Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ФОЛЬКЛОР
Неге жыланда аяқ жоқ?

Блоги

10.08.2022
17254

Неге жыланда аяқ жоқ?

Бұл уақиға ерте заманда болыпты. Құдай жердегі барлық тірі тіршілік иелеріне, көздерді таратып берді. Барлық тірі тіршілік иелері оған келді, тек жылан  келмеді. Ол заманда  жыланда  аяғы көп болды. Сондықтан ол асықпады, үйткені ылғи барлық жерге үлгеретінін білді. Ол сияқты ешкім тез жүгіре алмайды, деп ойлады жылан. Бірақ ол кешігіп қалды. Сондыктан ол ештеме көрмейтін көздерге ие болды.

- Неғып сен кешіктің? - деп сұрады одан құдай.

– Кешіріңіз, мен сізге асықтым! - деп  жауап берді жылан. Жолда мен пілді кездестірдім, ол арқасына субұрқақпен су сеуп тұрды. Ол айбәт деп айтады, бірақ,  өкінішке орай, мен ештеме көрмедім! Кейін мен өрмекшіні кездестірдім. Ол ең жіңішке өрмекті тоқып тұрган екен. Оны шебер істелген іс деп айтады, бірақ  оны да мен көрі алмадым! Сосын мен ары қарай жүгірдім. Жолда мен құбылғақты кездестірдім, ол денесін әр  түрлі түске  өзгертеді деп айтады. Бірақ  оны да мен көре алмадым! Кейін сізге бара жатқанда мен тауыстыны кездестірдім. Ол бәрінін алдында өзінің тамаша құйрық канатымен мақтанып жүрді. Бірақ оны да  мен көре алмадым! Міне тек жаңағана мен сізге жеттім.

- Өте қызық! Қалай  сен маған көзсіз жеттің? - таң қалды құдай.

- Мен өзімнің тілімді шығардым, ол маған дұрыс жол табу көмектесті – деп жылан жауап берді.

 - Өкінішіме орай,сен жаман көретін көздерімен өмір сүресін - деп айтты құдай.     

 - Енді маған не істеу керек? – сұрады жылан.

 - Сен біреумен көзінді айыр баста, - деп құдай жауап берді.

 - Бұл өте жақсы ой, солай мен істейін! – деп жылан, тез-тез үйне  қарай жүгіріп кетті. Жолда ол тағыда тауыстыны кездестірді.

- Әй, жылан, құдай саған көздерді сыйлап берді ма? – деп сұрады одан тауыс.- Енді сен менің құйрық  қанаттарымды көре аласын ба?- жалғастырды ол.

- Жоқ! – деп жауап берді оған жылан. - Кешір мені! Маған ең жаман көздер қалды, мен ештене алдымда көре алмаймын.

- Сен  уайымдама, бәрі жақсы болады! – деп айтты тауыс. 

- Иә, сен дұрыс айтасын, бәріде жақсы болады!  Құдай маған өз көзінді біреумен ауыстырып көр деді. Ал, сен менімен өз көздерінді аустрасын ба? - деп жылан тауыстыдан сұрады.

- Қой, қойшы жылан! - шошыды тауыс. - Менің көздерім саған дәл келмейді, олар саған кішкентай болады, басқа жерден іздестіріп көр. Сен құбылғақтан сұрап көр, үйткені оның көзі өте жақсы көреді. Мүмкін оған жақсы көру керек емес,  себебі ол көрінген түске өзгеру біледі, соңдықтан жаулар оны табы алмайды. Ұзын және жабысқақ тілімен ол өзіне асты таба алады. Осы сұрақпен оған бар, бәлкім ол көздерін береді, - деп айтты тауыс жыланға.

– Жақсы, мен солай істейін! – деп жылан кете барды. Жол бойында ол құбылғаққа шыбындарды аулап алды. Көп ұзамай жылан құбылғақтың шөп арасында шыбындарды аулап жүргенін естеді.

 – Сәлем, менім аяулы досым! Қара, мен не саған әкелдім. Бұл шыбындар, аздап дәмді жеп көресін бе? - деп құбылғақтан сұрады жылан.

– Сәлем, сұлу жыланым! Бұл өте жақсы болар еді, – деп жауап берді оған ризашыла болған құбылғақ.

 – Алдымен бірақ сенімен көздерімізді ауыстырайық! - деп ұсынды оған жылан.

– Жақсы, сен оларды киіп көр, бірақ тек қарау үшін, қалай мен жапырақтын және бұтақтың арасында тығыламын –деп  айтты жыланға құбылғақ.

 –Жәрайды!  - қуана айтты жылан, - Ал сен менім көздерімді киі.

 Олар көздерін ауыстырды.

 - Құдайымай, мен ештеме көрмеймін! – деп айтты құбылғақ.

 - Ол бәле емес, оңсызда сен өмір сүресін. Үйткені сен көрінген түске өзгере аласын, жаулар сені табы алмайды.  Ұзын және жабысқақ тілінмен асты ұстай аласын, сенімен ештеме болмайды! – деп құбылғақтың көздерін киіп жатып айтты жылан.

 – Сен не? Қой! Менің көздерім саған жарамайды, олар әр жаққа айланады, сен оны кигенде көресін - деп  айтты құбылғақ. 

– Иә, сен дұрыс айтасын, олар орында тұрмай айлана береді екен, құдай май, қандай сен түрлі-түстісің, мынау біздің төбеміздегі кемпірқосақ сияқты, - деп айтты жылан. - Қап, олар маған жарамайды, маған менің көздерімді қайтар мен ары қарай барайын! – деді құбылғаққа жылан.

- Иә, сол дұрыс болады,  саған өрмекшіге бару керек, оның көздері көп, бәлкім ол өз көздермен сенімен  бөліседі шығар,  - деп жауап берді жыланға құбылғақ.

- Жәрайды, мен солай істейін, қош бол, кездескенше! - деп айтты жылан құбылғаққа, асыға жүгіре өрмекшіге.

Өрмекші түк сезбей, өзіннің өрмегін тоқып жатты.

- Сәлем, өрмекші! Сен не істеп жатырсын? - деп сұрады одан жылан.

– Сәлем, айналайын жылан! - жауап берді өрмекші. - Мен әлемде ең әдемі, ең жіңішке өрмекті тоқимын! Бұл ерекше жұмыс, қарашы оған! - жалғастырды ол.

 – Кешір мені айналайын, бірақ мен оны көре алмаймын, себебі менің көзім өте нашар көреді. Сен менімен көздерінді ауыстыр аласын ба? Онда мен сенің тамаша жұмыстарынды көре аламын. Ал мен саған аулап ұсталған шыбындарды сыйлаймын, сен оларды жеуді жақсы көресін, – деп айтты жылан.

- Рақмет! Мен саған ризамын, екі көзімді саған қарызға берейін. Бірақ уақытша, сен менім жұмыстарыма қара! - жауап берді өрмекші жыланға.

- Жарайды, жақсы, бер! - айтты жылан, ауыстыра жатып көздері өрмекшімен.  Өрмектің бөлігін көріп: Құдайымай, қандай тамаша, шебер істелген іс! - айқайлап жіберді жылан, - Мен сенімен көздерімді айырбастамаймын, - деп айтты ол өрмекшіге. Себебі, сенің көздерің бірнәрсенің тек бөліктерін ғана көреді, барлығын емес. Қайтарып бер маған менім көздерімді, үйткені көп көздер маған қажет емес. Олар қайтадан көздерін айырбастады.

- Кешір мені! Сенің тынышынды алғаныма, - деді жылан өрмекшіге.

– Енді мен не істейін? Кіммен мен көздерімді айырбастайымын? – деп ойланды жылан, үн шығарып.

- Ал сен пілге жолық, оның көзі өте жақсы көреді, – деп айтты өрмекші.  Жылан пілге кете барды. Піл тал-шыбықтың көлеңкесінде тұрды, ыстықтан тығылып, және тұмсығымен өзіне су сеуіп.

- Кандай күтпеген жерде кездесу! -  деп айтты піл жыланға, - Сен құдайдаң көздерді алдың ба? - Иә, - деп жауап берді оған жылан, - бірақ олар нашар көреді. Сен ірісің, не үшін қажет саған жақсы көретін көздер? Кел көздерімізді ауыстырайық! Мен кішкентаймын, олар маған өте керек.

 - Жақсы! – деді піл, - мен қарсы емеспін, бірақ анда-санда маған қажет болғанда оларды сеннен аламын.

- Жақсы! – деп айтты жылан.  Олар көздерін ауыстырды. - Құдаймау, қандай олар үлкен еді, маған қорқынышты! – дірілдеп айтты жылан. - Мен мұндай көздерімен жүре алмаймын.

- Онда маған оларды қайтарып бер, - деп айтты піл, - себебі сенің көздерің кіп-кішкентай. Олар қайтадан көздерін айырбастады.

– Қап, енді мен не істеймін? – деп ренжіді уайымдап жылан. - Кіммен мен көздерімді айырбастаймын? 

- Кешір, айналайын! – деп айтты піл, - Мен саған қалай жәрдемдесуды білмеймін. Маған суатқа бару керек, кездескенше! Піл кетті, ал жылан ағаштың көлеңкесінде тұрып қалды. Күтпеген жерде біреудің шиқ дегенің естіп қалды.

– Бұл кім? – деп сұрады жылан.

- Бұл мен сколопендрамын! – жауап естеді жылан сұрағына.

– Сен неге шиқылдайсың? - сколопендрадан таң қалып сұрады жылан.

- Себебі мен жердің астынан шығалмаймын! – деп сколопендра жауап берді жыланға.

- Қандай көмек мен бере алам саған? –деп сұрады жылан.

 – Сенде аяқтарын көп қой! Жерден шығу үшін маған аяқтарынды қарызға берші! - деп айтты сколопендра.

- Сен менің аяқтарымды көріп қалдың? Демек, сенін көздерін бар екен ғой? – деп сұрады жылан сколопендрадан.

- Иә! Ал  сенде олар жоқ па? – деп сұрады сколопендра.

- Жоқ, менде көздерім бар, бірақ мен нашар көремін! Ал біз екеуміз  уақытша ауыстырайық, мен саған өзімнің аяқтарымды берейін, ал сен маған өзіңнің көздерінді бер, жақсы ма? – деп сұрады жылан сколопендрадаң. 

-  Жарайды, мен келісемін! – деп айтты сколопендра. Олар ауыстырды. Алынған нәрселеріне екеуда риза болды. Сөйтіп екеуде екі жаққа кете барды. Сколопендра жаңа аяқтарымен жүгіре баса кетті. Ал жылан ойыланып қалды, енді қалай мен аяқсыз жүре аламын? Денемен  жерде жылжып жүрі көру керек. Сөйтіп дағдыланып жер үстімен жылжып кетті. Сол уақыттан бері жылан жалпақтап жүр. Бірәз уақыт өткенен соң жылан өз аяқтарың қайтарып алғысы келді, бірақ сколопендраның із-түзі жоғалды. Сол уақыттан бері жыланда аяқ жоқ.


Поделиться:      
Оставить комментарий: