Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ТАРИХ
Қорқыт ата кітабы тұңғыш рет түпнұсқадан аударылды

Блогтар

17.10.2019
12644

Қорқыт ата кітабы тұңғыш рет түпнұсқадан аударылды

Қорқыт ата кітабы тұңғыш рет түпнұсқадан аударылды

   

VII ғасырдан бастау алатын қазақ тарихын тереңірек біле түскіңіз келсе, адамзаттың мәдени мұрасы ретінде әлемдік деңгейде зерттелген туындыны тұңғыш рет түпнұсқадан оқуға зор мүмкіндік.

 

Қазақ Ұлттық өнер университеті, Қорқыт ата ғылыми-зерттеу институты 687 беттен тұратын «Қорқыт ата кітабы» жинағын қалың оқырманға ұсынады.

 

Дрезден нұсқасының түпнұсқадан транскрипциясы, қазақша жаңашаланған мәтіні, сөздігі тұңғыш рет жарияланып, ұсынылуда.

 

 

 

 

12 жырдан тұратын:

 

  1. Дерсе хан ұлы Бұқаш хан жыры;
  2. Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр;
  3. Қам Бөрінің ұлы Бамсы Бейрек туралы жыр;
  4. Қазан бектің ұлы тұтқын болғаны туралы жыр;
  5. Дұқа Қожа ұлы Делі Домрұл туралы жыр;
  6. Қаңлы Қожа ұлы Қан Туралы жыр;
  7. Қазылық Қожа ұлы Йегенек туралы жыр;
  8. Бисаттың Тебекөзді өлтіргені туралы жыр;
  9. Бегіл ұлы Әмірен туралы жыр;
  10.  Үшүн Қожа ұлы Секрек туралы жыр;
  11.  Салор Қазанның тұтқын болып, оны ұлы Ораздың құтқарып алғаны туралы жыр;
  12.  Іш Оғыздың Сырт Оғызға жау болып, Бейректің өлгені туралы жырлары бар жинақ

   

Түрік халықтарының ортақ әдеби жәдігері – «Қорқыт ата кітабы» филолог ғалымдар мен ЖОО оқытушылары мен студенттеріне арналады.

 

ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ!

 

18 қазан сағ.15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы

Астана қаласы, Достық 11


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: