Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

11.07.2017
4926

Нөсер - бақыт

Жаңбырлы күн...
Келем кезіп бақ ішін, 
Көңілімді етемін деп бір жайлы.
Қарсы алдымнан шыға қалды танысым,
Және баян етіп берді бір жайды.
-Біраз болды бұл оқиға болғалы,
Бір кетейін өткен шаққа шегіне.
Еске салды қолшатырың қолдағы,
Менің мына көргенімді деді де.
Нөсер еді нұр құйылған төбеден,
Көзім түсті бір сұлудың жасына.
Шерлі пенде деген оймен не деген,
Шыдай алмай жақын бардым қасына.
Хал сұрадым, біле тұра жағдайын,
Солқ - солқ өксіп, жиі үзіліп жатыр дем...
...Әңгімемді ары қарай жалғайын,
Қорғаштадым қолдағы қолшатырмен.
Не дегені әлі күнге есімде,
Сөздерінен жаныма мұң орнады.
Түсінікті жаңбырлы күз кешінде,
Ата-анасы бірдей қаза болғаны.
Құшағыма қыстым дағы жұбаттым,
Деді маған: жұбатпашы боз бала...
... Дәл сол сәттен мен сол қызды ұнаттым,
Бары осы, арғы жағын қозғама.
Мына жауын, қолшатырың тағы да,
Сол уақытты еске қайта сап келді.
Бір адам бар, бұйырады бағыңа,
Бақытым боп сол бойжеткен тап келді.
Осылайша күлді менің танысым,
Қағып тұрып алақанмен арқадан.
Мұң сейілер, естіген жан танысын,
Бақыт үшін жаралады барша адам!
PS:
Бұлт арылмай қойса дағы аспаннан,
Көктің жасы толастамай күні-түн.
Иә, адамдар, жүрегіңді басқарған,
Үзілмесің үмітің.

Оңталап Тілеу-Жолдасов


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: