Блоги
Назарбаевтың Құраны
(Әңгіме)
Шалқалап жатқан Есқаттың қолфоны безектеді.
-Ассалаумағалейкүм, хал жағыдайыңыз қалай? Сізді мазалап тұрған, Асқарбек деген қазақ.
-Уағалейкумассалам, жақсы аға, Аллаға шүкір аманбыз! Тыңдап тұрған Есқат бауырыңыз.
-Біздің педагогика академиясы 6 тілді «Этно сөздік» құрастырудамыз, соның қытай тіліне аударуды сізге берсек, қалай қарайсыз?
-Сіздер қаласаңыздар, әрине.
-Онда ертең түстен кейін 3-те Төле би мен Байзақов қиылысындағы біздің кеңсеге келсеңіз.
-Жақсы, келістік.
Көктемнің көк өзек шағы. Аспанда ала шұбар бұлт баяу жылыстайды. Қыстың беті қайтып, жер беті өлі мен тірінің арасында. Cарышұнақ лезде шәйнектей топырақты үйіп, басын екі жағына кезек-кезек қозғап, жан-жағына мақтана қарады, қайта ініне «сүмп» етіп кірді де, артынша топырақты бұрқылдата берді. Қара торғайлар үй дөдегесінде алыс өлкеден көрген білгендерін бір- біріне айтыса, өз тілдерінде тынбай сөйлеседі.
Барлығы көнерген сөздер. Үлкен әке- әкенің ағасы. Кіші әке-әкенің інісі. Кіндік әке-сәбидің кіндігін кескен ер адам. Өгей әке- әкесі қайтыс болып кеткен соң, шешесі күйеуге тиген ер адам. Өкіл әке-туыстас, дос-жаран адамдардың жетім қалған балаларына өкілдік жасап, қамқорлығына алған адам. Жиен-баланың нағашысымен туыстығын білдіретін атау. Жжиеншар-жиеннің ұрпағы. Туашар- жиеншардан туған ұл мен қыз. Тоғышар-жиеншар ұғымы. Дегеншар- жиеншардан туған бала. Көгеншар-дегеншардан туған бала. Осындай ұзын саны бес мыңдай сөз.
Қытай, орыс, ағылшын, түрік, араб, қазақ тілінде шығатын этно сөздіктің жұмысы бойынша Асқарбек аға бас қосу жасады. Маңдайы жарқыраған, өзіне жарасымды қимылмен домалана томпақ қаққан ол ұзын столдың басына жайғасты, екі қапталда аудармашылар, жас болсада шашы түскен таз жігіт, жұмық көз, қырма сақалды жігіт ағасы, орта жастан ассада қызыл сары шашы шулаған, жалаң бас әйел, оған тақау көп сөйлеп еріндері шаршаған көзілдірік киген арық әйел отыр, оған қарама-қарсы тайқы маңдай, сығыр көз арық кәрі қыз қаздияды. Он бес күнде аударып берсеңіздер. Сіздер бітірген соң біздің қыздар бір жетіде сөздікті шығарады деп, сондай бір жеңіл де жылы сөзімен аудармашыларғы барлай қарап шықты Асқарбек аға. Барлығы үнсіз келісті. Есқат бұлардың менен басқасы томағасын алмай тұрған сайыпқыран екен-ау, еш үндемей бас изегеніне қарағанда деп ойлады, өзін әлсіз көрсетіп аламын ба деді, құдды «патшаның жаңа киміндегі» уәзірлер сияқты үнсіз олда есіктен шығар берді. Он бес күнде осыншама ескі сөздерді қалай аударып бітемін деген сұрақ ішін тырнап бара жатты. Өз жұмысымыз тағы бар, сабақ өту, тапсырма тексеру...
Асқарбек ағанның қыздары он күн өткенде қоңыраулатып, бол-болдың астына алды, аудармашылар барынша тездетіп бір айға аз жеткізбей зорға аударып бетірді. Аударып бергелі айдан асты, сөздікті бір жетіде бітіреміз деген олар әлі шығармады. Асқарбек аға аудармашыларды екінші мәрте шақырып, жылы сөйлеп, күлімдей қарсы алды, шайын құйып қыздары бәйек болды.
Иа, біз сіздерді қатты асықтырып едік, міне енді біздің қол жүрмей жатыр. Қыздар барын салып, менде қасында тұрамын, қанша жөндесек те сөздер құдды, қайыру бермей бытырай қашқан жылқыдай еш басы біркпейді. Қойған жерден сөздер сырғып кетеді, қайта жөндейміз, тағы солай жылжып кетеді. Компютердің жілігін шағып, майын ішкен бір орысты әкеліп те көрдік бәрі бір солай шарумыз өнбеді.
***
Шәйді жақсылып құйған қыздарға да отырыңдар деп Асқарбек аға әңгімесін сабақтады. Құранды Халифа Алтай атамыз алғаш қазақша сөйлеткен кезде, Елбасы Нұрсұлтан қол астындағы жігіттердің біріне тапсырма беріп, тез арада осы Құранды бастырып, мына тізімдегі көзі ашық 500 жігітке таратыңдар депті. Елбасының тапсырмасын алған жігіт Алматыдағы ең үлен мемлекеттік баспаға келіп, он күнде 500 Құранды дайындаңдар деп, жедел тапсырма береді. Баспа басшысы орыс жігіт тек бас изеумен болады. Баспада кілең орыс жұмыс істейді. Құранды басуға бастағаны сол, баспаның цехы сынады. Цехты жасайды, Құранды басуға бастайды, тағы сынады, тіпті, барлық өндіріс базасындағы техника қатып қалады. Араққа тойып жүріп жұмыс істейтін орыстар қанша жанын салсада, еш нәтиже болмай он күн өтеді, баспа басшысы болған жағыдайды хабарлайды. Шеневник жігіт келеді. Оның көзінше Құранды басуға бастайды, техника еш жүрмейді, басқа кітап басуға бастаса жұмыс істеп тұр. Істің байыбын сезген ол Қазастан діни басқармасына барып, болған жағыдайды баяндайды. Құран Алланың сөзі, оны дәретсіз ұстауға мүлде болмайды. Таз емес лат мекенде, харам су ішілген жерде Құран басуға болмайды деп түсіндіреді. Енді қайтеміз, еліміздегі барлық баспаның жағыдайы осындай. Елбасына уәде берген күнде тақау тұр, не деймін деген шеневниік Мұфтияттағы жігіттерге бізге көмектес деп өтінеді.
Онда біз үш жігіт жібереміз, олар осы жұмадан бастап келесі жұмаға дейін сол баспа үйінде құран хатым жасайды, ал оған дейін баспа үйін тазалап, арақ-шараптың бір шишасын да қалдырмай алып кетсін, арақ ішіп ол маңға келмесін деп ескертеді. Баспа бастығы орыс тезден іске кірісіп жұмаға тазартып баспа үйін үш жігітке өткізеді, олар тынбай Құран оқып, хатым түсіреді. Бір жұмадан кейін жуынып-шайынып, таза киім киіп, арақ-шараптан тазарған баспагерлер келеді. Үш жігіт басында такбір айтып тұрады, солай бес күнде бес жүз Құран дайын болыпты. Сол Құранның бірі менің қолыма Елбасының хатымен тиді. Міне біздің сөздіктің жұмысы жүрмегенде сол уақиға есіме түсті. Бұл да сол сияқты болып тұр. Мұнда мұсылманша арапша, түркше жазулар бар. Біз сіздерді қатты асықтырып, ренжітіп алдық. Сол үшін сіздерді шайға шықырып, кешірім сұрап отырмыз. Сіздер ризалықтарыңызды берсеңіздер деп, Асқарбек аға шын сөзін айтып өтінді. Араб тіліне аударған қырма сақал Қалдыбайға құран оқытып, ұзақ бата жасатты.
***
Шынмен бір жетден соң кітап жарқырып шықты. Expo 2017 жәрмеңкесінде қазақ этно мәдениеті алты тілде сөйледі. Қазақты танығысы келгендер таласа сатып алып жатты. Асқарбек аға балаша қуанып елдің қамы, жұрттың ісі деп табаны жерге тимей жеңіл басып, шапқылап жүр.