Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Оқушылардың хәкім Абайға арнаған өлеңдері

Блогтар

07.09.2020
4051

Оқушылардың хәкім Абайға арнаған өлеңдері

Оқушылардың хәкім Абайға арнаған өлеңдері

Ерқаш Абылайхан Сейілханұлы 2007 жылы 26 тамызда Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Бәйтерек ауданы орталығындағы Қ.Аманжолов атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқиды. Абылайхан қолы қалт еткенде өлең жазумен шұғылданады. Ол Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің Тәрбие жұмысы орталығының «Ақындық әліппесі» үйірмесінің белсенді мүшесі. Жетекшісі жоғары санатты қосымша білім беру педагогі, белгілі ақын Ертай Бимұханов.

 

Адам болу – парызым

 

Ұлы Абай салған әр ізім,
Өтелмек қашан қарызым?!
Мақатаны болып елімнің,
Адам болу – парызым.

 

Аулақ болып «есептен»,
Бос әңгіме, өсектен.
Бірге өсемін гүлденіп,
Бой көтерген көшетпен.

 

Серік етіп білімді, 
Алға бастап ілімді.
Тек білімге арнаймын,
Балалығым күнімді. 

 

 

Мен бір кітап ақтардым...

 

Мен бір кітап ақтардым,
Қазына толы алтын сөз.
Ұлы Абай тілі – мақтаным,
Біз үшін туды жарқын кез.

 

Ғылымға жасты үндеген,
Сөзінде көп-ақ мағына.
Білімнің отын үрлеген,
Қазақтың туған бағына.

 

Мен үшін қымбат сол кітап, 
Бақытқа әркез бастаған.
Келемін кітап қолтықтап,
Кеудемді кернеп асқақ ән.

 

Бекен Айболат Айбекұлы 2007 жылы 23 қыркүйекте Орал қаласында туған. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы орталығындағы Қ.Аманжолов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы.


Айболат 2019 жылдан бастап Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің Тәрбие жұмысы орталығының «Ақындық әліппесі» үйірмесіне қатысып келеді. Ауданда өтетін мәдени-көпшілік шаралардың белсенді қатысушысы. Домбырада ойнайды. Күй тартады. Айтыс өнеріне де бейімі бар. Жетекшісі жоғары санатты қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі Ертай Бимұханов.

 

Менің досым

 

Менің досым ақылды,
Әрбір ісі татымды.
Ардақтайды «досым» деп,
Адам атты атымды.

 

Таудай биік талабы,
Білім жолы – қадамы.
Көп кітапты тауысып,
Топтан озды, жарады.

 

Жаттап бабам нақылын,
Тыңдап ұстаз ақылын.
Анық басып келеді,
Болашаққа ақырын.

 

Қос жанары – қырағы,
Кітапхана – тұрағы.
Өлең оқып ортада,
Болды мектеп шырағы.

 

Әр ісіне таңғалсам,
Қасиетін аңғарсам.
Білім кілтін ұстаған,
Досым менің – бағдаршам.

 

 

Еңбек етсең...

 

Мен еңбекшіл баламын,
Таудай биік талабым.
Әкем айтқан былай деп:
«Еңбекті сүй, қарағым!».

 

Мен әкемді көрем паң,
«Еңбекті сүй» деген жан.
Расыменен тәтті ғой,
Еңбек етіп жеген нан.

 

Еңбек етсең, ірісің,
Түзеледі жүрісің.
Егер еңбек етпесең,
Еріншектің бірісің.

 

Еңбекшіл жан бағалы,
Адал болар тамағы.
Құмырсқа да азығын,
Еңбекпенен табады.

 

Шарипов Ришат Еркінұлы 2007 жылы 16 маусымда Орал қаласында дүние есігін ашқан. Бастауыш сыныптан бері өлең жазумен шұғылданып келеді. Жауқазын өлеңдері Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газеті бетінде жарияланып келеді. Ришат Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің Тәрбие жұмысы орталығының «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі. Жетекшісі жоғары санатты қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі Ертай Бимұханов.

 

Қасиет

 

Ақындық өнер қасиет,
Құдіретке кімдер бас имек?!
Ұлы Абай салған дара жол,
Ұрпаққа мұра өсиет.

 

Бес дұшпаннан аулақпыз,
Бес асыл іс аумақпыз.
Білім менен ғылымға,
Құлаш сермеп бармақпыз.

 

Бес асыл іс тұрақтап, 
Кетпесе екен жырақтап?
Ғылымға көңіл бөлгеннің,
Арайлап атар таңы аппақ.

 

 

Өтірікші

 

Бір сыныпта көп біздер,
Келешекті, жоқты іздер.
Марат құрдас әр күнін,
Күнде «ертеңмен» өткізер.

 

Бос сөмкемен қайтқанын,
Еш балаға айтпадым.
Мұғалімнің келеді,
Орындамай айтқанын.

 

Сөйлегенмен көпіріп,
Айтатыны өтірік.
Екіліктер көрінді,
Күнделіктен секіріп...


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: