Блогтар
Қазақ және ағылшын тілдерінде қанша ұқсастық бар?
Сәлеметсіздер ме, қадірлі оқырман! Өткен сұхбатта уәде бергенімдей, жеке тақырып ретінде «Қазақ және ағылшын тілдер арасындағы ұқсастықтар» атты жаңаша және тың тақырыбын алып отырмын. Аталмыш жұмыстың толық нұсқасын осы сайттан, келесі сілтемеден таба аласыз: https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/1359. Сонымен, Батырбек Бағышбекұлы, қош келдіңіз! Қайта қауышқанымызға қуаныштымын. Қазақ және ағылшын тілдер арасында қанша ұқсастық бар екен?
- Әрине, бүкіл ағылшын тілін (бүгінгі ағылшын тілінде бір миллионға жуық сөз бар) егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік те, уақыт та болмады.
- О, осыншама бай сөздік қорды зерттеуге бір ғұмыр жетпейтін шығар!
- Әрине. Алайда, мен 2016-2017 жылғы ағылшын тілінің оқулықтары мен сөздіктерін оқып, ізденіп, жалпы өз еңбектенуімнің нәтижесінде мыңға жуық тіларалық ұқсатық таптым. Мен оларды бірнеше топқа жіктедім, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, фонетикалық және грамматикалық ұқсастықтар. Ең көбі, әрине, лексикалық ұқсатықтар. Яғни, 980-ге жуық ағылшын сөздері қазақ сөздеріне әрі мағына, әрі жазылу, әрі дыбысталу жағынан ұқсайды екен. Ол сөздер бір-біріне омофондық, омографтық және семантикалық-синонимдік сипат бойынша ұқсас болғандықтан, мен оларды өзім «ТӘҰ – Тіларалық Әмбебап Ұқсастықтар» деп айтамын. Бұл ресми термин емес!
- Иә, аты жоқ болса да, заты бар ғой! Мен білуімше, сіз бұл таңқаларлық ұқсастықтарды бір кішкентай жұқа сөздіктен ғана тауып алдыңыз. Солай ма еді?
- Әрине, солай. Ал егер мен (егер, әрине, оған күшім жетсе (күледі)) «Большой Оксфордский Словарь Английского языка» деген көп томдықты зерттесем, әлбетте, ұқсастықтар одан да көп табылуы мүмкін.
- Жалпы, бұл өте қызық жағдай екен. Біз білетініміздей, қазақ сөзі Түркі тілдер отбасының Қыпшақ тармағынан шыққан, ал ағылшын тілі Үнді-Еуропалық тілдер отбасының Батыс Герман тармағынан, яғни мүлде басқа тектен шыққан еді...
- Дәл солай! Екі тіл бір-біріне тіпті «жекжат» та емес, дегенмен соның өзінде парадоксалді түрде мыңға жуық ұқсастық табылды. Тағы бір маңызды факт, мен кәсіби «ескішіл» лингвисттер сияқты түркі кірме сөздерін тек ортағасырлық лексикадан (оның өзінің үлесі ресми дерек бойынша бар жоғы 5-6%-дан аспаған екен!) іздеген жоқпын, мен әдейі көбінесе бүгінгі ағылшын тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы ұқсастықтарды іздедім.
- Демек, сонда сіздің зерттеуіңіз филология мен тарихтағы қатып қалған «қағидаттарды» жоққа шығарып тұр ма?
- Олай айту тым батыл болар еді. Дегенмен, белгілі бір мағынада солай десек те болады. Себебі, кішкентай ғана сөздіктің өзінен табылған мың ұқсастық, Қыпшақ тілінің тарапынан Батыс Герман тілдеріне әлдеқайды көбірек ықпал еткендігін меңзеп тұр. Бұған менің ғылыми дәлелім әзірше жоқ, өкінішке қарай. Дегенмен, біздің ресми ғылым әлі өте көп нәрсені білмейтіні рас, құпия әлі көп. Сол көп салалы ұқсастықтар қалай пайда болды, қайдан туды, неліктен пайда болды деген сұрақтар тым көп. Менің ғылыми жұмысым кәсіби(!) тіл мамандарына, тарих мамандарына тіларалық ұқсастықтар тақырыбына тереңірек қарауға, жаңа ғылыми академиялық зерттеулерді жасауға түрткі боларына сенгім келеді.
- Менің де сенгім келеді, себебі қазақ пен ағылшын тіл арасындағы ҚАТЫНАСТАР жаңа, тың және өте аз зерттелген тақырып. Фонетика - тіл білімінің іргетасы. Енді біздің оқырмандарға бірнеше фонетикалық ұқсастықтарға мысал келтіре өтсеңіз.
- Әрине, мысалы ағылшын тілінде Ң дыбысына ұқсас (-ng дифтонгі), Ө дыбысына ұқсас (-іr, -er дифтонгі), Ә дыбысына ұқсас (-қысқа екпінсіз дауысты дыбыс «sad, cat, map және т.б.»), Ү дыбысына ұқсас (tune, soon, ruin т.б.) ағылшын дыбыстарын айта аламыз.
- Иә, мәселен, франуз тілінде де біздің Ң, Ү және тіпті Ғ деген дыбысқа ұқсас фонемалар бар. Ең қызығы славян тілдерінде ондай фонемалар жоқ. Неліктен? Славян тілдері бізге географиялық тұрғыдан Еуропа тілдерінен жақынырақ емес пе?
- Бұл өте үлкен лингвистикалық құпия! Кейде алыс елдердің тілдері жақын елдердің тілдерінен әлдеқайда ортақ қасиеттерге ие болады, алайда бұның нақты және арнайы ғылыми себебін айту өте қиын. Бұған бір емес, бірншее елдің тіл мамандарының және тарихшыларының бірлескен зерттеу жұмыстары керек. Сөзімді жалғастырайын, өте қызықты синтаксистік ұқсастықтар. Мысалы, шақ білдіру үшін ағылшындар да, қазақтар да бірнеше етістікті (немесе функционалды түрде етістікке жақынырақ есімше, көсемші, үстеуді) бір сөйлемде қолдануға мәжбүр. Сондықтан қазақтың түрлі шақта тұрған сөйлемдерін ағылшын тіліне дәл аудару өте оңай. «Мен бара жатырмын» деген «I am going», бұл жерде «am» де етістік (auxiliary verb), «going» те етістік (infinitive verb). «Мен бара жаттым» деген «I was going», бұл жерде жаңағы «am» көмекші етістігі «was» деген өткен шақтағы формасына ауысты. Біздің қазақша мысалда да «бара» деген негізгі етістік өзгеріссіз қалды да, ал «жату» деген қосымша етістік «жатырмын»-нан «жаттым»-ға өзгерді.
- Иә, иә, мен енді назар аудардым! Әрине, «Мен бара жатармын» дегенді, орыс тіліндегідей «я пойду» дей салмай, нақтырақ етіп «I shall be going» деп айтуға болады. Әйтпесе, «я пойду» дегенді мен «мен барармын» немесе «мен бармақшымын» дей салуға болады ғой. Менде сұрақ: шақтың Perfect формасындағы ағылшынның сөйлемдері есімше арқылы аударылады иә? Аударманың сіздің өз авторлық нұсқаларыңыз бойынша айтыңызшы.
- Дәл солай! Мысалы, орыс тіліне аудару кезінде ондай дәл тәржімалау «фокустарын» жасау қиын, келісесіз ғой! Мысалы, «I have gone» дегенді «мен барып қойдым» деп, «I had gone» дегенді «мен барған едім», ал «I shall have gone» дегенді «мен барып қоймақпын» деп аударуға болады. Тіпті Perfect Continuous формасындағы сөйлемдерді аудару жеңіл, мысалы «I have been going» - мен барып қойыппын, «I had been going» - мен барып қойған едім немесе мен барған тұғынмын, ал «I shall have been going» - мен барып қоярмын. Бұл жерде нұсқалар көп болуы мүмкін, алайда ең бастысы ағылшынның ең күрделі сөйлемдерін қазақ тіліне аудару жеңіл. Менің негізгі мақаламда тіпті жалғау мен жұрнаққа қатысты да көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, post-man, rich-man, police-man және т.б. жанды зат есімдердегі «-man» жұрнағы біздің «-ман, -мен» жұрнағына сәйкес: шабар-ман, көрер-мен, қаһар-ман және т.б., ал етістіктегі «-n» біздің «-ғаН, -геН» жұрнақтарына ұқсас, мысалы stoleN – ұрланғаН, brokeN – сынғаН, shakeN – шайқалғаН және т.б. іспеттес морфологиялық мысалдар өте-өте көп. Тіпті қазақ тілінде жоқ артиклдермен жазылған сөз тіркестерін де қазақ тіліне аударуға болады. Мысалы, Give a pen – қалам бар, Give the pen – қаламДЫ бер және сол сияқты...
- Аса қызық! Алайда, біз уақыт тығыздығынан, тек лексикалық ұқсастықтармен ғана сұхбатымызды тәмамдайық. Ағылшынның біраз сөздерінің қазақ сөздеріне әрі жазылу, әрі дыбысталу, әрі мағына(!) бойынша ұқсас екендігін дәлелдедіңіз. Енді сол лексикалық ұқсастықтарды мен сұхбаттың соңына қоямын. Осындай қызықты әрі мазмұнды сұхбаттар көп болсын. Батырбек Бағышбекұлы, сізге тек шығармашылық табыстар тілеймін! Сұхбаттың форматын ескере отырып, мұнда 1000 емес, тек 100 ұқсастық ғана келтірілген. Қалған ұқсастықтарды осы сілтеме https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/1359 арқылы авторлық құқығы қорғалған мақаладан көруге болады.
Ағылшын сөзі |
Қазақ сөзі |
Аудармасы |
1. Abdicate |
Әбден кет |
Бас тарту, кету |
2. At (жарг.) |
Ит |
Ит |
3. Ark |
Арқ-алау |
Жәшік |
4. Abase |
Әбес-тік |
кемсіту |
5. Abbei |
Абай |
Адамның аты |
6. Ability |
Қ-абілетті |
қабілет |
7. Ably |
Еп білу, ебі біл |
қабілеттілік |
8. Abuse |
Әбес, ал бұз |
Ұрысу, жерлеу (ұрысу) |
9. Academy |
Әкемде ми |
академия |
10. Access |
Ақысыз |
Қол жетімділік |
11. Ace |
Әккі, ес-ті, әке |
Ең тәжірибелі |
12. Ache |
аш-у |
ауру |
13. Acid |
Ашид-ы |
қышқыл |
14. Adam |
Адам |
Жер, Адам (есім) |
15. Adamant |
Адам ант-ы |
Қайтпас |
16. Adding |
Әдіптеуің |
Қосу, біріктіру |
17. Addy |
Әди |
Адамның аты |
18. Adely |
Әділ |
Адамның аты |
19. Adept |
Әдепт-і |
білімпаз |
20. Advice |
Әдіс |
кеңес |
21. Again |
Ағайын |
Тағы да |
22. Age |
Әже, аға |
дәурен |
23. Agile |
Ақыл |
жүйрік |
24. Aiden |
Айдын |
Адамның аты |
25. Aim |
у-айым |
мақсат |
26. Ain |
Айым |
Адамның аты |
27. Air |
Әуе |
ауа |
28. Akin |
ж-ақын |
туыс |
29. Alarm |
Алаң-дау |
дабыл |
30. Alas |
Алыс, лас, алас-тау |
өкініш |
31. Albeit |
Әлбет-те |
Тіпті егер... |
32. Alert |
нӘЛЕТ |
қауіптену |
33. Ali |
Әли |
Адамның аты |
34. Alive |
ӘЛі Бар |
Тірі, әлді |
35. All |
Әл-ем, Алла |
Барлық |
36. All right |
Жарайды |
Жарайды (мақұл) |
37. Alley |
Аула, аулақ |
аллея |
38. Allot |
Әулет |
Тарату, таратып беру |
39. Allure |
Алу |
Баурап алу |
40. Alma |
Алма |
Адамның аты |
41. Alms |
Алым, әліміз |
садақа |
42. Animal |
Аң, мал |
жануар |
43. Answer |
Аңсар, аңсау, м-әнісін бер |
Жауап беру |
44. Apart |
Алып бар, апард-ы |
Бөліктеу, бөлу |
45. Apt |
Епт-і |
епті, жарасымды |
46. Arch |
Арқ-а, аш (есік) |
Свод, арка, бүгу |
47. Arise |
Арай, өріс, өресі |
(күн) шығу, пайда болу |
48. Arran |
Айран, арлан |
Эран (ағ.жері) |
49. Ash |
Арша |
ясень |
50. Ask |
Есік |
Сұрақ қою |
51. Ass |
Ес-ек |
есек |
52. Assassinate |
(дарға)асасың |
өлтіру |
53. Assert |
Әсер ет |
Утверждать, отстаивать |
54. Astrakhan |
Қажы Дархан (қазіргі Астрахань) |
каракуль |
55. Atheist |
Әдей іс(теу), әдейі із(дену) |
күпір |
56. Atkins |
Айдын |
Адамның аты |
57. Attach |
Атақ |
тағу |
58. Attain |
Аттану |
Жетіп бару |
59. Audit |
Әй-дейді, аңдиды |
Тексеріс, ревизия |
60. Auger |
Егеу, егер |
Бурав, сверло |
61. Aureole |
Орай ал |
ореол |
62. Aurora |
Арай-лым |
Таңғы арай |
63. Author |
Өзі өр |
автор |
64. Autumn |
Ой тұм-ан, ауа тұм-ау |
күз |
65. Ava |
Ая |
Адамның аты |
66. Avaline |
Айналайын |
Адамның аты |
67. Ayla |
Әлиә, аула |
Адамның аты, ағ.жері |
68. Aylesbury |
Алыс бұру, алғыс беру |
Айлисбэри (ағ.жері) |
69. Ayr |
Айыр, ая |
Эйр (ағ.жері) |
70. Azure |
ажар |
Көк аспан |
71. Baby |
Бөпе |
сәби |
72. Bad |
Бәд-ік |
жаман |
73. Bail |
пейіл |
кепілдік |
74. Bald |
Болд-ы |
тақырбас |
75. Bale |
Байл-а |
жүк |
76. Ball |
Бал (ашу), бал-а |
Шарик, доп |
77. Barely |
Бар әлі |
едва |
78. Base |
пәс |
Пәс, төмен |
79. Basic |
бесік |
Негіз, іргетас болу |
80. Basis |
басы |
Негізі, базис |
81. Bath |
Бат-у |
ванна |
82. Battle |
батыл |
шайқас |
83. Battler |
Батыл ер |
күрескер |
84. Be |
Бұ(дүние), би(лік) |
Болу, бол! |
85. Because |
Бұ кез, бұ(ның) көзі (себебі) |
себебі |
86. Beck |
Бек-ен |
Адамның аты |
87. Beetle |
Бітел-у |
трамбовка |
88. Begin |
бүгін |
бастау |
89. behind |
Бекінд-і |
артында |
90. Belch |
былш |
Извергать (лаву) |
91. Belief |
біліп |
сенім |
92. Belly |
белі |
іш |
93. Belt |
Белд-ік |
белбеу |
94. Bennet |
бейнет |
Киелі, Бэннэт (адамның аты) |
95. Better |
(одан да) бетер |
жақсырақ |
96. Between |
беттессін |
Арасында, ортасында |
97. Big |
биік |
үлкен |
98. Bill |
біл |
Есеп-қисап |
99. Bird |
Бөд-ене |
құс |
100. Birth |
Бос-ан, берш-і, бүрш-ік (жару) |
туу |
P.S. Жоғарыдағы материал автордың жеке патенттелген жұмысынан алынған. Авторлық құқықтары қорғалғандығын ескертеміз!
P.S. Внимание! Приведенный материал был процитирован из авторской запатентованной работы. Предупреждаем, что существует закон охраняющий авторские права!
Сұхбаттасқан: Риза Ысқақ