Блоги
Кітапхана қоры Шыңжаңда тұратын қазақ қандастарымыздың тарихынан сыр шерткен 90 том кітаппен толыспақ.
Бүгін кітапханамызда Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толу мерекесіне орай «СУАР ақпарат-баспа және телерадио» орталығының делегациясымен кездесу болып өтті.
Кездесуге «ТяньШань» киностудиясының директор Мурат Мамет, продюсерлер Табыс Жакия и Хэ Жяньлин, режиссер Журат Омар, актерлар Данияр Долкын и Абдукерим, актриса Майра Токтасын және кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.
Кездесудің алғы сөзін ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Д. Мұналбаева:
- «Елбасының салихалы саясатының арқасында екі елдің достығы нығая түсуде. Кеше ғана елордамызда кино күндері басталды, оның кітаппен байланысы өте тығыз. Себебі барлық дүние кітап бетіне басылып, оқырман жүрегіне жол тарта отырып, кино түсірілетіні баршаға аян. Өткенде ғана ҚХР Мәдениет минисрлігі кітапханамызда қонақта болған еді. Біз үшін қуанышты жағдай. Кітапханамызда 1938 жылы шыққан қытай тіліндегі кітаптардың бар екендігі ҚХР Мәдениет министрін таңқалдырған болатын. Өткен жылы Бейжің кітапханасында «Қазақстан мәдениет орталығы» ашылған болатын. Онда ел тарихымен мәдениетінен кітаптар қойылғанды. Осы мақсатта сіздерде біздің кітапханамызда ашылған «Қытай мәдениет орталығын» тағы да кітаптармен толықтырудасыздар, ендеше қош келдіңіздер!»,- деп құрмет білдірді.
«СУАР ақпарат-баспа және телерадио» орталығының басшысы Уан Жечен:
- Құрметті ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы және кітапхана қызметкерлері қайырлы күн!Биыл екі елдің достығына 25 жыл толып отыр. Сондай-ақ Астана ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі дүркіреп өту алдында тұр. Астана жаңалықтарға толып жатыр. Осынау салтанатты сәттің жалғасы 10 маусымда Алматыдағы кино күндерімен жалғаспақ. Кеше ғана бастауын Астанадан бастаған болатын. Біз ғажап көңі-күйдеміз. Себебі біз сіздердің елдегі ең үлкен кітапханаға Қытайда «Мәдени мұра» бағдарламасымен шыққан 90 том кітапты тарту етпекпіз. Кітапта Шыңжаңның кешегі мен бүгінгі тарихы туралы. 4 бөлімнен тұрады. 1 бөлімінде Шыңжаң тарихы мен «Жәңгір хан», «Манас», «Құтты білік» турасында жазылған. 2 бөлімі тарихқа тоқталса, 3 бөлімі Шыңдаңда өткен тарихи тұлғалар өмірі, 4 бөлімі тарихи зерттеулер енгізілген. Достығымыз ары қарай жалғасады деп сенеміз, мәдени ынтымақтастығымыз жараса берсін!
Кездесу барысында Қытай делегациясының өкілдері екі ел арасындағы мәдени және халықаралық байланыс, екіжақты серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастық пен даму перспективалары жайында әңгіме қозғалды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарында орнаған болатын. Қытайда Қазақстан елшілігі бар. Екі ел арасындағы тығыз байланыс Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШОС) аясында жүзеге асырылып келеді.
Айта кетейік, екі ел арасындағы келіссөздер 2016 жылы басталған болатын. Келіссөздер барысында екі мемлекеттердың сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, отын-энергетикалық ынтымақтастықты нығайту перспективалары мен мәдени-гуманитарлық салаларды дамыту мәселелері көтерілген болатын. «Біздің байланыстар мемлекетаралық қарым-қатынастардың үлгісі болып табылады. Біз экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтере отырып, стратегиялық әріптестіктің үлгілі моделін құрдық. Қазақстан мен Қытай Үкіметі белсенді қол жеткізілген келісімдер негізінде қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп келеді. 2016 жылы біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ал келер 2017 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл өте маңызды күн болып табылады, – дей келе Елбасы жылда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арқасында сенімділіктің айтарлықтай нығайғанын да атап көрсетті.