Естай Мырзахметов
Мырзахметов Естай (1927, Бурабай ауданы Жарқайың ауылы – 2008, Көкшетау қаласы) – жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1973), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1954). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі (1954 – 66), «Көкшетау правдасы» газеті редакторының орынбасары (1966 – 68) болып қызмет істеді. Мырзахметов алғашқы очеркін мектеп қабырғасында жүргенде жазып, ол «Пионер» журналында басылған (1949, шілде). Ауыр науқасқа шалдығып, төсек тартып жатса да Мырзахметов «Он бес жыл өткен соң», «Медет» романдарын, «Хайроштың аманаты», «Қара жолдың бойында» повестерін, 100-ге тарта әңгімелер мен новеллалар жазды. Мырзахметов аудармамен де айналысты, оның тәржімалауымен ұлы даниялық жазушы Мартин Андерсен Ненсенің «Жаннета» романы, Ханс Кристьян Андерсеннің «Сандық-самолет» ертегілер жинағы, татар жазушысы Шәміл Умановтың «Торғай даласында» атты повестер мен әңгімелер жинағы, Юрий Корольковтың «Кио Ку Мицу» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді. Мырзахметов публицист ретінде де кеңінен танымал, ол Ақан серінің, Біржан салдың, Балуан Шолақтың, Үкілі Ыбырайдың, т.б. өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу очерктерін жазды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталған.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1331
22.10.2026
1138
22.10.2026
853
27.10.2026
829
26.10.2026
759
27.10.2026
732
22.10.2026
692
22.10.2026
430
28.10.2026
422
28.10.2026
387
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3369
07.10.2026
3277
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2277
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
