Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Мезгіл меланхолиясы

Блогтар

30.05.2017
5730

Мезгіл меланхолиясы

Мезгіл меланхолиясы

 

 

Қала күзі,

Жаным нені жатсынды?

Әлденені аңсай ма әлде шалғайдан?

Шаңырағы қаңыраған қарт сынды,

Кәрі бақтың самайлары сарғайған.

 

Мұңға мен де маталдым...

Қоңыраулы қоңыр күз-ау,

 бұлты – Өлең!

Сенен есер қоңыр желді

шаһардың

Алып-алып ғимараты бүркеген.

 

Көңілшек бұлтты Көк Аспан,

Мен де сенің жауа алмаған бұлтың-ем.

Көкке асыққан о бастан

Мұңым да бар  мың түмен...

 

Есі ақшаға ауған ел,

Есек аңдып есіріп жүр, не істейін?

Бұл қоғамға  - саудагер

Менің мұңым  - бес тиын!

 

Күл, мейлің.

Бүгін тағы Мұң тағында тақсырмын!

Қала күзі...

Неге екенін білмеймін,

Бүгін  сені жатсындым.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: