Блогтар
Әжемнің өкпесі
Қалаға оқуға түскенімді егістік алқабында жүрген кезімде естідім.
-Ағатай,сіз оқуға түсіпсіз.Құттықтаймын!-деп алыстан жан ұшыра айқайлап келе жатқан інімді байқай сала,қолымдағы кетпенімді лақтырып қарсы бетке жүгіре жөнелдім.Жанына жете бере,әлі де сеніңкіремей сұрап жатырмын:
-Кім айтты оқуға түскенімді?Бұл рас па екен?
-имандай шыным аға,жаңа ғана оқуыңыздан шешеме хабарласты.Өзім куә болдым!-деп інім маған дәйектеп түсіндіріп кетіпті.
-Мұның рас болса менің алға қойған мақсаттарымның бірі орындалыпты ғой.Ал алматы ұланыңды күткейсің!-деп жоғары секіріп жібергенімді байқамай қалыппын.
Күн ақшамнан құлай бастағаны сол еді,әлдебір желпілдек жел соға бастады.Манағы қуанышты хабар бірәз желіктіріп жібергесін,ойым сан-саққа самғап,жұмысқа деген ынтамды жоғалтып алдым.Әйтеу ыңылдаған желмен жарыса әндетіп әлдебір ұсақ-түйек нәрселерді істегендей болдым.Күн қызыл шақалақ күйге еніп,аспанның құрсағына тығылар шақта менде қалыс қалмай үйге қамдана бастадым.Арқандаулы атымды жүгендеп,ер-тұрманын салып жатқан заматта үстіне түйе жүніннен тігілген жеңіл кеудеше,аяғына ықшамдалып тігілген былғары етік киген,астында күрең жорға мінген беймәлім біреу мен жақа суыт жүріп келеді.Мән беріп қарасам бізге аталас туыс Қәдіржан екен.Қәдіржанның адамды әжуалап әрі шымшып сөйлейтін әдеті бар-тын.Ол бұл жерге тегін келе жатпағаны анық.Бірәқ менен сескенетін сықылды.Әнәугүні ішімдік ішіп алып тиіскені бар,сөздерін намысым көтермей сазайын бергенмін.Міне содан бері менімен абайлап сөйлеседі. Жасы менен әлдеқайда үлкен болғасын қолымды созып амандасып жатырмын:
-Ассалаумағалейкүм аға!
-Уағалейкүм ассалям,қал-ахуалың қалай?
-Жақсы Ербол.Неге бағана інің екеуің жерден жеті қоян тапқандай,егістік алқабын бастарыңа көтеріп айғайлап жатсыңдар?Біз бәріміз аңтарылып қалдық.Әлдебір суық хабар келді ма деп!-деп Қәдіржан маған тесіле қарай қалыпты.
-Қадіржан аға,іріктің ауызыннан шірік шығады деген.Жаман хабар келсе ендігі осында тұрар ма ем?ақыры солай ойлаған екенсіз неге сол кезде келіп сұрамайсыз?-деп қатқыл үнмен жүзіне қарадым.
Қадіржан шап ете қалды.Айтарға сөз таппай,еріксіз үлкендігін сылтау қылып:
-Сен өзі әкеңмен жасты кісімен қалай сөйлесесің?әдеп қайда?!-деп кейіп,ренжи менен теріс бұрылды.Өзімді іштей дереу тоқтатып,сөзді бұрмалап жібердім:
-Естімген боларсыз бәлкім,мен қалаға оқуға түстім ғой.
-Қалаға дейді?қандай оқу орнына?-деп көзі шаранасыннан шығардай болып кетіпті.
-Білдей бір ҚАЗҰУ-ға.
-Шынымен ба?
-Шын сөзім.
-Ендеше құттықтаймын.Білімің артсын!-деп жылы лебізін білдірді.Менде қапы қалмай басымды изеп аминь деп жатырмын.
Атыма қарғып міндім де,ауыл жақа басын бұрдым.Жанамайлай келе жатқан Қәдіржан бейқам қалмай:
- жол қысқарсын Ербол інім,отты әңгімелеріңнен жіберсеңші?
-Не айтайын Қадіржан аға?
- Анау оқуға өз біліміңмен түстің бе?әлде?
-Әлде не?
-әлде бір көкеңді таптың ба?
-бізде қайдағы көке болсын.Ондай оқудан әдірем қалдым.Өзім талпындым,және түстім!-деп Қәдіржанға қарап ем,өңі қызарып қалыпты.
-Не болған түріңізге,пешке күйген нандай қызарып кетіпсіз ғой!-деп сөзіммен шымшып алдым.
-Білмедім,ауырып тұрған сияқтымын.
-Қайдам,сізге денсаулығыңыз емес,менің оқуға қалай түскенім уайым болған сияқты ғой.
-О не дегенің!-деп қашқақтады.Мұнан соң менде үндемедім.Егістіктегі тыныштықты тек біз мінген аттырдың сыбдыры бұзып тұр.
Көгілдір аспанда жарқыраған гаухар жұлдыздар ерекше көрініп,аспан әлемін өзгеше келбетке бөлеп тұр.Манағы адуынды жел саябырсып,арты самал желге жалғасқан.Сол желдің нотасына тербеліп,өздігімше ой үстінде келемін.Әншейінде ауыз жаппас Қәдіржан бұл кезде дымы құрыған мылқаудай үнсіз келеді.Ауылға кіре бере Қәдіржан қоштасып өз үйіне кетті.
Үйге келген бетте атымды жайғап,үйге кіре бергенім сол еді әжем суық қабақпен қарсы алды.Не болғанын түсінбей абдырап қалыппын.Менің манадан бері ойлап келген сценарийімнің күл-паршасы шыққандай.Ол сценарийде әжем маңдайымнан сүйіп,батасын беруі керек еді.Бұл кісіге не болды екен,мүмкін естімеген болар деп әлекке түсіп кетіппін.Не болғанын білу үшін ауызғы үйге кіріп ем, Анам інім мені күтіп отыр екен.Анамды көре сала «Тәте» деп жақындап ем,маңдайымнан иіскеп:-оқуға түсуің құтты болсын балам,бізді желпіндіріп тастадың.Әкең осы қуанышыңды көре алмай кетті ғой!-деп босаңсып кетті.Үн жұрғасы түсіп кеткен анамды жұбатып жатырмын:
-Тәте болды жыламыңызшы.Сізге сүйеу болар біз бармыз!-деп ем,көз жасын зорға тиды.Көңілін аулау үшін әжемнің жаңағы жағдаятын айтып ем,анам күліп жіберді де:
-Адам қартайған сайын бала көңіл болады деген рас-ау,жаңа сенің оқуға түскеніңді естігесін,маған ұрысып,не дейді дейсің?
-Не дейді?
-Ол қалаға кетсе бізді, әсіресе мына кәрі шешесін ұмытады дейді.Мен сенің ең мықты оқу орнына түскеніңді айтып ем,оғанда көндікпеді.Содан бері ләм деместен үнсіз жүр.Барып өзің сөйлесші.Ол кісі сені тыңдайды!Анамның бұл сөзіннен кейін дереу тысқа шықтым.Мен шыр етіп дүниеге келгенде анам байқұс ауырған екен.Содан мені әжем бағыпты.Есімді білгенше әжемді анам деп есептегенмін.Әжем ұйықтаса ұйықтап,қыдырса қыдырып бір елі жанынан ажырамағанмын.Анда-мұнда анам бетімнен сүйіп,оны әжем көріп қойса әжемнің таусылмайтын өкпесі бар.Сол үшін де анамды тәте деуімнің сыры осында жатыр.Әжемді байқасам қаймақтан май алып отыр екен.Жанына барып:
-Әже дәмін көрейінші?-деп ем,бармағымен ауызыма салып жіберді.
-Әжетаай дәмді болыпты ғой,ертең мен қалада жүргенде маған осы майыңыздан жиі салып отырыңызшы.Бұл майда сіздің ыстық алақаныңыздың иісі қалып қалады ғой!-деп ем тағы үнсіз жұмысын істей берді.
-Әже,мен оқуға түстім ғой,бір маман иесі боламын.Есіңізде ма,сіз құлыным мені кейін не беріп бағасың дегенде мен:- алма,нан,талқан деуші ем ғой,енді оларды алу үшін маған ақша керек,ақша табу үшін оқу керек.Өзіңіз айтасыз ғой,аталарың білімді кісі болған,ол кісіні ұятқа қалдырмаңдар деп?!міне құлыныңыз үлкен жолға түскелі тұр.Қәне батаңызды беріңіз?-деп ем,әжемнің манағы қатқыл бейнесі қар секілді еріп,маған қамқор көзімен қарады да:
-Жарық дүнием,қайда жүрсеңде жаратқан ием жар болсын!Менің ренішімді білесің ғой.Сені жыраққа жіберіп қалай мұнда алаңсыз жүрмекпін.
-Әмин әжетай!-деп құшақтай ала жөнелдім.Бізді сырттай бақылап тұрған анам мен інім дереу бізге кеп қосылды.
Тамыз айы ортан беліннен ауып,менің алматыға шығатын күнім таяп келеді.Қалаға барып жатақханадан орын алу,киім-кешек мен құрал жабдықты дайындаудың өзі бірталай жұмыс.Зуылдаған күндерді кім ауыздықтай алар дейсің.Көп күттірмей менің қалаға шығатын сәтім де келді.Есік алдында мені шығарып сап тұрған әжем анам және інім маған ақылдарын төгіп-ақ жатыр.Қалаға алғаш жалғыз өзім бара жатқасын жүрексінуімде бұл тұста заңдылық.Әжем мен ананың маған алаңдаулы кейіптерін байқаған сайын,сыртқа сыр білдірмей өздігімше жігерленіп:-неге үшеуіңізде мұңайып тұрсыздар,соғысқа бара жатқан жоқпын ғой!-дегенім сол еді,анам:
-Балам-ау,қалай алаңдамаймыз.Ол жақта кім саған жылы қабақ танытар дейсің.Өзіңе мықты болшы.Ол жақта небір сұмдықты естиміз.Одан соң қалай уайымдамаймыз.
-Ия тәте.Сөзіңіз қаперімде болады.
Шопырдың бол,уақытымыз аз деген пәрменінен кейін былбыраған қалпымды тездетіп,жақындарыммен қоштасып,көлікке дереу отырғаным сол еді:
-Құлыным май салып жібердім,қарның тоқ болсын.Өзіңді күткейсің,кәрі шешеңді сағындырмай жиі келіп тұр!-деген әжемнің дауысы бойыма ерекше қан жүгірткендей. Бұл жалғанда отбасыңнан жақын кім бар екен!О Алла отбасымызға амандық бергейсің!!!