Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Бейбарыс бабамыз

Блогтар

02.10.2023
2748

Бейбарыс бабамыз

Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығына орай жазылған тартуым!

Құлдан - Патшаға көтерілген бір-ақ адам болса , ол Қазақтың ұлтынан Бейбарыс батыр!!

 

Пролог

Бейбарыс:

 

Иіскесем тағы да бір бұрқыраған,

Қырында құлындары шұрқыраған

Туған жер , жусаныңа аунап жатсам

Кеудемде тілегім көп шырқыраған.

 

Ақ жерге басын иіп, маңдай тіреп,

Жаппар Ие, сұрағаным бір-ақ тілек

Жаратқан жолықтыра көрсең болды,

Атажұрт – Қыпшақ елі  соққан жүрек!

 

Өз жасым елу беске енді келер,

Қаласа Тәңір қолдап әлі берер

Қасыма бір ұлымды ала кетем

Көмегін берер яки жолда көмер..

 

Елімде ақ жаулықты анам қалған,

Тетелес бірге ойнаған ағам қалған

«Ер жігіт туған жерге, ит тойғанға».

Нақыл сөз Бейбарыстан,

Солай қалған!!!

 

Мысырды он жеті жыл билегенде,

Жауының жағасынан сүйрегенде

Қахарлы Құлағуды қансыратып

Кресшіл көп иттерді түйрегенде...

 

Жолбарыс жас жүрегі міз бақпаған,

Мұз дауыл, қара боран мұздатпаған

Есіне түссе жұрты - Дәшті Қыпшақ

Сәті жоқ хас жүрегін сыздатпаған !

 

Елеусіз Мысыр елін тастап кетті,

Ұлымен ұлы көшті бастап кетті

Қалауын - бірге өскен досы еді,

Орнына патша қылып қоштап кетті.

                       1 - бөлім

1238 жыл

Атырау айналасын мекендеген,

Сорға ма баққа әлде екі елі деген

Ер Жамақ ұлы еді ер Бейбарыс,

Болса да жасөспірім - бекемделген.

 

Ер Жамақ әділ болған заманында

Өсіріп ұл мен қызын жамалында.

Жорыққа кеткенінде бағып жүрген,

Жаулары асырыпты амалында.

 

Анасы Әйнек еді, ақ жаулықты,

Аймай ақ жаулықты жылатыпты

Беріштің жас қабылан Бейбарысын

Жабылып жан-жағынан құлатыпты..

 

- Көңілім алабұртқан , жас ұланым

Абайсыз жауға түскен хас қыраным

Сезгенді ана жүрек сұм дұшпанның

Әкең жоқ, абайсызда қас қыларын..

 

-Жылама жан анашым жасыңды сүрт

Қара жау жауап берер бір қара құрт

Серт берем мен келемін өзің үшің ,

Куә бол қара дала, уа атажұрт !!

 

-Қош дала, өн бойыңа дарыған құт

Бойыңнан өтті-ау сансыз жорық пен жұт..

Сонда да мыңқ етпеген маңғаз елім,

Өзіңе тартқан ұлың оралар, күт !!

 

-Күтемін , мен кетпеспін сен келгенше

Ақ жүзің елес болар мен көргенше

Ақ сүтті сауып көкке қолым жайдым

Тілеуің тілеп өтем  енді өлгенше.!!!

 

Ауылды жаулар келіп кеткен шауып,

Сатуға алып кеткен көзін жауып

Қасында қырық ұл бар өзі тектес

Қай жақтан білермісің , қайда  қауіп ?

 

Ер болса бірі қайтар елін тауып,

Ез болса сонда қалар есі ауып

Солай деп қара сақал құл сатушы,

Ап кетті қолын байлап, көзді жауып..

                    2-бөлім

1239 жыл

 

Мысырда құл базары қызып тұрған,

Сатушы қамшылаумен сызып тұрған

Анталап көп жұрт көзбен көруге кеп

Алмаса да келумен қызық құрған.

 

Бейбарыс он алтыға жаңа шыққан,

Балуан денелі хәм жүрек жұтқан

Құл базар қызықпенен күрестіріп,

Бозбала қарсыластын бәрін жыққан..

 

-Бозбала өсіп келе жатыр екен,

Айласы, ақылы көп батыр екен

Қаншаға сатпақшысың ей бақташы ,

Қораңда тағы қанша жатыр екен?

 

-Бұл бала балуан әрі мерген еді,

Қасына қиқар біткен ерген еді

Бағасы мұның соңғы 800 дихрәм

Алыстан құл болуға келген деді..

 

Солай деп құл сатушы кетті санап

Сөз жалын - от жүректі өтті жалап

Мен әлі әмір болып , ал сені ше,

Малымды бақтырармын күле қарап!

 

Бұндықтарға арнады аз ақ тілек,

-Қасымда 40 жігіт балуан білек!

Қосып ал қатарына шамаң келсе,

Батырлар шет - шетінен болар тірек.

 

Бейбарыс құны болған  біраз тиын,

Әскерге тәртіп салып құрды ұйым.

«Мәмлюк» деп атын қойған – құлдан жиып

Машықты әскери іске алды қиын.

                             3-бөлім

1250 ж

 

Бейбарыс осы заман түменбастар,

Жаңғырған айбатынан тау мен  тастар.

Сынамақ әлде басқа ой сұлтанының,

Пәрмені келді бастан мүлдем асқан.

 

-Қамалда орналасқан он мың жасақ,

Айнала мазаны алған жорық жасап

Патшасы француздық Луй екен,

Алып кел басын кесіп , жасап қасап...

 

Екі мың қолмен шап деп берген пәрмен,

Сұлтаны айтса қалай болмақ дәрмен

Жан керек пақырға да батырға да,

Уа Тәңір өзің қолдап берші жәрдем!

 

Қылышын қайрағына жанып – жанып,

Қамалға айқайлайды жақын барып:

Көжектей інге қашқан король Луй,

Дүниеде сендей сорлы бар ма ғаріп?

 

Екі ақ мың әскер бізде, Сізде он сан..

Жекпе - жек шық менімен, батыр болсаң.

Кім жеңсе есептелсін сол жақ жеңген,

Патша Луй шықты ортаға басып алшаң..

 

Бейбарыс жекпе - жекте жеңсе дағы,

Патшасын құтқармақ боп қарсы жағы.

Білгесін аз екенін кресшілер,

Қырып сап, құтырмақ боп шапты тағы..

 

Бейбарыс ақылына амалы мол,

Ізбенен белгілі бір жасаған жол..

Шегінген қашқандай боп сыңай беріп

Көп әскер қуған тап боп молынан сор.

 

Осылай қолға түсті қуып барып,

Тұтқын боп кресшілер болды қаріп

Абыроай асқақтады Бейбарыстың,

Көгінде қыран шалқып, бағы жанып.

                       4-бөлім

1253 жылы

 

Ұлы хан биліктегі Мөңке хан-ды,

Қарақорым еліне жиып жанды.

Аббасид халифатын жаншу үшін

Шығарды ұлы әскер, жазып заңды.

 

Аббасид күш жинаса кімге жақсы?

Алартпақ ертең көзді бізге қақшып

Жыланның басын кессек жастайынан

Бой бермес Айдахар боп,

Өссе шапшып...

 

Мақұлдап мұны бәрі бірауыздан,

Құтылмақ үшін елі бір жауыздан

Әскерді бөліп берді Құлағуға,

Садақтан сары сағым боп,

оқ жауғызған...

 

Құлағу шығыс елін жасындырмақ,

Құбылай бар Қытайды шошындырмақ,

Төленің қос арланы жарты әлемді

Жеткенше ат тұяғы  асыр қылмақ.

 

Құлағу Кетбұғаны әскербасы,

Сайлаған, жетпіс беске жеткен жасы

Амалы, ақылы асқан батыр еді,

Таңданған қайратына дос пен қасы.

 

Кетбұқа асып туған ердің ері,

Жылдаммен  жарысқанда желден еді

Жүз жылда бір туатын нар қолбасшы,

Наймандай ер туатын елден еді.!

 

Бауыры Келбұқадай алып жыршы,

Жошының мерт болғанын айтқан сыршы..

Домбыра ойық болған сол заманнан,

Ішегі екеу қалып, мойын бұршы...

 

Теңдессіз заманында алып батыр,

Қол бастап көп әскерді бара жатыр

Соңында Керейі бар, Алшыны бар

Көп жұмбақ бүгіп сары дала жатыр.

 

Қарсылас келсе жауын қырып жойған,

Хан дала тұншығар ма ..қанға тойған

Әуелі Бағдадты талқан қылып,

Дамашық еліне де салған ойран..

                         5-бөлім

1260ж

 

1260 – ыншы жыл болғанында,

Жарты әлем отқа оңбай ораныпты

Сан қала қарсы келген Құлағуға,

Құм болып жермен - жер боп жоғалыпты..

 

Мысырда билік құрған сұлтан Құтыз

Тап болып Кетбұқадай жолбарысқа

Ұрыстан жеңілмеген сан соғыста

Билікті берді толық Бейбарысқа..

 

Бейбарыс абыройы шарықтаған

Даңқы аспан асты қалықтаған

Жеңілмес - лақап аты таңылыпты,

Жауы жоқ қарсы келген торықпаған.

 

Қырық мың бар Мысырдан әскер жиып,

Қоршаған амалы асып қарсы жақты

Кетбұқа мұны байқап кетті күйіп,

Жаратқан түсірмегей бастан бақты!

 

Кетқұқа кісі айтырып хат жолдады

Ағаңмен соғыспақшың , мұның қалай?

Қыпшаққа қыпшақ қайтіп қол көтермек,

Сынар ма дәл осылай мырза Құдай?

 

Білемін өміріңді өксіп құшқан ,

Жасыңнан сені сатқан араб дұшпан.

Кең дала төскейінде туған ұлсың ,

Не қызық ,

Саған қала салған қыштан.?

 

Құл сатып дайындаған араб, парсы .

Себебі өздерінің қаны жалшы..

Екеуміз ен далада шапқан елік ,

Көк бөрі тұқымымз құлақ салшы..

 

Ұмытпа бізде құл жоқ, жетім де жоқ

Ханымыз қатар жүрген  ғаскерімен

Бейбарыс елге қосыл, қарсы шықпа

Шығардай маған қарсы бетің де жоқ.

 

Бейбарыс :

Жауап бере - уа Кетбұқа!

Армысыз, аманбысыз нардай аға

Алдыңнан айтпай келді демегейсіз,

Келдіңіз сонша жерді жалмай аға !!

 

Інім деп келсең мұның шолақтайын,

Жауым деп ,

Келсең тіптен жолатпаймын.

Қаптаған қалың қолмен келіп тұрсың,

Айтыңыз қалай енді қонақтайын ?

 

Сөзің шын, мені сатқан араб-парсы ,

Әуелде қылды солай құл мен жалшы

Соңында мені ұл ғып асырады,

Кем қылмай қатарымнан, сөзге наншы..

 

Сөз бергем әлсіздерді қорлатпауға ,

Сорлы жұрт..

Онсыз да көп сорлатпауға.

Өзімдей аяулы ұлды құл қылмауға ,

Үкілі қарындасты зорлатпауға !!

 

Мен әлі барамын деп елге ертең ,

Сөз бергем,

Айнымаспын берген серттен.

Тәңірім мені қолдап қолпауштауда ,

Қалғанмын он сан оқпен

Он сан өрттен!!

 

Сен келдің,

Талқан қылар жолды тауып,

Қарсылас ханды атып, қала шауып

Алдыңа келді ме аға іс қылғаның?

Мен тұрмын сені қоршай, жолды жауып..

 

Ұрыста кім жеңілер, кім жеп таяқ ,

Жеңілсем жанымды ал, жүрмең аяп..

Біз жеңсек ешкім Сізге қол көтермес..

Кетбұқа ағасына айтты   таяп..

 

Шілденің шіліңгірі ыстық шоқтан ,

Зеңбірек гүрсіл қаққан шашып оттан

Қылыштар қаршылдауда сынғанынша,

Тозаңы шыққан жердің  атқан оқтан...

 

Жат жердің шұңқыры көп, ойпаңы көп,

Табиғат қабақ түйген, айтары көп..

«Қысқа өмір ырылдасып өтесіңдер»

Түбінде құшағыма қайтарсың деп ..

 

Әр қайсы 10 кісіге жетіп татыр

Жиырма мың әскерімен Бұқа батыр

Жеңіліп сұм соғыста  Бейбарыстан,

Қырылып қалған бәрі, шетте жатыр..

 

Кей пенде сүйіп қалған үлкен атақ,

Батырды алып келді байлап-матап

Кешірім сұрай сал да қолымды сүй

Әйтпесе басыңды алам, сөзі шатақ..

 

- Құтыз хан,

Білсең бағам сенен қымбат,

Сан ақын жырға қосқан мені сырлап

Өлтірсең мені текке  Құлағу бар,

Ап кетер сұлуыңды байлап-ұрлап..

 

Мақтан мен бекер сөзге семірмегем,

Өмірде мен ұрыстан жеңілмеген

Бейбарыс болмағанда қымыз ішіп,

Шекеңді кесе қылып сімірмер ме ем?

 

Қахарлы Құтыз сұлтан берді бұйрық,

-Сан ұлдың әз ғұмырын біздер қидық

Бір апта басын ілің дарбазаға ,

Мысырға болсын бұл да жеңіс сыйлық!!!

 

Ілінген аға басын көргенінде ,

Бейбарыс жаны куйіп, шерменінде..

Бұл атақты Кетбұға ғой , түкірмеңіз ,

Ақ бетін масқара қып өлгенінде..

 

Шықпағай сөздер семіз, істер арық ,

Кетбұқа өзі өлген іздеп барып.

Тарихта осы ұрысқа ат қойылған,

Ұлылыар шайқасқан жер – «АЙН ЖАЛҰТ»

                        6-бөлім

Жаны сүймес мұқату мен күлгенді

Серт сөзімен мәрт сөзімен жүрген – ді

Қол тигізбен дегеніме ел сенді..

 

- Жасыма сен, көтер енді еңсеңді.

 

Қолбасылар:

 

Қолға түскен өз еркімен батырды,

Басын алу, батыр емес қатын іс

Енді кезек Сізге келер Бейбарыс

Қимыл жаса, болмай қалып қапылыс..

 

Қауіп қылған Құтыз батыр даңқынан

Қызғаныштың оты сана шарпыған..

Өлтірмекке ниет қылып өз досын,

Ауытықған ата жолы салтынан..

 

Қолдаушы мол Бейбарысты күшпенен

Кекті -  Құтыз жан тәнімен тістелген

Кездесті де кең далада алысты,

Жан қимаққа бірін-бірі шабысты..

 

Жан алмақшы аямастан сұлтандар,

Қайда бұрын айтылған сөз,

Нұр таңдар ?

Қылыш сынып Құтыз қалды қан болып,

Ажалымен осы кеште табысты!!!

                             7-бөлім

1260 ж

 

Отыз күн той тойлаған Сұлтан сайлап

Айналды Мысыр,

Шам мен Мекке жайнап.

Гүлдей боп жаңа қала бой көтерді

Қауіпсіз, хәм бай болды,барша аймақ..

 

Жаман іс қашан, қалай, қайда болған?

Жемқорлық, жезөкшелік пайда болған..

Мысырда мұның бәрі молынан бар

Дінбасы, қазы , хакім майда болған..

 

Тазартып мұның бәрін жаптырған соң

Көп кәллә ,

Күнәхардың шаптырған соң.

Жан керек батырға да пақырға да,

Тік жүрген ащы шындық таттырған соң..

 

Қыз алып хан Беркемен одақ болған,

Үндімен саттық жасап, сауда қылған.

Әр түні аралапты елдің ішін,

Кәсіпкер, ғалымдармен кеңес құрған..

 

Жеңбеген әлі ешкім тісі батқан,

Саладдин аз ғана жыл дәмін татқан.

Жеңістің күні қашан туады деп,

Жылаумен көп халықтың кеші атқан..

 

Бейбарыс бір жоспарды алды шолып,

Қолына қондырғасын билік толық

Христос қорғаны боп – Европа,

Шығысқа ойран салған,жасап жорық..

 

Он жылын аттан түспей шабысқанда,

Кресші көп батырмен қағысқанда.

Мысыр, Шам, Бағдад толық айналасы

Тазарып, ана мен ұл табысқанда...

 

Ырза боп тірлігіне енді кезек,

Бастады бір ғажайып бөлек істі.

Пайғамбар заманынан бітпей қалған

Бар екен игі мешіт мәрмәр түсті.

 

Пайғамбар өзі бастап бітпей қалған,

Адамда болар түрлі ой мен арман.

Зілзала, түрлі апатқа тап болытпы,

Құдірет көрмеймісің дүние жалған?

 

"Мәжит Үн Нәби' – мешіт аты әсем,

Ұлы істі жалғастырмақ ұлы көсем.

Бейбарыс бұйрығымен біткен мешіт,

Шахарда пайда болды бөлек әсер .

 

Әр қала Мешіп салған мектебімен,

Гүл еккен тал мен бірге көктемімен

Көпір мен көше салған осы тұста,

Халқына адал терді талмай төккен.

 

Тағы да жеті жылын билеп дара,

Тұрғызған сан құрылыс, жаңа қала.

Керемет озған екен заманында

Сан ғалым жиылатын кітапхана..

 

Ұл туар мүмкін алда, бұдан бұрын

Болмаған тарих беті мұндай ұлы

Мұсылман әлемінің– қорғаны  өзің,

Ат қойған Әз Захир дей – сүйген құлды..

                            Эпилог

1277 ж..

 

Он жеті жыл биледім ел,

Арманым көп..

Әлі де бермегім көп, алмағым көп

Әйтсе де бір сырым бар туған жерге,

Күнім жоқ болмағаны бармағым кеп..

 

Туған жер құдіретің неткен асқақ,

Жасымда амал аздан кеткем тастап.

Ер болса бірі қайтар ебін тауып

Есімде айтқан сөзі қара басқақ..

 

Бұл жаққа бұйрығымен  

Хақтың келгем

Құлдықтың қамытын да киіп көргем..

Қырық жыл қырғын болсын , бұйырмысың.

Болмаса оқ тимейді, адам өлмен.

 

Құл болдым, кім сенеді,

Қазір ханмын..

Құдірет шексіз шіркін, ессіз таңмын,

Бақ қонса басыңызға бәрі оңай,

Құл болып патша болған

-Мен бір жанмын..

 

Жасаушы жаратқанға жоқ қой өкпем,

Басымнан қилы заман, өтті төккен..

У - қосты, оқпен атты, қалдым аман..

Жар болған Жаппар ием..

Күндер өткен..

 

Қалғанда аман - сау боп, көнбегенде..

Жүз соғыс,

Мың дұшпаннан өлмегенде.

Ендігі туған жерге оралмасам ,

Не болмақ, жан анамды көрмегенде.

 

Тоғыз ай тоғыз күнде толғатқан жан,

Жаппарға жанын түйіп қорғатқан жан..

Тілегі әз ананың қабыл болып..

Шығармын тірі жүру, қолдатқаннан?

 

Жыл жүріп елге жетті таңға таман..

Ағайын қауышыпты есен - аман..

Солай деп сыр шертеді тарих аңыз..

Кім білген шын парақты, өтті заман.

 

Кім білген шын тарихты , өтті заман..

Куә боп таулар жатыр , далам аман..

Зерделеу кезек келді кейінгі ұл,

Ұрпағы Бейбарыстың енді саған!!!

 

Сәкен Адай.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: