Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Сөнбеші шамшырағым

Блогтар

16.01.2019
5184

Сөнбеші шамшырағым

Сөнбеші шамшырағым

 

« Ажары мен базары,азабы мен ғажабы өзара алысып келе жатқан бәтшағар өмірді кім сынамаған?! Төбемізге де көтеріп кеп,аяққа да таптағанбыз. Сын айтып,мін тағып тағдырмен қасарысып,ет жүрегіміз езілгенше арпалысымыз......түптің түбінде әйтеуір дегеніне көнеміз.....Өмір өз заңымен келе жатыр! Махаббат...Кей кезде ойларға ерік беріп отырып,мынадай тұжырымға келетінмін. Бұрынғылар махаббатты қалай қастерлеп, сыйлаған. Жазушыларымыздың қыз бен жігіт арасындағы ұлы сезімді қалай тамаша суреттеп жазған...Бастарын өлімге байлап,бай мен кедей заңына қарсы шығып талай аға-әпкелеріміз махаббат жолында күресті...Бір-бірлері үшін жан тапсырып,махаббат жолында құрбан болды... Осы күнге дейін сол замандағыдай махаббат жоқ деп , қазіргілерде тек тауық махаббат деп ойлайтынмын.Бірақ өміріме таңғажайып адам келгелі ол пікірім де ойымда өзгерді.... Бұрындары сыңарын тапқан адам қандай сезім кешеді екен деуші едім, қазір сол оттай лаулаған сезімдерді басымнан кешіп жүрмін. Аллаға сансыз шүкір айтамын. Өмірімнің есігін айқара ашып кіріп келген ханзадам өмірімді өзгертуде, я тіпті ол сезімді сипаттауға да сөз жетпес бұл жалғанда....» деген көк сиясы кеппеген блакнот бетіндегі жазуды көріп біраз ойландым. Бұл Ақзердің қойын дәптеріндегі жазба еді...                                   Адам жаны жадырататын жаздың сәттері ерекше, дегенімен жауынымен жан жараңды жазатын күздің орыны бөлек. Бұл шығарма бір күздің бар сәттерін бір арнаға тоғыстыра білді.Оқыған жанның жан тебіренісін оятады.Күз қанша алтын түске боялғанымен,күзбен ғажап шаттық келіп оянғанымен,жайдары жазға жетпесі анық. Жан жараң мен жан қайғыңды жазғың келсе,күз жауынына малынғанындай сезімді басынан кешкен дұрыс. Биылғы күз алдынғы күз мезгілінен ерек еді. Күн ауа райының құбылмалығы ғаламның барлығына әсер еткендей кейіпте... Ақзердің өмірі құпияға толы өмірі бірде ақ түске боялса, енді берде қара түске ауысатын шағы. Ақзер аққұба келген, белі үзілердей жіңішке ғана, қап-қара қолаң шашы беліне дейін жетеді. Жіп-жіңішке қабағы жарты ай пішіндес. Орысша тәрбиемен өскен ол ел ауызына тарпаң жүрісімен көзге іліккен. Сондай ой толғаныс кештерінің бірінде әлеуеметтік желідегі хат-хабарламаларды алдыннан бері оқымағаны есіңе түсе кетті.Биылғы жаз бойы жұмыс істеп әлеуметтік желілерге көп көңіл бөлмегендіктен әуелден facebook желісіндегі келген хаттарды оқи бастады. Олардың барлығына жауап жазумен 1 сағаттай уақыты кетті, соның ішінде Жиһангер Ермекбаевтан «Салем» деген хабарламасына ерекше көзі түсті. Ақзер ол адамды өмірінде көрмесе де, ол адамның қаламынан туындаған еңбектерін оқығаны есіңде.. Жас қаламгердің махаббат пен өмір туралы жазған шығармаларында бір демде оқып, өзіне шабыт алатын. Уақытымен жауап қатпағанына қысылды. Тездетіп «Сәлеметсіз бе!» деп іле-шала жазып еді, екеуінің арасында тылсым жіпсіз байланыс орнағанын екеуі де байқамады:                           Жиһангер: Мен жай ғана сәлем дегем ) 1 ай бұрын )                                                                                                       Ақзер: Кешірерсіз ол уақытта қол босамай жұмыста жүріп ғаламтордағы хабарламаларға жауап бере алмап едім.  Жиһангер: Жақсы.Әзіл ғой)- деумен екі жас арасында ешбір тірі жанға көрінбейтін көпір пайда болды. Әңгімелерінде біраз тау қопарардай жерлерге дейін баратын. Ақзер ойында бұндай ер азаматқа таңғалса, екінші жағынан сүйсінген болатын....                                                                                                                                                 Қиялында «Шіркін нағыз махаббатым жолықса екен...Өзімді ұғатын, өзіме қамқоршы адамым болса екен...» деп түн ішінде ойға шомылып ұйқыға кететін. Күндегі әдетіңше ол сабаққа жиналып, оқуға қарай бет бұрды.Қиялындағы бар ойды тек бос әурешілік деп өзін-өзі айнытты. Күз жылы болар деп күткен қала халқы осынау суық боларын тіпті ойламағантын. 3 күн қатарынан ақ жауын құйып, 4-ші күні шайдай ашылғанымен ызғар бар екені сезілген. Ағаштардан қалықтап түсіп жатқан жапырақтардың жаңғырығы күздің келгеніннен дабыл қағып жатты. Бір мезетте суық жаңбыр табиғатты сілікпесі шыққанша бір сілкіп алды.......                                                            Сол күндері Ақзер ішкі ойларын қойын дәптерге түсіре бастаған еді, оның ішінде аздаған мақалалар мен ой тебіреністері де бар. Оларды бірақ адамға ғана оқытып жүрген. Ол-Жиһангер. Ол жаңбырлы маусымды ұнататын. Себебі, жаңбырмен адам жаны тазарады деп сенетін. Екі аптадай уақыт аралығы екеуі желі арқылы сөйлесіп бір-бірін жақын тани бастаған болатын. Жас қыз тіпті ондай осындай шығармашылық адаммен «дос» болам деген ой болмаған. Сол күн, сол кеш есітерінде мәңгілік қалары анық, екеуінің алғашқы кездесуі. Сабақтан келе сала ол ертеңгі сабақтарын даярлай бастаған, кенеттен ұялы телефонына қоңырау түсті, ол күнделікті ара–тұра сөйлескенмен осы кеште «кездесейік» деген сөз естуге дайын емес болғаны оның абдырап қалған дауысынан байқалған. Келісім бойынша Оңтүстік ықшам ауданыны жақтағы саябақта кездесуге уағдаласқан екеуі сол жерге жеткенше асықты. Сағат 7 кезінде ол қайта қоңырау шалып күтіп отырғанын айтты. Ақзер жылдамдатып саябаққа қарай жүрді, ішінен «кешіккенім дұрыс болмады-ау» деп өзімен телтелесіп келе жатты. Кешкі саябақ. Саябақ ішін жаңғыртқан сәби күлкісі. Ағаштар да сол күлкіге қарап тамсанып қарап тұрғандай..Күзгі салқын желде оларды үркітпейін дегендей саябақ ішін айналып өтетіндей болып көрінеді. Кейбір сәтте ағаштардың қозғалып, жапырақтарының сыбдыры әңгімелесіп отырған жастардың үніндей естіледі.Қос қайыңға қарасаң бөлек әлемде тұрғандай...... Бір-бірінен ұялып тұрған ғашық жандардай. Ақзер осы көріністі тамашалап келе саябақ ішінен досың іздей бастады. Оны көрді. Ол да бұны байқаған еді. Екеуі амандасып, жүздесіп әңгіменің толқынына кіріп кетті. Айналадағы шыршалар бұл екеуінің әңгімелеріне құлақ түріп, сыбырласқандай. Екеуі саябақ ішінде көп нәрсеге тоқталып, талай асуды асырып тастағандары мен қатар уақыттың зымырап өткенін де байқамай қалды. Жиһангер Ақзердің жұқа киінгенің енді ғана байқағандай..Оның жаурағанын сезіп, үйге қайтайық деп ұсыныс айтып, оны үйіне дейін шығарып салды. Осындай бақытты күндер өтіп жатты. Жиһангердің жұмыстан басы босамайтын, әрдайым сол жұмыс...екі жас арасындағы кедергідей.... Бойжеткен бұның барлығына түсіністікпен қарап, өз қиялында екуінің шаңырақ көтеріп, бақытты отбасы боларына сенетін. Екі аптадай кездеспеген ғашықтар жексенбі күні уақыт тауып серуенге шықты. Екеуі басқа ғашықтарға ұқсамайтын. Өзгелер сияқты махаббат жайын көп қозғамайтын, көбінесе фәлсафаға сүйеніп, өмір жайлы әңгімелесіп сырласатын еді. Ақзер ғашығының көз қарасынан айтар ойды нақ ұға кететін. Серуен кезінде әртүрлі әңгімелер өрбіп, қызықты оқиғалар айтатын. Жиһангер өзінің сүйіктіснің күлкісін көрегенде жаны жайдарлана түсіп іші жылып, өз өмірінің мәнін тапқандай болатын. Бойжеткеннің ерке қылықтары ішкі әлемін дүрліктірсе,енді бірде сүйсіндіретін. Екеуі танысқаннан талдырмаш нәзік қыздың ойлары жазу үстеліне ауысты. Өзінше қойын дәптеріне шималар түсе бастады, оны оқитын бір адам ғана. Оған оның айтқан көз қарасы, сыны барлығы өзіне өмірлік сабақ ретінде қабылдайтын. Ғаламдағы ессіз ғашықтай сезінетін. «Махаббат сезімдердің пайғамбары. Махаббатпен адам дамиды, есейеді, көзі ашылады. Махаббатты құштарлықпен шатастырады, бірақ ол олай емес.. Алайда біз естіген махаббат дастандарындағы оқиға мен күнделікті көріп жүрген сезім мен романтикаға толы жырлап,жазғандай емес, жай ғана махаббаттан жолы болмаған немесе шынайы сезімді сезінгісі келіп жүрген адамның қиялы ғана. Өмірде бәрі басқаша...» деген ой Ақзерге беймазалық сыйлайтын. Бірақта өз өмірінде кітап бетіндегідей кейіпкерін армандайтын, сұрағаның Аллаһ оған сыйға тартқандай бір мезетте.... Сонда да оған деген сенімі кәміл емес. Екеуі мүлде ұрыспайтын. Осы қысқа мерзімде оған қатты бауыр басып, Ол мені ешқашан алдамайды, мені ешқашан жалғыз қалдырып ренжітеді деген ойлар келмейтін тұғын. Бірақ ол мені ренжітті... Оның кез келген қателігін кешірер едім.. Тек бұны емес.. Сол кештегі сөздері әлі күнге дейін журегімнің төрінде..Үндемей тұрса да жүрегімнің төрінде қалатын сөздерді есітідім.. Бірақ сүйген адам соқыр дегенге енді сеніп өзімді алдаймын.. Одан қандай ағаттық кетсе де жүрегім әрқашан оны ақтап ала берді.. Оны көп ойлаймын. Түсіме әр түні кіреді. Санаса сөйлеспегенідеріне 3 ай болыпты.. Оның даусын сағынды. Оған деген сағынышы бүкіл әлемді алардай. Ең өкініштісі оның орындай алмайтын уәделері. Оның уәделерін мен өзінің армандары, ол оның армандарында өзімен қоса алып кетті. Есінде жоқ соңғы рет қашан күлгені. Онсыз өткен күндері тек қана мұңға, азапқа толы. Онсыз өмірінді жалғастыруға барынша тырысып жүр. Я ол мені ұмытсын бірақ ол менің жадымда болады.. Өйткені қателіктердің кейбіреуі менен де кетті.... Ол қателік оның ар азабы, жолын кесе көлдененнен жапқан бір қарғыс секілді.. Бұл оқиға үш жыл бұрынғы санада тұңғиық, жүректе жазылмас дерт қалдырған. Оның бас кейіпкері өзі... Аңқаулығын, ақкөңілділігін, шарасыздығын, балалығын пайдаланған сол бір тар бөлме, сол бір суық дүние... Оның ғашығы, оның Төлегендей көрген сүйіктісі бір мезетте тағдырын әйнек тәрізді күл талқанын шығарды... Үзілген үміт.. Шарасыздық... Жалғыздық... Содан бергі үш жыл зымырай өтте шығып, жүрек жарасы жеңілдеген бойжеткен тағыда басынан дәл сол сәті кешкендей сезімдер түсті. Иә, Жиһангерге бұл туралы өз аузынан баяндап, солқылдап жылап мұңында шаққан еді. Жігіттің шешіміне таңғалып, шын ниетімен жақсы көре бастаған еді.. Ақыр соңы не болды..ол да сол жүрек түбінде көмілген уақиғаға қайта оралды, онымен қоса талдырмыш қыз жанын жыланнын тіліндей сумандаған қанжармен есіп жіберді... Жара қайта ашылды... Күндегі әдетінше ол барлығын ой елегінен өткізе отырып, қойын дәптерін шимайлатынды әдет қылған.. Оған хабарласқысы келмесе де, қолдары өздері ұялы телефоннан «Жиһангер» деген нөмірді теретін... Кеше түнде оған өзім хабарластым, бірақ ол көтермеді... Осылай күндер, ал оның сонынан түндерді өткізе берді.                                                               Өмірімізде кейдейсоқ жолығуды - ол тағдырдың жазғаны дейміз. Тағдыр- Алланың құпиясы деген осы. Екінші рет жолықса - ол оның өмірінің мәні екенің түсінгені.Үшінші рет жолықса - ол жүрегіннің бөлшегі. Өйтіп бала кезінде-ақ бітіп қала беретін болса, онда ол бала-шағадан басқаның басын қатырмаса керек еді, жігіт кезімізде-ақ жынданып кетердей ғашық болдық қой. Сонда қалай болғаны? Сонша сүюдің ішінде бір сүйгеніміз ғана шын, басқасының бәрі өтірік пе? Онда өміріміздің тең жартысы өтірік те. Адам сенбейтін әңгіме» деп әңгімелеуші өзіне де, оқырманына да сұрақ қоя отырып терең ойға қалдырмайды ма? «Біз адамдар, біреуден сәл жамандық пен қиянат көре қалсақ, ойбай анау маған өйтті-бүйтті немесе анау деді, мынау деді деп шыға келеміз..Ал сол қиянатты өзіміз десе, жаны күйіп, барын беретін адамдарға күнде жасаймыз.. Оларды налытамыз, мұңайтамыз, жылатамыз.. Өзіміз сондай бола тұра,өзгеден мін іздегішпіз.. Біреудің жасаған қиянатын кешірмек түгілі, өршіген өрттей лаулап өшігеміз келіп.. Біреуге кішірейгенді,біреуді кешіргенді ұнатпаймыз.. Бірақ басқалардан сол қасиетті,кішірейгенді,кешіргенді күтеміз.. Неткен өзімшілдік десеңші..? Сонда деймін-ау..өзімізде жоқ жақсы қасиетті өзгелерден қалайша, не деп күтпекпіз..?? Біз өзімізді жақсы көретін жандарға жасап жатқан қиянатымыздың өтеуін,жат біреулерден тартып жатқан жоқпызба..? Шыбын жанымыз шырқырай,өзгеден қиянат көріп жүргенімізде, өзіміз қиянат көрсетіп жүрген жандарды ойлаймыз ба осы біз..» деген ойын оқыған құрбысының шыбын жаны бірге қиналардай болды. «Әлі ақ татуласасындар» деген сөздермен алдарқатуға тырысып баққан еді. Екі тағдыр тағы да тоғысты. Тоқырауыны шешіліп, кездескен жері сол баяғы қара шаңырақ, сол себепші..Екі ғашықтың көздерінде от-жалын тағы да шарпыды. Сіріңкедей тұтанған ғажап сезім..Үнсіздік.. Жас тамған көзден барлық мұң мен сағынышты оқыған, Жиһангер оны үнсіз ғана қорғансыз, үрпек балапандай болған сүйіктісін бауырына тартып,құшағына алды.. Ақзер өзін аспанның шарпы бұлтындағыдай сезім кешті..Махаббат хикаясы тағы жалғасып кетті. Қос ғұмырға әлемдегі қызықпаған жан жоқ іспетті. Бірақта екі ғашыққа бір болу жазбаған екен.... Сол күні оның хабарласуың ұзақ күтті...Ішкі жан түйсігі беймаза күйде, жүрегі бейжайлықты күткендей болды. Сағат 4 кезінде үздіккенше күткен қоңырауыда соғылды. Жылдамдатып,асығып көше бойына жүгіріп шыққан бойженткенің көңілі алабұртып оны көруге асықты. Бұрылыстан оны көрген бетте оған қарай жүрегі алып ұшты, бірақ оның қас қабағынан сезілген ызғар бағанағы қуанышын су сепкенде сөндіріп жіберді... Бітпейтін сағыныштар мен жан сарайыңды тас-талқан қылатын естеліктердің өз арнасыннан шығып кәдуілгі тасыған теңіздей толқын-толқын күйге енетін шағы! Өңі суық қаралы бұлттардың көкте жиірек салтанат құрып,жердегі жан біткен тіршілік атаулығы мейлінше көз жасын,өз мұңын төгетін шағы! Аспан патшалығында ала жаздай билік құрып, тіршілікке нәр берген күннің әмірі күшін жоғалтып,алтын тәжін күрең күзге беретін шағы. Ағаш біткен жел дейтұғын классикасымен тербеліп,бейне бір күздің вальсін билеп жатқандай сезіледі. Жасыл киімін сарғыш-қызылға бояп, балбырап піскен жемістен сырға таққан жеміс ағаштары адам баласын ризықтандыруға асығуда.... Иә....Күрең күз....Желікпе желмен жарыса ұшқан қарғалар әлдебір суықтың келе жатқанын хабарлауға келген хабаршыларға ұқсайды... Көше бойымен жетелеп, екеуі саябаққа қарай аяңдады. Мұқанов көшесі тыңып, бір мезетті күткендей болды... Алға қадам басқан сайын оның үнсіздігі қыз кеудесіндегі жүрегің қаққа жарып жіберердей сезім болды. Аз да күтпеді, өткені жайлы сұрақтар оқша жаудыра бастаған сүйіктісінің. Бұл әңгіме бұрын да қозғалған еді, сондада ол қадалып қайта-қайта сұраумен болды. Бойжеткен көңілі алабұртты одан біраз қадам артта жүріп келе жатыр, бұрынғыдай қатарласып, қол ұстасып емес. Ойындағы ойларда маза бермеді... Мұқанов көшесінің бұрылысына жеткенде шыдамай «Сөзді бұрмалай бермей, тоқ етерің айтыңыз» деді,ол болса «Айтайын. Екеуміздің өміріміз бақытты еді. Арамызда байланыс та тез орнады.Соңғы айтарым екеуміз де екі жаққа кеткеніміз дұрыс болар. Әрі қарай жалғастыруға себеп қалмады....». Ішіннен мың құбылған сұрақ тұрсада «Жолыңыздан қалмаңыз» деген соңғы сөзбен ілгері басып жүріп кетті. Махаббат ғадауатпен майдандасқан,қайран менің жүрегім мұз болмай ма… деген ішкі ой маза бермеді. Жүрек шіркін кең ғой адамның барлық сезімін сыйдырған....жұдырықтай ғана кесек еттің бойы қатпар-қатпар қан тамырлары біреуі үзілсе жүрек бойына қан ұйып қалады, бірақ адам өлмейді... әрбір жақын адамдардан көңілін қалған сайын жүрекке жара түседі.. Бұрындары үлкендердің айтқаны бар еді : Адам қатты қайғырғанда , не болмаса бір ойға батып бар күш қуатынан талыса жүрек орнынан қозғалып кетеді.Ол жаман дегенді. Сонда ол қалай қозғалады? Ал оның жауабы оңай екен жүректің жұмыс істеу ритміне байланысты екен. Тағы бірде жүрегі қуаныш-қайғыдан жарылды деген сөз бар.Жүректің жарылуы біртүрлі естілгенмен, адам осы бір жағдайда өліп кетуі де мүмкін. Кейінгі кездері жүрегі көп мұң мен ойға толтыртырылған қыз жанынан гөрі... сол ой мен мұңға батқанша Жүректің мұз болып қалғаны артық – ау... Өктемдікті- өрлік,тегеуірінді- тектілік,сергелдеңді-сезім,табалауды-тағзым деп қабылдайтын қайран жүрек-ай...Көкірегің де мұз тұнып тұрса да,жалған сәулені жарық сәуле деп ұғып,құшақ-құшақ жылу күтесің-ау..Содан соң жалғандық жылытқан жүрегіңнің дірілін баса алмай,өзіңнің жарық сәуле-ғұмырыңнан оттай ып- ыстық бу шығарып жалғандыққа төгесің де,сөйтіп өзіңді-өзің жұбатып өле-өлгенше шырылхана ғұмыр кешесің-ау.. Ешкімнің сенде шаруасы жоқ та...Маған десе, жүрегіңді жұлым алып шыңырау құздың түбіне тастаса да...Кейде сол жүректі мыңдаған адам мыжғылап,таптап өтсе де саған деген аяныш түгілі, мүсіркеу де көрмесің... Ол жатақханаға кіргенще асықты. Есіл дертін ала қашқан ақылы, бойындағы солқылдаған жүрек маза берер емес. Кірісімен қойын дәптерін ала сала бірденелер шималай бастады..көзінен аққан жас парақ бетіне түсе берді..Не болғанын сұрауға дәтім бармады. Оның бұл халіне шыдамай бөлмеден шығып кеттім. Ол сол терезе алдында қойын дәптеріне жазу түсірумен қала берді. Ой елегі мағанда маза бермей сыртқа шығып ойға шомыдым. Бірақ не болағанын бәрібір түсіне алмадым. Сол ой құшағында жүргенде кештің батқанында байқамадым..Бөлменің сыртынан қарасам жарық жоқ. Іштей ұйықтап қалған шығар деп, бөлмеге ақырын кірдім.. Көргенім өмір бойғы есімде қаларлық... Ең алғашқы көргенім айнаға қараған күйі отырған аппақ перідей болып кеткен бойжеткен бейнесі. Жайлап анығырақ қарасам, алдында шырақ жаққан күйі түсі суық, өнінде бір жылулық жоқ, сұлқ түскен күйі...қасында қойын дәптерінің беті ашулы екен. Онда: «Мұқанов көшесі бойымен серуен құрып келе жатып байқағаным өне бойы толған құпия мен жұмбақ сыр екен. Осы көшеден сұрарымда көп.... Ей, Мұқанов көшесі менің көргенім сенің ғұмыр бойғы көрегенінің ½ ғана шығар...Сенің бойынмен кім жүрмеді...Жүрді,жүріп бара жатыр, әлі жүреді талай ақын, талай жазушы, басып өтіп бара жатыр жолдарынды өзім сияқты қарапайым жандар да...Сен не көрмедің айтшы... Көріп тұрмысың анау бір көшенің ортасында екі жас қол ұстасып кетіп барады..Ал мына бір шетінде саған арнап өлең жазған ақының есін жоғалтып ессіздікпен аурып барады...Көшенің екі шетінде екі жаралы жан тұр, қол созса да бір-біріне жете алмайды... Айтшы,сен не көрмедің?! Көрдің ғой жастардың бір-бірін аймалап,құшақтарын кең құлашқа сермегенің, көрдің ғой жүрегің жоғалтып, жоқ іздеген адамдарды да, көрдің ғой қараңғы түнде денесіне түскен сызаттан гөрі жан жарасы ауырған бойжеткеннің жылап келе жатқаның, көрдің ғой жауыздардың қолынан жапа шеккен адамдардың басқа ғаламға ойланбастан аттанғаның, сен көрдің бәрін бірақ үнсіз қалдың... Сен сөйлесең білмеймін дүние не боларын..Дүбәра дүниеден дүбірлеп өткен адамдар секілді сенде дүркіреп тұрсың ғой...Сенің бойында талай адам табысып, қаншасы екіге айрылып кетті.. Сенің бойында қанша жас сырың айтып,сезімің білдірмеді десеңші..Бүгін міне тағы әдетімше сенің бойында серуен құрып келе жатырмын...Ойым алаңды болса да, бір өзіннен тыныштық табам. Жол бойындағы талдарында әрбір адамның қуанышы мен қайғы-мұның өң бойына жинап алған...оларда сырлас іздеп өткен адамдарға жаутандап, соғдарынан «аман болшы» деп тілектес болып тұр.. Тыныштығым сенің жолдарында...Жол бойында ағылып жатқан көліктерге қарап, адам тағдырының неткен сан қилы және зымырап өтіп бара жатқаның байқаймын..Кездескен адамдардың шырайларына қарасам әр түрлі сезім бастан кешемін. Біреулер өз өмірлеріне мәз болып асықпай, жан-жағына қарап, рахаттанып келе жатқандай, ал енді біреулері асығыс, қабақтары қатулы, әлде біреулері ойға шомылып, дәл өзім сияқты қиял құшағында ұшып келе жатыр...Сен менің сырласымсың, сен менің құпиямсың... Бүгінгі түн құшағында аспандағы айда менің мұнымды ұғып жұбатқандай болды... Ғашықтығымның емі сенсің...куәсі де өзің... Сенде кездестірдім махаббатымды...сенде жоғалтым... Бұл сезімді қайта бастан кешкім келмейді.. Қалауым пәк махаббат болса да, сенім жоқ. Сезімге де, серікке де. Жүрек ауырпаудың бір жолы қалады. Ол – жалғыздық. Бірақ, жалғыздық қашан да суық. Ал, адамға жылу керек. Мен өзімді қазіргі кезде грек мифологиясындағы Нарцисс секілді болғым келетінін ұқтым...Оның мағынасын біреу түсінсе, біреу түсінбейді....» деп жазулы болды деп, құрбым сөз аяғына келгенін ым-ишарамен білдіріп, үнсіз әйнектен аппақ мамық қарды жауып тұрғанына қарап ойда екенін түсіндім. «Әрі қарай не болды? Ақзер аман ба?» деп сұрағанға, ол: «Көз алдында тұрмын ғой» деп жымиып маған қараған күйі көздерімен тура қараған күйі орындыққа отырды. «Жиһангер сонда?» дегенге, «Иә, ол ештеңе білген жоқ». Құрбымның біраз уақытқа сол кезде қайда кеткенін түсінбеген едім , көбісі аурып қалды деген жай сылтау ғана екен... Тұңғиыққа батырарлық бұл махаббат хикаясы жүректі қақ жарып жібергендей, жаныма жақынның бұл азабын бірде ұқсам, бірде ұқпадым... әттең... Нағыз махаббат деген осы ма? деген сұрақ көкейміде қалды...


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: