатар төсекте жатырмыз. Көзім қарауыта басым айланып әлсірей төмендеп бара жатқанымда  әлгі баланың “а...ға”деген әлсіз дыбысы естілгендей болады. Селк ете басымды зорға бұрып қараймын өңінде үміт, көзінде күдіктің табы тайталаса отты көзі жайнай бала жатады. Қайдан екені белгісіз бойымды бір түрлі қуат қысып, жүрегіме шуақ түскендей серги балаға қарап күлімсірей бас изеп қоямын, бала да күлімсірей бас изей тынышталып қалады. Екеумізді де қатарынан қарап жатқан жанына жамандық бермегір сол қарт шипагер. Мөлшері бәрімізде жәйімен оңалып келе жатқанға ұқсаймыз.

Әлі есімде, аздап бас көтере әрекеттеніп бірер ауыз сөзге де келіп қалған шақ- тын. Бір күні әлгі қарт дәрігер жаныма келіп маған тесіле біраз қарады да көзін меннен тез тайдыра терезеге қарап отырып “Анаң марқұм осы шипаханада жан үзген еді ”деп  ауыр күрсініп қойды. Бұрын анам туралы көп ойлай бермейтін менің денем бір ысып, бір суып кетті. қалай екенін білмеймін әдетте өздігімнен әрең аунап түсіп, сүйемелмен жүретін әлжуәз басым орнымнан бұлқына көтеріліп тұрып кетіппін. Дәрігер сабырға шақыра жәиімен жатқызып: - Сенің мына анаң да ізгі ниетті, мейірбан ана ғой, сондықтан да шындық бетіне тура қарай алмай жүргеніңді білем, балам. Солайда шындықты мәңгі білдірмей кету де әкеңді көре қалған біздер үшін қиянат, балам. Бәлкім, әкең марқұм айтуға батпаған шығар, бәлкім, үлгіре алмаған да болар. Әкең екеуміз бір ауылдың тумасы болмасақта, бір жылдың төлі, бір мектепте оқымасақ та бір салада істеген кәсіптес құрбы едік. Іс былай, балам,- деп нақ мазмұнға көшті: - Мініп келе жатқан көлігін мас күйінде көлік жүргізген есірік біреу қарсы алдынан оңдырмай қағып әкең мен анаң екеуіде өте ауыр халде  осы емханаға жеткізілді. Қан тивтері ұқсас жандар екен, табылған аз қан екеуін бірдей құтқаруға жетпеді. Әкең әйелін құтқару ұсынысын әрең жасады да талықсып кетті. Анаң қанша айтсақта көнбей “артта қалып бара жатқан ұрпағымыз үшін ол аман... қалсын, менде бұрыннан да жетісіп тұрған... денсаулық жоқ, балаларымызға обал ғой... өтінем, от...ағасы аман... қалсын...шы...”деді үзіп- үзіп. Біз бір отбасының жалпы жағдайын көзде ұстай отырып мейірбан ананың өсиетін орындаудан өзге амал таба алмадық. Марқұм анаң өзіне аса риза болған бейнеде жадыраған жүзбен әкеңе қарай күлімдеп жатып жан үзді. Мен сол пәк бейнені, сол асыл қасиетті бүгін міне сенің бойыңнан тағы көріп отырмын,- деп көзі жасаурай басымнан сипап қойды. Мен ішкі сарайымнан көтеріліп келе жатқан бір ашты өксікті алқымыма тірей әрең тежедім. Көз алдым мұнарта барып бір- екі тамшы ыстық жастың бетімді қари еріксіз жосып бара жатқанын сезіп қалдым да бетімді күлегейлей құлап түстім. Көзімді ашсам дәрігер басымды сипалай әлі отыр екен. Бәлкім, шындықты еріксіз қабылдағанымда осы шығар, бұрынғыдай “менде бір ғана ана болған”деп қарсылыса кететін әл- дәрмен қалмағанын іштей сездім.“Е, шындық алдындағы ойсырау әсте дәрменсіздік емес, қайта опалылықпен озудың; ал қарсыласу сапалық азудың нысаны- ау, тегі”деген ой сап ете түсіп аузыма анамның ақ сүтінің дәмі келгендей тамсанып, ішкі сарайымнан бір түрлі мақтаныш ләззаты есе  көкірегім кеңи, көз алдым нұрлана бойым ширап қалғандай болдым...

Алдынғы ғасырдың соңғы он жылы кім- кімгеде тым ауыр болғаны рас. Үй ауылда. Әкем жерлік емкөс. Арыдан жалғасып келе жатқан осы бір мардымсыз тірлігімен отбасын асырай алмасада тастағысы келмейді. Елде болса ғана ерінге тиеді ғой, әрине. Орнықты жүйеге түсе алмай жұлмаланған тірлік жұрттың жүйкесін ғана емес, қалтасында жұқартып болған. Саны көп болмасада қалтасы тоқтар мұндай “қарабайыр халық емшісін” елеп жатпайды. Жәй тұрғындар ғана оны жақтайды. Амал не қысқа жіп күрмеуге жетпей барған сайын “батаға жомарттар мен рахметке қолартқандар” көбейіп жәні жәйсаң, көкірегі ояу ерінуді білмейтін жерлік емкөс әкемді иектей беретін. Хақтағаланың пәк дінін негізгі тиянақ еткен ізгі ниеті, ұстанған тамаша дәстор- салты бар әз халық-ай деші! Батамен байытып, рахыметке бөлеп аттандырып жіберседе әкемнің көзіне тік қарап қолына ұстата алмаған орамал- шаршы, жұмыртқа- тауық, айран- сүттерін... кейде үйге әкеп тастайтындарда табылып жататын. Қордалы тірлігі болмаған қоқырлы отбасы қажеті әкемнің бұл харекетінен қанағат табар түрі жоқ. Алды мектеп таусып, артқы көгенкөздері жәйімен өсіп келе жатқанын назарға алған әкем бір күні шешеме “бала- шағаға өзің бас-көз бола алатыныңа сенем, Ақеркем, мен Ресей орман алаңынан бізге қарағанда тапауаты тәуірлеу бір тұрақты жұмыс таптым. Осы ауылдан төрт азамат алдағы сәрсенбінің сәтіне аттануға келісіп қойдық”деді. Шұғыл жол әзірлігіне кіріскен шешем әкемді айтулы күні аттандырды.

Тірлік баяғыдай тындырымды түгі болмасада тынымсыз тыпырдан танар емес. Отбасымыздағы ең үлкен жаңалықтардың бірі- ақ маусым сайын әкемнен келетін ақшаны асыға күте қолға тиуден бұрын таусып алып келесі кезекке таласамыз. Бір реткі кезектің алды маған тиіп іші қалтырасада сырты жылтырап тұратын бір тор қытайиски спорт киім алып берген. Иыққа қалай ілдім солай ауыл балаларының ортасынада жетіп үлгіріппін. Өзім тектестердің бәрі де сипаласа құттықтау айтып жатты. Біраздан соң ауыл байшыкештерінің бірінің “Бадырақ”атанып кеткен сотанақ ұлы келдіде киіп көруге сұрана қалды. Бергім келмеп еді “әй, түк көрмегенде қиын екен ғой” деп жеңімнен сілке тартып қолтық түптен дар еткізіп шынтағыма түсіре масқаралай күлді. Соншама қалай тез болғанын білмеймін, айналып барып жұдырықпен ауызға бір- ақ ұрған екенмін қасқа тісі опырылып алдына түсті. Ал ендеше, іздегені де солма екен, жерде ойбай, көкте ойбай пышаққа түскен доңыздай шыңғырып үйіне беттеді.

Үйгеде бара алмай, алыстапта кете алмай үй маңайын торуылдай аз жүргенімде аттандаған айхаймен үйге төрт- бес адам басып кірді. Менде баспалай келіп қосалқы үйдегі төсек астына кіріп үлгірдім. Онсызда қабырғасы қақырап тұрған үйді құлатып жіберуге шақ қалып тұрған қатты дауыс мені де ет құлағымен естісін дегендей гүжілдеп те, дүрілдеп те келіп жатты. Әуелі, “жанға жан, көзге көз...”деп басталып “тістің құны жарым ердің құны, оны беретін бұл қу сйрақтың несі бар, бізде Қатудың тісін қағамыз”деп соққандарда болды. Мейлі, қақса міне тісім амал қанша онсызда “Бадырақтың”суырып тастауға тиісті орсақ тісіне қайран маржан тісім обалды кететін болды- ау, тәуекел, шешем үшін берейін,- деп жатқанымда барып шешем сөзге араласып бәрін де сабырға шақырғандай болды. Дауыс барған сайын бәсеңдей тынши бастады. Біраздан соң ашулары арындаған албырт топ жәйма- шуақ аттанып кетті. Шешем не деді, не берді? Қалай тоқтатты... - деп аң- таң бола біраз жаттым да тынши алмай үйге кіріп барып шешемді құшақтап жылап жібердім. Шешем басымнан сипап тұрып “бүгін тісіңді сұраса олар ертең басыңды сұраудан тайынбайды, балам, бұл қораштар. Енді қиқарлығыңды қойып әлгі қабылдаймыз деп тұрған Түркия қайыр- сақауатшыларының медресесіне кет те қал,- деді. Мен әкем жоқта шешем қиыншылық тартып қалама деп бұрын көнбей келгенмін. Бұл рет “ашулы арландардың” көңілінде болсамда көз алдында болмайын, әйтеуір шешеме бір зияны тимесе болды ғой,- дедім де айналасы бір апта ішінде Түркияға аттанып кеттім.

Түркияға бара екі жылдық дінни колижге түстім. Тұрмыс жақсы, оқу жұғымды жүріп жатты. Өзімде алыс пен жұлыстың адамы едім, әкем ылғида “бұл жүгірмек йә, спорттың алыс- жұлысына, йә, мына көк темірдің көкесін танытатын көлік ремонтына кету керек” дей беретін. Әкемнің тілегі ме, жоқ, өз ішкі ыңғылымның тартқанынан ба, бір күні «Мұстафа өз түрік жексенбілік спорт курісі» деген жарнама қағазын біреуден көрдімде іздей барып қабылдандым. Көктен іздегенім жерден табылғандай қуанып жылдық бос уақытым бүкілімен соған арналды. Уақыт тез өтіп жыл айнала бір апталық уақытымды әрең қиып үйге бет алдым.

Көзге ыстық, жүрекке жылы туған жер, таныс орта еріксіз баурай өзіне тартып барады. Көліктен түсе жан- жағыма ашқарақтана қарап, үзіттене ұшып келемін...

Йә, анау біздің ауыл. Алыстан қарабарқындана таяған сайын жандүниеңе жақындай көз алмаңды суыра жатсынбай көкірегіңе кіріп барады. Ғажап, теңіздің салқын ескегі желпи, ашық аспаннан арайлана төгілгген дымқыл шуақ маңдайыңнан сүйген әлемге әйгілі тас таған талды аулалы алып шәһәр- Стампол да өзіне мұндай тарта алмаған еді. Йә,“қолда барда алтынның қадыры жоқ”дегеннің астары осында екен- ау! “Жол қадырын жүрген, тон қадырын киген біледі” деп те бекер айтпапты- ау! “Қырық қадам” алыстағанда біліппін- ау, қадіріңді түп қазық- туған жер, тұғырлы мекен- өскен ел!

 Йә, мынау біздің үй. Сырты сынық көрінгенмен іші ылғал ыстық. Мейлі төрт маусымның қай айында кіріп барсаңда бетіңді бір жылы леп шалып жүрегіңді жұмсата көзіңді нұрландырып өзіне тарта жөнеледі. Әсірере төрде әкең, отбасында шешең, жан- жағынан бауырларың жамырай да, жадырай да құшақ жәйғанда ғой, төбең көкке төрт- ақ елі жетпегендей биіктеп еріксіз бір бақыт құшағына шома  қалықтағандай боласың. Осы сезіммен үйгеде бардым- ау, өз үйің, өлең төсегің, барын бере, қасын кере алақанында тербеткен алтын бесігің. Әкемнің үйде емесі жәйлі бұрыннан көңілде сан болғаннанба дегендей біліне қойған жоқ, ал шешемнің көрінбегені үйдің бір бүйірін үңірейте лапылдай келген көңілімді солғындатып жіберді. Бауырларыммен бірлікте оны- мұны айта шешеміздің келуін тағатсыздана күттік. Күн батты жоқ, қас қарайды жоқ. Бауырларымның да жүректері телімделседе ауыздары мықтап“желімденген”ұқсайды, оларда да тұшымды сөз жоқ. Тағат таусылып, дебдір қашқан бір шақта шешемнің төбесі көрінді. Өз көзіме өзім сенбей аз кідірдім, бұрынғы етженді дене, ажарлы бейне жоқ, ішке тарта ойыстанған ұртты, сондайбір сорымды ауызда малталана мүжілген құртты елестетін шүйкедей кемпір елбеңдейді анадайдан. Дәл соның өзі екенін тек өрмекшінің торына шырмалған мәйке қоңыздай жарқыраған мейірге толы аялы көз ғана айтып тұр. Кеңсірігім аши, жүрегім жаси барып бас салдым. Көзімнен жас емес, тұздық аққандай еңкейе домалап ерінге ілінген жас түйіршіктері аузымды сор татыта аһ ұрғызып жалын бүріктіреді... бір уақта барып“шеше не болған, ауырып жүрген жоқ шығарсыз- ә?”дедім бас- аяғын шола қарап. Әнтек босады болды өзін тоқтата алмайтынын білген қайсар ана қатты қыса құшақтап тұрып “жоқ, балам, саумын, үйде әкең де, сен де жоқ, бауырларың оқуда болғасын жалғыз отыра алмай аздап жұмыс істеп жүргенмін, енді үйде боламын, балам, көріп тұрсың ғой сау екенімді, семіздіктің несі жақсы дейсің, қазіргі заман салтанатты өмір салтына сай сол артық салмақтан да әрең құтылып жеңілденіп қалдым, жарығым”деп бір- ақ жолда сендірді де тастады.

 Апталық демалыс айлық бақыт силағандай мереймен мені де аттандырып үдгірді. Үйренген орта, игілікті іс иіріміне аялдатпай тарта айлар алқалы, күндер көңілді сырғып жатты...

Туған ай туралған ет дегендей тағы бір жылда жылыстай өкшесін көрсетті. Табыстың талғарынан көріне қос дипломмен тағы да ауыл жаққа жол алдым. Баяғы сол сезім, сол көңіл лапылдаған қалпы көліктен түстім. Жүрекке иман, аздап болсада бойға тамтұмдап жиған білім шуақ шәшты ма, жоқ, ұстазымның “мұсылман қауымының дәрежесі бірі, сәлемнің кұшейуімен, сосын ағайын- туыс, көрші- қолаң, ел- жұртыңмен етене араластығыңның артуымен, қала берді, аллаға деген елден ерек шынайы құлшылығымен өседі”деген тәлімі қан тамырларымда шешек ата бастады ма, әйтеуір, жолыққан ауылдастарымның бәріне де «Ассалаумұғалайкүмнен» алау ұстата күле қарап құшақ айқастырып келемін. Біреу қызыға, біреу қызғана қарайды- ау, тегі, біреулер“өй, мынау өзіміздің Бәкеңнің Қатуы ғой, туәйт, туәйт...тілім тасқа ...дәу жігіт боп өсіп кетіпсің”деп сүйіне құшақтаса, ал біреулер қол ұшын еріне соза еріндерін ебдейсіз жыбырлатады. Сол былтырғы бейнеден азбаса озбаған қалыптағы шешем есік алдынан күтіп алды. Бұрын болмаған бір жаңалық аула ішіне бір жаңа шатыр тігіліп қалыпты. Бұл не екен дегендей зауқым соға қалып еді, шешем қолымнан жетеледі де үйге енгізді. Аман- сәлем аяқсып, түрлі жөн- жәй сұрасу таязып қалған шақта әкем де келді. Құшақтаса амандасып тағы да шұрқыраса шұлғысып жатырмыз...

Әкем үзбей істеген екі жарым жылдық жұмысынан екі айлық демалыс жинап үйге келген екен, оның үстіне мен келіп орта тола бәріміздің де көңліміз тоғайып қалды. Е, шіркін мешкей ана- ай деші! Әсіресе шешем байқұс бір қунап қалғандай арық жүзіне ажар кіре әжімдері жіңішкере қалыпты. Әкем көп аялдамай шыға жөнеліп шатырға беттеді артынан менде ере кірдім. Шатырдың оңжақ қабырғасына кәдімгі балнисә төсегі қойылып үстіне бесікбас шатыр жасалып ауа өтетіндей ұсақ тор көзді марлымен қапталыпты. Төсек үстінде ыңырана ыңқылдаған дауысынан ғана адам екені білінетіндей бір қара құйқалақ дене жатыр. Аяқ жағында көзінен боталап баяғы “Бадырақ”тұр да бас жағында іштей егіліп шешесі отыр. Жаным төзбей жүрегім шымырлап барып Бадырақты бас салдым. Ол онан сайын езіле жылап басын қойған солжақ иығымды шылқытып жіберді. Алғашта үрке тарсылдаған жүрек байқұсы да жәйімен жуаси сабасына түсе текірек жүрісті аттай жәй тыпырлаққа ауысқандай тынши бастады. Шешесі келіп бетімізге қарамаған бойда екеумізді де құшағына алдыы. Өзара үрку, үрпиісу, үдірейісу... деген қатарлы ұсқынсыздықтың бәрін де ана құшағы үнсіз жұтып жатты...

 Ақшаның буы, атақтың желігіне ісіне кеуіп жүретін байшыкештің іштарлығы мен басбұзарлығы қатар ұстағанда кейде өзін ұстай алмай тауғада, бауғада соғып артынан бармағын шәйнап отыратынын білетін сыралғылы бәйбіше тіл алмасада әр кез ескертіп отыратын, осы жолыда сол әдеттін ұмытқан жоқ.

 Тірсектеткен тірлік тықырына ашылған аран лаңы қосылса адамға не істетпейді. Йә, ірілі- ұсақты мыңқаралы  мал бордақхана жем- шөбінің қамы байекеңді жамбасына мұз қатқандай орнынан ерте қопаң еткізсін. Неге? Кеше ғана біреудің бір жерден арзан жемге алыстан айқайласа қолфонда сөйлесіп жатқанын құлағы шалып қалсын. Ол оның алдын орай жер соқтырып кетуге асыға орнынан тұрып атқа қонсын. Жәй кездері арнайы жүргізушімен, ал мынадай көлеңкелі бәсекеде көлікті өзі жүргізетін әдетіне басып сол марқа жүрекпен жол таңдамайтын дәу жип дізгінін қолға алсын. Әй, алды- артын ойлатпаған асқын жүрек, асау тебін- ай деші! Ойпаңнан орғыта, жәйпаңнан жүиткіте жүріп байқаусызда бетін шөп басқан орға құлап толассыз  шайқалыстан қатты қызған көлік май багі атылып көлік өртке орансын. Су ішерлігінің барлығынан түз аңдарын қорғау бөлімше сақшыларына жолығып дененің үштен екісін өрт жалмаған ессіз қожайын ауыл емханасына жеткізіліп алғашқы ем- дом жасалсын...

Е, жәй кездері қоразданған қомша кеудесі симай жүретін ауылға мынадай жаналқым жағдайда тап болған қара борша денесі қайдан сиа қойсын. ол алғашқы жәрдемнен кейін аудан емханасына жеткізіліп күйіктің ішке түсу мүмкіндігі мен сыртқы тазартуын негіз ете дауаланып белгілі мөлшерге жеткенде“бүлінген етті сылып, сау етті көшіру”негізіндегі ұзаққа созылатын қайталанбалы ота жасалатыны ұқтырылған. Байекең өз аулындағы әріптесі әйгілі емкөс Баймырзаның осындай ауыр күйіктердің талайын ұлардың еті, биенің сүті, кірпінің майы, тасқынаның шәйі, қырық жылдық қу құмалақтың күлі, 41 шөптің гүлі, аршаның ысы, күкірттің күші, сиырдың сілекейі, шикі сүттің кілегейі... қатарлылардан ем- дом жасап дақсыз қатарға қосқанын еске алып сөйлеуге ауыз, жазуға қол келмей көзін ауыл жаққа ауната үнсіз егіле беретінді тауыпты.

Оның бұл жәйін іштей біліп те, амалсыз тыныпта отырған бәйбіше өз қолын өзі кесе де алмай, бір ұнамды жолмен шеше де алмай дал болып, ақыры әкемнің пәк көңіл, ақ ниетті имандылығына жүгініп кісі салыпты. Оны имандылықпен дұрыс түсініп құрақұша қабылдаған әкем ауылға алдырып алып осында арнайы қарап жатқаны осы екен.

Әкем қолына алғалы байекең күн санай жақсарып бір айда тілге, екі айда жүруге келді. Үш ай дегенде бізді қабылдауына шақыртты. «ат арыса тулақ, адам арыса аруақ» деген осы- ау, - Ассалаумуғалайкүм,- деп кіріп барып өз көзіме өзім сене алмай сілейіп тұрдым да қалдым. Алдымда саусақсыз доғал қолмен қағуға келмейтін кірпіксіз көзден аққан жас пен тіс жабар тамтығы қалмаған ерінсіз ауыз суын сүрте қарап тұрған қас, шәш, сақал- мұрттан ештеме жоқ шандырлай өрге тартқан шадыр көз, сетік мұрын, қисық ауызды құбыжық тұрғанын көріп жүректегі иман, бойдағы қуатқа жеңдіре өзімді әзер ұстап іштей мың қаитара иманымды үйіре «тәубә» деумен болдым. Оның бір жағында тұрған бәйбішенің бір қолында шешемнің алтын алқа- сырғасы мен брлиянт көзді жүзігі; білегіне артқан шешемнің құндыз тоны бар енді бір қолында мөлшері бірер милионнан кем соқпайтын екі бума ақша тұр. Енді бір жағында тұрған ұлы Бадырақтың қолында алғыс жазылған керме ту тұр. Ту мен ақшаға таң қалмасам да шешемнің киімдері мен алқа- моншақтарының қалай барып қалғанына таңырқай қарап қалыппын. Әкем де көзін сол бұйымдардан тайдыра алмаи таңғалыс сезім жетегінде жекен суын ішкендей тамсанып тұрған сияқтанады...

 Байекеңнің үзіп- үзіп айтқан сөздерінен ұққанымызда “Бадырақтың тісінің құны үшін Қатудың тісін қағып алғаннан да, оны бірер жылға қаматқаннан да ештеме ұта алмаимыз. Онанда‘бұрынғы- соңғының жолы,бүтін тіс жарым кісінің құны- екі милион теңге болсын”деп шешеммен келіскен екен. Оның бір милионына долайластырып шешем екі жыл бойы сол отбасында әкеме де, маған да білдірмей үнсіз жұмыс істеп, жарым милионын әкемнің айсайын жіберіп тұратын жалақысынан төлеп  қалған бөліміне қолда бар жаңағы асыл бұйымдарын бағалап беррген екен. Ашуым алқымыма тығыла соңына дейін тыңдауға төзімім әрең жете қалшылдап “өзі де өлім мен өмірдің арасында амалсыз жатқан құбыжық дененің демін біржола сығып алып орнына кетейін” деп ұмтылуға оқтала бергенімде иманым алдымнан көлденеңдеп, сабырым етектен тартқандай тап жылдыртпады. Оның үстіне шешемнің аспанда ай тағызым еткендей ақ ниетіне жүгіне барып“бұл не қылғаныңыз, шеше, маған неге айтпадыңыз, болмағанда әкеме айтсаңыз да бір амалын табар еді ғой”деп еңірей бас салдым. Шешем маңдайымнан искей еңкейіп тұрып“қой, балам, көздің жасын төгетін де, төкпейтін де жер бар” деді. Мен тез ес жия селк ете түстім де орнымнан тұрып әкеме қарадым. Әкем шешемнің бағалы бұйымдары мен екі жылдық еңбек ақысы мен ай сайын өз ақысынан төлеп тұрған ақшаны санап алды да қалған ақшасын мүгедектің алдына тастай салып “осы жасқа дейін ешкімнің ала жібін аттап та, арам асын асап та көрмеген жанмын. Арамдық сендермен ғана кетсін, ол бізге жақпайды, Алла сәтін салып жан азабынан құтылуыңа мен себеп болдым, ар азабынан қалай құтылу өз ісің, жоғалыңдар көзімнен”деп қолын есікке қарай бір- ақ сілкті. Күжірейген жалдары жығыла жыламсыраған бейбақтар кіргенінен шыққаны ауыр тигендей кібіртіктеді де қалды. Алтын тісті ауызын икемсіз ақситқан Бадырақ “кешір” дегендей бас изеп әкесін салған арбаны сүйрей шегіншектеді. Арбаға таңылған“құбыжық та”жасқа шыланған жабылмайтын жанарымен жер сүзе аһ ұрып бара жатты. Тек ана ғана қайта оралып әкем мен шешемнің алдына бас ұра“кешіріңдерші...”деген сөзді өксік ата әрең айтты. Шешем оны үйден демеп шығарып жіберді...  

“Е, жалған дүние”деп бұрынғылар бекер аһ ұрмайтын сияқты, Балшекер. “Бір ауылдың сорпа бетіне шығарымын” деп өзінше болып жүретін мына байшыкештің тағдыры немен бет келді?  Осыларда шынайы бақыт бар деп айта аламыз ба? Ал біздің шәкене тірлікті отбасымыздың шаршаңқы өмірі- ші? Анам өзін бақытты сезінбесе әкеме қарап күлімдеп жатып жан үзерме еді? Шешем отбасының ортақ бақытына өзін байланыстыра сезінбесе ешкімнің де мазасын алғысы келмей соншама қйындықтарға жалғыз өзі барар ма еді? Ал әкем “артық алсам ақыретке шет болам ба, пайдасы мардымсыз деп бармай қойсам біреудің обалына қалып о дүниеде жауап бере алмай қалам ба ”деп бүкіл ғұмырын пайғамбарларымыз қадисіне сай үрей мен қорқудың арасында өзін теңшеп ұстаумен бұл дүниенің қиянатын ол дүниеге арқаламай беті жарық кетті. Ол сол қасиетімен бақытты, әрине!

Өзім туралы көп ойлап кетпейтінмін. Алайда осы бір «Аймауыт» атты ұлғаймалы тірлікті үлкен шаңырақ ісіне араласқаннан бері өз отбасым, басып өткен жолдарым, әсіресе болашақтық өмір өзегім туралы санаса бастадым. Сен бақытты жансың, Балшекер. Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербетіп отырған жалпы жансебіл аналарға бір тивтік үлгі бола аларлықтай мынау Азатгүл ападай кемел қасиетті мейірлі ананың аялы алақанында өскен сен бақытты болмауға еш қақың жоқ. Менің де әкенің белі, ананың сүтінен дарыған бір қасиетім біреудің басынан көрінген қасіретке қабырғам қайыса қаймығып, содан туындаған кірбеңдігімен бөлісе оны азда болса жеңілдете алсам бойым сергіп көңілім жадырап қалады. Бәлкім, бақыт деп жүргенімізде осы шығар. Шіркін, біреуге айтар жанашыр сөзің, жарқын жүзің, күлімдеген көзің болғанға не жетсін! Сені және мынау құлыншақтарды көрген сайын өзімді мазалап жүрген бір істі айтқым келеді, Балшекер, әрине, көңіліңе алмасаң. Өмірге деген құлшынысыңның күштілігінен аяғыңнан тік тұрып үлкен шаңырақтың бел бақандарының бірі бола алған өміршеңдік рухың кім- кімгеде өнеге боларлық айтулы қадам. Сенің осыбір сүбелі еңбегіңе сүйіне, асқартаудың алып шыңды сағымын тек айдын көлдің иірімінен ғана көріп жүрген бөбектеріңе күйіне отырып сынық қанат бал арадай кешуіңе ортақтаса балаларыңның жоғын жоқтап, бағын баптап көрсем не айтар едің? ...”

Азатгүл апаның тапсырмасынан кейін қайынсіңлісімен ортақтаса ой бөлісе сырласқанда ұққан Қатудың Балқиямен болған сыр- сұхпаты осы болды. Бұның тым жәй айта салған сөз емес екенін аңғарған Назкерім осы кеңестерді Қату өзгеге емес, тәп Балқияға барып неге айтты? одан ол не түйді? Осы сырды екеулеп ашпаққа Балқияны онан ары ішкерлей сөзге тартты:

- Алғашта жасы құрбы кісі екен, бекер қарап отырғанша деп жәй аитқан кеңесі шығар деп ойладым.

– енді ші?

– Тым тегін емес сияқтанады.

– Оны неден, қалай аңғарып отырсың?

– Қойшы, жеңге, неге құтқуырлап кеттің.

 – Рас, алғашта сен оған тым жәй қарағансың, өйткені сен ондай қызу қанды қызба сезімнің кісісі емессің, енді бірі, жеке бастық өмірді жаңғырту туралы еш ой- толғам болмаған, таза жұмыстың артынан түскен кәсібй адамсың.

Балқия жеңгесін құшақтай жылап та алды. Оны құшақтай иығынан қаға отырып сөйлеген Назкерім:

- Сеннен өзге сезімі селтең, ойы желпең қыздардың бірі болса “Балшекер”деген жерден- ақ сезе қояды. Тіпті “болашақтық өмір өзегіммен санаса бастадым...” дегенінен де сезіктенбедің бе?

- Басқалай бір оймен айтты ма деп енді ойлап қалдым.

-“Сынық қанат кешуіңе ортақтаса балаларыңның жоғын жоқтап, бабын баптап көрсем не айтар едің?”дегенге не деп жауап бердің?

- Ештеме...,- деп жауап берген Балқия өңі нұрлана төмен қарап отырып:

- Күн ұзарған сайын Қату есімнен кетпей мазамды алып жүр, жеңге, алғашта жәнін шүберекке түйе жүріп әкемді құлдықтан құтқарлы ғой,- деп құрметпен қарап жоғардағыдай жән сырын шерткеніне шек қоймағанмын. Енді күн ұзаған сайын өзімді жалғыздық жазадан, балаларымды әкесіз азаптан құтқаратын тек осы сияқтана береді, енді қайтсем болады? Жан жеңгем, жалғыз сырласым, - деп Назкерімнің мойнына асыла бетіне бетін басты. Оның құшағындағы қызудан қуат, бетіндегі нұрдан шуақ көргендей жеңгесі оны сабырға шақырды. Балқия:

- Сөз алғашқы сұхпатпен тоқтап қалса сабыр етугеде болар еді ғой, жеңге, мына хатты оқыңыз шы,- деп қолфонына жолданға електрон нұсқаны ұсынды.

 

“Өзге жердің аспаны

Неге бұлай бұлыңғыр?

Әлде неге қамалып

Қалды ма көздің нұры бұл.

Көңілім неге жабырқау,

Әр іске ынтық еді ғой,

Орда бұзар жасыңда

Не қылған, Қату, қырың бұл,

Ашатын кімге сырың бұл?!

 

Тарайғандай кең аймақ

Неге жүдеу тартады?

Аржағымда тұңғиық

Ғажап бір сүрлеу жатады.

 Осы сүрлеу болмасын

 Бақытыма барар жол,

 Тиянақ, тұрлау жоқ өмір

 Кімге қол барып артады,

 Қай жердің дәмін татады.

 

Қысыласың жүрегім

Бір себеп бар ма өзгеше,

Жүреді пенде тым бейжәй

Себепті ғажап сезгенше.

Айтшы енді, айтшы енді

Себебіңді қинамай,

Желп етпес жан ең ежелден

ақша, атақ, қыз... десе.

Қанағатпен жүруші ең

Сезімге ермей көргенше.

 

Күндіз- түні лоблығып

Кеудесіне симаған.

Емін қалай табармын

Жүректі мынау қинаған?!

Біреу бар ма бұрыннан,

йә, бертінде жолығып

Өмір бойы жинаған

Қызығыңды ұрлаған!?

 

Дәм бе, бақ па айдаған

Айекңнің аулына,

Жолықтың ба о, ғажап,

Махаббаттың даулына?

Бейіштен шыққан бір сағым

Ғайыптан саған жолығып,

Кетті ме кіріп, япырмау,

Қолқа- жүрек, баурыңа?!

Жолықтың ба немесе

Іңкәрлік деген“ауруға”.

 

Алдарқатсам көп іспен

    Дейді жүрек- құр бекер,

Жан қысылса не дауа,

Айтшы жәнім,“Балшекер”?    

Аңду- тору арттағы

Із кескен иттер бір кетер, 

Үзбеген үміт, сабырмен

Мұратына бір жетер!

Жете алмасам, япырмау,

Бұл өмірден мән кетер,

Зарығумен күн өтер...”Хатты тәптіштеп оқыған Назкерім толқи да, балқи да отырып көп сыр түйе ең жақын жанашыр жандары Азатгүл апамен ой бөлісуге келісті.

Сұхпатты естіп, хатты оқып көп істерді аңғарған Азатгүл өзіне алғаш рет күман келтірді. Неге? Ол“мен бірі, қажымай- қайтпай алыса жүріп сәтіне айланған көп істерімнің бәрінде алла сәтін салғандықтан екенін аңғармаи өзіме жазып көңілім көпсіп, көзім шелденіп қалған сияқты; енді бірі, ел ішінде ылғида мақтау мен марапатпен марқая мен- мендігім өсіп өзгемен аз санасатын болып қалған сияқтымын, болмаса көз алдымда өскен қызым жағдайы мен айға жуық осы үйде болған Қатудың арғы- бергі жағдайын неге бір ұғыспадым”деп ойлады. Азатгүлдің бұл ойы да тым тегін емес. Беттің нұрын да, кірін де өзі емес өзге көреді, ісіңе де, кісілігіңе де бағаны өзге береді. Адам ауық- ауық өзінен өзі есеп алып, жұрт ауанына да құлақ салып жүрсе бойыңдағы көп оғаштықтар озықтыққа өз- өзінен жол береді. Азатгүл қай күннен осы идеяның жетегімен ғана жетістікке жетіп келе жатқан өзін де өзгені де бағалай алатын ортан қолдай озық тұлға. Алайда адам көбінше жағдайда қолда бар алтындай жарқырап үнемі көз алда тұратын, жаралғанда жабысқандай үнемі жанында болатын өзімсінетін жандармен болған байланысқа басқалардай жиі назар аударып кете алмаиды. Онда осы бір “өзімсіну” сынды сезім жетегі басым болғандықтан қызында болып жатқан жан жылулы көңіл- күй жан бағыс жанталасының тасасында қалып қойғандығын енді сезіп өзіне жоғардағыдай оңды сын, орынды баға бере сын- сөгіс жәриялап отыр. Ойы құлшыныста, қолы жұмыста болған әрқандай пенденің бәрі де белгілі мөлшердегі кемшілік- қателіктен сақтана алмаиды. Басты мәселе сақтана білуде емес, көре біліу мен түзете білу, тәжірибе қорту мен алдын ала білуде. Адам тым сақтанғыш болып кетсе өз қол- аяғын өзі шырмап тәуекелшілдігін аласартып алады. аңғал батырдай адуындап тым батылданып кетсе де аяқ қағар кедергілерге көп ұшырап бара- бара тез мұқалатын болып қалады. Істік те, төстік те күймейтін жол табу, әрине, қиын. Кісіліктің сыналатын, іскерліктң шыңдалатын тұсы осы. Егер істің бәрі ойлағандай оңай болса менің отбасымдағы мәжбүри мәңгүрттенген Аймауыт пен сүйгеніне қосыла алмай амалсыз аңырап отырған Балқияны былай қойғанда анау Дөненбай дөкейдің былық- шылығын жабулы қазандай қаз- қалпында сақтап қалу үшін аудан бөлімшесінің бас маманы жұмыстан “қуылар ма” еді? Алыспай алау өзіне қол салып, Беріспей берен түрмеден қашып өз түбіне өзі жетер ме еді? Қатуға күндіз- түн аңду- тору қойып артынан із кесе қуғын салып өз мекеніне, өз сүйгеніне зар қыла жәбірлер ме еді? Мынау Тойғанбай әкімнің “жиған- тергенінің ” қызығын өз ел, өз жерінде көрсетпей көзін мөлтектете мәжбүри шет ел асыртар ма еді?... деген ой арпалыстарымен әрең дегенде таңға жуық көз ілдірген Азатгүл өзін о дүние мен бұ дүниенің арасын жалғап жүрген елшідей түс әлемінің шырынды қызықтарына сүйсіне сүңгіп кетті...

       *                                        *                              *

Қасында өмірлік сүйгені, бұл дүниеден тек өзіне ғана еншілі талассыз тигені Азатгүлі бар шәшінен қасына дейін ағарып тараған жібектей күміс сақалын саумалай қолына аса таяқ ұстаған Аймауыт мединедегі пайғамбар мешітінде болған құлшылықтан шығып, Мекедегі қажылық құлшылығын  бетке ала ұша қалықтап барады...

 Көк аспан көгілжім әлем бірде көк теңізге түскен ашық күнгі ақ шарбы бұлттай қалқыса, бірде ағысы баяу мөлдір өзен түбіндегі малта тас, шоршыған шабақтай айқындалады. Жеті қат аспанның біразына өрлеген олардың көз алмасын бейіштің бағындай бір жасыл әлем магниттей тарта жөнелді. Сезімі жүйрік, сенімі берік, секемі селдір Азатгүл ару бірден танып  “Отан, отан... жаса менің жәннат әлемім” деп қол бұлғай жөнелді. Маңдайын жиыра қарашығын бір түйінге жия қараған Аймауыт та алыстан айдындана алаулаған «Қазақстан» сұлбасын танып жүрегі жыли жан сезімі жадырап сала берді. Белгілі бір нәрсеге ынты- шынтысымен беріле қараған сайын оның жақындағандай болатыны, ой өлкесінен шығармай жүрегіне сидыра сиынған сайын оның түйір тас, талшық тамырына дейін айқындала көз алдына көлеңкесіз көрінетіні болады. Олар бәлкім, осындай сезімде болды. Бәлкім, бір тілсім күштің, не туған жердің тұғырлы магниті тартты. Әне,  ата жұрт, туған ауыл, ту тіккен орта... оның тұтас тірлігі... көз алдарында  түйелі көштей шұбыра келіп керегесін жәя, шаңырағын көтеріп жатыр...

Әлемдік аренадағы «Аймауыт» холдінигінің туын Астанадан көрген Азатгүлдің онсызда аспанда жүрген төбесін Бейіштің төріне жеткендей қуанта желпіндіріп жіберді. Ат шаптырым үлкен алаңда бір керемет той болып жатқан сияқты, бәлкім, «Аймауыттың» 50 жылдығы шығар, бәлкім, Байырқа келін түсіріп жатқан шығар, бәлкім...

Қайшалысқан қалың халық ішінен қолтықтасып бара жатқан Қату мен Балқияны көрген олардың қуаныштары қойындарына симай еріксіз шапалақтарын соға аспан аясын дүрілдетіп жібергендей сезіммен бір- біріне мақтанышпен күле қарайды. Қатудың кеудесінде әлем чемпионатыының алтын медалы жұлдыздай жарқырайды. Алдынан қарсы ала шыққан гүл будаларын бұлғаған өз ауылының топ- топ перезенттері, ішінде көзі Қатудай отты, өңі Балқиядай көрікті Қату мен Балқияның шерлі махаббат, шеген сүйіспеншіліктерінің куәсі де кетіп барады. Топты немерелерін көріп көз айым болған қарт жұбайлар ұлы алланың шексіз мейір- шапғатына шүкірлік ете еріксіз жосылған көз жастарына ие бола алмады... 

Бірде биіктеп бірде жер бауырлай қалықтаған жұбайлар бұрындары «Бетпақ дала» атанған қағыр өңір адырлы алқаптан тағы бір жасыл желекті орманды алқапқа көздері түсті. Оның теміртормен қоршалған жиегіне жіпселей көз жүгірткен жұбайлар «Азғандар мен жазғандар» атты еңбек лагерінің маңдайшалығы асылған үлкен қақпаға жасуы жәйсызданған жанарларын әнтек кідірте онан ары көз алмаларын ішке бұрды. Жүрегі зу ете барып өз көзіне өзі сенбегендей жеңімен уқалап жіберіп қайта қараған Аймауыт мәуелі орман саясында қам- қайғысыз қарбыз жеп отырған топды азаматты көріп «әкәу, мынау Дөненбай ғой, қасындағы Арандин мен Залалдин,  өз еңбектеріне өздері ыриза болған жәй шаруадай қуаныш лебі беттерінен еседі» деп Азатгүлге таңғала қарады. Олармен бұрыннан таныстығы жоқ Азатгүл бір көз қыдыртып өтті де арырақтағы алма бақта бастарына айнала күнқағарлы қытай шиқалпағын кие жер суғарып жүрген Тойғанбай мен баяғы сол өз ауыл бөлімшесінің бас маманын көріп тәубәсін үйіре алланың ұлы құдіретіне мойынсал бола шүкірлік етті. « Йә, рахымды алла, мейірімді алла мынау күнакәр құлдарыңның біліп, білмей істеген күналарын кеш, о дүниелеріне жүк қылмай күпірліктерін шеш, жүректеріне иман ұялатып көкірек көздерін аш» деп дұға жасады.

Кіндік кесіп кір жуа ержеткен туған ауылдарынада бір көз салып өткісі келген олар ой шалмаларын бір шумақтай беріп еді- ақ олардың көздеріне орманмен көмкеріле, аспалит жолмпн айшықталған, қаз- қатар еңселі үйлі кәдімгі ауыл қалашығы көрінді. Қалашықтың орта бөлегінің сәнін арттыра сәулетін асырып тұрғаны- ақ бұрынғы көне мектеп орнынан бой көтерген жаңа мектеп ғимараты. Одан ары бәріде осы заман жаңа үлгісіндегі Мәдентет үйі, Спорт кешені, Балабақша... Ал бергі жағалауда ауыл Әкімшілігі, Дохдырхана, Почтахана... болып кете берді. Баяғыдағы Тойғанбай әкімнің таптауырынына ұшырап жәйма базарына айналдырған талды аумақтан күмбездері көк тіреген айбынды Мешіт бой көтеріпті.

Тамыры тереңге бой тарта шеген топырақты шегедей тесіп өтетін Қарағаш, Тораңғы, шөл Жиделерінен қалыптасқан тағы бір орманды аумақтың баяғыдағы «Қытай компаниясына» тиеселі жер екеніне жұбайлардың сене қоймағаны да жасырын емес-ті. Таңғалыстарын жасыруға шарасыз қалған олар онан ары жер бауырлай қатарласа қалықтай шолып “шамасы, мынау шөл орманы су тиген сайын топырақтың улы қабатын қопсыта сору арқылы ежелгі құнарын қалпына келтіре алатыны ғылми тұрғыда  анықталған- ау ” деп түйді. Ризалықтың ырғынына бата рахыметтерін жаудыра кері қайтуға дайындалған олардың құлақтарына бір таныс дауыс біресе күміс қоңыраудай күмбірлесе, біресе жез қоңыраудай сыңғырлай ұрылды. Таңғала құлақ салған оларға біреудің « Мың айтқанмен тегі мықты ел ғой, қазір имандылықтары күшейіп, ұлттық намыстары оянып кетті. Жемқорлыққа  иманы, жадыгөйлікке намысы тосқауыл болып, оңай шағылмайтын жаңғаққа айналды» деген жағымды лебіздері естіліп жұбайларды еріксіз кідіртті. Жанындағы қартаң орысқа қазақша сыдыртып жатқан Таңбақыт екенін айнытпай таныған Азатгүл демін ішке тарта құлақ түрді. « Әкем өмір бойы адасқанын осы елдің ізгі ниетті имандылығы мен күшті ұлттық рухқа бай ер көңіл, кең мінезді асыл қасиетінен біліп, осы елдңң дін, діл, тіліндегі алтынға бергісіз мән- мәйектер арқылы адам санатына қосылдым. Үйдің жақсысы ағашынан, адамның жақсысы нағашысынан, - деп қазекең бекер айтпаған, сен текті жердің қызынан туған тегеуірінді ұрпақсың, милиярттан асқан соншама көп халық болсақта тек  “бір адам, бір қаламның” бұғауынан шыға алмаған етек басты, ер қашты елміз. Сен бұл елден кетіп нағашы жұртыңа барып өз білім- қаблиетіңе жарай еркін өмір сүруге талпын»  деп әлемге әйгілі Шаңхайдан осында әкеліп орнықтырды. Ал өзі бір аллаға деген сенім- сүйіспеншілігін арттыру жолында осы ағаштардың саясында өмір бойы намазын оқи жүріп осыншама алқапқа ағаш екті. өзіміз қойнына баратын қасиетті топырақтың құлқын құмарлықпен кетірген құнарын қайта әкеле алсам алла күнәмді де кешер деген құлшыныспен өмірден озды.

 

«Жақсы түсінік қалыптастырыпсың, бауырым, мен осы елге қоныстанған кержақтың 3- ұрпағымын, ата жұртымызға барып көндіге алмай қайтып келдік. Бізді де жіпсіз байлаған сол өзің айтқан осы ел азаматтарындағы “исләм құндылықтары негізіндегі имани асыл қассиеттері мен тектен дарыған ер көңіл, өр мінез намысқойлықтары”. Бұл тұтас адамилық ардың ұйтқысы, ұлт рухының түрткісі екенін де тек осы жұртпен араласа келе ғана ұққандай болдық. Осы елдің еркінің мықты, ұлттық рухының өр екенін осыдан- ақ байқарсыз, біздің кержақтар оп оңай өзімізге сіңіріп әкетеміз деп арбағанына үш ғасыр, алысқанына екі ғасыр, нақтап қолға алғанына бір ғасыр болды. Сырт көз сыншы дейді, айтыңыз шы, сіңіре алыппыз ба, не өзгертіппіз?...  Қанша дегенмен көп жылдық еңбек ғой, анша- мұнша өзгерістер де жоқ емес, бірақ, бәрі де тек бұтақ пен жапырақ ғана. Бәрібір арыдан тереңге бойлаған тамыр өзгермейтінін енді біліп, сол далбасамен дал ұрып келгендер қайтып кетті. өзің сияқты дінін де, ділін де, тілін де қабылдап өзіне айналып кеткен біздер барып та дұрыс адам болмайтынымызды білдік. Қысқасы екі дүниенің жақсылығын осы елден табатынымызға көз жетіп адал еңбек, имани жүрекпен өмір сүріп адамша жасауға бекідік. Ол жаққа барып “шарап көліне сүңгіп бөртіп жүреміз, отбасы бұғауын бұзып еркін некемен өрістей өмір сүреміз ” деп арманның шөлінде қалып бәрі де әбден қартаңдағанда бармақтарын шәйнәй құрдымның құдығына құлаудан арыны көре алмай торығып қалды.“Су ішкен құдығыңа түкірме”демеушімеді, ата қазақ. Алла бізді ондай опасыздықтан сақтасын...»

 

Бұл екеуінде болып жатқан өзара сұхпатқа көңілдері тоғая өз биігіне өрлей жәй қанат қағып бара жатқан Азатгүл ат бойы алға өткен Аймауытты өзіне қарата:

 

- Есіңізде барма екен, Айеке, баяғыда Ата марқұм «Мұхаммед (с.а.с) Алланың елшісі, Исләмнің жаршысы болған соңғы пайғамбар. Ал Исләм бір ұлттың не бір өңірдің діні емес тұтас адамзатқа түскен хақ дін» деп отырушы еді ғой, аналардағы мынау жағымды өзгерістер соның бір ұшқындары- ау, тегі?!

 

 – Йә, йә есімде, ол олай еді, бұл былай деп жіберетіндей біздің де дінни сауатымыз таяз ғой, солайда қасиетті хақ діндегі құлақ естіп, көз көріп жүрген әділеттілік, ізгілік, мейір, шәфәғат, сабыр, шүкір, тәубә... қатарлы құндылықтардың өзі- ақ ес- ақылы дұрыс әрқандай пендені бара- бара өзіне магниттей тартатыны бұлжымас ақиқат екеніне көз әбден жетеді, аяулым.

 

 – Жаратушы жалғыз йем осы көргендерімізді тезірек өңімізге айландырып қызығын ұзағынан сүйіндірсе екен?!- деп тағы да Аймауытқа қарай беріп еді кенет құлақтарының түбінен күмбірлеген бір жағымды дауыс:

 

 – Йә, алла,

Ел- жұртына амандық,

Заманына тыныштық,

Істеріне игі берекет бер.

Көкірек көздерін ашып,  

Жүректеріне тәуфиық бер.

Халқына исләм тірлігін нәсіп қыл,

Екі дүниесіне хайырлы харекет бер.

Сабыр, шүкір, тәубәға табан тіреген,

Екі дүниенің жақсылығына қауыштыр.

Имандарын кемелдендіріп,

Жамандықтарын жақсылыққа ауыстыр.

Иман- ілім, білім- ғылым, бақ- дәулеті толысқан

Алладан өзге мұқтажы жоқ мәңгілік елді нәсіп қыл.

Дінін, ділін, тілін қайтарып, азу- тозудан құтылтып,

Имани нәр, адами ар салтанат құрған--

 

Нұрлы болашаққа асықтыр (әмин)!- деді. Кім айтқанын толық межелей алмаған Азатгүл, әкәу, Айекеңде осындай батагөй болып кеткен бе деп оған қарады. Оның өңінен нұр ойнай бейішке бет ала гүбірлей алақан жәйіп дұға- тілекте бара жатқанын көріп, ол да ықыласпен бет сипады...

                                  Соңы

 

(Алматы- Астана, 2016 мамыр- 2018 тамыз)

 

 

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: