Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ДРАМА
Бір уыс сым...

Блогтар

02.12.2017
6841

Бір уыс сым...

 

Бағана дүкеннен келе жатып - жерде жатқан бір уыс алюминге көзім түсті. Ешкімге керексіз. Қоқыс болып жатыр...  Осы бір - ақ темірмен аяусыз байланып, ұмытылмастай болған балалық шағымның бір шама сəттері бар еді.. Солар ойыма орала берді.. Баяғыда қалай еді.. Баяғыда:
- Шамамен 1997-99 жылдар. Боқмұрын кезім. Əлі есімде. Жаппай Алюмин алып жатқан кез. Менде тырбыңдап жүріп талайын өткіздім. Күнделікті төсектен  тұра сала - алюмин жинауға кететінмін. Күресін, қоқысты шарлап жүріп ақ сым іздеумее күнім өтетін. Құрттай - құрттай болсада бесін шəйға дейін біршама жинап - бірден темір алатын ағаның үйіне апаруға асығатынмын. Ақыры алюминде таусылды ауылда. Біз жалғыз емес едік.. Жинаушылар көп еді..
  Сол кездері Құдай өзі кешірсін, Балғаның төменгі жағында тұратын бір ересектеу бала екеуіміз түннің бір уағында ауыл сыртындағы мазарға барып, солардың белгісі ретінде орнатылған аллюмин пластинкалардан жасалған айларды да ұрлап, майыстырып өткізетін едік. Бірақ ақшаның құнын білмеген мен- аллюмин өткізіп тұрып: - Аға,  Ақшасына магазиннен анау -мынау ала  салам дегенде темір алатын кісі қуанып кетуші еді. Ұсақ түйек сататын магазіні бар-тін. Əйтеуір қанша апарсамда əрқашан сол кісінің  магазінінен: 1 тархун, екі қорап кукуруз, сағыз жəне чупа чупспен тағы бірдеңелер ғана алып шығып кете беретін едім.   Осылай күндер өтіп жатты. Бір күні кешке таман далада ойнап жүрсем-  көрші бала үйінен үлкен ойыншық робот алып шықты. Ой ана ойыншыққа қызыққаным ай. Бірден ұнаттым. Алғым келді. Алып ұшып үйге жеттім. Келе сала апамның(əжем) миын жеп, əпер-əперге бастым.. Қаталдау көрінгенімен қайран апам мені қатты жақсы көретін еді. Басында жоқ - жоқ дегенімен, ақыры мезі болған апам - мені жетектеп сонауу жақта тұрған Мəнтай апаның магазініне апарды. Барсақ, дəл сол робот тұр екен. Бағасы есімде жоқ, бірақ апамның үйден алып шыққан ақшасының жетпей қалғанын білем. Апам дүкенде тұрған кісінің тамырын басып: - Пенсия алғанда берем деп ары бері сұрап көріп еді- сатушы келіспеді. Ақыры үн түнсіз үйге қайттық. Сол күні өмірімде бірінші рет апамның мені жетектемекке ұсынған қолын алмадым. Алғым келмеді. Ақымақ басым апама оңбай ренжіген еді. Қысқасы алдына шығып алып- үйге келдімде бүк түсіп жатып алдым. Ерке едім. Əл есімде.  Апам жаныма кеп отырдыда ауыр күрсінді. Сосын басымнан сипап:
- Жүр аллюмин бар ма екен көрейік деп жүк сақтайтын бөлмеге(клет деуші еді) қарай тұрып кетті. Үндемей артынан ердім. Барсам апамның жастығының көзі болған 1 үлкен һəм қалың аллюмин кəстрөл, мантіварка жəне екі шəугімді шығарып қойыпты. Артынан апам қолына тескіш алып, бір күрсіндіде кəстрөлмен шəугімдерді балғамен ұрып тесе бастады. Мантіваркініңде домалақтарын өз қолымен майыстырып мөшекке салып жатыр. Бес алты алюмин тəрелкемен 20 шақты қасықтарда соның ішінен орын алды. Апам осы істерді істеп отырып, үнсіз жылап отырды. Мен байқасамда байқамаған болдым. Бала едім. Бар ойым роботта еді. Сол күні дəл сол Қытайдың ойыншық роботын - мына мені туғаннан бері бауырына басып, ала сиырдың сүтімен асырап бағып қаққан қайран апамнан артық көрдім.  Ақылсыз едім. Əттең..
  Ақыры темір өткізуге апам менімен бірге барып - сол күні роботты алып берді. Мен мəзбін. Қолда робот. Төбем көкке соғылғандай күйдемін. Менің қуанғанымды көріп апамда мəз. Бірақ сол роботпен төрт - ақ күндей ойнап, ақыры сындырып тынған ем. Шашылып қалды. Апам қатты ренжіді. Өкпеледі. Ол кезде қаншалықты екенін білмеген шығармын. Қазір білемін. Бірақ, қайран апам кешірген еді.. Ал қазір.. Апам баяғыда дүние салды. Роботтың да қайда қалғанын білмеймін.. Ал мен болсам.. Сол кездерді қатты сағынамын. Шіркін сол кезде сонша ақылсыз болмасамшы.. Апамды ренжітпес едім.. Қайран апам..
(С)Бурахан Даканов
#өмірімнің_бір_беті


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: