Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Жоғалған тағдыр

Блогтар

23.02.2022
2922

Жоғалған тағдыр

Қиялда жыр қалықтар...

Мен сені еске түсірем!

Сен мені шығарып сал,

Кірпігіңнің ұшымен.

 

Байланған жүрегіме,

Бір үміт келгендей.

Жат жандар біледі не,

Түсінбес дәл мендей?!

 

Өткенге кім сенер,

Елесің ол – жалған?!

Бұлыңғыр сүрелер...

Қалған із жолдардан.

 

Едің ғой басқа сен,

Қалдың тек есте сен.

Жақсы көру жақсы екен,

Жақсы екен!..

 

Қатал және жасық қой,

Мына өмірдің өзі де.

Қатарына қосып қой,

Ең бақытты кезіңе!..

 

Жүректің кірпігі

 

Қайда да белгісіз нүкте бар – 

Басталу және аяқтау.

Айнала жатқандай бүкпе жар,

Белгісі – артқа қаратпау!

 

Нүктені соңғы көруге...

Жоқ десем көздің керегі.

Болады... оймен кезуге,

Білінбей тұрса себебі?!.

 

Бізде... (күз жоқ!) жаз әлі,

Жаздың соңы... сары алтын!..

Кетірсем жаннан мазаны,

Көзім ғой мазаны алатын.

 

Шуақты күндер, жаз деген –

Оның да  мәзі аз десем...

Мұратқа қарай меңзеген, мақсаты бар көздеген,

Олай болмаса, құшаққа толтырып жыр жазбас ем...

 

Бір нүктеде... басталып күшің,

Қаптап тұрғандай түнек демі!

Мың қайтара айтқан жазды, дос болу үшін,

Бір көз керек – жүрек сөзі!

 

Күздің көзі қырығы...

Кетерсің жазым бір күні,

Тынымсыз қағып тұрады,

Жүректің кірпігі!..


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: