Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Сүмбіле түскенде...

Блогтар

11.05.2017
7464

Сүмбіле түскенде...

Сүмбіле түскенде...

Қара түнек. Қанның иісі мұрнымды жарып барады. Жануарым қалай шыдап келеді екен?... Адам бойынан ұзын, түрі көрінбейтін жыңғылдың арасындағы жалғыз аяқ жол ирелеңдеп қайда апара жатыр?... Бұл жерде өлі адам болмаса тірі адамды кездестірмейсің. Кешегі кереметтен бір тамшы жоқ. Қарапайым самалдың уақыт секілді тұрып қалғаны,жалғыз салқын болып тұрған қылышымның жүзі, оны жақсы сезем. Алдымнан шыққан жаудың жүздесін жайратар едім, арттан келіп ұратын жауға тап болғанымды қарашы... Сасық түн!

Ақжал бірдеңе сезгендей кісінеп тұрып қалды.  Аттан түстім. Әрі қарай жаяу барам.

-Жүгенді бос қойдым, бірдеңе сезсең қаш!—дедім, сыбырлап.  Ақжалдың көзінен түсінгенін білдім. Қылышымның қолсабын ұстап төмен қарай оймақ жолмен алға жылжып келем. Айналамдағы жыңғылдардың бір-біріне қарама-қайшы қарап тұрған үнгірлерді байқадым,жыртқыштың осы үнгірлермен жүретіні айқын болды. Кішігірім тассайда жыңғылдан шаһар құрып алғанбысың?... Қандай жалмауыз екеніңді білмей кетпеймін...

Еңкейіп май топырақтан ізін іздеп таба алмадым. Сасық иіс күшейіп барады. Келесі төрт қадамнан кейін тысырлаған дауыстың,қай жақтан естілгенін білмегеннен, бір орында сескеніп қалдым. Жәйтті қолға алайын деп, қылышымды қыннан суырып, бір тізеге отырдым. Тыныштық. Оң жағымдағы қара үнгірден біреудің қарап тұрғанын сездім ба, әлде дем алғанын естідім ба, жайлап басымды бұрғанда,түбсіз қара тесіктің ішіндегі жаудың қызыл көзі жанғандай болды.

-Адам тілін түсінсең шық жекпе-жекке! –дедім қылышымды тік ұстап. Бір мезеттен соң, қақылдаған шибөрінің күлкісіндей, сол қара үңгірден жаңғырық болып шыққан күлкі, жан-жақты шарлап жайылып кетті. Бір сәтте үнгірге сүнгідім. Қап-қаранғы оймақтың ішінде айналамды сипалап ешкімді таба алмадым. Тек басым мен шынатағымды, тізелерімді сызған жыңғылдың өткір бұтақарынан басқа ештеңе жоқ. Жаңағы дауыс алыс жерден тағы шықты, әлде тиылмай жүрген соның жаңғырығы ма? Ақжалдың кісінеп шапқан дауысы естілді, жау сол жақта. Жолға қайтадан шықтым. Көп кідірмей, жауыздың артта қалғанын пайдаланып, алға қарай шапшан жүре бастадым. Жететін жерге жеткендеймін... Сасық иістін шығатын жеріне оңға қарай жол апарады екен,бұрылып, шағын бөлмедей қоршауға тап болдым. Алдымда үлкен түйенің өлігі жатқан секілді, қаранғыдан көрінбейді. Қыңыр болғаны сонша сасып жатқан жерде бір шыбынның зыңылдағаны естілмейді. Бір қолмен мұрнымды қысып, екіншісімен алдымды сипап іздендім. Таптым. Бірдеңеге ұқсайтын сияқты, бірақ ол ойды жақындатпадым. Бекер! Көтеріп жақындатып қарасам, адамның шынатақтан төмен қарай қол мүшесі екен. Орнына лақтырып сасқанымнан мұрнымды ашып жібердім. Иіс бірден миға жеткендей, басым айналып артқа қарай құладым.

              Қара жауыз! Сенің осы істеріңе еш сенгім келмеп еді! Қол-аяқтарым бәсеңдеп, жерге жатып қалдым. Естіген әнгімелердің бәрі рас болып шықты. Әлсіздіктен басым ауырлап жерге тиді. Көздерім бұлдырап аспандағы жұлдыздар үш есе көбейгендей. Алыстан күлкі тағы естілді. Өлтірем шайтанды! Ібілістің апаны екенғой! Демім ауырлап, кетті. Бөтен иіс ойымды бөліп жіберді. Басты көтеріп жан-жағымды ізденгенде, қолым кішкентай ойшаң арықтың ішіндегі сұйыққа малынып кетті. Иіскеп көрсем май екен. Ұшқын шығаратын тастарда қасында. Көп ойланбай ұшкын шығарып майды жағып жібердім. Қоршауды айналдыра от жүгіріп, жан-жақты жарықтап, лапылдап тоқтады. Көзім ашылып есімді жинап орнымнан тұрдым. Ортада жатқан адам өліктерінің үйіндісі екені нақты болды. Араларында оюшаң көйлектердіде таныдым. Көзім өткірленіп саусақтарым ұшына да қан жүгіргенін сездім.

              Хаюан дейін десем оттан қорықпайсың, адам дейін десем ісіңе жаным қашады. Кімсің? Не болса да мен осындамын! Енді сенің көзіңді жоймайынша қайта оралу жоқ маған. Кім болсаң да өмір сүру аз қалды саған!

              Жақын жерден айқайлаған ауыр жанның дауысы естілді. Найзамды алып, бұлталақ сүрлеуге жүгіре қайта түстім. Кездескен үнгірлерге мән бермей, бөгет жасап жатқан жыңғыл бұтақтарын шауып, алға жүгіріп келем. Қиналған айқай тағы естілді. Жақындадым. Жыңғылдың арасынан жерде жатқан шоқ көрінді. Шоққа қарай жыңғылды кертіп, шағын жазыққа шықтым. Орташа қойтастың қасында, жерге көмілген дөңгекте, естүссіз байлаулы Шөміш отыр. Құйрығына отырғызып, қолдарын артқа байлап, аяғын жерге тағы қадаған. Қасына жетіп келдім. Үсті-басы, айналасы бәрі қан. Санының устінгі жағынан, шұқылап бірдеңе іздегендей, ойып алған.

              -Шөміш, Шөміш! –иығынан шайқап шақырып едім болмады. Басы жанына қарай құлап ессіз күйде қала берді. Етігімнен қанжарды алып, қолын босаттым. Аяқ жағы қиынға түсті, кісендеп жерге тағы қазықтап тастаған. Жан жағыма қарап тастан басқа еш нәрсе таба алмай,қазықты босатайын деп ұрып жатыр едім, арқа жағымнан иығыма жыландай, қолдан жасалған үш тілді, жұлдызша сап етіп қадалды.

              Ақыры арқамнан келіп ұрдың ба?! Сайтан алғыр! Қолым сіресіп қалды. Бос қолмен шаққа жетіп суырып алғанымда, жан басыма тағы біреу қадалды. Ынғайсыз жерге қадалған соң ынғайланып Шөміштің қасына етбетіммен сылқ етіп құладым. Әйтеуір Шөмішке тимегеніне шүкір! Шоқтан түскен көленкеден жауыздың артыма жақындағанын түсіндім. Жексұрын! Енді менен кете алмайсын! Енді мен сені өлтіремін!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: