Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Солтүстік қызы

Блогтар

20.10.2020
3819

Солтүстік қызы

 

Ол әулетте дәстүрлі сабақтастық жоғалған. Ешкімнің ешкіммен жұмысы жоқ,  ешқайсысы ешбіріне ештеңе міндетті емес, тірі болсаң болды. Ағалары кімнен, қалай, қашан туғандарын ұмытып, естен таныпты.Әке-шешелерін мезгілінен бұрын көрге жіберіп, жағалары жайлауда. Әкелері қайта сала бас-бастарына қатарынан пәтер алды. Жерлеу рәсіміне, құдайы тамақ беруге бір тиын да шығармаған.Әйелдері Тыныш отыр, балаларыңның болашағын ойла! Біздің бір-бірімізден басқа сенеріміз жоқ. 51 жас аз ба?  Қазір жастар да қайтып жатыр. Ничего, кім өлмей жатыр құрысын!

 

Екінші ағасы немересін әкесіне көрсетпей қадірлі жарының ауылына тығып алып кеткен еді. Әкесі бір көруге зар болып, оқыстан құсада кетті. Ал бұлар топырақ та салмады. Түсінемін, бұлар - өмірге бегімдерінің разылығын алуға келгендер.Көздері басқа ештеңе көрмейді, жүректері қасіретті сезбейді.

 

Қонақ шақырса, жеңгелері төрде қақиып бегімдердей шалқайып отырады, қайын апалары салпаңдап жүгіріп жүреді. Оны көрген оңтүстіктің, батыстың қыздары жағаларын ұстап отыр. Біздің жеңешелер тіпті үстелге отырмайды, ас бөлмеде бөлек ішеді, сол жерден орын бұйырса дән риза! Сендерде біртүрлі екен,  әркімнің өз орны, жолы бар емес пе? Мұны мамам көрсе шошиды ғой...  

 

Жеңгелері үйлеріне жолдасының туыстары келгенін қаламайды, мүмкін болса кіргізбейді, есік ашпайды: - Еее, балалар дамофонмен ойнап, басып тастаған ғой дейді. Ол үйде тек өзінің бауырлары, ата-анасы өмір сүреді. Бәріне солай жайлы. 
 

Бұл әулеттің қыздары Кеткен қыз кетті бітті!   деген  өмірлік қағиданы ұстанады. Олар үшін барған жерлерінен артық жұмақ жоқ.Жолдастарының аяқтарын құшып отырғандарына шексіз риза сезімде. Сол әулеттің ұрпақтарын дүниеге әкеліп жатқан соң өз тамырларын, жалғанған бабаларын ұмыта салу тым оңай. Табиғи заңдылық шығар. Мұны тұрмыс құрмаған жас бикештер түсіне бермес. 

 

Бибатыровтар әулетінде қарама-қайшылықтар көп. Бәрі тек бір күнмен өмір сүріп жүр. Қалтадағы бума-бума қаражаттар таусылғанда, сыйластық пен жылулықтың, адамгершіліктің орны ойсырап тұрғанын, жүректердің қатып қалғанын байқарсыз. Қарындастың дұғасы жеткенде, көздегі перде ашылғанда, кеудедегі сыздаған ащы өксік кетеді ме? Тілімденген жүректерді жаза аласыз ба?

 

                                                                                             Жалғасы бар...


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: